246. Қауіпсіздік жөніндегі құжаттар жұмыстардың қауіпсіз өткізілуіне жауапты сұратушы тұлғалар мен жұмыстардың қауіпсіз өткізілуіне жауапты орындаушы тұлғалар арасында келісілуі тиіс.
247. Барлық ауыстырып қосу жөніндегі жұмыстар бөлу нүктелері мен жерге қосу туралы келісулер қоса алынған ауыстырып қосу бағдарламаларында немесе бланкілерінде көрсетілген жүйелілікке сәйкес жүргізілуі тиіс. Тиісті жабдықтардың бастапқы тәсімін қалпына келтіру үшін жоғарыда көрсетілген әрекеттер жүйелілігі кері тәртіпте жүргізіледі.
248. Қосалқы қосу нүктелерінің екі жағындағы жұмыстар өндірісі және/немесе сынақтар үшін қауіпсіздік шаралары қолданылатын жерде екі субъекті келісім жасасуы және тиісті құжаттарға қол қоюлары тиіс.
249. Тізбек немесе электр қондырғысын өшіру үшін жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты тұлғалар өшіруді қай жерде жүзеге асыру қажеттігі туралы екі тараптан келісімге келеді. Бұл келісімге жазбаша екі тараппен қол қойылады.
Өшіруді жүзеге асыру орны туралы келісімге қол жеткізілмесе жұмыстар атқарыла алмайды.
250. Өшіруді жүзеге асыруды тараптар 249-тармаққа сәйкес сақтық шаралары туралы келісімге сәйкес жүргізуге міндетті.
Тараптар бір-біріне келісімдер бойынша өшірудің орындалғанын және жоғары вольтті аппаратураның сәйкестендіруін, өшіру тағайындалған қосылым нүктелеріне дейін растауы тиіс. Растау мыналардан тұрады:
1) Жоғары вольтті аппаратураны, әрбір өшіру нүктелері позицияларының атаулығы мен нөмірленуін сәйкестендіру;
2) Өшірілу айырғыштармен немесе шлейфті ажыратумен жүргізілді ме;
3) Айырғыштарды қолданған кезде коммутациялық аппарутарының жай-күйі қандайлық:
өшірілген және блоктауға қойылған;
тиісті тараптың қауіпсіздік шараларына сәйкес келетін сенімді тәсілмен қолдау табады және/немесе қамтамасыз етіледі.
Көрінер үзік құрылған кезде ол қажеттілігі шамасында электржелілік компаниясымен немесе тұтынушылармен белгіленген әдіске сәйкес болуы және сүйемелденуі тиіс.
Өшірілудің орындалғаны туралы растау екі тараппен жазбаша жүргізіледі.
251. Екі тараппен өшірілу жәйті расталғаннан кейін жұмыстың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты тұлғалар жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты жедел қызметкерлердің жерге ұштау орны туралы сұрау салады. Қажеттілігі бойынша жерге ұштау алдын-ала келісілген жерде орындалғанын растау беріледі. Растау екі тараппен жазбаша нысанда атқарылады.
Егер жерге ұштау орны туралы келісімге қол жеткізілмесе жұмыстар ары қарай жүргізілмейді.
252. Жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты тұлғалар екі тараптан оны іске асыруы және оның табыспен орындалуын растауы тиіс.
Растау мыналардан тұрады:
1) Жоғарывольтті аппаратураларды атау жолымен сәйкестендіру, оның атауы мен әрбір жерге қосу нүктелері және типі бойынша нөмірлеу немесе позицияларды тағайындау;
2) Пайдаланылатын құрылғыларға қатынасында жерге қосу, бұл:
блоктау құрылғысымен қамтамасыз етілген стационарлық жерге ұштау құрылғысы;
тиісті тараптың қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келетін сенімді әдіспен расталады және/немесе қамтамасыз етіледі.
253. Жерге ұштау туралы растау екі тараппен жазылады.
254. Жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуі үшін жауапты тұлғалар қабылдайтын барлық әрекеттер өзара келісілуі, бір-біріне баяндалуы, ауызша расталуы тиіс және олар туралы тиісті жазба жедел шаралық журналдарында жүргізілуі тиіс.
255. Екі тарап қауіпсіздік жөніндегі шаралар өткізілген қондырғыларды сәйкестендіруді келісулері қажет. Жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты тұлғамен толтырылатын жүктелім мына негізгі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) жазбалар анық болуы тиіс. Жүктелімде қарындашпен жазуға және түзетулерге тыйым салынады;
2) нөмірлеу электржелілік компанияның немесе тұтынушының қалауы бойынша;
3) датасын белгілеу күні-айы-жылы стандартты пішімге ие болуы тиіс;
4) жұмыс өндірушісінің фамилияларынан басқа аты-жөні және электр қауіпсіздігі бойынша тобы жазылуы керек;
5) жүктелімде электр қондырғысының сәйкестендіру нөмері көрсетіледі.
256. Тиісті жұмысқа жүктелім-рұқсатқа қол қойылғаннан кейін, ауыстырып қосулар мен жұмыс орнын дайындау аяқталғаннан соң жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты уәкілетті тұлға жұмысқа рұқсат етеді. Сынақ өткізу қажет болған жағдайда төмендегі 269-тармақта сыйпатталған шаралар жүргізіледі.
257. Жұмысты атқару жұмыстың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты уәкілетті тұлға тарапының жоспары бойынша жүргізіледі.
258. Жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты тұлға жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды орындаған кезде сынақтарды өткізуге рұқсат береді. Мұнда атқарушы тұлғалардан растау алынуы тиіс.
Сынақтың қауіпсіз орындалуы жөніндегі шараларды жүзеге асыруды үйлестіруші орындаушы тұлғалардан ешкім жұмыс істемейді және басқа сынақтар жүргізбейді немесе сынақ өткізуге келісілген электр қондырғысында немесе оқшауландырған телім ішіндегі жабдықтарға берілетін сынақтарға кірісуге рұқсат алғандығына растау және сынақ аяқталғанша немесе тоқталылғанша қандай да бір рұқсат ала алмайды, ал сынақтардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты уәкілетті тұлғалар жұмыстардың қауіпсіз орындалуына жауапты орындаушы тұлғаны аяқталғаны немесе тоқтатылғаны туралы және осымен талаптардың өзгерту туралы хабарландырмайды.
259. Сынақтың аяқталуы немесе тоқтату бойынша оны қауіпсіз жүргізілуіне жауапты уәкілетті тұлғалар жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты орындаушы тұлғаларға басқару құқығын қайтарады. Егер сынақ алдында жерге қосуды алып тастау және сосын жерге қосу тиісті түрде қалпына келтірілмесе бұл екі тараппен жазбаша тіркеледі.
260. Жұмыстар және/немесе сынақтар аяқталғаннан кейін олардың орындалуына жауапты сұратушы тұлғалар олардың орындалуы үшін жауапты орындаушы тұлғаларға тиісті қауіпсіздік шаралары бұдан былай талап етілмейтіндігі туралы хабарлайды.
261. Бұдан кейін әрбір жұмыстардың қауіпсіз орындалуына жауапты тұлға бұл фактіні тіркелген сақтық шараларын қамтамасыз ету қажеттілігін тоқтатуды растай отырып жазбаша белгілеуі тиіс және осыған сәйкес оларды тоқтату бекітіледі.
262. Коммутация жүйелілігі және сақтық шараларын тоқтату жоғарыда көрсетілгендей келісілген жоспарға сәйкес орындалады, ал әрбір сатыны хабарлау және белгілеу оларды қолдану кезіндегідей орындалады.
263. Жұмыстардың қауіпсіз орындалуы үшін жауапты тараптардың бірде-бірі жерге қосудың толық алынып тасталғаны туралы бір-бірін сендіргенше сақтық шаралары бөлігін құраушы өшіруді алып тастау туралы әмір бере алмайды.
264. Жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты орындаушы тұлғалардан жерге қосудың алынып тасталғаны туралы растау алынған сәттен тараптар жұмыстардың қауіпсіз орындалуы үшін жауапты орындаушы тұлға беретін тараптың толығымен ішкі шараларының негізінде өшірулерді алып тастауға кірісуге құқықтары болады.
265. Қабылданған сақтық шаралары кез-келген себеппен тиімсіз болған сәттен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге жауапты орындаушы тұлға бұл жайлы және болған жағдайдың себептері туралы жұмыстың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты уәкілетті тұлғаны хабарландыруы қажет.
266. Қабылданған сақтық шаралары стандартты талаптарға сәйкес болуы және жұмыс орнының қауіпсіздігіне кепілдік беруі қажет.
Барлық тараптар жұмыс басталар алдында қызметкерлерге осы объектідегі жұмыстардың ерекшелігі туралы және болуы мүмкін қауіптер туралы нұсқаунама жүргізілуі тиіс. Қажет кезде жеке-дара қорғаныш құралдарын қарастырған жөн.
267. Жалғаным телімдерінде жұмыстарды қауіпсіз атқару жөніндегі бақылаушы ұйымдар өкілдерімен және байланысты тараптар басшыларымен тексерулер үшін барлық жағдайлар жасалуы қажет.
268. Электржелілік компания және тұтынушылар іс-қимылдағы нормативтік құжаттарға сәйкес жабдықтарды алдын ала сынақтарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін ұйымдастыру және техникалық шараларды орындау кестелерін келісімдеуі және жазбаша түрде белгілеуі қажет.
269. Электржелілік компаниялар және тұтынушыларда электр желілеріне немесе оған қосылған кез-келген басқа жүйеде болған барлық тиісті пайдалану оқиғалары тіркелетін тиісті құжаттар жүйесі, сондай-ақ, жұмыстар және/немесе сынақтар жүргізу бойынша тиісті сақтық шараларын үйлестіру болуы тиіс.
270. Электржелілік компаниялар мен тұтынушылар осы бөлімге сәйкес қауіпсіздік мәселелерін үйлестіру үшін қажетті барлық құжаттарды оларға қатысты барлық хабарлаулардың хронологиялық жазбасын және жұмыстар/сынақ өткізу жөніндегі қабылданған сақтық шараларының детальдарын қоса отырып жүргізуі қажет және оларды кем дегенде бес жыл сақтауы тиіс.
271. Электржелілік компаниялар және тиісті тұтынушылар бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткілікті ақпараттан тұратын тәсімдермен алмасулары қажет.
272. Электржелілік компания қажет деп тапқан жерде бақылау атқарымдары қауіпсіз шаралардың жүзеге асырылуын сенімді бақылау үшін электржелілік компания мен тұтынушылар арасында тиісті байланыс жүйесі орнатылуы қажет.
273. Электржелілік компания қауіпсіз шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін резервтік немесе баламалық байланыс арнасы қажет деп шешкен жерде тиісті тұтынушылармен қосымша байланыс құралдары келісілуі тиіс.
274. Электржелілік компания мен тиісті тұтынушылар арасында тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету үшін телефон нөмірлерін және шақыратындар тізімін алмастыру жүргізілуі тиіс.
275. Қажет жағдайда электржелілік компания және тиісті тұтынушы жедел шаралық қызметкерлердің тиісті уәкілдікпен тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.
6-тарау. Тоқтатымдар мен техникалық қызметтеуді үйлестіру
276. Бұл тарау мыналарды анықтайды:
1) өндіруші қондырғылар тоқтатымдарын үйлестіру мен шешу;
2) тікелей беруші желіге қосылған жабдықтар мен аппаратуралар және көліктік желі, таратушы желі, электр стансаларының электр жабдықтары мен электр жеткізу желілерін өшірулерді үйлестіру және шешім;
3) көлік желісіне арналған электр жеткізу желісі және электр жабдығын өшіру кестесін әзірлеу үшін ТО мен пайдаланушылар арасындағы ақпарат алмасу қажеттілігі;
4) таратушы желілер өшіру кестесін әзірлеу үшін таратушы электржелілік компаниялармен таратушы желілерді пайдаланушылар арасындағы ақпарат алмасу.
277. Осы аталған тоқтаулар мен техникалық қызмет көрсетуді үйлестіру тарауы өндіруші қондырғылар, электр жеткізу желісі мен желілік жабдықтар тоқтауларын үйлестіру мен шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін арналған.
Тоқтауларды үйлестіру электр торабына электр энергиясын жеткізудің
сенімділігі мен сапасы жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, қаншалықты электр торабындағы шектеу саны мен нәтижесін ең төменгі деңгейге ықшамдау үшін қажет.
278. Осы тараудың талаптары төмендегідей қатысушыларға таратылады:
1) ТО;
2) ЭӨҰ;
3) РЭӨҰ;
4) басқа да электржелілік компаниялар;
5) 110 кВ және одан жоғары кернеулі электр торабына тікелей қосылған тағы басқа пайдаланушылар.
279. Тоқтаулар мен техникалық үйлестіру жөніндегі аталған тараудың мақсаттарының бірі электр желісін қауіпсіз және сенімді түрде пайдалану үшін қажет ақпаратпен пайдаланушыларды қамтамасыз ету болып табылады. Осы ақпараттың көлемі пайдаланушы объектісінің мөлшері, орналасуы мен түріне және кез-келген кезеңде берілген ақпарат бұрын берілген мәліметтерді қаншалықты растайтындығына байланысты.
280. Электржелілік компаниялар электр желісінің техникалық қызметі мен жөндеу жұмыстарын таратушы торап және энергия жеткізудің техникалық қызмет көрсетуі, тексеру, жөндеу жұмысы мен айырбастауын жүргізу жөніндегі қазіргі заманға сай стандарттарға сәйкес жүргізуі тиіс. Бұл стандарттар жоғары сапалы, сенімді және қауіпсіз пайдалануды қарастыруды және құн, жергілікті жағрафиялық, ауа райы жағдайларын, электр энергиясын жеткізудің сенімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге арналған қолайлы нормативтерді, орындауы техникалық шешімдер қабылдау мен ұлттық энергетиканың жинақталған (қордаланған) көп жылғы жұмыс тәжірибесін есепке алады.
281. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмысы жүйесі оңтайлы еңбек пен материал шығыны бар электр торабы жабдығының сенімді және қауіпсіз жұмысын қолдауға арналған белгілі бір тәртіпті (пайдалану) пайдаланатын және нормативтік дүркіндікпен жұмыстың орындалуын алдын ала қарастырады.
282. Орындалатын жұмыстарға мыналар қосылуы тиіс:
1) жабдыққа техникалық қызмет көрсету;
2) жабдықтың жоспарлы-ескерту жөндеулері.
283. Техникалық қызмет көрсету мен электр торабы жабдығының жоспарлы-ескерту жөндеулерінің жүйесін әрбір электржелілік компания мен пайдаланушы нормативтік құжаттарға сәйкес және жергілікті ерекшелік жағдайларын есепке ала отырып ұйымдастыруы тиіс.
284. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары үшін, сондай-ақ, электр торабы жабдығын жаңғырту мен жаңарту үшін жауапкершілік 278-тармақта аталған қатысушыларға артылады.
1 Параграф. Энергия жеткізу желілеріне арналған
жөндеуге өшіру тәртібі
285. ТО ұлттық электр торабының электр жеткізу желісін жоспарлы ажыратуға келісу, ұлттық мәндегі электр стансалардағы өндіретін қондырғылардың тоқтатымы, РЭӨҰ және электр жеткізу торабына тікелей жалғанған басқа пайдаланушылар үшін диспетчерлік басқару тәсілі бойынша ИВЛ жабдықтарын үлестіруге сәйкес жауап береді. Таратушы желіге өндіретін қондырғылар жалғанған ЭӨҰ өз мәліметтерін арнайы РЭӨҰ ұсынады. Барлық электр энергия жүйесін пайдаланудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық электр стансалары мен желілік компаниялары тоқтауларының жылдық кестесін үйлестіруді жүзеге асыру аса маңызды. Осы аталған жалпы мақсатқа жету үшін ТО мыналарды орындауы қажет:
1) ұлттық және аймақтық торап компаниялары электр жеткізу желісін ажыратудың алдын-ала мерзімін, өндіретін қондырғы мен басқа пайдаланушыларға арналған жоспарланған тоқтауларды қайта қарастыру мен үйлестіру;
2) жұмыста болжалды шектеуді ең аз деңгейге жеткізуде көмек көрсету мақсатында өтінім берген жақтармен байланыс жасау;
3) тоқтаулардың жоспарланған кестелерін орындаудың неғұрлым оңтайлы тәртіптемесін сақтау мақсатында жыл бойы жоспарланған тоқтаулардың кестелерін түзету бойынша кепілдеме беру.
2 Параграф. Мерзімдер
286. Тоқтаулар мен техникалық қызмет көрсетудің жылдық бағдарламасы пайдаланушылар, жабдық пен аппараттар жиынтығына сәйкес тоқтаулардың жекелеген жылдық кестелерінен тұрады. Ол сондай-ақ, өзіне таратушы торап және электр жеткізу желісін ажырату кестесін қосады. Сәйкес графиктер ұсынылуы тиіс мерзімдер төмендегі кестеде келтірілген:
Іс-қимыл Күні Кіммен орындалады |
Желі жабдықтары мен электржеткізу 20-шілдеге диспетчерлік басқару желілерін өшіру кестесін ұсыну дейін тәсілі бойынша ИВЛ жабдықтарын үлестіруге сәйкес Электр стансалары электр 1-қазанға диспетчерлік басқару тәсілі жабдықтары мен өндіруші дейін бойынша ИВЛ жабдықтарын қондырғыларды жөндеу кестесін үлестіруге сәйкес ұсыну Іргелес мемлекеттердің 15-қазанға диспетчерлік басқару тәсілі диспетчерлік орталықтарымен дейін бойынша ИВЛ жабдықтарын өшіру үлестіруге сәйкес Келісімі Түпкілікті кестені бекіту 7-қарашаға диспетчерлік басқару тәсілі дейін бойынша ИВЛ жабдықтарын үлестіруге сәйкес Түпкілікті бекітілген кестені 12-қарашаға диспетчерлік басқару беру дейін тәсілі бойынша ИВЛ жабдықтарын үлестіруге сәйкес Тоқтатымдардың бекітілген 2- диспетчерлік басқару тәсілі кестесінің жүзеге асырыла қаңтардан бойынша ИВЛ жабдықтарын бастауы бастап үлестіруге сәйкес |
287. Жөндеу жұмыстарының жоспарланған жылдық графигі электржелісі
компаниялары ақпарат ұсынғаннан кейінгі екі кезең аралығында
құрастырылады. Алдымен ТО электр торабының тұрақты жұмысына әсер ете
алатын электр желісі жабдығы мен электр жеткізу желісін ажыратудың
ұсынылған кестесін қарастырады. Мұндай ажыратуларды жүргізуге деген
ұсынысты ТО 20 шілдеге дейін алуы тиіс.
288. ТО кестенің алғашқы бастаулық нұсқасын дайындау кезінде
қатысушы жақтардың арасында туындайтын кез-келген қайшы (талас) пікірді
талдайды. Екінші кезең электр стансасы электр жабдықтары мен өндіруші
қондырғылар тоқтауларына қатысты барлық ақпарат жиналған соң 1-қазанға
дейін өткізіледі.
289. Аталған үдерістің соңғы кезеңі шектес мемлекеттердің келісімді
ажыратуларының сәйкестендірілуі болып табылады. Олар 15 қазанға дейін
келіскеннен соң, ТО ажыратудың түпкілікті бекітілген кестесін 12 қарашаға
дейін береді.
290. Осы аталған графикті дайындау кезінде ТО, мүмкіндігінше, барлық
тараптардың талаптарын, сондай-ақ, электр жеткізу желісі даму жоспарының
(ЭЖЖДЖ) талаптарын қанағаттандыруға тырысады. ТО ғана ажырату кестесін
құру кезінде алғашқы басымдық болып табылатын электр энергиясы
жеткізілімінің сапалы да сенімді нормативін сақтау мен электр торабы
техникалық қызметін қамтамасыз етеді. Егер ТО меншікті дәйектеме тұжырым
(қорытынды) негізінде электр энергиясының сенімді немесе сапалы
жеткізілім нормативтерінің бұзылуына болжалды тоқтау әкеле алатындығын
анықтаса, онда ТО жағдайды түзеу мақсатында ұсынылған ажырату кестесінде
аса қажетті өзгерістерді енгізеді. ТО өз шешім қабылдау кезінде барлық
жайттарды қарастыруға және бұл жағдайда ешкімді кемсітпей, әділ қызмет
етуге міндетті.
291. ТО-ның, екінші сенімділік пен сапа өлшемінен кейін, жетуге
тырысуы - бұл ажырату кезінде болатын электр желілеріндегі шектеулермен
байланысты ең аз шығынға дейінгі мәлімет, ЭӨҰ, электржелілері
компаниялары немесе басқа пайдаланушылар осы себепті тоқтауларға деген
олардың өтінімдеріндегі өзгерістермен келіспеуі тиіс. Бірақ олар қатар,
Қазақстан БЭЖ экономикалық жұмысы мүддесіненен шыға отырып, осы себептер
бойынша ТО ұсынған ұсыныстарды қарауы тиіс.
292. Тоқтатымға ТО ұсынысы берілуі кезінде электржелісі компаниясы
немесе пайдаланушы келесі ақпараттар негізінде өз кестелерін ұсынады:
1) электр желісі жабдығы және аппараттар жиынтығы жөндеу жұмысы мен
техникалық қызметіне талаптар;
2) пайдаланушының жабдығы және аппараттар жиынтығын жөндеу жұмысы
мен техникалық қызметіне талаптар, сонымен қатар электр желісіне қосу
үшін пайдаланатын жабдықтар;
3) Жабдық пен аппарат жиынтығының нақты техникалық жағдайының
талдауы, өзара байланысты жабдық пен бұрынғы жөндеу жұмыстары ақауларын
тексеру талдауы.
293. Мұндай өтінім өзіне, ең аз дегенде, мынадай ақпаратты қосуы
шарт:
1) Қарастырылған жабдық пен электр жеткізу желісі құрылғысының
диспетчерлік атауы;
2) Қарастырылып отырған тудырушы қондырғы немесе электр стансасы
жабдығының атауы мен стансалық нөмірі;
3) Қарастырылып отырған энергия таратушы жабдық пен аппараттар
жиынтығының диспетчерлік атауы;
4) Қарастырылып отырған энергия тұтынушының жабдық пен аппараттар
жиынтығының тікелей қосылған диспетчерлік атауы;
5) Қарастырылған қуат (МВт);
6) Тоқтаудың талап етілген ұзақтығы;
7) Тоқтаудың басталуының артықшылық уақыты мен мерзімі немесе,
тоқтаудың басталу уақыты мен мерзімінің шегі.
294. ТО диспетчерлік басқару тәсілі бойынша ИВЛ жабдықтарын
үлестіруге сәйкес 31 тамызға дейін электр жеткізу желісі мен торапты
жабдықты ажыратуды ғана қосатын жөндеу жұмыстарының алдын ала жиынтық
кестесін жасайды. Алдын ала жасалған келісімнен кейін ТО диспетчерлік
басқару тәсілі бойынша ИВЛ жабдықтарын үлестіруге сәйкес электр
стансалары мен тудырушы қондырғыларын ажыратуды тоқтаулар кестесіне
ендіргеннен кейін, және келесі күнтізбелік жылға арналған мемлекетаралық
желіні ажырату келісімінен соң тоқтаулардың күн ілгерілігі кестесін
жасауға арналған, оның одан арғы пысықтауын жүргізеді, ТО тоқтаудың күн
ілгерілігі жылдық кестесінің сәйкес бөлімін ағымдағы күнтізбелік жылдың
20 қазанынан кешіктірмей барлық электр желісін пайдаланушыларға ұсынуы
тиіс. Алдын ала жасалған жылдық кесте келесі кестелерге негізделуі шарт:
1) электржелісі компаниялары мен пайдаланушылардың тоқтауларының
жылдық кестесі;
2) мемлекетаралық торапты ажыратудың жылдық кестесі;
3) Электржелісі Ережелеріне сәйкес жүктеменің жылдық болжамы;
4) Қазақстан БЭЖ арналған сапа мен сенімділік нормативтерінің
орындалуы;
5) Шектеуді ең аз деңгейге тоқайластыру.
295. ТО тоқтаудың қорытынды кестесінің сәйкес бөлімін ағымдағы
күнтізбелік жылдың 12 қарашасынан кешіктірмей барлық электр желісін
пайдаланушыларға ұсынуы тиіс. Осы уақыт тәрізді, тоқтаулардың қорытынды