тиіс және қателіктер +-0,1%-дан (толық жүктеме кезінде) жоғары болмауы
керек;
3) деректерді сақтау құрылғысына қоректендіру беру тоқтатылған
жағдайда деректерді сақтау құрылғысы қоректендіру беру қоректендіру
тоқтатылған кезең аралығында деректерді сақтауға тиіс және 475-тармақта
көрсетілген уақыт дәлдігін ұстауы тиіс;
4) деректерді сақтау құрылғыларына қорек беруді тоқтату кезеңіне
қатысты қуат және энергия бойынша аралық мәндер және деректерді сақтау
құрылғыларына қорек беруді тоқтату кезеңіне қатысты қуат және энергия
бойынша нөлдік мәндер коммерциялық есеп жүйесі оларды айыра алуы үшін
тиісті түрде белгіленуі тиіс;
5) қоректендіру беру ұзақ уақытқа тоқтатылған жағдайға сағат,
күнтізбе және барлық деректер сыртқы электрмен жабдықтау көздерін 45 күн
аралығында қоспай қызмет етулері қажет;
6) кез-келген санау жайлы операциялар сақталып тұрған коммерциялық
есеп деректерін жоғалтуға немесе өзгертуге алып келмеуі тиіс;
7) коммерциялық есеп жүйесінің сұратуы бойынша деректерді сақтау
құрылғылары сақталып тұрған ақпаратты кез-келген көлемде беруі тиіс.
418. Төменде көрсетілген жағдайлардың әрқайсысы үшін бақылау
құралдары қамтамасыз етілуі тиіс:
1) деректерді сақтау құрылғылары жұмысындағы қателер;
2) аккумулятор батареясына бақылау және энергиямен қамтамасыз ету
бойынша бақылау;
3) есте сақтауды тексеру;
4) КТ тізбегінің бұзылушылықтары;
5) Жергілікті сұрату портына қол жеткізушілік.
419. Жоғарыда көрсетілген істен шығулардың біреуі туралы ақпарат
ТО-а берілуі тиіс, жергілікті сұратушы құрылғылар көмегімен, жалпы
апаттық сигнал көмегімен. Апаттық сигналдың оны тиісті кезеңге жатқызуға
мүмкіндік болу үшін тиісті кодировкасы болуы қажет.
420. Әрбір деректерді сақтау құрылғысы жеке порттардан сұратуларды
жүзеге асыру үшін жергілікті және алыстағы техникалық құралдарды иемденуі
тиіс.
421. Коммерциялық есеп жабдықтары коммерциялық есеп жүйесінен
жүргізілетін коммерциялық есеп деректерін санау мен қайта бағдарламалау
тиісті парольмен бақыланатын қауіпсіздіктің тиісті деңгейінде жергілікті
және алыстан қол жеткізушілік тәсілімен ғана жүзеге асырылатын жолмен
орнатылуы тиіс.
422. Сұратуды жүзеге асыру барысында коммерциялық есептің келесі
деректері берілуі керек:
1) 365-371-тармақтары бойынша анықталған қуат бойынша мәндер;
2) 365-371-тармақтары бойынша анықталған энергияны өлшеу деректері;
3) апаттық сигналдар;
4) деректерді сақтау құрылғыларымен көрсетілетін күні және уақыты.
423. Әрбір деректерді сақтау құрылғылары үшін дербес компьютер
сияқты жергілікті деректер терминалын қосу мүмкін болатын порт сұрау
салулары төмендегі мақсаттар үшін қарастырылуы керек:
1) пайдалануға беру, техникалық қызмет көрсету және ақауларды
анықтау;
2) коммерциялық есеп деректерін байланыс жүйесі істен шыққан
жағдайда беру;
3) егер қашықтықта немесе автоматты түрде істелуі мүмкін болмаса,
уақыт параметрін белгілеу.
424. Әрбір деректерді сақтау құрылғылары Қазақстан Республикасының
іс-қимылдағы нормативтік құжаттарына сәйкес жергілікті және алыстағы
сұрауларды орындау кезінде деректер алмасуды қамтамасыз ететін модем
немесе радиожеткізуші сияқты ішкі және сыртқы байланыс интерфейсімен
қамтамасыз етілуі қажет. ТО пайдалануы үшін коммерциялық есеп жүйесімен
коммерциялық есеп деректері жиналуын қамтамасыз ететін байланыс желісі
болуы тиіс.
425. Барлық қатысушылар коммерциялық есеп деректерін іздеу үшін
арнайы бөлінген арналармен қамтамасыз етулері қажет. Егер арнайы бөлінген
арнамен қамтамасыз ету мүмкін болмаса, техникалық тиімсіз немесе
экономикалық жағынан пайдасы жоқ болса, рынокқа қатысушы ТО-мен келісіп
коммутацияланатын арна бөлуі мүмкін.
426. Іс жүзінде пайдаланылатын құралдар ТО-мен келісілуі тиіс және
оның талаптарына жауап беруі керек. Байланыс желілерімен қамтамасыз ету
жөніндегі жауапкершілікті және оны жалға алу бойынша шығыстарды жауапты
тарап көтереді.
427. Коммерциялық есеп есептеуіштерінен деректерді санау және
бағдарламалау және параметрлерін өзгерту тек қана пароль көмегімен тиісті
қауіпсіздік деңгейінде қол жеткізу мүмкін.
428. Деректерді сақтау құрылғылары және коммерциялық есеп жүйесі
арасындағы байланыс жүйесі қателерді тексеру құралдарын қосу керек.
429. Берілетін деректер, хаттамалар мен қателерді тексеру
құралдарына және қауіпсіздік деңгейіне қойылатын техникалық талаптарды ТО
анықтайды.
430. Коммерциялық есеп кешенінің барлық жабдықтары белгілі бір
келісілген шараларға сәйкес бекітілген болуы керек. Пломбылар
коммерциялық есеп есептеуіштерінің ішкі бөліміне пломбаның бүтіндігін
бұзбай қол жеткізу мүмкін болмайтындай етіп бекітілуі тиіс.
431. Коммерциялық есеп кешенінің құрамбөліктері мен солармен
байланысқан өлшеу трансформаторларының тізбегін өлшеу сенімді және
қауіпсіз болуы тиіс әрі оларда балқытылған бекіткіштермен қорғаныш жүйесі
болуы қажет. Шықпалар сынақ блоктары немесе тест және тексеру өткізу үшін
ұқсас техникалық құралдар тиісті коммерциялық есеп есептеуіштеріне
мүмкіндігінше жақын қашықтықта орналасуы керек.
432. Модемдер олармен байланысқан байланыс желісінен тиісті түрде
оқшауландырылған болуы қажет.
433. Рынокқа қатысушы, қатысушы электржелілік компания, ТО және
коммерциялық есепті жүзеге асыратын ұйым бақылау, деректерді тексеру және
кешенді тексеру мен оған техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді тексеру
үшін коммерциялық есеп кешеніне еркін қол жеткізулері қажет.
434. Коммерциялық есеп кешенінде сақталған коммерциялық есеп
деректері тиісті парольмен тікелей жергілікті және алыстағы электрондық
қол жеткізушіліктен қорғанған болуы керек.
435. Коммерциялық есепті жүзеге асыратын ұйым тиісті рынок
қатысушылары мен электржелілік компанияларға "Тек қана оқуға" деген
пароль және "Оқу" "Жазба" деген парольдер ТО мен РО-ға ұсынылады. Рынок
қатысушылары мен электржелілік компаниялар пайдаланатын парольдер
коммерциялық есеп тіркеліміне енгізілуі тиіс.
436. Коммерциялық есептің әрбір кешені мен оның құрамбөліктері,
параметрлері мен жұмыс сипаттамалары дәл анықталып коммерциялық есеп
тіркеліміне енгізілуі тиіс. Құрамбөліктердің барлық өзгерістері мен
түзетулері ТО-мен келісілуі тиіс, жұмыс біткен соң олар бойынша деректер
кідіртілмей ТО-ға ұсынылуы тиіс.
437. Құрылғыларға, техникалық айрықшалықтар және коммерциялық есеп
кешенінің тәсімдеріне қажетті құжаттар ұсынылуы тиіс. Оларда техникалық
деректер мен өлшеу трансформаторлары мен коммерциялық есеп есептеуіштерін
қондыру параметрлері болуы тиіс.
438. Құжаттар коммерциялық есепті жүзеге асыратын ұйыммен ұсынылуы
қажет және ОТКЕ иесінде болуы қажет. Сонымен қатар, олар РО-ға оларды
коммерциялық есеп тіркеліміне енгізу үшін ұсынылады.
439. ЭҚЭКР коммерциялық есептің деректер қорында барлық техникалық,
әкімшілік және барлық коммерциялық есеп нүктелері бойынша физикалық
ақпараттар сақталады. Коммерциялық есептің деректер қоры екі бөліктен
тұрады: коммерциялық есеп есептеуіштерінің деректері және коммерциялық
есеп деректері.
440. ТО осы деректер қорын жаңартуды, түзетуді және басқаруды жүзеге
асырады, сондай-ақ, оларды басқару, пысықтау, түзету енгізу және
коммерциялық есеп есептеуіштері мен коммерциялық есеп кешенінің
деректерін сақтауды орындау кезінде қауіпсіздіктің және құпиялылықтың
сақталуын жүзеге асырады.
441. Коммерциялық есеп есептеуіштерінің деректері коммерциялық есеп
деректері қорының бөлігін құрайды және коммерциялық есеп есептеуіштерінің
деректері жөніндегі осы тарауға сәйкес қажетті коммерциялық есеп
кешенімен байланысты ақпаратты сақтайды.
442. Коммерциялық есеп есептеуіштері деректерінің міндеттері болып
табылады:
1) қосылым орындарын, коммерциялық есеп нүктелерін және рынок
қатысушыларын тіркеу;
2) коммерциялық есеп есептеуіштері бойынша осы тараудың талаптарына
сақтауды растау;
3) тіркелген ақпараттардың өзгерісін бақылауға икемді реттеу.
443. Әрбір өз коммерциялық есеп кешені бойынша рынокқа қатысушы
қажетті деректерді және техникалық айрықшаланымдарды
445-450-тармақтарының талаптарына сәйкес коммерциялық есеп есептеуішінің
ақпаратын сақтауға және ақпараттың дұрыстығын тексеруге жауап беретін
ТО-ға ұсынуы тиіс.
444. Әрбір тексеру құжаты 373-374-тармақтарда көрсетілген дәлдік
нүктесін бақылау үшін қолданылады. Коммерциялық есеп кешенінің
құрамбөліктерінің әрбір өзгерісі туралы және қондыру параметрлерінің
әрбір өзгерісі туралы ТО-ға тіркеу үшін кідіртілмей хабарлануы керек.
Коммерциялық есеп есептеуіштері деректерінің жаңартылған жазбалары
есептеуіш иесімен және ТО-мен тексерілуі және расталуы қажет.
445. Коммерциялық есеп кешені қосылым орны мен коммерциялық есеп
нүктесі туралы ақпарат минимумын мазмұндауы тиіс.
Қосылым орындары мен коммерциялық есеп нүктелері туралы ақпарат:
1) табиғи орналасқан жері, коммерциялық есеп кешенінің иесі,
коммерциялық есеп жүргізетін ұйым және т.б. сияқты жергілікті ақпараттар;
2) жоғалтулар есептеулерінің деректері;
3) орналасқан жердің анық атаулары;
4) коммерциялық есеп кешенінің иесі ұсынған әрбір телім бойынша
байланыс тұлғасы туралы ақпарат және телефон нөмірлері.
446. Коммерциялық есеп аспаптарын қондыру жөніндегі ақпарат:
1) 451-тармаққа сәйкес коммерциялық нүкте (КН) сәйкестендіру коды
сияқты әкімшілік ақпарат;
2) өндіруші, тип, модель, сериялық номері, шығарылған жылы, және
коммерциялық есеп кешенінің дәлдік сыныбы;
3) коммерциялық есеп кешеніндегі физикалық және техникалық
айрықшаланымдарға, стандарттарға, атаулы және ең жоғары токқа, атаулы
көмекші кернеуге барлық аспаптар жұмыс диапазоны мен дәлдігіне
қатысты (ток пен кернеу трансформаторлану коэффициенттерін қоса алғанда)
қатысты барлық деректер;
4) жеткізуші түйіспедегі кіру импульсінің ауқымы;
5) өлшеу кешенінің тұрпатын бекіту үшін қажетті барлық деректер;
6) тексеру сертификатын, тестілеу хаттамасын және күнін қоса алғанда
сынаққа, пайдалануға енгізуге, қатысты барлық ақпараттар;
7) активтерді ауыстыру бойынша бағдарлама;
8) тексеру және тестілеу, жөндеуді жүзеге асыру, жаңа аттестаттың
кестелері және қажет кезде жаңартылған түгендеу сертификаттары. Объектіні
соңғы рет бақылау күні, коммерциялық есеп есептеуішін соңғы рет тестілеу
датасы және коммерциялық есеп есептеуішін соңғы рет тексеру датасы;
9) коммерциялық есеп кешенінің қателігін көрсететін түгендеу
куәлігі.
Бұл ақпарат өлшеу трансформаторларының, коммерциялық есеп
есептеуіштерінің және деректерді сақтау құрылғыларының және т.б.
бөлшектерін енгізеді.
447. Деректер алмасу жөніндегі ақпараттар:
1) коммерциялық есеп деректерін жинау үшін телефон нөмірлері;
2) байланысты қамтамасыз етуге қатысты ақпаратқа мыналар жатады:
байланысты қамтамасыз ететін жабдықтар типі, сериялық номері,
жеткізушілер және техникалық айрықшаланымдар; байланыс хаттамасының
детальдері;
3) пайдаланушылар және олардың қол жеткізу құқықтары туралы ақпарат;
4) "оқу" және/немесе "жазу" парольдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге қатысты ақпараттар (олар қорғалған жерде сақталуы тиіс).
448. Деректерді алмастыру және растығын тексеру шараларының
тараптармен келісілген шарттарына мыналар кіруі тиіс:
1) алгоритмдер;
2) деректерді салыстыру әдістемесі;
3) пысықтаулар мен сигналдар (кернеу көздерінің шектері, фаз
бұрыштарының шектері);
4) деректердің баламалық көздері.
Есептесулер жүргізуге дейінгі деректерді пысықтау және энергия
жеткізу желілерін пайдалану.
449. Жегімдеу есептесулерін жүргізу үшін деректерді өңдеуге "Сағат
бойынша берілген электр энергиясын өндірудің есептелуі" алгоритмі кіреді.
450. Әрбір рынокқа қатысушы ТО-ға әрбір өздерінің әрбір коммерциялық
есеп нүктелері бойынша жоғарыда келтірілген деректерді келесі
жағдаяттарда ұсынады:
1) коммерциялық есептің жаңа кешені орнатылатын жағдайда;
2) коммерциялық есеп есептеуіштерінің деректеріне қайсыбір
өзгерістер енгізілетін жағдайда немесе коммерциялық есеп кешенінің
сипаттамалары өзгергенде.
451. Коммерциялық есептің әрбір кешені сәйкестендіру кодын (СК)
иемденуі тиіс, ол коммерциялық есептің нақты нүктесін белгілейді. СК
құрылымы келесідей болады:
Электр желілерін Аймақ коды (5 цифр) Сериялық номері басқару жөніндегі (7 цифр) компания (6 цифр) |
ХХХХХХ ХХХХХ ХХХХХХХ |
СК-тың үш бөлігі келесі түрде жасалуы тиіс:
1) электр желілерін басқару жөніндегі компания: алты цифр: ТО әрбір
электржелілік компанияға жеке сәйкестендіру кодын беруі тиіс;
2) аймақтар коды: бес сан: коммерциялық есеп нүктесі орналасқан
аймаққа сәйкестендіру коды. Ол тиісті электржелілік компанияға беріледі;
3) сериялық нөмірі: жеті цифр: дербес негізде әрбір коммерциялық
есеп нүктесіне беріледі. Кейбір сандар коммерциялық есеп кешенінің
тұрпаты бойынша саралау үшін берілуі мүмкін (мысалы, ЭӨҰ, электржелілік
компания, соңғы тұтынушы және т.б.).
452. Коммерциялық есеп деректері коммерциялық есеп деректері қорында
сақталуы керек. Коммерциялық есеп деректері өзара есептесу және электр
желілерін пайдалану мақсаты үшін қолданылатын барлық өлшенген, арналған
және сақталған коммерциялық есептеу мәндерінен тұрады.
453. ТО коммерциялық есеп деректерін мәліметтерді беру хаттамасын
пайдалана отырып қашықтықтық сұрау салу жолымен жинауды жүзеге асырады
және ол өзара есеп айырысулар мен электр желісін қолдану, сондай-ақ
оларды рынокқа қатысушылар пайдалану үшін растауы, өңдеуі, қауіпсіздігі
мен сақталуын қамтамасыз етуі және оларды коммерциялық есеп деректерінің
базасында сақтауы тиіс.
454. ТО шаралар әзірлеуі керек, жоғарыда аталған коммерциялық есеп
деректерін жинау жиілігін, уақытын белгілейтін талаптарға жауап беру
үшін. Бұл ақпарат барлық рынок қатысушыларына ұсынылады.
455. Коммерциялық есеп кешенінің иесі байланыс желісінің сенімді
жұмысын және коммерциялық есеп кешенінен коммерциялық есеп деректері
қорына дейінгі ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
456. Егер дистанциялық сұранысқа қол жеткізу мүмкін болмаса, ТО
тиісті деректерді жергілікті жерде сұраныс жүргізу жолымен алу туралы
рынокқа қатысушымен келісімге келулері керек. Егер бұл мүмкін болмаса,
онда ТО деректерді жеткізуді қамтамасыз ету үшін басқа құралдарды
пайдалануы керек (мысалы, SСАDА).
457. Коммерциялық есеп деректеріне мыналар кіреді:
1) бастапқы деректер, уақытқа, активті және олар коммерциялық есеп
кешенінен қалай жиналды, реактивті энергия мәніне тәуелді параметрлер;
2) бастапқы деректер негізінде арналған мәндер, оларды ТО атқарады;
3) саналған, түзетілген немесе ауыстырылған деректер, деректер жоқ
немесе қате деректер жағдайында;
4) өзара есептесулер мен есепшот шығару кезінде пайдаланылатын
электр желілерін пайдалану мәндері.
458. Коммерциялық есеп деректерінің жиналуы, пысықталуы, әкімшілік
пысықтаудан өтуі және олардың қауіпсіздігі мен құпиялылығы қамтамасыз
етіле отырып, сақталуы тиіс.
459. Деректер коммерциялық есеп деректері базасында екі жыл
аралығында тез қол жеткізуді қамтамасыз ететін пішімде және келесі үш
жылда мұрағаттық пішімде сақталуы тиіс.
460. ТО қате кеткен жағдайда немесе деректер жоқ кезінде деректер
растығын тексеру мен алмастыруды жүзеге асырады.
461. Күн сайынғы жаңартылатын деректер жинау үшін және деректерді
сақтау жөніндегі құрылғыны сынау кезінде келесі шарттарды орындау қажет:
1) коммерциялық есеп қондырғыларының сәйкестендіру коды және
болжанатын деректермен деректерді беру арнасының саны салыстырылуы тиіс.
Егер бұл жағдайлардың бірінде олар ерекшеленетін болса, онда деректер
жиналмайды және қателесу сигналы беріледі және 486-488-тармақтарына
сәйкес қателесуді зерттеу жүргізіледі;
2) егер деректерді сақтау жөніндегі құрылғыда деректерге қол
жеткізілмесе, онда деректер жиналмайды, қателесу туралы сигнал беріледі
және 486-488-тармақтарына сәйкес қателесуді зерттеу жүргізіледі;
3) егер деректерді сақтау жөніндегі құрылғымен байланыс орнату
мүмкін болмаса қателесу жайлы сигнал беріледі және 486-488-тармақтарына
сәйкес қателесуді зерттеу жүргізіледі;
4) деректерді сақтау жөніндегі құрылғыдағы уақыт пен күні болжанатын
мәндермен салыстырылуы тиіс. Егер уақытта 10 секундтан астам және бір
минуттан кем айырмашылық болса, ондай деректерді сақтау жөніндегі құрылғы
коммерциялық есеп деректерін жинау жүйесімен түзетіледі. Егер уақытта бір
минуттан көп айырмашылық болса, қателесу жайлы сигнал беріледі және
486-488-тармақтарына сәйкес қателесуді зерттеу жүргізіледі;
5) деректерді сақтау жөніндегі құрылғымен берілген сигналдар
тексеріледі, егер олардың қандай да біреуі үрей туғызатын болса, онда
қателесу жайлы сигнал беріледі және 486-488-тармақтарына сәйкес
қателесуді зерттеу жүргізіледі.
462. Егер ТО 461-тармақтың 1)-5)-тармақшаларына сәйкес қателесулерді
анықтаса, ТО коммерциялық есеп кешеніне ие тарапқа анықталған сәттен
кейінгі 24 сағат ішінде хабардар етеді.
463. Егер коммерциялық есеп кешені деректері мен коммерциялық есеп
деректері қорының арасында айырмашылықтар болса, мүдделі рынок қатысушысы
ТО-мен пайда болған айырмашылықты жою жөніндегі неғұрлым дұрыс тәсілді
анықтау және осындай айырмашылықтарды болашақта болдырмау үшін
әрекеттерді келісімдеу алдын ала қабылдануы тиіс.
464. ТО 486-488-тармақтарына сәйкес коммерциялық есеп жүйесіндегі
оқиғалар және коммерциялық есеп жүйесінде болған қателесулерді зерттеу
мен жоюға жауапты. Сондай-ақ, ТО коммерциялық есеп кешеніне ие тарапқа,
электржелілік компанияларға, коммерциялық есеп жүргізетін ұйымдарға нақты
жағдай бойынша дер кезінде баяндалуына жауапты.
465. Коммерциялық есеп деректерінде айырмашылықтар болса, немесе
алмастыру шарасын жүргізу қажет болса, ТО коммерциялық есеп деректерін
алмастыру үшін жауапты болады және басқа рынок қатысушыларымен кеңесе
отырып деректер мен тиісті нұсқаулықтарды алмастыру шараларын әзірлеуі
тиіс.
466. Коммерциялық есеп деректері толықтай жоқ болған жағдайда немесе
коммерциялық есеп кешенінің қателесуі кезінде деректер тараптар арасында
келісілген әдісті пайдаланумен ауыстырылуы қажет. Ұлттық диспетчерлік
орталық жанындағы Басқару жүйесінен және басқа көздерден алынған өткен
кезеңдер үшін SCADA ақпараты рұқсат етілген қол жеткізулерге сәйкес
пайдаланылуы тиіс.
467. Егер өзара есептесулерге қажет уақыт ішінде коммерциялық есеп
деректері коммерциялық есеп кешенінен алынбаса, онда ТО-мен рынок
қатысушыларымен келісілген әдістемені пайдалана отырып дайындалуы тиіс.
468. Рынокқа қатысушы ТО-ға коммерциялық есеп деректері қорының
деректерімен және рынок қатысушысының коммерциялық есеп кешенінің
деректерінің сәйкестігін анықтайтын аудит өткізуді ұсынуы мүмкін.
469. Егер 470-488-тармағына сәйкес жүргізілген коммерциялық есеп
кешенін тексеру немесе аудит жіберілуі мүмкін 1,5 еседен жоғары емес
қателіктерді көрсетсе, онда саналатын деректерді ауыстыруды жүргізудің
қажеті жоқ, ТО-ның негізделген тұжырымдамасы бойынша бұл ауыстыру
жүргізілмеген жағдайда рынок қатысушыларының ешқайсысына зияны болмайды.
470. Коммерциялық есеп кешені деректері мен коммерциялық есеп
деректерінің қоры арасында алшақтықтар болса және тексеру жүргізу үшін
басқа көздерге қол жеткізу мүмкін болмаса, онда коммерциялық есеп
кешенінің деректері коммерциялық есеп нүктелері деректерін жоққа шығару
жоқ кезде дәлел болып саналады.
471. ЭЭҚРҚ субъектілерінің коммерциялық есеп деректері бар
коммерциялық есеп деректерінің қоры ТО-ға жатады. ТО коммерциялық есеп
деректері қорының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болуы үшін оған тек
ТО ғана қол жеткізе алуы қажет. ТО коммерциялық есеп деректерін және
коммерциялық есеп есептеуіштерінің деректерін төменде көрсетілген
тараптардың жазбаша ұсынысына жауап ретінде жібереді. Бұл ақпарат ТО
қолданылады деп санаса растау, сынақ, дауларды шешу, түгендеу немесе
басқа да мақсаттар үшін ұсынылады. Барлық жағдайда бұл ақпарат электронды
түрде, мүмкіндігінше қысқа, бірақ бір аптадан ұзартылмайтын мерзімде
ұсынылуы тиіс.
472. Деректерді сұрату құқығына ие тараптар:
1) тиісті коммерциялық есеп кешеніне ие тарап;
2) олардың желіге қосылған нүктелеріндегі барлық коммерциялық есеп
кешеніне қатысында электржелілік компаниялар (энергия беруші, таратушы,
аралас);
3) коммерциялық есеп жүргізуші компаниялар, сынақ және жөндеу
мақсаттары үшін белгілі бір коммерциялық есеп кешеніне жауапты.
473. Барлық коммерциялық есеп кешенінің немесе бір бөлігінің апаты
кезінде ТО 24 сағат ішінде коммерциялық есеп жүргізетін ұйымды және рынок
қатысушысына хабарлайды. Бұдан кейін коммерциялық есеп кешеніне ие тарап
қателесулерді жою және кешен төмендегі уақыт кезеңіне барлық қуатпен
пайдалануға дайын болуына жауапты болады:
1) коммерциялық есеп кешенін, өзара есептесулерге айтарлықтай зияны
бар жерлерде пайдалануға әзір болу үшін 5 күн ішінде беріледі;
2) коммерциялық есеп кешенін, өзара есептесулерге айтарлықтай зияны
болмайтын жерлерде (мысалы, байланыс желісінің апаты) пайдалануға
дайындық үшін 15 күн ішінде беріледі.
474. Жоғарыда көрсетілген барлық жағдайларда жегімдеуді қалпына
келтіру туралы ақырғы шешімді ТО қабылдайды.
475. Коммерциялық есеп жүйесінің хронометражына талаптар
коммерциялық есеп деректерінің қорын және жергілікті коммерциялық есеп
кешенін қоса ала отырып мынандай болады:
1) олар әмбебап түзетілген уақыттан (ӘТУ) алты сағат озық Астана
қысқы уақытымен (АсҚУ) сәйкес белгіленуі тиіс. Астана жазғы уақытына