2) электр желінің басқа бөліктерінде қажет болатын жетілдірулер ауқымы мен құны;
3) жаңа қосылымның электр желінің өткізгіш қабілетіне мүмкін болар елеулі әсері.
137. Жоғарыда сыйпатталған бірлескен жұмыс толық ақпаратты алғаш алғаннан соң екі айдан кейін кешіктірмей қисынды мерзімде бітуі тиіс. Бұл қосылым ұсынысын әзірлейтін электржелілік компания жоғарыда көрсетілген мерзімдерде үлгеруі үшін қажет.
Осы мезгілде, мәселен, жалғанатын электр стансаның электр желісіндегі қуат ағындарының өзгеруіне әсері айқындалуы тиіс, егер керек болса жетілдірулерді енгізу жөнінде шыққан талаптар белгіленуі қажет. Электр стансаны қосу ұсыныстарын даярлаған кезде электржелілік компания келесі шамаларды қарастыруы тиіс: алуан кернеудегі таратушы құрылғылар арасындағы ағындардың алдын ала мәні, өндіруші қондырғылардың кернеу сыныптары бойынша таралуы, қуат берудің электр тәсімі және электр стансасынан шығатын әрбір кернеу сыныбының электр жеткізу желілерінің саны, қуаттың алмасу ағындарының сипаты мен көлемі.
138. Егер қосылым өтінімінде көрсетілсе не электржелілік компания ұсынылған жабдықты қосу кернеу мен ток қисық сызығы нысанының бұрмалануына, кернеу тербелістеріне немесе қосылымның бір не өзге нүктесіндегі кернеудің үш фазалары арасындағы бейсимметрияға әкеп соғады деп зілді негізімен санаса, онда электржелілік компания пайдаланушыны қосылымға дейін жетуі тиіс осындай бұрмалаулардың қол жеткізілген деңгейлерін хабардар етуі керек. Электржелілік компания сондай-ақ соңғыға осы деңгейге жетістігін қамтамасыз ету үшін жабдықты жобалауға заңды талап етілуі мүмкін толық ақпаратты пайдаланушыға тапсыруы тиіс.
139. Электржелілік компанияны қосу туралы Ұсынысты дайындау кезінде қашықтан басқару және қашықтан бақылау жөніндегі жабдық бойынша қағидатты кіргізуі тиіс, ол осы Ережелерде көрсетілгендей, электр желісін жегу үшін қажет.
140. Қосылым туралы ұсыныс электр желісіне ұсынылатын қосылым шарттарын, сондай-ақ пайдаланушы төлеуге тиіс осымен байланысты шығындарды кіргізеді. Қосылым ұсынысы әділ де негіздемелі болуы тиіс, ол электр желісінің қауіпсіз де сенімді жегілуін ескеруі керек. Шығындарды анықтаған кезде электржелілік компания жоспарлау мен жобалаудың ең үнемді әдістемелеріне еруі қажет.
141. Қосылым ұсынысында электр желісіне бір нұсқадан аса қосылым және/немесе түрлі деңгейлер мен қызметтеу шарттары бола алады.
142. Электржелілік компания және оның пайдаланушысы қосылым жөнінде және қосылымға қатысы бар кез келген басқа мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге қақылы.
143. Қосылым ұсынысындағы техникалық шарттарды орындау ары қарайғы қосылым жобасын жасақтау тапсырылған өтінушілер мен жобалау ұйымдары үшін міндеттілі.
144. Қосылым ұсынысын пайдаланушының қарау мерзімі екі айдан кем болмауы және тараптармен айқындалуы тиіс. Кез келген жағдайда бұл мерзім әлеуетті пайдаланушы оны жан-жақты зерттеп, егер керек болса электржелілік компаниямен талқылайтындай жеткілікті болуы тиіс. Қажет жағдайда пайдаланушы желілік компанияға осы мерзімді ұзартуды өтіне алады.
145. Ұсыныстың іс-қимыл мерзімі тараптардың келісімімен белгіленеді, бірақ іс-қимылдағы жобалау және құрылыс нормаларының негізінде айқындалған әлеуетті пайдаланушының объектілерін жобалау мен салуға қажетті мерзімнен кешіктірілмеуі керек.
5 Параграф. Желінің күшеюіне қажетті қосылым
146. Егер қосылым өтінімін қарастыру үдерісінде электржелілік компания оның электр желісінің сенімділігін азайтатын белгілі бір жәйттер (электр жеткізу желілерінің қосылым қосалқы стансасына, басқа электржелілік компанияның қосалқы стансасына өткізу қабілетін тауысуы, желілердің қосалқы стансасында орнатылған түрлендіруші трансформаторлардың, тұтынушының қосылған электр жеткізу желілерінің ұйықтық қуатын қарымталау құрылғыларының атаулы қуатының артылуы, тұтынушы технологиялық процестерінің желідегі кернеу сапасына әсерін жоятын сүзгіш қарымталаушы құрылғылардың жеткіліксіз қуаты) бар екендігін белгілесе, оны жоюға электржелілік компания тарапынан инвестиция талап етілсе, онда электржелілік компания алты айдың ішінде өтінушіге "объектіні электржелілік компанияға қосудың алдын ала Ұсынысын" береді. Электржелілік компания өтінушіге қосылымға алдын ала ұсынысты талдауды жүргізу үшін тиісті бейімдегі тәуелсіз жобалау институтына өтінуді ұсына алады.
147. Қосылымға алдын ала ұсыныс өтінушіге, ЭӨҰ-ға соңғысында құрылысқа телімді пайдалану рұқсаты жоқ болса да беріледі. Бұл жағдайда әлеуетті пайдаланушы осы ұсынысты құрылысқа телімдерді пайдаланудың әралуан нұсқаларына техникалық және экономикалық бағалауды жүргізу үшін қолдана алады.
148. Алдын ала Ұсыныста мыналар көрсетіледі:
1) Қосу нүктелері (қосалқы стансалар, электр стансалары немесе электр жеткізу желілері), сонда объектіні қоректендіретін әуелік не кабельдік желілер атқарылатын кернеу, жалғаным нүктелеріндегі кернеудің күтілген деңгейі;
2) әлеуетті пайдаланушының электр қондырғыларын қосуға байланысты қожайынның жүйедегі желісін күшейту жөніндегі негіздемелі талаптар.
6 Параграф. Қосылымға Ұсынысты талдау және пысықтау
149. Электржелілік компаниядан қосылымға ұсынысты алған кезде желіні қажеттілі күшейту туралы жан-жақты ақпаратты кіргізе отырып, әлеуетті пайдаланушы онымен танысуға және өз келісімін растауы тиіс. Ол тілегі бойынша тәсімді жасақтауға тиісті лицензиясы бар электржелілік компаниямен және/немесе жобалау институтымен (жобалау ұйымымен) осы Ұсынысқа тәуелсіз сараптама жүргізе алады.
Барлық жобалау жұмыстары өтінуші қаражатының есебінен орындалады.
150. Тәсімді жасақтау нәтижелерін пайдаланушы электржелілік компаниямен келістіреді, сонан соң өзінің ішкі құжатымен бекітіледі.
151. Егер жүктемелі немесе 1-10 МВт беретін өтінуші аймақтық жеткізуші не таратушы желіге қосылса, электржелілік компания және өтінуші бір айдың ішінде ТО-ға жабдықты қосу Ұсынысының мәртебесі туралы хабарлауға және қосылымға өтінім көшірмелерін жіберуге міндетті. Өтінушінің 10 МВт-тан асқан қуатын жалғаған кезде желілік компания және өтінуші қосылым өтінімі мен Ұсынысын ТО-мен келісіп алуы тиіс.
152. Ұсынысқа кірген барлық талаптар тараптардың келісуі бойынша таза дайындалуы, ұсынылуы мен қолданылуы және құпиялы ақпарат деп саналуы тиіс.
7 Параграф. Электр желісіне кірігу Шартын жасасу
153. Егер өтінуші қосылым туралы Ұсынысты атқаруға қабылдаса, ол келесі әрекетті орындауы тиіс:
1) екі ай мерзімі немесе тараптардың келісуі бойынша өзге мерзім ішінде электржелілік компанияға оның Ұсынысты қабылдайтынын жазбаша хабардар ету. Осы мерзім кез келген жағдайда екі айдан кем болмауы тиіс, сонан кейін автоматты түрде бітеді;
2) бір ай ішінде электржелілік компаниямен желіге кіру Шартына қол қою;
3) желіге кіру шартына қол қойғаннан кейін пайдаланушы бір ай ішінде осы Ережелердің энергожүйені дамыту жөніндегі бөлімде көрсетілген жан-жақты жоспарлы деректерді ұсынуы тиіс. Электржелілік компания осы тұстан бұл деректерді жеткізуші желіні дамыту жоспарын, тарқатушы желіні дамыту жоспарын және өндірісті дамытудың индикативтік жоспарын жасаған кезде қолдана алады.
154. Кейбір кездерде қажеттікке қарай жоғарыда көрсетілген мерзімдер тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
155. Жобалық құжаттаманы жасақтағаннан соң әлеуетті пайдаланушы мынаған борышты:
1) өз объектілерін салуды бастауға дейін электржелілік компаниямен өтінушінің-әлеуетті пайдаланушының электржабдықтауын атқаруға мүмкіндік беретін электржелілік компанияның жаңа объектілерін салуды не жұмыстағыларын жаңғыртуды қаржыландыру туралы шарт жасасу, онда соның ішінде олардың құрылысын аяқтау мерзімдері сөз етіледі;
2) өз объектілерінде Желіге кіру шартында көзделген Техникалық талаптардың барлық шараларын толық көлемде және өз есебінен атқару.
156. Өтінушінің жалғаным жобасына сәйкес салған объектілерді белгіленген тәртіппен түзілген комиссия қабылдауы тиіс.
157. Желіге кіру шартында көрсетілген барлық шаралардың орындалуының толымдығы мен дұрыстығын комиссия растағаннан соң Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі Комитеті пайдаланушыға "Қосуға рұқсат" береді.
8 Параграф. Меншік құқысы - Коммерциялық шекаралар
158. Электржелілік компания иесінің активтеріне меншік құқығы арасындағы шекара, аспаптар мен жабдық, сондай-ақ солармен байланысты жабдық төмендегі тармақтарда көрсетілгендей коммерциялық шекарада болуы тиіс. Барлық жағдайларда коммерциялық шекара қосылым нүктесі болады. Пайдаланушыны электр желісіне жалғау үшін талап етілген жабдық желіаралық қосылым жөніндегі жабдық (ЖЖЖ) ретінде белгіленген.
159. Электржелілік компания меншік құқығының келісімдік шекарасын көрсететін, электр жалғанымдардың кестелік тәсімдерімен бірге "Баланстық керек-жарақты шекаралау және жегімдік жауапкершілікті шекаралау туралы Актіні" дайындайды. Электржелілік компания мен желіні пайдаланушы осы құжаттардың көшірмелерін сақтайды. Шекараларға қатысты келісімдер жөнінде қайсыбір тараптардың бірі ұсынған өзгерістер алдын ала келісілуі және электр жалғанымдардың тиісті кестелік тәсімдерінде көрсетілуі тиіс.
160. Пайдаланушы мен электржелілік компания арасындағы коммерциялық шекара-тармақтарына сәйкес айқындалуы тиіс.
161. Іс-қимылдағы ЭӨҰ үшін коммерциялық шекара ЭӨҰ-дағы таратушы құрылғының жоғарғы кернеу жағында, электр жеткізу желілерінің оларды электржелілік компаниялармен жалғайтын жалғаным нүктелерінде болады.
162. Жаңадан жобаланатын энергоөндіруші ұйымдар үшін коммерциялық шекара генераторлардың жоғарылатқыш трансформаторларындағы жоғары кернеу жағында болуы тиіс.
163. Электр энергиясын жекелеген желілік компаниялар немесе бір компанияның филиалдары арасындағы коммерциялық шекара электржелілік компаниялармен бірлесе келісіледі.
164. Электр энергиясын жеткізуші және таратушы электр желілері арасында жеткізу жөнінде коммерциялық шекара электржелілік компаниялардың уағдаластығы бойынша төмендетуші трансформатордың жоғарывольтты (төменгівольтты) жағында болады.
165. Таратушы желілер арасындағы қосылым нүктесі бойынша коммерциялық шекара тарқатушы желілердің қос иелерімен келістіріледі.
166. Жеткізуші не тарқатушы электр желісіне тікелей қосылған пайдаланушылар үшін коммерциялық шекара Желіге кірігу шартына сәйкес жерде болады.
167. Арнаулы талаптар.
Жоғарыда көрсетілген жалпы ережелерге иек артқан жөн, бірақ та олар әрбір жекелеген жағдайда жергілікті жерлердегі айрықшамалық талаптарға, таратушы құрылғылардың жоспарына, пайдаланушылар қондырғыларының тұрпатына және т.б. тәуелді болады. Соған қарамастан, әрбір бөлек жағдайда қосылым нүктелері мен коммерциялық шекара Желіге кірігу шартында көрсетіледі және электр жалғанымдарының тиісті кестелік тәсімдерімен өрнектеледі (бұл қажет жерде).
168. Меншік құқығы мен жегім.
Пайдаланушыға пайдаланушының қосылым нүктесі жағында барлық электржабдыққа аспаптар мен жабдыққа ие және осы активтердің Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Ережелерге және соның ішінде желіге кіру Шартының қағидаттарына сәйкес қауіпсіз жұмысы мен техникалық қызметтеуін қамтамасыз етеді.
169. Қосылым нүктесіндегі пайдаланушы активтері, желіаралық қосылым жөніндегі жабдық, сондай-ақ байланыс пен өлшем алу құралдары және солармен байланысты аспаптар мен жабдықтар Желіге кірігу шартында егжей-тегжейлі белгіленеді.
170. Электржелілік компания оның қосылым нүктесіне өз жағындағы барлық электржабдыққа, аспаптар мен жабдыққа ие болады. Электржелілік компания, егер бұл қолданылса, қосылым телімінде жоғары кернеулі қосалқы стансасын, сондай-ақ ТО-мен, егер бұл қолданылса, Қазақстандық заңнамаға, осы Ережелерге және желіге кірігу Шартына сәйкес электр желісіне қосу үшін талап етілуі мүмкін басқа қосылым активтерін иелейді, жегімдейді және ұстайды.
171. Жаңа қосылымға байланысты барлық шығындарды пайдаланушы төлейді.
9 Параграф. Қосылым талаптары
172. 118-121-тармақтарда тізбесі келтірілген деректер мен мәліметтер негізінде қосылымға ұсыныстарды әзірлеген кезде электр желіге жалғанатын пайдаланушы атқаруға тиіс, сондай-ақ электржелілік компанияның электр желіге қатысты пайдаланушылармен қосылымның әрбір нүктесінде сақтауға тиіс өлшемдері қосылым объектілерін жобалау және жегу жөніндегі ең төменгі техникалық талаптар, өлшемдер жасақталуы керек.
173. Қосылым нүктесінде әрбір электржелілік компания жалғаным нүктесінде электр энергиясын тұтынушыларға жеткізілімдеудің пара-пар сенімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Электр жеткізу жүйесінің жегім сенімділігі осы Ережелерде сыйпатталған іс-әрекеттердің атқарылуы қаншалықты мүмкін болса, соншалықты қамтамасыз етіледі.
174. Осы Электр желісіне кірігу тәртібі жоғарыда еске салынған міндет келесі іс-қимылдармен қамтамасыз етілуін талап етеді:
1) әдеттегі және апаттық жағдайларда, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын атқарған кезде жоғары операциялық сенімділікті қамтамасыз ететін қосалқы стансаға негізгі электр жалғанымдарының тәсімдерін таңдау және жобалау; реле қорғанышы мен апатқа қарсы автоматиканың тұрақты селт ету даярлығы.
175. Меншік шекарасындағы барлық жабдық осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының өзге де құжаттарында мазмұндалған жобалау өлшемдеріне сәйкес болуы тиіс.
176. Электр желісінің жалғанымдары өзіне электржелілік компанияның пайдаланушы қондырғыларын ажырату үшін тиісті коммутациялық аппаратураны кіргізеді.
177. Әрбір бөлек алынған жағдайдағы нақтылы талаптар тиісті Желіге кірігу шартында жіліктей отырылып айқындалады.
10 Параграф. Электржелілік компанияларға талаптар және
пайдаланушыларға ортақ талаптар
178. Электржелілік компаниялар өз электр желілерін ТО-дан алған нұсқауларға сәйкес иелейді, ұстайды және жегеді. Бұл атқарымдар осы тұста бар электр желілерін жоспарлау, жегу және қауіпсіздендіру жөніндегі "Қазақстан Республикасы энергожүйесінің сапа мен қауіпсіздік Стандарттарына", нормативтік және заңнамалық актілерге, электржелілік компаниялардың ішкі ережелеріне сәйкес орындалады. Электржелілік компаниялар мен ТО пайдаланушылармен қосылым нүктелерінде осы ЭЖЕ талаптарына және электр энергия сапасының іс-қимылдағы стандарттарына (кернеу мен жиілік, үйлесімді бұрмалаулар, кернеу тербелістері, фазааралық кернеу ассиметриясы және т.б. бойынша) сәйкес электр энергия сапасын қамтамасыз етуге міндетті.
179. Әрбір пайдаланушы өз телімінде аспаптар мен жабдықты жегімдейді және қызметтейді әрі жаңадан қосылған жабдықты немесе Қазақстан Республикасындағы нормативтік құжаттардың белгілеген талаптарына, осы Ережелерде баяндалған қосылым телімдерінің техникалық шамаларына, сілтеме берілген стандарттар мен шараларға сәйкес жобалайды.
180. Пайдаланушы өз телімінде сенімді жұмыс, жоспарлау, жегу және техникалық қызметтеу әрі желіаралық жалғаным бойынша жабдықтау жөніндегі осы Ережелер мен басымды стандарттардың барлық талаптарын, шаралар мен техникалық шарттарды сақтайды. Пайдаланушылар жеткізуші және таратушы желілерге қосылымда іске қосылғн желіаралық жалғаным жөніндегі жабдықты, сондай-ақ осы тарауға сәйкес желілерге тікелей қосылған резервтік және қосалқы қондырғыларды иелейді, жегеді және қызметтейді.
11 Параграф. Электр желі пайдаланушыларына талаптар
181. Пайдаланушылардың электржелілік компанияға қосылымның техникалық шарттары іс-қимылдағы стандарттарға және нормативтік құжаттарға сәйкес жасақталуы және қосуы, бірақ келесі талаптармен шектелмеуі тиіс.
1) активті қуатты тұтынуға мыналар бойынша шектеу шарттарын анықтау: а) активті қуатты тұтыну өзгерісінің жылдамдығы;
б) пайдаланушы желісіндегі жүктеме тербелістерінің шектері;
2) реактивті қуатты тұтынуға қосылатын пайдаланушы электр энергиясын тұтынуға (беруге) міндетті қуат коэффициентін анықтау;
3) жоғары үйлесімдермен бұрмалаулар мен кернеу асимметриясына - тұтынатын токтағы жоғары үйлесімдердің құрамы мен жарамды шамасын, сондай-ақ кернеу асимметриясының жарамды шамасын анықтау;
4) қорғаныш пен басқару және апатқа қарсы автоматика құрал-жабдығына:
а) пайдаланушыға тиесілі жоғарылатқыш трансформатордың, шиналар мен қоректендіруші желілердің, энергоқондырғылардың реле қорғанышындағы құрал-жабдық құрылғысының, соның ішінде Қазақстандағы күшіне ие тиісті стандарттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс ажыратқыштар мен автоматтық қайта қосуды ажырататын резервілеу құрылғысының көлемін анықтау;
б) қорғаныш құрал-жабдығын баптау шамаларына:
ҚТ токтарының деңгейлері мен оларды жүйеден қоректендіруді анықтау;
қорғаныш жабдығының тұрпатын, ҚТ-ды жою уақытын, релені баптауды анықтау;
өндіруші қондырғылар/жоғарылатқыш трансформаторлар үшін саралап қорғауды баптауды анықтау;
өндіруші қондырғылар үшін қорғауды баптауды анықтау;
шиналық жалғанымдар аймағының қорғанышын анықтау;
жиілік және кернеу бойынша сезгіш өндіруші қондырғыны қорғауды баптауды анықтау;
қондырғы орнының сызбасын анықтау.
Реле қорғанышы мен коммутациялық аппараттарды алыстан ажырату құрылғыларынан келіп түсетін сигналдарды үдемелеу үшін қорғаныш құрылғыларының байланыс құралдары.
Атаулы кернеуі 110 кВ және одан жоғары таратушы жабдыққа барлық электржалғанымдары үндесудің бақылау құрылғыларына ие болуға тиіс. Барлық үндесуші өндіргіш қондырғылары жоғары сыныпты дәлдіктегі үндесудің автоматтық құрылғыларына ие болуға тиіс.
Жиіліктік қорғаныш.
Қондырғыларды желіден айыру жүйесі Қазақстанда іс-қимылдағы тиісті нормативтік-техникалық актілерге сәйкес болуы тиіс.
Қорғаныштың іске қосылу жылдамдығы.
ҚТ кезінде іске қосылу пайызы 99%-дан кем болмауы тиіс. Ол зақымдалған жабдықта ажыратқыштарды өшіру жөніндегі қорғаныш жүйесінің қабілет көрсеткіші болып табылады.
ҚТ-ды тіркеу құрылғысы Қазақстанда іс-қимылдағы ҚТ-ды талдауды жүргізудің тиісті стандарттық талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Жерге ұштау.
Жерге ҚТ сыйымдылықты токтарын доғаөшіргіш құрылғыларды қолдана отырып қарымталау жөнінде деректер табыс етілуі тиіс.
ҚТ деңгейі.
Пайдаланушы жабдығының қосылым нүктесіндегі ҚТ-дың атаулы сипаттамалары.
182. Пайдаланушы қажетті жүйелік бақылауды жүзеге асыру үшін электржелілік компанияға қажетті кернеудің, жиіліктің, активті және реактивті қуаттың кіру және шығу серпіндерін әрі өз жүйесінен сигналдарды бөліп алу нүктелерін қамтамасыз етуі тиіс.
183. Электр желісі жұмысын басқару және бақылауды қамтамасыз ету мақсатында пайдаланушылар мен электржелілік компания арасындағы байланысты орнату қажет.
Байланыс құралдары электр желісін қолданушылар, барлық электр стансалар арасында, сондай-ақ пайдаланушылар мен ТО арасында орнатылуы тиіс. Бұл байланыс құралдары кейбіреуін немесе барлық төменде келтірілген мүмкіндіктерді кіргізеді:
1) бастапқы дауыстық байланыс құралдары;
2) резервтік не апаттық дауыстық байланыс құралдары;
3) факсимильдік аппарат;
4) жүйені бақылау үшін телеметриялық құрылғылар;
5) деректерді жеткізудің электрондық арналары;
6) коммерциялық есеп үшін байланыс арналары;
7) әрбір жекелей алған жағдайда нақтылы талаптар Желіге кірігу шартында жан-жақты айқындалады.
184. Электржелілік компания мен пайдаланушы әрбір қосылым нүктесі бойынша өз міндеттерін мыналарды кіргізе желіге кірігу Шартына қосуы тиіс:
1) қосылым нүктесіндегі меншік, басқару, бақылау, қызметтеу мәселелері;
2) жедел тәсім - тағайындалған пішімде;
3) телімнің жалпы жоспардағы сызбалары - тағайындалған пішімде;
4) жабдық пен аппараттардың ӘА айрықшамалары;
5) телекоммуникациялық және телеметриялық жабдық айрықшамалары;
6) коммерциялық есеп жүйесін құрастыру өлшемдері;
7) телімге кірігу тәсімдері;
8) қорғаныш жөніндегі ақпарат (релелік);
9) РҚ бойынша жоспарлы жұмыстар жөнінде ақпарат;
10) техникалық қызметтеу жөнінде келісімдер;
11) қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша міндеттемелер.
185. Электржелілік компания және тиісті пайдаланушы осы Ережелердің 4-бөліміндегі "Агрегаттар мен жабдықтарды сәйкестендіру тәртібі" жөніндегі 4-тарауына сәйкес талаптарды жасақтауы тиіс.
186. ЭӨҰ осы Ережелердің талаптарына және ТО-дың немесе электр желісін жегімдеу мен сенімді жұмысы жөніндегі тиісті электржелілік компанияның нұсқауларына қатаң сәйкес өндіруші қондырғыларда кернеуді реттеу құралдары мен жүйеаралық байланыс желілерінде жиілік пен реактивті қуатты реттеу құралдарына ие болуға міндетті.
Әрбір өндіруші қондырғы Қазақстанда қабылданған активті және реактивті қуатты реттеу жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына, жиілік сипаттамалар мен үндестік қорғанышқа сәйкес болуы тиіс.