96. Электржелілік компанияның тарқатушы желіге жалғанған генераторлар туралы ақпарат беруге қосымша Техникалық операторға (ТО) бұл Ережелердегі осы тараудың 55-56 тармақтарына сәйкес ақпарат тапсыру талабы бар. Оны ТО-дың арнайы сұратуы бойынша электржелілік компания ТО-ға тапсырады.
12 Параграф. Өндірісті дамытудың индикативтік жоспары (ӨДИЖ)
97. Электр энергиясы өндірісін жоспарлаудың тұтқалы өлшеміне экономика мен халықты энергожабдықтау үшін өзінен-өзі жеткілікті энергетиканы дамыту негізінде энергетикалық тәуелсіздік пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жатады.
Қазақстан Республикасында электр энергиясы өндірісін жоспарлау үшін қолданылатын стандарттар мен өлшемдер келтірілген:
1) міндетті резерв коэффициенті (орнатылған өндірілетін қуат /шыңдамалық жүктеме), МВт;
2) өндірудің жоғарғы жоғалу ықтималдығы (ӨЖЖЫ);
3) энергия тапшылығының ең жоғарғы болжамдық мәні;
4) басқа стандарттар мен өлшемдер.
98. Өндірістің индикативтік даму жоспарына (ӨИДЖ) рынок қатысушыларын жаңа энергоқондырғылардың даму келешегі туралы ақпараттандыру және энергожүйе жұмысын электр энергиясымен жеткілікті және сенімді жеткізілімдеу түзімінде қамтамасыз ету жатады.
ӨИДЖ-н жасақтау үшін ТЖДЖ-ның деректері қолданылады.
99. Өндірісті дамыту жоспарының мазмұны.
ӨИДЖ-ның он жыл келешегі болуы тиіс. Жоспарда негізінде сенімділік стандарттарына сәйкес, сондай-ақ өндіріс объектілерін кеңейту мүмкіндігін ескере отырып, күтілген сұранысты қанағаттандыру үшін электр энергиясын жеткізілімдеу тәсілдерінің талдамасы мазмұндалуы тиіс.
Төменде ағымдық және болжамдық мәліметтерді кіргізе отырып, ӨИДЖ-ның негізгі тармақтары берілген:
1) ағымдық және келешектік шыңдама өндірілуі мен жүктемесі әрі электр энергиясын тұтынуы (тұтастай жүйе үшін және аймақтар бойынша);
2) бірнеше экономикалық сценарийлер негізінде (экономикалық өсудің төменгі, қалыпты және жоғарғы қарқындары) энерготұтынудың күтілген дамуы (алуан санаттар, ішкі мұқтаж, коммерциялық қызмет, ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп);
3) тәуліктік және маусымдық жүктеме кестесінің әсері;
4) энергияны үнемдеу жөніндегі технологияларды дамытудың және жанама энерготұтынуды басқару мүмкіндіктерінің әсері;
5) Қондырмалы және келешектік өндіруші қуаттар (қондырғының мөлшері, қондырғының үлгісі (базалық, орташа не шыңдамалық жүктеме), отынның түрі, жегуге енгізу жылы, жегуден шығару жылы);
6) кішігірім электр стансалар (Күн энергиясынан жұмыс істейтін) дамуының әсері;
7) электр энергиясының мүмкінділі импорты мен экспортының әсері;
8) желінің мүмкінділі өткізу шектеулерінің әсері;
9) отынның әртүрлі бағасының әсер ету сценарийлері;
10) отынның алуан түрін қолдануын ескере отырып, бастапқы көздерді таңдау (жаңғырмалы ресурстар мен қоршаған орта жағдайларын ескере отырып мүмкін болады).
100. ӨИДЖ-да электр энергия жеткізілімінің қазіргі бар мүмкіндіктері кезінде күтілген сұранысты қанағаттандыру сенімділігінің дәрежесі туралы ақпарат мазмұндалуы тиіс. Онда сальдо мен өндіру тапшылығы туралы ақпарат болуы керек.
101. ӨИДЖ-да өндірісті кеңейту мүмкіндігі туралы ақпарат болуы тиіс. Сенімділіктің стандарттың шарттарын орындау үшін жалпы жылдық тұтынатын қуатты, сондай-ақ болашақ объектілерді (объектінің мөлшері, электр стансаның қонымды үлгісі, отынның қонымды түрі).
102. Егер ТО өндірудің ағымдық зәрулігінің нәтижесінде стандарттық талаптарға сәйкес жүйені жеге алмаса, ТО жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және электр энергиясының жеткізілімдеуін қорғау жөніндегі барлық керекті шараларды қабылдайды.
ТО жұмыстың іс-тәжірибесі, инженерлік шешімдер мен кәсіби есептеулер негізінде инвестициялау жөніндегі ұсыныстарды табуы және енгізуі мүмкін.
103. ӨИДЖ жыл сайын басылуы тиіс. ТО ӨИДЖ-н өкілетті органға тапсырады. Өкілетті орган ӨИДЖ-н қабылдағаннан кейін ТО немесе өкілетті орган онымен электр желісінің пайдаланушыларын және рынокқа қатысушыларды танысуы мақсатында ӨИДЖ-н әрбір күнтізбелік жылдың аяғында (қарашасы не қазаны) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
13 Параграф. Ақпараттың құпиялылығы
104. ӨИДЖ және ТЖДЖ-на кіргізілетін мәліметтердің көпшілігін электр желісінің пайдаланушылары (немесе әлеуетті пайдаланушылары) болып табылатын тәуелсіз коммерциялық ұйымдар береді. Пайдаланушының энерготұтынуы немесе энергоқондырғылар туралы ақпарат жоспарда керсетіледі және қуат ағындарының ағынын болжау үшін қолданылады. Жегуге жаңа объектілерді ендіру, бар электр стансаларын әлеуетті жаптыру және пайдаланушының басқа да ұқсас ақпараты егер осындай ақпараттың жоқтығы жоспарлардың дұрыстығына елеулі теріс әсер етсе, пайдаланушының айқын тұжырымдаған рұқсатынсыз жоспарларға кірмейді. Егер мұндай ақпаратты жоғарыда көрсетілген қолдану шешімі қабылданса, жалғанымға осындай өтініш иесінің аты-жөні көрсетпеуді сақтау жөнінде барлық шаралар алдын ала қабылданады.
3-Бөлім. Энергожүйеге кірігу тәртібі
3-тарау. Энергожүйеге кірігу тәртібі
105. Электр желісіне кірігу электр энергия мен қуат рыногының қатысушыларына өз электр қондырғыларын электржелілік компаниялардың электр желілеріне қосылу және сатып алынған (сатылған) электр энергиясын әділ де алалаусыз негізде алуға (беруге) мүмкіндік жасайды. Мұнда рыноктың барлық қатысушылары, сондай-ақ тұтастай Қазақстан БЭЖ-нің және электр желілерінің жұмыс сенімділігін қамтамасыз ететін белгілі бір талаптар мен нормативтік-құқықтық актілерде ескерілген міндеттерді орындауы тиіс.
106. Электр желісіне кіру рұқсатын алу үшін оның әрбір пайдаланушысы тиісті электржелілік компаниямен тараптар өз құқылары мен міндеттерін айқындайтын Электр желісіне кірігу шартын жасасуы тиіс.
107. Жаңа пайдаланушылардың электр желісіне кірігуді ресімдеудің бірінші кезеңіне электр желісіне жалғануға рұқсат алу жатады. Барлық әлеуетті пайдаланушылар электржелілік компанияға өтінуі және қосылулар шарттары қақысында келісімге келуі тиіс.
108. Электр желісіне қосылу талаптары тағайындалған нормалар негізінде Электр желісіне кірігу шартында (ары қарай - Шарт) айқындалады. Шарт электржелілік компания мен пайдаланушы арасындағы әрбір бөлек қосылу нүктесі бойынша келісім-шарттық келісімді көрсетеді. Оған кірген құжаттар тараптардың құқылары мен міндеттерін, соның ішінде қосылуға техникалық шарттарды айқындайды.
109. Пайдаланушылар электржелілік компаниямен Шарт жасасу жолымен осы Ережелерде баяндалған ережелердің, шаралардың, техникалық шарттар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
110. Энергожүйеге кіру тәртібі мынау үшін жасақталды:
1) пайдаланушылардың жаңа не жаңартылған құрылғылары мен жабдығының қажетті қосу ережелері мен шараларының болуы және қосудың базалық ережелері барлық пайдаланушыларды тең негізде барлық заңды әрі лицензиялық міндеттемелерге сәйкес қарастыруға мүмкіндік береді;
2) пайдаланушылар қақысындағы ең төменгі техникалық, конструкциялық және жегімдік өлшемдерді анықтау көмегімен желіге атқарылған кездегі электр желісіне қосылатын кез келген жаңа немесе қайта жаңғыртылған құрылғы мен жабдық осы тарауда айқындалғандардан басқа қосымша шарттарды күштеп танылмауы.
111. Осынау "Энергожүйеге кірігу тәртібі " электр желісінің келесі субъектілеріне мыналарды қоса таралады:
1) ЭӨҰ;
2) ТО;
3) электржелілік компаниялар;
4) тұтынушылар атынан өтінімдерді жұмыстайтын делдалдар жеткізілімшілері;
5) электр желілеріне тікелей қосылатын және қосылған электр энергиясын тұтынушылар.
1 Параграф. Энергожүйеге табиғи қосу тәртібі
112. Электр желісінің қызмет көрсетулерін пайдалануға ынталы, бірақ табиғи қосуға ие емес барлық әлеуетті пайдаланушылар, сондай-ақ тұтынатын (беретін) электр қуатын ұлғайтуды көздеп қосылған пайдаланушылар қосуды осы тарауда баяндалған шараларға сәйкес жүзеге асырады.
Бұл үшін электр желісінің кез келген пайдаланушысы электржелілік компанияға жазбаша өтінім беруі керек. Тұтынушыны немесе тұтынушының тұтынатын электр энергиясын ұлғайтуға ниеттенгенді ЭӨҚ шинасына қосу тек тараптардың келісімімен ғана істелінуі мүмкін.
113. Электржелілік компания өтінім иесіне "Желіге кірігу Шартын" жасасуға ұсыныс беруі тиіс, онда өтінім иесінің санатына байланысты келесілер мазмұндалуы тиіс:
1) қосудың жаңа нүктелері;
2) қосудың бар нүктелері;
3) қосу нүктесіндегі модификациялар.
114. Электр энергиясын тұтынушыларды қосу үшін келесі деректер қажет:
1) өз электр стансаларына ие тұтынушылар үшін тұтынушы электр стансаларының энергия өндірімін немесе энергожүйеге жеткізілімденетін электр энергиясының сапасын ескере отырып, электр энергиясын жеткізу жөніндегі ұйымдардың жеткізілімдейтін энергия тұтыну шамасын көрсете электр тұтынудың келісім-шарттық шамасы айқындалады;
2) өнеркәсіптік және соған теңдес тұтынушылар, сондай-ақ жүктемелері 750 кВА-ға тең не одан асқан ауылшаруашылық тұтынушылар:
тұтастай кәсіпорындарға, сондай-ақ энергосыйымдылы өндірістер мен технологияларға электр энергиясы мен қуатын тұтынуды болжау мүмкіндігіне ие болу үшін бір жылға немесе ең болмағанда жақын арадағы бес жылға электр энергиясы мен қуатының баланстарын даярлауы;
жүктемені апаттық түсірім жағдаяттарында электрмен жабдықтау жүйесінде әзірленген шараларға сәйкес бекітілген жүктемені шектеу немесе өшіру кестесіне сай АЭӨҰ-дағы ДО-ның жүктемені төмендету (өшіру) не электр тұтынуды шектеу талаптарын орындауы;
электрмен жабдықтау жүйесінің баланстық тиесілік шекарасында энергияның сапа шамаларының мәндерін жасасылған шартқа сәйкес қолдауы тиіс.
3) электр стансалары үшін тәулікке, айға, тоқсанға, жылға болжамданатын жұмыс түзімдері айқындалуы және оларға тұтыну түзіміне байланысты электр энергиясы мен қуатын өндіру кестесінің өзгеруі жөнінде талаптары көрсетілуі тиіс;
4) әрбір кернеу дәрежесіне жұмыс және демалыс күндері үшін жүктеме кестелері.
2 Параграф. Желіге кірігу шарты
115. Орындалуы кезінде электр желісіне жалғаным кепілденетін талаптар пайдаланушы мен электржелілік компания арасындағы электр желісіне қосылымның әрбір бөлек нүктесі бойынша Шартта баяндалады.
116. "Желіге кірігу шартын" жасасқан электржелілік компания нақты пайдаланушыға ол тиісті пайдаланушыға беруге келіскен қызмет көрсетулердің мөлшері мен сапасын алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл тиісті "Желіге кірігу шартында" тіркелген ауытқу кездерінен басқа осы құжаттағы егер электр желісі "Энергожүйеге жалғаным тәртібі" бойынша баяндалған өлшемдерге сәйкес жоспарланса, жобаланса және жегімделсе, өзі беретін көлемнен кем болмайды.
117. Қосылымға ұсыныс электр желісіне жалғанудың тараптармен келісілген нақты Техникалық шарттарын мазмұндауы тиіс.
118. Тұтынушылардың өтінімдеріне техникалық талаптар келесі ақпаратты мазмұндауы тиіс:
1) қосылым нүктесі туралы ақпарат (баланстық керек-жарақ, кескін, қауымдастырылған активтердің тізімі, тиісті нөмірлеу мен атаулық, қысқа тұйықталым (ҚТ) тогының деңгейлері, ҚТ тогын қоректендіру, қосылатын желінің толық кедергісі, АТҚ-ның атаулы сипаттамалары, кернеудің атаулы деңгейлері, қорғаныш жабдығының үлгісі/зақымдануды жою уақыты/реле тағайыншамасы, телеажырату тәсімдері, автоматика ерекшеліктері және т.б.);
2) пайдаланушыға жеткізілімденетін келісілген тұтыну көлемдері;
3) ысыраптарды ескере отырып электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін орнату туралы жан-жақты ақпарат;
4) қорғаныштың қауымдастырылған жүйелері үшін сынақ аралықтары;
5) техникалық қызметтеуді үйлестіру жөніндегі келісілген хаттамалар;
6) жегім тәсімдері;
7) орнату орнының сызбалары;
8) орнату орнының кез келген ерекше шарттары, шектеулер, ерекшеліктер және т.б.;
9) кез келген талап етілген нақтылы басымдылықтар, жегімдік шарттар және/немесе жалғаным тәсімдері;
10) екі жақ та қажетті деп санайтын мәтін не кестелік тәсімдер түріндегі кез келген басқа мәліметтер.
119. Әрбір пайдаланушыдан не электр желісінің әлеуетті пайдаланушысынан талап етілген нақты ақпарат өтінілген жалғанымның үлгісіне, қуаты мен санаттылығына тәуелді.
Энергоөндіруші ұйымдардың өтініміне техникалық талаптар
120. ЭӨҰ-ның өтініміне техникалық талаптары 120-121-тармақтарында, өтінімнің мазмұны жөніндегі қосымша техникалық талаптар 122-123-тармақтарында баян етілген. Өтінім ең кемі келесі ақпаратты мазмұндауы тиіс:
1) қосылым нүктесі туралы жан-жақты ақпарат;
баланстық керек-жарақ;
кескін;
қауымдастырылған активтердің тізімі;
тиісті нөмірлену мен атаулық;
ҚТ тогының деңгейлері;
ҚТ тогын қоректендіру;
өткізгіштік;
АТҚ-ның атаулы сипаттамалары;
кернеудің атаулы деңгейлері;
қорғаныш жабдығының тұрпаты/реле тағайыншамасы, телеажыратулар тәсімдері, автоматика ерекшеліктері және т.б.;
2) шиналар жүйесінің қорғанышы және аймақ тағайыншамасы;
3) энергоөндірушінің жабдығына әсер ете алатын жүйені оқшаулы телімдерге тарамдау не бөлшектеу тәсімдері;
4) жиілік пен кернеу деңгейлеріне селт ететін өндіруші қондырғының қорғаныш тағайыншамалары;
5) қауымдастырылған энергоөндірушілердің тіркелінген қуаты;
6) қосарлы жегімнің тұрақтылығы қақысында жалғаным тәсіміне ерекше талаптар;
7) кернеуді реттеу құрылғылары туралы ақпарат;
8) энергоөндіруші ұйым шиналарынан тікелей тұтынушыларға жеткізілімденетін электр энергиясын тұтынудың келісілген көлемдері;
9) технологиялық тұтынулар үшін қажетті көлемдер бөлігінің жүйеде апат болған жағдайда сыртқы көзден алу мүмкіндігі;
10) электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін орнату, оны жалғаным нүктесінде есепке алудың нақты орны есепке алудың белгіленген орнынан ерекшеленетін ысыраптарын ескере отырып, есепке алу мен түзетуді ұйымдастыру туралы жан-жақты ақпарат;
11) қорғаныштың қауымдастырылған жүйелері үшін сынақ аралықтары;
12) техникалық қызметтеуді үйлестіру жөніндегі келісілген хаттамалар;
13) жегім тәсімдері;
14) орнату орнының сызбалары;
15) орнату орнының кез келген ерекше шарттары, шектеулер, ерекшеліктер және т.б.;
16) қауіпсіздік ойласулары бойынша қажетті кез келген ерекше басымдылық, жегу және/немесе коммутацияны ұйымдастыру шарттары;
17) екі жақ та қажетті деп санайтын мәтін не кестелік тәсімдер түріндегі кез келген басқа мәліметтер.
121. Электр желісіне қосылуды көздейтін әрбір энергоөндіруші ұйымнан талап етілетін нақты ақпарат ұсынылатын жалғанымның үлгісі мен қуатына тәуелді.
Өтінім мазмұны бойынша қосымша техникалық талаптар.
122. "Желіге кірігу Шартында" пайдаланушыға әрбір қосылым нүктесінде берілетін стандарттық қызмет көрсетулерді көрсету қажет.
Бір элементтің едәуір салмақпен шығуы кезінде энергоөндіруші қабілет былайша болуы мүмкін:
1) нөлге тең;
2) өзі атаулы түзімдегі энергожеткізуші қабілеттің белгілі бір бөлігін көрсету;
3) қалыпты.
123. "Желіге кірігу шартында" электр желінің техникалық сипаттамаларына әсер ететін желінің ерекшеліктерін, орналасу орны мен жыл мезгілінің әсерін, сондай-ақ элементтердің кездейсоқ сипатын ескере отырып, болжамдық уақыт мезгілі, ол болмаса энергожеткізуші қабілеттің қалыпты деңгейіне жеткізілген уақыт көрсетілуі мүмкін.
3 Параграф. Қосылым тетіктері мен шаралары
124. Пайдаланушы жабдығының электр желісіне табиғи қосылымы осы бөлімде электржелілік компания заңды келісетін кез келген өзгерістерді ескере отырып, баяндалған пайдаланушылардың электр желісіне жалғану шараларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
125. Жалғаным шаралары және оны атқарудың бағдарлы мерзімдері
| Іс-қимылдар | Мерзімі | Орындаушы |
1. Ресми өтінімді беру 0 Пайдаланушы 2. Толық ұсынысты беру (егер желіні күшейту талап етілмесе) 1-4 ай. Желілік компания 3. Толық ұсынысты беру 1-6 ай. Желілік компания (егер желіні күшейту талап етілсе) 4. Ұсынысты қабылдау 1-2 ай. Пайдаланушы 5. Келісімге қол қою 1 ай Желілік компания және Пайдаланушы 6. Жан-жақты жоспарлы 1 ай Пайдаланушы деректерді табыс ету 7. Жалғаным объектілерін Комиссия құрамы: қабылдау электржелілік компания, Мемлекеттік энергоқадағалау жөніндегі комитеттің өкілдері, құрылыстың бас мердігері, пайдаланушы. 8. Қосуға рұқсат беру Мемлекеттік энергоқадағалау жөніндегі комитет |
126. Электр желіге қосылымға ықыласты әлеуетті пайдаланушы,
сондай-ақ тұтыну (берілетін) қуатты ұлғайтуға ынталы қосылған пайдаланушы
ұсынысты алу өтінімімен тиісті электржелілік компанияға жүгінуі тиіс.
Қосылымға өтінімді қарау үдерісінде электржелілік компания пайдаланушымен
электржелілік компанияда орныққан тәртіпке сәйкес пайдаланушы қосылған
кернеу деңгейіне келіседі.
Электржелілік компания пайдаланушының жабдығы электр желісінің басқа
пайдаланушыларына келтіретін кедергілер әсерінен қашу үшін кәдімгідегіден
ерекшеленетін жалғаным кернеуін көрсете алады.
127. Қосылымға ұсыныс бергенге дейін желілік компания қосылым
нүктесіндегі пайдаланушы жабдығы осы Ережелердің талаптарына және
іс-қимылдағы нормативтік-техникалық құжаттар мен стандарттарға сәйкес
келетініне көзі жетуі тиіс.
128. Егер жаңадан қосылатын жүктеменің шамалары электр желісінің
шектік шамаларының асуына әкеп соқпаса, электржелілік компания
стандарттық қағидаттар негізінде қажетті қосылым ұсынысын жасақтайды. Осы
Ұсынысты алған әлеуетті пайдаланушы өз есебіне ондағы барлық жұмыстарды
атқаруы тиіс.
129. Қосылымға өтінім.
Жаңа қосылым кезінде, жүйедегі қосылым нүктесін өзгерткен кезде
әрбір пайдаланушы тиісті электржелілік компанияға оған тұрпаты,
көлемдері, мерзімдері мен барлық басқа керекті деректер туралы ақпарат
беретін қосылымға ресми өтінімді тапсыруы тиіс. Бұл ақпарат электржелілік
компания электр желінің жабдығы қамтамасыз етуі тиіс өткізгіш қабілетін
қоса отырып, өтінімді бағалау үшін қажет. Бұл не трансформатор немесе
тікелей сол кернеу деңгейінде басқа электржелілік компанияға қосылуы
мүмкін электржелілік компанияға да, электр энергиясын тұтынушылар және
ЭӨҰ секілді қосылымның барлық өтінім иелеріне қолданылады. Мұндай
жағдаятта жалғанатын электржелілік компания пайдаланушы деп саналады.
130. Өтінімді берген кезде өтінуші (әлеуетті пайдаланушы) келесі
мәліметтерді табыс етеді:
1) электр желісінің қосылымы қақында энергожүйені дамыту жөніндегі
негізгі қағидаттарда көрсетілгендей жоспарлау бойынша деректер;
2) электр желісін дамыту жөніндегі негізгі қағидаттарда
көрсетілгендей техникалық деректер бойынша мәліметтер.
Электржелілік компания бұл деректерді құпия деп санағанына
қарамастан, олар егер осы өтінімді өңдеу үшін қажет болса басқа
электржелілік компаниялардың иелеріне және ТО-ға тапсырылуы мүмкін.
131. Егер қосылым өтінімінде көрсетілген құрылым не жіліктелген
техникалық ақпарат электржелілік компания тағайындаған талаптарға және
электр желіге кірігудің осы шараларына сәйкес келмесе, пайдаланушы мұны
электржелілік компанияға хабардар етуі керек.
132. Энергоөндіруші ұйым қосылымының техникалық-экономикалық
негіздемесі (Электр станса құрылысының ТЭН) "Электр қуатын беру тәсімі"
бөлімін кіргізуі тиіс. Бұл бөлім электр қуатын берудің алуан нұсқаларын
қарастыруы және электр жеткізу желілерінің саны мен электр стансасы
электржелілік компанияға жалғануы мүмкін кернеу деңгейін айқындауы қажет.
4 Параграф. Қосылымға ұсыныс. Желіні күшейту
талап етілмейтін қосылым
133. Қосылымға берілген өтінімге жауап ретінде электржелілік компания айрықшамалармен (Техникалық шарттармен) бірге қосылымға ұсыныстарды әзірлеуді бастауы және бастапқы өтінім алғаннан кейін төрт айдан кешіктірмей дайын Ұсынысты беруі тиіс, егер өтінуші объектісі электржелілік компанияның желісінде қайсыбір жетілдірулер мен күшейтулерді талап етпесе.
134. Өтінімді алғанда электржелілік компания қосылымға және жоспарлау мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі туындаған заңнамаға байланысты өтінушіге барлық тәуекелдер мен міндеттемелер туралы ақпарат беру үшін тиісті күш салуы қажет.
135. Электржелілік компания барлық өтінушілерден міндетті ретпен техникалық қызметті және осы ұсыныс жөніндегі шығындарды бағалау үшін негізді қажет қосылым өтініміне байланысты кез келген қосымша ақпаратты тапсыруын талап ете алады.
136. Электр желі қызметтеуінің деңгейін және электр энергияның сапасын қолдау үшін электржелілік компания жағдаятқа байланысты басқа электржелілік компаниялармен және/немесе басқа желілердің пайдаланушыларымен кеңесуі тиіс. Мұнда ол сондай-ақ келесіні анықтауы керек:
1) қосылатын жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша мәліметтер көлемі;