63. Тарқатушы желі және тарқатушы желіге қосылған кез келген пайдаланушының жүйесі нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қорғаныш құралдарын ескеруі тиіс. Тарқатушы желіні қорғауға арналған стандарттар мен ережелер нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Тарқатушы желінің дамуын жоспарлау кезінде зақымдалмаған телімдердің жұмыс қабілетін бұзбай зақымдалған телімдердің талғаулы ажырауын қамтамасыз ететін реле қорғанышы ескерілуі және таңдалуы қажет. Төмен кернеулі таратушы құрылғыны таңдау жабдықтың зақымдалуының алдын алу мақсатында ҚТ-н тез ажыратуды қамтамасыз ететін баптаумен бірге желілердің, трансформаторлардың нақтылы шамаларын ескере отырып негіздемелі жүргізілуі тиіс.
Тарқатушы желінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қорғаныш жүйелері, жегу мезгілдері, баланстың керек-жарақ шекарасындағы талғаулық пен сезгіштік қосуға сұраным берген кезде электржелілік компания мен пайдаланушы арасында келісіліп алуы керек. Барлық осы мәліметтерді пайдаланушының келісімімен электржелілік компания қайта қарауы мүмкін.
6кВ, 110кВ немесе 35кВ жүйелеріндегі ҚТ токтарын табыссыз үзген ажыратқышты немесе атқарымдары ажыратқышпен ұқсас басқа жабдықты сақтандыру үшін басқа ажыратқыш немесе ажыратқыштағы секілді атқарымдары бар басқа жабдықтың резервтік қорғанышы ескерілуі тиіс. Қосуға сұранымды қараған кезде электржелілік компания пайдаланушымен резервтік қорғаныш қажеттілігі туралы кеңеседі. Егер мұндай резервтік қорғанышты қамтамасыз ететін жабдық электржелілік компанияға тән болса, қорғаныш таратушы желі хақындағы міндетті талаптарды қанағаттандыруға керекті шектерге дейін шектеуі мүмкін.
Асқын кернеулерді қорғау ЭЖЖ-н және қосалқы станса жабдығын электр желісіне найзағайдың тура соққыларын, сонымен катар индуктелген найзағайлық асқын кернеулердің әсер ету мүмкіндігін ескере отырып, найзағай құбылыстарынан туындаған асқын кернеулерден қорғанышты ескеруі қажет.
Оқшауланған бейтараптамалы желіде доғаөшіргіш реакторларды қолдана отырып, сыйымдылықты токтарды қарымталау жолымен ішкі асқын кернеулерден қорғаныш, сондай-ақ резонансқа қарсы ТН (бейтараптамаларды) және оларды қосу тәсімдерін қолдану ескерілуі тиіс.
64. Электржеткізудің әуелік желілері бойынша жиілік спектрін таңдау және оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен келістіру ТО-ға жүктеледі. Осы желілер бойынша ЖЖ байланысының жабдығын қолданатын, меншік нысанына тәуелсіз тұтынушылар ТО-ға қолданылатын жабдықтың үлгілерін және жиіліктер атауларын нақты объектілерге таңа отырып көрсетумен осы желілер бойынша барлық байланыс ЖЖ арналарының егжей-тегжейлі тәсімін ұсынуы керек.
Сигналдарды жеткізу жүйелерінің басқа үлгілерін пайдаланушы тарқатушы желіде тек электржелілік компаниямен келісілгеннен кейін ғана қолдануы мүмкін.
8 Параграф. Тарқатушы желісін дамыту жоспары
65. Жыл сайын электржелілік компания жүйедегі желі тәсімін жіліктей отырып, үш жылдық күшке ие таратушы желіні дамыту жоспарын (ТЖДЖ) жасақтайды.
66. Әрбір электржелілік компания осы электржелілік компанияның қамту аясындағы барлық электржелілік компанияларды ескере отырып тәсім жасауы тиіс.
67. ТЖДЖ келесі тұтқалы тұстарды ұстанады:
1) таратушы желінің кескінін, шамаларын және құрылыс кезегін таңдау; 2) сыйымдылықты токтар мен реактивтік қуатты қарымталау, кернеуді реттеу құралдарын таңдау, тарқатушы желідегі электр энергиясы ысыраптарын азайту, оның шамаларын негіздеу;
3) келесі сәттерді қамтамасыз ете отырып, қажетті күрделі құрылыс жұмсалымдарын бағдарлық бағалау:
таратушы желінің тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету;
таратушы жүйе жұмысының ең жоғарғы үнемділігін қамтамасыз ету.
68. ТЖДЖ келесі жәйттерді ескереді:
1) жүйедегі тарқатушы желіні оның топологиясы, жүктемесі, кернеуді реттеу, шектеулер тұрғысынан талдау;
2) жекелеген қосалқы стансалар мен энерготораптар бойынша активтік қуатты анықтау;
3) жаңа тарқатушы желінің жүктемелерін айқындау;
4) тарқатушы желінің қуат ағындарын есептеу және осы есептеу негізінде даму жөніндегі ұсыныстарды негіздеу;
5) реактивті қуат балансын жасау және желідегі кернеуді реттеу шарттарын табу, қарымталау құрылғыларын жайғастыру орындарын, олардың тұрпаты мен қуатын негіздеу;
6) жобаланатын таратушы желінің қысқа тұйықталу қуаттарын есептеу және коммутациялық аппаратураның ажыратқыш қабілетіне талаптарды белгілеу, қысқа тұйықталу қуатын шектеу жөніндегі ұсыныстарды жасақтау;
7) сыйымдылықты токтарды қарымталау үшін доғаөшіргіш реакторлардың санын, қуатын және орнатылатын орнын таңдау мен негіздеу.
69. Электржелілік компаниямен келісілуге жататын кәдімгі пішімдегі ТЖДЖ жасалуы тиіс. Қазан айының аяғында электржелілік компания жыл сайынғы ТЖДЖ-н шығаруы тиіс. Сонан соң ТЖДЖ қарашаның аяқ кезінде ТО, НО, барлық басқа электржелілік компаниялар және өз таратушы желісінің барлық басқа пайдаланушылар үшін шығарылады.
70. Егер пайдаланушы не басқа электржелілік компания электржелілік компаниядан қосымша ақпаратты сұратса, соңғысы талап бойынша керекті қосымша ақпаратты жіліктей отырып құжатты дайындауы тиіс. Бұл құжат тізбектердің қуаттары бойынша, қуаттардың болжамдық ағындары бойынша және таратушы желінің жекелеген бөлігінде не бөліктеріндегі жүктемелер бойынша ағымдық пен одан арғы мәліметтерді жіліктейді. Сонымен бірге, құжатта қосымша ақпараттың сауал-талапқа тұспа-тұс келетін тарқатушы желінің әрбір буыны бойынша ҚТ токтарының деңгейлері көрсетілуі тиіс. Электржелілік компания осындай құжатты сауал-талапты беру датасынан бір ай ішінде беруі тиіс және пайдаланушының келісімімен мұндай құжатты әзірлеуге байланысты шығындарды төлеуі керек.
71. Электржелілік компания электр энергиясын жеткізу мен тарқату бойынша лицензияда ескерілген қызметіне қатысты не осы Ережелердің қағидаттарына сәйкес тек өзіне қажетті ақпаратты талап ете алады.
9 Параграф. Жоспарлау жөніндегі мәліметтерге талаптар
72. Жеткізу мен тарқату бойынша өз міндеттерін атқару үшін электржелілік компания барлық тарқатушы желі пайдаланушыларынан ақпаратты және мәліметтерді талап етуге, сондай-ақ таратушы желі пайдаланушыларына ақпарат береді. 74-95-тармақтар осы талаптарды жіліктейді.
73. ТЖДЖ-н дайындау мүмкіндігін жасау үшін осы тарауда келтірілген мәліметтерде әрбір пайдаланушы электржелілік компания үшін ұсынуы тиіс. Бұл мәліметтер әрбір жылдың мұғдарлы аптасының ішінде ұсынылуы керек және де жоғарыда көрсетілген алдағы үш жылдың әр жылын қамтуы қажет. Егер бір мәлімет жиынтығын беру уақытынан екінші мәлімет жиынтығын беру уақтысына дейін ұсынылған мәліметтерде ешқандай өзгерістер болмаса, бір мәліметтерді қайталап берудің орнына пайдаланушы бұдан алдыңғы мәлімет беру уақытынан оларда ешқандай өзгеріс болмағанын көрсететін жазбаша куәлікті ұсына алады.
74. Тарқатушы желінің пайдаланушылары электржелілік компания электр энергиясын сенімді де кідіріссіз жеткізу және тарқату бойынша жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болуы үшін электржелілік компаниядан мәліметтерге/ақпаратқа сұрау мезгіл сайын келіп түскен кезде жеткілікті, қол жететіндей негіздемелі осындай мәліметтерді/ақпаратты ұсынады. Осы Ережелерге сай жүктемеге болжам беру талап етілетін пайдаланушылар үшін электржелілік компанияға жыл сайын ұсынуды даярлау жөніндегі талап енгізіледі. Бұл ұсыныс өзіне кейінгі кемінде екі жылды жабатын даму жоспарын кіргізуі тиіс және онда пайдаланушы бес жыл алдыға жоспарлау жөніндегі мәліметтерді не ақпаратты келтіреді. Қажет кезде сондай-ақ ең жоғарғы жүктемені арттыруды кіргізетін мәліметтер не ақпарат, электр энергиясын жеткізу жөніндегі талаптар яки генераторлардың қуаты бойынша мәліметтер тапсырылады.
75. Жоспарлау мәліметтерін мезгіл сайын жаңартуларға қосымша ретінде пайдаланушы электржелілік компанияға өз даму жоспарын дайындау мүмкіндігін беру, бюджетті жүйенің кез келген қажетті модификациялары үшін есептеу және жоғарыда көрсетілген модификацияларды ендіру үшін оның жүйесіндегі не жұмыс түзіміндегі кез келген елеулі өзгеріс туралы пара-пар ескерту беруі тиіс. Мұндай ақпарат қажеттік бойынша ең жоғарғы жүктемені арттыруды не азайтуды, электр энергиясын жеткізу жөніндегі талаптарды немесе генераторлардың қуаты бойынша мәліметтерді кіргізеді. Пайдаланушы жүйесінде не оның жұмыс түзімінде жоспарланбаған өзгерістер кезінде электржелілік компания осындай өзгерістердің мүмкінділі салдарларын барлық қажетті ескертпелі елеу шараларын қамтамасыз ету үшін пайдаланушы бұл туралы электржелілік компанияға жедел хабарлағаны жөн .
76. Электржелілік компания (диспетчерлік қызмет) ең жоғарғы және ең төменгі жүктемелер сағаттарында тұтынушыға берілетін оңтайлы реактивті қуатты және оның желісіндегі қарымталау құрылғыларының қажетті қуатын есептеуді атқаруы тиіс. Электржелілік компаниялар мен тұтынушылар желілерінде орнатылған оңтайлы қарымталаушы қуаттар өзара байланыста болуы керек. Есептік мәндер сондай-ақ жаңадан жалғанатын тұтынушылар үшін техникалық шарттарды беру кезінде және тұтынушыларда реактивті қуатты қарымталауды жобалау кезінде қолданылады. Оңтайлы реактивті қуатты есептеу нәтижелерін электржелілік компания жобалау ұйымдары мен тұтынушылардың қаперіне алдыруы тиіс.
Тұтынушылар электржелілік компанияға (оның диспетчерлік қызметіне) жылына бір рет келесі ақпаратты тапсырады:
1) бір қыс пен бір жаз айы үшін активтік және реактивтік электр энергиясын тұтыну;
2) жекелей 6-10 кВ және 0,38 кВ кернеулері бойынша конденсаторлық қондырғыларды, соның ішінде реттелетіндердің жиынтық қуаты;
3) резервтердегілерді есепке алмағандағы 6-10 кВ-тық синхрондық қозғалтқыштардың барлық қуаты;
4) синхрондық қозғалтқыштардың саны;
5) Ең жоғарғы және ең төменгі жүктемелер сағаттарындағы синхрондық қозғалтқыштардың жиынтық иелікті реактивті қуат;
6) ең жоғарғы және ең төменгі жүктемелер сағаттарындағы синхрондық қозғалтқыштардың нақты қолданатын реактивті қуат.
77. Пайдаланушы тарқатушы желімен тікелей не жанамалай байланысты реактивтік қарымталаудың кез келген шамасына салыстырмалы мынаны қоса отырып электржелілік компанияны ақпаратпен қамтамасыз етуі тиіс:
1) МВАр, жабдықты сыйымдылықпен немесе индуктивтікпен бағалау және өзгертулер кезіндегі жедел аралық;
2) анықталуы мүмкін операциялық сипаттамалардың кез келген автоматтық басқаруларының детальдары;
3) тарқатушы желілерге жалғану нүктесі.
78. Тұтынушы электржелілік компанияның талабы бойынша оны тарқатушы желіге жалғау тұсындағы атаулы шамалар кезінде реактивті өткізгіштік туралы мәліметтер тапсыруы тиіс.
79. Пайдаланушылар шектесуші не біріктірілген электржелілік компаниялар электржелілік компанияларға олардың таратушы желілері және тізбек шамалары секілді қағидаларды қамтитын егжей-тегжейлі мәліметтерді талап ететін жоғарыда аталған электржелілік компанияның желілері арасындағы жалғанымдар бойынша жан-жақты мәліметтерді, тарқатушы желіге тура жалғанған немесе оның атқарымына әсер ететін таратушы құрылғылар мен жабдықтың қорғаныш тәсімдері бойынша мәліметтерді тапсырады. Бұл мәліметтер электржелілік компанияға осы жалғаным нүктелерімен байланысты барлық мәселелерді бағалауға мүмкіндік жасайды. Мұнда ақпарат алмасу үдерістері өзара негіздеумен өтеді.
80. Толық жүйелік лақтырымнан кейінгі іске қосу мүмкіндігі туралы. Тарқатушы желіге жалғанған генераторлы әрбір ЭӨҰ олардың генераторлары (ЭӨҰ генераторлары) іске қосыла не энергожабдықтың сыртқы көздеріне жалғанбай атқарымдана алатындығын электржелілік компанияға және/немесе ТО-ға хабарлауы тиіс. Олардың генераторларының осындай сыртқы көздерінен/көздерінсіз жұмыс істеу қабілетіне байланысты кез келген өзгерістер туралы хабарлау керек.
81. Электржелілік компания және пайдаланушы таратушы желіге жалғаным нүктесіндегі ҚТ-ды қоректендіру деңгейлері туралы ақпаратпен мына нысанда алмасуы тиіс:
1) ең жоғарғы және ең төменгі үшфазалы симметриялы ҚТ мен фазасы жерленген ҚТ-ды қоректендіру;
2) ҚТ кезіндегі тізбектің активтік және реактивтік кедергілерінің ара қатынасы;
3) өзара байланысқан жүйелер үшін баламалы желілік ақпарат.
82. Желінің зақымданған телімдерін қоректендіретін және ҚТ-ды ажырату тұсында ҚТ мәні мен таратушы құрылғының жұмысына елеулі әсері бар, тарқатушы желіге жалғанған жоғары қуатты синхрондық және асинхрондық генераторлар бойынша пайдаланушы электржелілік компанияға ақпарат тапсырады.
83. Пайдаланушыларды тарқатушы желіге қосу үшін электржелілік компания мен тұтынушы арасында қосу кезінде кедергі туралы ақпарат алмасуды жүргізу қажет. Бұл ақпарат қосарлас пайдаланушының не тарқатушы желінің баламалы бірліктік толық кедергісін (активті кедергі, реактивті кедергі, шунттық реактивтік өткізгіштігі) кіргізуі тиіс.
84. Баламалы электржелілік компаниялардан не пайдаланушылардың энергожабдықтау нүктелерінен осындай жүктеме алынатын жерде жүктеме бойынша өткізу қабілеті туралы ақпарат алмасу жүргізілуі тиіс. Ол энергожабдықтаудың әрбір нүктесінен жеткізілімденетін жүктеме үлесін және жоспарлы/апаттық жағдайларда жеткізу кезіндегі түзімдерді (қолымен не автоматтық) кіргізеді.
85. 6-дан 10 кВ-ке дейін кернеудегі таратушы желілер ішкі асқын кернеуден қорғанышқа ие болуға тиіс.
Тарқатушы желіге қосылған Пайдаланушылар шиналарына қажет жерде өтпелі асқын кернеудің салдарларын бағалауды жүргізу үшін пайдаланушының/электржелілік компанияның мүліктік керек-жарақ шекараларының хақысында жеткілікті ақпаратпен алмасу керек болуы мүмкін.
Бұл ақпарат физикалық және электр тәсімдеріне, қорғаныштың шамаларына, айрықшамалары мен бөлшектеріне жатқызыла алады.
Кейбір жағдайларда электржелілік компанияның негізділік сауалы бойынша берілетін бұдан да гөрі жіліктелінген ақпарат қажет болуы мүмкін.
86. Электржелілік компания пайдаланушыдан 86-87 тармақтарына сәйкес қайсыбір ақпаратты не мәліметтерді алатын жерде немесе электржелілік компанияның заңды қорытындысы бойынша пайдаланушылардың кез келгенінің жүйесіне тиетін кездерде электржелілік компания таратушы желінің модификациясын жүргізуді ұсынған жерде ол осы ұсыныстар туралы хабардар етеді.
10 Параграф. Пайдаланушыларға ұсынылатын
мәліметтерге техникалық талаптар
87. Осы тармақ тарқатушы желі мен пайдаланушы арасындағы мүліктік керек-жарақ шекараларын белгілеу үшін қажетті ақпаратты айқындайды және ол кернеудің барлық деңгейлерінде қолданылады. Ол қосу не қосу модификациясы туралы өтініш жасаған кездегі немесе электржелілік компаниядан ақпарат беру талап етілген кездегі таратушы желі пайдаланушыларының беруге тиісті мәліметтері бойынша талаптарды жіліктеп сыйпаттайды. Ол энергия өндірмейтін және 100 Ампер және одан төменгі балқымалы сақтандырғыштармен қорғалған төменгівольтты жағына қосылған пайдаланушыларды елемейді.
88. Төменгі кернеу кезінде жүктемені қосу.
Төменгі кернеу кезінде жабдықтау үшін келесі шектеулі мәліметтер талап етіледі:
1) ең жоғарғы қуат (кВА не кВт) бойынша талаптар;
2) жабдықтың үлгісі және электр жүктемесі;
3) қосу датасы.
Кейбір жағдайларда электржелілік компания бұдан гөрі жіліктелген ақпаратты талап ете алады.
89. 88-тармақта сыйпатталғандардан басқа жүктеменің барлық үлгілері бойынша:
1) ең жоғарғы активтік қуат бойынша талаптар;
2) ең жоғарғы және ең төменгі реактивтік қуат бойынша талаптар, жүктеме мен реттеу тетіктерінің үлгісі, мәселен, реттелімді түзеткіш не ірі электр жетектері, қолданылатын оталдырғыш үлгісі;
3) ең жоғарғы жүктеме кезіндегі әрбір фаза бойынша ең жоғарғы жүктеме;
4) тарқатушы желі қолданатын ең жоғарғы гармоникалық токтар.
90. Циклдік тербелістер туралы және активті қуаттың (егер де керек болса реактивті қуаттың) жұмыс циклі туралы жан-жақты мәліметтер, соның ішінде:
1) азаюы мен көбеюін кіргізе отырып, активті және реактивті қуаттың өзгеріс жылдамдығы;
2) активті және реактивті қуат тербелістері арасындағы ең төменгі қайталанатын аралық;
3) азаюы мен кебеюін кіргізе отырып, активті және реактивті қуаттың ең үлкен өзгеріс қадамының шамасы.
Кейбір кезде пайдаланушы жүктемесінің таратушы желіге әсерін толық бағалау үшін бұдан гөрі жан-жақты ақпарат талап етіледі. Мұндай ақпарат өзіне жүктемені құру үлгісін және жегімге енгізудің ұсынылған бағдарламасын кіргізе алады. Егер қажет болса, электржелілік компания мұндай ақпаратты бөлек сұратады. Электржелілік компания осы Ережелерге сәйкес пайдаланушы ақпаратын тек өзінің тарқатушы желі хақысындағы міндеттемелерін орындау мақсатында қолдану құқысына ие.
91. Тарқатушы желіге қосылған генераторлар үш негізгі сыныпқа бөлінеді, сол бойынша электржелілік компанияның электр энергиясын өндіруші қосылуға өтіну не басқа шара кезінде электржелілік компанияның қалай айқындағанына байланысты ақпараттың келесі минимумын береді:
1) осы Ережелерге сәйкес болу үшін ең төменгі талап ретінде өндірісі 1 МВт-тан аспайтын 400 В-тан кем кернеуге қосылған өндіруші қондырғылар;
2) 110 кВ кернеуге жалғанған өндіруші қондырғылар 92-95-ға дейінгі тармақтар талаптарына сәйкес келеді;
3) тарқатушы желіге қосылған өндіруші қондырғылар 33-55 тармақтардың талаптарына сәйкес.
11 Параграф. Тарқатушы желіге қосылған барлық
өндіргіштердің беретін ақпараты
92. 91 (1)-тармағына сәйкес алынғандардан басқа барлық ЭЖҰ бойынша электржелілік компания үшін олардың генераторлары және генераторлар мен тарқатушы желі арасындағы ұсынылған өзара іс-қимыл тетігі жөніндегі ақпарат тапсыру қажет.
Электржелілік компания кез келген ЭӨҰ-дан тарқатушы желіге жалғаным туралы шарт жасасқанға дейін келесі ақпаратты сұрата алады:
1) Генератор мәліметтері:
қыспақтардағы кернеу (кВ);
МВА/кВА-ның тиісті мәндері;
МВт/кВт-тың есептік мәндері;
ең жоғарғы тапсырылған активті қуат;
егер олар бар болса реактивтік қуатқа талаптар (Мvаr/кvаr);
генератор тұрпаты-синхрондық, асинхрондық және т.б.;
бастапқы қозғалтқыш үлгісі;
кернеуді реттеу әдісі;
2) Электр энергиясы өндірісінің күтпеген жегімдік түзімі, мәселен, тұрақты, үзікті, шыңдама жүктемелерін тегістеу;
3) ҚТ қоректенуі деңгейінің мәліметтері;
4) Қажет жердегі генератор трансформаторының детальдары;
5) Қосымша энергожабдықтауға және/не резервтік энергожабдықтауға талаптар.
93. Интерфейстер құрылғысы туралы келесілер беріледі:
1) электржелілік компания мен пайдаланушы арасындағы синхрондау /үндестік/ құралдары;
2) тарқатушы желімен тікелей байланысқан ЭЖҰ бөліктерінің жерлендіру тетіктерінің бөлшектері;
3) қолданылатын қосу және ажырату құралдары;
4) егер аса жоғары кернеу кезінде жегімделген ЭЖҰ жүйесінің қайсыбір бейтараптама жерге ұштау нүктесі жерге ұшталудан ажыраса, қауіпсіздік шарттарының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қабылдауға қажетті абайлау шаралары.
94. Қуатқа және резервтер талаптарына қатысты келесі ақпарат керек болады:
1) әрбір генератор және электр стансасы бойынша тіркелген қуат пен ең төменгі өндіру, МВт;
2) генератор және электр стансасының ең төменгі өндіру жағдайында өзіндік (қосалқы) жүктеме (активтік және реактивтік қуат), МВт/Мvаr. Өз электр энергиясын өндіретін қуат тұтынушылары үшін ол қосымша және резервтік энергожабдықтау бойынша талаптарды кіргізуі тиіс.
95. Кейде генератордың немесе тарқатушы желіге қосу нүктесінің үлгісі және мөлшеріне сәйкес 110-тармаққа сай шама-шарқынша жіліктелген ақпаратты ұсыну қажет болуы мүмкін. Бұл ақпаратты энергияөндіруші ұйым (ЭЖО) электржелілік компанияның негіздемелік сұратуы бойынша беріледі. Осы тармақта белгіленген ақпарат әдетте генератордың тарқатушы желіге жалғанымы туралы шарт жасасуына дейінгі оның қуаты 1 МВт-тан асқан жерде талап етіледі. Келесі қажетті ақпарат болып табылады:
1) генератор туралы ақпарат (атаулар бойынша ри кедергісі);
2) генератордың өнімділік кестесі, Мегаватт/Мvаr (төменгі кернеулі терминалдар да), қоздыру жүйесінің үлгісі;
3) инерциялық константа, МВт сек/Мегавольт-ампер (барлық машина);
4) статор тізбегіндегі кедергі реттегіші;
5) көлденең ось бойынша реактивті аса өтпелі/өтпелі/ үндескен кедергі;
6) уақыт константалары;
7) тура дәйектіліктегі кедергі/реактивті кедергі;
8) кері дәйектіліктегі кедергі/реактивті кедергі;
9) генератор трансформаторының кедергісі, реактивті кедергі, Мегавольт-ампердің атаулы мәні, аралық шықпалар құрылғысы, векторлық топтық жерге ұштау;
10) ЖАР үлгісінің блок-тәсімі, оған күшейту коэффициенті, тура бағыттағы және кері байланыс коэффициенттері бойынша мәліметтер, уақыт константалары және кернеуді реттеу шектері кіреді;
11) жылдамдық реттегіші және бастапқы қозғалтқыш туралы мәліметтер - шар реттегішінің, егер болса - турбинаның атаулы сипаттамаларымен және ең жоғарғы өнімділігімен бірге турбинаның жүйелік реттелуі мен уақыт константаларының жан-жақты сыйпаттамасымен өндіруші қондырғының реттегіш үлгісінің блок-тәсімі.