45. Энергияны тұтыну туралы жалпы мәліметтер.
ТО келесі сипаттағы ақпаратты сұратуға құқылы:
1) сипаттамасы жүктемелердің стандарттық үлгілерінен елеулі ерекшеленетін әрбір жеке-дара жүктеме туралы егжей-тегжейлі мәліметтер;
2) энерготұтынудың (активтік және реактивтік қуаттың) шыңдамалық жүктемеде электр желісіндегі кернеу мен жиілік өзгерісіне тәуелділігі;
3) пайдаланушының жүктемесі желіске енгізген, фазалар бойынша кернеулердің орташа және максимальдық симметриясыздығы;
4) пайдаланушының жүктемесі желіске енгізген гармониктердің максималды мазмұны;
5) жалғаным нүктелерінде 1 Мегаваттан (МВт) астам энерготұтынуда өзгерістер туындататын барлық жүктемелер туралы жан-жақты мәліметтер.
46. Әрбір ЭЖҰ жыл сайын ТО-ға әрбір жекелеген электр стансасы бойынша келесі ағымдық және болжамдық мәліметтер береді:
1) өндіруші жабдық мөлшері мен жабдық үлгісі;
2) атаулы (белгіленген) қуат, мегаватт;
3) қыспақтардағы атаулы кернеу (кВ);
4) атаулы қуат коэффициенті;
5) жыл айлары бойынша иелік қуат;
6) өндіруші жабдықтың технологиялық минимумы, мегаватт;
7) өндіруші жабдықтың технологиялық максимумы, мегаватт;
8) энергоқондырғының статор қыспақтарындағы генератордың жұмыс тәсімі;
9) әрбір электр стансасындағы көзделген жұмыс түзімі (базалық, орташа не шындық жүктеме немесе резервтік қондырғы) және энергоқондырғы үлгісі, атап айтқанда бу, газ, гидро турбинасы және т.б.;
10) электр желісіне тікелей жалғанған жекелеген энергоқондырғылар үшін активтік қуатты өндірудің болжамдық кестесі. Әрбір жалғаным, жұмыс күні ішіндегі энергияны қалыпты тұтыну нүктесінде, сондай-ақ жылдың әрбір айы үшін жалғаным нүктесінде шыңдамалық күндер үшін максималды және минималды энерготұтыну туралы мәліметтерді беру қажет;
11) энергоқондырғының сыртқы қоректендіру көзіне жалғанбай жұмыс істеу мүмкіндігі туралы егжей-тегжейлі ақпарат, сондай-ақ осы мүмкіндіктің кез келген өзгерістері туралы ақпарат.
47. Әрбір өндіруші бойынша келесі мәліметтерді беру қажет:
1) әрбір генератордың атаулы қуаты, МVаr және мегаватт, бойлық ось бойынша ауыспалы кедергі, қысқа тұйықтамалы ротор, тұрақты инерция;
2) арттырушы трансформатордың атаулы қуаты, МВА (мегавольт-ампер) және тікелей дәйектемедегі реактивтік кедергі (макс/мин тармақтанудағы);
3) қоздырғыштың (айналмалы не тұрақты) үлгісі және санаты туралы жан-жақты мәліметтер.
48. Электр желісіне жалғаным нүктесі арқылы тікелей жалғанатын әрбір пайдаланушы жыл сайын ТО-ға жалғаным телімінде өз жүйесі туралы келесі мәліметтерді беруге міндетті:
1) пайдаланушы жүйесінің жайғастыру тәсімі, бірсызықтық тәсім, оған мыналар кіреді:
шиналардың орналасуы;
электр тәсімінің құрастырмасы (әуелік ЭЖЖ, жерасты кабелі, трансформаторлар және т.б.);
фазалар тәсімі;
жерлендіру тәсімі;
ауыстырып қосқыш құрылғылар;
жұмыс кернеуі;
құрылғылардың нөмірлері және номенклатура;
2) әрбір пайдаланушы өзінің бастапқы кернеу жүйесінің қалыпты жиілік кезіндегі баламалы ортақ өткізгіштігі туралы мәліметтерді табыс етеді.
Бұған әдетте бөлек жұмыс істемейтін кабельдерге жалғанған шунттық реакторлар кіреді;
3) реактивті қуатты қарымталау қондырғылары:
Қарымта үлгісі (тіркелген не айнымалы);
Сыйымдылы және/немесе индуктивтік атаулы мән не жұмыс түзімі, Мvаr;
Жұмыс сипаттамаларын анықтау үшін кез келген автоматтандырылған басқарым туралы егжей-тегжейлі ақпарат;
Пайдаланушы жүйесіне жалғану нүктесі - электрлік жайғасу және желілік кернеу;
4) Электр желісіне қысқа тұйықталым (ҚТ) токтарының әсері;
Зақымдану кезінде симметриялық үшфазалық қысқа тұйықталым (ҚТ) тогымен қоректендіру;
Зақымданудың асқан ауыспалы тогының елеулі нашарлауынан соңғы симметриялық үшфазалық ҚТ тогы;
Жалғаным нүктесіндегі жоғарыда көрсетілген барынша көп қоректендіруді ескере отырып, пайдаланушы жүйесіндегі қорек көзінің нөлдік дәйектілікті ішкі кедергі мәндері;
ҚТ токтарының ең жоғары мәндері есептелген, ҚТ туындағанға дейінгі кернеу мәні;
Кері дәйектіліктегі кедергі мен жалғаным нүктесінің пайдаланушы жүйесіндегі кедергі мәні.
Тарқатушы құрылғылар туралы мәліметтер
49. Тарқатушы құрылғылар туралы мәліметтер алу үшін жалғаным нүктелерімен байланысты, электр стансаларындағы таратушы құрылғыларды кіргізе отырып, барлық тәсімдердегі (автоматтық ажыратқыштар, айырғыштар мен өшіру құрылғылары) келесі ақпаратты беру қажет:
1) атаулы кернеу;
2) жұмыс кернеуі;
3) атаулы ажыратқыш 3 фазалы ҚТ тогы (кА);
4) атаулы ажыратқыш 1 фазалы ҚТ тогы (кА);
5) атаулы ажыратқыш 3 фазалы жүктеме тогы (кА);
6) атаулы ажыратқыш 1 фазалы жүктеме тогы (кА);
7) атаулы ажыратқыш 3 фазалы қосу тогы (кА);
8) атаулы ажыратқыш 1 фазалы қосу тогы (кА).
3 Параграф. Егжей-тегжейлі жоспарлық мәліметтер
50. Желінің барлық пайдаланушыларынан келесі мәліметтер берілуі тиіс:
1) бірсызықты тәсім (берілген пішімге сәйкес жалғанымдарды көрсете отырып);
2) жалғанымдардың атаулы шамалары;
3) жалғаным нүктесі және кернеу;
4) энерготұтыну (активтік және реактивтік қуат) мен активтік энергия кестелері;
5) өндіріс кестелері;
6) гармоника мазмұны;
7) энерготұтыну/тербеліс сезгіштігі;
8) энерготұтынуды басқару жөніндегі мәліметтер;
9) тұтынатын қуатты жеткізу мүмкіндіктері;
10) жалғаным орны (жалпы реактивтік қуат/КГ тогымен қоректендіру);
11) реактивтік қарымта құрылғылары;
12) қорғаныс туралы мәліметтер;
13) жабдық жөніндегі техникалық мәліметтер (52-тармақтың 10-тармақшасында көрсетілген);
14) алыс бекеттерден түсетін мәліметтер және мәліметтерді жеткізу талаптары (52-тармақтың 10-тармақшасына сәйкес);
15) өтпелі түзімдегі асқынкернеу туралы мәліметтер.
4 Параграф. Энергоқондырғылар туралы мәліметтер
51. Электр энергиясын өзіндік және шаруашылық мұқтаждарына тұтыну шамасы.
Трансформаторы бар әрбір қондырғы бойынша энергоқондырғының қалыпты шығуында оның мегаваттпен (МВт) тұтынатын қуаты туралы ақпаратты беру қажет.
Егер электр стансасы іске қосу трансформаторы (электр стансаның өзіндік мұқтаждар трансформаторы) арқылы электр желісінен тұтынатын энергоқондырғының тұтынуына қосымша электр энергиясын тұтынуға ие болса, электр энергиясын өндіруші электр стансасындағы әрбір осындай трансформатор бойынша болжамдар береді:
1) барынша энерготұтыну, ол өндіргіштің пікірінше электр желісінің ТО-на елеулі әсер етуі мүмкін;
2) электр желісіндегі шыңдамалық тұтыну кезіндегі энерготұтыну;
3) электр желісіндегі ең төменгі тұтыну кезіндегі энерготұтыну.
52. Синхрондық машиналар мен басқару жүйелері туралы мәліметтер алу үшін энергоқондырғылар мен электр стансалар туралы келесі деректерді беру қажет:
1) электр стансалар туралы техникалық мәліметтер:
жалғану нүктелерінен электр желісіне дейін (мәтіндік ақпарат, тәсімдер);
жалғаным нүктесіндегі атаулы кернеу - кВ;
электр стансаның жалпы қондырылған қуаты - мегаватт (МВт);
Ең ірі өзара байланыстық істен шығу.
Жалғаным нүктесінде:
ҚТ үшфазалы тогының ең жоғары қоректендіру есебі - кА (симметриялы, асимметриялы);
Нөлдік дәйектіліктің ең төменгі толық кедергісі - 100 МВА-ның базасынан %; кері дәйектіліктің ең төменгі толық кедергісі - 100 МВА-ның базасынан %;
2) әрбір энергоқондырғы бойынша мәліметтер. Әрбір энергоқондырғы туралы келесі мәліметтерді беру қажет:
қондырылған қуат;
қуаттың атаулы мәні - МВА;
қуаттың атаулы мәні - мегаватт;
Қыспақтардағы атаулы кернеу;
Қосымша жүктеме - мегаватт;
Қалыпты реактивтік қуат - Мvаг;
Ең төменгі және ең жоғарғы өнімділік;
турбина - генератордың инерция тұрақтылығы, мегаватт/ МВА атаулы;
ҚТ токтарының еселігі;
статордың атаулы тогы;
Мва-ның және қуат коэффициентінің атаулы мәніндегі ротордың қалыпты тогы, қыспақтардағы қалыпты кернеу мен қалыпты жылдамдық;
жоғарыда көрсетілген ток өндірілетін ротор кернеуі;
қыспақтардағы атаулы кернеу мен атаулы жылдамдық кезінде ротордың жеделдету түзіміндегі кернеуі;
Статордың кедергісі;
Бойлық осі бойынша синхрондық реактивтік кедергі, өтпелі реактивтік кедергі және аса өтпелі реактивтік кедергі;
көлденең ось бойынша синхрондық реактивтік кедергі, өтпелі реактивтік кедергі және аса өтпелі реактивтік кедергі;
Статордың реактивтік жылыстау кедергісі; нөлдік дәйектегі реактивтік кедергі, кері дәйектегі реактивтік кедергі және Портье реактивтік кедергісі; ажыраған орам кезінде бойлық және көлденең осьтер бойынша өтпелі уақыт тұрақтылары;
ажыраған орам кезінде бойлық және көлденең осьтер бойынша аса өтпелі уақыт тұрақтылары;
демпфердің бойлық осі бойынша жылыстау уақыт тұрақтысы;
өндірістік қуат кестесі;
ажыраған контурдың және ҚТ-кестелер сипаттамасы;
қуаттың нөлдік коэффициент сызығы;
3) энергоқондырғылар мен электр стансалар трансформаторлары.
Энергокондырғылар мен электр стансалар трансформаторлары жөнінде келесі мәліметтерді беру қажет:
Орамдар саны;
әрбір орам үшін МВА-ның атаулы мәні;
тармақталудың негізгі атаулы кернеуі;
әрбір орам үшін тура, кері және нөлдік дәйектіліктің толық кедергісі;
жалғанған орамдар тобы;
жерге ұштау тәсімі;
Қанығу қисығы (магнитөткізгіш болаттың волътамперлік сипаттамасы);
Тармақталулардың ауыстырып қосқышы туралы;
Бұрулы орам - мәтіндік диаграмма;
Тармақталулардың ауыстырып қосу ауқымы, қадам мөлшері;
тармақталулардың ауыстырып қосқышының үлгісі;
тармақталу ауыстырып қосқышының цикл ұзақтығы;
4) энергоқондырғының реактивтік қуаты (жұмыс кестесі);
Энергоқондырғының реактивтік қуаты жөнінде келесі мәліметтерді
тапсыру қажет (жұмыс кестесі):
Реактивтік жүктеменің сипатын анықтайтын қуат коэффициенті;
Қуат коэффициенті, активтік қуаттың ең төменгі мәніндегі қысқа
уақыттық реактивтік қуаттың мәні;
Қуат коэффициенті, активтік қуаттың атаулы мәніндегі қысқа уақыттық реактивтік қуаттың мәні, қыспақтардағы кернеу мен жылдамдық;
5) қоздыру жүйесі туралы мәліметтер.
Келесі мәліметтерді тапсыру қажет:
қоздыруды басқару контурындағы тұрақты ток берілісінің коэффициенті; МВА-ның атаулы мәніндегі қоздырудың атаулы кернеуі, қуат
коэффициенті, қыспақтардағы атаулы кернеу және жылдамдық;
Қоздырудың ең жоғарғы кернеуі;
Қоздырудың ең төменгі кернеуі;
Қоздыру кернеуі өзгерісінің (артуы не кемуі) ең жоғарғы жылдамдығы;
Энергоқондырғы мен 50-120% қоздырғыштың (диаграмманың) қанығу
сипаттамасы;
Асқын қоздыру мен жетілмеген қоздыру шектемесінің динамикалық
сипаттамасы (блок-тәсімі);
6) энергоқондырғының жүктеме реттегіші.
Келесі мәліметтерді тапсыру қажет:
Ең жоғарғы, ең төменгі және атаулы - %;
Жиіліктердің ең жоғарғы, ең төменгі және атаулы ауқымы - Гц;
Мегаватт ауқымы;
өндіруді автоматтық басқару мүмкіндігі (АGС);
7) реттегіштің әсері және энергоқондырғының кері әсері.
Келесі мәліметтерді тапсыру қажет:
Жиіліктің өзгерісіне тұрақты әсер - мегаватт/Гц;
Жиіліктің өзгерісіне тұрақсыз әсер - мегаватт/Гц;
Реттегіштің уақыт тұрақтысы (секундпен);
Жүктеменің ең жоғарғы лақтырымы;
Жекелеген элементтердің атқарымдарын және өлшембірлік-тәсімін көрсете отырып, блок-тәсімдердегі реттеу жүйесі туралы егжей-тегжейлі ақпарат;
Құрамбөліктердің инерциясын, демпферлеу мен біліктердің қатаңдығын көрсете отырып, турбогенератордың жалпы түрдегі біліктер жүйесінің
динамикалық үлгісі;
Біліктердің айналдыру тербеліс үлгілерін өзіндік демпфирлеу (әрбір модель үлгісі үшін жиілік, логарифмдік декремент);
бу турбинасының әрбір жұмыс сатысында өндірілген қуат (жоғары, аралық және ең жоғарғы қуат бірлігіне төменгі қысым);
кезең мен аралық асқын қоздырудың уақыт тұрақтылары;
қазан мен тағайыншаманы реттеу шамалары;
"қазан - турбина" блогын автоматтық басқару жүйесінің жалпы
блок-тәсімі:
8) энергоқондырғының реле қорғанышының аспаптар тағайыншамаларының мәндері туралы мәліметтер.
Келесі қорғаныштың тағайыншамалары:
Қоздыру жоғалуы;
Асқын қоздыру /жетілмеген қоздыру/;
дифференциал;
фазалар кезектесуінің кері дәйектілігі;
9) басқарымдық мәліметтер.
Әрбір элементтің атқарымдары мен өлшем бірлікті көрсете отырып,
блок-тәсім түрінде қоздыру контуры туралы жан-жақты ақпарат.
Келесі басқару құралдары үшін тағайыншамалар:
асқын/жетілмеген қоздыру шектегіші;
статордың ток шектегіші (егер болса);
тыйымның қол шектегіші;
жүктеменің түсуін қарымталау/бөлу (егер болса);
кернеу/жиілік шектеуіш (егер болса);
10) жабдық жөніндегі техникалық мәліметтер.
Келесі мәліметтерді тапсыру қажет:
Оқшаулауды үйлестіру мәліметтері;
Найзағай соққылары кезінде серпіндік ұстамды кернеу - кВ;
өнеркәсіп жиілігіндегі қысқамерзімдік атаулы ұстамдылық кернеу - кВ; тізбектің ең жоғарғы тогы;
атаулы қысқамерзімді ұстамдылы;
ток қолданылатын қоршаған орта жағдайлары;
жерге ұштау әдісі және атаулы ток;
оқшаулықтың ластануы:
алыс бекеттерден келіп түскен мәліметтер және мәліметтер тапсыруға талаптар;
Өлшеуіш жабдық туралы деректер;
ТН мен ТТ коэффициенттері және тексеру сертификаты;
Желінің кескіні және бірсызықтық тәсімдер;
Қосылыс нүктелері үшін қорғаныш мәліметтері;
Барлық қорғаныш құралдарының электржеткізу желілеріндегі немесе кабельдердегі әрекет саласы - 100 МВа базасындағы %;
әрбір желідегі қорғаныш құралдарының саны;
жақын жердегі және алыстағы объектілерінде зақымдануды жоюдың жалпы уақыты;
желіні автоматтық қайталай қосу туралы жан-жақты мәліметтер;
трансформатор тармақталуларының барлық ауыстырып қосқыштары үшін уақыт ұстанымын орнықтыру;
реактивті қуатты қарымталау - тұрған жері, атаулы мәні, индуктивтігі,
кедергісі, барлық шунттаушы реакторлардың және/немесе конденсатор
батареяларының арнаулы реттеу және ауыстырып қосу құралдары туралы
мәліметтер.
5 Параграф. Желілік мәліметтер (ТО-дың пайдаланушыларға ұсынатын)
53. Пайдаланушылар өз электр желілерін үлгілеу үшін ТО пайдаланушыларға келесі ақпаратты береді:
1) зақымдану кезінде симметриялық үшфазалық ҚТ тогымен қоректендіру;
2) зақымданудың асқын өтпелі тогы елеулі нашарлағаннан соң симметриялық үшфазалық ҚТ тогымен қоректендіру;
3) Қоректендіру көзінің ішкі нөлдік кедергісі және жалғаным нүктесінде ең жоғарғы қоректендіруге сәйкес реактивтік кедергінің мәндері;
4) Зақымданудың ең жоғарғы тогын есептеу кезінде қолданылған зақымдануға дейінгі кернеу мәні;
5) Зақымдану кезіндегі тура дәйектілі х/г коэффициенті;
6) Кері дәйектілік кедергісі мен жалғаным нүктесіндегі электр желісінің реактивтік кедергісінің мәндері;
7) Нөлдік дәйектіліктегі тиісті толымды кедергінің мәндері;
8) Кернеуі 1150, 500 және 220 кВ электр желісі бөлігінде балама есептелетін болғандықтан, ТО трансформатор туралы тиісті мәліметтерді ұсынады.
6 Параграф. Объект туралы алдын ала мәліметтер
54. Әрбір өндіруші ТО-ға жаңа жалғанымға немесе істегі жалғанымның модификациясына сұраным берген кезінде сұраным бағасын жүргізу үшін келесі ақпаратты ұсынады.
55. Жалғанымға сұраным (энергоқондырғы туралы мәліметтер) мынаны мазмұндауы тиіс:
1) қондырғының атауы мен үлгісі;
2) телімнің жақсырақ орналасуы (баламалы нұсқалардың тізбесі);
3) барлық қондырғының қуатын ұйғарымды тапсыру (ең жоғарғы, және/не МВА);
4) күтілген өнімділік (айна мегаватт/сағ);
5) Қосалқы жүйенің күтпеген энерготұтынуы;
6) Қондырғының тұрпаты мен кескіні;
7) Кез келген ұйтқу жүктемесінің табиғаты;
8) Ұсынылған энергоқондырғының қолданатын технологиясы;
9) жегімге іске қосу датасы;
10) ең төменгі өндіру, мегаватт (МВт);
11) МВА-ның атаулы мәндері, мегаватт, бойлық осі бойынша өткіндік реактивті кедергі, қысқа тұйықталудың қатынасы энергоқондырғының инерция тұрақтылығы;
12) Арттырушы трансформатор МВА-ның атаулы мәні және тура дәйектіліктегі реактивті кедергі (тармақталудың мах/міп кезінде);
13) Қоздырушы үлгісі мен санаты туралы егжей-тегжейлі мәліметтер, мәселен, роторлық не тұрақты үлгідегі қоздырушы.
7 Параграф. Тарқатушы желіні жоспарлау
56. Тарқатушы желі нормативтік құжаттар белгілеген талаптарға сәйкес болуы қажет.
57. Электржелілік компания электржабдықтаудың тиімді, сенімді, үнемді, қауіпсіз және үйлесімді жүйесін дамытады және қолдайды.
58. Тарқатушы электр желілерінің дамытылуын жоспарлау үшін тиісті нормативтік материалдарды басшылыққа алған жөн.
Тарқатушы желі энергияны жеткізілімдеу сенімділігі жөніндегі санаттарға сәйкес тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Бірінші санат кезінде энергожабдықтау тек энергия көздерін ауыстыру жөніндегі операциялар кезінде үзілістермен екі тәуелсіз кездерден қамтамасыз етілуі тиіс. Үшінші көз кез келген арнаулы жүктеме топтары үшін ұсынылуы керек.
Екінші санат кезінде энергожабдықтау диспетчермен не телімдегі жегім командасымен энергия көздерін ауыстыру жөніндегі операцияларды атқару үшін қажетті үзілісті мезгілдердегі екі тәуелсіз кездерден қамтамасыз етуі тиіс.
Үшінші санат кезінде энергожабдықтау егер үзіліс жөндеу жұмыстарымен не ағымдық техникалық қызметтеумен туындағанда, энергожабдықтаудағы үзіліс мезгілі тек қана бір күнге тең деген шартпен бір көзден қамтамасыз етілуі тиіс.
59. Құру қағидалары, тарқатушы желілерде қолданылатын жабдық пен материалдар мемлекеттік стандарттарға, техникалық айрықшамаларға және басқа техникалық қағидаттарға сәйкес болуы тиіс. Осы тармақ атаулы тогы 100 ампер немесе одан кем кезінде сақтандырғыштармен және басқа құрылғылармен қорғалған бірфазалық не үшфазалық тізбекте қоректенетін, төменвольттық жағына қосылған пайдаланушылар (генераторлардан басқа) үшін құру қағидаларын баяндайды.
Кез келген электр қондырғысы осы ЭЖЕ-нің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Пайдаланушының талабы бойынша электржелілік компания желінің конструкциясы, құрылуы және басқа сипаттамалары бойынша бұл қаншалықты негіздемелі болатындай мыналарды кіргізген тиісті ақпаратпен қамтамасыз етеді:
төменвольттық тізбектер мен жүйелердегі ҚТ сипаттамалары бойынша анықтамалық;
қорғаныштың жерге ұштау жөніндегі конструкциялық мүмкіндіктері.
1) тарқатушы желінің тәсімі тұтынушылар жүктемелерінің, желі элементтерінің жоспарлық не апаттық ажыратулары нәтижесінде туындаған электр қуаты мен электр энергиясы таралуының алуан түзімдеріне бейімделген икемді болуы тиіс.
2) тарқатушы желі қысқа тұйықталу токтарының мақсаттылы деңгейін экономикалық және техникалық жағынан қамтамасыз етуі керек.
60. Тарқатушы желілерді жобалау және салу кезінде мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттар мен іс-қимылдағы құжаттарға сәйкес шығарылатын жабдықтың келешегі бар, ең жаңа түрлері қолданылуы тиіс. Техникалық ерекшемелер құрамына атаулы ток, кернеу, қысқа тұйықталу тогы, оқшаулықтың электр беріктілігі, коммутациялық қабілеті, қыздыру бойынша температуралық шектер, ауа райы жағдайлары жөніндегі талаптар, механикалық төзімділік пен сындарлы ерекшеліктер жөніндегі талаптар, сондай-ақ сапа жөніндегі талаптар кіреді.
Жабдықтың, ЭЖЖ-нің және кабельдердің айрықшамалары қауіпсіздікті басқару жүйесінің шеңберінде таратушы желінің жегу шамаларына сәйкес болуы тиіс, оның бөлшектері электржелілік компанияның талабы бойынша тапсырылады.
Жабдық жұмыс жиілігі кезінде, өзі ҚТ-ға бекемдік жөніндегі мүмкіндіктерді және қосылумен ажырату түзімдерін лайықша ескере отырып жалғанған таратушы желінің ҚТ-дың есептік кернеулері мен атаулары шегінде қолданылуы үшін сай болуы тиіс. Тиісті мән-жайларда электржелілік компания жалғаным жүргізілетін жүйе бойынша бүге-шігелік ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Жабдық, ЭЖЖ және жерасты кабельдері ойластырылған жегімдік шамаларды ескере отырып, тиісті стандарттардың, айрықшамалардың және басқа тиісті басылымдардың қызуы жөніндегі атаулы көрсеткіштері шегінде жегілуі қажет.
61. Энергоқондырғыларды жерге ұштау нормативтік құжаттарға сәйкес атқарылады.
Жүйені жерге ұштау контурларына қосу жөніндегі шаралар нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болатындай есеппен жобалануы тиіс.
Қауымдастырылған жабдық бойынша айрықшама жабдыққа жүктелген кернеулерге сәйкес болуы тиіс. Бірнеше жерге ұштау жүйелері жөніндегі талаптар нормативтік құжаттарда жіліктенеді.
62. Таратушы желінің көліктік электр желісінде жалғаным нүктелеріндегі электр энергиясының көрсеткіштері мен сапа нормалары нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуы тиіс. Кез келген кеңейтілу не таратушы желісіне жалғану таратушы желісінде қабылданған кернеу реттеліміне әсер етпейтіндей жоспарлануы керек. Кернеуді реттеу жөніндегі ақпаратты электржелілік компания пайдаланушының талабы бойынша беруі қажет.