2 Параграф. ЭЖЕ-нiң мақсаты мен мiндеттерi
2. Электржелiлiк ережелер электр желiсiнiң техникалық талаптары мен жұмыс шарттарын айқындайды, сондай-ақ оның әртүрлi қатысушылары арасында айқын да ашық қатынастарды белгiлейдi және келесi мәселелердi реттейдi:
1) электр желiлерi мен тұтастай Қазақстан БЭЖ-нiң дамуын жоспарлау;
2) электр желiлерiне тең құқықпен кiрiгу шарттары;
3) Қазақстан БЭЖ-нiң жұмысын басқару;
4) электр энергиясының коммерциялық есепке алынуын ұйымдастыру;
5) тарқату желiсiнiң қызмет көрсетулерi;
6) кестелердi жасау және Қазақстан БЭЖ-нiң жұмыс сенiмдiлiгiн бағалау;
7) Қазақстан БЭЖ-нiң теңдесуiн қоса жүйелiк басқару және диспетчерлеу қызмет көрсетулерi.
3. Электржелiлiк Ережелер электр желiлерiн сан алуан қолданушылары арасындағы қарым-қатынастарды реттейдi, сондықтан олар байланыстырғыш құжат болып табылады. Мұнда олардың мазмұнында электржелiлiк компаниялардың ішкi қызметiн реттейтiн қағидаттар болмайды.
4. Осы Электржелiлiк ережелердi орындайтын негiзгi субъектiлер мыналар:
1) Қазақстан БЭЖ-нiң техникалық операторы;
2) электржелiлiк компаниялар;
3) нарықтық оператор;
4) энергия өндiрушi ұйымдар;
5) электр энергиясын тұтынушылар;
6) энергиямен қамтамасыз ететiн ұйымдар;
7) сауда-делдалдық компаниялар.
3 Параграф. Болжанбаған мән-жайлар
5. ТО мен тиiсiнше электржелiлiк компаниялар ЭЖЕ-нiң мәлiметтерiнде ескерiлмеген мән-жайлар туындаған сәтте (аймақаралық деңгейдегi электржеткiзу желiлерiне байланысты мәселелер ТО-ға жатады; электржеткiзудiң таратушы желiлерiмен байланысты мәселелер ТЭЖҰ-ға жатқызылады), жағдайға байланысты мүмкiндi іс-әрекеттер бойынша келiсiмге қол жеткiзу үшiн барлық тартылған тараптармен тез арада кеңесуi немесе Қазақстан Республикасының iс-қимылдағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдауы тиiс.
Егер ТО немесе электржелiлiк компания және басқа тараптар арасындағы келiсiмге қол жеткiзiлмесе, онда ТО не электржелiлiк компания ұтымды операторлар ретiнде қимыл жасай отырып, туындаған болжамда жоқ жағдаяттарды жою үшiн қажеттi шараларды айқындауы тиiс және тараптар мен өкiлеттi органға өз шешiмi және оны қабылдау жайындағы дәлелдер туралы хабарлауы тиiс.
ТО немесе электржелiлiк компания осындай шешiм қабылдаған барлық жағдайларда ол бар мүмкiндiгiнше осы мәселелер жөнiнде тараптар пiкiрiн ескеруi тиiс.
6. Шешiмдi орындаған кезде әрбiр тарап ТО немесе электржелiлiк компанияның барлық тапсырмаларына мойынсынуы тиiс, олар белгiлi бiр тарап энергоқондырғысыньң сенiмдi жұмысын бұзбауы керек. ТО немесе электржелiлiк компания болжанбаған мән-жайлардың барлық кездерi мен қабылданған шешiмдер туралы тез арада хабарлауы тиiс.
4 Параграф. Дау-дамайлық мәселелер
7. Осы Ережелердi қолданған кезде туындаған дау-дамайлар Қазақстан Республикасының iс-қимылдағы заңнамасына сәйкес шешiлуi тиiс.
5 Параграф. Қазақстан электр энергетикасының секторы
8. Қазақстан электр энергетикасы әртүрлi мақсаттағы энергия өндiрушi ұйымдардан, электржелiлiк компаниялардан, энергиямен қамтамасыз ететiн ұйымдардан, электр энергиясын көтерме тұтынушылардан, Техникалық және Нарықтық операторлардан, электр энергетикасын мемлекеттiк басқару мiндетiн атқаратын өкiлеттi органнан тұрады.
9. Электр энергетика саласында мемлекеттiк басқару мынаған саяды:
1) лицензиялау;
2) бағаларды (тарифтердi) мемлекеттiк реттеу;
3) электр энергетика объектiлерiн монополсыздандыру және жекешелендiру;
4) электр және жылу энергиясын өндiрумен, жеткiзумен, таратумен және тұтынумен, сондай-ақ электр энергетикалық қондырғылар құрылысы мен оларды пайдалану сенiмдiлiгiмен және қауiпсiздiгiмен байланысты жалпы мiндеттiлi ережелердi орнықтыру;
5) электр және жылу энергиясын өндiрудiң, жеткiзудiң, тарату мен тұтынудың, сондай-ақ электр энергетикалық қондырғылардың сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiне және олардың жегiлуiне байланысты ортақ мiндеттiлi ережелердi белгiлеу.
10. Электр энергиясы мен қуаттың көтерме рыногының атқарылымы барлық оның субъектiлерiмен өзара әрекетте Нарықтық және Техникалық операторлармен қамтамасыз етiледi. Осы құрылымдардың қызметi тиiстi ережелермен реттелiмденедi.
11. Нарықтық оператор мына мiндеттердi атқарады:
1) қолма-қол (көтерме), теңгермелi электр энергиясымен және қуатпен орталықтандырылған сауда-саттық ұйымдастыру;
2) iс-қимылдағы нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес электр энергетикасы секторында қосалқы қызмет көрсетулер рыногын түзiлдiру.
12. ҚР БЭЖ-нiң Техникалық операторы мына мiндеттердi атқарады:
1) Қазақстан БЭЖ жүктемелерiнiң тәулiктiк кестелерiн нақты уақыт мерзiмiнде жинақтау және атқару;
2) Нарықтық операторға ҚР БЭЖ бойынша электр энергиясы мен қуатының нақты балансы туралы тәулiк сайынғы мәлiметтердi табыс ету;
3) Қазақстан БЭЖ жұмыс түзiмдерiн басқару;
4) Қазақстан Республикасы БЭЖ-нiң сенiмдiлiк өлшемдерiн сақтауды қамтамасыз ету;
5) қосымша техникалық қызмет көрсетулердi табыс ету;
6) электр қуатының резервтерiн ұйымдастыру;
7) электр энергиясы және қуатының мемлекетаралық ағындарының түзiмдерiнде жоғары кернеулi желiлерiн басқару;
8) электр қуатын тұтынушыларға жеткiзу;
9) жасасылған шарттарға сәйкес электр энергиясының импорты;
10) аймақаралық электр желiлерi бойынша электр энергиясы мен қуатын жеткiзу түзiмдерiн басқару;
11) техникалық сипаттағы қосымша қызмет көрсету;
12) көтерме рыногындағы электр қуаты мен энергиясының жеткiзiлiм тұтыну баланстарының орындалуына жедел бақылау;
13) БЭЖ-нiң сенiмдi және орнықты жұмысын қамтамасыз ететiн реле қорғанышы. Апатқа қарсы және түзiмдiк автоматика жүйелерiнiң құрылымын, қағидаларын, жайғастыру орындарын, көлемдерi мен тағайыншамаларын айқындау;
14) басқа мемлекеттердiң энергожүйелерiмен (операторларымен) өзара қарым-қатынастарды ұйымдастыру.
13. Энергия өндiретiн ұйымдар (ЭӨҰ) мына электр стансаларына бөлiнедi:
1) ұлттық мәндегi;
2) өнеркәсiптiк мақсаттағы;
3) жылумен қамтамасыз ететiн кәсiпорындар электр стансаларының аумақтарымен бiрiгу.
Ұлттық мәндегi электр стансаларға үлкен қуатты конденсациялық электр стансалары мен Қазақстан БЭЖ-нiң жүктеме кестесiн реттеу үшiн қолданылатын гидроэлектр стансалары жатқызылады.
Өнеркәсiптiк мақсаттағы электр стансаларына өнеркәсiптiк кешенге тиесiлi электр стансалары жатқызылады.
Аумақтармен бiрiктiрiлген электр стансалар - энергиясы бөлшек сауда рыногында басым түрде жүзеге асырылатын аймақтық электржелiлiк компаниялардың желiлерiне қосылған электр стансалары.
14. Тарату электржелiлiк компаниялары (ТЭК) Қазақстанның жекелеген аймақтарының iшiнде электр энергиясын жеткiзу мен таратуды жүргiзедi және Ұлттық энергожеткiзу ұйымның қосалқы стансаларына тiкелей қосылған. ТЭК электр энергиямен тұрғындарды, өнеркәсiп тұтынушыларын, ауыл шаруашылығы мен басқа да тұтынушыларды жабдықтайды.
15. Құрылыс-құрастыру ұйымдары және мамандандырылған жөндеу кәсiпорындары энергетика объектiлерi мен жекелеген қондырғыларды салу, құрастыру және баптау қызметтерiн, сондай-ақ электр энергетикалық рыноктың субъектiлерiн арнайы жөндеу жөнiндегi қызметтер көрсетедi.
16. Салада сондай-ақ мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру институттары жұмыс iстейдi. Олар өндiру және тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету үшiн жаңа тиiмдi энергия үнемдегiш әрі экологиялық таза технологияларды ендiру мәселелерiн шешуге мiндеттi.
6 Параграф. Электр энергетикасындағы нарықтық қатынастар
17. Қазақстанның электр энергетикасына нарықтық қатынастарды енгiзу және жетiлдiрудiң негiзгi мақсаттары мыналар:
1) электр энергетикасы аясында экономикалық қатынастарды ырықтандыру;
2) электр энергиясы және қуаты рыногына электр энергиясын сатушылар мен сатып алушылар еркiн де теңдей қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
3) электр энергиясы мен қуатын сатушылар арасында бәсекелестiк ортаны түзiлдiру. Төлемдiк тәртiптi арттыру;
4) Қазақстанның БЭЖ-нiң атқарымдылық сенiмдiлiгiн рынок субъектiлерiнiң өзара жауапкершiлiгi, электр желiсi жұмысының оңтайлы түзiмдерiн жасау, қайсыбiр өндiрушi компанияның кенеттен қуатты азайтқан немесе жеткiзушi желiнiң қайсыбiр телiмiнiң кенеттен ажырауы кезiнде электр энергиясын тұтынудағы үзiлiстердiң алдын алу үшiн қуаттар резервiн жасақтау негiзiнде арттыру.
18. Электр энергетикасында нарықтық қатынастар әрбiр нақты уақыт мезгiлiнде iс-әрекет жасайтын Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады және келесi негiзгi нарықтық операциялармен тұлғаланады:
1) активтi (белсендi) электр энергиясы мен қуатын сатушылардың сатып алушылармен шарттық құпиялы бағалары бойынша тез аралық (форвардтық) екiжақты шарттармен сатып алу-сату;
2) активтi электр энергиясы мен қуатын "бiр күн бұрын" және "бiр сағат бұрын" түзiмдерiнде қолма-қол қуатпен ашық конкурстық саудада Нарықтық оператор атқаратын орталықтандырылған сатып алу-сату;
3) шынайы уақыт қарқынында электр энергиясы мен қуаты бұзылуларының алдын алу мақсатында активтiк электр энергиясы мен қуаттарының резервтерiмен орталықтандырылған сауда;
4) қуаттардың апаттық ажыратылу жағдаяттарында тұтынушыларды электр энергияның нормативтiк сапасымен үздiксiз электрмен жабдықтауды қолдау үшiн активтiк қуатпен және электр энергиясы резервтерiмен орталықтандырылған сауда;
5) жекелеген энергия өндiрушi ұйымдардың электр қуатын өндiруге тәулiктiк кестелерін және жекелеген тұтынушылардың тұтыну кестелерiн реттеу мақсатында реттеушi қуатпен орталықтандырылған сауда;
6) Техникалық оператор қызметтерiнiң келесi түрлерiн сату:
Қазақстан электр энергетикасы Бiртұтас жүйесi рыногындағы субъектiлердiң қосарлы жұмысын ұйымдастыру бойынша электр қуатын жеткiзудi басқару;
реттеушi орган тағайындаған монополдық тарифтер бойынша барлық энергия өндiрушi ұйымдар мен импортталатын электр энергиясы тұтынушылардың түзiмдерiн диспетчерлендiру;
7) Нарықтық оператор мен Техникалық оператордың қосалқы және қосымша қызметтердi көрсетуi (Қазақстан БЭЖ-нiң энерготүйiндерiнде сапалы кернеудi қамтамасыз ету мақсатында реактивтiк қуатты сатып алу-сату, жеткiзушi электр желiнiң өткiзу қабiлетiн сату және басқалар).
19. Электр энергетикасындағы нарықтық қатынастар субъектiлерi болып мыналар табылады:
1) электр қуатын және энергияны сатушылар - энергия өндiрушi ұйымдар (ЭӨҰ):
электр стансалары;
электр энергиясы рыногында сату үшiн құрамында артық электр қуаты мен электр энергиясына ие электр стансалары бар өнеркәсiптiк кешендердi иеленген заңды тұлғалар;
шектесушi мемлекеттердiң энергожүйелерi;
2) көтермелi сатып алушылар-қайта сатушылар:
сауда-делдалдық компаниялар (көтерме сатып алушылар-қайта сатушылар);
энергиямен қамтамасыз ететiн ұйымдар;
электржелiлiк компаниялар;
3) көтермелi сатып алушылар-электр энергиясын тұтынушылар:
тiкелей (құқық өкiлеттi) көтерме тұтынушылар;
Қазақстанның БЭЖ-нен электр энергиясы мен қуат импортын iске асыратын іргелес мемлекеттердiң энергожүйелерi;
4) энергия жеткiзушi ұйымдар:
110-1150 кВ-тық энергетикалық жүйелердi басқаратын ұлттық энергожеткiзушi ұйым электр энергиясы мен қуатын жеткiзу лицензиясына сәйкес электр энергиясы мен қуатын көтерме сатушылардан көтерме сатып алушыларға жеткiзу арқылы ТО-дың атқарымын орындайды және жүктеменi үлестiру жөнiнде қызмет көрсетедi.
Аймақтық энергожеткiзушi ұйымдар (АЭЖҰ) электр энергиясы мен қуатын жеткiзу мен тарату лицензиясына сәйкес әрекет жасайды және келесi атқарымдарды орындайды:
электр энергиясы мен қуатын қосалқы стансадан Ұлттық энергожеткiзу ұйымына жеткiзу, сондай-ақ электр энергиясын белгiлi бiр қызметтеу аймақтарында орналасқан аймақтық электр стансаларынан аймақтық энергожабдықтау ұйымдарына тиесiлi қосалқы стансалар немесе аймақтық энергожеткiзу ұйымдарына қосылған тiкелей тұтынушылардың трансформаторлық қондырғыларына жеткiзу;
белгiлi бiр қызметтеу аймақтарында орын тепкен электр энергиясы мен қуатын аймақтық электр стансалардың ұштамаларынан Ұлттық энергожеткiзу ұйымның қосалқы стансаларына жеткiзу.
20. Электр энергиясы мен қуаты рыногының атқарымдануын жүзеге асыратын ЭҚЭКР ұйымдастырушылары:
Нарықтық оператор.
Техникалық оператор.
Электр қуатының резервтер Пулы.
2-Бөлім. Энергетикалық жүйенiң дамуы
2-Тарау. Энергетикалық жүйені дамыту
21. Осы Энергетикалық жүйенi дамыту бөлiмi электр желiсiн жоспарлау және дамыту кезiнде барлық деңгейдегi (ұлттық, аймақтық және жергiлiктi) электржелiлiк компаниялар қолдануы үшiн техникалық және сындарлы өлшемдер мен шараларды белгiлейдi. Электр желiсiн пайдаланушылар өздерiнiң меншiктiк жүйелерiн жоспарлау және дамыту кезiнде оны қабылдауға тиiс. Энергетикалық жүйенi дамыту бөлiмi өндiрiстiң индикативтiк даму жоспарын (ӨИДЖ) жасақтаған кезде олардың ТО-ны қолдануы үшiн техникалық және сындарлы өлшемдер мен шараларды белгілейдi.
22. Осы бөлiм ТО-ның, электржелiлiк компаниялардың, пайдаланушылар мен НО-ның өзара қарым-қатынастары мен мiндеттерiн айқындайды. Пайдаланушылар құрамына кернеуi 110кВ желiге қосылған ЭӨҰ-н қоса отырып ЭӨҰ тұтынушылар және қажет жағдайда электржелiлiк компаниялар кiредi.
23. Электр энергетикасының даму келешегі, соның iшiнде электр желiлерiн дамытуды ұзақ мерзімдік жоспарлау өндіруші қуаттар және электр желілерiнiң дамуы мен қолданылуының ұлттың саясатына сәйкес болуы тиiс.
24. ЭЖДЕ іс-қимылдағы желiлердiң жаңғырту көлемiнде электр жүктемелерi өсуiнен озу мен жаңа өндірушi қуаттарды салу, энергожүйенiң ішiнде, сонымен қатар шектесушi (көршiлес) энергожүйелермен электр энергиясы ағындарының мүмкiндi оңтайлы шамаларын анықтауға және солардың негiзiнде іс-қимылдағылардың өткiзу қабiлетiн арттыру мен аймақаралық, аймақтық және жергілiкті деңгейдегі жаңа электр желiлерiн салу жөнiнде керектi шараларды жоспарлауға мүмкiндiк бередi.
25. ЭЖДЕ-н даярлау барысында келесi шаралар жүзеге асырылады:
1) желiнiң ағымдағы ахуалын және даму келешегін, сондай-ақ электр желiсiнiң сенiмдiлiгi мен орнықтылығына әсер етуiн ескере отырып, мүмкiндiлi жүктемелер бойынша ұсыныстарды қарастыру үшiн электржелiлiк компаниялар мен пайдаланушылар арасында ақпарат талқылау мен алмасуды жүргiзу;
2) ТО мен НО-ның жүйенiң ағымдық жұмысы туралы ақпаратын ескере келешек дамуды талқылау үшiн модель (құрылым) берiледi;
3) желiнiң даму жоспарларын жасақтау және жасақтауға көмек көрсету үшiн, сондай-ақ электр желiнiң үнемдi, сенімдi және қауiпсiз жұмысын жоспарлау мен дамыту үшiн электржелiлiк компанияларына ақпарат берiлуiн қамтамасыз етiледi;
4) электр желiсiн басқа субъектiлердiң қолдануына ықпал ету жүзеге асырылады және электрмен жабдықтаудың стандарттары мен шарттары тағайындалады;
5) Ақпараттық ағындарды, солардың ішiнде жүйелiк жоспарлау туралы, электржелiлiк компаниялар мен пайдаланушылар арасындағы мәлiметтердi анықтау, сондай-ақ оларды пайдалану үшiн стандарттар айқындалады;
6) жалғаным мүмкiндiктерiн, сондай-ақ олардың электр желiсiмен сыйысымды болатындай жүйелерiн жоспарлау мен дамытуды бағалау үшiн қажеттi ақпарат пайдаланушыға ұсынылады;
7) электр желiсiн жоспарлау және дамыту кезiнде электржелiлiк компаниялар қолдану үшiн стандарттары анықталады.
26. Электржелiлiк компаниялар осындай ақпаратты ұсынады немесе тиiстi ұсыныстарды пайдаланушыларға бередi. Қосарлануды болдырмас үшiн, егер өзгелер осы Ережелерде ескерiлмесе, электржелiлiк компаниялар қосылуға сұраным берген кезде немесе өзге уақытта пайдаланушының талабы бойынша қажеттi ақпаратты ұсынады яки ұсыныстарды табыс етедi.
27. Осы тараудың талаптары келесi ұйымдарға таралады:
1) ТО;
2) Электр желiсiн қолданатын ЭӨҰ;
3) Электржелiлiк компаниялар;
4) Тиiстi электржелiлiк компанияларға тiкелей қосылатын жүктеме тұтынушылары;
5) НО;
6) "электр желiлерiне кiру" шартына (қосылу шарты) қол қойған, 1) және 3)-тармақшаларында көрсетiлмеген тұлғалар.
1 Параграф. Электр желiсiн жоспарлау
28. Барлық деңгейдегі электр желiлерiне қойылатын талап қалыпты және апаттық түзiмдерде тұтынушылардың сенiмдi электржабдықталуы мен кернеудiң ұйғарынды кернеулерiн қамтамасыз ету.
Энергожүйенi жоспарлау мен дамыту (энергоөндiрушiлердi және электр желiлерiн дамыту), қосылу тәсiмдерiн жасақтау кезiнде және электр желiсiн дамыту жоспарында ТО электр желiсiн жоспарлау мен жасақтау кезiнде қолданылатын тиiстi нормативтiк-техникалық құжаттарды пайдаланады. Осы құжаттардың көшiрмелерi ТО-дан не өзге көздерден сұратып алынады.
29. Электр желiлерiнiң шамалар кернеуiн таңдау нормативтiк құжаттар тағайындаған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
30. Электр желiсiн жоспарлау және жасақтау сенiмдiлiк пен сапа жөнiндегi нормативтiк құжаттарда баяндалған "N-1" өлшемiне сәйкес іске асырылады. Жекелеген жағдайларда "N-2" өлшемi қолданылуы тиiс.
"N-1" өлшемi көп элементтi топтың кез келген iрi элементi ажыратылған жағдайда жүйе өндiрiстiк және жүктеме жөнiндегi талаптарға сәйкес қалпына келуге қабiлеттi болуға тиiс екендiгін бiлдiредi.
"N-2" өлшемi көп элементтік топтың екi элементi істен шыққан кезде жүйе өндiрiстiк және жүктеме жөнiндегі талаптарға сәйкес қалпына келуге қабiлетті болуға тиiс екендiгін бiлдiредi.
31. ТО-дың жоспарлау өлшемдерiн жасақтаған кезiндегі жүйе сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралары мынаны ескеруi тиiс:
1) бiрде бiр шарттарда ҚР БЭЖ-нiң жұмысынан кернеуi 500кВ не 1150кВ қос тiзбектi ЭЖЖ-нiң немесе кез келген басқа элементтiң (ЭЖЖ, трансформатор, энергоқондырғы, кабель және т.с.с.) түсiп қалуы көршiлес телiмдердiң жұмысына шектеулер енгiзбейдi, соның арқасында жүктеменiң үлкен жоғалтуына әкеп соқпайды;
2) осы тармақтың 1)- тармақшасында көрсетiлген шарт кезiнде бiр элементтiң түсiп қалуы нәтижесiнде энергожеткiзу жүйесiнiң жұмысын тоқтату қажет болмайды. Алайда, тағы да сенiмдiлiк пен тұрақтылық жөнiндегi талаптарға сәйкес болуы үшiн жүйенiң кескiнiн қайта құру немесе өзгерту қажет. Жүйелiк кiрiсу кезiнде кез келген басқа элементтің түсiп қалуы жүйенiң жұмыс үздiксiздiгiне және тұтынушылардың энергожабдығына қауiп төндiруi мүмкiн;
3) салмақтырақ тоқтатулар үшiн қос тiзбектi ЭЖЖ-мен (қос тiзбегiлерден басқа 500кВ-тық немесе 1150кВ-тық ЭЖЖ) екi тәсiмнiң жұмыстан бiр мезгiлде түсiп қалуы немесе шиналар сенiмдi жұмыспен қамтамасыз етудiң әртүрлi құралдары болуы мүмкiн. Осындай құралдарды таңдау техникалық және экономикалық жәйттерге салыстыра талдау жүргiзу нәтижелерiне тәуелдi, олар мыналар:
осы оқиға үлгiсiнiң ықтималдығы;
осы оқиғаның салдарлары;
кез келген өзгерiссiз шешiмдi орындау шығындары;
кез келген оқиғаның таралуын алдын алу жөнiндегi қорғаныс шараларының құны.
32. Электр желiлерiнiң жоспарлы дамуына жауапты болып тиiстi электржелiлiк компаниялар табылады.
2 Параграф. Жеткiзушi электржелiсiн дамыту жоспары
33. Жеткiзушi электр желiсiн дамыту жоспары (ЖЭЖДЖ) электр желiсiне қатысты нақтылы және болжамдық өзгерiстердi, күшейтудi, қосымшалар немесе алып тастауларды сипаттайтын қуат болып табылады. Осы құжатта келешекте жаңа қосындыларды атқару мүмкіндіктері, электр желiсіндегі жаңа жалғанымдар мен электр энергияның келешек ағындарын жеткiзу үшiн өте-мөте ыңғайлы телiмдер көрсетiлуi тиiс. Бұл жоспар бәсекелестiкке және электр желiсiнiң дамуына ықпал жасауы керек.
ЖЭЖДЖ жүйеаралық және аймақаралық желiлердiң электр стансаларын, электржеткiзу желiлерiн және қосалқы стансаларын пайдалануға іске қосу үшiн негізгі құжат болып табылады.
34. ЖЭЖДЖ БЕЖ-нiң жұмыс сенiмдiлiгi және тұтынушыларды қажеттi мөлшер мен талап етiлген сапада электр энергиясымен жабдықтауды қамтамасыз ететiн электр стансаларын, электр желiлерi мен оларды пайдалану құралдарының дамуын айқындайтын шешiмдердiң техника-экономикалық негіздемесi және ғылым мен техниканың ең жаңа жетiстiктерiн ескере отырып жасақтайды.
35. ЖЭЖДЖ-да қабылданған шешiмдер энергетикалық объектiлердi ары қарай жобалау үшiн, сондай-ақ электр стансаларын, қосалқы стансаларды және электр жеткiзу желiлерiн салуға жер телiмдерiн резервте сақтау үшiн бастапқы материал болып табылады.
36. ТО жыл сайын он жылға жан-жақты жеткiзушi электр желiсiн дамыту жоспарын (ЖЭЖДЖ) жасақтайды. ЭЖДЖ Өндiрiстiң Индикативтiк даму жоспарына (ӨИДЖ) сәйкес болуы керек. Ол ЖЭЖДЖ жарияланған сәттен бастап екi не үш ай ішiнде даярлануы тиiс. ЖЭЖДЖ оның алуан қатысушылары қақында ӨИДЖ-де көрсетiлген барлық талаптарын ескеруi және осы талаптар қалай
ескерiлетiнiн не жоспарда қалай көрсетiлетiнiн сыйпаттауы қажет.
ЖЭЖДЖ ТО қолданатын жоспарлау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес болуы тиiс, мұнда ақпаратты қажетсiз қосарлау мен ақталмайтын шығындарды ұлғайтудан қашқан жөн.
37. Төменде ағымдық және болжамдық мәлiметтерге негiзделген ЖЭЖДЖ мазмұнының негізгі тармақтары мыналар болып табылады:
1) тiзбелердiң өткiзгіш қабiлетi;
2) ағын тарату;
3) электржабдықтау нүктелерiндегі жүктеме;
4) электр торабы үшiн қысқа тұйықталу токтарының шектi мәндерi;
5) электр энергиясын жеткiзу кезiндегі жоғалтулар;
6) жүйелiк мүмкiндiктер - аймақтық;
7) жалғаным мүмкiндiгі туралы түсiндiрмелер;
8) жүйенiң жоспарлық күшеюi және/немесе топологияның өзгеруi;
9) электр желiсiнiң кескiнi.
38. ТО ЖЭЖДЖ-н барлық қатысушы тараптар үшiн мөлдiр өлшемдердi қолдана отырып жасақтайды. Жоспарда оны дайындау үшiн қолдаланылған барлық шаралардың сыйпаттамасы болуы тиiс. Онда ең кемiнде жүйенi талдау үшiн қолданылатын базалық жағдайлар туралы ақпарат, талдауды жүргізу шаралары, оның нәтижелерi және т.б. мазмұндалуы қажет.
39. Егер, қайсыбiр пайдаланушының пiкiрi бойынша ЖЭЖДЖ-да оның нақты қажеттiлiктерi туралы жеткiлiктi түрдегi егжей-тегжейлi ақпарат болмаса, онда бұл пайдаланушы іс-қимылдағы заңнамаға сәйкес ТО-дан қосымша ақпаратты сұрата алады.
40. ЖЭЖДЖ-ның түпкілікті нұсқасы өкілетті органға жіберіледі.
41. ЖЭЖДЖ-нің ақырғы нұсқасы бекітіледі де белгіленген тәртіппен жарияланады.
42. ӨИДЖ және ЖЭЖДЖ-н дайындау үшін әрбір пайдаланушы ТО-ға осы Ережелерде көрсетілген стандарттық және егжей-тегжейлі жоспарлық мәліметтерді береді. Бұл мәліметтер жыл сайын белгіленген мерзімде беріледі және жуықтағы 10 жылдың әрбір жылын қамтиды. Егер берілетін мәліметтер өзгермесе, пайдаланушы қайталап бергеннің орнына бұл туралы жазбаша хабарлай алады.
Жалғанымға сұранымның орындалуына ықпал ету үшін әрбір пайдаланушы ТО-ға жалғанымға сұраныммен бірге 43-49-тармақтарына сай стандарттық мәліметтерді және алдын ала болжамдық мәліметтерді береді. Сұраным қабылданған күннен екі ай өткеннен соң 50-52-тармақтарына сәйкес жан-жақты мәліметтер берілуі тиіс.
43. Пайдаланушының толық жүктемесі және активті энергия жөніндегі мәліметтер.
Электр желісіне тікелей қосыла отырып, электр стансаларының өзіндік мұқтаж шамасы туралы мәліметтерді әрбір ЭӨҰ-і 51-тармаққа сай береді.
Барлық пайдаланушылар ТО-ға энерготұтыну (активті және реактивті қуатты) және олардың жүйесінің жұмысына қажетті (барлық жалғаным нүктелерін кіргізе) активтік энергия мөлшері туралы мәліметтерді береді. Энерготұтынудағы өз қажеттіліктерін және активтік энергиядағы болжамдық қажеттіліктерін анықтаған кезде әрбір пайдаланушы энерготұтынудың басқа пайдаланушылармен қосарлануынан қашуы тиіс.
44. Келесі шамаларды анықтау үшін энергияның болжамдық тұтынуы (активті қуаты) және жалғанымның әрбір нүктесіндегі қуат коэффициенті туралы мәліметтер керек:
1) БЭЖ-нің жұмысына елеулі әсер ете алатын жалғаным нүктесіндегі энергияны (активті қуатты) барынша көп тұтыну;
2) шыңдамалық жүктеме кезінде ТО белгілеген электр желісіндегі тұтыну;
3) ең төменгі жүктеме кезінде ТО белгілеген электр желісіндегі тұтыну.
Жоғарыда көрсетілген электр энергиясын тұтыну туралы барлық болжамдар мәліметтері әрбір жалғаным нүктесіне жатқызылуы және келесі пішімге ие болуы тиіс:
1) электр желісіне шиналармен жалғанған, қалыпты жағдайда жекелеген секциялармен жұмыс істемейтін пайдаланушы жүйесінің электр энергиясын тұтыну туралы мәліметтер;
2) электр желісіне шиналармен жалғанған, жекелеген секциялармен жұмыс істейтін пайдаланушы жүйесінің электр энергиясын тұтыну туралы жекелеген мәліметтер.
Электр энергиясын болжамдық тұтыну туралы жоғарыда көрсетілген мәліметтер былайша беріледі:
барлық энергоқондырғылардың бейінін (кестесін) ескере отырып бөлекше;
орташаланған ауа райы жағдайлары негізінде.
ТО-дың бір жыл ішіндегі әртүрлі уақыт аралығында әралуан жүктеменің (электр энергиясын тұтынудың) электр желісіне әсерін анықтау үшін әрбір пайдаланушы энергияны болжамдық тұтыну туралы қосымша мәліметтер береді. ТО осындай қосымша мәліметтерді күнтізбелік жылда бір рет қана сұрату құқығына ие.