кестеде НО былайша атқарады:
1) ЭӨҰ-дың кесте-өтінімдеріне кіргізілген екіжақты жедел шарттар
шеңберінде ТО-дың электр энергиясын технологиялық мұқтаждарға сатып алуы
көлемдері бойынша;
2) НО-дың тәулікті кестеге қолма-қол электр энергиясымен
орталықтандырылған саудадағы мәмілелер бойынша теңдестіретін ЭҚЭКР арқылы
ТО-дың технологиялық мұқтаждарға электр энергиясын сатып алу көлемдерін
кіргізумен.
516. ТО желілерінде электр энергиясының (қуатының) жоспарланған
сағаттық көлемін олардың филиалдары бойынша таралуымен бірге есептеуді ТО
әрбір күнтізбелік күнге атқарады.
517. Жоғалтулардың болжамдық шамаларын алдыңғы тәуліктерге жасалатын
тәуліктік кестеге кіргізген кезде оларды электр энергиясын жеткізу
шарттарының өзгеруіне (желі тәсімінің өзгеруі, электр берілісі желілерін
жүктеу, ауа райы, реактивтік қуатты қарымталау, басқа жәйттер) күнделікті
түзету болуы мүмкін.
518. Электржелілік компанияның желілері мен жабдығында технологиялық
нормативтік жоғалтуларды қарымталауға жұмсалатын электр энергиясы мен
қуатының жоспарланған сағаттық шығыны тәуліктік кестеде мына құрамда
ескеріледі:
1) Электржелілік компанияның қызметтеу аймағында орналасқан және ТО
желілеріне тура қосылымға ие емес, энергоөндіруші ұйымдардағы
(делдалдардағы) немесе теңдестіруші ЭҚЭКР арқылы қолма-қол электр
энергиясының орталықтандырылған саудаларындағы тұтынушылардың (сатып
алушылардың) электр энергиясын сатып алу көлемімен.
Электр энергиясы жоғалтуларының шамасы нормативтік жоғалтулар
белгілеген негізде энергоөндіруші ұйыммен (делдалмен) электр энергиясын
сатып алу-сатуға жедел шартқа және электржелілік компаниямен электр
энергиясын жеткізу шартына ие әрбір тұтынушы үшін электржелілік
компаниямен анықталады.
2) электржелілік компанияның өз тұтынушыларына (электржелілік
компанияда электр энергиясын сатып алатын) және осы тармақтың
1)-тармақшасында көрсетілген тұтынушыларына (сатып алушылар)
электржелілік компаниядағы тарқатушы желілерде нормативтік-техникалық
жоғалтуларды қарымталау үшін электржелілік компанияның электр энергиясын
сатып алу көлемімен, егер электржелілік компанияның желілері бойынша
электр энергиясын жеткізу шартымен тікелей электржелілік компанияның
нормативтік-техникалық жоғалтуларын қарымталауға шығындарды тұтынушының
(сатып алушының) төлеуі ескерілсе.
519. ТО электр жеткізу желілерінің өткізгіш қабілетін оның
желісіндегі электр тәсімінің ағымдық және жоспарлы ахуалына байланысты
жөндеу жұмыстарын жүргізуден туындаған шектеулерде тәуліктік кестені
жасаған кезде НО, ТО-дың ЭҚЭКР субъектілерімен электр энергиясын
жеткізуге жасасылған шарттарының талаптарына сәйкес мынаны ескереді:
1) қажет кезінде электржелілік компанияның немесе басқа энергия
өндіруші ұйымның желілерін келісімдік негізде қолдануды кіргізе отырып,
электр энергиясының жеткізудің баламалық бағдарлықтары бойынша берілісі;
2) жөндеуге шығарылған электр жеткізу желілері бойынша электр
энергиясын уақытша шектеу не ЭҚЭКР субъектілеріне жеткізілімдеуді
тоқтату.
520. Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық
жүйесіндегі барлық аймақтар арасындағы және ТО мен шектес мемлекеттердің
желілері арасындағы ТО электр желілерінің өткізгіш қабілеті шектелген
жағдайда НО тәуліктік кестені жасаған кезде ЭҚЭКР-ді аймақтарға
мүмкінділі бөлуді ескереді.
521. Белгіленген тәртіппен алынған ЭҚЭКР қатысушыларының
кесте-өтінімдерін НО өзі тіркеген және НО-дың деректер базасында
сақталған шарттармен (мәмілелермен) салғастырады.
522. Электр қуаты мен (немесе) энергияны сатып алу-сатуға және оны
жеткізуге жасасылған жедел шарттар бойынша РО-дың деректер базасын
түзілдіру үшін ақпаратты ЭҚЭКР қатысушылары-электр энергияны сатушылар
мен сатып алушылар НО-ға электр қуатын және (немесе) энергияны
жеткізілімдеудің басталуына 3 тәуліктен кешіктірмей тапсырады. Мұнда
НО-ға екіжақты жедел шарттарға енгізілген өзгерістер туралы ЭҚЭКР
қатысушылары өзгерістердің іс-қимылға енгізілуінен 3 тәулік бұрын
ескертуге міндетті.
523. Кесте-өтінім мыналар жоқ кезде қабылданбауы мүмкін:
1) НО-ның шарттардың (мәмілелердің) бар екендігі туралы ақпараты;
2)Электр қуаты және (немесе) энергиясын экспорттау-импорттау кезінде
кеден заңнамасы ескерген құжаттар;
3) өтінімдегі жауапты тұлғаның қол қоюлары.
524. НО операциялықтың алдындағы тәуліктің 15.00. сағатына дейінгі
тәуліктік кесте жобаларын ТО-ға электр қуаты мен (немесе) энергиясын
жеткізуді жүзеге асырудың техникалық мүмкіндігін келістіру үшін жібереді.
525. Электр энергиясы мен қуатын жеткізу сенімділігі өлшемдерінің
мүмкінділі бұзылулары білінген кезде кестелер НО-ға ТО-ның туындаған
қайшылықтарды шешу үшін қайтарылады.
Тәуліктік кесте жобасының техникалық іске аспау себептерін ТО
көрсеткен себептерін жоюға бағытталған түзетулерін НО тәуліктік кесте
жобасына енгізеді.
Тәуліктік кесте жобасы операциялықтың алдындағы тәуліктің 16.30-на
дейін ТО-мен келістірілуге жатады және оны техникалық іске асыру
жағдайында НО белгіленген ретпен бекітеді.
526. ТО-мен электр энергиясын жеткізуді атқарудың техникалық
мүмкіндік тақырыбына келісілген және НО-мен бекітілген операциялықтың
алдындағы тәуліктің 17.00. сағатына дейін ТО-ға, сондай-ақ ТО-дың
аймақтық диспетчерлік орталықтарына іске асыру үшін жіберіледі.
527. Аймақтық диспетчерлік орталықтар осы АДО-тың қызметтеу аясына
кіретін электр қуаты мен энергиясы рыногының барлық субъектілеріне жақын
тәуліктерге тәуліктік кестені орындау үшін жібереді.
528. Рыноктың нақты қатысушылары үшін ақпарат.
ЭҚЭКР-дің нақты қатысушылары үшін арналған ақпаратты НО электрондық
пошта бойынша ЭҚЭКР субъектілеріне немесе ЭҚЭКР Субъектісінде электрондық
пошта жоқ болса - ТО-дың аймақтық диспетчерлік орталықтары арқылы
жөнелтіледі яки НО WЕВ-сайтының тек ЭҚЭКР нақты қатысушыларының ғана қолы
жететін бөлімдерде жайғастырылады.
529. ЭҚЭКР субъектілеріне 530-531-тармақтарында ескерілген ақпарат
тапсырылады.
530. ЭӨҰ үшін:
1) барлығының осы энергия көзі бойынша сағаттық өндірісі;
2) электр энергиясы мен қуатының энергия көзіндегі өз мұқтаждарына
жоспарланған сағаттық шығыны;
3) энергия көзінің сатып алатын электр энергиясы мен қуатының
жоспарланған сағаттық көлемдері;
4) осы энергия көзінен электр энергиясы мен қуаты жеткізілімдерінің
оларды әрбір келісім-шарттық тұтынушы - ЭҚЭКР субъектісі бойынша бөле
отырып жоспарланған сағаттық көлемдері;
5) осы энергия көзінен электр энергиясы мен қуатының ЭҚЭКР
субъектілері болып табылмайтын тұтынушыларға жеткізілімдерінің
жоспарланған жиынтық сағаттық көлемдері;
6) осы энергия көзі үшін қолма-қол электр энергияның
орталықтандырылған сауда-саттықтарындағы электр энергияны сатып
алу-сатудың сағаттық көлемдері.
531. Электр энергиясын тұтынушылар үшін:
1) тұтынушының жоспарланған сағаттық жүктемесі;
2) әрбір келісім-шарттық жеткізілімшіден (энергия көзінен) осы
тұтынушы - ЭҚЭКР субъектісінің сатып алған электр энергиясы мен қуатының
жоспарланған сағаттық көлемдері;
3) қолма-қол электр энергияның орталықтандырылған
сауда-саттықтарындағы тұтынушы - ЭҚЭКР субъектісінің сатып алған электр
энергиясының жоспарланған сағаттық көлемдері.
532. ТО ұсынатын ақпарат. Электрондық пошта бойынша ТО мекен-жайына
мынандай ақпарат тапсырылады:
1) әрбір электр станса немесе өндіруші қондырғы бойынша жоспарланған
сағаттық өндіру;
2) электр станса немесе өндіруші қондырғы бойынша өзіндік
мұқтаждарға электр энергиясы мен қуатының жоспарланған сағаттық шығыны;
3) ЭҚЭКР-дің әрбір тұтынушысы бойынша жоспарланған сағаттық жүктеме;
4) ҰЭЖҰ-дағы технологиялық жоғалтуларды қарымталауға электр
энергиясы мен қуатының жоспарланған сағаттық шығыны;
5) Энергоаудандардың жоспарланған сағаттық сальдо-ағындары;
6) Энергия өндірушілеріне, тұтынушыларға және АДО-ға берілетін
ақпарат;
7) жоспарланған сағаттық тұтыну, ҚР БЭЖ өндіруі, мемлекетаралық
сальдо - ағындар;
8) бақыланатын қималар бойынша қуаттың жоспарланған сағаттық
ағындары.
533. Белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген тәуліктік
кесте Қазақстан Республикасының электр қуаты мен энергиясы рыногы
қатысушыларының оларға қатысты бөлігін атқару үшін НО мен ТО-дың
тәуліктік кестені орындауға түзімдер жүргізу жөніндегі жедел өкімдерін
парыздық атқаруымен бірге міндетті болып табылады.
534. Электр қуаты мен (немесе) энергияның нақты тұтынылуы
(өндірілуі) жоспарлы шамалардан ауытқулары кезінде НО, ТО-мен келісуі
бойынша операциялық тәуліктер ішінде тәуліктік кестеге келесі кездерде
түзетулерді жедел енгізе алады:
1) егер тұтынушының өзі не НО-дың талабы бойынша шарт жасасылған
энергия өндіруші ұйымнан бұл екіжақты жедел шартпен ескерілген жағдайда
электр қуаты мен (немесе) энергия жеткізілімдерінің өтінілген көлемдерін
ұлғайтса (азайтса). Мұнда энергия өндіруші ұйым жеткізілімденетін электр
қуаты мен (немесе) энергиясының өндірілуін және шамасын ТО-мен
келістіреді әрі НО-ға түзетілген жеткізілім кестесін тапсырады;
2) егер энергия өндіруші ұйым техникалық сипаттағы себептер бойынша
электр энергия өндірісін кемітсе және электр энергиясын сатып алу-сатудың
екіжақты жедел шарттарының талаптарына сәйкес НО-ға электр энергиясын өз
тұтынушыларына жеткізілімдеуді азайтуға өтінім берсе;
3) қолма-қол электр энергиясын орталықтандырылған саудасына
қатысушылардың сауда-саттық нәтижелері бойынша белгіленген тәртіппен
ескерілген міндеттемелерді ішінара не толықтай атқару мүмкінсіздігіне
әкеп соғатын жағдаяттары туындаған кезде;
4) қолма-қол электр энергиясымен орталықтандырылған
сауда-саттықтарда сатып алынған/сатылған электр энергиясына және (немесе)
қуатына шектеу туындаған кезде немесе ТО не электржелілік компанияның
іс-әрекеті яки технологиялық бұзылулар салдарынан болған және тәуліктік
кестені жасаған кезде ескерілмеген жедел шарттар бойынша.
535. Тәуліктік кестені түзету өтінімдерін ЭҚЭКР субъектілері НО-ға
тапсырады.
536. Жоғарыда келтірілген негіздемелер бойынша жүргізілген
түзетулерді ескере отырып, тәуліктік кестелер электр энергияны сатып
алу-сату көлемдерін НО-дың анықтауы үшін негіз болып табылады.
537. ЭҚЭКР-де электр энергиясын жеткізілімдеу/тұтынудың есептік
мезгіл үшін нақтылы балансын жасау және анықталған бейбаланстар бойынша
қаржылық есептеулер бекітілген нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес
жүргізіледі.
1 Параграф. Жеткізілім тапшылығы
538. Электр энергиясы мен қуатының сатушыда/сатып алушыда тапшылығы түзілген жағдайда оның тәуліктік кестеде ескерілген шарттық міндеттемелерін орындауы үшін ол келесі іс-қимылды жүзеге асырады:
1) жасасылған сатып алу-сатудың жедел шарттары бойынша міндеттілі жедел, сонан соң жеткізілім тапшылығы туындау тұсынан 24 сағаттан кейін және НО мен ТО-ды толтыру көзі, толтыру сағат саны мен толтырылған электр энергиясының көлемі туралы және шектеулер енгізілген тұтынушыларға жазбаша хабарлай отырып, электр қуаты мен (немесе) энергияны басқа ЭӨҰ-нан баламалы мөлшермен жеткізілімдей толтыруды жүргізеді яки екіжақты жедел шарттарда ескерілген жеткізілім жөніндегі шектеулерді енгізеді;
2) орталықтандырылған сауда-саттықтарда сатылған қолма-қол электр энергиясын жеткізілімдеу бойынша басқа көздерден электр энергияның баламалы жеткізілімін қамтамасыз ету (қолма-қол электр энергиямен орталықтандырылған сауда-саттықта қатысу шартымен ескерілген форс-мажор жағдайларынан басқа), міндеттілі жедел, сонан соң жеткізілім тапшылығы туындау тұсынан 24 сағаттан кейін және электр энергия көзінің атауын, өтелуін және толтырылған көлемдерін көрсете отырып, НО-ға олардың сауда-саттықтарда сатқан электр энергиясын басқа көздерден өтеу туралы жазбаша хабардар етуімен (факс, электрондық пошта, Intеrnеt).
539. Электр энергиясын және (немесе) қуатын олардың зәрулігі кезінде сатып алу-сатудың жедел екіжақты шарттары және қолма-қол электр энергиямен орталықтандырылған сауда-саттықтарда жасасқан мәмілелер бойынша жеткізілімдеу үшін толтыру көздері болып мына жеткізілімдер қызмет етеді:
1) алдағы операциялық тәуліктерге зәрулігі бар электр энергияны сатушымен (жеткізілімдеушімен) жеткізілімдерді толтыру туралы келісімге қол жеткізген басқа энергия өндіруші ұйымдардан;
2) ЭҚР ПУЛ-ынан.
3) НО-ға шынайы уақыт түзімін электр энергиясын ЭҚЭКР арқылы сатуға өтінімдер берген сатушылардан, егер сатушы (жеткізілімші) электр энергиясының тапшылығына ие бола отырып, төлем кепілдігін көрсетсе немесе іс-қимылдағы нормативтік құжаттарға сәйкес толтыру жеткізілімін қарастыра электр энергияны ұсынған сатушымен (жеткізілімшімен) шарт жасасса.
540. Қолма-қол электр энергиямен орталықтандырылған сауда-саттықтарда сатылған электр энергияның жеткізілімдеу тапшылығы туындаған жағдайдағы толтыру көздері жоқ кезде Нарықтық оператор:
1) іс-қимылдағы нормативтік құжаттарға сәйкес электр энергия жеткізілімдерінен шыққан көлемге теңдестірілген ЭҚЭКР жеткізілімдерінің кестесіндегі электр энергия тұтынуының көлемін қысқарта отырып, тәуліктік кестеге түзетулер енгізеді.
541. ТО энергожүйенің сенімділігін қолдау жөнінде барлық күшті қолданады, осылайша барынша араласа отырып рыноктың тиімді жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.
542. ТО сенімділікті бағалауды, техникалық қызметтеуді, энергиямен жабдықтауды қалпына келтіруді және уақыт бойынша жегудің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
543. Мұндай бағалау НО жүзеге асыратын нарықтық болжамдар мен бағалауларға жасалуы тиіс. ТО іске асыратын сенімділікті бағалау желі кескінін, энергожүйенің тоқтатымы мен сенімділігін ескеруі керек.
Бұл талаптар келесі мезгілдерді қамтиды:
1) ұзақмерзімдік - бір жыл алдыға оза отырып 553-556-тармақтарына сай БЭЖ сенімділігін жыл сайынғы бағалау;
2) орташамерзімдік - бір ай алдыға оза отырып 557-560-тармақтарына сай БЭЖ сенімділігін жыл сайынғы бағалау;
3) қысқамерзімдік - шынайы уақыт түзімінен бір тәулік алдыға 561-тармағына сай БЭЖ сенімділігін жыл сайынғы бағалау.
544. Жүйенің сенімділігін бағалау үшін ТО жоспарлау, ЭЖК-тің сенімділікті бағалау тарауының, ЭЖЕ-нің 4-бөліміндегі тоқтатымдарды үйлестіру және техқызметтеу тарауының талаптарына сай ақпаратты және уақыт өте қол жеткізілетін кез келген орынды ақпаратты қаперге алуы керек.
545. Сенімділікті бағалау.
Энергожүйенің сенімділігін бағалау процесінде ТО мынаны жүзеге асырады:
1) ақпаратты жинау;
2) ақпаратты талдау;
3) БЭЖ сенімділігін бағалау нәтижелерін жариялау.
546. ТО жинайтын ақпарат талдау мен болжау мақсаттары үшін қолданылады. Ақпарат жегу мезгілінде - бір жыл бұрын - электр энергиясының өндірілуі жеткілікті болатынын, активті мен реактивті қуатты электртұтыну қамтамасыз етілетінін және электржабдықтау көздерінің сенімділігін бағалау орындалатынын растау үшін талап етіледі.
547. ТО жинайтын ақпарат пен осы ережелердің 4-бөлімінің 7-тарауындағы талаптарға сай жиналған ақпаратпен бірге жүйедегі электр энергияның болжамданған көлемдерін өндіру және жеткізу, оның орнықтылығы мен сенімділігі жөніндегі техникалық мүмкіндіктерін бағалау үшін пайдаланылуы тиіс.
ТО қажеттік реті бойынша дүркін-дүркін қосымша ақпарат сұрата алады. ТО-дың сұратуы кезінде оған керекті ақпаратты мүмкін болған сәтте сұратылған тарап тапсыруы тиіс.
548. Әр жыл сайын қазан айының аяғында энергожүйенің барлық компаниялары, электр желісі мен энергия өндіруші ұйымдарға тікелей қосылған электр энергиясын тұтынушылар ТО мен НО-да көрсетілген әрбір өз күштемелік қондырғылар қақысында келесі ақпаратпен ТО мен НО-ды қамтамасыз етуі тиіс:
1) тұтынушылар - әрбір айдағы берілген сағаты мен күніндегі қосылым нүктесінің тұтыну, активті және реактивті қуат болжамдары. Сағат пен тәулікті ТО айқындайды;
2) әрбір айдағы берілген сағат пен күнге жүктеме болжамы. Сағат пен тәулікті ТО мен НО айқындайды:
4-бөлімге сай кез келген тоқтатымдарды қаперге ала отырып, электр стансаның божамданған жылға жұмыс қабілеті;
электр энергиясын өндіруді шектеулер;
энергожүйе сенімділігін елеулі түрде қозғайтын электр стансасының басқа жай-күйлері.
549. Әр ай сайын 14-тәулікте энергожүйенің барлық компаниялары, электржеткізу желісімен және энергия өндіруші ұйымдарға тікелей байланысқан электр энергиясын тұтынушылар ТО мен НО-да көрсетілген әрбір өз күштемелік қондырғылар қақысында келесі ақпаратпен ТО мен НО-ды қамтамасыз етуі тиіс:
1) тұтынушылар - келесі айдағы үшінші сәрсенбінің әр сағатына немесе ТО мен НО көрсеткен қосылым нүктесіндегі тұтыну, активті және реактивті қуат болжамдары;
2) ЭӨҰ, көрсетілген ТО әрбір өз күштемелік қондырғылары туралы келесі ақпаратты тапсыруы тиіс:
келесі айдағы үшінші сәрсенбінің әрбір сағатына немесе ТО мен НО көрсеткен басқа тәуліктерге жүктеме болжамы;
4-бөлімге сай кез келген тоқтатымдарды қаперге ала отырып, электр стансаның божамданған айға жұмыс қабілеті;
электр энергиясын өндіруді шектеулер; энергожүйе сенімділігіне елеулі түрде әсер ететін электр стансасының басқа жай-күйлері.
550. Сенімділікті кешенді бағалау мақсатында ақпаратты талдау үшін ТО барлық тараптармен жүргізеді.
Сенімділікті бағалаудың мұндай талдамасы жыл сайынғы және ай сайынғы жоспарлау үшін жоғарыдағы 546-552-тармақтарына сай жиналған ақпаратты пайдаланады. ТО өзінің қолы жететін ашық та, жабық та ақпаратты пайдаланады. ТО-н талдау бекітілген нормативтік-техникалық құжаттар негізінде жүргізіледі.
551. ТО техникалық қызметтеуді жоспарлау не басқа қажеттіліктер үшін барлық тараптарға ақпараттың жеткіліктілігін қамтамасыз етеді.
552. Энергожүйе сенімділігін бағалаулардың (ЭСБ) ай сайынғы, апта сайынғы және күнделікті жарияланымы бүкіл тараптардың тиісті ақпараттанумен кепілденуі үшін арналған, бұл оларға тиімді де үнемді жұмысы туралы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді және оларға келесіні айқын істеуге мүмкіндік жасайды:
1) Электр стансада және/немесе қондырғыда кез келген жұмыс кестесін жоспарлау;
2) Барлық тараптарға энергожүйе сенімділігінде мүмкінділі әлеуетті мәселелер бар екендігі туралы ақпарат беру.
2 Параграф. БЭЖ сенімділігін жыл сайын бағалау (БЭЖСБ)
553. ТО әр жыл сайын қарашаның аяғында жыл сайынғы БЭЖСБ-ды жүргізеді және басып шығарады. Бұл келесі күнтізбелік жылды қамтиды және әрбір айдағы берілген күннің бір сағаты ішінде энергожүйені зерттеуге негізделеді.
554. ТО елеулі өзгерістер не ТО қажетті деп санаған басқа себептер кезінде жыл сайынғы БЭЖСБ-дың қосымша жаңартылған болжамдарын жүргізеді және басып шығарады.
Ақпарат
555. Жыл сайынғы БЭЖСБ келесі ақпаратты мазмұндауы тиіс:
1) ТО көрсеткен әрбір айға бір сағат пен тәулік ішіндегі
электротұтыну болжамы;
2) Сенімділік стандарттарын қамтамасыз ету үшін қажетті қор болжамы;
3) Қол жететін электр энергия өндірімі;
4) Көрсетілген тәуліктер ішіндегі жеткізім жоғалтуларын МВт-пен бағалау;
5) Қазақстан БЭЖ үшін сенімділік стандарттары бұзылатын кез келген есептік жағдаяттардың детальдары.
556. ТО электрондық пошта көмегімен барлық тараптар мен өкілетті органға мүмкінділі жыл сайынғы БЭЖСБ-ды басып шығарады. ТО жыл сайынғы БЭЖСБ-ды даярлау үшін қолданылатын шараны құжаттауы және бұл ақпаратты кез келген тарапқа не өкілетті органға мүмкінділі етуі тиіс.
3 Параграф. Жыл сайынғы БЭЖСБ
557. ТО әр ай сайын айдың аяқталары алдында кемінде төрт жұмыс күні бұрын ай сайынғы БЭЖСБ-ды басып шығарады. Бұл келесі күнтізбелік айды қамтиды және энергожүйені айдың үшінші сәрсенбісіндегі әр сағат ішінде және ТО көрсеткен басқа тәуліктер ішінде зерттеуге негізделеді.
558. ТО елеулі өзгерістер не ТО қажетті деп санаған басқа себептер кезінде ай сайынғы БЭЖСБ-дың қосымша жаңартылған болжамдарын басып шығарады.
559. Ай сайынғы БЭЖСБ келесі ақпаратты мазмұндауы тиіс:
1) Айдың үшінші сәрсенбісінің әрбір сағатына не ТО көрсеткен Электртұтыну болжамы;
2) Сенімділік стандарттарын қамтамасыз ету үшін қажетті қор болжамы;
3) Қол жететін электр энергия өндірімі;
4) Көрсетілген тәуліктердің әрбір сағаты ішіндегі жеткізім жоғалтуларын МВт-пен бағалау;
5) Қазақстан БЭЖ үшін сенімділік стандарттары бұзылатын кез келген есептік жағдаяттардың бөлшектері.
560. ТО электрондық пошта көмегімен барлық тараптар мен өкілетті органға мүмкінділі жыл сайынғы БЭЖСБ-ды басып шығарады. ТО ай сайынғы БЭЖСБ-ды даярлау үшін қолданылатын шараны құжаттауы және бұл ақпаратты кез келген тарапқа не өкілетті органға мүмкінділі етуі тиіс.
4 Параграф. Күнделікті БЭЖСБ
561. Күнделікті БЭЖСБ осы тарауда баяндалған тәуліктік кестені жасау және жариялау ережелеріне сай күнделікті жасақтайды және жариялайды.
562. Осы тарауда көзделінген өз міндеттемелерін орындамау не тиянақсыз орындау үшін Қазақстан Республикасындағы электр қуаты мен энергиясы рыногының қатысушылары, НО-ды, сондай-ақ ТО-ды қоса отырып, іс-қимылдағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен жасасқан шарттары ескерген жауапкершілікке ие.
7-бөлім. Жүйелі реттеу және диспетчерлеу қызметтері