ауысуға (АсЖУ) орын болмауы тиіс;
2) санақ кезеңі 00:00:00 уақыт нүктесімен жалғасады, ұлттық уақыт
стандартымен сәйкес;
3) коммерциялық есеп деректері қорын ілеспелендіру біріктірілген
қабылдағыш пен ілеспелендірілген радиосигнал арқылы жүргізілетін болады.
Коммерциялық есеп деректерін жинау әрбір циклы 461-463-тармақтарына
сәйкес деректерді сақтау құрылғыларының уақытын тексереді және
қажеттілігі бойынша түзетуі тиіс;
4) деректерді сақтау құрылғыларының ілеспелендірілуі біріктірілген
қабылдағыш және ілеспелендірілген радиосигнал арқылы жүргізіледі немесе
коммерциялық есеп деректерін жинау бөлігі сияқты іліспелендірілген
талондық сигнал жолымен жүргізілуі тиіс. Бұл ілеспелендірілген эталондық
сигнал әрбір коммерциялық есеп деректерін жинау кезінде автоматты түрде
берілуі тиіс;
5) әрбір деректерді сақтау құрылғылары бойынша хронометраж бойынша
қателіктер шегі әрбір диспетчерлеу кезеңі ішінде ілеспелендіру
қателесулері есебімен 0,1% шегінде болады Коммерциялық есеп деректері
Астана қысқы уақытының +/-1 секунды шегінде белгіленуі тиіс;
6) әрбір сынақ кезеңінің басы Астана қысқы уақыты +-1 секунд шегінде
болуы тиіс;
7) әрбір санау кезеңінің ұзақтығы +-0,1% шегінде болуы тиіс, бұл
кезеңде болатын үйлесімдік уақытын қоспағанда;
8) деректерді сақтау құрылғыларымен коммуникация қателесулері
есебімен хронометраж бойынша жалпы қателіктер шегі 10 күнге дейін ұзақтық
кезеңімен мынандай болуы тиіс:
Астана қысқы уақыты +- 10 секунд шегінде сұрату әр кезеңі
қатынасында;
үйлесімдік уақыты сұраным кезіне келген жағдайларды қоспағанда,
+-0,1% шегінде әрбір сұраныс кезеңі ұзақтығы қатынасында.
476. ТО коммерциялық есеп кешенінің техникалық сипаттамаларын
бекіту, тексеру, сондай-ақ, коммерциялық есеп есептеуіштерін және өлшеу
трансформаторларын түгендеу мониторингын өткізуге, тест және нәтижелерді
талдау жүргізуді қамтамасыз етеді. ТО коммерциялық есеп кешеніне оның осы
коммерциялық есеп тарауына сәйкестігін тексеру үшін дүркін-дүркін тексеру
жүргізуі тиіс. Аталған тексерістер 481-тармақта көрсетілген бақылау
тестілері бойынша талаптарға қосымша жүргізіледі. Дүркіндік тексеріс
жүргізу кезінде ТО коммерциялық есеп жүргізуші кез-келген ұйымды өз
агенті ретінде тарта алады.
477. Коммерциялық есеп кешендерінің бар параметрлерін өзгерту тек
қана оған уәкілеттігі бар тұлғалармен жүргізіледі, өзгерістер
енгізілетіннен бұрын ТО-мен келісілген және есепте көрсетілген болуы
тиіс.
478. Барлық коммерциялық есеп жүргізуші ұйымдар осы Ережелерде
аталған коммерциялық есеп тарауында талап етілетін қызметтер жөніндегі
мамандандырылған жұмыстарды орындауға қабілетті болулары тиіс және
уәкілетті органмен аккредиттелінген болуы қажет.
479. Өлшеу аппаратуралары коммерциялық есепке қойылатын
қателіктердің дәлдігі мен баламалы талаптарға сәйкестендіру үшін
МЕМСТАНДАРТ-пен әзірленген стандарттарға сәйкес түгенделуі және
аттестациялануы тиіс.
480. Барлық коммерциялық есептеуіштер келесілерден өтуі керек:
1) бастапқы түгендеу
Барлық коммерциялық есеп есептеуіштері коммерциялық есеп талаптарына
сәйкес коммерциялық операциялар басталғанға дейін түгенденделуі және
коммерциялық есепке сәйкестілігіне МЕМСТАНДАРТ-пен аттестациялануы тиіс.
Аталған түгендеу МЕМСТАНДАРТ-пен аттестацияланған кез-келген коммерциялық
есеп жүргізуші ұйыммен жүргізіледі. ТО-дың техникалық инспекция жүргізу
үшін растау актілер мен тексеру мөлшерлеуінің хаттамалары нысанында,
сондай-ақ, коммерциялық есеп есептеуіштерінің олардың дәлдік сыныбына
сәйкестілігін растайтын түгендеме сертификаты болуы тиіс. Тексеріс
нәтижелері, сондай-ақ, түгендеу сертификаттары ТО-ға коммерциялық есеп
тіркеліміне тіркеу үшін беріледі.
2) дүркіндік түгендеулер және тестілеу
Коммерциялық есептің статикалық есептеуіштері әрдайым сыналады,
қажеттілігі бойынша түгенделеді және тест тапсырады, сондай-ақ
481-тармақта көрсетілген интервалға сәйкес. Техникалық Оператор
коммерциялық есеп жүргізуші кез-келген ұйымға түгендеме жүргізуді тапсыра
алады.
481. Коммерциялық есеп есептеуіштерін түгендеу интервалы және
тестілеу.
Түгендеулер 372-373-тармақтарда көрсетілген қателіктер лимитінде
жазылған шеңберде пайдалану жүргізілетінін тексеру үшін белгіленген
интервалдармен сәйкес жүргізіледі. Түгендеу аралықта төмендегі
интервалдар келтірілген. Барлық түгендеу және тест өткізу күні және
нәтижелері ТО-ға коммерциялық есеп тіркеліміне тіркеу үшін ұсынылуы тиіс.
Кей кезде жоспарланғаннан басқа қосымша айрықша сынақтар қажет етілуі
мүмкін.
"Түгендеу интервалы және тестілеу" кестесі
Жалғанымдар 500кВ және 210-110кВ, 35-0,4кВ, қатары жоғары, генераторлар генераторлар генераторлар 50-ден 50МВт жыл 200МВт және 200МВт-ға жоғары жыл дейін жыл |
Коммерциялық есеп 6 6 6 статикалық есептеуіштерінің қайта түгендеу интервалы Тестілеу интервалы 2 3 3 |
482. Барлық өлшеу трансформаторлары мынадан өтеді:
1) бастапқы түгендеу
Жаңа өлшеу трансформаторлары МЕМСТАНДАРТ-тың және ЭЖЕ-нің
коммерциялық есеп тарауына талаптары мен айрықшалықтарына сәйкес
кез-келген телімде коммерциялық пайдалануға енгізуге дейін түгенделеді.
ТО тексеру жүргізуге растауы сынақтар нәтижесі түрінде, сондай өлшеу
трансформаторларының дәлдік сыныбын сәйкестілігін растау үшін түгендеу
сертификаты болады. Аталған ақпарат ТО-ға коммерциялық есеп тіркеліміне
енгізу үшін беріледі.
2) кезеңді түгендеулер және тестілеу
Өлшеу трансформаторлары үшін кезеңді түгендеулер 12 жылда бір рет,
ал тест - 6 жылда 1 рет болады.
483. Барлық деректерді сақтауға арналған құрылғыларда мыналар бар:
1) бастапқы түгендеу;
Деректерді сақтауға арналған жаңа құрылғылар МЕМСТАНДАРТ және осы
ЭЖЕ коммерциялық есеп тарауының талаптарына сәйкес кез келген терімде
оларды коммерциялық пайдалануға енгізуден бұрын түгенделеді. Аталған
ақпарат ТО-ға коммерциялық есеп тіркеліміне енгізілуі үшін ұсынылады.
2) дүркіндік тестілеулер;
Деректерді сақтау құрылғылары үшін кезеңдік тестілер анық сынақтарды
бағдарламалық қамтамасыз ету өзгерістерін есепке алмағанда, алты жылда
бір рет өткізіледі.
484. Орнату орнындағы тексерулер келесі мақсаттар үшін жүргізіледі:
1) коммерциялық есеп кешенінен деректерді пысықтау және сақтау
орталықтарына (ОДБ, АДБ) дейінгі жеткізу арналары қателіктерін анықтау.
Есептеуіштер көрсеткіші мен деректерді сақтау құрылғылары көрсеткіштері
арасындағы есепті уақыт интервалы үшін айырмашылықтар 0,1% аспауы керек.
Егер электр энергиясын өлшеу қателігі бұл көлемнен асса, онда акт
жасалады және өлшеу қателіктерін жою бойынша шаралар жоспары әзірленеді.
Электр энергиясын есепке алу кешендерін орнату жеріндегі тексеру жыл
сайын барлық есепке алу нүктелері үшін жүргізіледі;
2) коммерциялық есеп кешеніндегі және оған байланысты жабдықтар
ахауларын немесе коммерциялық есеп кешендерін кез келген түрде қылмыстық
пайдалану, соның ішінде пломба және белгі, дәлелдеудің жоқтығы;
3) коммерциялық есеп кешенінің және оған байланысты жабдықтар
қауіпсіздігінің жоқтығы.
485. Барлық ыңғайсыздықтар 484-тармақтың (1)-ден (3)
484-тармақшалары бойынша сәйкес анықталған, тез арада рыноктың ТО-на
486488-тармақтарға 486. Қателіктер немесе қателіктер анықталған жағдайда ТО келесі
шараларды бастайды:
1) 24 сағат ішінде жауапты тарапты, электржелілік компанияны,
коммерциялық есепті жүзеге асыратын ұйымды хабарландырады;
2) қажет болған жерде жергілікті коммерциялық есеп есептеуіштерінен
көрсеткіштер жинау туралы өкім береді;
3) жауапты кәсіпорынға 472-473-тармақтарға сәйкес мәселелерді
зерттеу және жою туралы өкім береді.
487. 476-488-тармақтарға сәйкес жүргізілген сынақ немесе тексеру,
коммерциялық есеп кешенін сынау 373-374-тармақтарда көрсетілген
қателіктер шамаларынан жоғары қателіктер көрсетсе, ал ТО қателіктерін
қашан болғанын анық білмесе, онда қателіктер ең соңғы сынақ пен
коммерциялық кешен есебі уақыт дәлдігіне талаптарға сәйкес екендігін
растаған инспекциялар арасындағы кезеңде болды деп саналады.
488. Егер есеп деректерін ауыстыру талап етілсе, жоғарыда
көрсетілгендей, онда ТО қате кетті деп саналатын кезең үшін қателерді
түзету үшін 465-470-тармақтарына сәйкес есеп деректерін ұсынуы тиіс.
489. Барлық коммерциялық есепті жүзеге асыратын ұйымдар төменде
көрсетілген міндеттерді орындаудан бұрын МЕМСТАНДАРТ-пен коммерциялық
есепті жүзеге асыратын ұйым ретінде уәкілетті және аккредитацияланған
болулары қажет.
490. Коммерциялық есепті жүзеге асыратын ұйымдар келесі атқарымдарды
орындауды растаулары қажет:
1) жобалау, қондыру, пайдалануға беру, сондай-ақ, аталған
коммерциялық есеп тарауында айтылған дәлдікке талаптарға сәйкес,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасына басымдықты шараларға сәйкес
коммерциялық есеп жүйелерін түгендеу;
2) түгендеу, құжаттамалар және параметрлерді орнату;
3) коммерциялық есеп кешендеріне және коммерциялық есеп жүйелеріне
техникалық қызмет көрсету мен тексеру;
4) сынақ және коммерциялық есеп кешендерін қайталап түгендеу.
491. Барлық коммерциялық есеп жүйелерін жобалау, орнату, пайдалану,
техникалық қызметтеу, сынау, түгендеу және жаңарту, сондай-ақ байланыс
арнасы мен деректерге қол жеткізушілік шығындарын кешен және коммерциялық
есеп жүйелерінің иелері көтереді.
6-бөлім. Тәуліктік кестені жасау және сенімділікті бағалау
9-тарау. Тәуліктік кестені жасау және сенімділікті бағалау
492. Осы тарау тәуліктік кестені жасау мен сенімділікті бағалау және НО, ТО мен көтерме рыногының қатысушылары жедел жоспарлау кезінде қолдануы үшін шаралар ретін айқындайды. Онда НО-ның тәуліктік кестелеу процесі және оның тәсімдік пен жұмыс шектеулерін ескере отырып, ТО-мен келісімі егжей-тегжейлі сыйпатталған.
493. Энергожүйенің тәуліктік кестесін және сенімділік бағалауын жасау электр энергиясы рыногын ұйымдастырумен және атқарымдаумен тығыз байланысты. Тұтастай алғанда, өндіруші қондырғылар үшін тәуліктік кестені энергоөндіруші ұйым қолма-қол электр энергиясының орталықтандырылған рыногындағы (спот-рыноктағы) жұмысы туралы екіжақты келісім-шарттарда немесе келісімдерде көрсетілген келісімдік міндеттемелер негізінде жасалады. Рынокқа қатысушылардың бастапқы түзімдері негізінде НО және ТО жүйелік балансы мен электр энергиясының жоспарланған ағындарын сенімді жеткізілуін қамтамасыз етеді.
494. Бұл бөлім төменде келтірілгенді айқындайды:
1) Қазақстан Республикасы БЭЖ-нің жедел түзімдегі сенімділік бағалауын рынок қатысушылары ұсынатын кестелерді қолдана отырып жеңілдетеді;
2) РО мен ТО-ға пара-пар резервтерді беру жолымен сенімді де сапалы жеткізілім мен қуаттың жүйелік балансын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ электр энергиясының жоспарлы ағындарын сенімді жеткізуді қамтамасыз етеді;
3) Қуат бейбаланстарын /тепе-теңсіздігін/ және сол бойынша өзара есеп айырысуларды айқындауға ықпал етеді;
4) Қазақстан Республикасы БЭЖ-нің орташамерзімдік және ұзақмерзімдік мезгілдегі жұмыс сенімділігін бағалайды.
495. Бұл бөлім келесі қатысушыларға жатқызылады:
1) ТО;
2) НО;
3) Электр қуаты мен энергиясы көтерме рыногының (ЭҚЭКР) барлық қалған қатысушылары.
496. Қазақстан Республикасының электр энергия мен қуаты рыногындағы субъектілердің өндіру мен тұтыну тәуліктік кестесі ҚР БЭЖ-дегі электр энергия мен қуатты өндіру, жеткізу және тұтыну түзімдерін электр энергиясы мен қуатын сатып алу-сату және жеткізу шарттарына сәйкес реттелімдейтін негізгі құжат болып табылады.
497. Тәуліктік кесте Қазақстан Республикасының электр қуаты мен энергиясы рыногындағы қатысушылар арасында жедел шарттарды атқару, қолма-қол электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында жасасылған мәмілелерді орындау, сондай-ақ электр энергияның және қуаттың келісімдік ағындарының нормативтік сапасын қолдау жөніндегі жағдайлар жасау үшін жасақталады. Барлық жасақтамалар ҚР БЭЖ-де 50 Гц атаулы жиілігін өндіру мен тұтыну балансын қолдау шартымен жүргізіледі.
498. ЭҚЭКР қатысушылары - электр энергиясын сатып алушылар (тұтынушылар) қолма-қол электр энергиясының орталықтандырылған саудасында жедел жасасылған екіжақты шарттар мен мәмілелерді ескере отырып, электр энергиясы мен қуатын тұтыну кестелерін жоспарлайды, сондай-ақ электр энергиясын сатып алу-сатуға екіжақты жедел шарттар бойынша электр энергиясы жеткізілімін жүзеге асыратын энергоөндіруші ұйымдармен электр энергиясын жеткізілімдеуді дер кезінде келіседі.
499. ЭҚЭКР қатысушылары - энергоөндіруші ұйымдар қолма-қол электр энергиясының орталықтандырылған саудасы бойынша жедел жасасылған екіжақты шарттар мен мәмілелер негізінде, өзіндік мұқтаждар шығынын ескере отырып, электр энергиясын өндіру мен жеткізілімдеудің тәулік сайынғы сағат бойынша кестелерін жасайды, оларды сатып алушылармен (сатушылармен) келістіреді және белгіленген тәртіппен НО-ға тапсырады.
500. Тұтынушылармен (сатып алушылармен) келісілген, қолма-қол электр энергиясының орталықтандырылған саудасында жедел жасасылған шарттары мен мәмілелері негізінде жасалған ЭӨҰ-дың Кесте-өтінімдері (шет мемлекеттердің ЭӨҰ-н немесе өз құрамында энергоөндіруші ұйымдар бар компанияларды қоса отырып) тәуліктік кестені түзілдірудің бастапқы деректері болып табылады.
501. ЭӨҰ-дың электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет көрсетулерге төлемегені үшін тұтынушыларды шектеуге өтінімі де, егер бұл электр энергиясын жеткізу шартында ескерілсе, тәуліктік кестені түзілдіру үшін бастапқы деректер болып табылады.
502. Келісімдік нысанда ТО оларды жөндеудің жылдық және айлық кестесімен бірге НО-ға 220-1150 кВ желілері бойынша ұйғарынды қуат ағындарын жыл басына дейін бір ай бұрын және тиісінше ай басталарға дейін 5 күн бұрын жеткізеді.
503. Есептіктіктің алдындағы тәуліктің 10-00 сағатына дейін ТО келесі тәулікте НО-ға 220кВ-1150кВ желілері бойынша қондырылған ұйғарынды қуат ағындарын жеткізеді;
504. Жөндеуге өтінім рұқсатына дейін үш күн бұрын ТО көтерме рыногының субъектілерін 220кВ-1150кВ желілері бойынша алдағы болатын жөндеу мен жөндеу тәсіміндегі қуат ағындарының шектеулері туралы хабардар етеді.
505. Энергоөндіруші ұйымдардың тұтынушылармен (сатып алушылармен) келісілген Кесте-өтінімдері және энергожеткізуші ұйымдардың электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет көрсетулерге төлемегені үшін тұтынушыларды шектеу жөнінде өтінімдері НО-ға тәулік сайын электрондық пошта арқылы көшірмелік растаумен операциялықтың алдындағы тәуліктің 11-00 сағатына дейін НО белгілеген нысан бойынша беріледі (жеті (7) тәулікке дейінгі мезгілге күші бар өтінім беруге рұқсат етіледі). Егер көрсетілген мерзімге дейін НО-ға өтінім тапсырылмаса, тәуліктік кесте соңғы берілген өтінім негізінде түзіледі.
506. Электр энергиясының бөлшек сауда рыноктарына электр энергияны жеткізілімдеуді жүзеге асыратын аймақтық энергоөндіруші ұйымдардың өтінімдерін НО-ға ТО-дың аймақтық диспетчерлік орталықтары операциялықтың алдындағы тәуліктің 11-00 сағатына дейін НО белгілеген нысан бойынша тапсырады.
507. Қысқаша электр энергиясын көтерме рыногында сатып алу/сатуға өтінімдерін беру мен қарастыруы реттелімі төменде келтірілген кестеде баяндалған:
ҚР БЭЖ жүктемесінің тәуліктік кестесін жасау реттелімі
р/с Атауы Аяқталу Шараларды Шаралары уақыты* жүргізетін ұйым |
Желінің Нақтылы Кескіні бойынша НО-ға 10-00 Техникалық келесі күні деректер тапсыру Оператор 1. Электржелілік компаниялардың ЭӨҰ 11-00 ЭӨҰ электр энергиясын жеткізілімдеудің кесте-өтінімдерін беруі 2. Энергожеткізуші ұйымдардың электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет көрсетулерге төлемегені үшін тұтынушыларды шектеу жөнінде НО-ға өтінімдер беруі. 3. Аймақтық энергоөндіруші ұйымдардың 11-00 АДО электр энергиясын бөлшек сауда рыноктарына жеткізіліміне НО АДО-ның өтінімдер беруі 4. Өндірістің тәуліктік кестесінің 15-00 НО жобасын түзілдіру және оны ТО-ға жеткізу Тәулік Кестесінің Жобасын талдау 16-30 ТО Түпкілікті Тәулік Кестесінің келісімі 17-00 НО/ТО Түпкілікті Тәулік Кестесінің келісімін 17-00 НО жариялау |
508. Энергоөндіруші ұйымдар кесте-өтінімдерінің, сондай-ақ тәуліктік
кестесінің нысаны мен мазмұны НО-мен айқындалады.
Мұнда энергоөндіруші ұйымдардың кесте-өтінімдері жедел шарт
жөніндегі өндірудің, нақты тұтынушылардың желісіне берудің сағат бойынша
кестесін кіргізеді, соның ішінде:
1) Электр қуатын және/немесе энергияны сауда-делдалдық ұйымдар
арқылы сатып алатын тұтынушыларға;
2) Технологиялық шығынды жабу үшін ТО-ға.
509. Тәуліктік кестені НО белгіленген тәртіппен әрбір тәулікке
жасайды және бекітеді. Ол Қазақстан Республикасының электр қуаты мен
энергия рыногындағы субъектілердің электр энергиясын өндіру, жеткізу,
жеткізілімдеу және тұтынуының бір сағат үшін орташаланған шамаларын
астаналық уақыттың 0-00 сағатынан 24-00 сағатына дейін реттелімдейді.
510. Тәуліктік кестеде мыналар көрсетіледі:
1) Қазақстан Республикасы бойынша тұтастай және соның ішінде
аймақтар мен ұлттық мәндегі жекелеген электр стансалары жөнінде
жоспарланған сағат бойынша жоспарланған өндіру;
2) Қазақстан Республикасы бойынша тұтастай және соның ішінде
аймақтар жөнінде сағат бойынша жоспарланған өндіру;
3) іргелес мемлекеттермен электр энергиясы мен қуатының сағат
бойынша жоспарланған сальдо-ағындары;
4) әрбір энергия көзінің өз мұқтаждарына электр энергия мен қуаттың
сағат бойынша жоспарланған шығыны;
5) әрбір энергия көзінің сатып алынатын электр энергиясы мен қуатын
сағат бойынша жоспарлаған көлемдері;
6) әрбір энергия көзінен оның әрбір келісім-шарттық тұтынушыға -
ЭҚЭКР субъектісіне бөле отырып, электр энергиясы мен қуат
жеткізілімдерінің сағат бойынша жоспарланған көлемдері;
7) әрбір энергия көзінен ЭҚЭКР субъектілері болып табылмайтын
тұтынушыларға электр энергиясы мен қуат жеткізілімдерінің сағат
бойынша жоспарланған жиынтық көлемдері;
8) әрбір энергия көзі үшін орталықтандырылған қолма-қол электр
энергиясының саудасында электр энергиясын сатып алу-сатудың сағат бойынша
көлемдері;
9) әрбір тұтынушының бойынша жоспарланған жүктемесі;
10) әрбір нақты жеткізілімшіден (энергия көзінен) осы тұтынушының
ЭҚЭКР субъектісінің сатып алатын электр энергиясы мен қуатының сағат
бойынша жоспарланған көлемдері;
11) осы тұтынушының - ЭҚЭКР субъектісінің орталықтандырылған
қолма-қол саудасында электр энергиясын сатып алудың сағат бойынша
көлемдері;
12) желілер мен ТО жабдығында технологиялық жоғалтуларды
қарымталауға жұмсалатын электр энергиясы мен қуаттың сағат бойынша
жоспарланған шығыны;
13) энергорынок субъектілері арасындағы алмасу қуатының сағат
бойынша мәндері;
14) ЭҚМ ПУЛ қатысушыларындағы резервтік қуаттың шамалары мен сағат
бойынша мәндері;
15) гидроэлектр стансасының жұмыс түзімі;
16) желі мен қималардың бақылау нүктелері жөніндегі қуат ағындарының
сағат бойынша мәндері.
511. НО-дың тәуліктік кестесін жасаған кезде келесі деректер
ескеріледі:
1) Қолма-қол электр энергиясының орталықтандырылған саудасында сатып
алынған/сатылған электр энергиясын жеткізілімдеу кестесі;
2) Түзімді жүргізу, апатқа қарсы және түзімдік автоматиканы баптау
шамаларын өзгерту шараларын ескере отырып, рұқсат етілген жедел өтінімдер
бойынша желінің негізгі тәсіміндегі күтілетін өзгерістерді кіргізе ТО
желісінің электр тәсімінің ағымдық және жоспарланған ахуалымен туындаған
түзімдік шектеулер;
3) гидроресурстардың рұқсат етілген шығыны;
4) Ресейдің Біртұтас энергетикалық жүйесімен (БЭЖ) және Орталық
Азияның Біріктірілген энергетикалық жүйесімен (ары қарай - БЭЖ)
келісілген мемлекетаралық ағындар;
5) Келісім-шартсыз тұтынылған электр қуаты мен (немесе) энергиясын
өтеу көлемдері;
6) Келісілген өткіндік Ресей-Ресей, Орталық Азия-Орталық Азия
ағындары;
7) ЭҚР және басқа ұқсас ұйымдардың ПУЛ резервтері.
512. Есептік жолмен анықталған электр энергия жоғалтуларының
құрылымы өзіне келесі құрамдастарын кіргізеді:
1) Электр жеткізу желілеріндегі, күштік трансформаторлар мен
автотрансформаторлардағы жүктемелік жоғалтулар;
2) Трансформаторлар мен автотрансформаторлардағы бос жүріс
жоғалтулары;
3) әуе желілеріндегі электр "тәжі" шығындары;
4) реакторлардағы шығындар;
5) қосалқы стансаның өз мұқтаждарына электр энергия шығындары;
6) қарымталаушы құрылғылардағы электр энергия шығыны;
7) өлшем кешендеріндегі жоғалтулар.
513. Әртүрлі сыныпты кернеудегі электр желілерінің тәсімдері мен
түсімдері ерекшеліктеріне сәйкес іс-қимылдағы нормативтік-техникалық
құжаттардың (НТҚ) талаптарын қанағаттандыратын не Өкілетті органмен
келісілген электр энергиясының жоғалтуларын есептеудің әдістері мен
компьютерлік бағдарламалары қолданылады.
514. Электр энергиясының жоғалтуларын нормалау тұтастай желі бойынша
не болмаса оның элементтері бойынша орындалады. Электр энергиясы
жоғалтуларының нормативтік шамасын есептеуді электржелілік компания
іс-қимылдағы нұсқаулықтар мен әдістемелер негізінде айға, тоқсанға, жылға
орындайды.
515. ТО желілері мен жабдығында технологиялық жоғалтуларды
қарымталауға электр энергиясы мен қуатының жоспарланған сағаттық шығынын
есепке алуды олардың ТО филиалдары бойынша таралуымен бірге тәуліктік