208. Ағымдағы шот бойынша операцияларды шоттағы ақша қалдықтары шегінде, жалпы тәртіпте қазынашылықтың аумақтық органдары жүргізеді.
11-Бөлім. Валюталық шоттар
1-Тарау. Жалпы бөлім
209. Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң шетел валюталарымен операцияларды жүзеге асыру кезiнде валюталық бақылау агентiнiң функцияларын орындайды.
210. Мемлекеттiк мекемелердiң шетел валютасымен жүргiзетiн операциялары Қазынашылық комитетi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде немесе ол өкiлеттеген басқа банктерде ашылған шетел валютасындағы оның банктiк шоттары арқылы iске асырылады. Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары шетел валютасымен операцияларды Қазынашылық комитетінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төлем жүйесi басқармаларында ашылған олардың шоттары арқылы жүргiзедi.
211. Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге шетел валютасында шоттар ашады. Мемлекеттiк мекемелердiң шетел валютасында ашқан және жапқан шоттары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiпте жүргiзiледi.
212. Мемлекеттiк мекемелер валюталық шоттарды ашуға деген рұқсатын ресiмдеу үшiн Қазынашылық комитетіне немесе қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларына:
осы мемлекеттiк мекеменiң шетел валютасында жасаған операцияларын негiздейтiн құжатты (мемлекеттiк мекеменiң Ережесiн, халықаралық келiсiмдi немесе Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысын);
валюталық қаражаттарды алудың және жұмсаудың заңдылықтарын белгiлейтiн құжаттарды (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысын заңдарда белгiленген тәртiпте бекiтiлген, тиiстi теңге шоттары бойынша қаржыландыру жоспарын) тапсырады.
Шоттарды ашуға деген рұқсаттың әрекет ету мерзiмi аяқталғанда валюталық шот жабылады. Бұл орайда, қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары рұқсатта көрсетiлген тиiстi шоттарда дербес - айырбастайды және аударады.
213. Қазынашылықтың қалалық, аудандық бөлiмдерiнiң шетел валютасында мемлекеттік мекемелердiң шоттарына қызмет көрсетуiнiң тәртiбi қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларының жұмыс тәртiбiмен ұқсас. Бұл орайда, барлық операциялар қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларында ашылған олардың шоттары арқылы жүргiзiледi.
214. Бюджеттiк ақшаның есебiнен конверсияланған, ағымдағы жылы пайдаланылмаған шетел валютасындағы ақша қалдықтары ағымдағы жылдың аяғына дейiн тиiстi бюджеттiк шоттарға қалпына келтiрiлуi тиiс.
Ескерту. 214-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
2-Тарау. Шетел валюталарын айырбастау жөнiндегi операциялар
215. Экспорт-импорт келiсiм-шарттары бойынша резидент еместердiң пайдасына төлем жасауды жүргiзу және бөлiнген лимиттер шегiнде сыртқы экономикалық қызметтер бойынша оларға жүктелген функцияларды орындау үшiн мемлекеттiк мекемелер ақшаны айырбастайды.
216. Ақшаны айырбастау үшiн мемлекеттiк мекемелер қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларының валюталық бөлiмдерiне мынадай құжаттарды ұсынады:
мәмiле құжатын;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 Қаулысымен бекiтiлген, Шетел валюталарын пайдалануға байланысты қызметтердi лицензиялау тәртiбi туралы ережеде көзделген жағдайлардағы лицензияларды;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі нормативтiк құқықтық кесiмдер көзделген жағдайларда тiркеу куәлiгiн;
келiсiм шарттарды, келiсiмдердi, инвойстарды, коносаменттердi және басқаларды;
"Мемлекеттiк сатып салу туралы" 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк сатып алу туралы конкурстық комиссия отырысының хаттамасын;
мемлекеттiк мекеменiң шотынан ақшаны есептен шығаруға арналған тапсырыстық төлемдi;
айырбастауға деген екі данадағы өтiнiштi (N 45-1-қосымша) тапсырады.
Ескерту. 216-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Қаржы
министрлігінің 2000 жылғы 21 маусым N 298
бұйрығымен.
217. Валюталық операциялар бөлiмiнiң жауапты атқарушысы түпнұсқаны келiсiм-шарттың көшiрмесiмен салыстырады және келiсiм-шарттың әрбiр бетiне "түпнұсқамен салыстырылды" деген белгi қояды, келiсiм-шарт қосымшасының толықтығын, келiсiм-шарттың дұрыс жасалуын, барлық банктiк реквизиттердiң бар болуын, келiсiм-шарттың әрекет ету мерзiмiн, келiсiм-шарт шарттарында көзделген және оған төлем жасау үшін қажеттi барлық құжаттардың бар болуын, "Валюталық реттеу туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына операция мазмұнының сәйкестiгiн тексередi. Келiсiм-шарттың және мәмiле құжатының тапсырыстық төлемдегi деректерге сәйкестiгiн тексередi, импорт жөнiндегi келiсiм-шартқа төлеу үшiн рұқсат визасын қояды. Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1268 қаулысымен бекiтiлген Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттiк сатып алу туралы конкурстық комиссия отырысының хаттамасын тексередi.
218. Қазынашылықтың автоматтандырылған жұмыс орнының жауапты атқарушысы жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң төлем тапсырысындағы шығыстардың бюджеттiк сыныптамасында көрсетiлген 10 таңбалы кодтың дұрыстығын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелерде - 10 таңбалы шифрлық, шығыстардың осы ерекшелiгi бойынша қаражаттар лимиттерінің бар-жоғын тексередi, "рұқсат етілдi" деген штамп бедерiмен бекiтедi және қол қояды.
Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн қазынашылықтың аумақтық органдарында жауапты атқарушы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң төлем тапсырысында көрсетiлген бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 таңбалы кодының дұрыстығын тексереді.
Ескерту. 218-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң
2002 жылғы 19 ақпанда N 71 бұйрығымен.
219. Операциялық бөлiмнiң жауапты атқарушысы қазынашылықтың автоматтандырылған жұмыс орнының жауапты атқарушысы деген рұқсат визасының, валюталық операциялар бөлiмi жауапты атқарушысының қолын, құжаттың төлем тапсырыстарындағы қолмен қол үлгiсiнiң және мөр бедерiнiң сәйкестiгiн тексередi, "тексерiлдi" деген штамп және қол қояды. Бұл орайда, мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:
N 120 "Қазақстан Республикасының республикалық бюджет шығыстары" дебет шоттары (немесе N 130 "Аудандық және қалалық бюджеттердiң қаражаттары" немесе N 141 "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетi есебiнен ұсталатын мекемелердiң ағымдағы шоттары" немесе N 142 "Жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын ағымдағы шоттар");
Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларында ашылған N 906 "Республикааралық валюталық биржада шетел валюталарын сатып алуға бағытталған шаруашылық субъектiлерінiң қаражаттары" кредит шоты.
220. Мемлекеттiк мекеме ұсынған құжаттардың негiзiнде облыстық (Алматы қалалық және Алматы облыстықтан басқа) және Астана қаласы Қазынашылық басқармасы уәкiлетті тұлғалардың қолдарымен екi данада (бiрiншi данасы күннiң құжаттарына тiгiледi, екiншiсi Х-400 электронды почта және фельдъегерлiк байланыс бойынша Қазынашылық комитетіне жiберiледi) айырбастауға (N 45-2 қосымша) өтініштi ресiмдейдi.
Ескерту. 220-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
221. "Қабылданды" немесе "қабылданбады" деген белгiсi бар валюта айырбастауға деген өтiнiмдi Қазынашылық комитетi тексергеннен кейiн қазынашылықтың облыстық және Астана қалалық басқармаларына (Алматы қалалық және Алматы облыстық қазынашылықты қоспағанда) Х-400 жабық электронды почтамен жiбередi. Қазынашылықтың облыстық, Астана қалалық басқармалары Қазынашылық комитеттен "қабылданды" деген белгiсi бар өтiмдi алған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Монетарлық операциялар департаментіне теңгелiк өтеудi төлемдiк тапсырыспен жiбередi. Бұл орайда, мынадай бухгалтерлiк жазба жасалады:
Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларында ашылған N 906 "Республикааралық валюталық биржада шетел валюталарын сатып алуға бағытталған шаруашылық субъектiлерiнiң қаражаттары" дебет шоттары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Монетарлық операциялар департаментiнде ашылған N 906 "Республикааралық валюталық биржада шетел валюталарын сатып алуға бағытталған шаруашылық субъектілерiнiң қаражаттары" кредит шоттары (реквизиттерi: ФАБ 190701103, СТТН 600400062088, 035906610 шот - еркiн айырбасталатын валюталарды сатып алу үшін, 906412-шот - шектеулi айырбасталатын валюталарды сатып алу үшiн).
Ескерту. 221-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
222. Қазынашылық комитетiнде жабық электронды почта бойынша төлемдердi қабылдау жөнiндегi жауапты атқарушы криптографиялық қорғаныстың барлығын тексереді, криптографиялайды және "криптографияланды" деген белгi, күнi мен қолын қояды.
Конвертациялық операциялар жөнiндегi жауапты атқарушы өтiнiштегi деректемелердiң толықтығы мен дұрыстығын операцияның мақсаты мен мазмұнын, өтініште операцияларды жүргiзу үшін негiздемедегi сiлтеменiң болуын тексередi, "тексерiлдi" деген белгi, күні мен қолын қояды.
Ұсынылған өтініштердiң ресiмделуінің дұрыстығын тексергеннен кейiн Қазынашылық комитетi екi данада айырбастауға өтiнiш (N 46 қосымша), сондай-ақ уәкiлеттi тұлғалардың қолдарымен екi данада тiзiмiн (N 47 қосымша) жасайды, көрсетiлген өтініштер Х-400 жабық электронды почта бойынша және факсимильдi байланыс бойынша (түпнұсқа - фельдъегерлiк байланыс бойынша) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментіне жiберiледi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Монетарлық операциялар департаментi шетел валютасын айырбастайды және валюталардың түрлерiне байланысты Қазынашылық комитетiнiң корреспонденттiк шоттарына есепке алады. Бұл ретте, олар бойынша теңгелiк жабу Монетарлық операциялар департаментімен алматы уақытымен операциялық күннiң 15 сағатына дейiн түсетін өтiнiш сол күні орындалады. Олар бойынша теңгелiк жабу 15 сағаттан кейiн түсетiн өтiнiш келесi операциялық күнi орындалады.
Ескерту. 222-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
223. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Монетарлық операциялар департаментiнен дербес шоттан жазба алғаннан кейiн Қазынашылық комитетi қазынашылықтың облыстық (Алматы қалалық және Алматы облыстық қазынашылықты қоспағанда) және Астана қалалық басқармаларының шоттарына шетел валютасымен қаражаттарды есептеу операцияларын жүргiзедi.
224. Қазынашылық комитетiнен алынған шоттағы жазба бойынша қазынашылықтың облыстық (Алматы қалалық және Алматы облыстық қазынашылықты қоспағанда) және Астана қалалық басқармалары мемлекеттiк мекемелердiң валюталық шоттарына шетел валютасында қаражаттарды есепке алу бойынша операцияларды жүргiзеді.
225. Отыз банктiк күн iшiнде, iшкi валюта рыногында айырбасталған валюталық қаражаттарды мемлекеттiк мекемелер пайдаланбаған жағдайда қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары қайта айырбастайды.
3-тарау. Шетел валютасын қайта айырбастау жөніндегi
операциялар
Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы
министрлігінің 2000 жылғы 21 маусым N 298
бұйрығымен.
226. Мемлекеттiк мекемелер шетел валюталарын сату кезiнде қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларына қайта айырбастауға деген өтiнiмдi (N 48-қосымша) екі данада ұсынады:
1-данасы қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларының күн құжаттарында тiгiледi;
"қабылданды" деген белгiсi бар 2-данасы мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
227. Валюта бөлiмiнiң жауапты атқарушысы валюталық шотты ашу кезiнде лимиттердi таратушы берген рұқсаттардың шарттарына операциялардың мәнiнiң сәйкестiгін, қол үлгiлерiнiң және мөр бедерiнiң құжаттарымен өтiмдігi қолдың сәйкестiгiн тексередi және бухгалтерлiк жазба жасайды:
N 070 "Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы ағымдағы шоттары (ЕАВ)" дебет шоттары, (N 160 "Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы ағымдағы шоттары (ШАВ)") N 118 "Iшкi валюталық рынокта сатуға арналған шетел валютасындағы қаражаттар бойынша тосқауыл қойылған шоттар (ЕАВ)" кредит шоттары, (N 688 "Iшкi валюталық рынокта сатуға арналған шетел валютасындағы қаражаттар бойынша тосқауыл қойылған шоттар (ШАВ)").
228. Мемлекеттiк мекемелердiң өтiнiмдерi негiзiнде қазынашылықтың облыстық (Алматы қалалық және Алматы облыстық қазынашылықты қоспағанда) және Астана қалалық басқармалары өкiлеттi тұлғалардың қолы қойылған өтiнiмдi Қазынашылық комитетіне ұсынады.
229. Қазынашылық комитетінде құжаттарды жүргiзудiң тәртiбi соңғы абзацты қоспағанда, 222-тармақпен бiрдей.
Сондай-ақ облыстық (Алматы қалалық және Алматы облыстықтан басқа) және Астана қаласының Қазынашылық басқармаларындағы шотта ақшаның бар-жоғы тексерiледi.
Ескерту. 229-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы
министрлігінің 2000 жылғы 21 маусым N 298
бұйрығымен.
230. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкпен, дербес шоттан жазба алғаннан кейiн Қазынашылық комитетiнде бухгалтерлiк жазба жасалады:
N 284 "Банктiң бас мекемесiнде ашылған банк филиалдарының шетел валютасындағы қосалқы корреспонденттiк шоттары" дебет шоттары N 072 "Шетел валютасындағы ностро шоттары (ЕАВ)" кредит шоттары, (N 158 "Шетел валютасындағы ностро шоттары (ШАВ)").
231. Қазынашылық комитеттен, дербес шоттан жазба алғаннан кейiн қазынашылықтың облыстық (Алматы қалалық және Алматы облыстық қазынашылықты қоспағанда) және Астана қалалық басқармаларында бухгалтерлiк жазба жасалады:
N 118 "Ішкi валюта рыногында сатуға арналған шетел валютасындағы қаражаттар бойынша тосқауыл қойылған шоттар (ЕАВ)" дебет шоттары, (N 688 "Iшкi валюта рыногында сатуға арналған шетел валютасындағы қаражаттар бойынша тосқауыл қойылған шоттар (ШАВ)")
N 283 "Бас банктегi банк филиалында, филиалдың өзiнде ашылған қосалқы корреспонденттiк шоттар" кредит шоттары.
232. Қайта айырбастаудан түскен қаражаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Монетарлық операциялар департаментi қазынашылықтың облыстық (Алматы қалалық және Алматы облыстық қазынашылықты қоспағанда) және Астана қалалық басқармаларының корреспонденттiк шоттарына жiбередi.
233. Реквизиттердiң жетiспейтiн сомаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Монетарлық операциялар департаментi Қазынашылық комитетiнiң корреспонденттік шоттарына есепке алған жағдайда, соңғысы 076 "Басқа дебиторлар мен кредиторлар" шотына жатқызылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Монетарлық операциялар департаментiне сұрауға жiберiледi. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Монетарлық операциялар департаментiнен сұрауға жауап алынғаннан кейiн 076 "Басқа дебиторлар мен кредиторлар" шотынан көрсетiлген сомалар есептен шығарылады.
Егер төлем тапсырыстарында клиенттiң атауы көрсетiлсе қазынашылықтың тиiстi облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларына жiберiлуi мүмкiн.
Салықтық төлемдер мен алымдарды қайта айырбастаудың тәртiбi осы тарауда айтылған тәртiпке ұқсас.
Ескерту. 233-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
4-Тарау. Аудару операциялары
234. Валюталық шоттан шетелдiк әрiптестерге шетел валютасында аударуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк мекемелер қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларына:
мәміле құжатын;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 Қаулысымен бекiтiлген, Шетел валюталарын пайдалануға байланысты қызметтердi лицензиялау тәртiбi туралы ережеде көзделген жағдайлардағы лицензияларды;
тiркеу куәлiгiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі нормативтiк құқықтық кесiмдер көзделген жағдайларда;
келiсiм-шарттарды, келiсiмдердi, инвойстарды, коносаменттердi және басқаларды;
"Мемлекеттiк сатып салу туралы" 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк сатып алу туралы конкурстық комиссия отырысының хаттамасын;
еркiн айырбасталатын валютада (шектеулi айырбасталатын валютадағы төлем тапсырыстарын (N 49-қосымша)) аударуға деген өтінiмдi (бұдан әрi мәтiн бойынша аударуға деген өтiнiмдi (төлем тапсырыстарын) (N 50-қосымша) екі данада ұсынады.
Ескерту. 234-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
235. Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары валюталық операциялар бөлiмiнiң жауапты атқарушысы қоса берiлген құжаттардың 217-т. ұқсастығын тексередi.
236. Ұсынылған құжаттардың негiзiнде облыстық (Алматы қалалық және Алматы облыстықтан басқа) және Астана қаласының Қазынашылық басқармалары екi данада аударуға өтiнiш (төлем тапсырысы) (N 49 қосымша) жасайды:
бiрінші данасы облыстық (Алматы қалалық және Алматы облыстықтан басқа) және Астана қаласының Қазынашылық басқармасының күн құжаттарына тiгiледi;
екiншi данасы Х-400 жабық электронды почта бойынша және түпнұсқасы - фельдъегерлiк байланыс бойынша Қазынашылық комитетіне жiберiледi.
Ескерту. 236-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
237. Қазынашылық комитетінің жабық электронды почта бойынша төлемдердi қабылдау жөнiндегi жауапты атқарушы облыстық (Алматы қалалық және Алматы облыстықтан басқа) және Астана қаласы Қазынашылық басқармасы ұсынған құжаттарда криптографиялық қорғаныстың барлығын тексередi, криптографиялайды және "криптографияланды" деген белгi, күн мен қолын қояды.
Аударма операциялары бойынша жауапты атқарушы деректемелердiң толтырылуының толықтығы мен дұрыстығын, облыстық (Алматы қалалық және Алматы облыстықтан басқа) және Астана қаласының Қазынашылық басқармасының шотында ақшаның бар-жоғын операциялардың мақсаты мен мазмұнының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестiгін, аударуды жүргiзу үшiн негiздемеге сiлтеменiң бар болуын тексередi. Тексеруден кейiн "тексерiлдi" деген белгi, күнi мен қолы қойылады.
Қазынашылық комитетiнде аударуды ресiмдеген кезде үш данада еркiн айырбасталымды валютада аударуға өтініш (ААВ-да төлем тапсырысы) және екi данада уәкiлеттi тұлғалардың қолдарымен тiзiмi жасалады. Бiріншi даналары Қазынашылық комитетінің күндiк құжаттарында қалдырылады, ал қалған даналары Х-400 жабық электронды почта, факсимильдi байланыс бойынша және түпнұсқасы - фельдъегерлiк байланыс бойынша Монетарлық операциялар департаментіне жiберiледi.
Ескерту. 237-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
238. Қазынашылық комитетінің корреспонденттiк шоттарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi шетел валютасындағы қаражаттарды есептен шығарады. Дербес шоттан алынған жазба негізiнде Қазынашылық комитетiнде шетел валютасындағы қаражаттарды есептен шығарудың бухгалтерлiк жазбасы жүргiзiледi:
N 284 "Банктiң бас мекемесiнде ашылған банк филиалдарының шетел валютасындағы қосалқы корреспонденттiк шоттары" дебет шоттары;
N 072 "Шетел валютасындағы ностро шоттары (ЕАВ)" кредит шоттары, (N 158 "Шетел валютасындағы ностро шоттары (ШАВ)").
239. Қазынашылық комитетiнен алынған дербес шоттан алынған жазба негiзiнде қазынашылықтың облыстық басқармалары мемлекеттiк мекемелердiң шоттарынан шетел валютасындағы Қаражаттарды есептен шығаруды жүргізеді:
N 070 "Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы ағымдағы шоттары (ЕАВ)" дебет шоттары, (N 160 "Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы ағымдағы шоттары (ШАВ)");
N 283 "Бас банктегi банк филиалында, филиалдың өзінде ашылған қосалқы корреспонденттiк шоттар" кредит шоттары.
240. Қазынашылықтың Алматы қалалық басқармасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Бас Алматы аумақтық басқармасында дербес корреспонденттiк шоттар бар. Сондықтан, шетел валюталарындағы операцияларды қазынашылықтың Алматы қалалық басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бас Алматы аумақтық басқармасы арасындағы жасасқан корреспонденттік қатынастар туралы келiсiм-шартқа сәйкес жүзеге асырады.
5-тарау. Мемлекеттiк мекемелердiң қолма-қол шетел валюталарын
беру тәртiбi (қазынашылықтың Астана және Алматы қалалары
басқармалары үшiн)
Ескерту. 5-тарау өзгертілді, толықтырылды және 249-тармақ алынып
тасталды - ҚР Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 21 маусым
N 298 бұйрығымен.
241. Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының Қазынашылық басқармасы мемлекеттiк мекемелердi қолма-қол шетел валютасымен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалымен "Қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргiзудiң тәртiбi туралы" Келiсiм жасайды. Қолма-қол шетел валютасы мемлекеттiк мекемелерге 137 "Елден тыс жерлерге шыққаны үшiн iссапар шығындары" шығыстардың бюджеттiк сыныптамасы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе олар өкiлеттеген банктер арқылы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi негiзiнде қазынашылықтың аумақтық органдарының арнаулы рұқсаттарымен ерекше жағдайларда басқа ерекшелiктер бойынша берiледi.
Ескерту. 241-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
242. Қолма-қол шетел валютасын алу үшiн мемлекеттiк мекемелер ағымдағы айдың 5-күнiне дейiн Астана және Алматы қалаларының қазынашылық басқармаларына келесi ай үшiн өтінімдердi ұсынады. Мемлекеттiк мекемелерден алынған өтiнiмдер негiзiнде Астана және Алматы қалаларының қазынашылық басқармалары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi филиалына қолма-қол шетел валютасын алуға деген ұсынымды тапсырады (жасасқан Келiсiмге сәйкес мерзiмдерi белгiленедi).
Ескерту. 242-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
243. Бюджеттiк шоттан қолма-қол шетел валютасын алу үшін мемлекеттiк мекеме Астана және/немесе Алматы қалаларының Қазынашылық басқармаларына айырбастауға арналған өтiнiштi, iссапарға арналған бұйрықты және қаржыландыру жоспарын ұсынады. Өтiнiштi тексергеннен кейiн Астана және/немесе Алматы қалаларын Қазынашылық басқармаларының жауапты атқарушысы 219-тармаққа ұқсас тиiстi бухгалтерлiк хаттау жүргiзедi. Бiр уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының филиалына қолма-қол шетел валютасын алу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының филиалында ашылған Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының Қазынашылық басқармаларының корреспонденттiк шотының нөмiрін көрсете отырып айырбастауға өтініш бередi. Ұлттық Банктiң Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының филиалының жауапты атқарушының рұқсат берген қолын алғаннан кейiн Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының Қазынашылық басқармасы теңгелiк жабуды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Монетарлық операциялар департаментiне аударады бұл ретте, 221-тармаққа ұқсас бухгалтерлiк хаттау жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Астана қаласындағы және/немесе Алматы қаласындағы филиалы Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының Қазынашылық басқармаларының өтініштерiнiң негiзiнде уәкiлетті тұлғалардың қолдарымен айырбастауға өтінішті ресiмдейдi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментіне ұсынады.
Ескерту. 243-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
244. Монетарлық операциялар департаментi шетел валютасындағы айырбасталған қаражаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалында ашылған Астана және Алматы қалаларының қазынашылық басқармаларының корреспонденттiк шоттарына жолдайды.