245. Қазынашылықтың Астана және Алматы қалалық басқармаларының шоттарына шетел валютасында қаражаттар түскеннен кейін соңынан мемлекеттiк мекемелердiң валюталық шоттарына қаражаттарды есепке алу жөнiндегi операцияларды жүргiзедi. Бұдан әрi мемлекеттік мекеме Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының Қазынашылық басқармасына белгiленген тәртiппен ресiмделген қолма-қол шетел валютасын алуға сенімхат ұсынады.
Қазынашылықтың Астана және Алматы қалалық басқармалары ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "филиалындағы қолма-қол шетел валютасын алуға деген өтiнiмдi және мемлекеттiк мекемелердiң сенiм бiлдiрген адамға берген сенiмхатын ресiмдейдi.
Ескерту. 245-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
246. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалы қолдың үлгiлерiмен ұсынылған құжаттарды тексередi, қолма-қол шетел валютасын бередi және Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының Қазынашылық басқармасының шоттарынан шығыстардың сомаларын есептен шығарады.
Ескерту. 246-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
247. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнен дербес шоттан жазба алғаннан кейiн қазынашылықтың Астана және Алматы қалалық басқармаларының шоттарынан көрсетiлген соманы есептен шығаруды жүзеге асырады:
N 070 "Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы ағымдағы шоттары (ЕАВ)" дебет шоттары, (N 160 "Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы ағымдағы шоттары (ШАВ)");
N 072 "Шетел валютасындағы ностро шоттары (ЕАВ)" кредит шоттары, (N 158 Шетел валютасындағы ностро шоттары (ШАВ)".
248. Пайдаланылмаған шетел валютасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалының кассасы арқылы қайтаруға жатады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң филиалының белгiсi қойылған кiрiс ордерінің бiр данасы Астана қаласы және/немесе Алматы қаласының Қазынашылық басқармасының валюта бөлiмiне берiледi. Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары дебет шоттардан жазбаларды алғаннан кейiн мемлекеттiк мекемелердiң шоттары бойынша бухгалтерлiк жазбаларды жүргiзедi:
N 072 "Шетел валютасындағы ностро шоттары (ЕАВ)" дебет шоттары, (N 158 Шетел валютасындағы ностро шоттары (ШАВ)";
N 070 "Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы ағымдағы шоттары (ЕАВ)" кредит шоттары, (N 160 "Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы ағымдағы шоттары (ШАВ)").
Ескерту. 248-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
249.
Ескерту. 249-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
6-Тарау. Уәкiлеттi банктер арқылы қолма-қол шетел
валютасын берудiң тәртiбi туралы
250. Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларына мемлекеттiк мекемелер:
валюта айырбастауға деген өтiнiмдi үш данада, iссапарға деген бұйрықты, шетел валютасын алуға деген сенiмхатты тапсырады.
251. Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары көрсетiлген құжаттардың негiзiнде осы шот ашылған уәкілеттi банктiң облыстық басқармасындағы қолма-қол қаражаттар бойынша корреспонденттiк шоттардың нөмiрлерiн көрсете отырып валюта айырбастауға деген өтiнiмдi ұсынады. Бұл орайда, теңгелiк өтеу уәкiлеттi банктiң облыстық басқармасына тiкелей жолданады:
N 120 "Қазақстан Республикасының республикалық бюджет шығыстары" дебет шоттары;
Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларында ашылған N 906 "Республикааралық валюталық биржада шетел валюталарын сатып алуға бағытталған шаруашылық субъектiлерiнiң қаражаттары" кредит шоттары.
Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларында ашылған N 906 "Республикааралық валюталық биржада шетел валюталарын сатып алуға бағытталған шаруашылық субъектiлерiнiң қаражаттары" дебет шоттары;
Өкiлеттi банктiң облыстық басқармаларында ашылған N 906 "Республикааралық валюталық биржада шетел валюталарын сатып алуға бағытталған шаруашылық субъектiлерiнiң қаражаттары" кредит шоттары.
252. Өкiлеттi банктен алынған, дербес шоттан жасалған жазбамен қолма-қол қаражаттар бойынша корреспонденттiк шоттарға валюта айырбастағаннан және есепке алғаннан кейiн бухгалтерлiк жазба жасалады:
N 072 "Шетел валютасындағы ностро шоттары (ЕАВ)" дебет шоттары, (N 158 Шетел валютасындағы ностро шоттары ((ШАВ)");
N 070 "Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы ағымдағы шоттары (ЕАВ)" кредит шоттары, (N 160 "Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы ағымдағы шоттары (ШАВ)").
253. Мемлекеттiк мекеме берген сенiмхат негiзiнде, бiр мезгілде, қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларының уәкiлетті тұлғасы қол қойған қолма-қол қаражаттарды бенефициярдың атына сенімхатты ресімдейді. Сенім білдірілген тұлға келгеннен кейін өкілетті банктің облыстық басқармасы оған қолма-қол шетел валютасын береді. Өкілетті банктен алынған шоттан жазба алынғаннан кейін қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларында бухгалтерлік жазба жасалады:
N 070 "Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы ағымдағы шоттары (ЕАВ)" дебет шоттары, (N 160 "Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы ағымдағы шоттары (ШАВ)");
N 072 "Шетел валютасындағы ностро шоттары (ЕАВ)" кредит шоттары (N 158 Шетел валютасындағы ностро шоттары (ШАВ).
Мемлекеттік мекеменің сенімді тұлғасы келмеген жағдайда шетел валютасындағы қаражат қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларының және өкілетті банктің арасындағы жасасқан келісім-шартпен белгіленген тәртіпке сәйкес қайтарылады. 248-т. ұқсас бухгалтерлік жазба жасалады.
11-1-бөлiм. Мемлекеттiк борышты, мемлекеттiк бағалы қағаздарды төлеу
жөніндегi төлемдердi жүргiзу және электронды құжаттарды
беру үшiн депозиттердi терминал арқылы орналастыру
Ескерту. 11-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
1-тарау. Сыртқы борышты (негiзгi борыш, проценттер, өзгелер) төлеу
253-1. Сыртқы борышты төлеу үшін Үкiметтiк борыш пен резервтi жоспарлау, оған қызмет көрсету басқармасы Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына Қазынашылық комитетi Төрағасының немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның рұқсат берген қолымен ақы төлеуге өтініш (N 50-1 қосымша) бередi.
Сыртқы борышқа ақы төлеуге арналған өтiнiштiң негiзiнде Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы қарапайым нысанда лимиттердi ашуға өтініш жасайды және оны Республикалық бюджеттiң атқарылуы басқармасына ұсынады. Лимиттердi ашуға арналған өтiнiште көрсетiлген сомаға Республикалық бюджеттiң атқарылуы басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiне қазынашылық рұқсат (N 12 қосымша) жазып бередi.
Қазынашылық рұқсаттармен бөлінген бюджет ақшасының лимиті Қазынашылық комитетінің, бюджеттік шотына түскеннен кейін Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына екi данада:
теңгені шетел валютасына айырбастауға төлем тапсырмасын (N 50 қосымша);
аударуға арналған өтiнiштi (N 49 қосымша);
шетел валютасын сатып алуға арналған өтініштi (N 46 қосымша);
ұсынылған құжаттардың тiзiмiн (N 47 қосымша) ұсынады.
Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы валюталық операциялар бөлiмінің жауапты атқарушысы ұсынылған құжаттардың ресімделуінің дұрыстығын тексереді.
Құжаттардың бiріншi даналары Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасында қалады және үш данада аударуға арналған өтiнiштi, екi данада шетел валютасын сатып алуға арналған өтінiш пен ұсынылған құжаттардың тiзiмiн ресiмдеу және теңгенi шетел валютасына айырбастауға арналған төлем тапсырысының электронды образын қалыптастыру үшiн негiз болып табылады. "Қабылданды" деген белгiсi бар құжаттардың екiншi даналары Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына қайтарылады. Төлем тапсырысының электронды образы iрi төлемдер жүйесi арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Монетарлық операциялар департаментiне электронды почта бойынша жiберiледi, бұл ретте, сыртқы борышты төлеуге арналған сома Бiрыңғай қазынашылық шоттан (889-шот) Монетарлық операциялар департаментінің шотына (906-шот) аударылады. Басқарманың жауапты атқарушысы төлем жүйелерiн тексергеннен кейiн төлем тапсырысының электронды образы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментiне берiледi. Шетел валютасын сатып алуға арналған өтiнiш, ұсынылған құжаттардың көшiрмесi мен аударуға арналған өтiнiштiң екi данасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментiне ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментi теңгенi шетел валютасына айырбастайды және оны валюталардың түрлерi бойынша Қазынашылық комитетінiң корреспонденттiк шоттарына есепке алады.
Мемлекеттік борышқа ақы төлеудi жүргiзу үшiн Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасына төлем тапсырысын (N 3 қосымша) ұсынады. Бұл ретте, мынадай бухгалтерлiк жазба жүргiзiледi:
120814 "Қазынашылық комитетінің бюджеттiк шоты" шотының дебетi;
794 "Ішкi және сыртқы мемлекеттiк борышты есептеу жөнiндегi транзиттік шот" шотының кредитi.
Бiр мезгiлде мемориалды ордерді қалыптастыра отырып екiншi жазба жүргізедi:
794 "Iшкi және сыртқы мемлекеттiк борышты есептеу жөніндегi транзиттiк шот" шотының дебетi;
120200 "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің шығыстарын көтеру жөніндегi бақылау шоты" шотының кредитi.
Операциялардың жүру шамасы бойынша Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасы банктiк жазбалар ұсынады:
120814 "Қазынашылық комитетiнiң бюджеттiк шоты" шоты бойынша Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына;
794 "Ішкi және сыртқы мемлекеттiк борышты есептеу жөніндегi транзиттiк шот" шоты бойынша Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына, бұл ретте, шоттағы қалдық нөл болуы керек. Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы мемлекеттiк борышқа ақы төлеу жөніндегi операциялардың (ақша айырбастау және аудару) жүру шамасы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетінің шоттары бойынша валюталардың түрлерiне орай Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына банктiк жазбаларды ұсынады.
2-тарау. Мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша негiзгi борышты өтеу, проценттердi және комиссиялық төлемдердi төлеу
253-2. Мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша негiзгi борышты өтеу, проценттердi және комиссиялық төлемдердi төлеу үшін Үкiметтiк борышты және резервтi жоспарлау, оған қызмет көрсету басқармасы Қазынашылық комитетi Төрағасының немесе оның орнын алмастыратын тұлғаның рұқсат етiлген қолымен қорытынды (N 50-2 қосымша) жасайды.
Қорытындыға сәйкес Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы лимиттердi ашуға өтінішін жасайды және оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң қазынашылық рұқсатын (N 12 қосымша) жазып беретiн Республикалық бюджеттiң атқарылуы басқармасына ұсынады.
Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасы қазынашылық рұқсатты есепке алғаннан кейiн Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына екi данада негiзгi борышты төлеуге, проценттер мен комиссиялық төлемдердi төлеуге төлем тапсырысын (N 3 қосымша) ұсынады. Бiріншi данасы Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына, екiншi данасы Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына "қабылданды" деген белгi қойылып қайтарылады.
Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы төлем тапсырысының негiзінде негiзгi борышты төлеудi, проценттер мен комиссиялық төлемдерді (N 3 қосымша) төлеудi жүргiзедi.
Мемлекеттiк борышқа ақы төлеудi жүргiзу үшiн Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасына төлем тапсырысын (N 3 қосымша) ұсынады. Бұл ретте, мынадай бухгалтерлiк жазба жүргiзiледi:
120814 "Қазынашылық комитетiнiң бюджеттік шоты" шотының дебетi;
794 "Iшкi және сыртқы мемлекеттік борышты есептеу жөніндегi транзиттiк шот" шотының кредитi;
Бiр мезгiлде мемориалды ордерді қалыптастыра отырып, екінші жазба жүргiзiледi:
794 "Iшкi және сыртқы мемлекеттiк борышты есептеу жөнiндегi транзиттік шот" шотының дебетi;
120200 "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің шығыстарын көтеру жөнiндегi бақылау шоты" шотының кредитi.
Операциялардың жүру шамасы бойынша Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасы банктiк жазбалар ұсынады:
120814 "Қазынашылық комитетiнiң бюджеттiк шоты" шоты бойынша Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына;
794 "Iшкi және сыртқы мемлекеттiк борышты есептеу жөнiндегi транзиттiк шот" шоты бойынша Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына, бұл ретте, 794 баланстық шоттағы қалдық нөл болуы керек.
3-тарау. Депозиттi орналастыру
253-3. Уақытша бос ақшаны Бiрыңғай қазынашылық шоттан салымдарға орналастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Депозитті орналастыруға арналған шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. Қазынашылық комитетiнiң Yкiметтік борыш пен резервтi жоспарлау, оған қызмет көрсету басқармасы Қазынашылық комитетінің Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына оның негiзiнде соңғысы уақытша бос ақшаның сомасына Бiрыңғай қазынашылық шоттан салымдарға ақша аударуға төлем тапсырысты ресiмдейтiн Депозиттi орналастыруға арналған шартты ұсынады.
Төлем тапсырысының ресiмделуiнiң дұрыстығын тексергеннен кейiн Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы Бiрыңғай қазынашылық шоттан салымдарға ақша аударуға төлем жүргiзедi және оны электронды почта бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жiбередi.
Уақытша бос ақшаны салымдарға орналастыру Шартта айтылған мерзімдерге және ережемен жүргізіледі.
12-Бөлім. Қазынашылықтың аумақтық органдарындағы операциялық жұмыс
1-Тарау. Қазынашылықтың аумақтық органдарындағы операциялық
жұмыстарды ұйымдастыру
254. Қазынашылықтың аумақтық органдарындағы операциялық жұмыстарды қазынашылықтың аумақтық органдарының басшылары бекiткен лауазымдық нұсқаулыққа сай қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларының операциялық бөлiмдерiнiң және қазынашылықтың аудандық бөлiмдерінің қызметкерлерi орындайды.
255. Қазынашылықтың аумақтық органдарында ашылатын барлық шоттар 61-н. кiтабында тiркеледi. Кiтап жiппен қайымдалуы, мастикалық мөр бедерiмен мөрленуi, оның беттерінің (парақтарының) саны операциялық бөлiм бастығының және қазынашылықтың аумақтық органы бастығының қолымен бекiтiлiп, нөмiрленуi тиiс. 61-н. кiтабын жүргiзуде компьютердi қолдануға рұқсат етiледi, бұл орайда ол айына бiр рет басып шығарылып, беттер нөмiрленедi, тiгiледi, операциялық бөлiм бастығының қолымен және қазынашылықтың аумақтық органы бастығының қолымен және мөр бедерiмен бекiтiледi.
256. Кiтапта тiркеу кезiнде әрбiр клиентке реттiк нөмiр берiлуi, ол кейiппен осы клиентке ашылатын барлық шоттарды нөмiрлеу үшiн пайдаланылады. Шоттар жабылған жағдайда кiтапқа күнi қойылады және шоттардың жабылу себебi жазылады. Жабылған шоттардың нөмiрлерi олар жабылған күннен кейiн екi жыл толғанда жаңа клиенттерге берiледi. Кiтапты қазынашылықтың операциялық бөлiмiнің, бастығы немесе оның орынбасары жүргiзедi және сақтайды.
257. Бухгалтерлiк есеп бойынша жұмыс күнiнiң бiріншi жартысында қазынашылықтың аумақтық органдарына түскен барлық есеп айырысу-ақша құжаттары қабылдауға, ресiмдеуге және көрсетуге жатады. Операциялық күн аяқталғанда түскен есеп айырысу-ақша құжаттары, тәртiптегідей келесi жұмыс күнi клиенттердiң шоттары бойынша жүргiзiледi. Есеп айырысу-ақша құжаттары баспахана тәсiлiмен не осы операциялар бойынша бланкалардың стандартты нысанымен көзделген реквизиттердi ұқсас орналастыра отырып жасалған белгiленген нысандағы стандартты бланкаларда жүргiзiледi.
258. Есеп айырысу-ақша құжаттары қазынашылықтың аумақтық органдарының басшылары бекiткен және әрбiр жауапты атқарушы бойынша жеке жасалған клиенттерге қызмет көрсету кестесiне сай есепке алу-операциялық қызметкерлерi тiкелей жүргiзедi (N 51-қосымша).
259. Республикалық және жергiлiкті бюджеттер қаражаттары есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердi есеп айырысу-ақша құжаттарын, төлем тапсырыстарының артқы бетінде рұқсат визасы және қазынашының автоматтандырылған жұмыс орнының (қаржыгердiң автоматтандырылған жұмыс орны) жауапты атқарушысы атаулы мөрінің бедерi бар болған жағдайда операциялық қызметкер атқаруға қабылдауы тиiс. Жүргiзiлген операциялардың заңдылығы, құжаттардың ресiмделуiнің дұрыстығы, оның iшiнде жазумен және санмен жазылған сомалардың, төлеушi шоттары нөмiрлерiнiң сәйкестiгi, мөр бедерi мен қолдың берiлген үлгiлерiне сәйкестiгi тексерiлгеннен кейiн ол ОПЕР енгiзу жүйесiне енгiзiледi. Операциялық қызметкердiң жұмыс орнының қолайлығын шектеу үшін пайдаланушы паролын дүркiн-дүркін ауыстыруды пайдалану қажет.
260. Дербес шоттар белгiленген стандартты нысанда екi данада басылады. Екiншi дана дербес шоттан алынған жазба болып табылады және клиентке беруге арналған. Жазба осы шот бойынша бiрiншi және екiншi қол қоюға құқығы бар тұлғаларға немесе белгiленген тәртiпте ресiмделген сенiмхат бойынша олардың өкiлдерiне берiледi. Дербес шоттан алынған жазбаларды клиент жоғалтқан жағдайда жазбаның жоғалғандығы туралы көрсетiлген, клиенттiң бастығының және бас бухгалтердiң қолы қойылған, оның мөрiмен бекiтiлген клиенттiң өтiнiшi бойынша қазынашылықтың аумақтық органының немесе оның орынбасарының жазбаша рұқсатымен ғана клиентке берiлуi мүмкiн.
261. Кредит бойынша жүргiзiлген сомалар бойынша дербес шоттардан алынған жазбаларға шот бойынша жасалған операциялар негiзінде, міндетті тәртiпте құжаттар қоса берiледi. Жазбаға қоса берiлген құжаттарға жауапты атқарушының штампы, қолы, сондай-ақ дербес шот бойынша құжаттың өткiзiлген күнi қойылады. Мiндеттi қойылған қолдарды қоспағанда мемориальдық құжаттарға (төлем тапсырыстарына, мемориальдық ордерге, чекке, инкассалық тапсырысқа, салық органдарының өкiмдерiне және т.б.) бақылау қолын қоюға құқығы бар тұлға қол қоюға тиiстi. Қосымша бақылауға жататын есеп айырысу-ақша құжаттарына деген операциялардың сомаларымен шектемей бақылау қолын қоюға (бiріншi) лауазым бойынша қазынашылықтың аумақтық органы бастығының, оның орынбасарының және операциялық бөлiм бастығының құқығы бар.
262. Баланс жасалғаннан кейiн анықталған шоттар бойынша жазбалардағы қателер жасалған түзету ордерлерінің негiзiнде, қате жасалған жазбаның шоттары бойынша керiсiнше жазбалармен (керi сторно тәсiлiмен) түзетiлуi тиiс. Мұндай жағдайларда есептен шығару клиентінің келiсiмінсiз жүргізiледi.
263. Түзету ордерлерi бiр банкте қызмет көрсететiн клиенттер бойынша үш данада (әр түрлi болса, төрт данада) жасалуы тиiс. Бiрiншi дана ордер болып табылады және операциялық бөлiмнiң күн құжаттарына қалады екiншi және үшiншi (үшiншi және төртiншi) даналар дебеттiк және кредиттiк жазбалар бойынша клиенттерге арналған хабарлама болып табылады. Ордерлерге нөмiрлер басқа құжаттардан бөлек берiледi.
Түзетілген ордердiң мәтінінде қандай құжат бойынша қате жазбаға жол берiлгендiгi көрсетiлуi тиiс, егер ол клиент өтініміне байланысты болса, онда осы өтінімге сiлтеме жасалады. Өтінім ордермен бiрге күн құжаттарында сақталады. Ордердің оң жақ жоғары бұрышына "Сторно" деген жазба жасалады. Ордерге операциялық бөлiмнің бастығы немесе оның орынбасары операциялық бөлiмнің жауапты атқарушысы оның штампының бедерiн қоя отырып қол қояды.
264. Дербес шоттағы қате жазбаның (сомасы нәтижесiнде сторнирленетiн)
тұсына түзетiлген жазбаның күнi және түзетiлген ордердiң нөмiрi көрсетіп,
"Сторлинген" деген белгi жасалуы тиiс. Бұл белгілі операциялық бөлiм
бастығының немесе түзетiлген ордерге қол қойған оның орынбасарының қолымен
расталады.
265. Клиенттерге жазба берiлгеннен кейiн жауапты атқарушыда қалған дербес шоттар әрбiр шот және күн бойынша ай бойы жиналады. Ай аяқталғанда баланстық шотқа бөлiнiп, олар жауапты атқарушы бойынша түптеледi және келесi айдың 20 айынан кешiктiрiлмей ағымдағы мұрағатқа орналастырылады.
266. Чектер мен төлем тапсырыстары құжатта көрсетiлген күндi түзетпей, жазып берген күндi қоспағанда, оларды жазып берген күннен бастап 10 күн бойы күшiнде қалады. Егер құжаттағы қолды, ондағы мөрдiң немесе жазбаның бедерiн қазынашылық күмәндi деп таныса операциялық бөлiмнiң жауапты атқарушысы чектi немесе төлем тапсырысын қабылдаудан бас тартады және бұл бас тарту үшiн жауап бермейдi. Есеп айырысу-ақша құжаттарындағы мәлiметтер мен арифметикалық есептемелердiң дұрыстығына қазынашылықтың аумақтық органы тең дәрежеде жауап бермейдi.
267. Мұндай реквизиттерi түзетiлген құжаттар сома клиенттiң атауы және оның шотының нөмiрi сияқты жарамсыз болып табылады және атқару үшін қазынашылықтың аумақтық органның қабылдауына жатпайды.
268. Қазынашылықтың жауапты атқарушыларының қол және атаулы штамптар бедерi үлгiлерiнiң операциялық немесе бақылаушы қызметкерлерге уақытылы берiлуiне қазынашылықтың аумақтық органының операциялық бөлiмiнiң бастығы қадағалауға мiндетті. Операциялық бөлiмнiң бастығы сондай-ақ, бөлiмнiң қызметкерлерi өз жұмыстарында, мысалы, қызметкерлердiң жұмыстан босауына байланысты қолданатын, жауапты атқарушылардың қол және атаулы штамптар бедерi үлгiлерiнiң тiзiлiмiне өзгерiстердiң уақытылы енгiзiлуін қадағалауға да мiндеттi.
Қазынашылықтың жауапты атқарушыларының қол және атаулы штамптар бедерi үлгiлерінің тiзiлiмiнiң бiр данасы есеп айырысу-ақша құжаттарында сол немесе басқа құқық берiлген тұлғалардың есебi үшін операциялық бөлiмнің бастығында сақталуға тиiстi. Қандай да бiр есеп айырысу-ақша құжатына қол қойған қазынашылықтың аумақтық органының қызметкерлерi оған деген құқығы болмаса да осы әрекет үшiн тәртiптiк тұрғыда жауап бередi, ал егер олардың әрекеттерiнде қылмыстық құрам бар болған жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады. Қол қоюға құқылы қызметкерлер өздерiнiң өкiлдiктерiн асыра пайдаланған жағдайда осындай тәртiпте жауапқа тартылады.
269. Жауапты атқарушы өңдеген құжаттар есептеу таспасында есептелуi, 101-н. енгiзу хаттамасына және 102-н. енгiзiлген құжаттар тiзбесіне сәйкес iрiктелуi және қайта енгiзудi бақылаушыға берiлуi тиiс. Қайта енгiзудi бақылаушы шығыс құжаттары мен операциялық бөлiмнiң барлық құжаттарын: электрондық төлем тапсырыстарын мемориальдық ордерлердi, бағдарламалық құжаттарды қалыптастыруға және басып шығаруға мiндеттi. Одан кейiн кредит бойынша да және дебет бойынша да жасаған жауапты атқарушылардың хаттамаларымен және тiзбелерiмен барлық жауапты атқарушылар бойынша қалыптастырылған жалпы 101-н., 102-н. тексердi. 101 және 102-нысандардағы өңделген құжаттардың сәйкестiгiне көз жеткiзгеннен кейін, қайта енгiзудi бақылаушы операциялық күндi жабуға кiрiсе алады.
270. Келесi күнi 100-н. "Мемориальдық құжаттарды мұқият тексеруге арналған тiзiмдемені" бойынша мұның алдындағы күн құжаттарына мұқият тексеру жүргiзiледi. Құжаттарды iрiктеудi құжаттарды қалыптастыру жүктелген қызметкер 101-н. енгiзу хаттамасына және 102-н. енгiзiлген құжаттардың тiзбесiне сәйкес жүзеге асырады. Барлық құжаттар сақталады және тiгiледi. Тiгiндiде операциялық күннiң күнi, 100-н. бойынша жалпы сомасы, тiгiндiдегi парақтардың саны, iстiң индексi, ФАБ нөмiрi көрсетiледi. Күн құжаттары бойынша тiгiндiге операциялық бөлiмнiң бастығы немесе оның орынбасары қол қояды.