Ескерту. 142-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
144. Егер бiр бағдарламаны (кіші бағдарламаны) орындау үшiн шарттар (келiсiм-шарттар) бiрнеше атқарушылармен жасалса, мұндай шарттардың (келiсiм-шарттардың) жалпы сомасы осы бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шарт жасасуға жол берiлген шеңбердегі сомадан аспауы керек.
145. Мемлекеттiк тапсырысты орындауға арналған шарт (келiсiм-шарт) мыналардан:
сандық (табиғи) және құндық мәндегi орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) көлемiнен;
егер бағдарлама (кіші бағдарлама) бiрiншi топқа жататын болса, мiндеттi түрде жасауға қазынашылықтың аумақтық органдарына ұсынуға жататын орындалған жұмыстар (көрсетiлген қызметтер) актiлерiнiң және егер екiншісiне жатса, мемлекеттiк тапсырыс құнының iс жүзiндегi көлемi мен бiрлiк санын көрсете отырып шартынан;
шарттың (келiсiм-шартың) шарттарын орындамауына тараптардың жауапкершiлiгiнен тұруы керек.
146. Қазынашылықтың аумақтық органдары шарттарды (келiсiм-шарттарды) тiркеген кезде осы Нұсқаулықтың алдыңғы тармағында аталған шарттарды болуын тексередi.
147. Орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердің) актiлерi (Бағдарламалардың I тобы) мен есеп айырысулар (Бағдарламалардың II тобы) мыналардан:
тапсырысшы мен атқарушының атауынан;
шарт (келiсiм-шарт) қолданылғаннан бастап орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) жалпы сомасынан;
атқарушыға аударылған аванс сомасынан;
орындалған жұмыстар (көрсетiлген қызметтер) бойынша бұрын актирленген сомалардан;
табиғи мәндегi уақыттың белгiлi бiр кезеңiндегі (күнi көрсетiледi) 1 топ үшiн олардың көлемдерi көрсетiле отырып орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) түрлерi мен II топ үшiн мемлекеттік тапсырыс құнының iс жүзiндегi бiрлiгiнен;
аталған жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) түрлерiн орындау үшiн атқарушы жүргiзген iс жүзiндегi шығыстар сомасынан;
қаржыландыру айына арналған бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша лимит қалдығынан аспауы керек авансты ескере отырып, орындалған жұмыстарға (қызмет көрсетулерге) ақы төлеу үшiн атқарушыға аударылуға жататын сомадан;
басшылардың қолдарынан және тапсырысшы мен атқарушының мөртаңбаларынан тұруы керек.
148. Аталған актiдегi мәлiметтердiң дұрыстығына тапсырысшы мен атқарушы жауап бередi.
149. Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы төлем тапсырысында көрсетiлген сомалардың және авансты ескере отырып, орындалған жұмыстарға (көрсетiлген қызметтерге) ақы төлеу үшiн атқарушыға аудару талап етiлетiн сомалардың сәйкестiгiне жеке бақылау жасауды жүзеге асырады.
3-Тарау. Мемлекеттiк тапсырысты
қаржыландырудың тәртiбi
150. Мемлекеттiк тапсырысты орындағаны үшiн есеп айырысулар тапсырысшының бюджеттiк шотынан атқарушының екiншi деңгейдегi банктердегi немесе қазынашылықтың аумақтық органдарындағы шотына бюджеттiк ақшаларды аудару арқылы жүргiзiледi.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) орындау үшiн әрбiр атқарушыға аванс беру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң бекiтiлген шығыстар тiзiлiмiне сәйкес қаржыландыру басталған айдың сомасынан аспайтын мөлшерде жүргiзiледi.
151. Қазынашылықтың аумақтық органдары үшiн егер бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бiрiншi топқа жатса және, егер екiншi топқа жатса - тиiстi есеп айырысулар орындалған жұмыстардың (қызмет көрсетулердiң) актiлерi ақшаны бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнiң (кез келген деңгейдегi бюджеттiк ақшаларды таратушының) бюджеттiк шотынан мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) атқарушының есеп шотына аудару үшiн негіз болады. Бұл ретте төлем тапсырысында мыналар: "Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1268 қаулысына сәйкес конкурстық рәсiмдердiң нәтижелерi бойынша ресiмделген хаттаманың нөмiрi мен күнi, шарттың (келiсiм-шарттың) нөмiрi мен күнi, мiндеттеменiң нөмiрi болуы керек.
152. Қазынашылықтың аумақтық органдары ақшаларды аударған кезде ағымдағы визуальды бақылауды (149-т. сәйкес) және тексеру жүргiзу кезiнде кейiнгi бақылауды жүзеге асырады.
3-1-тарау. 2000 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген
жекелеген республикалық бюджеттiк бағдарламаларды (кіші
бағдарламаларды) қаржыландыру тәртiбi
Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
152-1. Бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) ай сайын қаржыландыру осы тарауда белгiленген талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 16 ақпандағы N 255 қаулысымен бекiтілген Мемлекеттік бюджеттің есебiмен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге арналған бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын (мерзiмдi және жылдық) жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес жүргiзiледi.
Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын 2000 жылға арналған бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру заңнамада анықталған тәртiппен жүзеге асырылады. Мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орындалатын бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) орындауға арналған шарттар (келiсiм-шарттар) бөлінген қаржыландыру лимиттерiнiң сомасына жасалады. Бұл ретте келесi кезеңдегi шарттар (келiсiм-шарттар) бұрын жасалған шарттар (келiсiм-шарттар) толығымен орындалған жағдайда ғана жасалады.
152-2. Бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру 2000 жылдың екiншi тоқсанынан бастап кезең-кезеңiмен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Қазынашылық комитетi ағымдағы айдың 3 күніне дейін ай сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Бюджет департаментіне (бұдан әрi - Бюджет департамент) ағымдағы айдың 1 күнгi жағдай бойынша ("Салық түсімдері", "Салыққа жатпайтын түсімдер", "Капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кiрiстер", "Алынған ресми трансферттер (гранттар)" және "Бюджеттен берiлген несиелердi "өтеу" кiрiстердiң бюджеттiк сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша) республикалық бюджетке түсетін түсiмдердiң iс жүзіндегi көлемін ұсынады.
Бюджет департаментi "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекiтiлген жылдық сомадан республикалық бюджетке іс жүзінде түсетін түсiмдердiң деңгейін талдауды жүргiзедi және мынадай тәртіппен бағдарламаларды (кішi бағдарламаларды) қаржыландыруды жүзеге асырады;
бiріншi кезеңде (2000 жылғы 1 сәуiрден бастап) 2000 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң бекiтiлген түсiмдердiң жылдық сомасының кемiнде 20 пайызы көлемi кезiнде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) сәуiрде, мамырда және маусымда қаржыландыру осы айларға республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесінде (бұдан әрi - тiзiмдеме) көзделген соманың шегінде жүзеге асырылады. Егер 1 сәуiрдегi жағдай бойынша iс жүзіндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемінде 20 пайызы құрайтын болса, онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) сәуiрде қаржыландыру жүргiзiлмейдi. 1 мамырдағы жағдай бойынша iс жүзіндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемінде 20 пайызы болған кезде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) мамырда және маусымда қаржыландыру осы айларға тiзiмдемеде көзделген соманың шегiнде жүзеге асырылады. Егер 1 мамырдағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемiнде 20 пайызын құрайтын болса, онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) мамырда қаржыландыру жүргiзiлмейдi. 1 маусымдағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемінде 20 пайызы болған кезде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) маусымда қаржыландыру осы айларға тiзiмдемеде көзделген соманың шегінде жүзеге асырылады. Егер 1 маусымдағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемiнде 20 пайызын құрайтын болса, онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) мамырда қаржыландыру жүргiзiлмейдi;
екіншi кезеңде (2000 жылғы 1 шiлдеден бастап) 2000 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң бекiтiлген түсiмдердiң жылдық сомасының кемiнде 45 пайызы көлемi кезiнде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) шiлдеде, тамызда және қыркүйекте қаржыландыру осы айларға тiзiмдемеде көздеген соманың шегiнде жүзеге асырылады. Егер 1 шiлдедегi жағдай бойынша iс жүзіндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемiнде 45 пайызын құрайтын болса, онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) шiлдеде қаржыландыру жүргiзiлмейдi. 1 тамыздағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемінде 45 пайызы болған кезде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) тамызда және қыркүйекте қаржыландыру осы айларға тiзiмдемеде көзделген соманың шегінде жүзеге асырылады. Егер 1 тамыздағы жағдай бойынша iс жүзіндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемiнде 45 пайызын құрайтын болса онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) тамызда қаржыландыру жүргiзiлмейдi. 1 қыркүйектегi жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемінде 45 пайызы болған кезде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қыркүйекте қаржыландыру осы айларға тiзiмдемеде көзделген соманың шегiнде жүзеге асырылады. Егер 1 қыркүйектегi жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемінде 45 пайызын құрайтын болса, онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қыркүйекте қаржыландыру жүргiзiлмейдi.
Екiнші тоқсанның бағдарламалары (кiшi бағдарламалары) жоспарлы тағайындауларының қаржыландырылмаған қалдықтары 2000 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша iс жүзіндегi түсiмдердiң көлемi бекiтiлген жылдық соманың кемiнде 45 пайызы болған кезде үдемелi қорытындылармен үшіншi тоқсанда қаржыландырылуы мүмкін.
үшіншi кезеңде (2000 жылғы 1 қазаннан бастап) 2000 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң бекiтiлген түсiмдердiң жылдық сомасының кемiнде 72 пайызы көлемi кезінде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қазанда, қарашада және желтоқсанда қаржыландыру осы айларға тiзiмдемеде көзделген соманың шегiнде жүзеге асырылады. Егер 1 қазандағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемiнде 72 пайызын құрайтын болса, онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қазанда қаржыландыру жүргiзiлмейдi. 1 қарашадағы жағдай бойынша iс жүзіндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемiнде 72 пайызы болған кезде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қарашада және желтоқсанда қаржыландыру осы айларға тiзiмдемеде көзделген соманың шегiнде жүзеге асырылады. Егер 1 қарашадағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемiнде 72 пайызын құрайтын болса, онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қарашада қаржыландыру жүргiзiлмейдi. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемінде 72 пайызы болған кезде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) желтоқсанда қаржыландыру осы айларға тiзiмдемеде көзделген соманың шегiнде жүзеге асырылады. Егер 1 желтоқсандағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемiнде 72 пайызын құрайтын болса, онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) желтоқсанда қаржыландыру жүргізілмейді.
Екіншi және үшiншi тоқсанның бағдарламалары (кiшi бағдарламалары) жоспарлы тағайындауларының қаржыландырылмаған қалдықтары 2000 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi бекiтiлген жылдық соманың кемінде 72 пайызы болған кезде және 2000 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бекiтілген жылдық соманың кемiнде 100 пайызы көлемiнде күтiлетiн түсiмдер кезінде үдемелi қорытындылармен төртінші тоқсанда қаржыландырылуы мүмкін.
152-3. 2000 жылға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген түсiмдер жөніндегi жоспар толық көлемінде орындалмаған жағдайда бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша жоспарлы тағайындаулардың қалдығын қаржыландыру сомасы түсiмдер бойынша 1 жылға арналған жоспарды жете орындамау сомасына кемiтiлуi мүмкiн.
8-Бөлім. Мемлекеттік мекемелермен бюджеттік
ақшалардың есебінен жасалатын азаматтық-құқықтық
мәмілелерді тіркеу мен оларға ақы төлеудің және оларды
қазынашылықтың аумақтық органдарының есепке алуының тәртібі
1-Тарау. Жалпы бөлім.
153. Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алуға арналған азаматтық-құқықтық шарт жасасқан мемлекеттiк мекемелер оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi қазынашылығының аумақтық органдарында тiркейдi.
Мемлекеттiк бюджеттің қаражаты есебiнен мемлекеттiк мекемелер жасайтын, бiрақ қазынашылықтың аумақтық органдарында тiркеуден өтпеген шарттар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 155-бабының 1-тармағына сәйкес бюджеттік қаржылармен қамтамасыз етiлмейдi, жасалмаған деп саналады.
Мемлекеттiк мекемелер қарызға, жоспарлық тағайындаулар немесе бөлiнген лимиттер көлемiнен артық сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бюджеттiк ақшалар есебiнен ақы төлеуге жатпайды. Қаржыландыру жоспарынан артық сатып алғаны үшiн мемлекеттік мекемелердiң лауазымды тұлғалары белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Ескерту. 153-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң
2002 жылғы 19 ақпанда N 71 бұйрығымен.
2-Тарау. Шарттарды тiркеудiң тәртiбi
154. Мемлекеттiк мекемелер оларға қызмет көрсететiн қазынашылықтың аумақтық органына тiркеу үшiн мынадай шарттары бар шарт ұсынады:
шарт оны қазынашылықтың аумақтық органдарында тiркеген сәттен бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады (шартпен немесе заңдармен шарттың күшiне ену сәтi неғұрлым кеш мерзiм көзделмесе).
Қазынашылықтың аумақтық органдары шарттарды тiркеу кезiнде мемлекеттiк мекеме жасайтын шарт сомасының оның жылдық (бюджеттiк) тағайындауларымен не Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген оларды бюджеттiк ақшамен қамтамасыз ету дәрежесi бойынша топтарға арналған шығыстарды бөлуге байланысты оған бөлiнген бюджеттiк ақша лимиттерiне сәйкестiгiне тексеру жүргізедi.
155. Шартпен бiр уақытта мемлекеттiк мекеме қазынашылықтың аумақтық органына шартты тiркеуге арналған өтiнiм бередi (N 35-қосымша).
Шартты тiркеуге арналған өтiнiмнiң мынадай деректемелерi:
қазынашылықтың аумақтық органының атауы;
мемлекеттiк мекеменiң атауы мен жетi мәннен тұратын коды (бiрiншi үшiн мән - бюджеттiк бағдарламалар әкiмшісiнiң коды, қалған төрт мән - ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекеменiң коды);
өтiнiмнiң нөмiрi мен оны толтырған күнi:
шарттың нөмiрi;
шарттың атауы;
бюджеттiк жiктеме кодын көрсете отырып, теңгемен шарттың сомасы
("Шарт сомасы _______ теңге" және "Ағымдағы жылға арналған сома_______
теңге" жолдары бойынша көрсетiлетiн жылдық және ағымдағы шарт жасалған
кезде бiрдей қойылады; "Шарт сомасы _________ теңге" жолы бойынша ұзақ
жылғы шарт кезiнде шарттың жалпы сомасы көрсетiледi, "Ағымдағы жылға
арналған сома_______теңге" жолы бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған
сома);
мiндеттемелердiң мерзiмi (Қазақстан Республикасы бюджетiнiң экономикалық сипаттамасы бойынша шығыстардың бюджеттiк сыныптамасына сәйкес жылдық, ағымдағы) болуы керек.
156. Қазынашылықтың жауапты атқарушысы шартқа өтiнiмнiң деректемелерiн қазынашының автоматтандырылған жұмыс орнына енгiзудi қамтамасыз етедi. Шарттың тiркеуге арналған өтінімнiң деректемелерiн енгiзген кезде мемлекеттiк мекеме кодының, бағдарлама, кiшi бағдарлама, шығыстардың экономикалық сыныптама ерекшелiгi кодының болуына, бюджеттiк жiктеме кодының мiндеттемелердiң мерзiмiне сәйкестiгiне бағдарламалық бақылауды жүзеге асырады.
157. Өтiнiмдердiң деректемелерi енгiзiлгеннен және бақыланғаннан кейiн шығыстардың тиiстi ерекшелiгi мiндеттемелерiнiң мерзiмiне байланысты мынадай шарттарды сақтаған кезде өтiнiм бекiтiледi:
егер бұл жылдық мiндеттеме болса, онда тиiстi ерекшелiк бойынша
алынған мiндеттеменiң сомасы осы ерекшелiк бойынша бiр жылға арналған
жоспарлы тағайындаудың қалдығынан аспауы керек.
Ұзақ жылғы мiндеттемелер бойынша бақылау ағымдағы жылға арналған сома бойынша жүзеге асырылады:
егер бұл ағымдағы мiндеттеме болса, онда қабылданатын мiндеттемелердiң сомасы тиiстi ерекшелiк бойынша орындалған ағымдағы мiндеттемелердiң сомасына азайтылған лимиттiң жиынтық қалдығынан аспауы керек.
158. Шартты тiркеуге арналған өтiнiмдi бекiткен кезде мiндеттемеге он мәннен тұратын нөмiр берiледi, алғашқы үш мәнi бюджеттік бағдарлама әкiмшісiнiң кодын, екiншi төрт мән ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекеменiң кодын, қалған үш мән - мiндеттеменiң нөмiрiн бiлдiредi. Шарт шығыстардың бiрнеше ерекшелiгi бойынша жасалуы мүмкiн және тиiсiнше сонша мiндеттеме берiледi, бұл ретте олардың әрқайсысына жеке тiзбектiк нөмiр берiледi.
159. Мiндеттеменi есепке қабылдағаннан кейiн мiндеттемеге алынған соманы:
егер бұл жылдық (ұзақ жылғы) мiндеттеме болса, бiр жылға арналған жоспарлы рұқсаттың қалдығын;
егер бұл ағымдағы мiндеттеме болса, ағымдағы рұқсаттың лимиттерiнiң қалдығын брондау жүргiзiледi.
160. Мiндеттеменi есепке қабылдауды растау мақсатында қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы мемлекеттiк мекемеге өтiнiм бекiтiлгеннен және мiндеттеменiң берiлген нөмiрiн және шартты тiркеуге арналған өтiнiмнiң нөмiрiн көрсете отырып, мiндеттеменiң нөмiрiн бергеннен кейiн басып шығарылған шартты тiркеу (N 36 - қосымша) туралы анықтама бередi. Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң шарттарын тiркеген кезде N 30-нысанды (жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен - N 130-нысанды) анықтама берiледi. Шартты тiркеу туралы анықтама екi данада ресiмделедi, олардың бiреуiн қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы растайды және мемлекеттiк мекемеге берiледi, ал екiншісi қазынашылықтың аумақтық органында қалады. Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы анықтамамен бiрге мемлекеттік мекемеге оны тiркеу туралы белгiмен шартты қайтарады. N 30 (130) - нысанды анықтаманы қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы мемлекеттiк мекемеге берiлгенге дейiн алынған мiндеттемелер бойынша анықтамаларды тiркеу журналында тiркейдi (N 37-қосымша). N 30 - нысанды анықтаманы тiркеу үшiн N 1 - журнал қолданылады, N 130 нысанды анықтама үшiн - тиiсiнше N 2-журнал. Журналда жыл сайын жазба басталғанға дейiн барлық беттер нөмiрленедi. Журналдағы жазбаларды анықтамаларды беру шамасы бойынша хронологиялық тәртiппен анықтамаларды тiркеуге тағайындалған жауапты тұлғалар жүргiзедi. Жазбалар олардың заңдармен белгiленген мерзiмге сақталуын қамтамасыз ететiн қаражатпен жүргiзiледi. Журналдағы қателер қате мәтiндi сызу арқылы және мөрмен расталған түзету күнi көрсетiле отырып, анықтамаға қол қойған тұлғалардың қолдарымен расталған "Түзетiлгенге сенуге болады" деген сөзбен сызылған мәтiннiң үстiне дұрыс жазумен түзетiледi. Журналға жазбаны уақытылы енгiзуге, мемлекеттiк мекеменiң анықтаманы беруiне, журналда және анықтамаларда бар мәлiметтердiң дұрыстығына анықтаманы тiркеуге жауапты тұлға жауап бередi.
161. Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы төлем құжаттарын бақылау кезiнде қолма-қол ақшасыз тәртiппен шарт бойынша ақы төлеу кезiнде "Төлемдi тағайындау" жолында ақы төлеу жүзеге асырылатын мiндеттеменiң нөмiрлерiнiң, шарттың және мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың нөмiрi мен күнiнiң болуы тексерiледi.
Ескерту. 161-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
162. Шарттың құны немесе олардың тараптарының деректемелерi, шарттың басқа да шарттары өзгерген, бұзылған жағдайда мемлекеттік мекеме мұндай шартты қазынашылықтың аумақтық органында қайта тiркеуi керек. Осыған байланысты мемлекеттiк мекеме қазынашылықтың аумақтық органына шартқа өзгерiстер енгiзуге өтiнiм бередi (N 38-қосымша). Өтiнiм N 030 (130) - нысанды анықтамалардың деректемелерiн ескере отырып, шарттың ережелерi қайтадан өзгерген кезде - N 030 (130) - нысанды соңғы анықтаманың негiзiнде толтырылады (N 39-қосымша). Өтiнiмде шарттың жаңа сомасы, сондай-ақ түзетiлетiн мiндеттемелердiң нөмiрi көрсетiледi.
163. Шарттың мiндеттемелердi атқару бөлiгiнде ережелерi ең төмен сомаға өзгерген жағдайда, шартқа өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiмде мiндеттеменiң атқарылған мiндеттеменiң сомасына тең сомасы көрсетiледi.
164. Шартқа өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiмдi бекiткеннен кейiн мiндеттемеге осы тараумен жоғарыда айтылған тәртiппен жаңа нөмiр берiледi және қазынашылықтың аумақтық органында тiркелуi керек N 031 - нысанды шартқа өзгерiстер туралы анықтама берiледi.
3-Тарау. Қабылданған мiндеттемелердің атқарылуы
165. Шарт бойынша мiндеттемелердi мемлекеттiк мекемелердiң атқаруы қаржылық мiндеттемелерге бақылау жасау ведомосы бойынша тексерiледi (N 40-қосымша). Ведомость қазынашылықтың аумақтық органында оның жетi мәндi коды мен бағдарламалар, кiшi бағдарламалар, шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi: республикалық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер үшiн - N 033-нысанда, жергiлiктi бағыныстағы - N 133-нысан бойынша кодтар бөлiгiндегi атауын көрсете отырып, қалыптастырылады. Ведомость бюджеттiк жiктеменiң бiр тапсырылған коды бойынша немесе мiндеттеме бар бюджеттiк жiктеменiң бiрнеше кодтары бойынша қалыптастырылуы мүмкiн.
166. Қазынашылықтың аумақтық органында қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелердiң қаражатын жұмсауға бақылауды қамтамасыз ету үшiн жауапты атқарушы алынған мiндеттемелердi ескере отырып, бөлiнген лимиттер мен кассалық шығыстар қозғалысының ведомосын қалыптастырады. "Лимиттермен қамтамасыз етiлмеген мiндеттемелер" бағанында ағымдағы кезеңде бiрлесiп қаржыландырылмаған мiндеттемелердiң сомасы көрсетiледi. Республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын бiр мемлекеттiк мекеменi қаржыландыру мен тиiсiнше оның қаражатының жұмсалуы туралы ақпаратты N 032-А-нысанының ведомосы бойынша (N 41-қосымша) барлық қызмет көрсететiн мiндеттемелер бойынша - N 032-Б-нысан бойынша (N 42-қосымша) (жергiлiктi бюджеттердiң мемлекеттік мекемелерi бойынша - тиiсiнше NN 132-А және 132-Б-нысандары бойынша) алуға болады.
167. Қазынашылықтың аумақтық органдарында тiркелген, бiрақ ағымдағы қаржы жылында аяқталмаған азаматтық-құқықтық шарттар келесi қаржы жылында қайта тiркеуге жатады.
Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы алынған мiндеттемелердi орындамаған жағдайда орындалмаған мiндеттемелердiң ведомосы (N 43-қосымша): республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер бойынша - N 034 - нысан; жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен - N 134 - нысан қалыптастырылады, ұзақ жылғы орындалмаған мiндеттемелердiң ведомосы ағымдағы және жылдық мiндеттемелерден бөлек қалыптастырылады.
Қаржы жылының аяғындағы N 034, (N 134) - нысанды ведомостарында белгiленген барлық мiндеттемелер жаңа жылда ретке келтiрiлуi керек.
Барлық орындалмаған мiндеттемелер N 034 (N 134)-нысанды ведомостың мәлiметтерi бойынша толтырылған шартқа (N 38 қосымша) өзгерiстер енгiзуге мемлекеттiк мекемелер берген өтінiмдердiң негiзiнде қайта тiркеуге жатады. Бұл жағдайда, өтiнiмдегi "Мiндеттемелердiң сомасы" бағанда орындалмаған мiндеттеменiң сомасына тең сома қойылады. Ұзақ жылғы мiндеттеменi қайта тiркеген кезде өтiнiмде шарт бойынша қалған сома мен ағымдағы жылға арналған сома көрсетiледi. Өтінiмдегi "Мiндеттеменiң нөмiрi" бағанда алдыңғы мiндеттеменiң нөмiрi көрсетiледi. Әрбiр тiркелген өтiнiм бойынша мәлiметтерi N 1 (N 2) журналға енгiзiлетiн N 031 (N 131) - нысанды анықтама берiледi.
168. Мемлекеттiк мекемелердi қайта ұйымдастырған кезде құқықтық мирасқорлар қызмет көрсететiн қазынашылықтың аумақтық органына шартқа өзгерiстер енгiзуге өтiнiм бередi.
Мемлекеттiк мекеменi таратқан кезде азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша жауапкершiлiк азаматтық заңдарға сәйкес туындайды.
9-Бөлім. Бюджеттік алулар
1-Тарау. Жалпы бөлім
169. Бюджеттiк алулар - заң актiлерiмен немесе ресми трансферттермен айқындалған сомалар шегiнде республикалық бюджетке облыс бюджеттерiнiң және Астана мен Алматы қалалары бюджеттерiнiң беретiн, мәслихат шешiмдерiмен айқындалған сомалар шегiнде, облыс бюджеттерiне аудан және қала бюджеттерiнен берiлетiн ресми трансферттер.
170. Жыл iшiнде республикалық бюджетке облыс бюджеттерiнен және Астана мен Алматы қалалары бюджеттерiнен бюджеттiк алулардың кезең-кезеңдiгiн Қазақстан Республикасының Үкiметi: бюджеттiк алулардың мөлшерiн - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi айқындайды.