Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің кассалық атқарылуы
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Бұйрық Қаржы министрлігі
1999 жылғы 7 қыркүйек N 484
Осы редакция ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 19 ақпанда N 71 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің кассалық атқарылуы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық атқарылуы жөніндегі уақытша нұсқаулықты бекіту туралы" 1997 жылғы 19 наурыздағы N 74 бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
1999 жылғы 7 қыркүйек N 484
бұйрығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бюджетінің
кассалық атқарылуы жөніндегі
Нұсқаулық
Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "0401002 н." және "(N 0401002 нысан)" деген сөздер алынып тасталынды, және "алушы" және "алушы-мекеме" деген сөздер тиiсiнше "бенефициар", "төлеушi" - "ақша жөнелтушi", "алушының банкi" - "бенефициардың банкi", "төлеушінің банкi" - "алушы банк" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 21 маусымдағы N 298 бұйрығымен.
Бүкiл мәтiн бойынша және қосымшалардағы "шығыстардың жеке сметасы", "жеке смета", "смета", "сметалар", "шығыстар сметасы", "шығыстар сметасымен", "шығыстар сметасын", "шығыстар сметасында", "жиынтық смета" деген сөздер (1 "Ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынған қаражаттар" тарауының 10 "Ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынған, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен және мемлекеттiк мекемелердiң депозиттiк сомаларынан алынған қаражаттардың есебiнiң атқарылуы" бөлiмiнен және N 45 "Ағымдағы шот" қосымшадан басқа) ауыстырылатын сөздердiң септеулерi мен жекеше және көпше түрлерiне тиiсiнше "қаржыландыру жоспары" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 19 ақпанда N 71 бұйрығымен.
1-Бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, республикалық бюджеттiң кассалық атқарылуының жүзеге асырылуын және бақылауды және Қазақстан Республикасының жергiлiкті бюджеттерiне қызмет көрсетулердi ұйымдастыру тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заң актiлерiне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес даярланды.
2. Қазынашылықтың аумақтық органдары олар орналасқан аумақтық бiрлiк шеңберiнде Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнiң кассалық атқарылуы жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады, бақылайды және қамтамасыз етедi.
3. Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде 161 "Екiншi деңгейдегi банктердегi корреспонденттiк шоттар" баланстық шотында корреспонденттiк шоты бар. Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары үшiн N 886 "Бас мекемеде ашылған банк филиалының қосалқы корреспонденттік шоттары (теңгемен)" баланстық шотында қазынашылықтың әрбiр ведомостволық бағынысты аудандық бөлiмдерiнде корреспонденттiк шоттарды жүргiзедi.
4. Қазынашылықтың аумақтық органдарында республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кассалық атқарылуы бойынша операциялар мынадай баланстық шоттардағы кассалық әдiс негiзiнде жүзеге асырылады:
N 080 "Бюджеттер арасында бөлiнетiн кiрiстер";
N 100 "Қазақстан Республикасының республикалық бюджет кiрiсi";
N 120 "Қазақстан Республикасының республикалық бюджет шығыстары";
N 130 "Аудандық және қалалық бюджеттердiң қаражаттары";
N 132 "Облыстық бюджеттердiң қаражаттары";
N 141 "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетi есебiнен ұсталатын мекемелердiң ағымдағы шоттары";
N 142 "Қазақстан Республикасының жергiлiктi бюджеттерi есебiнен ұсталатын мекемелердің ағымдағы шоттары";
N 144 "Депозиттер";
N 070 "Тұрлаулы валютадағы валюталық шот";
N 160 "Жұмсақ валютадағы валюталық шот";
N 724 "Уәкілетті және төленбеген аударымдардың ағымдағы шоты".
N 100, 120 баланстық шоттардағы күн сайынғы қалдықтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі бірыңғай қазынашылық шотына аударылады. Бірыңғай Қазынашылық шотына (БҚШ) қызмет көрсетудің регламентін келісім негізінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындайды.
Күн сайынғы бақылау жазбаларының негізінде қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары кірістер (100-шоты) және шығыстар (120-шоты) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Бірыңғай Қазынашылық шотына берілген (N 1-қосымша) бойынша жинақтаушы тізімдеме жүргізеді.
Өткен кезең үшін әр айдың 5-күні Қазынашылық комитетіне берілетін салыстыру актілерін (N 2-қосымша) қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары жасайды.
5. Қазынашылық органдары мен Қазақстан Республикасының банктері арасындағы, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және шетел банктерінің (қаржы институттарының) төлемдеріне және ақша аударымдарына байланысты қатынастар олар арасындағы келісім-шарттармен және банктік тәжірибеде қолданылатын іскер айналым дәстүрлерімен реттеледі.
2-Бөлім. Түсімдер бойынша Қазақстан Республикасының
Республикалық және жергілікті бюджеттерінің кассалық атқарылуы
1-Тарау. Бюджетке төленетiн төлемдердi қабылдау және есепке алу
жөнiндегi операциялар
6. Бюджетке төленетiн төлемдердi ұйымдастыруды және есепке алуды қазынашылықтың аумақтық органдары жүзеге асырады. Бұл орайда, екiншi деңгейдегi банктер республикалық және жергiлiктi бюджеттер кiрiсiнiң есебiн жүргізбейдi және сол күнi бюджетке қабылданған төлемдер банкаралық есеп айырысулар жолымен қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларына аударылады.
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заңына сәйкес салық төлеушi клиенттердiң банктiк шоттарынан есептен шығарылған соманың бюджеттiң кiрiсiне уақытылы аударылуын бақылауды салық қызметi органдары жүзеге асырады.
Ескерту. 6-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
7. Iрi Төлемдер Жүйесi арқылы N 080 бюджет кiрiсiнiң шотына түскен төлемдер осы төлемдер түскен күнi автоматты түрде есепке алынады.
Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары корреспонденттiк шоттар бойынша операциялық күннiң соңында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде таза кредиттiк және дебеттiк айқындаманы көрсетедi.
8. Iрi және бөлшек төлемдер жүйесi бойынша шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстанның банкаралық есеп айырысулар орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны арқылы бюджетке төленетiн төлемдердi аудару кезiнде заңды тұлғалардан алынатын төлем құжаттары екi данада қабылданады. Бiр данасы екiншi деңгейдегi банктiң күн құжаттарында қалады, екiншi данасы қаражаттың шоттан есептен шығарылғаны туралы растама ретiнде банктiң белгiсiмен төлеушiге қайтарылады. Төлемдердi бюджетке және клиенттердiң шоттарына есепке алу үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен "Қазақстанның банкаралық есеп айырысулар орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны арасында жасалған Бағдарламалық криптографиялық қорғанысты және электрондық сандық қолдарды пайдалану туралы келiсiмге сәйкес төлем тапсырмасының электрондық бейнесi негiзге алынады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
9. Бюджетке төленетiн қолма-қол ақшасыз төлемдер барлық қазынашылықтың аумақтық органдарында қабылданады, бiрақ қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларында бюджетке түсетiн түсiмдердi есепке алу бойынша бiрыңғай шот арқылы есепке алынады.
10. Салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi қолма-қол ақшасыз аудару кезiнде есепке алу мынадай құжаттар негiзiнде жүргiзiледi:
1) төлем тапсырыстары, оларда мiндеттi түрде мынадай реквизиттер көрсетiлетiн:
төлем тапсырысының нөмiрi;
төлем тапсырысы үзiндi көшірмесiнің күнi;
дебет бойынша шот нөмiрi (клиент шоты), төлеушiнiң атауы, төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТТН);
төлеушiге қызмет көрсететiн банк коды:
кредит бойынша шот нөмiрi (000080к00 дербес шот көрсетiледi):
бенефициярдың атауы - салық арналған салық органы және оның тiркеу нөмiрi (СТТН);
Бенефициар банкiнiң коды (салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есепке алу үшiн шот ашылған (000080к00) қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларының коды көрсетiледi);
төлемнiң мақсаты (мақсаттар жазылатын жолдағы мәтiндiк кеңiстiкте көрсетiледi). Бюджетке түсетiн түсiмдердi қолмен бөлген жағдайда, төлемдi есепке алуға жататын бюджет түрi көрсетiледi;
Қазақстан Республикасының кiрiстерi мен шығыстарының бюджеттiк сыныптамасына сәйкес кiрiстiң 6-мәндi коды;
төлем мақсатының коды (төлем мақсатының 3 таңбалы сандық белгiсi көрсетiледi);
АЖк - ақша жөнелтушiнiң коды (2 таңбалы сандық белгiсi көрсетiледi, мұндағы бiрiншi сан - резиденттiк белгiсi, екiншiсi экономика секторының коды);
БеК - бенефициардың коды (2 таңбалы сандық белгiсi көрсетiледi, мұндағы бiрiншi сан - резиденттік белгiсi, екiншiсi экономика секторының коды);
бюджетке есепке алуға жататын сома.
Жоғарыда аталған барлық реквизиттер толық көлемде құжаттардың электрондық жазбаларында да көрсетiледi;
2) төлемдердi бюджетке қайтару негiзiнде салық органдарының төлем тапсырмалары;
3) түскен аударымдарға байланыс кәсіпорындарының төлем тапсырыстары, осындай талондарға почталық аударымдардың талондары қоса берiледi;
4) бюджетке қаражаттарды күштеп өндiрiп алуға деген салық қызметi аумақтық органдарының салық қызметi аумақтық органдарының және қазынашылықтың аумақтық органдарының өкiмдерi.
Ескерту. 10-тармақ толықтырылды және өзгертілді - ҚР Қаржы
министрлігінің 2000 жылғы 21 маусым N 298
бұйрығымен.
10-1. Қазынашылықтың аумақтық органдары төлемдердi және/немесе ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде төлем құжаттарында қосымша деректемелер қойылуын талап етуге құқылы, егер бұл талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында тiкелей көзделген болса.
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
11. Қолма-қол ақшамен төлеу кезiнде мынадай құжаттар қабылданады:
1) қолма-қол жарнамаларға деген хабарландыру;
2) н. 4-ПД квитанциясы;
3) бюджетке және жекелеген азаматтарға төленетiн төлемдердi қайтаруға деген салық органдарының төлем тапсырмалары.
Ескерту. 11-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
12. Бюджетке қолма-қол ақшасыз төлемдердi қабылдау кезiнде қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы төлем тапсырысында көрсетiлген барлық реквизиттердің, клиенттердiң қолының бар және мөр бедерiнiң анық болуын және қол үлгiлерiмен және мөр бедерiмен олардың құжаттарының сәйкестiгiн үстiрт бақылауды жүзеге асырады. Төлем құжаттары қазынашылықтың жауапты атқарушысының, оның атаулы штампымен бекiтiлген рұқсат визасымен ресiмделедi.
13. Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы құжаттарды енгiзу кезiнде енгiзiлген құжаттарға бағдарламалық бақылауды жүзеге асырады:
клиент шотының бар болуын;
бенефицияр шотының бар болуын;
ағымдағы түсiмдердi ескере отырып төлеу үшiн шоттарда ақшаның жеткiлiктi болуын;
банк-төлеушiнiң және банк-бенефициярдың енгiзiлген кодтарының дұрыстығын;
салық органының (бенефициярдың) СТТН бар болуын;
төлем мақсаты кодының бар болуын;
ақша жөнелтушi кодының бар болуын;
бенефициар кодының бар болуын;
кiрiстер бойынша бюджеттiк сыныптама кодының бар болуын.
Бағдарламалық бақылау мынадай ақпараттар:
Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн Қазынашылықтың аумақтық органдары
үшiн кiрiстер бойынша бюджеттiк сыныптама кодтарының анықтамалығы;
Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн Қазынашылықтың аумақтық органдары үшiн республикалық бюджет шығыстарының функционалдық бюджеттiк сыныптама кодтарын Бюджеттiк сыныптама анықтамалығының шифрларына көшiру кестесi
Қазақстан Республикасы банктерi филиалдарының анықтамалығы;
қаржы органдары кодтарының анықтамалығы;
салық органдары тiркеу нөмiрлерiнiң анықтамалығы:
қазынашылықтың аумақтық органдары кодтарының анықтамалығы негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. 13-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
Ескерту. 13-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң
2002 жылғы 19 ақпанда N 71 бұйрығымен.
14. Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң есебi үшiн қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларында 000100к00 дербес шоты ашылады.
Республикалық бюджетке төленетiн төлемдердiң есебi бойынша дербес шотқа мынадай тәртiпте жазба жасалады:
республикалық бюджет үлесiндегі бюджетке түскен сома бөлiнгеннен кейiн жалпы сомалардың кредит шотына есепке алынады;
қате және артық есепке алынған түсiмдердiң сомалары жалпы сомалардың дебет шотына есепке алынады:
қате есепке алынған түсiмдердiң есепке алынған сомалары бөлудiң белгiленген нормаларына сәйкес 000100к00 дебет және кредит шоттарында көрсетiледi.
15. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерiне есепке алуға арналған түсiмдердi қазынашылықтың аудандық бөлiмдерi 16 сағатқа дейiн шұғыл электрондық төлемдермен N 885 "Филиалдың өзiнде ашылған, бас мекемедегi банк филиалының қосалқы корреспонденттiк шоты (теңгемен)" баланстық шоты арқылы банкаралық төлемдер сияқты орындайды.
Республикалық бюджетке түсетiн сомалардың есебi үшiн қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларында N 100 "Қазақстан Республикасының республикалық бюджет кiрiсi" баланстық шотында республикалық бюджет кiрiстерiн көтерудi жүргiзетiн 100к98 бiр белсендi дербес шот ашылады. Осы дербес шоттың дебетi бойынша республикалық бюджетке күн iшiнде түскен кiрiс сомаларының жалпы қорытындылары шығарылады. Кiрiстер аударылған күнгi 100к98 дербес шот бойынша дебеттiк қалдық 100к98 "Қазақстан Республикасының республикалық бюджет кiрiсi" дербес шотының кредиттiк қалдық сомасына тең болуы тиiс.
Ресiмдердiң толық шифрленуiн - республикалық бюджет кiрiстерінің көтерiлуiн "Төлем мақсатының" мәтiндiк бос жолында көрсете отырып Бiрыңғай Қазынашылық шотқа Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi корреспонденттiк шот арқылы 100к98 "Қазақстан Республикасының республикалық бюджет кiрiсi" шотынан қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары аударады.
2-Тарау. Банк-агентiнiң немесе почта байланысы кәсiпорнының
филиалдары мен құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қолма-қол
ақшамен төленетiн салықтарды және бюджетке төленетiн басқа
да мiндеттi төлемдердi бюджетке қабылдау және есепке алу
16. Қолма-қол ақшамен төленетiн салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi Банк-агенттердiң қалалардағы және қала үлгiсiндегi кенттердегi филиалдары мен құрылымдық бөлiмшелерi, ал ауылдық жерлерде ауыл Әкiмiнiң әкiмшiлiгi қабылдайды.
17. Бюджетке және бюджеттiк шоттарға, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердің "Уәкiлеттi және төленбеген аударымдар" және "Мақсатты қаржыландыру" ағымдағы шоттарына төленетiн салық және басқа да мiндеттi төлемдердi мемлекеттiк мекемелердiң өкiлдерiнен, заңды тұлғалардан қабылданған қолма-қол ақшаны есепке алу үшiн Банк-агенттердiң филиалдары мен құрылымдық бөлiмшелерiнде белгiленген тәртiпте N 908 "ФАБ және кассалардың шоттарын тiкелей корреспонденциялау кезiндегi транзиттiк айналым" транзиттiк шоты ашылады.
18. Банк-агенттiң филиалдары мен құрылымдық бөлiмшелерi қабылдаған бюджетке төленетiн төлемдер тиiстi шоттарға есепке алу үшiн мемлекеттiк мекемелердiң өкiлдерiнен сол күні ал жеке тұлғалардан келесі күннен кешiктiрмей Қазынашылықтың аумақтық органының корреспонденттiк шотына толық аударылады. Банк-агенттiң төлем тапсырыстарына салықтарды төлеуге деген заңды тұлғалардың квитанциялары, iлеспе тiзiмдеме немесе қолма-қол ақша жарналарына деген хабарландырудың көшiрмелерi жапсырылады.
Ескерту. 18-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
19. Мемлекеттiк мекемелерден қолма-қол ақшаларды қабылдауды қолма-қол ақша жарналарына деген хабарландыру бойынша Банк-агенттердiң филиалдары мен құрылымдық бөлiмшелерi жүзеге асырады (N 4-қосымша). Қолма-қол ақша жарналарына деген хабарландыруда бюджеттiк сыныптаманың кірiстер кодының тиiстi 6 мәндi кодын көрсетiле отырып, төлем тапсырыстарын толтыру кезiнде көзделген барлық реквизиттер көрсетiледi.
Жеке тұлғалардан қолма-қол ақшаларды қабылдауды н.4-ПД бланкасын толтыра отырып, қажеттi реквизиттердi көрсете отырып банк-агенттердiң филиалдары мен құрылымдық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
20. Ауыл Әкiмiнiң әкiмшілiгi бюджетке төлемдердi қабылдау үшiн ілеспе тiзiмдеменi үш данада ресiмдейдi және Банк-агенттердiң филиалдары мен құрылымдық бөлiмшелерi немесе почта байланысының кәсiпорындары арқылы тиiстi бюджетке есепке алу үшін төлемдердi тапсыруды жүргiзедi.
21. Егер бюджетке төленетiн төлемдердi ауыл Әкiмiнiң әкімшілiгi почта байланысының кәсiпорындары арқылы жүргiзсе, онда почта аударымдарына ілеспе тізімдеме қоса беріледi. Почта аударымының талонында iлеспе тiзiмдеменiң нөмiрi, төлемнiң жалпы сомасы, ақша аударымы бойынша почта шығыстарының сомалары көрсетiледi.
Почта аударымында мынадай реквизиттер көрсетiледi:
төлеушiнiң атауы (төлеушiнiң тегi, аты-жөнi);
төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТТН);
төлем хабарламасының нөмiрi.
22. Қазынашылықтың аумақтық органдары басқа құжаттармен және дербес шоттардың үзiндi көшiрмелерiмен бiрге почта аударымдарын тиiстi қаржы және салық органдарына жiбередi.
3-Тарау. Мемлекеттiк мекемелердің салықтарды бюджетке
және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы
жарналарын аударуы
23. Қызметкерлердiң жалақыларынан ұсталған салықтарды бюджетке және мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшiн мемлекеттiк мекемелер қазынашылықтың аумақтық органдарына мынадай құжаттарды:
жеке тұлғалардан алынған табыс салығын бюджетке аударуға арналған төлем тапсырыстарын;
әлеуметтiк салықты бюджетке аударуға арналған төлем тапсырыстарын;
жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуға арналған төлем тапсырыстарын және жеке тұлғалардың тiзiмiн тапсырады.
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын бюджетке аудару жалақыларды
төлеуге арналған ақшаны алумен бiрге бiр мезгiлде, басқа жағдайда - төлем
жасалған ай аяқталғаннан кейiн бес банктiк күн iшiнде жүргiзiледi.
Әлеуметтiк салықты төлеу айдың екiншi жартысы үшiн жалақыларды төлеу белгiленген мерзiмде, бiрақ жалақылар төленген немесе төленбегенiне тәуелсiз келесi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей ай сайын жүргiзiледi.
Мемлекеттiк мекемелер жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын қызметкерлерге еңбекақы төлеу түрiнде төленуге жататын кiрiстердi төлеумен бiр мезгiлде аударады.
Салықтарды бюджетке аудару кезiнде жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер "Төлемнiң мақсаты" мәтiндiк кеңiстiгiнде шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының 10 таңбалы кодын көрсетедi. "Бюджеттiк сыныптама коды" бөлiгiнде кiрiстердiң бюджеттiк сыныптамасының 6 таңбалы кодын қояды және "Төлем мақсатының коды" бөлiгiнде төлем мақсатының 3 таңбалы сандық белгiсiн қосымша қояды. Міндеттi зейнетақы жарналарын аудару кезiнде "Төлемнiң мақсаты" мәтiндiк кеңiстiгiнде пайдасына ақша аудару жүргiзiлетiн жинақтаушы зейнетақы қорының деректемелерi көрсетiледi, "Бюджеттiк сыныптама коды" бөлiгiнде шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының 10 таңбалы кодын қояды және "Төлем мақсатының коды" бөлiгiнде төлем мақсатының 3 таңбалы сандық белгiсiн қосымша қояды. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелер бюджетке салықтарды және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы төлемдерiн аударғанда, "Бюджеттiк сыныптама коды" төлем тапсырысының шеңберiнде 10 таңбалы шифр қояды.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелер бюджетке салықтарды және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы төлемдерiн аударғанда, "Бюджеттiк сыныптама коды" төлем тапсырысының шеңберiнде бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 таңбалы кодын қояды.
Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы төлем тапсырыстарының дұрыс толтырылуын тексергеннен кейiн тапсырыстың артқы бетiне виза қояды және жауапты атқарушының атаулы штампының бедерiмен растайды.
Ескерту. 23-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
Ескерту. 23-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң
2002 жылғы 19 ақпанда N 71 бұйрығымен.
24. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын мемлекеттiк мекемелер әрбiр жеке тұлғадан зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын табыстың он процентi мөлшерiнде, ал әскери қызмет, ішкi iстер органдарындағы өтiлі 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кемi он жыл болса әскери қызметкерлер, iшкi iстер органдарының қызметкерлер үшiн ақшалай жабдықталым мөлшерiнiң он процентi мөлшерiнде төлейдi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Бас Алматы Филиалында ашылған N 413609816, ФАБ 190501109, код мақсаты "010", Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк Орталықтың банктiк шоты арқылы әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша жеке төлем тапсырыстарын аударады.
Қазынашылықтың аумақтық органдарында төлем тапсырыстары қағаз жазбаларда, үш данада және жеке тұлғалардың тiзiмi екi данада әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша ұсынылады.
Төлем тапсырыстарының бiрiншi данасы мен тiзiмнiң бiрiншi данасы қазынашылықтың аумақтық органында қалады, төлем тапсырыстарының екiншi және үшiншi даналары және қабылданғандығы туралы қазынашылықтың аумақтық органының белгi жасалған тiзiмiнiң екiншi данасы мемлекеттiк мекемеге қайтарылады. Бұдан кейiн мемлекеттiк мекеме үш жұмыс күнi iшiнде тiркелген орны бойынша салық органына төлем тапсырысының үшiншi данасын тапсырады.
Жеке тұлғалардың тiзiмiнде олардың әрқайсысына деген мынадай мәлiметтер болуы тиiс: әлеуметтік жеке коды, тегi, аты-жөнi, туған күнi, жарна сомасы және мiндетті зейнетақы жарнасы аударылған кезеңi (айы, жылы) (N 5-қосымша). Егер тегi, аты-жөнi өзгерсе әлеуметтiк жеке кодын беру үшiн тiркеу карточкасында жеке тұлға толтыруы тиiстi тегi, аты-жөнi көрсетiледi.
Ескерту. 24-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
25. Салықтар және мiндеттi зейнетақы жарналары тұтас теңгемен аударылады. Бұл төлемдердi тиынмен аударуды мемлекеттік мекемелер жылына бiр рет желтоқсан айында жүргiзедi.
26. Белгiленген мерзiм мен жалақыны беру арасындағы аралық кезеңдерде мемлекеттiк мекеменiң жекелеген қызметкерлерiне жалақы төлеу кезiнде (демалысқа шыққандарға, жұмыстан босағандарға және т.б.) табыс және әлеуметтiк салықты және мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуға арналған төлем тапсырыстары ұсынылмайды.
27. Жалақыны төлеу және жалақылардан ұсталған сомаларды бiр мезгiлде аудару үшiн қажеттi ақша мемлекеттiк мекеменiң шотында жеткiлiксiз болған жағдайда жалақы төлеуге арналған төлем тапсырыстары мен қазынашылықтың атаулы чектерiн, бюджетке төленетiн салықтарды және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының тиiстi сомаларын аудару үшiн төлем тапсырыстарын мемлекеттiк мекеме қазынашылықтың аумақтық органына ұсынады.