Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен облыстық бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк алуларды берудiң тәртiбi мен мерзiмдiлiгiн және облыстық бюджеттердің аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне субвенцияларды бөлудiң шарттарын облыс әкiмдерi анықтайды және оны аудандық (қалалық) мәслихаттармен келiсiм бойынша облыстық мәслихаттар бекiтедi.
Ескерту. 170-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
171. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы күшiне енгеннен кейiн айлық мерзiм iшiнде облыстардың, Астана мен Алматы қалалары бюджеттерiнiң кiрiс бөлiгiнен проценттермен алынған бюджеттiк алулардың мөлшерiн айқындайды және облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерiне (бұдан әрi - Әкiмдер) хабарлайды.
172. Бюджеттiк алулардың проценттерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген бюджеттiк алулардың көлемiне және облыстардың, Астана мен Алматы қалалары бюджеттерiнiң кiрiс бөлiгi сомаларына негiзделiп айқындалады.
173. Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң кiрiс бөлiгi жете орындалмаған жағдайда республикалық бюджетке бюджеттiк алулар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлген облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттерi кiрiс бөлiгінің атқарылу пайызына пропорционалды жүргiзiледi.
Ескерту. 173-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
174. Бюджеттiк алу республикалық бюджет туралы заңда белгiленген сомалардың шегiнде және бюджеттiк алуларды облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiне сәйкес ай сайын бөлумен қаржы жылы бойы жүргiзiледi. Республикалық бюджетке аударуға жататын бюджеттiк алулардың сомасы бiр ай iшiнде жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiмен айқындалған бюджеттiк алудың сомасынан асып түскен жағдайда, заңнамада белгiленген тәртiппен облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесіне өзгерiс енгізiледi.
Ескерту. 174-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
175. Республикалық бюджетке бюджеттiк алулардың толық және уақытылы аударылуына бақылауды қазынашылықтың аумақтық органдары жүзеге асырады.
Ескерту. 175-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
2-Тарау. Бюджеттiк алуларды жүргізудiң тәртібі
176. Бюджеттiк алуларды аударуды қазынашылықтың аумақтық органдары бекiтiлген бюджеттiк алулардың шегiнде жүргiзедi.
Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары қаржылық рұқсаттарын қабылдағанға дейiн мұның алдындағы жұмыс күнiнiң түскен кiрiстерiнiң қорытындылары бойынша, яғни мынадай тәртiпте, облыстық, Астана мен Алматы қалалық бюджеттерден (N 44-қосымша) бюджеттiк алулар туралы анықтама негiзiнде жұмыс күнiнiң басында, бiрiншi кезектегi тәртiпте бюджеттiк алулар жүзеге асырылады.
Анықтамаға енгiзiлетiн деректер мынадай түрде айқындалады:
ағымдағы күннiң басында бөлуге қолайлы қаражаттардың кiрiс қалдықтары (1-жол) - N 115 "Бөлiнетiн қалдықтардың қозғалысы бойынша ведомость" нысанының деректерi негізiнде;
түсетiн түсiмдер кiрiстердiң барлығы үш санаты ("Салықтық", "Салықтық емес", "Капиталмен жасалатын операциялардан алынатын табыстар") бойынша (2-жол) - N 041 "Бюджетке түсетiн түсiмдердiң күн сайынғы ведомсты" нысанының деректерi негiзiнде, бюджеттiк алулардың процентi (3-жол) - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң тиiстi бұйрығы негiзiнде:
республикалық бюджетке аударылады деп болжалданатын бюджеттік алулардың сомасы.
177. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi артық төленген және кем төленген бюджеттік алулардың сомаларын айқындайды және оларды қазынашылықтың тиiстi аумақтық органдарына үш күндiк мерзiмде хабарлайды.
178. Қазынашылықтың аумақтық органдары:
өткен айлар үшiн артық төленген бюджеттiк алулар бар болған жағдайда артық төленген сомаға бюджеттiк алуларды жүргізбейдi;
өткен айдың аяғындағы есеп айырысулар бойынша кем төленген бюджеттiк алулар бар болған жағдайда кем төлемнiң мөлшерiн қалпына келтiргенге дейiн осы баппен айқындалған, бiрақ ағымдағы күннiң басындағы облыстық, Астана мен Алматы қалалық қаржы басқармаларының ағымдағы шоттарында орналасқан қалдықтардың 50 процентiнен артпайтын жоғары сомаларға бюджеттiк алулар жүргiзiледi.
179. Артық төленген және кем төленген сомалар былайша анықталады:
Қазынашылық комитетiнен артық төленген және кем төленген сомалар туралы анықтама, артық төленген және кем төленген сомалар туралы деректер алынған бiрiншi күнi - Қазынашылық комитетiнен алынған 5-жолға немесе 6-жолға сәйкес анықтамалар алғанға дейiн бұл жол толтырылмайды;
одан кейiнгi күндерi анықтамаға деректер өткен жұмыс күнi үшiн бюджеттiк алулар туралы анықтамалар негiзiнде енгiзiледi (8 немесе 9-жолдар).
Артық төлемдердi ескере отырып республикалық бюджетке аударуға жататын бюджеттік алулардың сомасы былайша анықталады:
егер артық төлем сомалары бюджеттiк алулар сомаларынан артық болса, онда республикалық бюджетке аударуға жататын бюджеттік алулардың сомалары нөлге тең болады, ал артық төлемдердiң қалдығы 4 және 5-жолдардың айырмашылығы ретiнде айқындалады;
егер артық төлем сомасы бюджеттiк алулардың сомаларынан аз болса,
онда республикалық бюджетке аударуға жататын бюджеттiк алулардың сомасы 4
және 5-жолдардың айырмашылығы ретiнде айқындалады.
Кем төлемдердi ескере отырып республикалық бюджетке аударуға жататын бюджеттiк алулардың сомасы былайша анықталады:
егер кем төлемдердiң сомасы бөлуге деген қалдықтардан кiретiндерден 50 процент артық болса, онда республикалық бюджетке бөлуге жататын бюджеттiк алулардың сомасы - 4+жол 1*50/100-жол ретiнде айқындалады, ал кем төлем 6-жол 1*50/100-жолға тең болады;
төлем сомасы таратуға деген кiрiс қалдықтарынан аз немесе 50 процентке тең болса, онда республикалық бюджетке бөлуге жататын бюджеттiк алулардың сомасы - 4 және 6-жол сомасы ретiнде айқындалады.
180. Республикалық бюджетке бөлуге жататын бюджеттiк алулардың сомасы айқындалғаннан кейiн бюджеттiк алулар туралы 7-анықтама жол бойынша көрсетiлген сомаға республикалық бюджетке облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттерiнен бюджеттiк алуларды аудару үшiн шығыстардың бюджеттiк жiктеме кодына сәйкес облыстық, Астана мен Алматы қалалық қазынашылық басқармаларының басшылары тексерген және қол қойған қаржылық рұқсаттарды әзiрлеуi қажет. Кiрiстердiң бюджеттiк жiктелiмiнiң кодтарына сәйкес мемориальдық ордердегi "Төлем мақсаты" жолында: "342-бапқа сәйкес бюджеттiк алулар туралы анықтамаға сай бюджеттік алулар" көрсетiледi. Бұл құжаттардың көшiрмелерi облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларға берiледi.
181. Ағымдағы қаржы жылында бюджеттiк алулар бойынша түпкiлiктi есеп айырысулар ағымдағы қаржы жылының 31-желтоқсанындағы жағдай бойынша жыл iшiнде облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттерiне iс жүзiнде түскен түсiмдерге негiздеп есептi кезеңде жүргiзiледi.
181-1. Қазынашылықтың аумақтық органдары тиiстi жергiлiктi атқарушы орган қол қойған қаржылық рұқсаттардың және бюджеттiк алуларды аудандардың (қалалардың) бюджетiнен облыстық бюджетке аударуға арналған төлем тапсырмаларының негiзiнде қолданылып жүрген заңнамада көзделген аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен облыстық бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк алулар бойынша рәсiмдердi орындайды.
Ескерту. 181-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
10-Бөлім. Ақылы қызмет көрсетулерді сатудан
алынған, демеушілік және қайырымдылық көмектен және
мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомаларынан алынған
қаражаттардың есебінің атқарылуы
182. Ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынған, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен мемлекеттiк мекемелердiң депозиттiк сомалары мен сақтандыру өтеулерiнен алынған қаражаттардың пайдаланылуын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177 бұйрығымен бекiтiлген Ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынған, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен және мемлекеттiк мекемелердiң депозиттiк сомаларынан алынған қаражаттардың пайдаланылуын қалыптастыру туралы ережесiне, оған енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 182-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Қаржы
министрлігінің 2000 жылғы 21 маусым N 298
бұйрығымен.
183. "Ақылы қызмет көрсетулерден алынған қаражаттар" ағымдағы шотын, демеушiлiк және қайырымдылық көмек үшiн ағымдағы шотты, мемлекеттiк мекемелердiң депозиттiк шоттарын, Алматы қаласы Әкiмiнiң және аудандардың ағымдағы шоттарын ашу және жабу тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
183-1. Мемлекеттiк мекемеге, өзінің жанында орталықтандырылған бухгалтерия ұйымдастырылған мемлекеттiк мекемеге бiр ағымдағы шот "Ақылы қызмет көрсетулерден алынатын қаражат", бір демеушiлiк және қайырымдылық көмек үшiн шот және бiр депозит шоты ашылады.
Ескерту. 183-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
184. "Ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражаттар" мемлекеттiк мекемелердiң ағымдағы шотына түскен және демеушiлiк және қайырымдылық көмектерге арналған ақша қаражаттарын, Алматы қаласы Әкiмiнiң және оның аудандарының депозиттiк шоттары, ағымдағы шоттары мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есептi жасау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
1-Тарау. Ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынған қаражаттар
185. Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген ақылы қызмет көрсетулердi сатудан мемлекеттiк мекемелер алған қаражаттар "Ақылы қызмет көрсетулерден алынған қаражаттар" мемлекеттiк мекемелердiң ағымдағы шотына жазылады. Ақылы қызмет көрсетулерден алынған қаражаттарды жоғарыда көрсетiлген шотқа жатқызуға рұқсат етiлген мемлекеттiк мекемелер тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен немесе Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалады. Қалған мемлекеттiк мекемелер ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алған қаражаттарын мемлекеттік бюджетке жатқызады.
186. Ақылы қызмет көрсетуді сатудан алынатын қаражат алатын бар мемлекеттiк мекемелер жыл сайын ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алатын қаражат бойынша кiрiстер мен шығыстардың жеке сметасын (бұдан әрi - жеке смета) жасайды.
Ескерту. 186-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
187. Ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынған қаражаттардың сметалары жоспарлы жылдың 1 қаңтарына дейін бекiтiлуi тиiс. Бекiтiлген сметалардың іс әрекетi есептi жылдың 31 желтоқсанында тоқтатылады. Ағымдағы шотта есепті жылдың 31 желтоқсанында жинақтанған ақылы қызметтер көрсетудің түрлерi сақталған жағдайда, ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынған қаражаттардың қалдықтары алдағы жылдың ақылы қызметтер көрсетудiң тиiстi түрiнiң кiрiс бөлiгiне, олай болмаған жағдайда тиiстi бюджеттердiң кiрiс бөлiгіне көшiрiледi.
188. Бекiту үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi белгiленген тәртiпте ұсынған ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражаттардың сметалары жоспарлы жылдың 1 қаңтарына дейiн бекiтiлмеген жағдайда, оған жоспарлы жылдың 1-қаңтарынан бастап 1-ақпанына дейiн созылатын кезең iшiнде сметалар бекiтiлгенге дейін алдағы уақыттары 31 желтоқсандағы қаражаттардың қалдықтары және өткен жылғы шығыстардың сметалары шегiнде ғана шығындар жасауға рұқсат етiледi.
189. Егер, жоспарлы жылдың 1 сәуiрiне дейiн смета бекiтiлмесе, онда жоспарлы жылдың 1-қаңтарынан 1-сәуiрi аралығында түскен қаражаттар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi айқындаған тәртiпке сәйкес тиiстi бюджеттiң кiрiс бөлiгіне жатқызылады.
190. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынған жиынтық сметаларды тиiстiлiгi бойынша функционалдық басқармалар қарайды және Бюджет департаментіне жетекшiлiк ететін Қаржы вице-министрi бекiтедi.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынған жиынтық сметаларды тиiстi жергiлiктi қаржы органдарының басшылары бекітедi.
Бекiтiлген жиынтық сметаның бiр данасы жиынтық сметаны бекiткен ұйымда (Қаржы министрлiгi немесе жергiлiктi қаржы органы) қалады, бiр данасы бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне берiледi.
Әрбiр мемлекеттiк мекеменің жеке сметасын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсінің басшысы үш данада бекiтедi. Мемлекеттiк мекеменің жеке сметасын бекітілген жиынтық сметасы болмаған жағдайда бекiтуге жол берiлмейдi.
Бекiтiлген жеке сметаның бiр данасы бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсінде қалады.
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi смета осы бекiтiлген мемлекеттiк мекемеге осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша жиынтық сметаның көшiрмесiмен бiрге, бекiтiлген жеке сметаның екi данасын бередi.
Мемлекеттiк мекеме бекiтiлген жеке сметаның бiр данасын өзіне қалдырады бекітiлген жеке сметаның бiр данасын Қазынашылықтың аумақтық органына ұсынады.
Ақылы қызмет көрсетулер бойынша кiрiстер мен шығыстардың жылдық сомасы ұлғайған жағдайда, жаңа жеке және жиынтық смета жасалады және белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
Ескерту. 190-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
191. Мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алған қаражаттары бойынша алған кiрiстерi мен шығыстарының сметаларына қазынашылықтың аумақтық органдарының жауапты атқарушысы алынған күндi және өзінің қолын қояды.
192. Мемлекеттік мекемелердiң ағымдағы шот бойынша шығыстар операцияларын орындау кезiнде қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы бекiтiлген сметалар мен ақылы қызметтер көрсетудiң әр түрi бойынша кiрiстердiң iс жүзiндегi түсiмдерi шегіне ғана ақылы қызмет көрсетулерді сатудан алынған қаражаттардың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады.
Сметада көзделмеген шығыстарды ағымдағы шоттан алу жүргізілмейді.
193. Ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражаттардың жұмсалуына бақылау жасау үшін қазынашылықтың жауапты атқарушысы мемлекеттiк мекемелердiң әрбiр ағымдағы шотына ақылы қызметтер көрсетуден және кассалық шығыстар жүргiзуден түскен сомалар енгізiлетiн бюджеттiк жiктеме кодтары бойынша дербес шоттар ашады (N 42-қосымша).
194. Мемлекеттiк мекеме толтырылған есеп айырысу-төлем құжаттары қызмет көрсететiн Қазынашылықтың аумақтық органына тапсырылады. Қазынашылықтың жауапты атқарушысы есеп айырысу-төлем құжаттары реквизиттерінің дұрыс толтырылуын, мемлекеттік мекеменiң лауазымды тұлғасы қолының және мөр бедерiнiң, бюджеттiк жiктеме кодының бар-жоғын тексередi және егер, шығыстар жүргiзiлетiн ақылы қызметтер көрсетудiң түрi кiрiстер мен шығыстар сметасында көрсетiлген және құжат сомасы дербес шотта көрсетiлген ақылы қызметтер көрсетудiң түрлерi бойынша еркiн қалдықтың сомасынан аспаған жағдайда ғана құжаттар атқарылуға қабылданады.
195. Ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынған қаражаттар сметасында көзделген сомалардан тыс, жыл iшiнде түскен табыстар, ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынған қаражаттардың негiзгi сметаларында бекітiлген тәртiпте бекiтiлген қосымша сомаларға қосымша сметалар бар болған жағдайда ағымдағы жылы жұмсалуы мүмкiн. Сметаларға "қосымша" деген белгi жасалады.
Түскен және бекiтiлген сметада көзделмеген кiрiстер он банктiк күн iшiнде тиiстi бюджет кiрiсiне аударуға жатады.
196. Мемлекеттiк мекемелердiң қаражатты бюджеттiк шоттардан және
заңнамаға сәйкес ашылатын басқа да шоттардан "Ақылы қызмет көрсетулерден
алынатын қаражат" шотына аударуына тыйым салынады.
Ескерту. 196-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
196-1. "Ақылы қызмет көрсетулерден алынатын қаражат" ағымдағы шот бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар бойынша банктiк қызмет көрсетулерге ақы төлеудi ақылы қызмет көрсетулерге сатудан алынатын қаражаттың есебiнен мемлекеттiк мекеме өзi мен екіншi деңгейдегi банк арасындағы шарттың негiзінде жүргiзедi. Жоспарлау кезінде осы сома осы қаражат бойынша кiрiстер мен шығыстар сметасының шығыс бөлiгiнде көрсетiледi.
Ескерту. 196-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
2-Тарау. Мемлекеттiк мекемелерге түсетiн демеушілiк және
қайырымдылық көмектер
197. Заңды және жеке тұлғалардан заңдарға сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң демеушiлiк немесе қайырымдылық көмек түрiнде алатын қаражаттары демеушiлiк және қайырымдылық көмектерге арналған ағымдағы шотына түседi. Демеушiлiк және қайырымдылық көмек түрiндегi қаражаттар ұлттық валюта түрiнде де және шетел валютасы түрiнде де түсуi мүмкiн.
Шотқа түсетiн шетел валютасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi айқындаған тәртiпте демеушiлiк және қайырымдылық көмектерге арналған ағымдағы шотқа кейiннен есепке алына отырып айырбасталады.
198. Ағымдағы шот бойынша операцияларды шотты ашуға (әрекет ету мерзiмін ұзартуға) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң, Қазынашылықтың аумақтық "органының немесе жергiлiктi қаржы органдарының алынған рұқсаты негізiнде шоттағы ақша қалдықтарының шегiнде Қазынашылықтың аумақтық органдары бақылайды.
Ескерту. 198-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
199. Демеушiлiк және қайырымдылық көмектерге арналған шоттарға аударылған және мақсатты сипатқа ие ақша қаражаттарын мемлекеттік мекемелер нысаналы мақсат бойынша қатаң жұмсайды.
Демеушiлiк және қайырымдылық көмектердi ағымдағы жылы мақсатты пайдаланбаған мемлекеттік мекемелер келесi жылы мақсат бойынша пайдалануы мүмкiн.
200. Мемлекеттiк мекемелердiң демеушiлiк және қайырымдылық көмектерге арналған шоттары бойынша қолма-қол ақша операциялары бойынша банктiк қызмет көрсетулерге төлем жасау оның және банктiң арасындағы келiсiм-шарт негiзінде демеушiлiк және қайырымдылық көмектерден алынатын қаражаттар есебiнен жүргiзiледi.
3-Тарау. Депозиттiк шоттар
201. Депозиттiк шот мемлекеттiк мекеменің уақытша билiк етуi үшін түсетін және белгiлі бір жағдайлар орнаған кезде мемлекеттік бюджетке есепке алуға немесе қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес енгізушiлерге қайтаруға жататын қаражатты есепке алу үшін жұмсау құқығынсыз мемлекеттiк мекемелерде, сондай-ақ сот атқарушыларының орындау құжаттарына ақы төлеу мақсатында борышкерлерден, үшiнші тұлғалардан алынатын, борышкерлердiң тұтқынға алынған мүлкiн сатудан алынатын ақша сомасын алуы үшін, борышкердiң атынан мемлекеттік нотариустың атына ақшаларды есептеу үшін, оларды несие берушiге беру үшін, пайдасына жарна төленген тұлғаның жазбаша келiсiмiмен депозитке салған тұлғаға немесе сот шешімi бойынша ақшаны қайтару үшiн, кредиторға беру үшін және белгіленген уақыты өткен талап етiлмеген ақшаны республикалық бюджетке есептеу үшін аумақтық әдiлет органдарында ашылады.
Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсіне тiкелей есепке алуға жататын және салымшылардың қайтаруына жатпайтын қаражат үшін мемлекеттік мекемелерге депозиттік шоттар ашылмайды.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің түзеу мекемелеріне және тергеу изоляторларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегi агенттiгiнiң Қатаң бақылаудағы республикалық психиатриялық ауруханасына депозиттiк шоттар сотталғандардың, қылмысының жасалуына күдiктілердің және айыпкерлердің, психиатриялық ауруханалардағы пациенттердің жеке ақшаларын есепке алу үшін және осы қаражатты заңнамалық кесiмдермен көзделген мынадай шығыстарға пайдалану үшiн депозиттiк шоттар ашылады:
азық-түлiк тағамдарын, бiріншi қажетті бұйымдарды сатып алуға;
жақын туыстарға және өзге де адамдарға ақша аударымдарын, сәлемдемелердi, бандеролдарды жөнелтуге;
қалааралық телефонмен сөйлесуге ақы төлеуге;
сауда желiлерi арқылы әдебиеттер сатып алуға, газеттер мен журналдарға жазылуға;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарға және психиатриялық ауруханалардан шыққан пациенттерге ақшасының қалдығын қайтару.
Ақыл-есi кемiс балаларға арналған интернат үйлерiне,
психоневрологиялық интернаттарға асырандылардың жеке шотынан ақшаны
есептеу үшін, осы қаражатты асырандылардың жеке мақсаттарына:
азық-түлiк өнімдерін қосымша сатып алуға;
қосымша медициналық көмек көрсетуге;
дәрi-дәрмектердi қосымша сатып алуға киiм-кешектер, аяқ-киiмдер мен бiрiнші кезектегi қажет заттарды, гигиена жабдықтарын қосымша сатып алуға;
төсек және іш киімдерді қосымша сатып алуға жұмсау құқығымен депозиттік шоттар ашылады.
Ескерту. 201-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
202. Мемлекеттiк мекемелердiң депозиттiк шоттары бойынша операцияларды шоттардағы ақша қалдықтарының шегiнде қазынашылықтың аумақтық органдары жүргiзедi. Тиiстi бенефициярларға депозиттiк сомалардың дұрыс аударылуына мемлекеттiк мекемелердiң басшылары жауап бередi.
203. Депозиттік сомалардың шоттарда сақталуы мынадай мерзiмдермен шектеледi:
жеке тұлғаларға беруге жататын депозиттік сомалар үш жыл бойы сақталады;
заңды тұлғаларға (мемлекеттік мекемелердi қоспағанда) беруге жататын депозиттiк сомалар бiр жыл бойы сақталады.
Егер, атына депозиттiк сомалар енгiзiлген заңды және жеке тұлғалар шетелде тұрып жатса және бұл сомаларға билiк ету үшін рұқсат алу қажет болса, онда бұл мерзiмдер осындай рұқсаттар алынған күннен бастап есептеледi.
Мемлекеттiк мекемелерге беруге жататын депозиттiк сомалар осы сомалар енгiзiлген жылдың 31-желтоқсанына дейiн сақталады. Тарау үшiн сот шешiмi қажет етiлетiн депозитке енгiзiлген сомаларды сақтау мерзiмi осындай шешiм шығарылған күннен бастап есептеледi.
204. Талап етiлмеген депозиттiк сомалар оларды сақтау мерзiмi бiткенде осы сомалар сақталатын ағымдағы шоттарда осы сомалар сақталатын мемлекеттік мекемелердiң билiгi бойынша тиісті бюджетке аударуға жатады.
Ескерту. 204-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
205. Қолма қол ақшаларды депозиттiк шотқа есепке алу жөніндегi және депозиттiк шоттан қайтару жөніндегi банктiк қызмет көрсетулерге ақы төлеу мемлекеттiк мекеме мен екінші деңгейдегi банктiң арасындағы шарттың негiзінде мынадай:
заттай айғақтар ретiнде алынған ақша қаражаттары мен тәркіленген мүлiкті сатудан алынған ақша қаражаттарын депозиттiк шотқа есепке алу кезінде және оларды қайтарған кезде банктiк қызмет көрсетулерге ақы төлеу прокуратура, алдын ала тергеу, жауап алу және сот сараптамасы органдарының сондай-ақ салық қызметі және кедендiк органдарының шығыстар сметасының есебiнен жүргiзiлетiн;
атқарушы құжаттар бойынша сомаларды өндiрiп бенефициярға өтеу үшiн борышкерден алынған сомаларды есепке алу, сомаларды депозиттiк шоттан өндiрiп бенефициярға беру және қалдық соманы борышкерге қайтару кезiнде банктiк қызмет көрсетулерге ақы төлеу борышкердiң есебiнен жүргiзiлетiн жағдайларды қоспағанда депозиттiк соманы енгізген тұлғаның есебінен жүргізіледі.
Ескерту. 205-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
4-Тарау. Алматы қаласының Әкімі жанындағы бюджеттен тыс қор
206. "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Алматы қаласының экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы үшін бюджеттен тыс қаражаттарды жинақтау мақсатында Алматы қаласы Әкімінің және оның аудандарының жанынан бюджеттен тыс қор құрылды, ол үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындаған тәртіпте қазынашылықтың Алматы қалалық басқармасында ағымдағы шот ашылды.
207. Қор туралы ережені Алматы қаласының атқарушы органының ұсынысы бойынша Алматы қаласының өкілетті органы бекітеді.