271. Құжаттардың сақталуы жүктелген қызметкерлер олардың толық сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Операциялық білiм бастығының рұқсатынсыз құжаттарды қарауға қандай да бiр қызметкерлердi жiберуге олардың құқығы жоқ.
272. Шоттарды ашуға ұсынылған құжаттар клиенттердiң шоттарын заңды ресiмдеу бойынша арнаулы ашылған iсте тiгiлуi және сақталуы тиiс. Мұндай iстерден құжаттарды ешқандай алуға жол берiлмейдi. Қол қою құқығының өзгергендiгi туралы хат алмасулар және шоттарға билiк етуге деген өкілеттіктi айқындайтын құжаттар осы iске тігiледi. Әрбiр iске мемлекеттік мекеменiң бюджеттiк шотына және ағымдағы шотына берiлетін нөмiр берiледi.
273. Шоттарды заңды ресiмдеу бойынша құжаттарды сақтау операциялық бөлiм бастығына немесе оның орынбасарына жүктеледi.
Бұл iстер нығыз жабылатын шкафтарда сақталуы тиiс. Қолданылып жүрген қолдың және мөр бедерiнiң үлгiлерiн операциялық қызметкерлер нығыз жабылатын картотекаларда сақтауы тиiс. Қолдың және мөр бедерiнiң үлгiлерi бар карточкалар ауыстырылған жағдайда мұндай карточкалардың екiншi данасы жойылады.
274. Қазынашылықтың аумақтық органдары басшылары мөрлер мен штамптардың жоғалу және терiс мақсатта пайдалану мүмкiндiгiн болдырмай, олардың жете сақталуы мен пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етуге тиiстi. Қазынашылықтың аумақтық органдарының мөрлерi мен штамптарының есебi оларды сақтайтын тұлғалардың тегi, аты-жөнi және лауазымы көрсетiлген арнаулы кiтапта сақталады. Кiтапты қазынашылықтың аумақтық органдарының басшылары немесе оның ұйғарымы бойынша операциялық бөлiмнің бастығы өртенбейтін шкафта сақтауы тиiс. Бұрыштама (бланктiк) штамптарды қоспағанда, штамптар осы кiтапқа енгiзiлмейдi. Қазынашылықтың аумақтық органдары қызметкерлерінің жұмыс орны қазынашылықтың аумақтық органының мөрлеріне штамптарына, құжаттарына және бланкаларына клиенттер мен бөгде адамдардың қолы жетпейтiндей болып орналасуы керек.
275. Жауапты атқарушыларға және бақылаушыларға шоттар мен штамптарды бекiтудi және оларды қайта таратуды операциялық бөлiмнiң бастығы жүргiзедi және қазынашылықтың аумақтық органы есепке алу-операциялық қызметкерлерiнiң арасында шоттар мен штамптарды бөлудiң және қайта таратудың арнаулы есеп кiтабында ресiмделедi (N 52-қосымша). Есеп кiтабының беттерi нөмiрленедi, соңғы бетте парақтардың саны көрсетiледi, операциялық бөлiм бастығының, қазынашылықтың аумақтық органы бастығының қолы және қазынашылықтың аумақтық органының мөрi қолы қойылады.
276. Есепке алу-операциялық жұмыстардың барлық учаскелерiнде оның жүзеге асырылуына бақылауды және күнделiктi қадағалауды ұйымдастыру операциялық бөлiмнiң бастығына жүктеледi.
Қазынашылықтың аумақтық органының басшысы есепке алу-операциялық жұмыстардың жағдайына жалпы бақылау жасаумен қатар, баланстың және есептеменiң уақытылы жасалуын, клиенттердiң шоттарына қаражаттардың уақытылы және толық түсуiне бақылауды кезең-кезеңiмен жүзеге асырылуын, басқа қаладағы және бiр қаладағы есеп айырысу-ақша құжаттарының жiберiлуiн мөрлер мен штамптардың сақталуын тексеруге мiндеттi.
2-Тарау. Корреспонденттiк шоттар арқылы төлемдердiң өтуi
277. Қазынашылықтың әрбiр облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары 161 "Екiншi деңгейдегi банктердегi корреспонденттiк шоттар" баланстық шотта, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде корреспонденттiк шот ашады.
Операциялық бөлiмде және қазынашылықтың аудандық бөлiмдерiнде N 885 "Филиалдың өзiнде ашылған, бас мекемедегi банк филиалының қосалқы корреспонденттік шоты" баланстық шотта қосалқы корреспонденттiк шоттар ашады (теңгемен). Әрбiр қазынашылықтың аудандық бөлiмi және операциялық бөлiмi үшiн N 886 "Бас мекемеде ашылған банк филиалының қосалқы корреспонденттiк шоттары" баланстық шотында, төлемдердi бақылау және реттеу бөлiмiнде қосалқы корреспонденттiк шоттар ашады теңгемен).
278. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге жатқызуға арналған түсiмдердi операциялық бөлiм және қазынашылықтың аудандық бөлiмдерi банкаралық төлемдер сияқты шұғыл электрондық төлемдермен N 885 қосалқы корреспонденттiк шот арқылы оларды қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларының төлемдердi бақылау және реттеу бөлiмше жiбередi. N 885 қосалқы корреспонденттiк шот - ностро осы шоттың дебетi бойынша клиенттердiң шоттарына түсуi, кредит шоттары бойынша - клиент шоттарынан ақша қаражаттарының есептен шығарылуы көрсетiледi.
279. N 885 баланстық шот бойынша өткiзiлiмдердiң көрінісi автоматты түрде жүргiзiледi, қосалқы корреспонденттік шоттарды реттейтiн жағдайларды қоспағанда, N 885 шотымен барлық баланстық шоттардың тiкелей корреспонденцияларына жол берiлмейдi.
280. N 886 қосалқы корреспонденттiк шот - лоро шоты дебет бойынша банктердiң басқа мекемелерiнiң мекен-жайларына жiберiлген клиенттердiң шоттарынан ақша қаражаттарының есептен шығарылуы көрсетiледi. Кредит шоттары бойынша банктердiң басқа мекемелерiнен клиенттердiң шоттарына ақша қаражаттарының түсуi көрсетiледi. Қазынашылықтың әрбiр облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларындағы N 886 баланстық шоттың дербес шоттарындағы саны облыстағы қазынашылықтың аумақтық органының санына сәйкес келуi тиiс. N 886 баланстық шоттың дербес шоттарындағы кредиттік қалдықтардың сомалары N 161 iшкi корреспонденттік шоттардың қалдықтарына күн сайын теңестiрiлуi тиiс.
Корреспонденттiк немесе қосалқы корреспонденттiк шоттар талап ететін жағдайларды қоспағанда, NN 161, 886 шоттармен тiкелей корреспондентiкке жол берiлмейдi. Бұл орайда, құжаттарды енгiзу төлемдердi бақылау және реттеу бөлiмi жауапты атқарушысының автоматтандырылған жұмыс орнында орындалуы мүмкiн.
281. Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларында және қазынашылықтың аудандық бөлiмдерiнде клиенттердiң шоттарына қаражаттарды уақытылы есептеуге бақылау және республикалық және жергiлiктi бюджеттер бойынша шығыстарды көтеру мақсатында корреспонденттiк немесе қосалқы корреспонденттік шоттарды мұқият тексеру күн сайын орындалуы тиiс.
282. Қазынашылық бөлiмшелерi құжаттарды өңдеудiң кестесiн және технологиясын сақтай отырып қосалқы корреспонденттiк шоттардағы қалдықтардың теңдiгiн қамтамасыз етуге тиiстi, яғни 885 шот бойынша дебеттiк қалдық 886 баланстық шоттың кредиттiк қалдығына тең. Алшақтықтардың әрбiр жағдайы талдануы тиiс және үш банктiк күннiң iшiнде қосалқы корреспонденттiк шоттарды реттеу бойынша шаралар қабылдануы тиiс.
Ескерту. 282-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
283. Қосалқы корреспонденттiк шоттарды мұқият тексеру үшiн мынадай шығыс нысандарын:
N 885 iшкi қосалқы корреспонденттiк шоттан жасалған үзiндi көшiрменi;
N 885 iшкi қосалқы корреспонденттiк шоттан жасалған үзінді көшірменің шифрленген жазбасын;
N 886 сыртқы қосалқы корреспонденттiк шоттан жасалған үзіндi көшiрмені;
сыртқы қосалқы корреспонденттiк шоттан жасалған үзіндi көшiрменiң шифрленген жазбасын пайдалану қажет.
Қазынашылықтың аумақтық органдарының жауапты атқарушысы қосалқы корреспонденттік шоттарды мұқият тексерудiң нәтижелерiн қосалқы корреспонденттiк шоттардағы айырмашылықтар туралы анықтама түрiнде ресiмдеуi тиiс.
284. Қосалқы корреспонденттiк шоттарды мұқият тексеру үшiн мынадай тiзiмдемелер:
сыртқы корреспонденттік шоттардан жасалған үзiндi көшiрме;
iшкi корреспонденттік шоттардан жасалған үзiндi көшiрме;
iшкi корреспонденттiк шоттардан жасалған үзiндi көшiрмеге жасалған шифрленген жазба;
Есеп айырысу орталығынан қабылданған ведомость Есеп айырысу орталығында жүргiзiлген ведомость пайдаланылуы мүмкін Бақылау және төлемдердi реттеу бөлiмiнде үлкен көлемдегi құжат айналысы кезiнде корреспонденттiк шоттарды мұқият тексерудiң автоматтандырылған жұмыс орны пайдаланылады.
Автоматтандырылған жұмыс орнын пайдалану iшкi және сыртқы корреспонденттiк шоттар бойынша өткен әрбiр соманы қолмен салыстыруды болдырмауға мүмкiндiк туғызады. Iшкi жүйе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде және есептеу орталығында жүргiзiлген құжаттар туралы ақпараттармен қазынашылықтың аумақтық органында жүргiзiлген құжаттарды салыстыруды (квиттеудi) жүргiзедi. Квиттелгеннен кейiн iшкi және сыртқы корреспонденттiк шоттардағы және н. 111-НД, 111-НК, 111-ЛД, 111-ЛК реттелмеген төлемдер ведомосттарындағы алшақтықтар туралы анықтаманы қалыптастыруға болады.
285. Бақылау және төлемдердi реттеу бөлiмiнде кассалық шығыстарды көтеру бойынша төлем құжаттарын және жасалған шығындар туралы ақпараттарды қабылдау кезiнде ақпараттардың түсуiн берудiң арнаулы анықтамалығы жүргiзiледi. Осы анықтамалық негiзiнде н.055-Р шығыстарды жүргiзу күнi және н.055-П кассалық шығыстарды көтеру күнi бойынша қалыптастырылады.
285-1. Сол төлемдер бойынша iшкi және сыртқы корреспонденттiк және қосалқы корреспонденттiк шоттардың алшақтығын үш банктiк күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi. Егер төлем үш банктiк күннiң iшінде реттелмесе, онда облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық басқармалары Қазынашылық комитетiне алшақтықтың себебi, қолданылып жатқан шаралар мен реттеу мерзiмдерi туралы түсiнiктеме жазба ұсынады. Корреспонденттiк және қосалқы корреспонденттiк шоттар бойынша қаржы жылының аяғында алшақтық болуға жол берiлмейдi.
Ескерту. 285-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
286. Н.051 тiзiмдеменi шығыстарды жүргiзу күнi бойынша қалыптастырылады. Көтеру күнiмен шығыстарды жүргiзу күнi сәйкес келмейтіндердiң шығыстары бойынша н.051-Д қосымша тiзiмдемені қалыптастырылады. Осы ведомоста шығыстарды жүргiзу күнi мен шығыстарды көтеру күні көрсетiлген.
287. Қазынашылықтың аумақтық органы қабылдаған электрондық төлем тапсырыстары бiр данада қағаз жазбаларда басылады. Байланыс арналары бойынша электрондық төлем тапсырыстарын қабылдаған қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы және (немесе) қазынашылықтың аумақтық органында клиенттің шотын жүргiзушi "Электронды қабылданды" деген штампты, өткiзілiм жасалған күндi және өзінің қолын қояды.
288. Қағаз жазбаларда басылған атқарылған электрондық төлем тапсырыстары қазынашылықтың аумақтық органының күн құжаттарына орналастырылады және бес жыл бойы сақталады. Iшкi және сыртқы магниттiк жазбалардағы (дискеттердегi, магниттi таспалардағы және т.б.) электрондық төлем тапсырыстары кемi үш жыл сақталады.
3-Тарау. Есептеу кезеңi
289. Қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген өткен қаржы жылы бекiтiлген бюджеттiк шығыстар бойынша қорытынды операциялар жүргiзiледi. Есептеу кезеңiнiң ұзақтығын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ағымдағы жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiммен белгiлейдi.
289-1. Есептi кезеңде (қорытынды айналымдар) мемлекеттiк мекемелер 032-А (132-А) "Алынған мiндеттемелердi ескере отырып лимиттер мен кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы" нысанында саналатын өткен жылдың 31 желтоқсаны бойынша лимиттер қалдығының есебiнен шығыстарды жұмсамайды, жекелеген шығыс операцияларына есептi кезеңде мемлекеттiк мекемелерге "қорытынды айналымдар" белгiсi бар алынған қазынашылық немесе қаржылық рұқсаттардың негiзiнде жүргiзуге рұқсат етiледi.
Ескерту. 289-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
290. Қорытынды операциялар (бұдан әрi - қорытынды айналым) жүргiзiлетiн орталықтандырылған шоттарды есепке алу қорытынды айналым бойынша және ағымдағы жыл айналымы бойынша жеке жүргiзiледi.
290-1. Қорытынды айналымдардың кезеңінде iшкi және сыртқы Қазынашылықтың аумақтық органдарының корреспенденттiк шоттарындағы және Қазынашылықтың аудандық бөлiмдерінің қосалқы шоттарындағы алшақтыққа жол бермеу үшін:
1) қорытынды айналымдармен қолма-қол ақша беру бойынша кассалық шығыс жүргiзуге, ал 889-шоттан - ағымдағы жылмен қайтаруға тыйым салынады;
2) iшкi корреспонденттiк шот бойынша төлемдердi сыртқы корреспонденттiк шотқа есепке алынған жылмен қабылдауға, сондай-ақ қосалқы корреспонденттiк шот (885, 886) бойынша да төлемдердi жүргiзуге;
3) қорытынды айналымдар бойынша төлемдер оң жақ жоғары бұрышына "қорытынды айналымдар" деген айрықша жазбамен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдары арқылы ресiмделедi. "Z" айрықша белгiсi қойылған корреспонденттiк шотқа түскен сомалар ақшаны тиiстi бюджеттік шотқа есепке ала отырып, iшкi коршот бойынша қорытынды айналымдармен көрсетілсін.
Ескерту. 290-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
291. Өткен жылғы кiрiс қалдықтарының дебетi және кредитi бойынша айналымдарды қоспағанда, баланстағы қорытынды айналым аяқталған күн бойынша 1 қаңтардан бастап, кезең iшiнде, қорытынды айналым бойынша көрсетiледi. Қорытынды айналым бойынша құжаттарға штамп қойылады және "Қорытынды айналым бойынша" деген жазба жасалады. Қорытынды айналым бойынша құжаттар бөлек бумаға iрiктеледi, бiрақ тiгiндiнiң басында жаңа операциялар бойынша осы күннiң құжаттарымен бiрге түптеледi.
292. Қорытынды айналым бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарында мынадай жұмыстар жүргізiледi:
н.094-с "Қорытынды айналым бойынша айналымдық-сальдо тiзiмдеменi", н.095-с "Қорытынды айналымдарды ескере отырып жылдық айналымдық-сальдо тiзiмдеменi" қалыптастырылады;
мемлекеттiк мекемелердiң және кәсiпорындардың ағымдағы және есеп айырысу шоттарының қалдықтары, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердiң кассалық шығыстары салыстырылады және расталады;
қорытынды айналымдарды ескере отырып сыртқы және iшкi корреспонденттiк шоттардың қалдықтарын салыстыру жүргiзiледi. Салыстыру нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және қазынашылықтың аумақтық органы растайтын салыстыру тiзiмдеменi жасалады.
Транзиттiк бюджеттiк шоттардың қалдықтары (б/ш 100, 120) қорытынды айналымдардың соңғы күнi жабылады.
Ескерту. 292-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
13-Бөлім. Қазақстан Республикасының республикалық
және жергілікті бюджеттерінің кассалық атқарылуы
туралы есептің жасалу тәртібі
1-Тарау. Қаражаттарды мемлекеттiк бюджеттерден алынғандығы
туралы есептiк деректердi қазынашылықтың аумақтық органдарының
деректерiмен мемлекеттiк мекемелердiң салыстыруы
293. Республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге бөлiнген, жаңа жылдың қаңтарына дейiн пайдаланылмаған лимиттер жойылады.
294. Республикалық бюджеттен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер Қазынашылықтың аумақтық органдарынан қаржы жылы аяқталғаннан кейiн қорытынды айналымдарға дейiн және қорытынды айналымдардан кейiн "Алынған мiндеттемелердi ескере отырып, бөлінген лимиттер мен кассалық шығыстар қозғалысының ведомосын" алып, өзiнiң есеп мәлiметтерiмен салыстырады. Қазынашылықтың аумақтық органдарына қорытынды айналымдардан кейiн мемлекеттiк мекеменің қолдарымен және мөрлерiмен расталған 032-А нысандары қайтарылады. Қазынашылықтың аумақтық органдары бес данадағы ведомосты алған кезде үш күндiк мерзiмнен кешiктiрмей қолдармен және мөртаңбамен растайды. Ведомостың екi данасы Қазынашылықтың аумақтық органдарында қалады, үш данасы мемлекеттік мекемеге берiледi, оның ішінде екеуi қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы жылдық есептiң құрамында қызмет көрсетушi Қазынашылықтың аумақтық органына және жоғары тұрған мемлекеттiк мекемеге ұсынылады.
Ескерту. 294-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
295. Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемеге қаржы бөлудi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi олардан ұсынылған ведомостың (N 032-А нысан) негiзінде осы ведомосқа олардың тiкелей өздерінің бюджеттiк шоттарынан алған сомасын қоса алғанда, шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бөлiгiнде лимиттердi төмен тұрған таратушылардың есепті жылғы кассалық шығыстарының сомасы толтырылатын N 1 нысан бойынша республикалық бюджеттен алынған қаражат туралы ведомость жасайды. N 1 нысанның ведомосы (0503061-код) төрт данада теңгемен жасалады және 25 қаңтардан кешiктiрмей бақылау және қол қою үшiн тиiстi облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық басқармасына берiледi. Ведомостың екi данасы облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық басқармасында қалады екi данасы, өз кезегiнде, бiр данасы лимиттердi бас таратушыға берiлетiн лимиттерi таратушыға жiберiледi.
Ескерту. 295-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
296. Түрлi облыстарда ведомостволық бағынысты мемлекеттік мекемелерi бар лимиттердi иеленушiлер бюджеттен лимиттердi алғандығы туралы екi тiзiмдеме ресiмдейдi. Лимиттердi иеленушi мен бiр облыста орналасқан ведомостволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер бойынша бiр тiзiмдеме жасалады, қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары растайды және жоғары тұрған лимиттердi иеленушiге берiледi. Ведомостволық бағынысты мемлекеттiк мекемелерден алынған N 032-А нысан негiзiнде, басқа облыстарда араласқан ведомостволық бағынысты мемлекеттік мекемелер бойынша екінші тiзiмдеме жасалады. Барлық N 032-А нысандарды қоса бере отырып, жоғары тұрған лимиттердi иеленушiге жiберiледi.
297. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi. 032-А нысанының және лимиттердi төмен тұрған таратушылардан алынған ведомостардың негiзiнде соманы мың теңгемен көрсете отырып, N 2 нысан (0503063-код) (N 54 қосымша) бойынша бюджеттен алынған қаражат туралы жиынтық ведомосты жасайды және 30 қаңтардан кешiктiрмей үш данада Қазынашылық комитетiне бередi.
Сыртқы заемдардан қаражат алған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi N 2 нысанның (0503063-код) ведомосында көрсетiлген соманы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттiк қарыз алу департаментінде растайды.
Банктiк операциялар бойынша Қазынашылық комитетінің жауапты қызметкерлерi республикалық бюджет бойынша жүргiзiлген кассалық шығыстар туралы жиынтық есептiк деректердi республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерінің деректерiмен салыстырады. Расталған ведомостың екi данасын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне қайтарады, үшiншi данасын өзiнде республикалық бюджеттiң кассалық атқарылуы туралы жылдық есеп жөніндегi iс-қағазда қалдырады.
Ескерту. 297-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
298. Ведомостволық бағынысты мемлекеттiк мекемелерi жоқ және бюджеттiк қаражаттарға иелiк етпейтiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi лимиттердi бюджеттен алғандығы туралы тiзiмдеменi және бюджеттен қаражаттарды алғандығы туралы жиынтық тiзiмдеменi жасамайды.
299. Облыстық, аудандық және қалалық қаржы басқармалары (бөлiмдерi), кенттердiң Әкiмдерi және ауылдық әкiмшiлiктер, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттер бойынша бюджеттiк шоттар ашылған мемлекеттiк мекемелер ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бюджеттiк шоттардың қалдықтарын қазынашылықтың аумақтық органдары белгiленген тәртіпте растауға мiндеттi. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарының және қаржы органдарының деректерiмен есептiк деректердi салыстырады және қаржы жылының 10 қаңтарынан кешiктiрмей "Алынған мiндеттемелердi ескере отырып бөлiнген лимиттердiң және кассалық шығыстардың ведомосты" (032-А нысаны) бюджеттiк шоттарының орналасқан орны бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына ұсынады.
2-Тарау. Мемлекеттiк бюджеттiң кассалық атқарылуы туралы
есептеменi жасау және ұсыну тәртiбi
300. Бухгалтерлiк есептiң деректерi негiзiнде қазынашылықтың аумақтық органдары кiрiстер мен шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының кодтары бойынша және осы Нұсқаулықпен бекiтілген нысандары бойынша Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнiң кассалық атқарылуы туралы жедел (күн сайынғы), айлық және жылдық есептеменi жасайды.
301. Республикалық бюджеттiң кассалық атқарылуы туралы есептеменi қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларына қазынашылықтың аудандық бөлiмдерi ұсынады. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кассалық атқарылуы туралы облыстар бойынша жиынтық есептемелер қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларында (ақпараттарды өңдеу орталығында) жасалады, есептеменiң белгiленген нысандар бойынша барлық құжаттары өңделгеннен кейiн Қазынашылық комитетiне жiберiледi, ал соңғысы жиынтық түрiнде - белгiленген есептеменiң соңғы нысаны бойынша Бюджет департаментіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жiберiледi.
Жаңа жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары салық органдарының есептiк деректерiмен н. N 042 көрсетiлген кiрiстердiң түскендiгi туралы деректердi салыстырады.
Одан басқа, қазынашылықтың аумақтық органдарының және лимиттердi иеленушiлердiң қаражаттардың республикалық бюджеттен алынғандығы туралы жылдық есептiк деректердi салыстырады.
302. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы жылдық, тоқсандық есептердi және нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген көлемде және нысан бойынша бередi.
303. Республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер бухгалтерлiк есептеменi белгiленген мерзiмде толық көлемдегі нысанда, үш данада тиiстi қазынашылықтың аумақтық органдарына тапсырады. Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы берiлген есептеменi тексередi және алшақтықтар болмаған жағдайда бақылау визасымен және N 1 нысанның (0503001) қаржыландыру жоспарлары атқарылу балансының, ұйымдар N 2 нысандары (0603008), 2-нысандары (есепке алу) (0603008), 2-нысандары (қайтарып алу) (0603008) қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы есептiң бiрiншi бетiнiң жоғарғы оң жақ бұрышына қазынашылықтың аумақтық органының штампымен белгiленедi. Виза және штамп қойылған есептеменiң екi данасы мемлекеттiк мекемеге қайтарылады олардың бiреуi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiне жiберiледi.
304. Лимиттердi бас иеленушiлерден лимиттер алатын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және мемлекеттiк мекемелер (мемлекеттiк мекемелердiң шығыстары үшін және ведомостволық бағынысты құрылымдық бөлiмшелер арасында алынған лимиттердi бөлу үшiн) жиынтық бухгалтерлiк есептемелердi мың теңгеде жасайды, ал осы мемлекеттiк мекеменiң шаралары үшiн бюджеттiк қаражаттардың тiкелей жұмсалуына ғана арналған жоғары тұрған лимиттердi иеленушiлерден алған лимиттердiң бухгалтерлiк есебін мемлекеттiк мекемелер теңгеде жасайды.
305. Барлық төлем құжаттарын қабылдағаннан, Қазынашылықтың аумақтық органдары бюджет бойынша түсiмдердi таратқаннан, шығыстарды жұмсағаннан кейiн күн сайынғы және ай сайынғы есептік ведомостар қалыптастырылады және мемлекеттiк мекемелерге және тиiстi салық және жергiлiктi қаржы органдарына берiледi:
Бюджетке салық төлеу тiзiлiмi - 040-нысаны (N 55-қосымша).
Әрбiр салық органы үшiн күн сайын қалыптастырылады. Нақтылы салық органына арналған тiзiлiм осы салық органына бағытталған барлық түсiмдердi қамтиды. Тiзiлiмдегi жазбаларда: СТТН төлеушi, салық коды, төлем сомасы, қайтару ("В") немесе есепке алу ("ЕА") белгiсi, банк коды және құжат нөмiрi көрсетiледi. Басқа салық органдарынан түскен салықтар бойынша өткiзiлiм жасалғандығы туралы белгi жасалған (күнi, штампы қолы) тiзiлiммен бiрге салық комитеттерi қорытындыларының көшiрмелерi берiледi;
Кiрiс кодтары бойынша түсiмдердiң күн сайынғы тiзiмдемесi - 040К-нысаны (N 56-қосымша). Салықтар мен кiрiстердiң жекелеген түрлерi бойынша қалыптастырылады. Тiзiмдеме сұрау бойынша берiледi; Бюджетке түсетін түсiмдердiң күн сайынғы тiзiмдемесi - 041-нысаны (N 57-қосымша). Тiзiмдеме әрбiр қаржы органы үшiн және республикалық бюджет үшiн жеке күн сайын қалыптастырылады. Тiзiмдемеде кiрiстердiң бюджеттiк сыныптамаларының атаулары мен кодтары, күн iшінде және жыл басынан берi қаржы органдары кiрiстерiнiң шоттарына түскен жалпы түсiмдердi және есепке алынған сомалар қамтылады. Тізімдемеге ағымдағы күн ішінде қозғалыс жасалған кодтар ғана енгiзiледi. Жыл басынан бергi қорытынды сомалар осы тiзiмдеменiң қорытындысына сәйкес келуi үшiн онда: "Күн iшiнде түсiм түспеген кiрiстер" деген қосымша жол жазылады. Осы жолдың "күн үшiн" деген бағанына нөлдiк мән, ал "жыл басынан бергi" деген бағанына тiзiмдемеде жоқ кодтар бойынша түсетін түсiмдердiң сомалары жазылады. "Күн ішінде есепке алынды" деген бағандағы қорытынды сан тiзiмдеме арналған қаржы органының кiрiстер шотына түсетiн түсiмдердiң қысқартылған сомаларына сәйкес келедi. Республикалық бюджетке арналған тiзiмдемедегi "күн iшінде есепке алынды" деген бағандағы қорытынды сан республикалық бюджеттiң кiрiстерi бойынша күнгi қысқартылған айналымға сәйкес келуi тиiс, ал "жыл басынан берi есепке алынды" деген бағандағы қорытынды сан осы дербес шот бойында қалдыққа сәйкес келедi;