Ескерту. 103-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
104. Барлық мемлекеттiк мекеменiң бюджеттiк шотынан шығыс операцияларын жүзеге асыру бюджет қаражаттарын жұмсауға арналып, оларға бөлiнген лимиттер шегiнде жүргiзiледi. Бюджеттiк шотта шығыс операцияларын жүзеге асыру кезiнде дебеттiк қалдық бөлiнген лимиттерден аспауы тиiс.
105. Мемлекеттiк мекемелер жүргiзген шығыстар дебет шоттарда, ал оларды қалпына келтiру кредит бойынша ескерiледi.
106. Жергiлiктi бюджет қаражаттарының жұмсалуына алдын ала бақылауды қамтамасыз ету үшін қазынашылықтың аумақтық органдарында қаржыгердiң автоматтандырылған жұмыс орны белгiленген, ол арқылы қазынашылықтың жауапты атқарушысы мынадай функцияларды орындайды:
шығыстардың және бюджеттiк сыныптама кодтарының кассалық шығыстарын қалпына келтiрудiң бастапқы құжаттарына алдын ала бақылауды жүзеге асырады;
шығыстар бойынша операцияларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк шотында "Алынған мiндеттемелердi ескере отырып бөлiнген лимиттер және кассалық шығыстар қозғалысының тiзiмдемесi" 132-А нысаны бойынша қаражаттардың бар-жоғын тексерудi жүзеге асырады және қаражаттарды жұмсауға рұқсат бередi (бекiтедi);
рұқсаттардың қозғалысы бойынша шығыс тiзiмдемесiн қалыптастыруды жүзеге асырады;
шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының берiлген бiр коды бойынша және шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының бiрнеше кодтары бойынша "Қаржыландыруға арналған жоспарлы мақсаттардың қалдықтары туралы анықтама" N 205-нысан бойынша жоспарлы мақсаттардың қалдықтарын бақылауды жүзеге асырады.
Ескерту. 106-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
107. Жергiлiктi бюджеттер бойынша операциялық шығыстарды жүргiзу үшiн қаржыгердiң автоматтандырылған жұмыс орнында жауапты атқарушы шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiн көрсете отырып төлем құжаттарының реквизиттерiн енгiзедi. Құжатты енгiзу кезiнде мемлекеттiк мекеме кодының, бюджеттiк сыныптама кодтарының бар-жоғына, нақтылы жұмсалым жасайтын бiрлiк үшiн әрбiр жекелеген ерекшелiк бойынша шығыстарға арналған лимиттердiң бар-жоғына бағдарламалық бақылауды жүзеге асырады. Қаржыгердiң автоматтандырылған жұмыс орнында шығыс операцияларын орындауға арналған электрондық рұқсаттарды қалыптастырылады және әрбiр төлем құжаты рұқсат визасымен және атаулы штампының бедерiмен ресiмделедi.
108. Қаржыгердiң автоматтандырылған жұмыс орнының жауапты атқарушысы визасын қойғаннан кейiн бастапқы құжат операциялық бөлiмнiң жауапты атқарушысына берiледi. Операциялық бөлiмнiң жауапты атқарушысы бастапқы құжатты шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерi бойынша бөлiп енгiзедi. Енгiзу кезiнде мемлекеттiк мекеме шотының Қазақстан Республикасы банктерiнiң анықтамалығындағы банк-төлеушi және банк-бенефицияр кодтарының бар-жоғына бақылауды жүзеге асырады.
109. Әрбiр жергiлiктi бойынша жергiлiктi қаржы органын қамтамасыз ететiн (облыстық, Астана және Алматы қалаларының, қалалық және аудандық деңгейдегi) қазынашылықтың аумақтық органдары тиiстi баланстық шотта бюджеттiк (негiзгi) шот ашады. Бұл шотқа оларды жұмсау құқығынсыз жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi есептеледi және мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде қаржы органдарының өздерi жүргiзген кассалық шығыстар есептен шығарылады. Бұл шот бойынша басқа да операцияларды жүргiзуге жол берiлмейдi.
110. Егер мемлекеттiк мекемелер бiрнеше бюджеттерден қаржыландырылса, оған әрбiр бюджет үшiн тәуелсiз қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн тиiстi бюджет бойынша жекелеген кодтарды тағайындай отырып, шығыстар есебi бойынша жеке бюджеттiк шот ашады.
111. Мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде өздерiнiң қаржы органдары жүргiзген шығыстарды есептеу үшiн қазынашылықтың аумақтық органдарында N 132 "Облыстық бюджеттiң қаражаттары" баланстық шотында - облыстық бюджеттiң мемлекеттiк мекемелерi үшiн; N 130 "Аудандық және қалалық бюджеттердiң қаражаттары" баланстық шотында - аудандық (қалалық) бюджеттің мемлекеттiк мекемелерi үшiн жергiлiктi бюджеттер шығыстарының бақылау шоттары ашылады, Қазынашылықтың аумақтық органдарында ашылған бақылау шоттарының саны мемлекеттiк мекемелерге бюджеттiк қаржы бөлетiн жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын қаржы органдарының санымен белгiленедi. Егер қазынашылықтың аудандық (қалалық) бөлiмiнде облыстық бюджеттен бюджеттiк қаржы алатын мемлекеттiк мекемеге және аудандық (қалалық) бюджеттен бюджеттiк қаржы алатын мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетiлетiн болса, онда қазынашылық органында екi бақылау шоты ашылады.
Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстары есебi бойынша бақылау шоттарының мынадай кодтары бар: ОХХ130кNN немесе ОХХ132кNN, мұнда ОХХ - қазынашылықтың аумақтық органының коды, ал NN - реттiк нөмiрi.
Бақылау шоттары пассивтi болып табылады, шоттың кредитi бойынша мемлекеттiк мекемелер, оның ішінде өздерiнiң қаржы органы жүргiзген шығыстардың орнын толтыру сомалары есепке алынады.
Әрбiр операциялық күннiң аяғында жүргізiлген шығыстардың жалпы сомасы қаржы органының шотынан өндiрiп алынады және шығыстардың бақылау шотында есепке алынады. Операциялық күннiң iшiнде N 130, 132 баланстық шоттың мемлекеттiк мекемелердiң жеке шоттарында жүргiзiлген шығыс операциялары өткен операциялық кезеңдегi және жыл басынан бастап өсiп отыратын жиынмен кассалық шығыстар көрсетiлетiн "Жергiлiктi бюджеттегi мемлекеттiк мекемелердiң шығыстары бойынша күн сайынғы жиынтық ведомость" 151-С нысанының жергiлiктi бюджет шығыстары бойынша күнi сайынғы жиынтық ведомоста көрсетiледi.
112. Жергiлiктi бюджеттердiң шотынан мыналар есептен шығарылады:
бөлiнген қаржыландыру лимитiнiң шегiнде жергiлiктi бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жөнiндегi мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде өздерiнiң қаржы органы жүргiзген кассалық шығыстар;
бюджеттiк алулардың сомалары;
тиiстiлiгi бойынша басқа бюджеттерге немесе басқа ұйымдарға есептелуге жататын анықталмаған түсiмдердi қайтару;
салық органдарының төлем тапсырмалары бойынша бюджетке артық және дұрыс есептелмеген артық төленген салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi қайтару.
Ескерту. 112-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
113. Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттерден ұсталуына жол берiлмейдi.
114. Қазынашылықтың аумақтық органдары күн сайын мемлекеттiк мекемелердiң шоттарында және тиiстi бақылау шотында кассалық шығыстардың сомасының теңдiгiне бақылау жасауды жүзеге асырады. Қазынашылықтың аумақтық органындағы күн сайынғы балансында NN 130, 132 баланстық шоттарда жүргiзiлген сома тиiстi қаржы органдарының шоттарындағы кредиттiк қалдықтан аспауы керек.
115. Қазынашылықтың аумақтық органдары:
қаржылық және бюджеттiк рұқсаттарды есепке алуды;
мемлекеттiк мекемелерге шығыстар лимиттерiне бөлiнген есептiк-төлемдiк құжаттар бойынша шығыстар көлемiнiң сәйкестiгiне бақылауды;
қаржылық және бюджеттiк рұқсаттарда белгiленген лимиттер шегiнде бюджеттiк сыныптама кодтары бойынша кассалық шығыстарды есепке алуды;
жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерi мен шығыстары бойынша күн сайынғы және ай сайынғы ведомостар жасауды;
ай сайын бөле отырып, кiрiстер мен шығыстардың жылдық жазбасы шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын қаржыландыруға арналған лимиттердi бөлуге бақылау жасауды:
мемлекеттiк мекемелер бюджеттік қаржы есебiнен жасайтын азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асырады.
Ескерту. 115-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
116. Жыл басынан бергi бөлiнген лимиттер мен кассалық шығыстар туралы мәлiметтер қазынашылықтың аумақтық органдары әрбiр мемлекеттiк мекемеге беретiн "Алынған мiндеттемелердi ескере отырып, бөлiнген лимиттер мен кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы" 132-А нысанында көрсетiледi.
117. Жергiлiктi бюджеттерден ұсталатын мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысандардың тәртiбiмен және көлемiнде тиiстi қаржы органдарына бюджеттiк қаражатты пайдалану туралы есеп бередi.
5-Бөлім. Өтеусіз негізде мемлекеттік бюджет
есебінен күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру
118. Өтеусiз негiзде мемлекеттiк бюджет есебiнен күрделi жұмсалымдарды қаржыландырудың лимиттерiн ашу қолданылып жүрген тәртiппен республикалық бюджет бойынша - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi жергiлiктi бюджет бойынша - тиiстi қаржы органы жүргiзедi. Бұл ретте таратушы құжаттар ( 1, 2, 2-а-н.н., 1-МБЗ. 1-МБР) объектiлердiң тiзiлiмiмен бiрге жүредi. (N31-қосымша).
119. Аталған қаражат Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi негiзiнде - республикалық бюджет бойынша және жергiлiктi атқарушы органдардың - жергiлiктi бюджет бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне (бұдан әрi - тапсырысшылар) тиiстi бюджеттерден бөлiнедi.
120. Өтеусiз негiзде күрделi жұмсалымдарды бюджеттiк қаржыландыру тиiстi бюджеттерге қаражаттың түсу шамасы бойынша бюджеттік сыныптама кодтары бөлiгiнде ай сайын бөле отырып, қаржы жылына арналған шығыстардың бекiтiлген тiзiмдемесiнде қаражаттың тиiстi бюджеттерге түсу шамасы бойынша жүзеге асырылады.
121. Өтеусiз негiзде бюджеттiк қаржыландыру есебiнен күрделi жұмсалымдар бойынша шығыстарды жүзеге асыру үшiн тапсырысшылар қазынашылықтың аумақтық органдарына мыналарды:
олар белгiлеген қаржыландыру көлемдерiне сәйкес әрбiр объектi бойынша ағымдағы жылға арналған күрделi құрылыстың жоспарын;
қайта басталатын құрылыстардың титул тiзiмдерiн;
ауыспалы құрылыс iшкi құрылыс титул тiзiмiн;
жобалауға, құрылысқа немесе құрылыс үшiн жабдықтар тасуға арналған шарттардың (келiсiм-шарттардың) көшiрмесiн (оларға қосымша келiсiмдер) құрылыс құнының қаржыландыру жоспарлық есебiнiң көшiрмесiн ұсынады.
122. Республикалық бюджет есебiнен жобалау-iздестiру жұмыстарына ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды жүзеге асыру үшiн қазынашылықтың аумақтық органдарына нормативтiк құқықтық актiлер, уәкiлетті республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бекiткен республикалық маңызы бар жобалау-iздестiру жұмыстарының тiзбесi негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң негiзiнде жасалған шарттарды (келiсiм-шарттарды) ұсынады.
123. Жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен күрделi жұмсалымдарға ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды жүзеге асыру үшiн қазынашылықтың аумақтық органдарына тиiстi қаржы органымен келiсiлген шарттарды (келiсiм-шарттарды) ұсынады.
124. Для осуществления расходов по оплате конверсионных мероприятий за счет средств республиканского бюджета в территориальные органы казначейства представляются утвержденные соответствующими администраторами республиканских бюджетных программ планы финансирования с указанием затрат по видам работ и услуг по конверсионным проектам, в пределах сумм, предусмотренных постановлением Правительства Республики Казахстан на текущий финансовый год.
125. Республикалық бюджет есебiнен мемлекеттiк жер қойнауын геологиялық зерделеу мен қорғау жөнiндегi жұмыстарға ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды жүзеге асыру үшiн қазынашылықтың аумақтық органдарына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 571 қаулысына сәйкес жұмыстардың бағыты бойынша қаражат лимитiн бөле отырып (N 7-ГР және N 5-ГР нысандары бойынша), Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен объектілік жоспарларды ұсынады.
Жер қойнауын геологиялық зерделеу мен қорғауды қаржыландыруға арналған республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен, сондай-ақ жер қойнауын қорғау мен пайдаланудың аумақтық басқармалары жатады. Бұл ретте N 2-нысанның рұқсаттарымен бөлiнген лимиттер екiншi деңгейдегi банктерде ашылған жер қойнауын қорғау мен пайдаланудың аумақтық басқармаларының есеп шоттарына арналған таратушылардың бюджеттiк шоттарынан төлем тапсырыстарымен бiрге қазынашылықтың аумақтық органдары аударуға жатады.
126. Құрылыс кезеңiне арналып жасалған шарт (келiсiм-шарт) тапсырысшы мен мердiгер ұйым арасында есеп айырысу үшiн негiзгi құжат болып табылады Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын объектiлердiң құрылысы бойынша шығындарды ұстап тұру Жобаларды мемлекеттiк ведомостводан тысқары сараптау қорытындыларының негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы шешiмдерi бойынша және жергiлiктi бюджеттен - жергiлiктi атқарушы органның рұқсатымен рұқсат етiледi. Мұндай жағдайда қазынашылықтың аумақтық органдары тапсырысшы жалпыреспубликалық маңызы бар жобалау-iздестiру жұмыстарының тiзбесi бойынша өзгертiлген құжаттарды (тематикалық жоспар) бередi.
127. Әрбiр объект бойынша күрделi жұмсалымдар жөнiндегi қаржыландыру мен төлемдердi жүзеге асыруға бақылау жасау үшiн қазынашылықтың аумақтық органдарында қаржыландырудың бөлiнген лимиттерi мен күрделi жұмсалымдарға олардың есебiнен жүргiзiлген шығыстарын есепке алу үшiн жеке шот жүргiзiледi (N 32-қосымша).
128. Шығыс операцияларын жүзеге асыру тапсырысшының төлем тапсырыстарының, шарттың (келiсiм-шарттың) ережелерiне сәйкес бұрын бөлiнген аванстарды ұстап қалуды ескере отырып тапсырысшы мен мердiгер қол қойған орындалған жұмыстар актiлерiнiң негiзiнде қазынашылықтың аумақтық органдары арқылы жүргiзiледi.
Мердiгер ұйымның құрылыс материалдарын дайындауға аванс беру, егер мұндай аванс жылдық көлемнің жиырма процентiнен аспайтын мөлшерде шарттар (келiсiм-шартта) көзделсе (кейiннен оны орындалған жұмыстарға ақы төлеуге есепке ала отырып) рұқсат етiледi. Аванс мөлшерiн ұлғайту айрықшылық тәртiбiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен - республикалық бюджет бойынша және тиiстi қаржы органдарымен - жергiлiктi бюджет бойынша келiсiледi.
Жыл басынан бергi пайда болған ауыспалы объектiлер бойынша орындалған жұмыстар үшiн кредиторлық берешек ағымдағы жылға арналған тапсырысшыға күрделi жұмсалымдарды қаржыландырудың ашық лимиттерiнiң есебiнен төленедi.
129. Мердiгерлiк ұйымның жазбаша өтiнiшi бойынша тапсырысшы орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары, қосалқы мердiгер ұйымдары орындаған жұмыстар мен шығындар үшiн оған тиесiлi сомадан төлеуге құқығы бар.
130. Шетелдiк мердiгер ұйымдарымен есеп айырысу үшiн тапсырысшының шотынан шығыс операциялары белгiленген тәртiппен теңгенi шетелдiк валютаға айырбастау арқылы жүргiзiледi.
131. Өзге жағдайларда, есеп операцияларын жүзеге асыру iрiктеу заңдарға сәйкес жүргiзiлетiн банк-агенттер арқылы жүргiзiледi.
Бұл жағдайда банк-агент, лимиттердi таратушы мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi арасында агенттiк келiсiм жасалады.
132. Орындалған жұмыстар үшiн мердiгермен есеп айырысу банк-агентте ашылған тапсырысшының арнайы шоты арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте ақшаны тапсырысшының бюджеттiк шотынан оның арнайы шотына аударуға рұқсат етiледi. Ақшалардың мақсатты пайдаланылуына агенттiк келiсiмде айтылуы керек банк-агент жауап бередi.
Арнайы шоттағы ақшалардың қалдығы қаржы жылының аяғында тапсырысшының бюджеттiк шотына мiндетті түрде қайтаруға жатады.
133. Құрылыс, объект бойынша жұмысқа ақы төлеу тұтастай алғанда келiсiлген бағаның тоқсан бес процентi шегiнде жүргiзiледi. Тапсырысшы мен мердiгер арасындағы орындалған жұмыстар үшiн ақырғы есеп айырысу құрылыс аяқталғаннан және тапсырысшы қазынашылықтың аумақтық органдарына (банк-агентi оның пайдалануға берiлгендiгi туралы мемлекеттiк немесе жұмыс комиссиясының бекiтiлген актiсiн ұсынғаннан кейiн жүргiзіледi.
134. Күрделi жұмсалымдар бойынша бөлiнген лимиттердiң мақсатты пайдаланылуына бақылауды қазынашылықтың аумақтық органдары жүзеге асырады. Бөлiнген бюджеттiк қаржылардың мақсатсыз пайдаланылуы фактiлерi анықталған жағдайда, кiнәлiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
6-Бөлім. Республикалық және жергілікті
бюджеттерден ұсталатын мемлекеттік
мекемелердің атқарушы құжаттарының орындалуы
1-Тарау. Жалпы бөлім
135. Азаматтық, еңбек, шаруашылық даулар бойынша, сондай-ақ моральдық және материалдық залалдың орнын толтыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң (бұдан әрi - борышкер) атқарушы құжаттарының атқарылу тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 14 сәуiрдегi N 151 бұйрығымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылған мемлекеттiк мекемелердiң атқарушы құжаттарының орындалу тәртiбi туралы нұсқаулықпен белгiленген.
136. Негiзiнде инкассалық өкiмдер көрсетiлетiн атқарушы құжаттар мыналар болып табылады:
сот шешімдерiнiң, анықтамалары мен қаулыларының негiзiнде берiлетiн ақшаларды өндiрiп алу туралы атқарушы парақтар немесе соттардың бұйрықтары;
әкiмшiлiк органдары мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттi лауазымды тұлғалар шығарған айыппұлдарды өндiрiп алу туралы қаулылар;
нотариустардың атқарушылық жазбалары бар құжаттар;
ақшаларды жiберушi жазбаша түрде толық немесе iшiнара мойындаған, сондай-ақ ақшаларды жiберушi акцептелген ақы төлеу туралы талап еткен мерзiмдегi төленбеген талаптары;
ақшаларды жiберушiнiң келiсiмiнсiз ақшаларды алу жөнiндегi өндiрiп алу құқығы бар өндiрiп бенефицияр мен ақшаларды жiберушi арасындағы шарт.
2-Тарау. Сот шешiмдерiнiң орындалу тәртiбi
137. Мемлекеттiк мекемеге тағылған талаптарды қанағаттандыруды мемлекеттiк мекеме ағымдағы жылға бөлiнген лимиттер, сондай-ақ шығыстардың экономикалық сыныптамасының "Сот шешімдерiнiң орындалуы" 155 ерекшелiк бойынша заңдарға сәйкес мемлекеттiк мекеменің ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынатын қаражат есебiнен жүргiзiледi.
138. Инкассалық өкiмге ақы төлеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
инкассалық өкiмдi алып, қазынашылықтың аумақтық органдары үш банктiк күн iшiнде бұл туралы борышкерге жазбаша хабарлайды, ал соңғысы - өзiнiң жоғары тұрған мекемесiн;
бағдарламалардың әкiмшiсiн (егер борышкер бөлiнген лимиттердi бас таратушы болып табылмаса), бұдан кейiн ақылы қызмет көрсеткенi үшiн алынған қаражат жөнiндегi бюджеттiк шот бойынша не ағымдағы шот бойынша барлық шығыс операциялар инкассалық өкiмнiң атқарылғандығы туралы мәселенi шешкенге дейiн тоқтатылады.
Бөлiнген лимиттер не "Сот шешімдерінің орындалуы" 155 ерекшелiк бойынша ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражат болған кезде қазынашылықтың аумақтық органдары өкiмдi борышкер хабарлаған күннен бастап үш банктiк күн iшiнде орындайды.
155 ерекшелiкте қаражат жетiспеген не болмаған жағдайда, инкассалық өкiмдi орындау үшiн бұрын бөлiнген лимиттердiң қалдығын не жоспарлы тағайындауларды шығыстардың экономикалық сыныптамасының 155 ерекшелiгiне аудару талап етiледi, борышкер жоғары тұрған мекеме-бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшісiне қаржыландыру жоспарына тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы өтiнiш бiлдiредi. Бұл ретте, егер өндiрiп бенефициярдың талабын қанағаттандыру бұрын бөлiнген лимиттердiң қалдығы есебiнен жүзеге асырылады және оларды 155 ерекшелiкке ауыстыру талап етiледi, онда борышкердiң талап етуi бойынша оған қазынашылықтың аумақтық органы "Алынған мiндеттемелердi ескере отырып, бөлiнген лимиттер мен кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы" N 032-А-нысаны, егер ол республикалық бюджетте тұратын болса, және "Алынған мiндеттемелердi ескере отырып, бөлiнген лимиттер мен кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы" 132-А-нысаны, егер жергiлiктi деңгейде болса, "шығыс операциялары тоқтатылды" деген қазынашылықтың жауапты атқарушысының белгiсi берiледi. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi тиiстi өтiнiмдi, егер борышкер республикалық бюджеттен қаржыландырылса - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, егер жергiлiктi бюджеттен - жергiлiктi қаржы органына жiбередi. Барлық мәселелердi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi борышкер қазынашылықтың аумақтық органынан хабар алған күннен бастап 14 күнтiзбелiк күн iшiнде шешедi.
Шығыстар тiзiлiмiне өзгерiстер енгiзiлген кезде борышкер мен бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшісi қазынашылықтың аумақтық органдарында тiркелген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушілер алдындағы мiндеттемелердiң бар болуын ескеру керек.
Инкассалық өкiмдердiң орындалуы үшiн бюджет қаражатын бөлу белгiленген тәртiппен қазынашылық және қаржылық рұқсаттармен, бұдан әрi министрлiктiң рұқсаттарымен және шығыстардың экономикалық сыныптамасының "Сот шешімдерiнiң орындалуы" 155 ерекшелiгiне бюджеттiк қаражат лимиттерінің төмен тұрған таратушыларының бюджеттiк рұқсаттарымен жүзеге асырылады. Тиiстi рұқсаттар алғаннан кейiн (аталғандардан) қазынашылықтың аумақтық органы инкассалық өкiмдi қаражатты борышкерлiк төлем тапсырысымен не мемориалдық ордермен талап қою-қуынушыға аудару арқылы орындайды. Бюджеттердiң түрлерi бойынша (жергiлiктi және республикалық) жеке жүргiзiлетiн сот шешiмдерiнiң орындалуы жөнiндегi құжаттарды тiркеу журналдарында (N 33,34-қосымшалар) қазынашылықтың жауапты атқарушысы олар көздеген жазбаларды жүргiзедi.
7-Бөлім. Республикалық және жергілікті
бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру
1-Тарау. Жалпы бөлім
139. Мемлекеттiк тапсырысты қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат есебiнен жүргiзiледi.
140. Бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру үшiн мемлекеттік тапсырыстың негiзiнде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi (бұдан әрi - тапсырысшы) мемлекеттiк тапсырысты орындауға заңды және жеке тұлғалармен (бұдан әрi - атқарушылармен) шарттар (келiсiм-шарттар) жасасады.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi аумақтық органдарының республикалық бюджет есебiнен мемлекеттiк тапсырысты орындауға атқарушылармен бiрге шарт (келiсiм-шарт) жасасуға жол берiледi.
141. Мемлекеттiк тапсырысты орындауға арналған барлық азаматтық-құқықтық мәмiлелер "Мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiнiң өсуiн болдырмау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1336 қаулысына сәйкес қазынашылықтың аумақтық органдарында тiркеуге жатады.
141-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған республикалық бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша мемлекеттiк тапсырысты қаржыландырудың ерекше тәртiбін белгiлеуi мүмкін.
Ескерту. 141-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
2-Тарау. Мемлекеттiк тапсырысты
қаржыландыру шарттары
142. Мемлекеттік тапсырыс негiзiнде қаржыландырылатын бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) екi топқа бөлiнедi:
орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) көлемiне сәйкес қаржыландырылатын бағдарламалар (кiшi бағдарламалар);
мемлекеттiк тапсырыс құнының бiрлiгiне есептеуден қаржыландырылатын бағдарламалар (кiшi бағдарламалар).
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындауға арналған шарттар (келiсiм-шарттар) бiрiншi кезеңде әрбiр бағдарлама бойынша бекiтiлген (нақтыланған) бюджеттiң жылдық сомасының 70 процентi шеңберiндегi сомаға жасалады. Екiншi кезеңде бiрiншi кезеңге шарттар (келісiм-шарттар) бойынша мiндеттемелердi орындауға ақшалардың бөлiнген лимиттерiн игергеннен кейiн республикалық бюджеттiң атқарылуының қаржылық рәсiмдерiне сәйкес әрбiр бағдарламада (кiшi бағдарламада) бағдарламалардың әкiмшілерi аумақтық органдарының бекiтiлген (нақтыланған) бюджетiнiң жылдық көлемi шеңберiнде қалған сомаға жасалады.
Жергіліктi бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындауға арналған шарттар (келiсiм-шарттар) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әкiмдерi белгiлеген мөлшерлерде жасалады.
143. Қаржыландыру нысаны белгіленген тәртіппен мемлекеттiк тапсырыс ретiнде анықталған бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) екi топқа бөлінедi:
Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) көлемiне сәйкес қаржыландырылатын бағдарламалар (кiшi бағдарламалар);
мемлекеттiк тапсырыстың құн бiрлiгiне есептей отырып қаржыландырылатын бағдарламалар (кiшi бағдарламалар).
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi әрбiр бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша әзiрлейтiн және бекiтетiн Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттiк тапсырыс туралы ережеде қаржыландыру кезiнде қолданылатын, өзi бойынша бағдарламалардың жоғарыда көрсетiлген топтардың бiреуiне тиесiлiлiгi анықталатын мемлекеттiк тапсырыстың құнын есептеу қағидаты көрсетiледi. Осы Ереженi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазынашылықтың аумақтық органдарына ұсынады.
Ағымдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт (келісім-шарт) ағымдағы қаржы жылы қайта тіркелген, өткен қаржы жылының міндеттемелерін шегере отырып, республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген жылдық соманың шегінде жасалуы мүмкін.