85. Жаңаша бағынысы бойынша мемлекеттiк мекемелердің алғашқы лимиттердi ашу кезiнде қазынашылықтың аумақтық органы клиенттiң жаңа карточкасын қалыптастырады және белгiленген тәртiпте жаңа бюджеттiк шот ашылады.
Бұрынғы шоттардағы пайдаланылмаған лимиттердiң қалдығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң рұқсатымен жете пайдалануға рұқсат етiледi.
Өзге ведомостволық тиесілігiнің құқықтық мұрагерiне арналған, қайта құрылған мемлекеттiк мекемелерге бұрын бөлiнген лимиттердiң және кассалық шығыстардың сомаларын көшiру туралы шешiм қабылданған жағдайда Бюджет департаментінің салалық басқармалары таратылған немесе қайта құрылған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiне берiлген тиiстi қазынашылық рұқсаттардан көшіруге - даусыз тәртiпте лимиттердi ашуға, есепке алуға, қайтарып алуға жататын сомалар шегерiм белгiсiмен; құқықтық мұрагердiң қазынашылық рұқсаттарын енгiзу үшiн сомалар ұлғайту белгiсiмен көрсетiлетiн "Республикалық бюджет шығыстары жазбасының өзгеруi туралы" (N 21-қосымша) анықтама ресiмделедi.
Ескерту. 85-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
86. Берiлетiн әрбiр мемлекеттiк мекеменiң шығыстарына арналған лимиттердi ашу көрсетiлетiн құқықтық мұрагердiң жазбаша ұсынысы бойынша Қазынашылық комитетi қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларына кассалық шығыстардың көшірiлуiне және лимиттердiң ашылуына арналған нұсқаулар бередi. Нұсқаудың көшiрмесi көшiру операциясына қатысушы республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi жеткiзiледi.
Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары, өз кезегiнде, бұл нұсқауларды мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсететiн жергiлiктi жер бойынша қазынашылықтың аудандық бөлiмдерiне жеткiзедi.
87. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Қазынашылық комитетi жылдық қаражаттар қайта құрылған мемлекеттiк мекеменiң жоспарлы лимиттерi есебiнен арттырылатын, ал алынған лимиттер қайта құрылған мемлекеттiк мекеменiң бұрын берiлген сомаларына арттырылатын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiне - құқықтық мұрагерiне қазынашылық рұқсатты жазып бередi. Қайта құрылған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi үшiн терiс белгiмен бұрын берiлген лимиттердiң сомасына қазынашылық рұқсат жазып берiледi.
Комитет, департамент, агенттiк ерекшеленіп көрсетiлетiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi үшiн жылдық бюджеттiк мақсаттар мен алдын ала берiлетiн рұқсаттар ерекшеленген комитет, департамент, агенттік бойынша сомаға кемiтiлетiн қазынашылық рұқсаттар жазып берiледi.
Ерекшеленген комитетке, департаментке, агенттiкке олардың бюджеттік мақсаттары, республикалық бюджет шығыстарының тиiстi жазбалары және "Ағымдағы шығыстар" бағанына - бюджеттiк ақша лимиттерiнің оларға бұрын бөлiнген сомалары көрсетiлетiн қазынашылық рұқсатты жазып бередi.
88. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қазынашылық рұқсаттың негiзiнде министрлiктiң тиiстi рұқсатын (N 2-нысан) ресiмдейдi, ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелерге, қазынашылықтың аумақтық органдарына белгiленген тәртiпте жеткiзедi және операциялардың өтуiн қадағалайды.
89.
Ескерту. 89-тармақ алынып тасталынды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
90. Қазынашылық комитетiнiң хатында көрсетiлген Қазынашылықтың облыстық, Астана және Алматы қалаларының басқармаларына электрондық почта арқылы мемлекеттік мекемелердiң ашылған лимиттерiн көшiру жөнiндегi рұқсаттары (2, 2а-нысандар) келіп түскеннен кейін, қазынашының автоматтандырылған жұмыс орнына оларды есепке қосу келесі шарттарды орындағанда жүзеге асырылады:
если получены разрешения (форма 2, 2а) на правопреемника и передаваемое государственное учреждение;
ответственный исполнитель территориального органа казначейства, обслуживающий государственное учреждение-правопреемника, на основании указаний Комитета казначейства и в соответствии с ведомостью формы N 032-А передаваемого государственного учреждения, заполняет мемориальные ордера на перечисление денег с бюджетного счета правопреемника на бюджетный счет передаваемого государственного учреждения для восстановления кассовых расходов по каждой специфике расходов передаваемого государственного учреждения, для того, чтобы после восстановления кассовые расходы на счете передаваемого государственного учреждения стали равны нулю.
Мемориальдық ордерде кассалық шығыстарды есептен шығаруға арналған
құқықтық мұрагер шығыстарының коды, сондай-ақ берiлетiн мемлекеттiк
мекеменiң қалпына келтiруге жататын кассалық шығыстарының коды көрсетiледi.
Одан басқа, осы жерде: "Қазынашылық комитетiнiң "___"________ ж. N хаты
негізiнде кассалық шығыстарды көшiру" деген мәтiн жазылады.
Берiлетiн мемлекеттiк мекеме шығыстарының қандай да бiр ерекшелiгi бойынша кассалық шығыстардың керi мәнiн көшiруге дейiн бар-жоғы жағдайында мемориальдық ордермен есептен шығару керiсiнше: құқықтық мұрагер шотына кассалық шығыстарды қалпына келтiруге арналған берiлетiн мемлекеттiк мекеменiң шотынан жүргiзiледi.
Мемориальдық ордерге қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы қол қояды және қазынашылықтың аумақтық органы бақылау жасайды.
Жоғарыда аталған шарттар орындалғаннан кейiн қазынашылықтың жауапты атқарушысы көшiруге арналған рұқсатты (2, 2а-нысан) қазынашының автоматтандырылған жұмыс орнын жүктейдi және мемориальдық ордерлер бойынша операциялар жүргiзедi. Осы операция үш операциялық күн iшiнде жүргiзiлуi тиiс.
Ескерту. 90-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
91. Мемлекеттiк мекемелер бойынша ашылған лимиттер және кассалық шығыстар енгізiлгеннен кейін құқықтық мұрагердің және берiлетiн мемлекеттік мекеменiң бюджеттiк шоттарынан үзiндi көшiрме бойынша, сондай-ақ "Алынған мiндеттемелердi ескере отырып бөлiнген лимиттердiң және кассалық шығыстардың тiзiмдемесiн" 032-А-нысан бойынша жүргiзiлген операциялардың дұрыстығына көз жеткiзу қажет.
5-1-тарау. Бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерінің
қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының
бiр ерекшелiгiнен басқа ерекшелiгiне, бiр мемлекеттiк
мекемеден басқасына көшiру
Ескерту. 5-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
91-1. Бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгiнен басқа ерекшелiгiне көшiру үшiн мемлекеттiк мекеменiң сұрау салуы бойынша Қазынашылықтың аумақтық органы түзетiлетiн бюджеттiк бағдарлама бойынша бюджеттiк шоттан шығыс операцияларының тоқтатылуы туралы Қазынашылықтың жауапты атқарушысының белгiсiмен бiрге сұрау салу күнінде қалыптасқан 032-А "Алынған мiндеттемелердi ескере отырып, бөлiнген лимиттердiң және кассалық шығыстар қозғалысының тiзiмдемесi" нысанын бередi. Мемлекеттiк мекеме осы тiзiмдеменi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне жiбередi.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi көшiруге арналған өтінімдi жасайды және оны 032-А нысаны тiзiмдемелерiнiң көшiрмелерiмен бiрге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Бюджет департаментiне ұсынады. Өтiнiмде республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгінен басқа ерекшелiгiне көшiрудiң қажеттiлiгiн негiздейдi. Бұл ретте өз шегінде басқа ерекшелiкке көшiру болжанатын кредиторлық берешектiң бар-жоғын және шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша алынған мiндеттемелердi, бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын ескеру қажет. Бюджет департаментi республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтінімiн ол ұсынылған күннен бастап бес күнтiзбелiк күннен асырмай қарайды.
Бюджет департаментi бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгiнен басқа ерекшелігіне көшiруден бас тартқан жағдайда, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бұл туралы бағынысты мемлекеттiк мекемелердi хабарлар етедi. Осыдан кейiн, мемлекеттiк мекемелер Қазынашылықтың тиiстi аумақтық органдарына бюджеттiк шоттарды оқшауламау туралы жазбаша өтiнiш жасайды.
Өтiнiм оң қаралған жағдайда Бюджет департаментi терiс таңбамен - көшiруге жататын сома, оң таңбамен - тиiстi ерекшелiк бойынша арттыру сомасы көрсетiлетін "Республикалық бюджет шығыстарының тiзiмдемесiн өзгерту туралы" анықтама (N 21 қосымша) жасайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгiнен басқа ерекшелiгiне көшiрудi бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгiнен басқа ерекшелiгiне көшiру туралы Бюджет департаментi ұсынған қорытындының және анықтаманың (N 21 қосымша) негiзiнде жүргiзедi.
Қазынашылық комитетi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне жаңа қазынашылық рұқсат жазып бередi.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қазынашылық рұқсаттардың негiзінде тиiстi рұқсаттарды ресiмдейдi (2, 2а нысандары), оларды белгiленген тәртiппен тағайындауы бойынша бағынысты мемлекеттiк мекемелерге, Қазынашылықтың аумақтық органдарына жеткiзедi және операциялардың жүруiн бақылайды.
Облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық басқармаларына электронды почтамен бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгiнен басқа ерекшелiгiне көшiру жөнінде рұқсаттар (2, 2а нысандары) түскеннен кейiн Қазынашылықтың жауапты атқарушысы көшiруге арналған рұқсаттарды (2, 2а нысандары) қазынашының автоматтандырылған жұмыс орнына есепке алады.
Бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгiнен басқа ерекшелiгiне көшiру жөнiнде мемлекеттiк мекемелер бойынша операциялардың жүргiзiлу дұрыстығы 032-А "Алынған міндеттемелердi ескере отырып, бөлінген лимиттердiң және кассалық шығыстар қозғалысының тiзiмдемесi" нысаны бойынша анықталады.
91-2. Бiр бағдарламаның шегiнде бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгiнен басқа ерекшелiгiне көшiрiлген жағдайда мемлекеттiк мекеменiң сұрау салуы бойынша Қазынашылықтың аумақтық органы осы бағдарлама бойынша бюджеттiк шоттан шығыс операциялардың тоқтатылуы туралы Қазынашылықтың жауапты атқарушысының белгiсiмен бiрге сұрау салу күнiнде қалыптасқан 032-А "Алынған мiндеттемелердi ескере отырып, бөлiнген лимиттердiң және кассалық шығыстар қозғалысының тiзiмдемесi" нысанын бередi. Осы операцияның жүргiзiлуіне жауаптылық пен бақылау Қазынашылықтың жауапты атқарушысына жүктеледі.
91-3. Бюджеттiк ақшаның пайдаланылмаған лимиттерінің қалдықтарын ерекшелiктерi бойынша бiр мемлекеттiк мекемеден басқа мемлекеттiк мекемеге көшiрудi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жүргiзедi. Бұл үшiн көшiруге қатысқан бағынысты мемлекеттiк мекемелер республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлеріне бюджеттік шоттан шығыс операцияларының тоқтатылуы туралы Қазынашылықтың жауапты атқарушысының белгiсiмен бiрге көшiру күнінде қалыптасқан 032-А "Алынған міндеттемелердi ескере отырып, бөлiнген лимиттердiң және кассалық шығыстар қозғалысының тiзiмдемесi" нысанын ұсынады.
Көшiрудi жүргiзудiң одан арғы тәртiбi 91-1-тармақтың жетiнші, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы абзацтарында көрсетiлген тәртiппен жүргiзiледi.
91-4. Егер қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк мекеменің құқықтық мирасқоры сол ведомстволық бағыныстылықтың мемлекеттік мекемесi болып табылса, онда бұрын бөлiнген лимиттердiң және кассалық шығыстардың сомасын көшiру 88-91-тармақтарда көрсетiлген тәртiппен жүргiзіледі.
6-Тарау. Ағымдағы (арнайы) шоттардағы шығыс операциялары
92. Ағымдағы (арнайы) шотты мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк
есептi жасау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
93. Қосымша қаржыландырудың ағымдағы (арнайы шоттарының) бағдарламадағы және жобадағы несиелерiнiң қарыз шығыстары қаржыны алу туралы (қосымша N 86) төлем тапсырысына сәйкес екi топтың қолдарымен куәландырылған, бiрiншi топ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк қарыз алу департаментiнің тобы қол қойған, ал екiншi тобы жобаларды iске асыратын ұйымдар қол қойған құжат бойынша жүргiзiледi.
Ағымдағы (арнайы) шоттардағы шығыс операциялары бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерде бюджет сыныптамасының 10 таңбалы төлем тапсырысы коды және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерде 10 таңбалы шифр және қазынашылықтың (қаржы басқармасының) жауапты органының рұқсат визасы болған жағдайда жүргiзiледi.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердi бiрлесiп қаржыландырудың ағымдағы (арнайы) шотынан шығыс операцияларын жүзеге асыру бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 таңбалы коды көрсетiле отырып жүргiзiледi.
Ағымдағы (арнайы) шоттағы пайдаланылмаған қаржы қаржыландырылатын жылдың 25 желтоқсанына дейiн жобаны жүзеге асыратын ұйымның шотына қайтаруға жатқызылады.
Ескерту. 93-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
Ескерту. 93-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң
2002 жылғы 19 ақпанда N 71 бұйрығымен.
4-Бөлім. Шығыстар бойынша жергілікті
бюджеттердің кассалық атқарылуы
1-Тарау. Жергілiктi бюджеттер бойынша лимиттердi иеленушілер
94. Жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын барлық мемлекеттiк мекемелер оларға берiлген құқыққа тәуелдi, мыналарға бөлiнедi:
жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi - жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың қаржылық негiзделуіне және iске асырылуына жауапты, жергiлiктi бюджетпен қаржыландырылатын атқарушы органдар;
мемлекеттiк мекеме - лимиттердi иеленушi - дербес қаржыландыру жоспары және мемлекеттiк мекеменiң шығыстары ретiнде де және ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер арасында алынған лимиттердi бөлу үшiн де жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiнен алынған лимиттерi бар мемлекеттiк мекеме;
осы мемлекеттiк мекеменiң шараларына арналған бюджеттiк қаражаттарды тiкелей жұмсау үшiн ғана дербес қаржыландыру жоспары және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiнен алынған лимиттерi бар мемлекеттiк мекеме.
Бюджеттiк ақшаларды бас және төменгi тұрған иелiк етушiлер нысаналы мақсат бойынша өздерiнiң жүйелерiн тиiстi мемлекеттiк мекемелерге бюджеттiк ақшаларды олардың иеленуiне бөлiнген лимиттердiң жұмсалуы мен аударылуына, сондай-ақ бекiтiлген қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттiк ақшалардың дұрыс және үнемдi жұмсалуына жауап бередi.
Ескерту. 94-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
95. Мемлекеттiк мекемелердi және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiн қаржыландыру Жергiлiктi бюджеттерде тұратын бюджеттiк ұйымдарды қаржыландыру жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1996 жылғы 26 ақпандағы N 264 бұйрығымен және оған енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен бекiтiлген қаражаттарды жұмсауға арналған лимиттердi белгiлеу жолымен жүргiзiледi.
Мемлекеттiк мекемелер бюджет қаражатын шығыстардың бекiтiлген қаржыландыру жоспарлары болған кезде ғана қаржылық рұқсаттардың негiзiнде жұмсауы мүмкiн.
Лимиттердi иеленушi болып табылатын мемлекеттiк мекемеге ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң одан әрi бөлуiне арналған қаржылық рұқсаттың 1МБР-нысаны (N 22-қосымша) жазып берiледi.
Қаржылық рұқсаттың 1МБЗ-нысаны (N 23-қосымша) мемлекеттік мекеменің тiкелей өзiне арналған қаражаттарды жұмсау лимиттерiн айқындайды.
Қаржылық рұқсатты шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерi бойынша пайдаланылмаған лимиттердiң қалдықтары шегiнде басқа қаржылық рұқсатты беру жолымен ғана өзгертуге болады.
Қаржылық рұқсат олар берiлген қаржы жылы iшiнде ғана жарамды. Қаржылық рұқсатпен айқындалған бюджеттiк қаражаттарды ағымдағы жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда пайдалануға болады.
Ескерту. 95-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
96. Мемлекеттiк мекеме мәслихат бекiткен, тиiстi қаржы жылына
арналған бюджет бойынша белгiленген бюджеттiк мақсаттардың сомаларынан тыс
қаржылық мiндеттемелердi өзiне алуға құқылы емес.
97. Жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қазынашылықтың аумақтық органдарында бюджеттiк шоттарды ашуы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің мемлекеттiк мекемелердегi шоттарды ашу және жабу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүргiзiледi.
2-Тарау. Жергiлiктi бюджеттерге есептiк-кассалық
қызмет көрсетудiң тәртiбi
98. Қазынашылықтың аумақтық органдары жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерi мен шығыстарының есебін, облыстық бюджеттердiң есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуiн, арнайы экономикалық аймақтардың, қалалар мен аудандар бюджеттерінің қаржылық қорларын (бюджеттерiн) жүзеге асырады.
Ескерту. 98-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
99. Жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы осы бюджеттердiң кiрiстерi мен шығыстарының бекітiлген жылдық сомасын ай сайынғы бөлуге сәйкес жасалатын және оларға өзгерiстер енгiзу жолымен нақтыланатын барлық деңгейлердiң жергiлiктi бюджеттерінің кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесi негiзінде жүзеге асырылады.
Жергiлiктi бюджеттер шығыстарының алынған тiзiмдемесi негiзінде және бюджет бекіту кезінде ескерілген есептемелерге сәйкес, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бағынысты мемлекеттiк мекемелерге шығыстардың бекiтiлген қаржыландыру жоспарын, сондай-ақ оларға деген есептемелердiң көрсеткiштерін жеткiзедi. Өз кезінде, мемлекеттiк мекеме қаржыландыру жоспарының бiр данасын және оларға деген есептемелерінiң көрсеткiштерiн Қазынашылықтың тиiстi аумақтық органына ұсынады.
Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
100. Жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесін жергiлiктi қаржы органының басшысы бекiтедi. Жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстары тiзiмдемесiнiң бiр данасы электрондық түрде (дискетпен немесе байланыс арналары бойынша) файл түрінде немесе бюджеттiк сыныптаманың кодтары бойынша мың теңгемен қағаз тасымалдаушымен Қазынашылықтың тиiстi аумақтық органдарына ұсынылады.
Қазынашылықтың аумақтық органдары жергiлiктi қаржы органдарынан тиiстi жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiн ала отырып автоматтандырылған жұмыс орнының дерекқорына қаржыгердi енгiзедi.
Жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесін
енгiзу кезiнде мыналар:
тiзiмдемедегi кiрiстер мен шығыстардың бюджеттiк сыныптама кодтарының Кiрiстер мен шығыстардың бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының анықтамалығына сәйкестiгi;
кiрiстер бойынша тiзiмдеменiң қорытынды сомасының шығыстар бойынша тiзiмдеменiң қорытынды сомасына теңдiгi;
жеке сомның қорытынды сомаға сәйкестiгi бақыланады.
Егер тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына дейін жергiлiктi өкiлдi орган тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекiту туралы шешiм қабылдамаған болса, онда ол бекітiлгенге дейiн тиiстi жергiлiктi қаржы органы жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының ағымдағы қаржы жылына арналған жылдық жергiлiктi бюджет жобасының 1/4 бөлiгi мөлшерінде 1-тоқсанға арналған уақытша тiзiмдемесiн жасайды және бекiтедi.
Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
100-1. Жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiне олардың атқарылуы барысында "өзгерiстер енгiзу мыналардың:
жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық кесімдері;
бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерінiң қаржыландыру жоспарын өзгертуге арналған өтiнiмдерi негiзiнде жүргiзiледi.
Кiрiстер мен шығыстардың тiзiмдемесіне өзгерiстер енгiзу N 203 нысан мен N 303 нысандағы Жергiлiктi қаржы органдарының анықтамалары бойынша жүргiзiледi (NN 24, 25 қосымшалар). Анықтамаларды нөмiрлеудi жергiлiктi қаржы органдары жүргiзедi. Анықтаманың қосымша бiрегей нөмiрін автоматты түрде бере отырып, анықтамаларды енгiзудi және нақтыланған бюджеттi есептеудi Қазынашылықтың аумақтың органдары жүзеге асырады.
Жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесіне өзгерiстер енгiзген кезде мыналарды:
кірістер мен шығыстардың тұтастай алғанда жыл бойынша және әрбiр ай бойынша теңгерiмдiлiгiн сақтау;
жоспарлы тағайындаулар, қаржыландыру лимиттерi және кассалық шығыстар арасындағы сәйкестікті сақтау;
кемiтiлетін ерекшелiктер бойынша кредиторлық берешектiң бар екенін немесе жоқ екенін ескеру;
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлер алдындағы Қазынашылықтың аумақтық органдарында тiркелген міндеттемелердi ескеру қажет.
Ерекшелiктер бойынша жоспарлы тағайындаулар мен қаржыландыру лимиттерін кемiту, өз шегінде белгiленген тәртiппен мiндеттемелер қабылданбаған және тiркелмеген сомаға жүргiзiлуi мүмкiн, Ерекшелiктер бойынша жоспарлы тағайындаулар мен қаржыландыру лимиттерiн арттыру бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша жылдық сома шегінде, басқа ерекшелiктер бойынша оларды кеміту есебін жүзеге асырылуы мүмкін.
Ерекшелiктер бойынша жергiлiктi бюджет шығыстарының жылдық сомасын өзгерту жергiлiктi өкiлдi органның ағымдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмінде көзделген бағдарлама (кiші бағдарлама) бойынша қаржы бөлу шегінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 100-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
101. Шығыстар мен кiрiстердiң жазбасын енгiзгеннен және бақылағаннан кейiн қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы н. N 200 (N 26-қосымша) жылға арналған шығыстардың жазбасын және н. N 300 (N 27-қосымша) жылға арналған кiрiстердiң жазбасын қалыптастырады.
Ескерту. 101-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
102. Н. N 200 және н. N 300 енгiзiлген анықтама негiзiнде н. N 301 (N 28-қосымша) шығыстардың нақтыланған жоспары және н. N 301 (N 29-қосымша) кiрiстердiң нақтыланған жоспары қалыптастырылады.
102-1. Жергiлiктi бюджеттер шығыстарының тiзiмдемесін өзгерту кезінде тиiстi өзгерiстер жергiлiктi бюджеттердің қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер қаржыландыру жоспарына енгiзiлуi тиiс.
Ескерту. 102-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
3-Тарау. Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын есептен шығару және
есепке алу бойынша операциялар
103. Жергiлiктi бюджеттердiң шоттары бойынша шығыс операцияларын жасау қаражаттардың бос қалдықтары шегiнде жүргiзiледi.
Салық органдарының төлем тапсырмалары бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi қайтарғаннан басқа жағдайларда жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiне артық енгiзiлген салықтар мен алымдар екiншi деңгейдегi банктер арқылы жекелеген азаматтарға жергiлiктi бюджеттердiң шоттарынан қолма-қол ақшаларды беру жүргiзiлмейдi.
Кiрiстердi асыра орындау нәтижесiнде қаржы жылының басында алынған бюджет қаражатының бос қалдықтары, сондай-ақ кiрiстер бойынша өткен тоқсандағы асыра орындаудың сомасы ағымдағы жыл бюджетiнiң атқарылуы барысында жоғары тұрған бюджетке алынуға жатпайды.
Жергiлiкті бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге бөлiнген, жаңа қаржы жылының 1 қаңтарына дейiн пайдаланылмаған лимиттер жойылады.
Ескерту. 103-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
103-1. Мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттерден бөлінген бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануын қайтару Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 607 бұйрығымен бекiтiлген Жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген және қаржылық рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға мемлекеттiк мекемелер пайдаланған бюджет қаражатын қайтару ережесіне сәйкес жүргiзiледi.