Атаулы мөртабан Қазынашылықтың аумақтық органының толық атауын және жауапты атқарушының сандық нөмiрiн көздейдi. Жауапты атқарушы босаған жағдайда, атаулы мөртабан операциялық бөлiмнiң бастығына, штатында операциялық бөлiмнiң бастығы жоқ Қазынашылықтың аумақтық органдарында Қазынашылықтың аумақтық органы бастығының бұйрығы бойынша тағайындалған жауапты атқарушыға тапсырылады. Атаулы мөртабанның сақталуына және оның бөтен адамға берiлмеуiне Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы жеке жауап бередi.
Бұл орайда, жауапты атқарушының жаңа тiзiмi және оларға берiлген нөмiрi де қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармасы бастығының бұйрығымен бекiтiледi. Қазынашылықтың жауапты атқарушысы штамптың сақталуына жеке жауап бередi.
Қазынашының автоматтандырылған жұмыс орнының жауапты атқарушысы визасын қойғаннан кейiн бастапқы құжат операциялық бөлiмнiң жауапты атқарушысына бередi. Операциялық бөлiмнiң жауапты атқарушысы шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерi бойынша жiктелген бастапқы құжаттың реквизитiн енгізедi. Енгiзу кезiнде төлеушi шоттары нөмiрлерiнiң, бағдарламалар, iшкi бағдарламалар және шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерi кодтарының бар-жоғын, сомалардың жазумен және санмен жазылуының, берiлген үлгiге мөр мен қол бедерiнің сәйкестiгiн тексередi және:
егер төлемдi бенефициярдың шоты қазынашылықтың осы облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларында орналасса, тиiстi шоттар арасындағы iшкi қаржылық шоттарды жүзеге асырады;
егер төлемдi бенефициярдың шоты басқа банкте немесе қазынашылықтың осы облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларында орналасса банкаралық операцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде корреспонденттiк шоттар арқылы төлемдердi төлеудi жүргiзедi.
Ескерту. 60-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
61. Реквизиттердi қоспағанда, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң бастапқы құжаты бюджеттiк сыныптама шығыстарының ал, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердің бастапқы құжаты - 10 таңбалы шифр 10 мәндi кодын қамтуы тиiстi.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердiң бастапқы құжаты бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 таңбалы кодын қамтуы тиiс.
Ескерту. 61-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң
2002 жылғы 19 ақпанда N 71 бұйрығымен.
62. Қазынашылықтың жауапты атқарушысы тиiстi шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерi бойынша лимиттен тыс шығыстар операцияларының жүргiзiлгенi үшiн заңдарға сәйкес жеке жауап бередi.
63. Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларында шығыстардың бақылау шоты және жиынтық транзиттiк шоты ашылады. Бұл үшiн қазынашылықтың аумақтық органының талдау есебiнде N 120 "Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет шығыстары" баланстық шотында "Республикалық бюджеттiң шығыстары" деген атаумен пассивтi дербес шот ашылады. Пассивтi дербес шоттың қалдығы N 120 "Республикалық бюджет шығыстары" баланстық шоты бойынша барлық активтi дербес шоттар қалдықтарының сомаларына тең.
Республикалық бюджеттiң шығыстарын қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары күн сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Бiрыңғай қазынашылық шотына аударады.
Ескерту. 63-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
64. Жыл басынан бергі жасалған шығыстар мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк шоттарындағы шығыстар қалдықтарының балансында, ал шығыстардың қалдықтары - қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары Бiрыңғай Қазынашылық шотқа аударған шығыстарының жалпы сомасы бақылау шоттарында көрсетiледi.
64-1. Бiрыңғай қазынашылық шотта дебет сальдосы пайда болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi түсiмдердi арттыру не бюджеттiк ақшаны пайдалануға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi берген рұқсаттар бойынша аудару (шығыс) операцияларын толық немесе iшiнара уақытша тоқтата тұру жөнiнде шаралар қолданады.
Ескерту. 64-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
65. N 120 "Қазақстан Республикасының республикалық бюджет шығыстары" баланстық шоты бойынша жасалған барлық операциялар Қазынашылық комитетi айына бiр рет, Мемлекеттiк қарыз алу департаментiнiң мемлекеттік сыртқы заемдар бойынша айлық деректерiн енгiзе отырып, екi данада жасайтын N 3-нысан (N 18-қосымша) республикалық бюджет шығыстарының ақпараттарында көрсетiледi.
Ескерту. 65-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
66. Мемлекеттiк мекемелерге қолма-қол ақшаларды төлеу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің және осы Нұсқаулықпен белгiлейтiн мемлекеттiк мекемелерге қолма-қол ақшаларды беру тәртiбiне сәйкес екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылады.
Жалақының дұрыс төленуiн, экономикалық сыныптама ерекшелiгi құрылымының белгiлi бiр шығыстарын бақылау мақсатында және басқа да мақсаттар үшiн қолма-қол ақшалардың алынуын бақылау мақсатында мемлекеттiк мекемелер берiлуге жататын соманы көрсете отырып, Қазынашылықтың тиiстi аумақтық органдарына бюджеттiк және "Ақылы қызмет көрсетулерден алынатын қаражат" ағымдағы шотынан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек үшiн шотынан және депозиттiк шоттан (N 19 қосымша) қолма-қол ақша алуға өтiнiмдi ұсынады, қолма-қол ақша алуға арналған өтінім ақша чегiмен бiрге, берiлуге жататын соманы көрсете отырып, бюджеттiк қаражат, ақылы қызмет көрсетулердi сатудан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек, депозиттiк сома түрiнде алынатын қаражат және Алматы қаласы әкiмiнiң бюджеттен тыс қорының қаражаты бойынша жеке ұсынылады. Бұл ретте, демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң, депозиттiк соманың және Алматы қаласы әкiмiнiң бюджеттен тыс қорының қаражаты бойынша шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының коды толтырылмайды. Өтiнiм төлем тiзiмдемелерiнiң немесе кассалық шығыс ордерлерінің негiзінде жасалады.
Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты қызметкерi мемлекеттiк мекемелердiң операциялық күн iшiнде тапсырған өтiнiмiн, төлем тапсырысын және чектi қабылдайды және тексередi.
Олардың ресiмделуiнің дұрыстығын, сондай-ақ әрбiр құжаттың сомасы мен ерекшелiктерi бойынша тексергеннен кейiн жауапты атқарушы чек түбiртегiнің ашық бетiнде көрсетiлген сомамен чек жазып берiлген соманы салыстырады Тексерiлген және рұқсат берiлген төлем тапсырыстары чектердiң тiзiлiмiне енгiзiледi. Чектердiң тiзiлiмi бастық, жауапты атқарушы қол қойған және қазынашылықтың аумақтық органының елтаңбалы мөрiнiң бедерiмен бекiтiлген чекпен бiрге, төлем жасау үшiн қызмет көрсететiн банкке төлем жасалатын күннiң алдындағы күнi 16 сағатқа дейiн берiледi.
Ескерту. 66-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
66-1. Ағымдағы қаржы жылының соңғы жұмыс күнi екiншi деңгейдегi банктер арқылы қолма-қол ақша төлеу мынадай тәртiппен жүргiзiледі:
1) қорытынды айналымдар кезеңiнде екiншi деңгейдегi банктер арқылы қолма-қол ақша төлеудi жүргiзуге рұқсат етiлмейдi;
2) мемлекеттiк мекемелерге қолма-қол ақша төлеу белгiленген тәртiппен және ағымдағы қаржы жылының соңғы жұмыс күннің аяғында екiншi деңгейдегi банктерде Қазынашылықтың аумақтық органдарының 889-шот бойынша қалдығын жабумен жүргiзiледi;
3) екiншi деңгейдегi банктерде касса бойынша қорытынды айналымдарға рұқсат етiлмейтiндiктен, келесi қаржы жылының 1 қаңтарында ауыспалы ақша чектерi болмауы тиiс, осыған байланысты Қазынашылықтың ағымдағы жылғы екiншi деңгейдегi банктер төлемеген барлық атаулы ақша чектерi ағымдағы жылдың соңғы жұмыс күнінің аяғында міндетті түрде қайтарып алуға жатады;
4) ағымдағы жылы алынған қолма-қол ақша бойынша Қазынашылықтың аумақтық органдары мен екiнші деңгейдегi банктер арасындағы барлық өзара есеп айырысуларды ағымдағы жылдың соңғы жұмыс күнi аяқтау қажет. Келесi қаржы жылының 1 қаңтарында екiнші деңгейдегi банктерде ашылған барлық транзиттiк шоттар нөлдiк қалдықтармен болуы тиiс;
5) Келесi қаржы жылының 1 қаңтарында Қазынашылықтың аумақтық органдарында (889) транзиттiк шоттардағы қаражаттың қалдығы бюджеттiк және "Ақылы қызмет көрсетулерден алынатын қаражат" ағымдағы шоттарына белгiленген есептi кезеңде қорытынды айналымдармен лимиттердi бөлушiлердiң (қолма-қол ақша бенефициярлардың) қалпына келтiруiне жатады;
6) Қазынашылықтың аумақтық органы транзиттiк шоттарда шоғырландырылған қаражатқа қолма-қол ақша алуға арналған чектердi тiркеу журналы бойынша салыстыру жүргiзуi қажет.
Ескерту. 66-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
67. Мемлекеттiк мекемелер құжаттарға есептiк-ақша бақылауды жүзеге асыру кезiнде қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы бөлiнген лимиттер мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 08. 09. 97 ж. N 298 бұйрығымен және оған енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен бекiтiлген, Мемлекеттiк мекемелерде кассалық операцияларды енгiзу қағидасына сәйкес ақылы қызмет көрсетулерден алынған қаражаттар есебiнен алынған қолма-қол ақша лимиттерiнің сақталуын тексередi. Бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қазынашылықтың аумақтық органы әрбiр мемлекеттiк мекемеге ай iшiнде алатын қолма-қол ақшаны тiркеу жөнiндегi талдау карточкасын ашады.
68. Мемлекеттiк мекеменің кассасына қолма-қол ақшаның уақытылы есепке алынуына бақылау мақсатында операциялық бөлiмнiң жауапты қызметкерi төленген чектердiң тiзiлiмiмен бiрге, чек кiтапшасы мұқабасының артқы бетiне қолма-қол ақшаны есепке алғандығы туралы жазбамен салыстыру жүргiзедi. Чек кiтапшасы мұқабасының артқы бетiне операциялық бөлiмнiң жауапты қызметкерi қол қойып бекiтедi.
Қажет болған жағдайларда, қазынашылықтың аумақтық органдары мемлекеттiк мекемелерден қолма-қол ақшаларды алуға деген өтінімге енгiзiлген сомалардың ұқсастығын тексеру үшiн бастапқы құжаттарды (жалақыларға, сыйлыққа арналған тiзiмдеме және т.б.) тапсыруды талап ете алады.
69. Мемлекеттiк мекеменiң бiр бюджеттiк шотынан басқа мемлекеттiк мекеменiң шотына аударуға жол берiлмейдi.
Есеп айырысуда екi тараптан да, олардың арасындағы жасасқан келiсiм-шарттар негiзiнде мемлекеттiк мекеме бюджеттiк ақшаларды жоспарлау және жұмсау ерекшелiктерiне байланысты, ерекше жағдайларда N 26 "Министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсаттар" нысаны бойынша бюджеттiк ақшаларды ресiмдеуге рұқсат етiледi.
70. Мемлекеттiк мекемелердiң шоттарынан республикалық бюджет бойынша бөлiнген лимиттердi өндiріп алу (қайтарып алу) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1998 жылғы 17 тамыздағы N 391 бұйрығымен бекiтiлген "Мақсатсыз пайдаланылған бюджеттік қаражаттарды өндiрiп алу (қайтарып алу) және бюджеттiк қаражаттардың уақытылы есепке алынбағаны (аударылмағаны) және мақсатсыз пайдаланылғаны үшiн санкциялар қолдану қағидасына" сәйкес жүргiзiледi.
71. Қазынашылықтың аумақтық органдары мемлекеттік мекемелерге:
н.032-А "Алынған мiндеттемелердi ескере отырып бөлiнген лимиттердің және кассалық шығыстардың тізімдемесiн" - әр айдың соңғы күнi және мемлекеттiк мекемелермен келiсiлген мерзiмде;
бюджеттiк шоттан жасалған 015 А нысаны (N 20-қосымша) үзiндi көшiрмесiн операциялық күн қорытындысы бойынша - шот бойынша шығыс операцияларын жүргiзу кезiнде тапсырады.
3-Тарау. Бюджеттiк ақшалардың лимиттерiн дербес иеленушi
болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелерге,
лауазымды тұлғаларға және мақсатты
қаржыландыруға лимиттердi беру
72. Лимиттердi дербес бөлушi болып табылмайтын, бюджет ақшасын жұмсауға лимиттер алмайтын және лимиттердi бөлушiнiң орналасқан жерiнен тыс орналасқан мемлекеттiк мекемелерге қазынашылықтың аумақтық органдарында ағымдағы шот (N 724 "Уәкiлеттiлердiң ағымдағы шоты және төленбеген аударымдар" баланстық шоты) ашылады. Шоттарды ашу кезiнде мемлекеттiк мекемелер лимиттердi иеленушi мемлекеттік мекемеге немесе жалақыларды, сыйлықтарды, материалдық көмектердi, алименттердi уақытша еңбекке жарамсыздығы жөнiндегі жәрдемақыларды, iссапар шығыстарын және темекi бұйымдарының орнына ақшалай өтемақыларды төлеуге арналған қаражаттарды аудару үшiн бастықтың атына хат-ұсынымды; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi айқындаған тәртiпте ресiмделген шоттарды ашуға деген өтiнiмдi және мөр мен қол бедерiнің үлгiлерi түсiрiлген құжаттарды тапсырады.
N 724 баланстық шотта ашылған ағымдағы шоттардан мемлекеттiк мекемелердiң ақшаларды мақсатты жұмсауына бақылауды соңғысының жұмсалған есептi сомалар үшiн есептi ұсынуы бойынша лимиттердi иеленушi жүзеге асырады. Есептi жылдың 31 желтоқсанында осы шоттағы қалдық ақшаны бюджеттiк - шотқа бюджеттiк ақша лимиттерiн иеленушi бюджеттiк шотқа өтейдi.
Ескерту. 72-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
73. "Мақсатты қаржыландырудың ағымдағы шоты" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлген лимиттердi иеленушiнiң жеке көрсетуi негiзiнде N 141 "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетi есебiнен ұсталатын мекемелердiң ағымдағы шоттары" баланстық шотында ашылады. Оған қаражаттардың түсуi шығыстар бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша шифрлеусiз жалпы сомалар көрсетiлетiн қаражаттарды аудару бойынша лимиттердi иеленушінің төлем тапсырыстарымен жүзеге асырылады. Төлем тапсырыстарындағы "Төлем мақсатының" мәтiндік бос орнында "Оқшау хабарланған" мәтiнi көрсетiледi, ал қоршауда осы шығысты мақсатты қаржыландыру үшiн жүзеге асыру кезiнде лимиттердi иеленуші белгiлейтiн 10 мәндi шифр.
Қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн лимиттердi иеленушiлер "Бюджеттiк сыныптама коды" төлем тапсырысының шеңберiнде бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 мәндi кодын қояды.
Қаржы жылының аяғына дейiн пайдаланылмаған бюджеттiк ақшаның қалдықтарын мемлекеттiк мекемелер қаржы жылының 31 желтоқсанынан кешіктiрмей лимиттердi иеленушілердiң тиiстi бюджеттiк шоттарына өзiнiң ағымдағы шоттарынан аударуға мiндеттi.
Мақсатты қаржыландырудың ағымдағы шоты бойынша шығыстарға бақылауды қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн лимиттердi иеленушi жүзеге асырады.
Ескерту. 73-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
Ескерту. 73-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң
2002 жылғы 19 ақпанда N 71 бұйрығымен.
4-Тарау. Мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк шоттарына
қаражаттарды есепке алу (қалпына келтiру)
74. Кассалық шығыстарды қалпына келтiру - қызмет көрсететiн қазынашылық органның бақылауымен белгiлi бiр жағдайларда бюджеттiк шотқа қайтаруға жататын мемлекеттiк мекемелердiң жасаған кассалық шығыстары.
Бюджеттiк шотқа есепке алынуы мүмкiн:
қате жасалған кассалық шығыстар;
дебиторлық берешектi қайтару;
кезеңге тәуелсiз алименттердi қайтару;
осы мемлекеттiк мекемеден босаған қызметкерден бұрын берiлген қарыз ақшаны қайтару;
бiр республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi жасаған шығыстарды, бiрақ басқа республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi қаржыландыру жоспарында көзделген, осы мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлерге сай өтеу;
мемлекеттiк мекеме беретiн бюджеттiк шотқа құқықтық мұрагердiң бюджеттiк шотынан ақшаны аудару;
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың кезеңге қарамастан, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын қайтару сомасы;
25 желтоқсанға дейiн қоса қаржыландырудың ағымдағы (арнайы) шотындағы пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы;
қаржы жылының 31 желтоқсанынан кешiктiрмей уәкiлеттi және төленбеген аударымдарды ағымдағы шоттардағы пайдаланылмаған бюджеттiк ақшаның қалдығын мақсатты қаржыландыру ағымдағы шоттарында пайдаланылмаған бюджеттiк ақшаның қалдықтары;
бюджеттiк шотқа есепке алынуы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жекелеген нұсқауларымен көзделген басқа қаражаттар.
Ескерту. 74-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
75. Аудару немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң шоттарына қолма-қол қаражаттарды тапсыру жолымен кассалық шығыстарды қалпына келтiру кезiнде құжаттарда бюджеттiк сыныптама шығыстарының ал, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердің құжаттарында - 10 мәндi шифрiнің 10 мәндi кодының және қазынашының автоматтандырылған жұмыс орнының жауапты атқарушысының рұқсат етушi визасы бар болуы қажет.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердің шоттарына қолма-қол қаражатты аудару немесе беру жолымен кассалық шығыстарды қалпына келтiруде құжаттарда бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 таңбалы кодының бар болуы қажет.
Ескерту. 75-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң
2002 жылғы 19 ақпанда N 71 бұйрығымен.
76. Ағымдағы қаржы жылы пайда болған дебиторлық берешек сомасын қайтару тиiстi шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерi бойынша кассалық шығыстарға қалпына келтiруге есепке алынады.
Бұрын мiндеттеме қабылданған шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерi бойынша кассалық шығыстарды қалпына келтiруге арналған төлем құжаттарында мiндеттемелер нөмiрлерiнің бар болуы мiндеттi.
77. Өткен қаржы жылы пайда болған дебиторлық берешектi қайтару сомасы тиiстi бюджетке есептеледi.
Бұл үшiн жауапты атқарушы берешектi қайтару мерзiмiн олардың растауы үшiн мемлекеттiк бенефициярды мәлiм етедi. Егер берешек өткен жылдары пайда болса жауапты атқарушы осы соманы тиiсті бюджетке есепке алу үшiн мемлекеттiк бенефициярдан қарсы тапсырыс алғанға дейiн кассалық шығыстарды қалпына келтiруге төлем тапсырыстарын жүргiзедi.
Мемлекеттiк бенефициярдан қарсы төлем алғаннан кейiн қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы кассалық шығыстарды қалпына келтiруге арналған төлем тапсырыстарын және бұл сомаларды тиiстi бюджетке есепке алуға арналған төлем тапсырыстарын бiр мезгiлде жүргiзедi. Тапсырыста бенефицияр - аумақтық салық органы және 201219 "Басқа да түсiмдер" кiрiстердiң коды көрсетiледi.
Қазынашылықтың аумақтық органының белгiсi жасалған төлем тапсырыстарының көшiрмесi есепте бар дебиторлық берешектi есептен шығару үшiн мемлекеттiк бенефициярға бередi.
78. Дебиторлық берешектiң сомасы N 902 "Анықтағанға дейiн өзара есеп айырысу жөнiндегi сомаларды аудару" шотында үш банктiк iшiнде есепке алынады.
Мемлекеттiк бенефицияр төлем тапсырысын үш банктiк күн аяқталғанда тапсырмаған жағдайда қазынашылықтың аумақтық органдары өткен қаржы жылдарында пайда болған дебиторлық берешектердiң сомаларын тиiстi бюджетке аударуға арналған мемориальдық ордердi толтырады.
79. Тиiстi жылға арналған, бюджеттiк сыныптамада жоқ ерекшелiкке өткен жылдардың дебиторлық берешектерi түскен және бұл сомаларды бюджеттiк шотқа есепке алуға мүмкiндiк болмаған жағдайда:
мемлекеттiк бенефициярдан өткен жылдардағы дебиторлық берешектерi туралы жазбаша растаманы алғаннан кейiн түскен соманы N 902 "Анықтағанға дейiн өзара есеп айырысу жөнiндегi сомаларды аудару" шотында есепке алынуы;
одан кейiн бұл сомаларды мемориальдық ордермен тиiстi бюджетке "Басқа түсiмдер" 201219 кодына қазынашылықтың аумақтық органының бастығының жеке жауапкершiлiгiмен және қойылған қолымен аударылуы қажет.
Мемориальдық ордерде клиенттiң атауы және дебиторлық берешек кiмнен түскенiн көрсету қажет. Мөр бедерiмен бекiтiлген мемориальдық ордердiң бiр данасы мемлекеттiк мекемеге берiледi.
80. Бұдан басқа, 902 "Өзара есеп айырысулар бойынша аударылған сома" шотына бюджеттiк қаражаттың бiрiншi лимитi ашылғанға дейiнгi мерзiмде:
1) жыл басында, бюджеттiк қаражаттың лимитi әлi ашылмаған және кассалық шығыстарды қалпына келтіруді жүргізу мүмкін емес кезде;
2) мемлекеттiк мекеме қайта ұйымдастырылған, мемлекеттiк мекеменiң немесе оның бюджеттiк шотының коды өзгерген кезде түсетiн дебиторлық берешектiң сомасы есепке алынады.
Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
81. Алименттердi қайтару кезеңге тәуелсiз шығыстардың экономикалық сыныптамасының 111 "Негізгi жалақы" ерекшелiгі бойынша мемлекеттiк мекеменің шотына мiндеттi қалпына келтiруге жатады.
81-1. Төлем тапсырмаларында немесе жеке тұлғалардың тiзiмдерiнде қате табылған кезде, кезеңiне қарамастан, Зейнетақы төлеу жөніндегi мемлекеттiк орталықтың жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын қайтару сомасы қателердi жойғаннан кейiн Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа кейiннен аудару үшiн 111 "Негiзгi жалақы" ерекшелiгi бойынша мемлекеттiк мекеменiң шотына мiндеттi түрде қалпына келтiруге жатады.
Ескерту. 81-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
82. Ағымдағы жылы алынған және пайдаланылмаған, екiншi деңгейдегi банктер арқылы мемлекеттiк мекемелер қайтаратын қолма-қол ақшаны бюджеттiк сыныптаманың тиiстi ерекшелiгі бойынша олардың бюджеттiк шотына қазынашылықтың аумақтық органдары есепке алады. Бюджеттiк шотқа есепке алу үшiн ағымдағы қаржы жылы тапсырылмаған мемлекетi мекеменің кассасындағы қолма-қол ақшаның қалдықтары "Басқа түсiмдер" 201219 кiрiстер коды бойынша оларды тиiстi бюджетке кейiннен аудара отырып бюджеттiк шотқа жаңа қаржы жылында қайтарылады.
82-1. Мемлекеттiк мекеменiң бюджеттiк шотындағы пайдаланылмаған бюджеттiк ақшаның қалдықтарын ол мемлекеттiк кәсiпорын болып қайта ұйымдастырылған кезде, осы мемлекеттiк мекеме қызметiнiң тоқтатылуы туралы заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмiне жазба енгізу сәтiне дейiн жете пайдалануға рұқсат етiледi.
Ескерту. 82-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
82-2. Әрекет ету мерзiмi тоқтатылған, шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша бөлiнген лимиттердiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының құрылымына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуiне байланысты мемлекеттiк мекемелер осы ерекшелiк бойынша ағымдағы қаржы жылының iшiнде жете пайдаланады.
Ескерту. 82-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
5-тарау. Мемлекеттiк мекеменi тарату немесе қайта ұйымдастыру
кезінде ашылған лимиттердi және кассалық шығыстарды беру
және өзге де жағдайларда
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы өзгертілді, толықтырылды - ҚР Қаржы
министрлігінің 2000 жылғы 21 маусым N 298
бұйрығымен.
83. 1999 жылғы 1 сәуiрдегi "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджеттiң атқарылу барысында бағдарламаларды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелердiң тiзбесiне мемлекеттiк мекемелердiң құрылымдары мен функцияларын жетiлдiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруы байланысты ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен бекiтiлген бағдарламалар бойынша сомалар шегiнде өзгерiстер енгiзiледi.
84. Қайта құрылған құрылымдардың құқықтық мұрагерiн айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының негiзiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiлген бюджеттiк сыныптама шығыстарына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өзгерiстер енгiзедi және өзгерiстердiң әрекет ету мерзiмiнiң басталуын белгiлейдi.
Қазынашылық комитетiнiң құқықтық мұрагерiнiң жазбаша ұсынысы бойынша республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң анықтамалығына, атап айтқанда ашылған лимиттердi және олардың есебiнен жасалған кассалық шығыстарды көшiру ресiмдерiн орындауды аяқтау сәтiне дейiн қолданылып жүрген бұрынғы кодымен қатар мемлекеттiк мекеменiң аударылатын жаңа кодын бере отырып құқықтық мұрагерге ведомостволық бағынысты мемлекеттік мекемелердiң тiзiмiне оларды енгiзе отырып, тиiстi өзгерiстер енгiзiледi.