28. Төленбеген есеп айырысу құжаттары "Төлем және ақша аударымдары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңының 38-бабына сәйкес картотекаға орналастырылады. Салық және кеден органдарының инкассалық өкiмдерi сақтау мерзiмi шектелместен, картотекаға орналастырылады. Салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi өкiмдер картотекада болған жағдайда Қазынашылықтың аумақтық органдары осы өкiмдердi олардың картотекаға түсуiнiң күнтiзбелiк кезектiлiгi тәртiбiмен орындайды.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
29. N 2 картотеканы қазынашылықтың аумақтық органдары 9929 "Мерзiмiнде төленбеген есеп айырысу құжаттары" баланстан шотында қалыптастырады.
4-Тарау. Салықтық емес түсiмдердi бюджетке жатқызудың тәртiбi
30. Мемлекеттiк мекемелердiң алатын, қазынашылықтың аумақтық органдарына түсетiн әкiмшiлiк айыппұлдары мен санкциялары "Салықтық емес түсiмдер" санаты, "Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсiмдер" сыныбы, "Айыппұлдар мен санкциялардың түсiмдерi" iшкi сыныбы бойынша тиiстi бюджетке есепке алуға жатады.
31. Мемлекеттiк баж iсi сотта қаралуына байланысты заңдарға сәйкес қазынашылықтың аумақтық органдарының орналасқан орны бойынша қабылданған төлемдер "Салықтық емес түсiмдер" санаты, "Коммерциялық емес және iлеспе саудадан алынған кiрiстер әкiмшiлiк алымдары мен төлемдерi" санаты, "Мемлекеттiк баж" ерекшелiгi бойынша жергiлiктi бюджеттерге есепке алынады.
5-Тарау. "Анықталмаған түсiмдер" бюджеттiк сыныптамасының
кодына түскен сомаларды жатқызу
32. Қазынашылықтың аумақтық органдарына түскен, олардың түсу сәтiнде есепке алу мәнi (республикалық немесе жергiлiктi бюджет) айқындалмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер олардың есепке алу мәнi айқындалғанға дейiн "Салықтық емес түсiмдер" 205101 кодына республикалық бюджетке есепке алынады және Қаржы және жиынтық баланстар бөлiмi бастығының немесе оның орынбасарының бақылауында болады.
Түскен сомаларды есепке алу мен анықтауды тиiстi салық органдары жүргізедi.
33. "Салықтық емес түсiмдерге" жатқызылған сомалар олар есепке алынған күннен бастап бiр айға дейiн сақталуы мүмкiн.
Желтоқсан айында түскен сомалар есептi жылдың 31 желтоқсанына дейiн ескерiледi. Көрсетiлген мерзiм бiткеннен кейiн бұл сомалар кiрiстер бюджеттік сыныптамасының "Басқа да салықтық емес түсiмдер" ерекшелiгiне жатқызылады.
6-Тарау. Бюджетке қате немесе артық түскен сомаларды қайтару
және есепке алу
34. Бюджетке қате немесе артық түскен сомаларды қайтару салық төлеушiнiң есеп айырысу шотына ақшаларды аудару жолымен немесе басқа салықтар және мiндеттi төлемдер бойынша бюджетке берешектердi өтеудi есепке алу жолымен салық органдары жүргiзедi.
Бюджетке есепке алынатын салықтар үш нұсқада жүргiзіледi:
1) бiр салық органынан екiншi салық органына;
2) кiрiстердiң бiр бюджеттiк сыныптама кодынан екiншісiне;
3) қолмен дұрыс бөлмеген жағдайда кiрiстердiң бiр бюджеттiк сыныптама коды бойынша ғана.
Бюджетке қате немесе артық түскен сомаларды қайтару және есепке алуды қазынашылықтың аумақтық органдары салық органдарының ұсынған мынадай құжаттары негiзiнде жүргiзiледi:
Н.021-қорытынды (N 6-қосымша).
Төлем тапсырмалары (N 3-қосымша).
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық төлеушiлерге артық төленген төлемдердi қайтаруға арналған ресiмделген құжаттарды салық органдары қазынашылықтың аумақтық органдарына ұсынады, онда жауапты атқарушы оларды "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық төлеушiлерге артық төленген төлемдердi қайтаруға арналған салық органдарының төлем тапсырмаларының журналына" тiркейдi (N 8-қосымша).
Құжаттар түскен кезде жауапты атқарушы ұсынылған құжаттардағы барлық қажеттi реквизиттердің бар-жоғын, қойылған қолдың және мөр бедерiнiң үлгiлерiмен құжаттағы салық органы жауапты адамының қолдарына сәйкестiгiн көзбен жүгiрте бақылау жасайды; қайтаруға жататын және төлем тапсырмасында көрсетiлген сомамен "Жыл басынан бергi есептелгенi" бағаны бойынша "Бюджетке түсетiн түсiмдердiң күн сайынғы әзiрлеу ведомостындағы" (н.N 041) тізiмдеме көрсетiлген республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түскен салықтардың сомасын салыстырады.
Ескерту. 34-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
35. Төлем тапсырмасы төлемге аудан, қала бойынша бюджеттiк сыныптаманың тиiстi iшкi сыныбы бойынша жыл басынан берi iс жүзiнде түскен сомалар шегiнде қабылданады. Егер аудан, қала бойынша түсетiн түсiмдердiң көлемi төлемдердi қайтаруды (есепке алуды) жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе, онда қайтару облыстық салық комитетiнiң шешiмiмен облыстар бойынша тұтастай алғанда бюджеттiк сыныптаманың тиiстi iшкi сыныбы бойынша жыл басынан бергi iс жүзiнде түскен сомалар шегiнде жүргiзiледi.
Бұл орайда, рұқсаттың көшiрмесi салық органының қорытындысымен және чекпен бiрге осы операцияларды жүргiзу үшiн қазынашылықтың аумақтық органына берiледi.
Егер салықты қайтару (есепке алу) сомасы облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша тұтастай алғанда кiрiстердiң бюджеттiк сыныптамасының тиiстi iшкi сыныбы бойынша "жыл басынан бергi түскен салықтардың сомасынан асып түссе, қайтару (есепке алу) республика бойынша тұтастай алғанда кiрiстердiң бюджеттiк сыныптамасының тиiстi iшкi сыныбы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң рұқсатымен жүргiзiледi, бұл ретте облыс кiрiстерiнiң осы кiшi сыныбы бойынша "кем" кiрiстерге рұқсат етiледі.
Көрсетiлген тәртiп облыс бойынша ҚҚС түсiмдерiнiң көлемiн қайтаруға ұсынылатын салық сомалары артқан жағдайда ҚҚС қайтаруды (есепке алуды) қолданылмайды, салықты қайтаруға деген рұқсатты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi бередi.
Ескерту. 35-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
36. Қазынашылықтың аудандық бөлiмдерi салық органдары ұсынған төлем тапсырмаларын тексергеннен кейiн оларды электрондық төлеммен қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларына жiбередi. Жiберiлген электрондық чектiң дұрыстығын растау үшiн қазынашылықтың аудандық бөлiмiнiң жауапты атқарушысы жүйеден тыс арналар бойынша қосымша бақылау растамасын жiбередi (N 9-қосымша).
Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары қазынашылықтың аудандық бөлiмiнің электрондық чегi бойынша артық төлемдердi қайтару бойынша банкаралық операцияларды жүргiзгеннен кейiн қазынашылық аудандық бөлiмдерiмен оларды салыстыру (растау) бағдарламасын жүргiзедi.
Ескерту. 36-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
37. Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары салық органдарына беру үшiн операциялық күннiң аяғында мынадай есептеме нысандарын қалыптастыруды жүзеге асырады:
н.041-В (ай сайынғы н.042-В) түсiмдердi қайтару тiзiмдемесiн;
0413 нысаны - салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi есепке алу тiзiмдемесiн;
салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi салық органдары арасында есепке алу тiзiмдемесiн;
н.041-Р (ай сайынғы н. 042-Р) бюджетке түсетiн түсiмдердiң әзiрлеу тiзiмдемесi.
Бұл орайда, салық органдарына салық органдарына төлемдер жасалғандығы туралы қазынашылықтың аумақтық органдарының белгiсi қойылған н.021 с қорытынды көшiрмесi де берiледi.
Ескерту. 37-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
7-Тарау. Түрлi деңгейдегі бюджеттер арасындағы
түсетiн түсiмдердi бөлу
38. Барлық салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер N 080 "Бюджеттер арасында бөлiнетiн кiрiстер" баланстық шотына есепке алынады және республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлуге жатады.
39. Салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi республикалық және жергілiктi бюджеттер арасында бөлу тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген нормативтерге сәйкес жүргiзiледi.
Республикалық және жергіліктi бюджеттерге салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi бөлудiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тиiстi салық органдары мен Қазынашылыққа жiбередi.
Облыстық өкiлдi органдар кiрiстердi облыстық бюджет пен аудандардың (қалалардың) бюджеттерi арасында бөлудiң тұрақты нормативтерiн, облыстық бюджеттерден аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне берiлетiн субвенциялардың және аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен облыстық бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк алулардың ұзақ мерзiмдi мөлшерлерiн белгiлейдi.
Ескерту. 39-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
40. Түсiмдердi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасында бөлудiң алынған сызбалары және мәслихаттар бекiткен нормативтер негiзiнде облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық басқармалары үш күн мерзiмде 603-607, 611-нысандар бойынша (NN 9-1 - 9-6 қосымшалар) жергiлiктi қаржы органдарының басшылары, облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық басқармалары және облыстық, Астана және Алматы қалаларының салық комитеттерi қол қоятын түсiмдердi бөлудiң тiзiмдемелерiн жасайды.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
41. Түсiмдердi бөлудi қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары күн сайын және жүзеге асырады және ағымдағы күнi барлық аумақтық қаржы органдары үшiн бiрнеше рет жүргiзуi мүмкiн.
Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларында түсетiн түсiмдердi бөлу бағдарламалық жолмен және қолмен атқару тәсiлiмен жүзеге асырылады. Түскен түсiмдердi бөлу төлем құжаттарының ағымдағы күн iшiнде түскен жинақталу нәтижелерi бойынша орындалады. Түскен түсiмдердiң сомалары 080к00 дебет шоты бойынша есептен шығарылады және республикалық бюджет кiрiстерінің есебi бойынша шот (100к00) және қаржы органдарының шоттары (N 130 және 132 баланстық шоттарында) бойынша шот болып табылатын қаражаттардың кредит шотына есепке алынады.
42. Кiрiстердiң бағдарламалық бөлiнуiне, қолмен бөлiнгендердi қоспағанда, кiрiстердің барлық түрлерi жатады.
43. Атқарушы шығаратын кiрiстердi бөлу (қолмен) "Бюджеттер арасында түскен түсiмдердi қолмен бөлудi бақылау тiзiмдемесiнде" (N 10-қосымша) көрсетiлген кiрiстердің кодтары бойынша түскен кезде жүзеге асырылады. "Төлем мақсатының" мәтiндiк бос орнында бюджет түрi көрсетiлмеген құжаттар кiрiстер бюджеттiк сыныптамасының "Анықталмаған түсiмдер" ерекшелiгi бойынша есепке алынады. Бөлiнгеннен кейiн, анықталғанға дейiнгi шотқа есепке алынған түсiмдер тiзiмдемесiнде қалыптасады және басылады.
Түскен түсiмдердiң бөлiнген сомасы аудандық қаржы органдарының шоттарына қазынашылықтың аудандық бөлiмдерiнiң қосалқы корреспонденттік шоттары арқылы шұғыл электрондық төлемдермен есепке алынады.
Ескерту. 43-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
44. Салықтардың бөлiнуiн бақылау тiзiмдемесiнде және Республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасындағы кiрiстердi бөлу нормативтерi өзгерген жағдайда облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы басқармалары қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларына хат жолдайды, оның негiзiнде ақпараттық анықтамалыққа өзгерiстер енгiзiледi.
Бөлу нормативтерiн белгiленген тәртiпте өзгерту бойынша қаржы жылының басынан бастап салықтарды қайта есептеу қажет болған жағдайда, сондай-ақ салық органдары жүргiзетiн салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есепке алуды қайтару кезiнде, нәтижесiнде жергiлiктi бюджеттiң шотында дебеттiк сальдо пайда болса, қаржы органдары жергiлiктi бюджет қаражаттарының дебеттiк (керi) қалдықтарын жою бойынша шаралар қабылдайды. Мұндай жағдайларда, осы бюджеттiң барлық мемлекеттiк мекемелерiн қаржыландыру тоқтатылады, ал дебеттiк қалдықты үш банктiк күн ішінде өтеу мүмкiн болмаса, қаржы органы бюджеттiк кредиттердi (қарыз ақшаны) ресiмдеу үшін жүгiнедi.
Ескерту. 44-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
45. Түсiмдердi нормативтердiң өзгеру нәтижелерi бойынша бюджеттер арасында қайта бөлу тiзiмдемесi (N 11 қосымша) кiрiстердi бөлудiң нормативтерi өзгерген әрбiр қаржы жылы бойынша республикалық бюджет және жергiлiктi бюджеттер бойынша жасалады. Қаржы органдары бойынша тiзiмдемелер осы органдардың дербес шоттарынан (N 130, 132 баланстық шоттар) оларға тиiстi үзiндi көшiрмелермен бiрге берiледi.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
45-1. Кiрiстердi түрлi деңгейлердiң бюджеттерi арасында бөлгеннен кейiн N 080 "Бюджеттер арасында бөлiнетiн кiрiстер" баланстық шоты бойынша қалдықтар болмауы тиiс.
Ескерту. 45-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
3-Бөлім. Республикалық бюджеттің шығыстар бойынша
кассалық атқарылуы
1-Тарау. Республикалық бюджет бойынша лимиттердi иеленуші
46. Мемлекеттiк мекемелердiң басшылары оларға берiлген құқыққа тәуелсiз бас лимиттердi иеленуші және бюджеттiк ақшаларды төменгi тұрған лимиттердi иеленушi болып бөлiнедi.
Бюджеттiк ақшаларды бас және төменгi тұрған лимиттердi иеленушiлер қаражаттардың бөлiнуiне және олардың иелiгiне бөлiнген бюджеттiк ақшалардың лимиттерiн тиiстi мемлекеттiк мекемелерге нысаналы мақсаттар бойынша өздерiнiң жүйелерiне аударуға, сондай-ақ бекiтiлген қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттiк ақшалардың дұрыс және үнемдi жұмсалуына жауап бередi.
47. Бюджеттік ақшалардың бас лимиттерiн иеленушiсi республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің басшылары болып табылады.
Бюджеттiк ақшалардың бас лимиттерiн иеленушілерiне республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiн, олардың аумақтық органдарын ұстау үшiн бөлiнген лимиттердi жұмсауға және ведомостволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер бойынша рұқсат етiлген лимиттерге иелiк етуге құқық берiлген.
48. Бюджеттік ақшаларды төменгi тұрған лимиттердi иеленушiлер оларға берiлген құқыққа тәуелдi:
дербес қаржыландыру жоспарлары бар және мемлекеттiк мекеменiң шығыстары үшiн де және ведомостволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер арасында одан әрi бөлу үшін де бас лимиттердi иеленушіден лимиттердi алатын мемлекеттiк мекемелердiң басшылары;
дербес қаржыландыру жоспарлары бар және осы мемлекеттiк мекеменің шаралары үшiн бөлiнген лимиттердi тiкелей жұмсау үшiн ғана төменгi тұрған лимиттердi иеленушілерден лимиттердi бенефицияр мемлекеттiк мекемелердiң басшылары болып бөлiнедi.
49. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi бюджеттiк тағайындауларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Қазынашылық комитетi берген рұқсат негiзiнде жүргiзедi (N 12-қосымша).
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi өздерiнiң ведомостволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер үшiн лимиттердi N 2 нысан (министрлiктердiң (ведомостволардың) рұқсаттары) (N 13-қосымша) және N 2а-нысан (бюджет қаражаттарын төмен тұрған иеленушілердiң рұқсаты) (N 14-қосымша) бойынша рұқсаттарды қалыптастыра отырып қазынашылықтың аумақтық органдары арқылы бөледi.
50. Жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердi республикалық бюджеттен қаржыландыруға рұқсат етiлмейдi.
51. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi және олардың ведомостволық бағынысты мемлекеттiк мекемелерi:
тиiстi қаржы жылына арналып бюджет заңдарымен белгiленген бюджеттiк мақсаттардың сомаларынан тыс қаржылық мiндеттемелердi өзiне алуға құқығы жоқ;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және Республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жөнiндегi есеп комитетiне республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi әзiрлеуге қажеттi ақпаратты белгiленген мерзiмде тапсыруға мiндеттi.
52. Мемлекеттiк мекемелердiң қазынашылықтың аумақтық органдарында бюджеттiк шоттарды ашуы Мемлекеттiк мекемелердiң шоттарды ашу және жабу тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүргiзiледi.
2-Тарау. Республикалық бюджет бойынша жұмсауға және шығыс
операцияларын жүзеге асыруға арналып бюджетiн ақшалардың
бөлiнген лимиттерiн ашу және аудару тәртiбi
53. Республикалық бюджет бойынша бюджеттiк қаражаттарды жұмсауға арналған лимиттердi ашу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 1995 жылғы 18 қыркүйектегi N 239 бұйрығымен бекiтiлген "Қаржылық жоспарды жасау және қолма-қол ақша тасқынын болжамдау жөнiндегi" нұсқаулыққа және оған енгізiлген өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
53-1. Республикалық бюджеттiң атқарылуы ол арналып бекiтiлген қаржы жылының 1 қаңтарында басталады және 31 желтоқсанында аяқталады.
Мемлекеттiк мекемелердiң өткен қаржы жылында қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген бекiтiлген бюджеттік шығыстар бойынша, сондай-ақ есептi кезең iшiнде жүргiзiлген ресми трансферттердi бюджеттерге есепке алу жөнiндегi қорытынды операцияларды қоспағанда, оларға ағымдағы қаржы жылына көзделген бюджеттен қаржы бөлудi жұмсауға арналған құқығы 31 желтоқсанда тоқтатылады.
Республикалық бюджеттiң атқарылуы бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының бекiтiлген жылдық сомасын ай сайынғы бөлуге сәйкес жасалатын және оған өзгерiстер енгiзу жолымен нақтыланатын республикалық бюджеттiң қаржыландырудың жиынтық жоспары негiзiнде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет шығыстарының тiзiмдемесi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бекiтетiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынатын шығыстардың қаржыландыру жоспарлары негiзiнде жасалады.
Республикалық бюджеттiң қаржыландырудың жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi. Республикалық бюджеттiң қаржыландырудың жиынтық жоспарының бiр данасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiне ұсынылады.
Республикалық бюджет шығыстарының алынған тiзiмдемесi негiзiнде және бюджеттiң бекiтiлуi кезiнде ескерiлген есептемелерге сәйкес республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бағынысты мемлекеттiк мекемелерге шығыстардың бекiтiлген қаржыландыру жоспарларын, сондай-ақ оларға есеп айырысулардың көрсеткiштерiн хабарлайды. Өз кезегiнде, мемлекеттiк мекеме қаржыландыру жоспарының бiр данасын және оларға есеп айырысулардың көрсеткiштерiн Қазынашылықтың тиiстi аумақтық органына ұсынады.
Бюджет қаражатын мемлекеттiк мекемелер шығыстардың бекiтiлген қаржыландыру жоспарлары болған жағдайда ғана қазынашылық рұқсаттардың негiзiнде жұмсауы мүмкiн.
Ескерту. 53-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
Ескерту. 53-1-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрiнiң
2002 жылғы 19 ақпанда N 71 бұйрығымен.
54. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi жоспарлы мақсаттарға сәйкес республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi республикалық бюджеттен лимиттердiң бөлiнген сомаларына қазынашылық рұқсаттарды (N 1-нысан) Қазақстан Республикасы бюджеттiк сыныптамасы шығыстарының кодтары бойынша жазып бередi. Ведомостволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер бойынша оларға бөлiнген қаражаттарды одан әрi бөлу үшiн бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi орналасқан орны бойынша қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларына электрондық почтамен қазынашылық рұқсаттар (N 1-нысан) жiберiледi. Қазынашылық рұқсаттарды алуға - беруге бақылау үшiн қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары почта хаттамаларын, беру-қабылдау күнi көрсетiлген беретiн және қабылдайтын қазынашылық рұқсаттардың тiзiмдемесiн қалыптастырады.
55. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi N 1-нысанды алған кезде республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге министрлiктiң (ведомоствоның) рұқсаттарын қалыптастырады және қазынашылықтың тиiстi аумақтық органдарына бередi. Соңғысы қазынашылықтың автоматтандырылған жұмыс орны базасының деректерiне министрлiктiң (ведомостваның) рұқсатын (N 2-нысан), яғни ағымдағы қаржыландыруды енгiзедi, ал одан кейiн оларды қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларына беру немесе төмен тұрған лимиттерді иеленушілерге (2а-нысан) одан әрі бөлу үшін почтаны қалыптастырады.
Одан кейін почтаның хаттамасы электрондық почтамен, ал тізілім-хабарлама - фискальді байланыспен тиісті қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларына беріледі.
56. Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары н. N 2, 2а-рұқсатты және "Жіберілген рұқсаттар туралы тізілім-хабарламаны" алған кезде рұқсаттармен тізілімдердің барлық деректерге сәйкестігін салыстырады. Алынған рұқсаттар мен тізілімдер сәйкес келмеген жағдайда қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармалары факсимильді байланыспен "Дұрыс емес рұқсаттардың тізілімін" (N 16-қосымша) жолдайды. Қазынашылықтың аумақтық органдары "Дұрыс емес рұқсаттардың тізілімін" алған кезде сәйкессіздік себептерін айқындайды және түзетулерді байланыстың тиісті арналарымен жібереді.
57. Қазынашылық рұқсаттарды (N 1 нысан), министрліктердің, (ведомоствалардың) рұқсаттарын (N 2 нысан), бюджеттік қаражаттарды төменгі тұрған иеленушілердің рұқсаттарын (N 2а нысан) және министрлікаралық (ведомствоаралық) (N 2б нысан) рұқсаттарын (N 17 қосымша) уақытылы есепке алмағаны үшін өткен айда ашылған лимиттерді есепке алуды қамтамасыз ететін қазынашылықтың аумақтық органдарының басшылары жауап береді.
58. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығын және кірістер мен шығыстар бойынша Бiрыңғай бюджеттік сыныптама кодтарының анықтамалығын жүргізеді және қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларына жеткізіледі, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жеткізеді.
Ескерту. 58-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым N 298 бұйрығымен.
59. Қазынашылықтың аумақтық органдары шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелігі бойынша республикалық бюджет қаражаттарын жұмсауға алдын ала жүзеге асырады.
Республикалық бюджет қаражаттарының жұмсалуына алдын-ала бақылауды қамтамасыз ету үшін қазынашылықтың аумақтық органдарында қазынашының автоматтандырылған жұмыс орнына орнатылған, оның көмегімен қазынашылықтың жауапты атқарушысы мынадай функцияларды орындайды:
шығыстардың және бюджеттік сыныптама кодтарының кассалық шығыстарын өтеу бойынша бастапқы құжаттарға сипаттай бақылауды жүзеге асырады;
N 032-А "Алынған міндеттемелерді ескере отырып бөлінген лимиттердің және кассалық шығыстардың ведомосты" нысаны бойынша шығыстардың тиісті ерекшеліктері бойынша лимиттерінің бос қалдықтарының бар-жоғын жүзеге асырады және қаражаттарды жұмсауға рұқсат (мақұлдау) береді;
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң рұқсаттары мен шығыстары бойынша шығыс ведомостарын қалыптастыруды жүзеге асырады.
60. Қазынашының автоматтандырылған жұмыс орнындағы шығыстар операциялары былайша жүзеге асырылады: жауапты атқарушы шығыстардың экономикалық сыныптамасын көрсете отырып төлем құжаттарының реквизиттерiн енгiзедi. Құжатты енгiзу кезiнде республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi және ведомостволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер кодтарының, бағдарламалар, iшкi бағдарламалар және шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерi кодтарының бар-жоғына, жұмсалатын бiрлiктiң әрбiр жекешелеген ерекшелiгi бойынша шығыстарға арналған лимиттердiң бар-жоғына бағдарламалық бақылауды жүзеге асырады. Қазынашының автоматтандырылған жұмыс орнында шығыс операцияларының шығыстарын орындауға деген электрондық рұқсаттарды қалыптастырады және әрбiр төлем құжаты қазынашының автоматтандырылған жұмыс орнының жауапты атқарушысының оның атаулы штампымен бекiтілген жауапты атқарушының рұқсат визасымен ресiмделедi.