Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 ж. 29 сәуірдегі N 499 қаулысы
(2003 ж. 9 cәүірге берілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 27.08.03 ж. N 872 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкімет қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы ереже;
2) алынып тасталды
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093; 18.05.01 ж. N 656; 28.10.01 ж. N 1366 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне үш вице-министр, соның ішінде бір бірінші болуға рұқсат етілсін.
ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. N 1366 қаулысымен 3-тармақ алып тасталды
3. алынып тасталды
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен "Казахстанская правда" республикалық газеті" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне берілуін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылған деп танылсын:
1)"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің (АҚКМ) Ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 қазандағы N 1474 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 47, 441-құжат);
2) "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттік газеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнын акционерлік қоғамға айналдыру және акцияларының мемлекеттік пакетінің бір бөлігін жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы N 1050 қаулысының 5-тармағы;
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1403 қаулысының күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсандағы N 1348 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 49, 457-құжат).
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Үкіметінің
1999 жылғы 29 сәуірдегі
N 499 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім аясында басшылықты жүзеге асыратын, мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары болады: Мәдениет комитетi, Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитетi.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның заңдарға сәйкес өз балансында мүлкі, банкте шоттары, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер Министрлікке заңдарға сәйкес уәкілеттік берілген болса, онда ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
4. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
6. Министрліктің заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Министрлiктiң толық атауы - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі" мемлекеттiк мекемесi.
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрліктің қызметі тек мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Министрлікке Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.
2. Министрліктің негізгі міндеттері,
функциялары және құқықтары
10. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) қазақтың ұлттық мәдениетін өркендету, сақтау, дамыту мен оның таралуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа ұлттық мәдениеттерді сақтау, дамыту және олардың таралуына қамқорлық жасау;
2) Қазақстанның мәдени-рухани дамуының үздік жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған кең ауқымды мәдени акциялар өткізу;
3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, баспасөз бен басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының даму стратегиясын түсіндіру және насихаттау;
4) елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты әрі жете зерттеу, қорыту және талдау;
5) мемлекеттік органдардың мұрағат ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі мен құжаттаудың бір ізді жүйесін дамыту саласындағы қызметін үйлестіру.
ҚР Үкіметінің 05.12.00 ж. N 1807 қаулысымен 11-тармақ өзгетілді
11. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) елді дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес мәдениет және өнер, бұқаралық ақпарат, тілдерді дамыту, сондай-ақ мемлекеттік жастар, ұлттық және конфессиялық саясатты жүзеге асырады;
2) мемлекет меншігіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіреді;
3) мәдени-тарихи мұралардың сақталуын қамтамасыз етеді;
4) тарихи, материалдық және рухани мәдениеттің ескерткіштерін есепке алу, қорғау, қалпына келтіру, пайдалану және насихаттау бойынша басшылық жасайды;
5) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және тереңдетеді;
6) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша таяу және алыс шетелдердегі қазақ диаспорасына көмек көрсетеді;
7) газеттер, журналдар және телерадио хабарлары үшін, сондай-ақ өнер туындыларын, әдебиеттің әлеуметтік маңызы бар түрлері бойынша баспа бағдарламаларын жасауға мемлекеттік тапсырыстарды, сондай-ақ қоғамдық маңызды шараларды қалыптастырады және өз құзыретінің шегінде олардың орындалуын бақылайды;
8) өз құзыретіндегі мәселелер жөніндегі заңдарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
9) газет-журнал, аудио-бейне кітап және басқа отандық және шетел ақпарат өнімдерін талдайды;
10) теледидар мен радио хабарларын таратудың мемлекеттік желісін басқару жұмысын ұйымдастырады, телекоммуникация тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін техникалық құралдарды дамыту мен тиісті пайдалануды қамтамасыз ету жұмысына қатысады;
11) БАҚ-тың, оның ішінде шетел аудиториясына арналғандарының да есебін жүргізеді;
12) Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуын жүзеге асырады;
13) ұлтаралық қатынастарды үйлестіруге, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған шараларды жүзеге асырады;
14) алынып тасталды
15) Қазақстан Республикасындағы ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестіреді;
16) министрліктердің, агенттіктердің, ведомстволардың және жергілікті атқарушы органдардың Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі қызметін үйлестіреді;
17) мәдениет саласындағы отандық өнімдер мен қызмет көрсетулердің рыногын зерттеу, талдау және болжау жөнінде жұмыс жүргізеді;
18) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру, сақтау, жабдықтау, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
19) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Министрлік заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан және азаматтардан Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұратуға;
2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде өз құзыретіндегі мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және бекітуге;
3) ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату жөнінде ұсыныстар жасауға;
4) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тегін баспасөз басылымдарының бақылау даналарын алуға;
5) мәдени құндылықтардың заңсыз шетке әкетілуіне және оларға меншік құқығын басқаға беруге тосқауыл жасауға, сондай-ақ заңдарда белгіленген жағдайларда мәдениет саласындағы қызметті шектеуге;
6) мемлекеттік ведомстволық, жеке меншік мұрағаттарда мұрағат ісі жөніндегі заңдардың сақталуына мемлекеттік тексеріс жасауға;
7) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрліктің мүлкі
13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшау мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі өзіне мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрліктің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
14. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Министрлікке бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Министрлікке республика заңдарында белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. N 1366 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді
16. Министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - үш вице-министрлері, соның ішінде бір бірінші болады.
17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093; 28.10.01 ж. N 1366 қаулыларымен 18-тармақ өзгертілді
18. Министр осы мақсатта:
1) вице-министрлердің және Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) заңдарға сәйкес және өз құзыретінің шегінде Министрліктің қызметкерлерін, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
4) заңдарда белгіленген тәртіппен Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
5) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен штат санының лимитi шегінде Министрлiк пен оның аумақтық органдарының құрылымы мен штат санын белгiлейдi;
7) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093 қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда
19. Министрлiкте Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093 қаулысымен ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің құрылымы күшін жойды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 29 сәуірдегі
N 499 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат
және қоғамдық келісім министрлігінің
қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
ҚР Үкіметінің 18.06.99 ж. N 803; 03.03.00 ж. N 351; 24.05.00 ж. N 779; 26.07.00 ж. N 1110; 28.10.00 ж. N 1626; 13.11.00 ж. N 1701; 20.01.01 ж. N 88; 31.10.01 ж. N 1383; 08.11.02 ж. N 1186; 29.12.02 ж. N 1441; 17.01.03 ж. N 35 ; 09.04.03 ж. N 341 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Полиграфия ұйымдары
1. "Полиграфия" Ақтөбе өндірістік бірлестігі
2. "Алатау" баспа-полиграфиялық корпорациясы (Алматы қаласы)
3. "Полиграфия" Шығыс Қазақстан өндірістік бірлестігі
4. "Полиграфия" Атырау өндірістік бірлестігі
5. Маңғыстау ірілендірілген баспаханасы
6. "Полиграфия" Жезқазған өндірістік бірлестігі
7. "Полиграфия" Қарағанды өндірістік бірлестігі
8. "Полиграфия" Қызылорда өндірістік бірлестігі
9. "Полиграфия" Көкшетау өндірістік бірлестігі
10. "Полиграфия" Қостанай өндірістік бірлестігі
11. "Полиграфия" Павлодар өндірістік бірлестігі
12. "Полиграфия" Солтүстік Қазақстан өндірістік бірлестігі
13. "Полиграфия" Семей өндірістік бірлестігі
14. "Дастан" корпорациясы (Орал қаласы)
15. "Полиграфия" Ақмола өндірістік бірлестігі
16. "Полиграфия" Оңтүстік Қазақстан өндірістік бірлестігі
17. Шымкент қалалық баспаханасы
18. Жамбыл мемлекеттік баспаханасы
19. "Полиграфия орталығы" Павлодар баспаханасы
20. алынып тасталды
21. "Дәуір" газет-журнал баспасы
22. "Кітап" өндірістік бірлестігі
Бұқаралық ақпарат құралдарының
ұйымдары
23. "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы
24. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті
25. "Казахстанская правда" республикалық газеті
26. "Қазақ әдебиеті" республикалық газеті
27. "Ана тілі - Жалын" біріккен басылымы
28. "Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы ААҚ
29. "Қазақ елі" республикалық газеті
30. "Коре ильбо" республикалық газеті
31. алынып тасталды
32. "Ұйғыр авази" республикалық газеті
33. "Дойче альгемайне цайтунг" республикалық газеті
34. "Украинскі новині" республикалық газеті
35. алынып тасталды
36. "Ақиқат" республикалық журналы
37. алынып тасталды
38. алынып тасталды
39. "Мысль" республикалық журналы
40. "Абай" республикалық журналы
41. "Жұлдыз" республикалық журналы
42. "Простор" республикалық журналы
43. "Парасат" журналы
44. "Хабар" агенттігі
45. "Заң" акционерлік компаниясы
45-1. "Жас өркен" ашық акционерлік компаниясы
45-2. "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
Басқа ұйымдар
46. Алматы радиотеледидар хабарын беру станциясы (АРТХС)
47. Қазтелерадиосы
48. "Елорда" баспасы" ААҚ"
49. "Мектеп" баспасы ЖАҚ
50. Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы
51. алынып тасталды
52. "Жеті жарғы" баспасы
53. Мемлекеттік ұлттық кітап палатасы
54. "Балапан" N 184 балалар комбинаты
55. "Оқжетпес" республикалық жастар лагері
55-1. "Өндірістік-пайдалану бірлестігі
55-2. Қымбат бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдардың мемлекеттік мұражайы