Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 28 қазандағы № 1366 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 39 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2003 ж. 26 қарашадағы № 1180 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 39 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат):
2-тармақтағы "екі вице-министр" деген сөздер "үш вице-министр" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы Ережеде:
16-тармақтың екінші абзацындағы "қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары - вице-министрі" деген сөздер "қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - үш вице-министрлері, соның ішінде бір бірінші" деген сөздермен ауыстырылсын; 18-тармақтың 1) тармақшасындағы "вице-министрдің" деген сөздер "вице-министрлердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) алынып тасталды
3) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 164-құжат):
1-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне екі қосымша штат бірлігін ұстау жөніндегі шығыстарды жабуға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 222000 (екі жүз жиырма екі мың) теңге бөлінсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |