Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Бұқаралық ақпарат құралдарының ұйымдары" деген бөліміндегі реттік нөмірі 45-жол алынып тасталсын;
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 269-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
269. "Заң" акционерлік компаниясы ААҚ".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | И.Тасмағамбетов |