Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігінің "Елорда" Ақмола мемлекеттік баспасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта
ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
17 қаңтардағы № 35 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 14.11.03 ж. № 1150 қаулысымен күші жойылды
"2002 жылы жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 наурыздағы № 352 қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің "Елорда" Ақмола мемлекеттік баспасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оның жарғылық қорына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Елорда" баспасы" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қоғам Жарғысын бекіткен кезде қызметінің негізгі мәні баспа өнімдерін шығару деп белгілесін;
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шараларды орындаған соң 2003 жылдың бірінші тоқсанында Қоғамның жарғылық капиталының 33 пайызынан аспайтын мөлшердегі акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін сатуды жүзеге асырсын;
4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлімінде мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-29-жолмен толықтырылсын:
"21-29. "Елорда" баспасы" ААҚ";
2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Басқа ұйымдар" деген бөліміндегі реттік нөмірі 48-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"48. "Елорда" баспасы" ААҚ";
3) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген бөлімінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-18-жолмен толықтырылсын:
"224-18. "Елорда" баспасы" ААҚ".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |