"Жедел басу баспаханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнын тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 18 маусымдағы № 803 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жедел басу баспаханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңда белгіленген тәртіппен бір ай мерзім ішінде:
1) осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп Кәсіпорын таратылғаннан кейін қалған мүлікті "Жеті жарғы" жабық акционерлік қоғамына жарғылық капиталын барабар көбейте отырып өткізуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 48, 426-құжат):
аталған қаулының қосымшасындағы:
реттік нөмірі 25-жол алынып тасталсын;
аталған қаулымен бекітілген 1998-1999 жылдары жекешеленуге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінен:
реттік нөмірі 38-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысында:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 20-жол алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |