Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың
әкімші-мекемелерінің мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 ж. 25 желтоқсандағы N 1335 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.03.99 ж. N 202; 15.05.99 ж. N 577; 25.05.99 ж. N 636;
23.06.99 ж. N 834; 19.07.99 ж. N 1002; 10.09.99 ж. N 1364; 21.09.99 ж. N
1427; 23.11.99 ж. N 1775; 30.12.03 ж. N 1354
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Заңдарын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, орталық атқарушы органдар әкімшілік ететін бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесі;
2) республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің тізбесі бекітілсін.
2. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелері бір ай мерзімде осы қаулының 1-тармағының 2 тармақшасында көрсетілген мекемелерді қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қайта тіркеуді жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір апта мерзімде мемлекеттік мекеме туралы үлгілік ереженің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
4. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне:
1999 жылдың 20 қаңтарына дейін мерзімде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесін бекіту;
1999 жылдың 20 қаңтарына дейін мерзімде орталық атқарушы органдармен келісе отырып, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын республикалық және жергілікті бағдарламаларды орындайтын мекемелердің тізбесін бекіту; 1999 жылдың 1 ақпанына дейін мерзімде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оларды мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуді жүзеге асыру ұсынылсын.
5. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелері бір ай мерзім ішінде ведомстволық бағынысты мекемелерді, заңдарда белгіленген тәртіппен, мемлекеттік кәсіпорындар етіп қайта тіркеуді жүзеге асырсын.
6. Мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын және уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыратын бағдарламалардың әкімші-мекемелері әрбір мемлекеттік кәсіпорынның қаржылық балансын бекітсін және қайта тіркелген күннен бастап бір ай мерзім ішінде жиынтық қаржылық балансты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне келісуге ұсынсын.
7. Мемлекеттік кәсіпорындар өздеріне заңдармен жүктелген мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функциясын тек қана бюджеттік қаржыландыру шеңберінде және мемлекеттік тапсырыс жағдайларында жүзеге асырады деп белгіленсін.
8. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып, 1999 жылдың 15 қаңтарына дейін, мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық ұйымдары бұрын орындап келген жұмыстар мен қызметтерді бәсекелі ортаға беру туралы шешімнің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
9. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
25 желтоқсанда N 1335
қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 25.05.99 ж. N 636; 23.06.99 ж. N 834; 19.07.99 ж. N 1002; 10.09.99 ж. N 1364; 21.09.99 ж. N 1427; 23.11.99 ж. N 1775 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, орталық атқарушы
органдар әкімшілік ететін бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың
тізбесі
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Мем. мекеме-бағдарламалардың әкімшісі Атауы
Бағдарлама/кіші бағдарлама
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
101 Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
1 Республикалық деңгейдегі әкімшілік шығыстар
1 Орталық органның аппараты
9 Республикалық деңгейде жоғары оқу орындарында кадрларды
даярлау
30 Мемлекеттік қызмет көрсету функцияларын орындау үшін жоғары
оқу орындарында кадрларды даярлау
15 Архив қорының, мерзімді басылымдардың сақталуын қамтамасыз
ету және оларды республикалық деңгейде арнайы пайдалану
30 Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві
30 Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық
аспектілерін болжамды-талдамалық қамтамасыз ету
31 Мемлекеттік наградаларды және олардың құжаттарын әзірлеу
102 Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық Басқармасы
1 Республикалық деңгейдегі әкімшілік шығыстар
1 Орталық органның аппараты
104 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
1 Республикалық деңгейдегі әкімшілік шығыстар
1 Орталық органның аппараты
10 Республикалық деңгейде кадрларды қайта даярлау
30 Мемлекеттік функцияларды орындау үшін кадрларды қайта
даярлау
201 Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
1 Республикалық деңгейдегі әкімшілік шығыстар
1 Орталық органның аппараты
2 Аумақтық органдардың аппараты
4 Тергеуге қатысқаны үшін адвокаттарға еңбекақы төлеу
7 Республикалық деңгейде арнаулы орта оқу орындарында кадрлар
даярлау
30 Ақтөбе заң колледжі
31 Ақмола заң колледжі
32 Павлодар заң колледжі
33 Шымкент заң колледжі
34 Семей заң колледжі
35 Алматы заң колледжі
9 Республикалық деңгейде жоғары оқу орындарында кадрларды
даярлау
30 Алматы заң институты
31 Алматы техникалық институты
32 Қостанай заң институты
33 Ішкі әскерлердің жоғары әскери училищесі, Петропавл қаласы
35 Қарағанды заң институты
10 Республикалық деңгейде кадрларды қайта даярлау
30 Бастапқы даярлық училищесі
12 Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының
қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін емдеу.
30 Емханасы бар орталық госпиталь
21 Республикалық деңгейде қоғамдық тәртіпті қорғау және
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
30 Ішкі әскерлердің құрамалары және бөлімдері
201 31 Сотталғандарды және тергеудегі тұтқынға алынған адамдарды
ұстау
30 Түзеу мекемелері мен тергеу изоляторлары
32 Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарлама
34 Мемлекеттік жоба 3
30 Ішкі істер органдарын техникалық жарақтандыру
204 Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
1 Республикалық деңгейдегі әкімшілік шығыстар
1 Орталық органның аппараты
4 Басқа елдердегі органдардың аппараты (елшіліктер,
өкілдіктер, дипломаттық миссиялар)
10 Республикалық деңгейде кадрларды қайта даярлау
5 Аппараттың кадрларын қайта даярлау
30 Елдің саяси, сауда-экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету
30 ТМД-ның атқарушы хатшылығы
31 ТМД мемлекеттік ақпараттық агенттіктері басшыларының кеңесі
32 Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық комитеті
33 Интеграциялық комитет
34 ТМД-ға мүше елдердің Көлік министрлерінің көлік кеңесін
үйлестірудің атқарушы комитеті
35 Мемлекетаралық авиациялық комитет
36 Мемлекетаралық Экологиялық кеңес
37 ТМД Экономикалық соты
38 Парламентаралық Ассамблея
39 Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі
мемлекетаралық кеңес
40 ТМД Статистикалық комитеті
41 ТМД Денсаулық сақтау хатшылығы
42 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
жөніндегі мемлекетаралық кеңес
43 Геодезия, картография, кадастр және қашықтықтан бақылау
жөніндегі мемлекетаралық кеңес
44 Мұнай және газ жөніндегі мемлекетаралық кеңес
45 Гидрометеорология жөніндегі мемлекетаралық кеңес
46 ТМД-ға қатысушылардың машина жасаудағы ынтымақтастық
жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің хатшылығы
47 Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының,
Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының
Парламентаралық комитеті
48 Көмір мен металдың евроазиялық бірлестігі
49 Химия және мұнай химиясы саласындағы кеңес
50 ТМД елдерінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі
арнайы қызметтерінің біріктірілген деректер банкі
51 Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан
Республикасы мемлекетаралық кеңесінің атқарушы комитеті
52 Аралды құтқарудың халықаралық қоры
31 Халықаралық ұйымдарға қатысу
32 Жауынгер-интернационалистердің мемлекетаралық кешенді
медициналық-әлеуметтік бағдарламасы
33 Мемлекетаралық радионавигациялық бағдарлама
34 "Батыр Брест қамалы" мемориалдық кешені
206 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым
академиясы
1 Республикалық деңгейдегі әкімшілік шығыстар
1 Орталық органның аппараты
30 "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнайы өкілдіктің аппараты
30 Сейсмологиялық ақпарат мониторингі
30 Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция
31 Іргелі ғылыми зерттеулер мен жалпы сипаттағы қолданбалы
зерттеулер
32 Ғылыми-техникалық ақпараттың жетімділігін қамтамасыз ету
206 33 Ғылыми-тарихи құндылықтарды республикалық деңгейде қорғау
34 Ғылыми кадрларды аттестаттау
208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
1 Республикалық деңгейдегі әкімшілік шығыстар
1 Орталық органның аппараты
4 Басқа елдердегі органдардың аппараты (елшіліктер,
өкілдіктер, дипломаттық миссиялар)
30 Әскери комиссариаттардың аппараты
5 Әскери бөлімдерді ұстау
30 Жалпы мақсаттағы күштердің әскери бөлімдері
31 Мемлекеттік шекараны қорғау күштерінің әскери бөлімдері
32 Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері
33 Арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер
7 Республикалық деңгейде арнаулы орта оқу орындарында
кадрлар даярлау
30 Кадет корпусы, Солтүстік Қазақстан облысы
31 Спорт әскери колледжі, Алматы қаласы
32 Спорт әскери колледжінің филиалы, Солтүстік Қазақстан облысы
Шортанды қаласы
9 Республикалық деңгейде жоғары оқу орындарында кадрларды
даярлау
30 Жоғары әскери командалық шекаралық училище, Алматы қаласы
31 Жоғары әскери-ұшқыштар училищесі, Ақтөбе қаласы
32 Азаматтық авиация академиясының жанындағы әскери
факультет, Алматы қаласы
33 Әскери-академия, Алматы қаласы
12 Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының
қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін емдеу
30 Орталық әскери клиникалық госпиталь, Алматы қаласы
31 Әскери госпиталь, Семей қаласы
32 Әскери госпиталь, Үшарал қаласы
33 Әскери госпиталь, Қарағанды қаласы
34 Әскери госпиталь, Аягөз қаласы
35 Әскери госпиталь, Ақтау қаласы
36 Әскери госпиталь, Талдықорған қаласы
37 Әскери госпиталь, Сарыөзек қаласы
38 Шекара әскерлерінің әскери госпиталі, Алматы қаласы
30 Қорғаныс сипатындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер мен
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар
31 Қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастық
32 Әскери бөлімдердің қызметін қамтамасыз ету
30 Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету
31 Қару-жарақпен, техникамен және басқа да құралдармен
қамтамасыз ету
32 Әскери бөлімдерді тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету
33 Әскери бөлімдерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету
34 Әскери бөлімдерді жанар-жағар май материалдармен қамтамасыз
ету
35 Әскери бөлімдерді киім-кешектермен және жалпы гигиеналық
құралдармен қамтамасыз ету
36 Әскери бөлімдерді байланыспен қамтамасыз ету
37 Жүктерді тасымалдау
38 Әскери бөлімдер үшін тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулер
39 Мемлекетаралық тасымалдар
40 Жеке құрамды тасымалдау
34 Қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау
212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
1 Республикалық деңгейдегі әкімшілік шығыстар
1 Орталық органның аппараты
2 Аумақтық органдардың аппараты
10 Республикалық деңгейде кадрларды қайта даярлау
5 Аппараттың кадрларын қайта даярлау
6 Мемлекеттік мекемелердің кадрларын қайта даярлау
30 Ауыл шаруашылығы, су (су кадастрын әзірлеу) және орман
шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы
қолданбалы ғылыми зерттеулер
10 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми
зерттеулер
30 Ауыл шаруашылығы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер
31 Су шаруашылығы (су кадастрын әзірлеу) саласындағы қолданбалы
ғылыми зерттеулер
32 Орман шаруашылығы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер
31 Республикалық деңгейдегі малдәрігерлік қызмет көрсету
30 Мал мен құстың ерекше қауіпті аурулары жөніндегі
Оңтүстік-Шығыс аймақтық мамандандырылған малдәрігерлік
зертхана
32 Суармалы жерлердің мелиорациялық жағдайын бағалау
30 Жетісу гидрогеологиямелиоративтік экспедициясы
31 Суармалы жерлердің мелиорациялық жағдайын бағалау
33 Өсімдіктерді қорғау
30 Карантиндегі өнімдерді фитосанитарлық талдау лабораториясы
31 Өсімдіктерді жаппай зиянкестерден және аурулардан қорғау
32 Импорттық карантиндік материалдарды
интродукциялық-карантинді қадағалау
34 Мал ауруларының диагностикасы
35 Қарсыэпизоотия
36 Жер кадастрын әзірлеу және оған өзгерістер енгізу жөніндегі
техникалық құжаттарды дайындау
30 Жер кадастры
31 Жерге орналастыру
37 Тұқымдық және отырғызу материалдарының сорттық және себу
сапаларын анықтау
38 Ауылшаруашылық дақылдарының сортын сынау
39 Ауылшаруашылық өнімдерді отандық өндірушілерді субсидиялау
40 Шаруашылық мұқтаждарға су беруге байланысты емес су
шаруашылығы объектілерін пайдалану
41 Мемлекетаралық су шаруашылығы объектілерін пайдалану
42 Су қорғауды кешенді пайдаланудың, су шаруашылығы
баланстарының сызбасын әзірлеу
43 Топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді
қамтамасыз ету
30 Топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді
сақтау
31 Топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді
дайындау
44 Мемлекеттік шекараны демаркациялау
45 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күту
30 Алматы мемлекеттік табиғат қорығы
31 Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғат қорығы
32 Барсакелмес мемлекеттік табиғат қорығы
33 Батыс-Алтай мемлекеттік табиғат қорығы
34 Қорғалжың мемлекеттік табиғат қорығы
35 Марқакол мемлекеттік табиғат қорығы
36 Наурызым мемлекеттік табиғат қорығы
37 Үстірт мемлекеттік табиғат қорығы
38 Алакол мемлекеттік табиғат қорығы
212 45 39 Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат паркі
40 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғат паркі
41 "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғат паркі
42 Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғат паркі
43 "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғат паркі
44 "Қызыл Жиде" республикалық мемлекеттік табиғат қорғау
мекемесі
46 "Қазақстан ормандары" бағдарламасы
30 Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымдары мекемелері
31 Ормандар мен жануарлар әлемін жер бетінде қорғау
33 Орманды қалпына келтіру және қорғаныш орманын өсіру
34 Орманды авиациялық қорғау
35 Орманды орналастыру және орман шаруашылығын жобалау
36 Ағаш-бұта тұқымдарын селекциялау және тұқымдарын сынақтан
өткізу
37 Зайсан-Ертіс балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу
су айдыны басқармасы
38 Іле-Балқаш балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу
су айдыны басқармасы
39 Орал-Каспий балық қорларын қорғау және оларды ұтымды
пайдалану жөніндегі облысаралық су айдыны басқармасы
51 Балық қорларын (балық шабақтарын) көбейту
52 Қызылорда облысын сумен жабдықтауды жақсарту
30 Консультациялық қызмет көрсету
31 Құбырларды, тарату су құбырларының жүйелерін, насос
станцияларын қайта құру
53 Арал теңізі өңірінің елді мекендерін сумен жабдықтауды және
санитарлық жағдайын жақсарту
54 Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру
30 Ирригациялық және дренаждық жүйелерді экологиялық нормалар
мен талаптарды ескере отырып қайта құру және жақсарту
31 Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуді және басқаруды және
суару жүйелерін жетілдіру тәсілдері
55 Су ресурстарын басқаруды жетілдіру және жерлерді қалпына
келтіру
30 Консультациялық қызмет көрсету
31 Ирригациялық объектілерді техникалық жарақтандыру
56 Суағарлардың құрылысы және оларды қайта жаңарту
57 Ауылшаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіруден кейін қолдау
30 Ауылшаруашылық кәсіпорындары үшін консультациялық
орталықтар құру
82 Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру
30 Қазіргі ирригациялық және дренаждық жүйелерді экологиялық
нормалар мен талаптарды ескере отырып қайта құру және
жақсарту
83 Су ресурстарын басқаруды жетілдіру және жерлерді қалпына
келтіру
30 Ирригациялық объектілерді дамыту
86 Ауылшаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіруден кейін қолдау
30 Ауылшаруашылық кәсіпорындарын несиелендіру
213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
1 Республикалық деңгейдегі әкімшілік шығыстар
1 Орталық органның аппараты
30 Зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау
жөніндегі аумақтық басқарма
10 Республикалық деңгейде кадрларды қайта даярлау
6 Мемлекеттік мекемелердің кадрларын қайта даярлау
22 Республикалық деңгейде міндетті әлеуметтік қамсыздандыру
бойынша кепілдіктер
30 Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы
31 Жұмыс істейтін азаматтарға жүктілігі және босануы бойынша
жәрдемақы
32 Жұмыс істейтін азаматтарға бала туғанда берілетін жәрдемақы
213 22 33 Жерлеуге берілетін жәрдемақы
34 Сауықтыруға берілетін жәрдем
30 Зейнетақы бағдарламалары
30 Ортақ зейнетақыларды төлеу
31 Мемлекеттік әлеуметтік жалпы жәрдемақылар
30 Мүгедектігі бойынша
31 Асырушысынан айрылуына байланысты
32 Жасы бойынша
33 Бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы
30 Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шеккен зейнеткерлерге
31 Ақталған азаматтарға - жаппай саяси қуғын-сүргін
құрбандарына
34 Ақталған азаматтардың шығынын өтеу
35 Мүгедектер мен ардагерлерді сауықтыру
36 Республикалық деңгейдегі медициналық-әлеуметтік сараптама
30 Республикалық деңгейдегі медициналық-әлеуметтік сараптық
комиссиясы
37 Протездеу бойынша медициналық көмек көрсету және
протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету
38 Соғыс және еңбек ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу
39 Мүгедектердің қоғамдық ұйымдары үшін сурдо-тифлотехника
құралдарын сатып алу
40 Жұмыспен қамтудың ақпараттық базасын құру және қолдау
30 Жұмыспен қамту қызметіне қолдау көрсету
31 Жұмыспен қамтудың ақпараттық базасын құру
41 Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу жөніндегі Зейнетақы
төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың көрсеткен қызметіне
ақы төлеу
42 Есту органдарын протездеу орталық эксперименттік
зертханасының қызмет көрсетуі
7 ҰОС мүгедектері
8 ҰОС қатысушылар
9 ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдар
18 1 және 2-топтағы мүгедектер
19 3-топтағы мүгедектер
20 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар
43 Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы
215 Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар
министрлігі
1 Республикалық деңгейдегі әкімшілік шығыстар
1 Орталық органның аппараты
2 Аумақтық органдардың аппараты
30 Республикалық деңгейдегі жалпы білім беру оқулары
33 Су жолдарын кеме жүретін жағдайда қамтамасыз ету және
шлюздерді ұстау
34 Республикалық деңгейде жол жүйесін пайдалану
12 Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
35 Азаматтық авиацияға арналған әуе кемелерінің, әуе жолдарының
және аэродромдардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу жөніндегі
құжаттарды дайындау
36 Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және
қайта жаңарту
37 Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту
38 Бірыңғай есептік-ақпараттық орталық құру
39 Алматы-Бурабай автомобиль жолындағы Гүлшат-Ақшатау
учаскесін қайта жаңарту
215 40 Алматы-Қарағанды-Астана-Бурабай автомобиль жолдарындағы
Гүлшат-Ақшатау және Ақшатау-Қарағанды учаскелерін қайта
жаңарту
80 Ақтау сауда портын қайта жаңарту
82 "Дружба" стансасында теміржол көлігінің қуатын дамыту
84 Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту
217 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
1 Республикалық деңгейдегі әкімшілік шығыстар
1 Орталық органның аппараты
2 Аумақтық органдардың аппараты
3 Ақпараттық-есептеу қызметін көрсету
7 Республикалық деңгейде арнаулы орта оқу орындарында
кадрларды даярлау
30 Мемлекеттік қаржы саласында кадрларды даярлау
9 Республикалық деңгейде жоғары оқу орындарында кадрларды
даярлау
30 Мемлекеттік қаржы саласында кадрларды даярлау
10 Республикалық деңгейде кадрларды қайта даярлау
5 Аппараттың кадрларын қайта даярлау
30 Мемлекеттік қызметшілердің санағын жүргізу
32 Мемлекеттік меншіктің тізілімін жүргізу
33 Асыл металдарды сақтау
35 Банктік қызмет көрсетулер, клиринг байланысын, электрондық
почтаны, байланыстың ішкі аймақтық арналарын пайдаланғаны
үшін ақы төлеу
36 Мемлекеттік меншікті жекешелендіру бойынша
консультанттардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу
37 Қаржылық және фискальдық органдарды нормативтік құқықтық
актілермен қамтамасыз ету
38 Қазынашылықты жаңарту
30 Қазынашылықтың компьютерлік жүйесін жасау
31 Эксперименттік жүйені компьютерлендіру
32 Компьютерлік жүйені толық көлемінде пайдалануға енгізу
39 Мемлекеттік қаржы туралы деректердің автоматтандырылған
базасын жасау
40 Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру процесін автоматтандыру
42 Үкіметтік борышқа қызмет көрсету
11 Заемдар бойынша сыйақыны (мүдде) төлеу
30 Заемдарды орналастырғаны үшін комиссиялық төлемдер
44 Үкіметтік борышты өтеу
45 Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві
48 Қаржылық секторды және кәсіпорындар секторын дамыту
31 Зейнетақы реформасына көмектесу
32 Кәсіпорындар секторын реформалауды қолдау
49 Мемлекеттік органдарды техникалық қолдау
30 Консультациялық қызмет көрсету