Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1334 және 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулыларына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 23 қарашадағы № 1775 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттік мекемесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 5 қазандағы № 1522 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізiлсiн:
1) "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1334 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IҮ "Шығыстар" бөлiмiнде:
12 "Көлiк және байланыс" функционалдық топтың 2 "Байланыстар жүйесi" iшкi функциясындағы "215 Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгі" мемлекеттік мекемесi" деген сөздер "611 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегі агенттiгі" мемлекеттік мекемесi деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкiмшi-мекемелерiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысына:
аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық атқарушы органдар әкiмшiлiк ететiн бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың тiзбесiнде:
215 "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлігі" мекемесi бойынша:
32 "Арнайы байланыспен қамтамасыз ету" бағдарламасы алынып тасталсын;
30 "Мемлекеттік фельдъегерлiк қызмет" кiшi бағдарламасы алынып тасталсын;
610 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі" мемлекеттік мекемесінің 1 "Республикалық деңгейдегі әкімшілік шығыстар" бағдарламасының 1 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
"611. "Қазақстан Республикасының құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі" мемлекеттік мекемесі, 32 "Арнаулы байланысты қамтамасыз ету" бағдарламасы, 30 "Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет" кіші бағдарламасы";
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің тізбесінде:
"10 Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"10 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі