Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1335 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі № 1002 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкiмшi-мекемелерiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық атқарушы органдар әкiмшiлiк ететiн бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың тiзбесiне:
608 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы 10-бағдарламамен және 30-кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"10 Кадрларды республикалық деңгейде қайта даярлау
30 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы";
2) Республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ аталған қаулымен бекітілген, заңға сәйкес мемлекеттік мекемелерге қайта тiркеуге жататын мекемелер тiзбесi:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгi" реттiк нөмiрi 29-жол, мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 1-жолмен толықтырылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі