Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1335 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы № 834 Қаулысы
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1334 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Үкіметтің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 519 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, орталық атқарушы органдар әкімшілік ететін бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесінде 46 "Қазақстан ормандары" бағдарламасының 31 кіші бағдарламасындағы "Орман қорғау мекемелері" деген сөздер "Ормандар мен жануарлар әлемiн жер бетiнде қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2)көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің тізбесінде "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 8-тараудағы реттік нөмірі 19 "Орман қорғау мекемесі" деген жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі