Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1335 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы № 25 мамырдағы № 636 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық атқарушы органдар әкімшілік ететін бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесі:
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" бөлімі, 31 "Сотталғандарды және тергеудегі тұтқынға алынған адамдарды ұстау" деген бағдарлама мынадай мазмұндағы 30-кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"30 Түзеу мекемелері мен тергеу изоляторлары";
2) аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемелерге қайта тіркеуге жататын республикалық бағдарламаларды орындаушы мекемелердің тізбесі:
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы "реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:
"14 Түзеу мекемелері мен тергеу изоляторлары".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі