Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер
енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 қаулысы
(2004 ж. 06 ақпанға берілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 қарашадағы N 1139 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкiметiнiң 31.12.03 ж. N 1378 қаулысымен (қазақ тіліндегі мәтіні бойынша) күші жойылды. ҚР Үкiметiнiң 31.12.03 ж. N 1378 қаулысының орыс тіліндегі мәтіні бойынша осы қаулының 30-тармағының күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген қоса берiлiп отырған өзгертулер бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Министрлер Кабинетi Аппараты Басшысының арасында мiндеттердi бөлу туралы" 1995 жылғы 8 тамыздағы N 1103 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер
ҚР Үкіметінің 23.05.97 ж. N 877 қаулысымен 1-тармақтың күшi жойылды
1.
ҚР Үкіметінің 12.02.97 ж. N 203 қаулысымен 2-тармақтың күшi жойылды
2.
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Өнертабыстарды, өнеркәсiптiк үлгiлер мен пайдалы модельдердi патенттеу,тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгiлерiн тiркеу, тауарлардың шыққан жерiнiң атын пайдалану құқығын тiркеу және беру үшiн алынатын баж салықтарын төлеудiң тәртiбi мен мөлшерi туралы" 1992 жылғы 20 қазандағы N 889 қаулысымен бекiтiлген Өнер табыстарын, өнеркәсiптiк үлгiлер мен пайдалы модельдердi патенттеу, тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгiлерiн тiркеу, тауарлардың шыққан жерiнiң атын пайдалану құқығын тiркеу және беру үшiн алынатын баж салықтарын төлеу тәртiбi мен мөлшерiнiң 1-тармағындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 41, 605-бап) "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Каспий теңiзi жағалауының су басу мен су жайылу хаупi төнген аймағындағы тұрақты шаруашылық қызметтi және халықты қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 1992 жылғы 30 қазандағы N 925 қаулысының 2-тармағындағы, 4-тармағының алтыншы абзацындағы, 5-тармағының бiрiншi абзацындағы "Мемлекеттiк комиссия", "Мемлекеттiк комиссияны", "Мемлекеттiк комиссияның" сөздерi осыған сәйкес "Мемлекеттiк комитет", "Мемлекеттiк комитеттiң" сөздерiмен ауыстырылсын.
5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "КСРО-ның қорғаушы құжаттарымен қорғалған өнер табыстарына, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар белгiлерiне және қызмет көрсету белгiлерiне Қазақстан Республикасының қорғаушы құжаттарын беру тәртiбiн бекiту туралы" 1992 жылғы 11 қарашадағы N 949 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 44, 647-бап):
3-тармағының екiншi абзацындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
Жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген КСРО-ның қорғаушы құжаттарымен қорғалған өнер табыстарына, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар белгiлерi мен қызмет көрсету белгiлерiне Қазақстан Республикасының қорғаушы құжаттарын беру тәртiбiндегi "Министрлер Кабинетi жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Апаттық-құтқару қызметiн құру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 19 наурыздағы N 222 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993ж., N 8, 102-бап) 6 және 11-тармақтарындағы "Мемлекеттiк комиссия", "Мемлекеттiк комиссияға" сөздерi "Мемлекеттiк комитет", "Мемлекеттiк комитетке" сөздерiмен ауыстырылсын.
7. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғауға байланысты шетелдiк өнiм берушiлердiң заңдық маңызы бар әрекеттерi үшiн алынатын баж салығын төлеу тәртiбi мен мөлшерi туралы" 1993 жылғы 6 сәуiрдегi N 266 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғауға байланысты шетелдiк өнiм берушiлердiң заңдық маңызы бар әрекеттерi үшiн алынатын баж салығын төлеу тәртiбi мен мөлшерiнiң екiншi абзацындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 11, 134-бап) "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Төтенше жағдайларда сақтандырудың және iс-әрекет жасаудың республикалық жүйесiн көлiк құралдарымен қамтамасыз ету және оның күштерi мен құрал-жабдықтарын тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" 1993 жылғы 16 сәуiрдегi N 315 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 13, 159-бап).
2-тармағындағы "Мемлекеттiк комиссия" сөздерi "Мемлекеттiк комитет" сөздерiмен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген төтенше жағдайларда сақтандырудың және iс-әрекет жасаудың республикалық жүйесiн көлiк құралдарымен қамтамасыз ету және оның күштерi мен құрал-жабдықтарын тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi туралы Ереженiң 2-тармағындағы, 3-тармағының бiрiншi абзацындағы, 9-тармағының екiншi абзацындағы "Мемлекеттiк комиссия", "Мемлекеттiк комиссияның" сөздерi "Мемлекеттiк комитет", "Мемлекеттiк комитеттiң" сөздерiмен ауыстырылсын.
9. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қызметтiк тұрғын үй-жайлар берiлетiн қызметкерлер санаттарының тiзiмiн бекiту туралы" 1993 жылғы 3 маусымдағы N 455 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993ж, N 21, 262-бап) бекiтiлген қызметтiк тұрғын үй-жайлар берiлетiн қызметкерлер санаттарының тiзiмiндегi 23-тармақтағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
10. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Құрамында сирек, сирек ұшырасатын және шашыранды химиялық элементтер, олардың қосылыстарын қоса отырып және мемлекеттiк резервте сақталатын өнiмдi халық шаруашылығының мүддесiнде пайдалану туралы" 1993 жылғы 5 тамыздағы N 674 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 31. 366-бап) 2-тармағындағы бiрiншi абзацтағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
11. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiн ведомстволық бақылау туралы Ереженi бекiту туралы" 1993 жылғы 2 қыркүйектегi N 773 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж, N 34, 398-бап):
4-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiне" сөздерi "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетiне" сөздерiмен ауыстырылсын.
аталған қаулымен бекiтiлген Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiн ведомстволық бақылау туралы Ереженiң 5-тармағының екiншi абзацындағы, 14-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiмен" сөздерi "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы қаржы-валюталық бақылау комитетiмен" сөздерiмен ауыстырылсын.
12. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты туралы Ереженi бекiту туралы" 1993 жылғы 27 қазандағы N 1066 қаулысымен бекiтiлген Дипломатиялық паспорт берiлетiн лауазымды адамдардың тiзiмiндегi "Мемлекеттiк комиссия" сөздерi "Мемлекеттiк комитет" сөздерiмен ауыстырылсын.
13. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Маңғышлақ аумақтық-өндiрiстiк кешенiн дамыту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" 1993 жылғы 22 қарашадағы N 1166 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 45, 541-бап) 24-тармағындағы "Мемлекеттiк комиссияға" сөздерi "Мемлекеттiк комитетке" сөздерiмен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 28.04.97 ж. N 672 қаулысымен 14-тармақтың күшi жойылды
14.
15. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ауыр заттарды қолмен көтергенде және тасығанда әйелдер үшiн жол берiлер салмақ шегiнiң жаңа нормалары туралы" 1994 жылғы 20 қаңтардағы N 89 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 5, 46-бап) 2-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
ҚР Үкіметінің 27.04.99 ж. N 482 қаулысымен 16-тармақтың күшi жойылды
16.
17. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивi туралы" 1994 жылғы 25 наурыздағы N 298 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 15, 146-бап) 2-тармағындағы, 3-тармағының үшiншi абзацындағы, 7-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
18. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Ұлттық патенттiк ведомствоның мәселелерi" 1994 жылғы 28 сәуiрдегi N 439 қаулысының атауындағы, 1-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
19. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Архивтердiң Халықаралық Кеңесiндегi Қазақстан Республикасының мүшелiгi туралы" 1994 жылғы 29 маусымдағы N 728 қаулысындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 27, 300-бап) "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
20. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Төтенше жағдайлардан сақтандыру және ол жағдайлардағы әрекеттер бойынша ұзақ мерзiмдi бағдарлама туралы" 1994 жылғы 29 қыркүйектегi N 1081 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 39, 435-бап) 1-тармағының үшiншi абзацындағы, 3-тармағындағы "Мемлекеттiк комиссияны", "Мемлекеттiк комиссиямен" деген сөздер "Мемлекеттiк комитетi", "Мемлекеттiк комитетпен" деген сөздермен ауыстырылсын.
21. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Төтенше жағдайлар жөнiндегi Республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқарушы жүйесiн құру туралы" 1994 жылғы 11 қазандағы N 1159 қаулысымен бекiтiлген, Төтенше жағдайлар жөнiндегi Республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқарушы жүйесiн құру және дамыту тұжырымдамасының мәтiнiндегi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 43, 467-бап) "Мемлекеттiк комиссияның", "Мемлекеттiк комиссияны", "Мемлекеттiк комиссия" деген сөздер "Мемлекеттiк комитет", "Мемлекеттiк комитеттiң", "Мемлекеттiк комитеттi","Мемлекеттiк комитет" деген сөздермен ауыстырылсын.
аталған тұжырымдаманың кiрiспесiндегi:
1, 3, 5, 6-тармақтарындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс штабы" сөздерi "ТЖМК" сөзiмен ауыстырылсын;
4, 7, 8, 9, 10-тармақтардан "Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы" сөздерi алынып тасталсын.
ҚР Үкіметінің 28.07.00 ж. N 1154 қаулысымен 22-тармақтың күші жойды
22.
23. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн есепке алуды реттеу туралы" 1994 жылғы 16 қарашадағы N 1300 қаулысының 7-тармағындағы "және Қазақстан Республикасы Қаржылық бақылаудың мемлекеттiк комитетiне" деген сөздер "және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы қаржылық валюталық бақылау комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
24. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Патенттiк баж салығы туралы" 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1369 қаулысының 1, 2-тармақтарындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1994 ж., N 46, 503-бап) "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
ҚР Үкіметінің 20.05.97 ж. N 851 қаулысымен 25-тармақтың күшi жойылды
25.
ҚР Үкіметінің 30.01.04 ж. N 119 қаулысымен 26-тармақтың күшi жойылды
26. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Суаттарды оңашаланған пайдалануға беру тәртiбi туралы нұсқауды бекiту туралы" 1994 жылғы 29 желтоқсандағы N 1483 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 49, 558-бап) бекiтiлген суаттарды оңашаланған пайдалануға беру тәртiбi туралы нұсқаудың 2-тармағының екiншi абзацындағы, 6-тармағының бесiншi абзацындағы, 7-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
27. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Алматы қаласындағы, Алматы мен Талдықорған облыстарындағы болуы мүмкiн жер сiлкiнуден болған зиянды төмендету және оның зардаптарын жою жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 1490 қаулысындағы:
қаулының мәтiнiндегi "Мемлекеттiк комиссияның", "Мемлекеттiк комиссиямен", "Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабына", "Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабымен бiрге" деген сөздер "Мемлекеттiк комитетпен", "Мемлекеттiк комитетке", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрге" деген сөздермен ауыстырылсын.
28. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық кеңес туралы" 1995 жылғы 11-қаңтардағы N 33 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 2, 17-бап) қосымшадағы "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау комитет", "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi", "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының өнеркәсiпте жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитет", "Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi", "Қазақстан Республикасының Кеден комитетi" деген сөздерiмен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 17.08.98 ж. N 776 қаулысымен 29-тармақтың күшi жойды
29.
ҚР Үкiметiнiң 31.12.03 ж. N 1378 қаулысымен 30-тармақтың күші жойылды
30. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу тәртiбiн бекiту туралы" 1995 жылғы 24 қаңтардағы N 75 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 3, 42-бап) бекiтiлген мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу тәртiбi мәтiнiндегi "Министрлер Кабинетi жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
ҚР Үкіметінің 03.08.00 ж. N 1176 қаулысымен 31-тармақтың күші жойды
31.
32. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық шабуыл қаруларын тарату жөнiндегi Үкiметтiк комиссия туралы" 1995 жылғы 6 ақпандағы N 119 қаулысының 3-тармағындағы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi "Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 26.01.04 ж. N 85 қаулысымен 33-тармақтың күші жойылды
33. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Судың мемлекеттiк есебi және оны пайдалану тәртiбi жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 15 ақпандағы N 160 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 7, 74-бап) бекiтiлген судың мемлекеттiк есебi және оны пайдалану тәртiбi жөнiндегi Ереженiң мәтiнiндегi "Министрлер Кабинетi жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
34. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен ұйымдарында қаржы және материалдық ресурстардың пайдалануын және сақтауын қамтамасыз етудi тәртiпке келтiру туралы" 1995 жылғы 21 наурыздағы N 311 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 10, 116-бап) 4-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiмен бiрлесiп" сөздерi алынып тасталсын.
35. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының оңтүстiк облыстарында жүгерi өсiрудiң ауыл шаруашылық технологиялық жобасын жүзеге асыру туралы" 1995 жылғы 24 наурыздағы N 328 қаулысының мәтiнiндегi "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi "Қаржы министрлiгiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 24.09.98 ж. N 950 қаулысымен 36-тармақтың күшi жойды
36.
37. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң қалпына келтiру заемына қатарлас Жапон Экспорт-Импорт Банкiнiң заемын пайдалану туралы" 1995 жылғы 13 сәуiрдегi N 470 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 12, 149-бап) 3-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi "Қаржы министрлiгiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. N 62 қаулысымен 38-тармақтың күші жойылды
38.
ҚР Үкіметінің 31.12.96 ж. N 1749 қаулысымен 39-тармақтың күшi жойылды
39.
ҚР Үкіметінің 06.02.04 ж. N 144 қаулысымен 40-тармақтың күшi жойылды
40. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылау туралы Ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 29 сәуiрдегi N 600 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 16, 181-бап) бекiтiлген су ресурстарын пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылау туралы Ереженiң мәтiнiндегi "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
41. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тауарлардың шыққан елiн анықтау туралы" 1995 жылғы 10 мамырдағы N 640 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 192-бап) 3-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
42. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Таратуға ұсынылған мемлекеттiк кәсiпорындарды, мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiн iрiктеудiң тәртiбi туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 193-бап) 1995 жылғы 12 мамырдағы N 652 қаулысымен бекiтiлген Таратуға ұсынылған мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктердi мемлекет қатысуымен iрiктеу тәртiбi туралы Ереженiң 2-тармағындағы "Экономика министрлiгiнiң жанындағы" сөздерi "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. N 467 қаулысымен 43-тармақтың күші жойылды
43. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасында әскери-техникалық құралдар мен екi жақты қолданылатын өнiмдердi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету тәртiбi туралы" 1995 жылғы 12 мамырдағы N 657 қаулысының:
1-тармағындағы, 3-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi "Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
аталған қаулының 1-қосымшасының 4-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi "Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнде" сөздерiмен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. N 357 қаулысына сәйкес 44-тармақтың күші жойылды
44. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң мәселелерi" 1995 жылғы 16 мамырдағы N 694 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж, N 18, 199-бап):
атауындағы, 1-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын;
аталған қаулының 4-қосымшасының атауындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
45. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы аумағында стратегиялық және жай қару-жарақты қысқартуға байланысты шетелдiк инспекция топтарының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 1995 жылғы 25 мамырдағы N 743 қаулысының 9-тарауындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
46. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Шағын бизнес орталықтарының республикалық желiсiн құру және дамыту туралы" 1995 жылғы 20 маусымдағы N 849 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 22, 248-бап) 6-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке" сөздерi "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке" сөздерiмен ауыстырылсын.
47. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы премьер-Министрiнiң 1995 жылғы наурызда Канадаға ресми сапары барысында қол жеткен келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" 1995 жылғы 22 маусымдағы N 857 қаулысымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 22, 250-бап) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы наурызда Канадаға ресми сапары барысында қол жеткен келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспарындағы "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет" сөздерi "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет" сөздерiмен ауыстырылсын.
48. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Конденсат" акционерлiк бiрлескен кәсiпорнының отын өндiру жөнiндегi Қарашығанақ шағын тоннажды қондырғысын салу" жобасын жүзеге асыру туралы" 1995 жылғы 26 маусымдағы N 878 қаулысының 8-тармағының "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi "Қаржы министрлiгiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 17.03.99 ж. N 251 қаулысымен 49-тармақтың күшi жойылды
49.
50. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Венчурлiк фирмалар құру тәртiбi туралы" 1995 жылғы 3 шiлдедегi N 908 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 23, 260-бап) бекiтiлген Венчурлiк фирмалар туралы Үлгi ереженiң 6-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
ҚР Үкіметінің 28.03.00 ж. N 449 қаулысымен 51-тармақтың күші жойылды
51.
52. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәсiпорындары мен салаларының өндiрiстiк кооперациясын дамытуды қолдаудың жауапты шарттары мен механизмi туралы келiсiм мен осы келiсiмдi жүзеге асырудың механизмi туралы хаттаманың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 1995 жылғы 4 шiлдедегi N 914 қаулысының мәтiнiндегi "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
53. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекеттiк қала құрылысының кадастры туралы" 1995 жылғы 6 шiлдедегi N 931 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 23, 266-бап) бекiтiлген Мемлекеттiк қала құрылысының кадастрын құру және жүргiзу Тәртiбiндегi 21-тармақтың екiншi абзацындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
ҚР Үкіметінің 27.05.98 ж. N 483 қаулысымен 54-тармақтың күшi жойылды
54.
55. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Тауарларды реэкспорттау тәртiбiн бекiту туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 25, 291-бап) 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 1003 қаулысының 2-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
56. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "КАТЭП" Атом энергетика мен өнеркәсiбi жөнiндегi ұлттық акционерлiк компаниясының кәсiпорындары үшiн Техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 299-бап) 1995 жылғы 26 маусымдағы N 1022 қаулысының 2, 3, 5-тармақтарындағы "Министрлер Кабинетi жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
57. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 302-бап) 5-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiне" деген сөздер, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетiне" сөздерiмен ауыстырылсын.
58. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қайта жаңарту және даму халықаралық банкiнiң Қазақстан Республикасының қала көлiгiне арналған займын пайдалану туралы" 1995 жылғы 2 тамыздағы N 1062 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 27, 318-бап) 5-тармағының 3-абзацындағы, 6-тармағының 1-абзацындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi "Қаржы министрлiгiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
59. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Азиялық Даму Банкi Арнаулы көмегiнiң жобасы жөнiндегi арнайы операциялар займын пайдалану туралы" 1995 жылғы 5 тамыздағы N 1083 қаулысының 5-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздерi "Қаржы министрлiгiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.