Жергiлiктi атқарушы органдардың су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беруi ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы № 119 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2125 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнің 17 және 18-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Жергілікті атқарушы органдардың су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беруi ережесi бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Су тоғандарын жеке пайдалануға беру тәртібі жөніндегі нұсқауды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 29 желтоқсандағы № 1483 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 49, 558-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердің 26-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2004 жылғы 30 қаңтардағы
№ 119 қаулысымен
бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың су объектілерiн оқшау және
бiрлесіп пайдалануға беруі
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жергіліктi атқарушы органдардың су объектiлерiн оқшау және бірлесіп пайдалануға беруi ережесi Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес әзiрлендi және жергiлiктi атқарушы органдардың су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беруi тәртібін белгiлейдi.
2. Тұйық су объектілерi немесе олардың бір бөлiгi ғана оқшау және бірлесіп пайдалануға беріледi.
3. Кәсіпшiлiк балық аулау мақсаттары үшiн жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi немесе олардың бiр бөлiгiн оқшау және бiрлесіп пайдалануға беру Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерiн қорғау, молайту әрі пайдалану саласындағы заңнамасында белгiленген тәртіппен конкурстық негiзде жүзеге асырылады.
2. Жергілiктi атқарушы органдардың су объектілерін оқшау
және бiрлесіп пайдалануға беруiнiң тәртібі
4. Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi немесе олардың бiр бөлiгiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға жергiлiктi атқарушы органдар конкурстық негiзде бередi.
5. Оларға су объектілерi немесе олардың бір бөлiгiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берiлуiне мүдделі жеке және заңды тұлғалар объектінің орналасқан жерiн, су пайдалану мақсаттары мен мерзiмiн көрсетiп, қажеттi негiздемелерiмен бiрге аудандық атқарушы органдарға (республикалық маңызы бар қала, астана) өтініш жiбередi.
6. Өтініш түскеннен кейiн жергілiктi атқарушы орган су объектiсiнің сипаттамасына қарай оны тиiстi бассейндiк су шаруашылығы басқармасына (бұдан әрi - БСШБ) келiсуге жібередi.
7. Ұсынылған материалдарды қарап, БСШБ 10 күн мерзiмде су объектiсiн пайдаланудың белгілі бiр шарттарымен осы су объектiсiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беруден бас тарту немесе келiсу туралы шешiм шығарады.
Егер су объектiсi ауданаралық немесе облысаралық болып табылса, облыстық атқарушы органға, егер су объектiсi iшкi аудандық (iшкi қалалық) болып табылса, келісілген материалдар аудандық (қалалық) атқарушы органға жiберiледi.
8. Келісілген материалдар алынғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы орган оның құрамына мүдделi мемлекеттік органдардың өкiлдерiн енгізіп, конкурстық комиссия құрады.
9. Конкурстық комиссия су объектiсiн немесе оның бiр бөлiгiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру шарттарын әзiрлейдi әрi бекiтедi, конкурс өткізу тәртібін анықтайды.
Су объектiсiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру шарттарын айқындау кезiнде оларға белгiленетiн су сервитуттары немесе шаруашылық қызметi режимінің ерекше шарттары көрсетiлiп, жеке және заңды тұлғалардың су объектiсiн ұтымды пайдалану және су ресурстарын молайту мен қорғау бойынша iс-шаралар жүргізу жөніндегі ұсыныстары ескеріледi.
Егер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi жер учаскесiнiң аумағындағы су объектiсiн оқшау пайдалану үшін сұратса, онда ол осы су объектiсiн алуға басқалардың алдында басым құқыққа ие.
10. Конкурстың қорытындысы бойынша тиiстi жергілiктi атқарушы орган су объектiсiн немесе оның бiр бөлiгiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру туралы шешiм қабылдайды.
11. Егер су объектiсiн немесе оның бiр бөлiгiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру туралы шешiмдi облыстық атқарушы орган қабылдаса, онда ол оны оқшау немесе бiрлесiп пайдалану құқығын куәландыратын құжатты беру жүктелген аудандық (қалалық) атқарушы органға жiбередi.
12. Жеке және заңды тұлғаларға оқшау немесе бiрлесiп пайдалану құқығын куәландыратын құжатты су объектiсi немесе оның бір бөлiгі орналасқан жердегi аудандық (қалалық) атқарушы орган конкурстық комиссия шешiмiнің негiзiнде немесе облыстық атқарушы орган шешiмiн орындау тәртібімен бередi.
13. Оқшау және бiрлесiп пайдалануға берiлген су объектілерiнде жергiлiктi өкілдi органдар БСШБ-мен келісім бойынша белгiлеген шарттармен су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен үлгi ереже негізінде ортақ пайдалануға рұқсат етiледi.