Қазақстан Республикасы ?кіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп
тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қарашадағы N
1139 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 3 қарашадағы № 1139 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
күші жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Өнертабыстарды, өнеркәсіптік үлгілер мен пайдалы модельдердi патенттеу, тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгiлерiн тiркеу, тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану құқығын тiркеу және беру үшiн алынатын баж салықтарын төлеудiң тәртібі мен мөлшерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 қазандағы № 889 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 41, 605-құжат).
2. "Өнертабыстарды, өнеркәсіптік үлгілер мен пайдалы модельдердi патенттеу, тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгілерiн тiркеу, тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану құқығын тiркеу және беру үшiн алынатын баж салықтарын төлеудiң тәртібі мен мөлшерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 қазандағы № 889 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 6 сәуiрдегі № 265 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 11, 133-құжат).
3. "Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғауға байланысты шетелдік өтiнім берушілердің заңдық маңызы бар әрекеттерi үшiн алынатын баж салығын төлеу тәртібі мен мөлшерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуiрдегі № 266 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 11, 134-құжат).
4. "Патенттiк баж салығы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 5 желтоқсандағы № 1369 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., № 46, 503-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 9 тамыздағы № 987 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 33, 313-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 1-тармағы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 35, 237-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістердiң 3, 7, 24-тармақтары.