Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1995 ж. 28 шiлдедегі № 1035 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.12.95 ж. № 1876; 13.03.96 ж. № 304; 14.05.96 ж. № 600;
12.07.96 ж. № 895; 20.08.96 ж. № 1031; 12.06.97 ж. № 956; 19.06.97 ж.
№ 994; 30.12.97 ж. № 1863; 11.03.04 ж. № 307 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінiң 05.12.96 ж. № 1492 қаулысымен күшi жойылды
ҚР Президентінің 31.12.96 ж. № 3309 Жарлығымен бұл қаулы қайта күшiне ендi
ҚР Үкіметінiң Үкіметінiң 12.08.00 ж. № 1253 қаулысымен күшi жойылды (ҚР Үкіметінің 28.08.00 г. № 1316 қаулысымен қаулысының күші тоқтатылды)
"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 2170 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Бекiтiлсiн:
Қазақстан Республикасының ашық тауар биржалары арқылы ғана сатылатын биржа тауарларының тiзбесi (I қосымша).
Республикалық баға комиссиясы туралы Ереже (2 қосымша) және оның құрамы туралы (3 қосымша).
2. "Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) экспорттау және импорттау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 1002 қаулысына сәйкес шетелдiк инвесторларға уақытша толық басқаруға берiлген Қазақстан Республикасының кәсiпорындары өз өнiмдерiн квотасыз, лицензиясыз және контрактыларын тiркеусiз жүзеге асырып, егер ол I қосымшада көрсетiлген биржа тауарларына жатса, Қазақстан Республикасының тауар биржаларында сата алады деп белгiленсiн.
3. Астықтың, талшықты мақтаның, терi шикiзаттың, терiнiң, биязы жүннiң, маралдардың мүйiздерiнiң, қойлардың iшек-қарынының (бұдан әрi - ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң) тауар биржалары арқылы экспортқа төмендетiлген баға бойынша сатылып, Қазақстан Республикасынан экспортталудың алдын алу мақсатында республикалық баға комиссиясы ұсынған бағадан төмендетiлмей, ал, мұнайдың мұнай өнiмдерiнiң, түстi металдардың, шойынның және олардан жасалған бұйымдардың - тауар биржасы жөніндегі республикалық комиссиясы ұсынған бағадан төмендетiлмей iске асырылуы белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының тауар биржалары биржа тауарларын экспорттауға биржалық келісімдер бойынша контракт бағасын мiндеттi түрде көрсетiп экспорттық биржа келісімi жасалғаны туралы куәлiк бередi.
4. Қазақстан Республикасының Статистика және талдама жөніндегі мемлекеттік комитетi биржа саудасы жөнiнде статистикалық есептi тоқсан сайын берiп тұрсын.
ҚР Үкіметінің 20.08.96 ж. № 1031 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Қазақстан Республикасының тауар биржаларында оларды жасау үшiн республиканың iшiнде биржа тауарларын сатып алу-сату жөнiнде мәмiлелердi iске асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетi жүйелi тексеру жүргiзсiн.
Республиканың iшiнде олар тауар биржаларында жасалмай немесе тiркелмей биржа тауарларын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер сатып алу-сату мәмiлесiн жүргiзген фактiсi анықталған кезде - салық төлеуден жалтарған сатушыға айып шараларын қолдану үшiн аталған тексерулердiң материалдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас салық инспекциясына берiлсiн.
ҚР Үкіметінің 30.12.97 ж. № 1863 қаулысымен 6-тармақ алынып тасталды, 7-10-тармақтар 6-9-тармақтар болып саналды
6. Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларының 1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап биржалық мәмiлелер жасағандығы туралы куәлiктi мiндеттi түрде ұсынбастан Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1035 қаулысымен бекітілген биржалық тауарларды экспорттауды жүзеге асыруға құқығы бар деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 19.06.97 ж. № 994 қаулысымен 7, 8-тармақтармен толықтырылды, 7-8-тармақтар тиiсiнше 9-10 тармақтар болып есептелсiн
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетi 1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына биржалық мәмiле жасағандығы туралы куәлiк ұсынбастан биржалық тауарларды әкетуге рұқсат етсiн.
8."Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 89 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 18 наурыздағы № 301 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 9, 107-бап) I-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
9. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің мынадай қаулыларының күшi жойылған деп танылсын:
"Астықты және басқа да ауыл шаруашылығы өнiмдерiн экспортқа шығару тәртібі туралы" 1994 жылғы 8 желтоқсандағы № 1397 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 47, 518-бап);
"Республикалық баға комиссиясы туралы Ереженi бекіту туралы" 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 1456 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 48, 546-бап);
"Өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өнiмiн биржалық сатуды кеңейту жөнiнiдегi шаралар туралы" 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 89 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 4, 49-бап);
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 8 желтоқсандағы № 1397 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 1995 жылғы 6 ақпандағы № 114 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 5, 61-бап);
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 8 желтоқсандағы № 1397 қаулысына өзгерістер енгізу тыралы" 1995 жылғы 19 мамырдағы № 712 қаулысы.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 28 шiлдедегi
№ 1035 қаулысына
1 қосымша
ҚР Үкіметінің 12.06.97 ж. № 956; 12.07.96 ж. № 895; 13.03.96 ж. № 304; 28.12.95 ж. № 1876; 11.03.04 ж. № 307 қаулыларымен қосымша өзгертілді
Биржа тауарларының
ТIЗБЕСI
Тауардың атауы | СЭҚ (ВЭД) ТН коды | Партияның төменгi шегi |
I. Астық ауыл шаруашылығы өнiмi, олардың ұқсатылған өнiмдерi Дәндi дақылдар Бидай (барлық түрлерi) Қара бидай Арпа Сұлы Жүгерi Дәндi күрiш, жарма күрiш Қонақ жүгерi(Сорго) Қарақұмық, тары және субидайықтың тұқымы Жарылған не жарылмаған соя бұршықтары Рапстың уатылған және уатылмаған тұқымы Күнбағыстың уатылған және уатылмаған тұқымы Терi шикiзаты: Iрi қараның немесе жылқы тұқымдастарының терiсi Ұсақ малдың (қой немесе қозы) терiсi Ешкiлер мен лақтардыкiн қоса басқа да терi шикiзатының түрлерi Ешкi терiсiнен өңделген терi Басқа жануарлардың терiсiнен өңделген терi (шошқанiкiн қоса) Замш (қой, қозы және басқа жануарлардың терiсiн қоса) Қаракөл елтiрi Талшықты мақта Шитi мақта Биязы жүн (мериностiкi, мериностан басқа, жуылған және жуылмаған) биязылығы шамалы бұдыр жүн, бұдырлығы шамалы Ангор қоянының, түйенiң, ангор ешкiлерiнiң биязы жүнi Тағамға салынатын күнбағыс, мақта майы Тiрi жануарлар: Жылқы Iрi қара Шошқа Қой мен ешкi Табиғи мех пен одан жасалған бұйымдар Қойдың iшек-қарны Мақта линтi Жарма | 1001 100200000 100300 100400000 1005 120600 100700 1008 120100 120500 1206 4101 4102 4103 4106 4107 410800 430130000 520100, 520300000 5202 5101 5102 1512 0101 0102 0103 0104 4301-4303 0504 00 000 1404 20 000 1103-1105 | I вагон I вагон I вагон I вагон I вагон I вагон I вагон I вагон I вагон I вагон I вагон 50 дана 500 дана 500 дана 4000 ш.дм 1000 ш.дм 1000 ш.дм 1000 ш.дм 5 т. 5 т. I т. I т. 10 бас 10 бас 50 бас 50 бас 10 терi 20 т. |
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 28 шiлдедегi
№ 1035 қаулысына
2 қосымша
Республикалық баға комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
ҚР Үкіметінің 28.12.95 ж. № 1876 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Республикалық баға комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) экспортқа шығарылатын астық, талшықты мақта, терi шикiзаты, терi биязы жүн, маралдың мүйiздерi, қойдың iшек-қарны (бұдан әрi - ауыл шаруашылығы өнiмi) бағаларына бақылау жасайтын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және басқа да нормативтiк актілерін, сондай-ақ халықаралық шарттарды, келісімдердi және осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның негiзгi мiндетi астық пен ауыл шаруашылығы өнiмiнiң төмендетiлген бағамен сатылуына жол бермеу және аталған өнiм бағасының әлемдiк рыноктағы бағаға сәйкестiгiне бақылау жасау.
Осы мақсатта Комиссия астық пен басқа да ауыл шаруашылығы өнiмдерiне республика бойынша бiрыңғай ең төменгi экспортты бағаларды ұсынып, оларды Қазақстан Респуликасының тауар биржаларына жеткiзедi.
4. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасы және әлемдiк рыноктағы биржа ақпараты мен тауарлардың еркiн айналысын пайдаланады.
5. Республикалық баға комиссиясының қызметi Комиссия әзiрлеген және оның төрағасы бекiткен Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
7. Комиссияның төрағасы комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жеке жауап бередi және Комиссия мүшелерiнiң арасында мiндеттердi бөледi.
8. Комиссияның мәжілістерi кемiнде аптасына бiр рет өткiзiледi. Мәжілістердiң өтетiн орны - Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасы.
9. Оның мүшелерiнiң қолын айғақтау үшiн комиссияның қазақ және орыс тiлдерiнде өзiнiң атауы жазылған мөртаңбасы бар.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 28 шiлдедегi
№ 1035 қаулысына
3 қосымша
Республикалық баға комиссиясының
ҚҰРАМЫ
ҚР Үкіметінің 14.05.96 ж. № 600 қаулысымен құрам өзгертілді
Шуховцов А.И. - Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы
министрiнiң орынбасары, төраға
Чтилова К.Р. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрлігі микроэкономикалық саясат
басқармасының агроөнеркәсiп кешенi
бөлiмiнiң бас маманы
Оразаев М.А. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Агроөнеркәсiп кешенi қаржысы
және табиғатты қорғау шараларының
басқармасы бастығының орынбасары
Папандопуло Е.Н. - Қазақстан Республикасының Баға және
монополияға қарсы саясат жөніндегі
мемлекеттік комитетi баға саясаты
басқармасының бастығы
Дворкина Т.И. - Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп
биржасының вице-президентi