Дәрілiк заттар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар айналысы саласында сынау орталығы мен оның филиалдарын аккредиттеу, сондай-ақ олардың зертханаларын жарақтандыру жоспарлануда - мемлекеттік бюджет шығыстары шамамен 2,7 млрд. теңгенi құрайды.
Аталған iс-шаралардан басқа, республикалық бюджеттен дамуға мақсатты трансферттер есебiнен қаржыландырылатын денсаулық сақтау объектілерiн салу да жоспарланып отыр, бұл ретте, қаржы бірiншi кезекте туберкулезге қарсы ауруханаларды, перзентханалар мен орталық аудандық ауруханаларды салуға және жөндеуге жiберiледi.
Қалалар мен облыс орталықтарында ауылдық денсаулық сақтау объектілерін және аса маңызды денсаулық сақтау объектілерiн салуға және қайта жаңартуға 2005-2007 жылдары республикалық бюджеттен тиiсiнше 16,2 және 7,5 млрд. теңге қаражат бөлу көзделуде.
2005 жылы республикалық бюджеттен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн қаржылық толықтыруға қосымша 15 млрд. теңге бөлiнедi.
Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек
"Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2005 жылы ЖIӨ-нiң 5,3 %-ы, 2006 жылы - 5,3 %-ы, 2007 жылы - 5,2 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Елдегi экономикалық өсу халықты әлеуметтiк қамсыздандыруды дамытуға арналған шығыстарды ұлғайтуға мүмкiндiк бердi. Осыған байланысты, 2003 жылғы 1 маусымнан бастап зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн сараланған түрде жоғарылату жүзеге асырылды, соның нәтижесiнде жалпы зейнеткерлер санының 60%-нан астамының немесе 1 млн. астам зейнеткердiң аталған төлемдерi жоғарылады.
Мұндай реформа жүргiзу зейнетақының ең төменгi мөлшерiн алатын зейнеткерлер санын үш есеге қысқартты.
Бұдан басқа, 2003 жылдан бастап мемлекет жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандары - ақталған азаматтарға бір жолғы ақшалай өтемақы төлеуге кiрiстi. 2003 жылдан бастап республикалық бюджеттен бала тууға байланысты 15 АЕК мөлшерiнде бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге қаражат бөлiнедi.
2004 жылы жоғарыда көрсетiлген мақсаттарға, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк төлемдерге арналған шығыстар республикалық бюджетте тұтыну бағалары индексiнiң өсуi есепке алына отырып көзделген.
РҚАО-ның ескертуі. Қазақша мәтінде азбац түгел көрсетілмегендіктен орысша мәтінді қараңыз.
В 2005-2007 годах основными целями бюджетной политики в области социального обеспечения и социальной помощи будут являться дальнейшее сокращение бедности, азайту, әлеуметтiк қамсыздандырудың қаржылық орнықты, әлеуметтiк әдiл үш деңгейлi жүйесiн құру, атаулы әлеуметтік көмектi күшейту болып табылады.
Көрсетiлген мақсаттарға қол жеткізу үшiн негізгi сипаттары қаржы орнықтылығы мен мемлекет, жұмыс беруші мен жұмыскердiң арасындағы жауапкершілiктi бөлу болып табылатын әлеуметтiк қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесiн құруға бағытталған Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрі тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрлендi.
Көрсетiлген бағдарламаның iс-шараларын iске асыру үшiн 2005-2007 жылдары мемлекеттік бюджеттен қосымша шамамен 172,5 миллиардтан астам теңге бөлiнедi, бұл ретте оның негізгі iс-шараларын үш кезеңмен жүзеге асыру көзделiп отыр.
Бірiншi кезең - Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2005 жылы зейнетақы мөлшерлерi инфляция деңгейiн басып озып индекстеледi, бұл ретте зейнетақының ең төменгi мөлшерi 6200 теңге құрайды. Зейнетақымен қамсыздандыруға 2005 жылы қосымша 11,5 млрд. теңгеден астам, 2006 жылы - 15,5 млрд. теңге, 2007 жылы - 19,2 млрд. теңге бөлiнедi.
Бұдан басқа 2005 жылдан бастап қолданыстағы мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерi:
I топтағы 47 мың мүгедекке - 3 АЕК-ке;
II топтағы 193 мыңнан астам мүгедекке - 2,5 АЕК-ке;
III топтағы 125 мыңға жуық мүгедекке - 2 АЕК-ке;
16 жасқа дейiнгі 50 мыңнан астам мүгедекке - 3 АЕК-ке;
асыраушысынан айырылған 262 мың отбасына 0,3 - 1 AEК-кe ұлғайтылады. Көрсетiлген мақсаттарға қосымша 13,1 млрд. теңге жiберiледi.
ҰОС-ның мүгедектері мен қатысушыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерiн 15 AEК-кe дейiн ұлғайтуға, сондай-ақ ҰOC-дағы Жеңiстiң 60 жылдығының тойлануымен байланысты iс-шараларды жүргізуге 6,5 млрд. теңге сомасында қаражат бөлiнедi, ал ҰOC-ның қатысушылары мен мүгедектеріне 30 мың теңге мөлшерiнде бір жолғы материалдық көмек көрсетіледi.
Екiншi кезең - 2006 жылы халықаралық стандарттарға жақындау мақсатында ең төменгi күнкөріс деңгейi базалық әлеуметтiк көрсеткiш ретiнде алынады, соның негiзiнде әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi қайта қаралады, бұған 2006 жылы - 38,9 млрд. теңге, 2007 жылы 48,2 млрд. теңге қаражат бөлу көзделiп отыр. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейiнгі балалары үшін жәрдемақылар енгізiледi, бұл iс-шара мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету төлемдерiн төлеу қаражатын азайту есебiнен, бөлiнетiн қаражат шегінде iске асырылатын болады.
Үшiншi кезеңде 2007 жылдан бастап бір жасқа дейiнгі баланы күту жөніндегі мемлекеттік жәрдемақыларды енгізу көзделедi, бұл ретте жәрдемақы мөлшерiнiң 4-балаға дейiн үдемелi шәкiлi болады. Осыған байланысты республикалық бюджеттен қосымша 15,3 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр. Еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақының мөлшерi ұлғайтылады, бұған 2 млрд. астам теңге талап етіледi.
2005 жылдан бастап "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзіледi, мұнда азаматтарды әлеуметтiк қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірi ретiнде мiндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерi белгiленедi. Бұл негізгi сипаттары қаржылық тұрақтылық пен мемлекет, жұмыс берушi және қызметкер арасындағы жауапкершілiктi бөлу болып табылатын әлеуметтiк қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесiн құруға негіз болады.
Бұдан басқа, болашақта мүгедектердi әлеуметтік, еңбекке бейiмдеу жүйесiн жетiлдiру, мүгедектердi қоғамға бірiктiру үшiн протездiк-ортопедиялық бұйымдардың жаңғыртылған модельдерiн сатып алу, сондай-ақ балалары бар отбасыларға материалдық қолдау көрсету жөніндегі шараларды қабылдау ұйғарылып отыр.
Елге қоныс аударушылардың ағынын одан әрi көтермелеу, демографиялық ахуалды жақсарту және Қазақстан Республикасының халық санының өсуiн қамтамасыз ету мақсатында 2005-2007 жылдары көшi-қон квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларын көшiрудi ұйымдастыруға, әлеуметтiк қорғауға және тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджет қаражаты бөлiнедi. 2005 жылы оралмандардың көшi-қон квотасы 15000 отбасына дейiн ұлғайтылады. Оларды көшiру және тұрғын үймен қамтамасыз ету үшiн 10,6 млрд. теңге бөлiнедi.
Телекоммуникациялар саласын ырықтандыру кезеңінде, 2004 жылғыдай, республикалық бюджетте әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттік төлем тарифiнiң жоғарылауына өтемақыға қаражат көзделетiн болады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстарын 2005 жылы ЖIӨ-нің 1,7 %-ы деңгейінде болжау ұйғарылып отыр, 2006 жылы - 1,6% және 2007 жылы - 1,6 %.
Қазiргi уақытта тұрғын үй қоры түгелдей дерлiк жеке сектордың иелігінде, мұнда бәсекелестік жағдайлары жасалған және қызметтердiң iс жүзiнде пайдаланылған көлемiне ақы төлеуге көшу жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар тұрғын үй қорын пайдалану және ұстау мәселесi проблемалы болып отыр. Ескiрген және авариялы тұрғын үй көлемi өсуде. Халықтың қалың бұқарасының тұрғын үйге нақты қол жеткізуiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын шешу қажет.
Осыған байланысты, арзан тұрғын үй ұсыну және тұрғын үйге қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың тұрғын үйлерде қауiпсiз әрi сапалы тұруы үшiн жағдайлар жасау басты мiндеттер болып табылады.
Бұл үшiн Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілдi, оның басты мақсаты халықтың қалың бұқарасының тұрғын үйге қол жеткізуiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешендi шешу болып табылады. Осы бағдарлама шеңберiнде, атап айтқанда, мемлекеттік бюджет есебiнен коммуналдық тұрғын үй салу, сондай-ақ Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiне салымдар бойынша сыйлықақылар төлеу жүзеге асырылатын болады.
Үкiмет тұрғын үй-коммуналдық саланы реформалауды да жалғастырады.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк
"Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2005 жылы ЖIӨ-нiң 0,8 %-ы, 2006-2007 жылдары - 0,7%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Осы функционалдық топ бойынша шығындар саясатының негізгі мақсаттары:
Жiбек жолы трассасының қазақстандық учаскесiн урбандаудың тарихи жүйесiнiң жалпы ұлттық, әлеуметтiк-экономикалық және халықаралық рөлiн қайта өрлету;
қазақстандық және шетелдiк азаматтардың әр алуан туристiк қызметтерге деген қажеттіліктерiн қанағаттандыруға арналған мүмкiндiктердi қамтамасыз ететін қазiргі заманғы туристiк кешен құруға жәрдемдесу;
елдегi дене шынықтыру мен спортты одан әрi дамыту;
әсiресе ауылда халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшiн жағдай жасау; спорттың және ұлттық ойындардың олимпиадалық, ұлттық, техникалық, қолданбалы түрлерiн дамыту;
бұқаралық спорт және жоғары жетiстіктер спорты саласында спорт резервi мен халықаралық сынып спортшыларын дайындауды ғылыми-әдiстемелiк, медициналық-биологиялық және психологиялық қамтамасыз ету жөнiнде зерттеулер жүргізу;
спорт резервiн және халықаралық сынып спортшыларын даярлау;
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
бірыңғай ақпараттық кеңістіктi нығайту, теңгерiмдi тiлдiк және әлеуметтік бағдарланған жастар саясатын нығайту болып табылады.
Бұл мақсаттар тиiстi бағдарламалық құжаттар шеңберiнде бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру арқылы iске асырылатын болады.
"Жібек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұраларын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде оның iс-шараларының ауқымдылығын, көп салалы сипатын және капитал сыйымдылығын ескере отырып, республикалық бюджеттен туризм объектілерiнiң тiзбесiне енгізілген және кәдеге жаратуға жатпайтын, республикалық санатта қорғалатын ескерткiштердi қорғау, қалпына келтiру және зерттеу мақсатына жыл сайын бөлiнетiн қаржы бөлу шегiнде қаражат көзделедi. Жыл сайын жергiлiктi бюджеттен жергілiкті санатта қорғалатын, туристiк бағыттарға қосылған ескерткiштерге тиiсті қаражат көзделедi.
2005 жылы Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру аяқталады, мұның шеңберiнде дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектілерiнiң желісін дамыту, мамандар даярлау және саланы білiктi кадрлармен қамтамасыз ету, саланы ұйымдық, ғылыми-әдiстемелiк және медициналық қамтамасыз ету, біліктілігi жоғары және спорт резервіндегі спортшыларды дайындау мәселелерiн шешу қамтамасыз етіледi.
"2004-2006 жылдарға арналған мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының iс-шараларын қаржыландыру халықтың зор мәдени мұрасын зерделеудiң біртұтас жүйесiн жасауға, ұлтымыздың тарихы үшiн ерекше маңызы бар бірқатар тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қалпына келтiрудi қамтамасыз етуге, өрiстетілген көркем, ғылыми, биографиялық серияларды жасауға, әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң үздiк жетiстiктерi базасында гуманитарлық білім берудiң мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын құруға бағытталған.
Тілдердi қолданудың және дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттік тiлдiң әлеуметтік-коммуникациялық функцияларын өрiстету әрi нығайту, орыс тілінiң жалпы мәдени функцияларын сақтау және этникалық топтардың тілдерiн дамыту мақсатында тиiстi бюджет қаражаты көзделіп отыр.
2005 жылы Қазақстандағы үкiметтік емес ұйымдарды азаматтық қоғамның бір бөлiгі ретiнде тұрақты дамыту үшiн жағдайлар жасауға және мемлекеттік билiк органдар тарабынан өзара iс-қимыл жасау мен қолдау көрсету негізiнде олардың қоғамның әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешудегi рөлiн күшейтуге бағытталған Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру аяқталады.
Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында ұлттық сипаттағы, саяси маңызы бар неғұрлым iрi әрi маңызды проблемаларды шешу, соның iшiнде теледидар және радио хабарларын таратудың арнайы дайындалған бағдарламаларын ТМД елдерiне және алыс шетелдерге трансляциялауды ұйымдастыру, қазiргi заманғы технологияларды пайдалану есебiнен жаңа таратқыштарды орнату немесе радио және телехабарларды таратудың қолданыстағы желісін жаңғырту жолымен халықтың мемлекеттік теледидар және радио бағдарламалармен барынша көп қамтылуын қамтамасыз ету көзделедi.
2005 жылы Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамыту бағдарламасын iске асыру аяқталады, бұл бағдарлама:
мұрағат iсiн дамытудың және мұрағат саласының нарықтық экономика жағдайларында жұмыс iстеуiнiң оңтайлы моделiн тұжырымдауға;
ақпараттық ресурстарды жинақтаудың, жүйелеудiң, iздеудiң және пайдаланудың қазiргi заманғы тетiктерiн құруға;
мұрағат саласының материалдық-техникалық базасын дамытуға бағытталған.
Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан беделiнiң тартымды туристiк объект ретiнде қалыптасуына, ұлттық туризм өнiмдерiнiң қалыптасуына және оның әлемдiк деңгеймен салыстыруға болатын сапасын қамтамасыз етуге, қолдау және саланы мемлекеттік реттеудiң оңтайлы әдiстерiн таңдау негізiнде туризмдi кешендi дамытуға қол жеткізуге бағытталған.
Стратегиялық көзқарас тұрғысынан туристердiң жалпы санындағы келу туризмiнiң үлесi 2003 жылғы 30%-дан 2005 жылы 40%-ға дейiн ұлғайып, 7 мың адамға жететiнi маңызды болып табылады. Әлемдiк практикада бір шетелдiк туристке қызмет көрсету 9 жұмыс орнын құратынын ескерсек, 2005 жылы келу туризмiнiң есебiнен әлеуеттi 540 мың жұмыс орнының қамтылуын ұстап тұруға болады. Келу туризмi көлемiнiң ұлғаюына байланысты жұмыспен қамтылған халық кiрiстерi де ұлғаятын болады.
Iшкi туризм көлемi 2003 жылғы 56 мың адамнан 2005 жылы 90 мың адамға дейiн өседi. Республика iшiндегі туристер ағынының жылына шамамен 11 мың адамға өсуiне қол жеткізу жоспарланып отыр.
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану
"Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2005 жылы ЖIӨ-нiң 0,5 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр, 2006 жылы - 0,2 % және 2007 жылы 0,1%.
Осы саладағы орта мерзiмдi перспективадағы бюджет саясаты:
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының барланған қорларын толықтыруды және олардың тиiмдi пайдаланылуын арттыруды қамтамасыз ететiн минералдық-шикізат ресурстарын мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiруге және табиғи капитал - көмiрсутек шикiзатын терең әрi кешендi қайта өңдеудi қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға;
жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге;
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының көмiрсутек ресурстарын ұтымды әрi қауiпсiз игеру жолымен елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз етуге және Қазақстан халқының сапалы өмiр сүруiн жақсартуға жәрдемдесуге;
мұнай-газ кен орындарының iлеспе газын пайдалану арқылы электр энергиясын өндiру жөніндегі жаңа қуаттарды қолданысқа енгізу жөнiнде iс-шаралар жүргізуге;
ел өңiрлерiнiң табиғи және сұйық газбен үздiксiз қамтылуын қамтамасыз етуге;
"Ақшабұлақ - Қызылорда" газ құбырын салуды аяқтауға және Қызылорда қаласын газдандыруды қамтамасыз етуге;
елдiң энергетикалық тәуелсiздiгiне қол жеткізу үшiн жағдайлар жасауға;
ғылымның, техника мен технологиялардың қазiргi заманғы бағыттарын дамытуға, жоғары технологиялы әзiрлемелердi рынокқа жылжытуға және оларды өнеркәсiптiк өндiрiске енгізуге, атом және термоядролық энергетика атом және мұнай-химия өнеркәсiбi, геология және жер қойнауын пайдалану, ядролық медицина саласындағы жоғары білікті ғылыми және инженер кадрларды даярлауға жәрдемдесуге;
бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының, Қазақстан аумағындағы ядролық зерттеу және жеделдету кешендерiнiң қауiпсiздігін қамтамасыз етуге бағытталады.
Бұл мiндеттер тиiстi бағдарламалардың iс-шараларын қаржыландыру арқылы шешiлетiн болады.
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игеру - ұзақ әрi күрделi жасампаз процесс, бұған едәуiр табиғи, техникалық, еңбек және зияткерлiк ресурстар тартылады. Мұнда теңiз мұнай-газ операцияларын дамытудың саяси және экономикалық жағдайлары, Каспий жағалауы өңiріндегі жұмыстардың ауқымы және олардың елдiң экономикалық өсуiне оң әсерi, сондай-ақ табиғи факторлардың жоғары маңызы назарға алынады.
2005 жылы Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасының iс-шаралары мен жұмыстарының бірiншi кезеңi кешендi игеруге жағдай жасау аяқталады. 2006 және 2007 жылдар екiншi кезеңге қатысты болады, мұнда Каспий теңiзiнің қазақстандық секторын игерудiң алғашқы мұнай-газ жобалары бойынша көмiрсутектердi теңiзде өндiрудiң және экономикалық нәтижелердiң өсуi басталады. Бұл ретте теңiз мұнай-газ кешенi үшiн негiзгi отандық тауарлар мен қызметтер көрсетудiң бәсекеге қабiлеттілігiне қол жеткiзiледi (теңiз операцияларын жүргізу үшін импорт алмастыру).
Елдiң минералдық-шикiзаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу:
тереңдiкте геохимиялық iздеу жүргiзiп, жер қойнауын жете геологиялық зерттеу;
өңірлiк гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық зерттеулер;
iздеу, iздеу-бағалау, соның ішінде жаңа мұнай-газ кен орындарын табу, және iздеу-барлау жұмыстары;
минералдық-шикiзат базасының және жер қойнауын пайдаланудың мониторингi;
жерасты суларының және қауіптi геологиялық процестердiң мониторингі; геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
геологиялық зерттеулердi ақпараттық қамтамасыз ету және ғылыми-техникалық қолдау;
мұнай және өздігінен ағып жатқан гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және тоқтатып қою көзделiп отыр.
"Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың" 2004-2008 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын iске асыру жөніндегі жұмыстар жалғасады.
Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбiн және атом энергетикасын дамытудың 2002-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес отандық атом энергетикасын жалпы теңгерiмдi энергетикалық даму саясатының құрамдас бөлігінiң бірi ретiнде дамытуды негiздеу үшiн республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын кешендi зерттеулер жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздігін қамтамасыз етуге бағытталған: республика аумағын радиоэкологиялық зерттеу және осы салада кешендi мемлекеттік бағдарлама әзiрлеу жөніндегі; бұрынғы Семей сынақ полигонының қауiпсiздiгін қамтамасыз ету жөніндегі; радиоактивтi қалдықтарды қайта өңдейтiн және көметiн объектiлердi салу жөніндегі; Қазақстан Республикасының базалық ядролық зерттеу және жеделдету кешендерiн жаңғырту жөніндегі, сондай-aқ ядролық жарылыстар мен жер сiлкiнiстерiнiң тарихи сейсмограммаларының электронды мұрағатын құру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға тиiстi қаражат көзделетін болады.
Уран өндiретiн кәсiпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын өндiрудiң салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде уран өндiретiн әрекетсiз кәсiпорындарды консервациялауға және уран кен орындарын өндiрудiң салдарларын жоюға тиiстi қаражат көзделедi.
2005 жылы республикалық бюджет есебінен басымды инвестициялық жобаларды: қазақстандық термоядролық "тоқамақ" материалтану реакторын құруды, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде ауыр иондарды жеделдетушi базасында пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенiн құруды, Курчатов қаласында "Ядролық технологиялар орталығы" технопаркiн құруды, Ядролық медицина және биофизика орталығын құруды iске асыру жалғастырылады.
Пайдаланылатын және игеруге дайындалатын аз зерттелген әрі шығарып алынуы қиын ресурстық база әлеуетінің ұлғаюын, минералдық шикiзатты қолданудың кешенділігін және кен орындарының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ететiн орташа кiшi кен және кен емес орындардың техникалық-технологиялық дайындық деңгейiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында тиiстi қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарлама iске асырыла бастайды.
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау
"Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2005 жылы ЖIӨ-нің 1,6%-ы, 2006 жылы - 1,6 %-ы және 2007 жылы - 1,5%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Осы функционалдық топ бойынша 2005-2007 жылдарға арналған шығыстардың негiзгi бағыттары:
астықтың iшкi рыногын тұрақтандыру жөніндегі шараларды қабылдау;
отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласын дамыту және машина трактор паркiн жаңарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге сервистік және техникалық қызмет көрсету жөнiндегі құрылым жасау;
ауылда мал шаруашылығы өнiмдерiн сатып алумен және сатумен айналысатын мамандандырылған пункттер құру;
қолайлы эпизоотиялық және фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету;
элиталық тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау;
ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өнiмдiлiгiн және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу үлесiн арттыру;
орман және жануарлар әлемiн сақтау мен қалпына келтiру үшiн жағдайлар жасау;
ауыз судың сапасын және оның қол жетiмділiгін қамтамасыз ету;
жер қойнауының және қоршаған табиғи ортаның тиiстi дәрежеде қорғалуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесiн құру;
өсiмдiк шаруашылығындағы сақтандыруды қолдау;
ауыл шаруашылығын институционалдық дамыту;
жер реформасын тереңдету, геодезия мен картографияны дамыту негiзiнде жер қатынастарын жетiлдiру болады.
Осы функционалдық топ шеңберіндегі бюджет қаражатының едәуiр үлесi аграрлық өндiрiстi қайта өрлетуге және дамытуға, ауылдық инфрақұрылымды құруға және ауылдағы тұрмыс деңгейiн жоғарылатуға бағытталады.
2005 жылы Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық азық-түлік мемлекеттік бағдарламасын iске асыру аяқталады. Тұтастай алғанда, аграрлық азық-түлік секторын мемлекеттің қолдаудың 2003 жылға арналған аграрлық азық-түлік мемлекеттік бағдарламасында айқындалған шаралары орындалды. Аграрлық азық-түлiк саясаты елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, аграрлық бизнестiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн және iшкi әрi сыртқы рыноктарды олардың қайта өңделген өнiмдерiнiң сату көлемiн ұлғайтуға, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыруға бағытталған. Елдiң ауыл шаруашылығын дамытуға республикалық бюджеттен 2005 жылы қосымша 10 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр.
Елдiң азық-түлiк қауiпсiздігін қамтамасыз ету, астықтың экспорттық әлеуетiн ұлғайту, отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi мемлекеттік қолдау және астық бағасы демпингiнiң алдын алу үшiн жыл сайын мемлекеттік ресурстарға белгiленген баға бойынша астық сатып алынады, көктемгі егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргізуге аванс беруге мүмкiндiк беретiн фьючерстік екi деңгейлi астық сатып алу енгізiлдi.
Бұл iшкi астық рыногын тұрақтандыру және реттеу, көктем-жаз кезеңiнде нан және тоқаш-нан өнiмдері бағасының негізсiз қымбаттауына жол бермеу мақсатындағы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң тұқым материалына, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының жемге қажеттіліктерiн тұрақты қамтамасыз етуге және мемлекетаралық келісімдердiң орындалуын қамтамасыз етуге арналған кейiнгі интервенциялар үшiн қажет.
Кедейшiлiк пен жұмыссыздықты азайту, халықтың кiрiстерi мен тұрмыс деңгейiнiң өсуi, экономиканың басқа салалары көлемiнiң өсуiн қамтамасыз ету, салық базасын кеңейту және бюджетке түсетiн кiрiстер түсiмін ұлғайту ауыл шаруашылығын қолдаудың мультипликативтiк әсерi болады.