2-кестеде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған құрылым* бойынша ел экономикасын дамытудың базалық сценарийi негiзiнде жасалған 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет болжамы көрсетiлген.
2-кесте
2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет болжамы
(ЖIӨ-ге пайызбен)
Атауы | Болжам |
2005 жыл | 2006 жыл | 2007 жыл |
Кiрiстер 24,30 24,03 24,29 Шығындар 24,19 23,78 23,97 Операциялық сальдо 0,11 0,25 0,32 Таза бюджеттік кредит беру 0,21 -0,05 0,14 Бюджеттік кредиттер 0,35 0,07 0,25 Бюджеттік кредиттердi өтеу 0,14 0,13 0,11 Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 1,40 0,80 0,68 Қаржы активтерiн сатып алу 1,44 0,83 0,71 Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсімдер 0,03 0,03 0,03 Бюджет тапшылығы (профициті) -1,50 -0,50 -0,50 Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 1,50 0,50 0,50 |
*Ескерту.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес салық және басқа да мiндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берілетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, бюджетке есептелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады.
Қайтарылмайтын негізде бөлiнетiн бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады.
Операциялық сальдо бюджет кiрiстерi мен шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады. Бюджет шығындарында бюджеттік даму бағдарламалары болған жағдайда терiс операциялық сальдоға жол беріледi.
Бюджеттік кредит - бюджеттен қайтарымды мерзiмдi және ақылы негiзде бөлiнетін ақша. Бюджеттік кредиттi өтеу - кредиттік шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгi борышты қарыз алушының өтеуi. Таза бюджеттік кредит беру бюджеттік кредиттердiң және бюджеттік кредиттердi өтеудiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Қаржы активтерiн сатып алу - заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын мемлекеттік меншiкке сатып алу жөніндегі операциялармен байланысты бюджет шығыстары. Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - мемлекеттік меншiктегі заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың, мүлiктiк кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсiпорындардың қатысу үлесiн, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргiзуiндегі өзге де мемлекеттік мүлiкті сату жөнiндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетiн түсiмдер. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерiн сатып алу мен мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Бюджет тапшылығы (профицитi) таза бюджеттік кредит берудi және қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегерiп тастағандағы операциялық сальдоға тең.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету.
Бюджет профицитiн пайдалану - қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитiн, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау.
3.2 Кiрiстер саясаты
Салық саясаты
Мемлекеттiң салық саясаты салық салудың нақты салық түрiне экономикалық негiзделуiнен, кәсiпкерлiктi дамытуға тосқауыл болатын кедергiлердi жоюдан, салық заңдары нормаларының қарапайымдылығы мен айқындылығынан, сондай-ақ салық мәдениетiн одан әрi арттырудан бастау алуы тиiс.
Фискалдық саясаттың мiндеттерiн iске асыру шеңберiнде салық жүйесi мемлекет қазынасын толықтыруға ғана бағдарланбай, сонымен бірге экономиканы басқарудың күштi құралы болуы тиiс.
Орта мерзiмдi кезеңде:
жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған өндiрiстердi салықтық көтермелеу;
инвестициялық салық преференцияларын беру нысандарын кеңейту мүмкiндiгiн қоса алғанда, экономиканың шикiзаттық емес секторындағы инвестициялық ахуалдың тартымдылығын күшейту үшiн шаралар қолдану салық заңдарын жетілдiрудің негiзгi бағыттарына айналуы тиiс.
Бұл мiндеттердi iске асыру үшiн Үкiмет Салық кодексiне 2005 жылдан бастап өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстар тұжырымдады. Атап айтқанда, негiзгi құралдарды жаңарту мен жаңғырту процестерiн ынталандыру және жеделдету, инвестициялық салық преференцияларын беру нысандарын кеңейту, қосылған құны жоғары тауарлар өндiрiсiн салықтық ынталандыру және халықаралық стандарттарға сай келетiн сапа менеджментi мен қоршаған ортаны қорғау жүйелерiн енгізу, қаржы операциялары мен қаржы рыногы субъектiлерiне салық салуды жетілдiру, салық әкiмшiлiгiн жүргiзудi жақсарту мақсатында амортизациялық саясатты жетілдiру мәселелерi бойынша өзгерістер көзделедi.
Мемлекеттiң салық төлеушiлермен өзара қатынастарын одан әрi жақсарту салық салу саласындағы мемлекеттік саясаттың ерекше бағытына айналуы тиiс, бұл қатынас екi тарап арасындағы өзара тығыз iс-қимылдан, жүргiзіліп жатқан процестердің барлық маңызын өзара түсiнуден құралуы тиiс.
Жүргiзілiп жатқан саясат нәтижесiнде, бір жағынан, салық төлеушiлердiң салық заңдарының нормаларын дұрыс түсiнуiне қол жеткізу, салық төлеушiлердiң салық тәртібін сақтау деңгейiн арттыру үшiн, екiншi жағынан, салық жүйесiнiң транспаренттілігін, оның әдiлдігін, тұрақтылығын және болжамдылығын қамтамасыз ету, салық төлеушiлердiң барлық санаттары үшiн салық жүктемесiнiң теңгерiмдiлiгiне қол жеткізу үшiн оңтайлы жағдайлар жасалатын болады, бұл сайып келгенде, мемлекеттiң экономикалық және саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістері
Мемлекеттік бюджет кiрiстерi 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап ұсынылып отырған өзгерістердi есепке ала отырып, салық заңдары, республиканың маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерi, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары негізiнде айқындалған.
Мемлекеттік бюджет кiрiстерiнiң болжамы 3-кестеде келтiрiлген.
3-кесте
Мемлекеттік бюджет кiрiстерi
(ЖIӨ-ге %-бен)
Атауы | Болжам |
2005 жыл | 2006 жыл | 2007 жыл |
Кiрiстер 24,3 24,0 24,3 Салықтық түсiмдер 23,2 22,9 22,9 Салықтық емес түсiмдер 0,7 0,6 0,6 Негiзгі капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 0,4 0,5 0,8 |
Өткен жылға қарағанда 2005 жылы салықтық түсімдердің өсуі 14,6 %-ды, 2006 және 2007 жылдары тиісiнше 11,9 %-ды және 13,7 %-ды құрайды.
Кiрiстер болжамының есептеулерiнде жоспардан тыс салықтық және өзге де мiндетті төлемдерi Ұлттық қорға есепке алынатын шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесi ескерiлдi. Бұл ұйымдар бойынша салық түсiмдерiн есептеу мұнайдың бір баррель үшiн 19 AҚШ доллары болатын әлемдiк тұрақты есептеу бағасы ескерiле отырып жүргiзiлдi.
Бұдан басқа, Салық кодексiнiң ережелерiне енгiзiлген, тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу тәртібін реттейтiн, 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн өзгерістер 2005 жылы корпорациялық табыс салығын шамамен 26,0 млрд. теңгеге азайтуға алып келедi.
Салықтық түсiмдер "Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есепке ала отырып айқындалған әлеуметтік салық ставкаларының өзгерiсiне түзетiлдi.
Сонымен қатар, салықтық түсімдерде Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асырудан түсетiн қосымша салық түсiмдерi ескерiлдi.
2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Теңiзшевройл" ЖШС арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға сәйкес 2006 жылы "Теңiзшевройл" ЖШС 200 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде роялти төлеудi жүзеге асырмайды, ал 2007 жылдан бастап роялтидi - 200 млн. АҚШ долларын төлеу есебiнен есепке алу жүзеге асырылады, бұл салықтық түсiмдердiң болжамын қалыптастыру кезiнде де ескерiлген.
2005 жылы салықтық емес түсiмдер 2004 жылғы бағалауға қатысты 48,8 %-ға азаюмен, 2005 жылғы болжамға қарағанда 2006 жылы 2,1 %-ға азаюмен және 2007 жылы 1,8 %-ға ұлғаюмен болжануда.
Өткен жылмен салыстырғанда 2005 жылы салықтық емес түсiмдердің төмендеуi республикаға Agip Саsрiа№ Sea В.V. 13,8 млрд. теңге сомасында бір жолғы өтемақы төлеуiмен, 2004 жылы "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн жалгерлiк ақы бойынша 9,2 млрд. теңге сомасында берешектiң өтелуiмен, Ұлттық Банк кiрiсiнен түсетiн түсімдердiң 16,5 млрд. теңге сомасында азаюымен және АҚШ долларына теңгенiң күшеюiмен байланысты.
2006 жылы салықтық емес түсiмдердiң төмендеуi қаржылық көмек шеңберiнде орталық мемлекеттік органдар тартатын гранттар түсiмдерiнің азаюымен байланысты.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi кiрiстерiнiң құрамындағы мұнай және мұнайдан тыс секторлардың кәсiпорындарынан түсетiн түсiмдердiң ара қатынасын айқындау маңызды болып табылады (4-кесте). Бұл қазiргi сәтте бiздiң ел экономикасының едәуiр дәрежеде мұнай экспортының есебiнен қаржыландырылуымен негізделген. Фискалдық саясатты одан әрi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң мұнайдың әлемдiк бағаларының күрт ауытқуына тәуелдiлігін азайтуға ұмтылуы тиiс. Осыған байланысты бюджеттiң мұнайдан тыс тұрақты тапшылығының тұжырымдамасы ерекше мүдденi бiлдiредi, мұнда мұнай кiрiстерiнiң түсiмдерi ескерiлмейдi және тиiсiнше ол әлемдiк мұнай рыногында қалыптасқан жағдайға тiкелей тәуелдi емес.
4-кестеде көрсетiлгендей, салық саясаты мұнайдан тыс (әсiресе шикiзаттық емес) секторды дамытуды ынталандыруға бағытталады. Мұнай кiрiстерiне тәуелсіз салық базасын дамыту экономиканы әртараптандыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етедi және жүргiзіліп жатқан фискалдық саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз етедi.
4-кесте
Мемлекеттік бюджет кiрiстерiнiң құрылымы
(мемлекеттік бюджет кiрiстерiне пайызбен)
Кәсiпорындардан түсетiн түсiмдер | 2005 жыл | 2006 жыл | 2007 жыл |
- мұнай секторынан 22,2 18,9 17,6 - мұнайдан тыс сектордан 77,8 81,1 82,4 |
Мемлекеттік бюджет қажеттіліктерiн қаржыландыруға жiберiлетiн мұнай кiрiстерiнiң ағынын реттеу жүйесiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры маңызды буын болып табылады. Ұлттық қордың жұмыс iстеуi елдi тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамыту, болашақ ұрпақ үшiн қаржы қаражатын жинақтау (жинақтау функциясы) және экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсерiне тәуелдiлiгiн төмендету (тұрақтандыру функциясы) мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Yкіметі мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор арасындағы өзара қатынастар тетiгін одан әрi жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзу ниетiнде. Ұлттық қордың мынадай мiндеттердi шешудiң неғұрлым ұтымды жолдарын айқындап беретiн тұжырымдамасын әзiрлеу ұйғарылып отыр:
1. Бюджеттiң конъюнктураға тәуелдi түсiмдерi мен шығыстары арасындағы терiс ара-салмаққа қол жеткізу. Қолайлы конъюнктура кезеңдерiнде мемлекеттің дағдарыс жылдарындағы қаржылық мiндеттемелерiн ұстап тұру үшiн жеткiлiктi қаражат жинақтау.
2. Болашақ ұрпақты қамтамасыз ету үшiн орны толтырылмайтын табиғи ресурстарды пайдаланудан қаражат жинақтау.
3. Валюта ағыны тудыратын шамадан тыс инфляциялық қысымды болдырмау үшiн ақша массасын айықтыру.
4. Шығыстарды бақылау жолымен iшкi сұранысты тежеу, экономиканың тым қызып кетуiн болдырмау.
Осыған байланысты және орта мерзiмдi перспективада мұнайдың әлемдiк бағасының қолайлы болжамдарына орай Ұлттық қорда қаражат жинақтау саясатын жалғастыру жоспарланып отыр (5-кесте).
5-кесте
Ұлттық қорға түсiмдер серпiнi
Атауы | 2005 жыл болжамы | 2006 жыл болжамы | 2007 жыл болжамы |
млрд. теңге | ЖIӨ-ге %-бен | млрд. теңге | ЖIӨ-ге %-бен | млрд. теңге | ЖIӨ-ге %-бен |
Тұрақтандыру портфелi: Республикалық бюджетке 70,2 1,2 63,3 0,9 64,4 0,8 шикізат секторы ұйымдары- нан түсетiн іс жүзiндегі түсiмдердiң олардың тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген жылдық көлемiнен асып түсуi ретiнде айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер Жинақтау портфелi: І. Республикалық бюджетке 12,9 0,2 11,9 0,2 12,8 0,2 шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсiмдердiң республикалық бюджетте жоспарланатын сомаларының 10 % мөлшерiнде есептелетін республикалық бюджеттен берілетiн ресми трансферттер II. Республикалық меншiкке 2,8 0,05 2,8 0,04 1,2 0,02 жататын әрi кен өндiрушi және өңдеушi салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендiруден түсетін түсiмдер есебiнен айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер III. Ауыл шаруашылығы 0,4 0,01 0,4 0,01 0,4 0,01 мақсатындағы жер учаскеле- рін сатудан түсетiн түсiмдер есебінен айқын- далатын жергілiкті бюджеттен берілетiн ресми трансферттер Жинақтау портфелінің жиыны 16,1 0,3 15,1 0,2 14,4 0,2 Ұлттық қорға түсiмдердің жиыны 86,3 1,5 78,4 1,2 78,8 1,0 |
| | | | | | |
3.3 Шығындар саясаты