2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Интернет-трафик алмасу нүктесіне барлық қосылғандар мен байланыс операторлары арасында интернет-трафик алмасу нүктесі арқылы трафикті өткізу және алмасу өтеусіз жүзеге асырылады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. Байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн қосу ерекшеліктері
2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желiлерiн қосу қызметтерiн көрсетудiң, сондай-ақ желiлердiң өзара іс-қимылы және трафиктi өткiзу бойынша осыған байланысты мiндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосу шарты жария шарт болып табылады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Байланыс операторының жалғау шартын жасасудан бас тартуына не байланыс операторының байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге қойылатын көрінеу шектеуші шарттар белгілеуіне жол берiлмейдi.
Байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге қойылатын көрінеу шектеуші шарттар деп байланыс операторы белгілейтін, жалғанатын байланыс операторының оларды орындауы өзге жалғану жағдайларында жұмсалатын шығындарға мөлшерлес келмейтін немесе жер учаскесі меншік иесінің, жер пайдаланушының, ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің өз аумақтарында және (немесе) ғимараттарында немесе құрылыстарында телекоммуникациялар желісін төсеуден бас тартуына байланысты мүмкін болмайтын жалғануға арналған техникалық шарттар түсініледі.
3. 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ өзгертілді
3-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары:
1) жалғанудың (қосылудың) стандартты нүктелерінің тізбесін жариялауға;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті байланыс желілері мен арналарын өз қаражаты есебінен беруге және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен өздерінің байланыс желілерін Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне қосуды қамтамасыз етуге;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен, интернет-трафикпен алмасу нүктелері орналасқан өңірде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы болған жағдайда, өңірлік белгісі бойынша интернет-трафикпен алмасу нүктелеріне өздерінің байланыс желілері мен кіші желілерін қосуды және беруді, сондай-ақ интернет-трафикпен алмасу нүктелерінен интернет-трафикті қабылдауды қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының аумағында ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары арқылы шифрланған трафикті қоспағанда, трафикті өткізуді қауіпсіздік сертификатын қолдана отырып шифрлауды қолдайтын хаттамаларды пайдаланып жүзеге асыруға міндетті.
4. Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары:
1) өз желiлерiнің абоненттерiне қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн;
2) басқа байланыс операторларына қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерiн;
3) трафик транзитi және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қызметтердi;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртіппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінің өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.
5. Қалааралық байланыс операторлары:
1) өз желiлерiнің абоненттер не қалааралық телефон байланысы қызметтерін;
2 тармақша 2006 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енді
2) басқа байланыс операторларына қалааралық байланыс қызметтерiн;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінің өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.
6. Халықаралық байланыс операторлары:
1) өз желiлерінiң абоненттеріне халықаралық телефон байланысы қызметтерiн;
2 тармақша 2006 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енді
2) басқа байланыс операторларына халықаралық телефон байланысы қызметтерін;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінiң өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Ұялы байланыстың виртуалды операторлары «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен рұқсат алған жағдайда көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсынуға құқылы.
5-тарау. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желілерін,
радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету
27-бап. Байланыс желiлерінің күзетілетін аймақтары
1. Байланыс желiлерінің сақталуын, техникалық құралдардың, ғимараттар мен құрылғылардың пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында күзетілетін аймақтар мен соқпақтар белгiленедi, олар жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтары болып табылады.
2. Күзетілетiн аймақтарға енгiзiлген жер жергілікті жерде арнаулы белгілермен белгіленедi. Мұндай жер меншік иелерi мен жер пайдаланушылардан алып қоюға жатпайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбін және олардағы жұмыс режимiн уәкілетті орган айқындайды. Аталған аймақтардың шекараларын және олардағы жер пайдалану режимін Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасына сәйкес жерді меншікке немесе жер пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған орган айқындайды.
28-бап. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желiлерiн, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Телекоммуникация желілері мен құралдары, радиожиілік спектрі және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позициялары мемлекеттің қорғауында болады.
2. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желiлерін, радиожиілік спектрін, байланыс жерсерiктерiнiң орбиталық позицияларын күзету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленеді.
3. Радиожиiлiк спектрiн және байланыс жерсерiктерiнiң орбиталық позицияларын пайдаланудың белгiленген тәртібін қорғау мақсатында электромагниттiк жүйелердiң жұмыс iстеуiне нормаланбаған бөгеуiлдер туғызатын радиоэлектрондық байланыс құралдарын шығаруға және Қазақстан Республикасына әкелуге, сондай-ақ пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарымен шектеулер белгiленуi мүмкін.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Байланыс құралдарының, телекоммуникация ғимараттары мен желiлерiнiң бүлiнуiне, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды дайындаудың, сатып алудың, әкелудiң, пайдаланудың, барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілiктi құрылғылардың жұмысына арналған радиожиiлiктердi пайдаланудың белгіленген тәртібiн бұзуға жол берген, сондай-ақ теле- және радио қабылдауға нормаланбаған бөгеуiлдер жасайтын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5-1- тараумен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-1-тарау. Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс
және радиобақылау саласындағы мемлекеттік бақылау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-1-бап жаңа редакцияда
28-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру, радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Тексеру жəне радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады.
28-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28-3-бап 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28-4-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 28-5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 28-5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-5-бап. Радиобақылауды жүргiзу тәртiбi
1. Азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың сәуле таратуын радиобақылау радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық құжаттамасына және рұқсаттарына, өлшемдеріне, сондай-ақ оның жұмыс режимдерiне бақылау-өлшеу аппаратурасының және радиотехникалық бақылау (аспаптық бақылау) құралдарының көмегiмен құжаттық бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырылады және радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүргізіледі.
2. Радиожиілік спектрін пайдалану радиобақылау объектісі болып табылады.
3. Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер радиобақылау субъектілері болып табылады.
4. Радиобақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, радиобақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын радиобақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
5. Бақылау-өлшеу аппаратурасы және радиотехникалық бақылау құралдары деп метрологиялық тексеруден өткен, әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тіркейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың өлшемдері мен сипаттамаларын өлшеудің сертификатталған техникалық құралдарын түсіну керек.
6. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi радиобақылауды уәкiлеттi органның басшысы не оны алмастыратын адам бекiткен радиобақылаудың жоспар-кестесiне сәйкес жүргiзедi.
Радиобақылаудың жоспар-кестелерiн аумақтық бөлiмшелер әрбiр тоқсанға жасайды.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Радиобақылау нәтижелері бойынша радиобақылау субъектісінің (объектісінің) әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынымды ресімдейді және жібереді.
8. Ұсыным радиобақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - сұрау салынған кезде хатта көрсетілген радиобақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
9. Радиобақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Радиобақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
11. Радиобақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау радиобақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
12. Радиобақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты радиобақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсаттар берілген, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құрал мен жоғары жиілікті құрылғының жұмысында бөгеуiлдер туындаған жағдайда:
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) бөгеуiл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың иелерi радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық өлшемдерiнiң, оның iшiнде қабылдау құрылғыларының таңдау және қорғаныш қасиеттерiнiң нормалар мен стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкестiгiне көз жеткiзуi қажет. Егер олар нормаларға сәйкес келмесе, радиоэлектрондық құралдардың иелерi сипаттамаларды нормаларға сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қолдануға немесе радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды ауыстыруға тиiс. Басқа радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың сәуле таратуы салдарынан бөгеуiл туындаған кезде, бөгеуiл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың иелерi уәкiлеттi органға және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне өтініш жасайды;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) уәкілетті орган және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бөгеуiлдердiң көздерiн және сипатын, олардың туындау себептерiн анықтау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және оларды жою бойынша шаралар қолданады;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың белгiленген өлшемдерiнiң және (немесе) жұмыс режимдерiнiң бұзылуы, қабылдау құрылғыларының таңдау немесе қорғаныш қасиеттерінің нашарлауы және қатар тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың өзара әсер етуiне байланысты интермодуляциялық сипаттағы бөгеуiлдер салдарынан болғанда, уәкілетті орган және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бөгеуiлдердi жою жөнiнде ұсыным бередi;
4) берілген жиiлiктердегi бөгеуiлдердi жою мүмкiн болмаған кезде уәкiлеттi орган радиожиiлiктердi жаңадан беруді жүргiзедi;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) әдейі жасалмаған, өнеркәсiптiк немесе технологиялық сипаттағы бөгеуiлдер салдарынан болғанда уәкілетті орган және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бөгеуiлдер көзiн анықтау және оларды жою бойынша шаралар қолданады.
14. Шет мемлекеттердiң байланыс әкiмшiлiктерiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы көздерден болған радиобөгеуiлдерге наразылықтар келіп түскен кезде, уәкiлеттi орган халықаралық келiсiмге сәйкес осы наразылықтардың құқықтық негiзiн анықтайды, егер наразылықтар негiзді болса, бөгеуiлдердiң себептерiн анықтайды және оларды жою бойынша шаралар қолданады.
15. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға басқа мемлекеттердiң аумақтарында орналасқан көздерден бөгеуiл жасалған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағындағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық келiсiмге сәйкес бөгеуiлдердi жою бойынша шаралар қолданады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Радиобөгеуiлдерді және тиiстi рұқсаттары жоқ радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың қолданылуын анықтау және олардың жолын кесу жөнiндегi iс-шараларды уәкілетті орган және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүргiзедi.
28-6-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғылар иелерінің құқықтары
Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар иелері:
1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға тағайындалған радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) берілген рұқсат талаптарына сай қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланады;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға тағайындалған радиожиіліктегі (радиожиілік арнасындағы) бөгеулерді жою үшін уәкілетті органға және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жүгінеді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) лауазымды адамдардың, уәкілетті органның және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасайды.
28-7-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғылар иелерінің міндеттерi
Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар иелері:
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық сипаттамалары мен пайдалану шарттарының радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламада жазылған параметрлерге, сондай-ақ белгiленген қағидалар мен нормаларға сәйкес келуiн қамтамасыз етедi;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері радиобақылау жүргізу мақсатында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының қызметтік куәлік не сәйкестендіру картасын көрсеткен кезде қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
3) уәкілетті органның радиоэлектрондық құралдардың радиожиіліктерін (радиоарналарын) пайдалануды тоқтата тұру (соның ішінде, уақытша тыйым салуды енгізу салдарынан) немесе тоқтату туралы, соның ішінде радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланушыларға берілген рұқсат талаптарын бұзушылықты жою жөніндегі нұсқаманы орындайды.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 28-8-баппен толықтырылды
28-8-бап. Радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі - уәкілетті органның және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің радиожиiлiк ресурсын пайдалану жөнінде шешiм қабылдауы үшiн қажеттi ақпаратты алу мақсатында радиосигналдардың және радиосәуле тарату көздерінің параметрлері мен сипаттамалары туралы деректерді жинау, өңдеу, талдау және сақтау жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенi.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингін мемлекеттік радиожиілік қызметі:
1) радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн анықтау;
2) радиосәуле тарату параметрлері мен сипаттамаларын дерекқорда тіркелген көздердің мәлімделген параметрлері мен сипаттамаларына сәйкестендіру;
3) тiркелмеген радиосәуле тарату көздерін табу;
4) радиосәуле тарату көздерінің орналасқан жерін табу;
5) Халықаралық электр байланысы одағының, Өңірлік электр байланысы одағының және Компьютерлік оқыс оқиғаларға ден қою қызметінің ұсынымдары бойынша, сондай-ақ шекара маңындағы елдердің байланыс әкімшіліктерінің өтініштері бойынша жұмыстарды орындау шеңберінде өлшеулер жүргізу;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі нәтижелерiн есепке алу, сақтау және өңдеу мақсатында жүзеге асырады.
6-тарау. Байланыс желілерін дамыту
29-бап. Байланыс желілерін дамыту
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Байланыс операторлары байланыс желілерін дамытуды дербес жоспарлайды және жүзеге асырады.
2. Байланыс желілерін дамытуға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру өз қаражатының және қарыз қаражатының есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен инвестицияларды тарту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Тұрғын үйлер мен басқа да объектiлердi салу кезiнде iшкi және орамдар iшіндегі байланыс желiлерiн жобалау мен тарту, сондай-ақ абоненттiк пошта шкафтарын орнату қолданыстағы техникалық нормалар мен ережелер негiзiнде құрылысқа тапсырыс берушiлердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
4. Тұрғын жай массивтерiнiң кешендi құрылысын, өндiрiстiк объектiлер мен оған iргелес жатқан елдi мекендердi салу кезiнде, азаматтық ғимараттар мен пошта бөлiмшелерiнiң үй-жайларын қоса алғанда, барлық байланыс құралдарын жобалау мен салу тапсырыс берушiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Кабельдік кәрізді қоса алғанда, кварталдар ішіндегі желілер мен байланыс жолдарын, инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін жобалау және тарту байланыс ғимараттарын, телекоммуникация жолдарын және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін салу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды; 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 4-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 4-2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-2. Ғимараттар мен құрылысжайлардың меншік иелері не олардың сенім білдірілген адамдары байланыс операторларына көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында олардың телекоммуникация жабдығын орналастыруы үшін оларға алаңдарды тең жағдайларда беруге міндетті.
Көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналыста ұялы байланыс операторларына телекоммуникациялық жабдықты орнату үшін «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің бір бөлігін мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы шешім қабылдайды не осындай өкілеттік береді.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4-3-тармақпен толықтырылды; 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 4-3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 4-3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)