ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту
және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 18 маусымдағы № 81-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
16-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 48-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы «байланыс пен энергетика мұқтажы үшін» деген сөздер «энергетика мен байланыс мұқтажы үшін, оның ішінде осы Кодекстің 119-бабына сәйкес ұялы, спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді салу үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 69-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) байланыс желілері мен құрылысжайларын салу;»;
3) 115-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі «станцияларын» деген сөзден кейін «және талшықты-оптикалық байланыс желілерін» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 119-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «қажеттеріне арналған жерге» деген сөздер «мұқтажына арналған жерге талшықты-оптикалық байланыс желілерін,» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:
19-1-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгілерін қамтитын ғарыштық мониторингтеу деректері.».
4. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
187-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), сондай-ақ баланың туған күнін, айын, жылын және жынысын,» деген сөздер «баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтерді, оның ішінде тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болса), сондай-ақ баланың туған күнін, жынысын және жеке сәйкестендіру нөмірін,» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 100-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 9-4) тармақшамен толықтырылсын:
«9-4) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өңірлерде мемлекеттік технологиялық саясаттың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;»;
2) 116-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) байланыс құралдарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту үшін электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін орналастыру үшін орындарды мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған шекті тарифтерді бекітеді.»;
3) мынадай мазмұндағы 123-1-баппен толықтырылсын:
«123-1-бап. Байланыс құралдарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту үшін электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін орналастыру үшін орындарды мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған шекті тарифтер
Мемлекет Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес байланыс құралдарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту үшін электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін орналастыру үшін орындарды мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған шекті тарифтерді реттейді.»;
4) 129-бапта:
2-тармақтағы «7, 8,» деген цифрлар «7, 7-1, 8,» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабының 1-тармағын, 131-1, 136, 143, 151, 153, 154, 155, 156 және 157-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші, егер «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру нысанында мемлекеттік бақылауды автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, осы бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.»;
5) 241-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) инновациялық жүйенің тиімділігіне тәуелсіз талдау жүргізу үшін инновациялар мен технологияларды дамыту жөніндегі шараларды іске асыру туралы инновациялық обсерваторияға жыл сайынғы ақпаратты береді.»;
6) 241-5-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тиісті саланы технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, нысаналы технологиялық бағдарламаны әзірлеу мен іске асыруға жәрдемдесу, жеделдетілген технологиялық даму үшін әлемдік технологиялық трендтерді мониторингтеу, ағымдағы жағдайлар мен бәсекелестік артықшылықтарды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттілігі мен мүдделілігін айқындау, тиісті саланың кәсіпкерлік субъектілері арасында инновациялық қызметтің үздік практикалары мен тәжірибесін таратуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының негізгі міндеттері болып табылады.»;
4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Технологиялық саясатты іске асыру үшін технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары тиісті мемлекеттік органдар бекітетін нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлейді.»;
екінші бөлік «саланың» деген сөзден кейін «(салалардың)» деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде, оның ішінде шетелдік инвестициялар тарту арқылы нысаналы технологиялық бағдарламаны іске асыруға қатысады.»;
7) 241-6-баптың 2-тармағында:
екінші бөлік «әзірлей отырып,» деген сөздерден кейін «оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары және жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті өзге де ұйымдар инновациялық жүйенің тиімділігіне тәуелсіз талдау жүргізу үшін инновациялар мен технологияларды дамыту жөніндегі шараларды іске асыру туралы инновациялық обсерваторияға жыл сайынғы ақпаратты береді.»;
8) 23-1-тарау мынадай мазмұндағы 241-10-баппен толықтырылсын:
«241-10-бап. Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режим
1. Айрықша нормативтік құқықтық реттеуді белгілеуді талап ететін инновациялық жобаларды сынамалау мақсатында эксперименттік режим енгізілуі мүмкін.
Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режим «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген пилоттық жобалар үшін қолданылатын талаптарға сәйкес енгізіледі.
2. Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режим белгілі бір мерзімге және эксперименттік режимге қатысуға келісім білдірген адамдардың белгілі бір тобына қатысты енгізіледі.
3. Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режим қоғам мен мемлекет үшін теріс салдар туындатпауға және адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне, қоршаған ортаға зиян және (немесе) қандай да бір залал келтірмеуге тиіс.
Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимді енгізу алдында ықтимал тәуекелдерді болғызбауға және (немесе) барынша азайтуға бағытталған шараларды әзірлеу үшін жан-жақты талдау жүргізілуге тиіс.
4. Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимді енгізуге инновациялық жүйе, кәсіпкерлік, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, өзге де жеке және заңды тұлғалар бастамашы бола алады.
5. Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимге бастамашы болу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6. Қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) төлем қызметтеріне байланысты қаржы саласындағы қызметте инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режим «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеудің айрықша режимі шеңберінде енгізіледі.».
6-тармақ 2024 ж. 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
6. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде:
437-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Электрондық кедендік алып жүруді Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес айқындайтын тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы байланыс арналары бойынша сигнал беру арқылы көлік құралының орналасқан жерін айқындауға мүмкіндік беретін спутниктік навигация жүйесінің техникалық жабдығы орнатылған көлік құралын қадағалау, оның жүріп-тұруын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырады.»;
5 және 6-тармақтардағы «халықаралық автомобиль тасымалдарын» деген сөздер «тасымалдарды» деген сөзбен ауыстырылсын.
7. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
66-баптың 2-тармағының екінші бөлігі «ұсынған есептерді» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгілерін қамтитын ғарыштық мониторингтеу деректерін» деген сөздермен толықтырылсын.
8-тармақ 2024 ж. 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
8. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 58-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) «электрондық денсаулық сақтаудың» ақпараттық-коммуникациялық платформасы - уәкілетті органның қызметін автоматтандыруға, Ұлттық электрондық денсаулық паспортын қалыптастыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған түрде жинауға, өңдеуге, сақтауға арналған технологиялық платформа;»;
2) мынадай мазмұндағы 59-1-баппен толықтырылсын:
«59-1-бап. Цифрлық денсаулық сақтаудың уәкілетті ұйымы
«Электрондық денсаулық сақтаудың» ақпараттық-коммуникациялық платформасын құру, енгізу, дамыту, қолдап отыру, сондай-ақ оның жұмыс істеуін және цифрлық денсаулық сақтау субъектілерімен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын цифрлық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.».
9. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
174-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «деректерді,» деген сөзден кейін «сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгілерін қамтитын ғарыштық мониторингтеу деректерін» деген сөздермен толықтырылсын.
10-тармақ 2024 ж. 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
10. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап:
мынадай мазмұндағы 5-2), 8-1), 8-2), 8-3) және 8-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-2) қадағалау объектісі - Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын тауарлар (өнімдер) мен көлік құралдары;»;
«8-1) навигациялық пломба - пломбалау элементі мен электрондық блоктан тұратын, навигациялық спутниктік жүйелер технологиялары негізінде жұмыс істейтін және қадағалау объектісіне қатысы бар ақпаратты беруді қамтамасыз ететін, Еуразиялық экономикалық одақ құқығында белгіленген талаптарға жауап беретін техникалық құрылғы;
8-2) навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалау - навигациялық пломбаны іске қосуды, қадағалау объектісін бақылап отыруды, навигациялық пломбаны істен шығаруды және қадағалау объектісін бақылап отыру процесінде алынған деректерді беруді қамтитын процесс;
8-3) тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесі - навигациялық спутниктік жүйелердің технологиялары мен навигациялық пломба негізінде жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенді қоса алғандағы ақпараттық жүйе;
8-4) тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы - навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадаға лауды қамтамасыз ететін заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңда пайдаланылатын өзге де ұғымдар навигациялық пломбаларды пайдаланып, тасымалдарды қадағалау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңнамасында пайдаланылатын мағынада қолданылады.»;
2) мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-баптармен толықтырылсын:
«6-1-бап. Навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалау
1. Навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалау Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Навигациялық пломбаларды салу және алып тастау орындары, навигациялық пломбаларды салатын (алып тастайтын) және осындай салу (алып тастау) кезінде қатысатын адамдар, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында навигациялық пломбаларды салу (алып тастау) жөніндегі операциялар және навигациялық пломбаларды пайдаланып қадағалауды жүзеге асыру кезінде құжаттарды (мәліметтерді) беру тәртібін қоса алғанда, оларды жасау тәртібі, осындай құжаттарды (мәліметтерді) сақтау, сондай-ақ навигациялық пломбаға бұрын жазылған ақпаратты жою (өшіру) тәртібі Еуразиялық экономикалық одақ құқығында не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3. Навигациялық пломбалардың сақталуын навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды жүзеге асыратын тасымалдаушылар қамтамасыз етеді.
6-2-бап. Тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы
1. Тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды және ол арнаулы құқық субъектісі болып табылады.
2. Тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің жұмысын тұрақты негізде тәулігіне жиырма төрт сағат бойы, аптасына жеті күн қамтамасыз етеді.
3. Тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінде мәліметтер мен ақпараттың бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етеді. Көрсетілген сақтау мерзімі тасымалдарды қадағалау кезінде пайдаланылған навигациялық пломба істен шығарылған күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тасымалдарды қадаға лаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен тасымалдаушының, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалау кезіндегі өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарттық негізде жүзеге асырылады.
6. Тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган арасындағы навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалау кезіндегі өзара іс-қимылды (ақпараттық іс-қимылды қоса алғанда) жүзеге асыру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.».
11. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
50-баптың 4-тармағының екінші бөлігі 16) тармақшасындағы «құжаттарды беруі банк құпиясын жария ету болып табылмайды.» деген сөздер «құжаттарды беруі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығы, қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары, ұялы байланыс операторлары, қылмыстық қудалау органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, уәкілетті орган арасында алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу банк құпиясын жария ету болып табылмайды.».
12. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 14) тармақшасы «қоймалардан» деген сөзден кейін «және ұялы байланыс операторларының меншігі болып табылатын телекоммуникациялық жабдықтан» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 40-баптың 4-тармағы сегізінші абзацындағы «инженерлік жүйелер жатады.» деген сөздер «инженерлік жүйелер;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«ұялы байланыс операторларының меншігі болып табылатын телекоммуникациялық жабдықтар жүйелері жатады.».
13. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-баптың 1-тармағында:
6) тармақшадағы «құрылыстарды» деген сөз «құрылысжайларды, оның ішінде байланыс құрылысжайларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-3), 7-4) және 34-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-3) ұялы немесе спутниктік байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін олардың өтініші бойынша электрмен жабдықтау жүргізілген орындарды береді;
7-4) шұғыл қызметтер жүйелерінің үздіксіз жұмысын ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз етеді;»;
«34-1) бюджет қаражаты есебінен салынған телекоммуникациялар және кәбілдік кәріз желілеріне түгендеу жүргізеді, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүліктік жалдауға (жалға) береді;»;
2) 31-баптың 1-тармағында:
6) тармақшадағы «құрылыстарды» деген сөз «құрылысжайларды, оның ішінде байланыс құрылысжайларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) ұялы немесе спутниктік байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін олардың өтініші бойынша электрмен жабдықтау жүргізілген орындар береді;
7-2) шұғыл қызметтер жүйелерінің үздіксіз жұмысын ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз етеді;».
14. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:
«49-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілім (бұдан әрі - автоматтандырылған тізілім) - мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған, осы Заңға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері туралы мәліметтерді қамтитын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттық жүйенің компоненті;»;
2) мынадай мазмұндағы 9-2-баппен толықтырылсын:
«9-2-бап. Байланысты қамтамасыз ету жөніндегі талаптар
Қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақта орналасқан құрылысжайды, ғимаратты жобалау және салу кезінде тапсырыс беруші:
талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізуді;
байланыс құралдарын орналастыру мен қосу мақсатында байланыс операторларына арналған микроклиматты басқару жүйесі (желдету, кондиционерлеу және басқалары) бар жеке үй-жаймен қамтамасыз етеді.
Осындай құрылысжайлар мен ғимараттардың меншік иелері байланыс операторларының тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді.»;
3) 31-3-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жедел ден қою шаралары анықталған бұзушылықтарды жою туралы тиісті хабарлама орындалмаған жағдайда қолданылады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру;
5) рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу).»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тексеру автоматтандырылған тізілім арқылы жүзеге асырылған жағдайда жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы осы автоматтандырылған тізілімде автоматты режимде ресімделеді.»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тексеру автоматтандырылған тізілім арқылы жүзеге асырылған кезде тексеру нәтижелері туралы акт ресімделмейді.»;
4) мынадай мазмұндағы 31-4 және 32-2-баптармен толықтырылсын:
«31-4-бап. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік бақылау
1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік бақылау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру нысанында жүзеге асырылады. Тексеру сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісі туралы, оның ішінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы алынған мәліметтерді мониторингтеу арқылы тұрақты негізде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша автоматтандырылған тізілім:
1) хабарламаның жасалған күні мен нөмірін;
2) мемлекеттік органның атауын;
3) бақылау мен қадағалаудың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісінің (объектісінің) атауын, оның орналасқан жерін;
4) анықталған бұзушылықтарды және оларды жою туралы талаптарды орындау мерзімі көрсетілген талаптарды;
5) лауазымды адамның қолтаңбасын көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны қалыптастырады және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісіне жібереді.
3. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, осы Заңның 31-3-бабына сәйкес рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылады.
Рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) осы Заңның 31-3-бабына сәйкес рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шарасын орындамағаны үшін жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бір жыл ішінде екі рет және одан да көп бұзған жағдайда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісіне осы Заңның 31-3-бабына сәйкес рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылады.
4. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама және жедел ден қою шараларын автоматты режимде қолдану туралы қаулы автоматтандырылған тізілім арқылы қалыптастырылады және пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттық жүйедегі жеке кабинеттеріне жіберіледі.»;
«32-2-бап. Автоматтандырылған тізілім
1. Автоматтандырылған тізілімге сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке, заңды тұлғалар туралы мәліметтер мен деректер енгізіледі.
2. Автоматтандырылған тізілімді жүргізу тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
5) 47-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көлік және инженерлік инфрақұрылымдарды және байланыс желілерін орналастыруды қоса алғанда, табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанып отырған демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар ескеріле отырып, елді мекеннің аумағын дамытудың негізгі бағыттары;»;
6) 47-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) байланыс құрылысжайларын, байланыс желілерін және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін салу жоспарлары, сондай-ақ байланыс мұқтаждары үшін аумақты резервке қою.»;