4. Автокөлік құралдарын шығару кезінде жобалық құжаттамадан ауытқу жобалаушымен келісіледі және ол техникалық регламенттерде белгіленген жол берілетін тәуекелден аспауға тиіс.
19-15-бап. Автокөлік құралдарын тасымалдау және сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Автокөлік құралдарын тасымалдау және сақтау процесінде олардың сақталуын, олардың қауіпсіздігі көзделетін техникалық сипаттамаларды сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын барлық қажетті талаптар, оның ішінде консервациялауға, тасымалдау және сақтау жағдайларына қойылатын талаптар, белгіленген сақтау мерзімдері, жай-күйін қайта куәландыру, сақтау мерзімі аяқталған жеке элементтерді, бөлшектерді, тораптарды ауыстыру мерзімдері бойынша нұсқаулар автокөлік құралдарына арналған техникалық құжаттамада жазылуға тиіс.
2. Автокөлік құралдарын, олардың тораптары мен бөлшектерін тасымалдау және сақтау жобалаушы қарастырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қауіпсіздік талаптары ескеріле отырып жүргізіледі.
3. Консервациялау үшін қолданылатын материалдар мен заттар қауіпсіз болуға тиіс.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 19-16-бап өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-16-бап. Автокөлік құралдарын кәдеге жарату және жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Жеке және заңды тұлғалар автокөлік құралдарын кәдеге жаратуды, жоюды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай талаптардың сақталуын ескере отырып қамтамасыз етеді:
1) автокөлік құралдарын пайдалану тоқтатылғаннан кейін оларды пайдалану мүмкіндігін болдырмау шаралары қабылдануға тиіс;
2) пайдалану процесінде уытты заттармен, радиоактивті аэрозольдармен ластанған автокөлік құралдары оларды кәдеге жарату, жою кезінде қолданылатын зиянды заттардың уыттылығына, физика-химиялық қасиеттеріне қарай арнайы ерітінділермен (әдістермен) залалсыздандыру жөніндегі міндетті өңдеуден өткізілуге тиіс;
3) автокөлік құралдарын кәдеге жаратудың және жоюдың барлық кезеңін өткізетін персоналдың қажетті біліктілігі болуға, олар тиісті оқудан өтуге және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға тиіс.
Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органда тіркеу есебінен шығарылмаған автокөлік құралдарын кәдеге жаратуға тапсыруға тыйым салынады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 19-17-баппен толықтырылды
19-17-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүргізу тәртібі
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган талдау және ақпараттық жүйелер деректері, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
2. Мыналар бақылау субъектілері болып табылады:
1) таксимен тасымалдаушылар және ақпараттық-диспетчерлік такси қызметтері;
2) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметтерін көрсететін тұлғалар;
3) жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін автомобильмен тасымалдаушылар;
4) жүк жөнелтуші және (немесе) жүк алушы ретінде әрекет ететін тұлғалар;
5) қауіпті жүкті тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін автомобильмен тасымалдаушылар;
6) ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін автомобильмен тасымалдаушылар;
7) халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын автомобильмен тасымалдаушылар;
8) тез бұзылатын жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін автомобильмен тасымалдаушылар;
9) техникалық қарап-тексеру операторлары;
10) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
11) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
12) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының операторлары.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
4. Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалады.
6. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
9. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
11. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 19-18-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
19-18-бап. Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станциялары
1. Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларында автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының операторындағы метрологиялық салыстырып тексеруден өткен өлшеу құралдарымен жүзеге асырылады.
Салмақтық және габариттік параметрлердің өлшемдері туралы деректер автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен зияткерлік көлік жүйесіне беріледі.
2. Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының операторлары өз қызметтерін жария шарт негізінде көрсетеді.
3-тарау. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жолаушының:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында көзделген тәртiппен кез келген автобуспен, троллейбуспен және таксимен жол жүруді жүзеге асыруға;
2) жол жүру құжатын (билетiн) сатып алуға;
3) сатып алған жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес орын алуға;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) егер ол жеке орын алмаса, өзiмен бірге жеті жасқа дейiнгi бір баланы тегін, не таксиден басқа көлікте, он бес жасқа дейiнгi балаларды оларға жеке орын беріп, елу пайыз мөлшерде жол ақысын төлеп, алып жүруге;
5) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары жүзеге асыратын халықаралық тасымалдарда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының елу процентiн төлеп, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға;
6) 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының елу процентiн төлеп, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға;
7) егер тасымалдаушы кестеде көзделген автобустың орнына жүру ақысы қымбаттау басқа автобус ұсынса, үстемеақы төлемей, сатып алынған жол жүру құжаты (билетi) бойынша жол жүруге;
8) жол жүру құжатын (билетiн) тасымалдау басталғанға дейiн өткізуге және көзделген алымдар шегерiле отырып, тасымалдауға төленген соманы керi қайтарып алуға;
9) Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген тәртіппен жоғалған (бүлінген) жол жүру құжатын (билетті) қалпына келтіруге;
10) Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген нормалар шегiнде қол жүгiн өзiмен бірге тегiн алып жүруге;
11) тариф бойынша ақы төлеп багажды тасымалдауға өткізуге;
12) тасымалдауға тапсыру кезiнде багаждың құндылығын жариялауға;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тасымалдау сапасы деңгейiнiң оның сертификатына сәйкестiгiне дауласуға құқығы бар.
Жолаушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бар.
Әлеуметтік маңызы бар қатынастарда, сондай-ақ жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық), қала маңындағы қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауларда «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың тегін жол жүруге, ал 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдардың жол жүру құжатының (билетінің) толық құнының елу пайызын төлей отырып, жол жүру құжатын (билетін) сатып алуға құқығы бар.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жолаушы:
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) электрондық нысанда ресімделген жол жүру құжатын (билетін) қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру кезінде ақы төлеуді және (немесе) жол жүру құжаты (билеті) болуға және оны сапар аяқталғанға дейін сақтауға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде қоғамдық көлікте жол жүргені үшін тасымалдаушы өкілінің талап етуі бойынша жол жүру құжатын (билетін) көрсетуге;
2) қоғамдық тәртiптi, Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарды сақтауға;
3) егер шартта өзгеше көзделмесе, құндылығы жарияланған багажды тасымалдау кезiнде тасымалдаушының көрсеткен қызметтерiне ақы төлеуге мiндеттi.
Жолаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттер атқарады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
1. Егер:
1) автомобиль жолдарының өткізу қабiлетi белгiлi бір маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың тұрақты жүрісін жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;
2) автомобиль жолдарының жай-күйi және жайластырылуы жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес келсе, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау ұйымдастырылуы мүмкiн.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Халықаралық тасымалдауларды қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауларды көрсетілген жолаушылар мен багажды тасымалдаулар маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурста жеңiп алған және тасымалдаушылар мен тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар не уәкілетті ұйымдар арасында жасалатын шарттар негiзiнде оларға қызмет көрсету құқығына куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.
3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттары тасымалдаушылар арасында конкурстық негiзде бөлiнедi. Конкурсқа жеке маршрут та, бір лотпен бірнеше маршрут та қойылуы мүмкiн.
4. Жолаушылар мен багажды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ауданішілік және халықаралық тұрақты тасымалдаулар тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiктері арасында жасалатын шарттар негiзiнде автовокзалдардан, автостанциялардан немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінен ғана жүзеге асырылады.
Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшіліктері қызметтің осы түрiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жіберілген жолаушылар мен багажды тасымалдаушылармен шарт жасасудан бас тартуға құқылы емес.
4-1. Жол жүру құжаттары (билеттер) электронды түрде сатылған кезде автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшіліктері жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатудың тасымалдаушы таңдаған ақпараттық жүйесі арқылы тасымалдаушының маршруттарына жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды қамтамасыз етуге міндетті.
5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар автобустарды, троллейбустарды, шағын автобустарды рейс алдында (ауысым алдында) техникалық қарап тексерудi және олардың ақауы болған жағдайда уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
6. Егер жолаушылар мен багажды тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына бір ғана қатысушының өтінімі берілсе, онда конкурс өткізілмеді деп танылады. Егер конкурсты қайта өткізу кезінде осы маршрутқа бір қатысушының өтінімі берілсе, онда конкурс талаптарына сай келген жағдайда, онымен шарт жасалады.
7. Маршрутқа (маршруттарға) қызмет көрсету құқығын үшінші тарапқа беруге жол берілмейді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды
21-1-бап. Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін ұйымдастыру
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және ұлттық стандарттармен белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тізіліміне енгізу;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де тетіктерді қолдану арқылы автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін ұйымдастырады.
2. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері көрсететін қызметтер осы Заңның талаптарына, Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және ұлттық стандарттарға сәйкес болуға тиіс.
2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Автовокзалдарда, автостанцияларда және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде, оның ішінде билет кассаларында ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де беріледі.
Ақпарат мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-бап. Тасымалдаушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Тасымалдаушының:
1) өз құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында қоғамдық бірлестiктердi, сондай-ақ заңды тұлғалардың қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы бірлестiктерiн құруға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) қоғамдық көлікте жол жүргені үшін ақы төлеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақы төлеу фактілерін тексеру үшін көліктік бақылау қызметін құруға;
2) қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай тынығуға және еңбек жағдайына;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жолаушылардың қоғамдық тәртiптi және Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасын сақтауын талап етуге;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын алуға құқығы бар.
2. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушы:
1) автокөлiк құралдарының техникалық жарамды күйiн қамтамасыз етуге және белгiленген техникалық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауiпсiздiгi талаптарына жай-күйi сай емес автокөлiк құралының маршрутқа шығуына жол бермеуге;
1-1) 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiн рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткізуді, олардың еңбек және тынығу режимiн сақтауды қамтамасыз етуге;
3) жолаушының қауiпсiздiгiн, оған қажеттi қызмет ету жайлылығы және шарттары жасалуын қамтамасыз етуге;
4) багаждың уақтылы тасымалын және сақталуын қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз тасымалдауды жүзеге асыруға немесе оларға жол ақысы бойынша өзге де жеңiлдiктер беруге;
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-1) тармақша жаңа редакцияда
5-1) тасымалдауды ұйымдастырушыға, халықаралық және облысаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның диспетчерлік жүйесіне автокөлік құралының ағымдағы тұрған жері туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде беретін спутниктік навигация аппаратурасымен автокөлік құралдарын жабдықтауға;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) жол жүру құжаттарын (билеттерді) және багаж түбіртектерін маршруттың аялдама пункттерінде өздері не автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері арқылы сатуды, оның ішінде оларды Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғылары арқылы сатуды қоса алғанда, электронды сатуды қамтамасыз етуге;
7) жолаушылар және багаж тасымалының тарифтерiн жариялауға, оларды шарттарда, жол құжатында (билетте) және багаж түбіртегiнде тiркеуге;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) жарияланған тарифтердi сақтауға және тарифтердiң алдағы өзгеруi туралы жолаушыларды күнi бұрын хабардар етуге;
2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) жолаушылар мен багаж тасымалдарын ұйымдастыру туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде және орыс тілінде беруге;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) тасымалдауларды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты адамды айқындауға;
10) ұлттық стандарттарды сақтауға міндетті.
3. Жолаушылардың және багаждың тұрақты емес автомобиль тасымалдарын (таксиден басқа) жүзеге асыратын тасымалдаушы:
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5-1) тармақшаларында көрсетілген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткені және автокөлiк құралын техникалық қарап тексеруден өткiзгені туралы белгiсi бар борт журналы болуға;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жолаушылардың қауіпсіз отырғызылуы мен түсірілуін қамтамасыз етуге;
2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) жолаушылар мен багаж тасымалдарын ұйымдастыру туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде және орыс тілінде беруге;
4) ұлттық стандарттарды сақтауға міндетті.
2024.15.04. № 72-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Он алты жасқа толмаған, ата-анасы және (немесе) өзінің заңды өкілі ертіп жүрмеген адамды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кетуге тыйым салынады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Жолаушыларды және багажды қалааралық республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының талаптары
1. Жолаушыларды және багажды қалааралық облысаралық, республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартында:
1) тариф;
2) жол жүру құжаттарын (билеттер) сату тәртібі мен орны, олардың жолаушыларда болуын бақылауды жүзеге асыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша өзгертілді
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлеген тариф тасымалдау шығындарын жаппаса, сондай-ақ жолаушылар мен багажды жеңiлдiк жағдайларымен немесе тегiн тасымалдау үшiн тасымалдаушыға өтем төлеу мөлшерi мен мерзiмдерi;
4) маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесi, типi (класы) және саны;
4-1) маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту жөніндегі талаптар;
5) тараптардың шарт бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiгi;
6) шарттың қолданыста болуының кемiнде үш жыл болатын ең ең аз мерзімі;
7) шарттың қолданылу мерзімін ұзарту тәртібі көзделуге тиіс.
2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде жолаушыларды және багажды қалааралық республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының өзге де мiндеттi талаптары белгiленуi мүмкiн.
3. Тасымалдаушы мен жергілікті атқарушы органдар жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының талаптарын сақтауға міндетті.
Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.
4. Жергілікті атқарушы органдар жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орнатылатын жолаушыларды отырғызу мен түсіру пункттерін безендіруді және күтіп-ұстауды қамтамасыз етуге;
2) автобустар, шағын автобустар және троллейбустар қозғалысының белгіленген кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру
1. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автовокзалдар (автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері) аумағынан және жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша жолаушылар отырғызуына тыйым салынады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Республикаішілік қатынаста тұрақты емес тасымалдау кезінде жолаушылар мен багажды тасымалдау шарты тапсырыс беруші мен тасымалдаушы арасында екі данада - тараптардың әрқайсысына бір-біреуден жазбаша нысанда жасалады.
Бұл ретте шартта:
1) шарттың мәні;
2) сапардың мақсаты;
3) жүріс маршруты, жолаушыларды отырғызу мен түсірудің бастапқы және соңғы пункттері;
4) жеткізу мерзімі;
5) кіре ақысы;
6) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
7) шарт бойынша міндеттемелерді тараптардың орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі;
8) дауларды шешу тәртібі;
9) жолаушылар тізімінің болуы көзделуге тиіс.
25-бап. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау
1. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау кемiнде екi есiгi бар, техникалық жай-күйi Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарға сай келетiн автобустармен жүзеге асырылады.