теңiзбен сыртқы сауда жүк тасымалына ел қажетiн толық көлемде қамтамасыз ететін, Қазақстанның экономикалық-көлiктік потенциалын жүзеге асыруға жағдай жасайтын, жоғары ұйымдастырылған порт инфрақұрылымы негiзінде ұлттық теңiз сауда флотын құру, өзен көлігінің өсуi үшiн жағдайды қамтамасыз ету;
ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымға бәсекеге қабілетті түрде бірiккен, республика экономикасының телекоммуникация секторын одан әрi дамытуға бағытталған жағдайларды жасау және тетiктердi қалыптастыру.
Алға қойған мақсаттарға жетудiң және мiндеттердi шешудiң жолдары
Міндеттерді жүзеге асырудың негiзгi жолдары бола алатындар:
жаңа көлiк маршруттарының жағрафиясын кеңейту;
кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесiн жасау;
елдің транзит потенциалын көтеру үшiн қажеттi және жетерлiк жағдайларды жасау;
көлiктің барлық түрiнiң келісілген тариф саясатын жүргiзу жолымен Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация саласының бәсекеге қабiлеттілігiн қамтамасыз ету;
TPACEKA және Солтүстiк-Оңтүстiк сияқты халықаралық көлiк коридорларына қатысу;
көлiк-коммуникация кешенiнде бәсеке ортасын дамыту;
экологиялық және энергияны үнемдеушi көлiк технологиясын енгізу, көлiктiң қауiпсiз қызмет iстеуiн қамтамасыз ету және көлiктiң қоршаған ортаға терiс әсерiн халықаралық нормалар мен стандарттарға сай келетiн деңгейге дейiн төмендету үшiн жағдай жасау.
1 мiндет. 2001-2005 жж. Қазақстан Республикасының теміржол көлiгін қайта құрылымдау Бағдарламасына сай теміржол көлiгiн одан әрi дамыту
Бүкiл отандық экономика үшiн Қазақстан Республикасындағы темір жолдың стратегиялық маңызы бар және жүктердiң көптеген түрi үшiн темір жол көлігінiң баламасы жоқ болып саналады. Қазақстанның темір жолының пайдаланудағы жалпы ұзындығы 13,6 мың км құрайды. Темір жолдың жиiлiгi әлемдегі ең төменгiлердiң бірi және 1000 шаршы км-гe 5,2 км-дi құрайды.
Темір жол көлiгi саласының 2001-2005 жж. дамуы Қазақстан Республикасының теміржол көлiгін қайта құрылымдау Бағдарламасына сай жүргiзiлетiн болады.
Негiзгі қызметiне бәсеке енгiзiлетiн болады. Сонымен жолаушы тасымалын жүк тасымалынан, Ұлттық тасымалдаушыны инфрақұрылымнан бөлу және тәуелсiз тасымалдаушыларды жасау қарастырылып отыр.
Негiзгі қызмет бойынша кәсiпорындардың жабдықтаушы сектормен өзара қарым-қатынасы рыноктық негiзде құралатын болады, мұның өзi жабдықтаушы сектордың қызметiнiң еңбек өнiмдiлiгiн көтеру, өзiндiк құнын төмендету үшiн қажеттi қосымша стимул жасайды. Артық қуаттар экономиканың басқа секторларына қайта бағдарланатын болады.
Жабдықтаушы сектордың кәсiпорындарын бөлу жекешелендiру арқылы жеке меншiк инвесторларды тарту үшiн алғы шарттар жасайды.
Осылайша қайта құрылымдалған теміржол көлiгi тiгiнен бірiктiрiлген құрамына оңтайлы өндiрiстiк қуаттары мен қызметшiлерi бар тасымалдау процесiн ұйымдастыру жөнiндегі қызметтің негізгі түрiнiң кәсiпорындары кiретiн компанияны көрсететiн болады. Тасымалдауды қамтамасыз ету және теміржол жүйесі мен жылжымалы құрамды жөндеу үшін қосалқы қызмет тендер негізінде басқа ұйымдардан сатып алынатын болады.
Теміржол компаниясы тасымалдау жөніндегі негiзгi қызметiн коммерциялық принципке сүйене отырып жүзеге асыратын болады. Теміржол көлiгiн таза пайданың қажеттi деңгейiмен қамтамасыз етпейтiн тасымалдар жойылатын болады. Оларды жүзеге асырудың орнын толтыратын тиiстi тетiктер iздестiрiлетiн болады.
Жолаушы тасуды жүзеге асырушы кәсіпорын алғашқы кезеңде Ұлттық тасымалдаушының құрамында қалады.
Бұл технологиялық тiзбенiң бөлiктерiн және енгiзілмек ресурстарға бақылауды жақсартуға, қамтамасыз етушi қызметте бәсекенi кеңейтуге, қамтамасыз етушi қызметке жекеменшiк инвестиция мен инновация тарту үшiн жағдай жасауға, табыс пен шығынның ара қатынасын анықтауға, ұзақ мерзiмдi аралықта жүк тасымалдауға тарифты төмендетуге мүмкiндiк бередi.
2003-2005 жж. кезеңде тасымал қызметінде бәсекенi енгізудiң кезеңi белгiленуде, оны "ашық жеңілдiк" моделi бойынша жүргiзу жоспарлануда.
Жылжымалы құрамның - локомотивтердің, вагондардың, жөндеушi вагондық және локомотивтiк деполардың артық болу есебiнен бәсеке дамитын болады. Бұл iрi инвестицияларды тартпай-ақ 2003 ж. тәуелсiз компанияларды тасымалдаушыларды құpyғa мүмкіндік береді.
Барлық аталған шаралар транзиттiк маршруттарда темір жол учаскелерiн күшейтуге, ұлттық жүйенi қалыптастыруды аяқтауға, жол шаруашылығының техникалық жағдайын жақсартуға және жылжымалы құрамды жаңартуға, саланы құрылымдық реформалауды аяқтауға, тасымалдау қызметiнде бәсекелiк жағдай жасауға бағытталатын болады.
2 мiндет. 2001-2014 жж. теміржол көлігінің инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру
Бүгiнгi күнде "Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ жүк вагондары паркінің 35% бұзылған. Жүк вагондарының тозуының физикалық (заттай) деңгейi 69%, соның iшiнде ең тапшы түрлерiнiкі - жарты вагондардiкi - 75% және цистерналардiкi - 59%. Жолаушы вагондарының паркi де елеулi күйде тозған: тозу деңгейi - 60% астам. Локомотив паркi өзінің ресурстарының елеулi бөлiгi iстен шықты: магистралдық тепловоздардың елеулi бөлiгi iстен шықты: магистралдық тепловоздардың қызмет еткен орта мерзімi нормативтi мерзiмнiң 85% жеттi, маневрлiк тепловоздардікi - 73%, электровоздардiкi - 63%. Инфрақұрылымдардың физикалық тозу деңгейi де қиын мөлшерге жеттi: жолдардiкi - 54%, сигнал қондырғылары мен байланыстікі - 80%, электрмен жабдықтаудікі - 52%. Сала бойынша тұтас алғанда негізгі құралдардың физикалық тозуы 60% жеттi.
Негiзгі қорларды жұмысқа жарамды күйде ұстау жоғары эксплуатациялық шығыстарды талап етедi. Сондықтан негiзгi құралдарды жетiлдiру эксплуатациялық шығыстарды оңтайландырудың маңызды жағдайы болып саналады, яғни болашақта өнеркәсiп өнiмiнің бағасындағы көлiктiк құрастырушысын төмендету.
Жүк вагондары паркін жаңарту проблемасын айрықша бөлiп қарау керек. Таяу жылдардың өзiнде-ақ вагон тапшылығы Қазақстан экономикасының теміржол тасымалындағы өскелең қажетiн қанағаттандыруға мүмкiндiк бермейдi. 2001-2014 жж. барлығы 42 мыңдай жаңа жүк вагондарын сатып алу қажет және жұмыс iстеу мерзiмiн ұзартумен 29 мың вагонды жөндеуден өткізу керек.
Осы кезеңде Алтынсарин-Хромтау жаңа теміржол бойының құрылысы аяқталады, жылжымалы құрамды жөндеу үшiн өндiрiстiк базаны қайта жаңарту жалғасады, темір жолдың негiзгi учаскелерiн жетілдіру жөніндегі жұмыс жанданады, Алматы-Астана аралығындағы жол бойында жолаушы поездарының шапшаң қозғалысы ұйымдастырылатын болады.
Сондықтан тасымалдаудың қазiргі заманғы технологияларына көшу мақсатында 2003-2005 жж. темір жолды техникалық қайта жабдықтандыру, басқарудың қазiргi заманғы ақпараттық жүйесiн енгізу, жаңа pecypc үнемдейтiн технологияларды дамыту жалғасады.
Әзiрленген теміржол көлiгiнің 2001-2014 жж. Инвестициялық бағдарламасында негізгі магистралдарда инфрақұрылымды қазiргі кездегі жол техникасын қолдана отырып қалпына келтiруге, жылжымалы құрамды жаңартуға, зауыттық жөндеудің, локомотив пен вагон жасаудың және жылжымалы құрамды кейiннен қалпына келтiру және жаңарту үшiн жаңа импортты айырбастайтын өндiрiстердiң отандық базасын жасауға қаражат қаралған. Мәселен, 2003-2005 жж. төмендегiлер жоспарланып отыр:
негізгі магистралдарда инфрақұрылымды қазiргі кездегі жол техникасын қолдана отырып қалпына келтiруге - 358,4 млн. АҚШ доллары;
жылжымалы құрамды жаңартуға - 192,6 млн. АҚШ доллары;
жаңа импортты айырбастайтын өндiрiстердi құруға - 2,24 млн. АҚШ доллары.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердi оларды халықаралық көлiк ақпараттық жүйеге бірiктiре отырып одан әрi дамыту қаралып отыр.
3 мiндет. Халықаралық автомобилдiк тасымалдауды дамыту, салалық заңдылық және нормативтiк базаны қалыптастыру
Қазақстан Республикасының автомобиль паркінің бүгiнде 1,28 млн. автомобилi бар, соның iшiнде мемлекет меншiгiнде - 59,2 мың автомобиль, жеке меншiкте - 1,2 млн. автомобиль, автобустар мен жүк автомобилдерiнің 47% "бір жүргізушi (ие) - бір автомобиль" принципi бойынша тасушылар иемденiп отыр.
Соңғы жылдары автокөлiк кәсiпорындарын одан әрi мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру бойынша шаралар негiзiнен аяқталды. Республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорынының әскери типтегі автоколоннасынан басқа жүк көлiгiнiң кәсiпорындары тегiс акционерлендiрiлді және жекешелендiрілді, жолаушы шаруашылығы кәсiпорындарын акционерлендiру жалғасуда.
Халықаралық автомобильдiк тасымалдауды одан әрi дамыту жөніндегі шаралар қабылданатын болады. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласында күшіндегі халықаралық Келісімдер мен Конвенцияларға қосылу, отандық тасымалдаушы үшiн мүдделiк бiлдiретiн мемлекеттермен халықаралық автомобилдiк тасымалдау бойынша Келісімдер жасасу процедуралары жалғасатын болады.
Рұқсат етушi жүйенi жетiлдiру, халықаралық автомобилдiк тасымалдауды реттеудiң және үйлестiрудің тиiмдi тетiктерiн жасау, автокөлiктiк коридорлардың инфрақұрылымдарын қалыптастыру жолымен транзиттiк тасымалдаулар одан әрi дамитын болады.
Жүк тасымалдауды дамытудың негiзгi бағыты жүктердi контейнерлерде тасу болады. Қазақстан аумағына транзиттердi тарту үшiн мультимодалдық және контейнерлік тасымалдауларды қамтамасыз ететiн логистикалық орталықтар мен терминалдарды құру жөнiндегі проблемаларды шешу қажет.
4 мiндет. Халықаралық стандартқа сәйкес республиканың автомобиль жолдарының жүйесiн жетiлдiру және дамыту
Қазақстандағы автомобиль жолдарының ұзындығы 128 мың км. Одан 84,6 мың км - жалпы пайдалану жолдары және 42,4 мың км - шаруашылық жолдар, Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының ұзындығы 23 мың км, одан 12,4 мың км халықаралық келісімдерге сәйкес халықаралық маңызы бар автожолдарға жатқызылды және 62,6 мың км жергiлiктi маңызы бар жолдар болып саналады. Транзиттің коридорлардың жалпы ұзындығы 8,3 мың км. Оның 68% қанағаттанғысыз жағдайда.
2000 ж. бастап жол саласын қаржыландырудың көлемiнің өсуi байқалды. Мәселен, 2001 ж. автожол саласын республикалық бюджеттен қаржыландырудың көлемi сыртқы қарыздарды есепке алғанда 23,3 млрд. теңге болды, 2002 ж. 42,1 млрд. теңге қаралды.
2001 ж. бастап техникалық парктiң жетiлдiрілуi басталды. 2002 ж. 2 млрд. теңгеге жол салу техникасын сатып алу қаралып отыр.
Республиканың автомобиль жолдары жүйесiн одан әрi жетiлдiру және дамыту қаралып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 ж. 28 қарашадағы № 730
Жарлығы бекiткен Қазақстан Республикасының 2001-2005 жж. автожол саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында жол саласын қаржыландырудың келесi көлемi қаралған: 2003 ж. - 60 млрд. теңге, 2004 ж. - 78,1 млрд. теңге, 2005 ж. - 64,5 млрд. теңге.
Барлық кезең iшiнде республиканың автомобиль жолдары жүйесін одан әрi жетiлдiру мен дамыту белгiленген: Қызылорда жанында Сырдария өзенiнен өтетiн көпiрдiң, Лениногорск - Ресей Федерациясының шекарасы автожолының құрылысы, Батыс Қазақстанның, Алматы-Бiшкек автомобиль жолдарын қалпына келтiру аяқталады, сондай-ақ жолдардың басқа учаскелерiн жетiлдiру жөніндегі жұмыстар жүргiзiлетiн болады. Бөлiнген бюджет қаражаттары мен қарыздарды тиiмдi игеруге ерекше көңiл бөлiнетiн болады.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесiнде 16133 км автожолдың құрылысы, қалпына келтiрiлуi және жөнделуi орындалатын болады. 2005 ж. аяғына қатты жамылғысы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының ұзындығы 23011 км жетедi.
Стандарттарды халықаралық талаптарға сәйкес етiп үйлестiру және халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы жол саласының ғылыми-техникалық құжаттарын жетiлдiру жөнiндегі жұмыс жүзеге асатын болады.
5 мiндет. Халықаралық стандарттарға жауап беретiндей, халықаралық көлiк коридорларына бірiккен, экономика мен қоғамның барлық субъектiлерiнiң қолы жететiндей, жүктер мен жолаушыларды ең аз шығындармен тасымалдауды қамтамасыз ететiн тиімді авиакөлік жүйесiн жасау
Қазақстан аумағының жағрафиялық ерекшелiктерi және елдiң әлеуметтік-экономикалық орталықтарының дамуы азаматтық авиацияның дамуын Республиканың авиациялық әкiмшiлiгiнiң қызметiнiң басымдықты бағыттарының бірi ретiнде алдын ала анықтады.
Қазақстанда пайдаланушы ретiнде куәлiгi және күшіндегі лицензиясы бар 53 авиакомпания қызмет iстейдi, олардан: 8 компания ұдайы жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырады, 13 компания - чартерлiк тасымалдауды. Халықаралық әуе коридорларының саны 72, халықаралық әуе трассасының ұзындығы 49000 км.
Іс жүзiнде көптеген әуе кемесi өзiнiң ресурстарын тауысты және олардың тозуы қиын деңгейге жеттi, бұл бірiншi кезекте ұшу қауiпсiздiгiне әсер етедi. Ұшақтардың орта жасы 21,5 жыл. Парктiң 85% iс жүзiнде қазiргi кездегі рынокта жұмыс iстеуге қабiлетсiз, өйткенi халықаралық талаптарға сай емес. Соңғы кезде сатып алынған батыс техникасының ұшуы аса қатты көңiл алаңдатады, оларды пайдалану әртүрлi әуе оқиғаларының санын көбейттi. Iс жүзiнде рейстердiң өзiндiк құнын төмендету және пайдалылығын көтеру жөнiнде шаралар қолданылмайды.
Бәсекелік жағдайды жасау жөніндегі негiзгі проблема жанар-жағармай материалдарын өндiру мен сату рыногының реттелмегендiгi, олардың бағасы өнiмнiң өзiндiк құнына елеулi әсерiн тигiзедi.
Аэронавигациялық жинақ ставкасын анықтаудың қазiргі кездегі процедурасы Қазақстанның кеңiстiгiне шетелдiк авиакомпанияларды қосымша тартуды тежеп отыр. Еуропа мен Оңтүстiк-Шығыс Азия аралығындағы жолда тұрған Қазақстанның аэронавигациялық қызметiнiң ерекшелiгi сонда, табыстың 80% астамы республиканың әуе кеңiстiгiнде транзиттік ұшуды жүзеге асыратын шетел компанияларынан түседi. Көршi мемлекеттер арқылы өтетiн балама маршруттардың бар екендiгi шетелдiк авиакомпаниялар үшін Қазақстанның әуе кеңiстiгiнде авианавигациялық қызмет көрсетудің экономикалық тартымдылығын сақтау мақсатында икемдi тариф саясатын тезiрек әзiрлеп, қолдануды қажет етедi.
Авиатасымалдау рыногын дамыту бойынша авиа кәсiпорындарын қолдауға бағытталған азаматтық авиацияны реттеу стратегиясы келесi шешiм жолдарын қарастырады:
"Қазақстан Республикасының Әуе кодексiн" әзiрлеу және бекіту;
әуе қатынасы саласындағы қазiргі кездегі үкіметаралық келiсімдерді қайта қарау;
жанар-жағармай материалдарын мұнай өңдейтiн зауыттардан делдалсыз тiкелей жеткізу бағдарламасын әзiрлеу;
азаматтық авиация саласына шетелдiк инвестицияларды тарту;
батыста шығарылған кемелердi күту жөнiндегі авиатехникалық орталықтарды құру;
әуе кемелерi паркiн қайта құрылымдау және жаңарту;
қазақстандық авиатасымалдаушылардың шетел рыноктарында қызмет көрсету жөніндегi ұсынысын сыртқы экономикалық каналдар бойынша жылжыту.
Аэропорттарды дамыту үшiн келесi шаралар ұсынылады:
халықаралық талаптарға сәйкес аэропорттарды қазiргi заманғы навигациялық және жарық арқылы белгi беретiн жабдықтармен қайта жабдықтау;
халықаралық консалтингтік ұйымдармен бірлесе отырып нормативтiк-құқықтық базаны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізу;
келушi және кетушi жолаушыларға қызмет көрсету деңгейiн халықаралық стандарттарға дейiн жеткiзе отырып халықаралық аэропорттардың санын оңтайландыру;
халықаралық аэропорттардың Қазақстанның барлық аймақтарымен байланысын қамтамасыз ету үшiн iшкi әуе жолы бойы желiнi дамыту;
авиакәсiпорындарын аэропорттар мен авиакомпанияларға бөлу процесін аяқтау, мұның өзi авиациялық тасымалдау рыногында авиакомпаниялар арасында бәсеке ортасын қалыптастыру үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бередi;
әртүрлi маңызы бар аэропорттар үшiн техникалық жабдықталуы мен қызмет көрсету сапасының мiндеттi нормативтерiн әзiрлеу және кезең-кезеңiмен енгізу;
аэропорттардың негізгi қызметтерiнiң жұмысын сертификациялау және лицензиялау процедурасын қатайту.
6 мiндет. Теңізбен сыртқы саудалық жүк тасымалдаудағы елдің қажетiн толық көлемде қамтамасыз ететiн, Қазақстанның экономикалық-көлiктiк потенциалын жүзеге асыруға жағдай тудыратын жоғары деңгейде ұйымдастырылған порт инфрақұрылымы негізiнде ұлттық теңiз сауда флотын құру, өзен көлігінің өсуі үшін жағдайды қамтамасыз ету
2001 ж. IV тоқсаннан бастап "HMCK Казмортрансфлот" (бұдан әрi Қоғам) Каспий теңiзiнде операциялық қызметке кiрiстi. Жалпы тоннажы 30 мың тонна танкерлер жалданып алынды. Отандық көмiрсутектi шикiзат порт Ақтау - порт Махачкала бағыты бойынша теңiз жолымен тасымалданады. 2001 жылдың қараша-желтоқсанында осы маршрут бойынша 218,9 мың тонна мұнай тасылды. 2001 ж. Қоғамның таза пайдасы 47,7 млн. теңге болды.
Қоғамның өндiрiстiк қызметi Каспий теңiз пароход шаруашылығының (Әзербайжан) Каспий теңiзіндегі теңiз тасымалдау саласындағы монополиясын жойды.
ЖАҚ "НМСК Казмортрансфлот" өзiнiң құрғақ жүк таситын кемелерiнің тоннажын ескере отырып каспий бассейінде тепе-теңдік негiзде құрғақ жүктің халықаралық тасымалдауын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. 2003-2005 жж. ұлттық теңiз сауда флотын құру Бағдарламасы әзiрленуде. Бұл бағдарламада инвестициялық ресурстарға деген қажет 240-242 млн. АҚШ доллары көлемiнде қаралып отыр.
Республикалық су жолдарының қазыналық кәсiпорындары су жоғарының кеме жүретiн жағдайын қамтамасыз ету және шлюздарды күту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындайды. Жыл сайынғы орындалатын жұмыс көлемi орта есеппен 300 млн. теңге мөлшерiнде. 2001 ж. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкiметтерi арасындағы Ертіс өзенi бассейнiнде қазақстандық және ресейлiк кемелермен жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру және оның жағдайлары туралы Келісімге қол қойылды, ол "Қазақстан Республикасы - Ресей Федерациясы" транзит бағыты бойынша жүк тасқынының көбеюiне жағдай тудырады.
Шульба шлюзының құрылысын аяқтау мәселесiнiң шешiлмеуінiң нәтижесiнде 13 жыл бойы Ертіс өзенi бойынша кеме жүру, мемлекеттік техникалық флоттың жаңартылуы бұзылды, ол өзен көлiгiмен тасымалданатын жүк көлемiне және саланың тұтас алғандағы дамуына терiс әсерiн тигiзуде.
Су көлiгi саласында 2003-2005 жж. 033 "Су жолдарын кеме жүретiндей жағдайда қамтамасыз ету және шлюздердi күту" ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша жұмысты жалғастыру, сондай-ақ кейбір жаңа бюджеттік бағдарламаларды қабылдау жоспарлануда. Жаңа бағдарламалар:
Шульба шлюзінiң құрылысын аяқтау;
мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жетілдiру;
Өскемен және Бұқтырма шлюздерiн IIМ арнайы бөлiмдерiмен күзету;
Есіл өзенiнiң Петропавл су қоймасының плотинасынан Ресей Федерациясының шекарасына дейiнгi (50 км) және Астана қаласы ауданындағы (5 км) учаскесiнде су жолдарының кеме жүретiн жағдайын қамтамасыз ету;
Ертіс өзенiнiң Шульба СЭС Семейге дейiнгі учаскесiнде (75 км) су жолдарының кеме жүретiн жағдайын қамтамасыз ету.
Аталған бағдарламаларды қабылдау және жүзеге асыру саланы дамытуға және оны халықаралық көлiк қатынастары жүйесiне ойдағыдай бірiктiруге ғана емес, сонымен бірге халықты жұмыспен қамту проблемасын шешуге, сондай-ақ жалғас салаларды дамытуға да жағдай тудырады.
7 мiндет. Республика экономикасының ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымға бәсекеге қабiлеттi бірiккен телекоммуникациялық секторының одан әрi дамуына бағытталған жағдайлар жасау және тетiктердi қалыптастыру
Республикадағы магистралдық каналдардың жалпы ұзындығы 67551 мың кан./км, одан кабелдік линияның үлесiне 80%, радиорелейлiкке - 11%, жер серiгiндiкке - 9%.
2000-2001 жж. кезеңде байланыстың көрсеткен қызметiнің жалпы көлемi тұрақты өскенi байқалады. Мәселен 2001 ж. "Қазақтелеком" ААҚ халықаралық, қалааралық телефон байланысының көрсеткен трафикi минутпен санағанда 1166 млн., соның iшiнде шығатын ақылы трафик - 1001 млн. Қоғамның өткен жылғы таза пайдасы 6,3 млрд. теңге болды.
Қазақстан Республикасы телекоммуникация саласының даму Бағдарламасына сәйкес 2005 ж. дейiн ғаламдық ақпарат инфрақұрылымына бәсекеге қабiлеттi бірiккен Қазақстан экономикасының телекоммуникация секторын одан әрi дамытуға бағытталған жағдайлар мен тетiктер жасалатын болады. Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесiнде телекоммуникация жүйесiнің өзара байланысының тоқтаусыз қызмет eтуі мен оңтайлы басқарылуын қамтамасыз ету, Қазақстанның бүкiл аумағында телекоммуникацияның базалық қызметiне халықтың қолы жетудi, телекоммуникация саласында бірыңғай нормативтiк-құқықтық базаны жасауды қамтамасыз ету өрбидi.
2005 ж. аяғына қарай магистралды каналдар бойынша байланыс қызметiн жүзеге асырудың көлемi 23,6% көбейер. Халықтың қолындағы негізгi телефон аппаратының саны кезеңнiң аяғына қарай 2000 мың дана болады.
Магистралдық жүйелер мен жергiлiктi байланысты "Қазақтелеком" ААҚ iшiнде жекелеме еншiлес компанияларға бөлу жоспарлануда.
2005 ж. барлық облыс орталықтарын, iрi елдi мекендердi және аудан орталықтарын байланыстыратын Ұлттық ақпараттық супермагистралдың құрылысы, коммутаторлық жабдықтардың, магистралдық желiлердiң жетiлдiрілуі, магистралдық және зоналдық байланыс линияларын ұйымдастыру үшiн жер cepiгі арқылы байланыс жүйесін қалыптастыру аяқталады.
Кезеңнің бүкiл бойында ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары, мемлекеттік органдарды ақпараттандыру, мемлекеттiң ақпараттық-коммуникациялық қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесiн енгізу бойынша жұмыстарды орындау қарастырылып отыр.
9 ТАРАУ. ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ
Мақсаттар мен мiндеттер
2003-2005 жж. ғылым және технологияларды дамыту саласындағы басты мақсат экономиканың дамуының инновациялық сипатын және экономиканың ғылымды қажетсiнетiн секторларында отандық тауар өндiрушiлердiң бәсекелiк позициясын қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған байланысты бірiншi кезектегi мiндеттер:
республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының қажеттерiне және әлемдiк ғылымның даму тенденцияларына сәйкес 2003 және одан арғы жылдарға ipгелі зерттеулердің бағдарламасын қалыптастыру және жүзеге асуын қамтамасыз ету;
экономиканың базалық салаларының қажетiн ғылыми-технологиялық қамтамасыз етуге қолданбалы зерттеулердің бірiншi кезекте бағытталуы, экспорттық потенциалды көтеру және импортты алмастыру;
"зерттеу - әзiрлеу - кадрларды даярлау - өндiрiстiк игеру" бірыңғай ғылыми-өндiрiстiк циклына көшу үшiн қолайлы жағдай жасау және осы негiзде инновациялық қызметті, технологиялық және рыноктық инфрақұрылымның элементтерiн дамытуды және жаңа ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстерi, соның iшiнде ғылыми-технологиялық салада ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
ғылыми-техникалық салада халықаралық қарым-қатынасты кеңейту;
өндiрушілердің ғылыми жетiстiктердi енгізуге оларға әртүрлi жеңiлдiктер мен преференциялар беру арқылы ынталылығын арттыру.
Орта мерзiмдi болашақта:
аймақтарда ғылымды дамыту, ғылым дамуының аймақтық моделiн қалыптастыру;
ғылым саласында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту, соның iшiнде венчурлық, ол үшiн зейнетақы қорының, жеке адамдардың және басқаларын қаражаттарын тарту;
ғылыми-технологиялық саланы барабар ресурстық қамтамасыз ету, ғылым мен білім берудiң бірiгуi.
Алға қойылған мақсаттарға жетудiң және мiндеттердi шешудің жолдары
Ғылыми зерттеулердің басымдық бағыттары ұлттық ғылыми-техникалық дамудың қажетiн ескере отырып ғаламдық көлемдегi болжамдарға негiзделетiнiн әлемнiң индустриалды дамыған елдерiнiң тәжiрибесi көрсетiп отыр. Сонымен бұл елдердiң көпшiлiгi өздерiнiң күшiн зерттеулер мен әзiрлемелердің аса санаулы бағыттарында ғана және сондай салаларда қай жерде оларға әлемдiк рынокте өнiмдi өндiру мен сатуда өз орнын табуға мүмкiндiк беретiн бәсекеге қабiлеттi әзiрлемелерi бар, сонда шоғырландырады.
2003-2005 жж. ғылым мен технологияны дамыту саласындағы мақсаттарға жету және мiндеттердi шешу үшiн Үкiметтiң негізгi күшi мыналарға бағытталады:
ғылымды өндiрiспен бірiктiрудiң жаңа ұйымдастыру пошымдарын (ассоциациялар, технопарктер, технополистар, консорциумдар, олар зерттеушi университеттердi, алдыңғы шектегі ҒЗИ және өнеркәсiптiк кәсiпорындарды бірiктiредi) дамыту және қолдау, оларға қызметкерiнiң біріншi кезеңiнде мемлекет тарапынан қаржы және ұйымдастырушылық қолдау көрсету жолымен;
iрi кәсiпорындардың жаңа зерттеулердi өнеркәсiптiк игеруге, технологиялық жабдықтарды жетiлдiру және халықаралық стандарттардың талабына жауап беретiн өнiм шығаруға құштарлығын арттыру жөнiнде экономикалық және ұйымдастырушылық тетiктердi iске қосу;
интеллектуалдық меншiктi қорғау, патенттердi пайдалану, шетелдiк және отандық инвесторлармен, жеке меншiк кәсiпорындарымен, олар ғылыми зерттеулердiң нәтижесiн пайдаланған кезде, құқықтық қатынастар орнату саласында нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру;
қосымша бюджеттен тыс қаражатты тартудың тетiктерiн әзiрлеу, отандық ғылым мен өндiрiстi қаржыландыруға қаражат салушы жеке инвесторларды экономикалық ынталандыру;