12-жылдық білім беруге көшудің ғылыми-әдiстемелiк базасын жасау және жолдарын анықтау;
білім берудің беймемлекеттік ұйымдарының желісін дамыту;
орта білім беругe шығысты анықтаушы нормалар мен нормативтер әзiрлеу.
Бастауыш және орта кәсiби білім беру саласында
Барлық аудан орталықтарында және шағын қалаларда бастауыш кәсiби білім беру оқу орындарының iсiн қалпына келтiру және ашу;
мамандықтар мен кәсiптер бойынша бастауыш және орта кәсiби білім берудiң мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарттарын әзiрлеу және енгізу;
кадрлар даярлау мәселесiнде жұмыс берушiлер мен бастауыш және орта кәсiби білім беру оқу орындарының әлеуметтiк әрiптестiгін ұйымдастыру және дамыту;
бастауыш және орта кәсiби білім беру ұйымдарын мағынасы бойынша технологиялық процестерге және қазiргi заманғы өндiрiстің жабдықтарына сай келетiн оқулықтармен және оқу құралдармен қамтамасыз ету;
бастауыш және орта кәсiби білім берудi қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру;
бастауыш және орта кәсiби білім беру оқу орындарында негiзiнен негiзгi мектептердiң (9 сыныпты) базасында және аймақаралық деңгейде біліктi жұмыскерлердi және мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруды және орналастыруды қамтамасыз ету; бастауыш және орта кәсiби білім беру ұйымдарын бiтiрушілерiн еңбекке орналастыруға жәрдем көрсету;
бастауыш және орта кәсіби білім беру ұйымдарын ақпараттандыру.
Жоғары және жоғары білiм беру орындарынан
кейінгi кәсiби білім беру саласында
Білім беру мен ғылымның бірiгуiнің Тұжырымдамасын әзiрлеу;
жоғары кәсiби білім беру үшiн оқулықтардың және оқу құралдарының жаңа буынын әзiрлеу және шығару;
жастарға мемлекеттік білім беру гранттарын және мемлекеттік білім беру несиелерiн берудiң тетiгiн жетiлдiру;
магистратура арқылы тереңдетiлген жоғары кәсiби білімi бар мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;
әлемдiк білім беру кеңiстiгiне ену процесiн ескере отырып жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестациялауды жетiлдiру;
студенттердi даярлау, оқытушылардың біліктілігiн көтеру және қайта даярлау, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргiзу процесiнде халықаралық қарым-қатынасты кеңейту;
аймақтық жоғары оқу орындарының айрықша статусы туралы Типтік ережесін әзiрлеу;
жоғары кәсiби білімi бар мамандарға еңбек рыногтағы сұранымның құрылымын орта және ұзақ мерзiмдi болжамдаудың Әдiстемесiн енгізу;
әлеуметтiк әрiптестік шеңберiнде жоғары оқу орындарын бiтiрушілердi жұмысқа орналастыру қызметiн дамыту;
республика жоғары оқу орындарында оқытудың дистанциялық пошымын енгізу;
аймақтарда ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудағы және орналастырудағы диспропорцияларды жою;
елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму үшiн басымдық маңызы бар кейбір келешегi бар ғылыми бағыттар мен мамандықтарды дамыту.
Білім беру жүйесiн ақпараттандыру
Қазiргi заманғы электронды оқулық басылымдарды жасау және енгізу;
ақпараттық білім беру ресурстарының деректер базасын қалыптастыру үшiн бағдарламалық қамтамасыз етудi жасау;
білім беру ұйымдарын ақпараттық құралдармен қамтамасыз ету;
дистанциялық оқытуды ұйымдастыру;
"Білім беру жүйесiн ақпараттандыру" бағдарламасын әзiрлеу.
Болжамдалған нәтижелер
Мектепке дейiнгi тәрбие беру және оқыту саласында 2005 ж. мектепке дейiнгi тәрбие берумен қамтылған балалар санының өсуi 2002 ж. қарағанда 9,4% өседi деп күтілуде.
Орта жалпы білім беру саласында
Білім берудiң халықтың барлық топтарына қол жететiндей болуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретiн мектептер жүйесi кеңитiн болады. 2005 ж. олардың саны 86 бірлiкке өседi, оқушылар контингентi тек 0,9% өскен жағдайда.
Білім берудiң 12 жылдық циклымен орта жалпы білім берудiң Ұлттық моделiн әзiрлеу жөніндегі жоба жүзеге асатын болады.
Село мектебiне айрықша көңiл бөлiнетiн болады. "Ауыл мектебi" Бағдарламасы жүзеге асырылатын болады, ол білім берудiң селолық ұйымдарының жұмысын жақсартуды, олардың тұрақты дамуын, оқу-материалдық базасын, сондай-ақ кадр потенциалын нығайтуды қамтамасыз етедi. Селолық мектептер үшiн мұғалiмдер даярлау және қайта даярлау аз комплектi мектептер ерекшелiгiн ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
Білім берудің беймемлекеттік ұйымдары одан әрi дамитын болады. Олардың өсуі 2005 ж. 2002 ж. қарағанда 9,2% жетедi деп болжамдалуда.
Бастауыш және орта кәсiби білім беру саласында
Бастауыш және орта кәсiби білім беру ұйымдарының жүйесi шамалы ғана көбейедi, кәсiби мектептерде (лицейлерде) кадр даярлауды кеңейту негiзiнен негізгi мектеп (9 сыныпты) базасында оқушылар қабылдауды көбейту есебiнен кеңейтетiн болады.
Жоғары және жоғары оқу орындарын бiтiргеннен кейiнгi кәсiби білім беру саласында 2003 ж. мемлекеттік жоғары оқу орындарының саны 49-дан 37-ге дейiн қысқарады, сол кезде оларда оқитын студенттер саны 2002 ж. қарағанда 2,8% өседi.
14 ТАРАУ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Мақсаттар мен мiндеттер
Мақсат - селолық денсаулық сақтаудың басымдықпен дамуын, саланы қаржыландыру тетiктерiн жетілдiрудi ескере отырып, медициналық және дәрiлiк қызметтің сапасын және қол жетерлiгiн көтеру арқылы ауру-сырқаулық деңгейiн нақты төмендету және халықтың денсаулық жағдайын жақсарту.
Мақсатқа жетуге келесi мiндеттердi шешу жағдай жасайтын болады:
халыққа сапалы медициналық және дәрiлiк көмек көрсету;
санитарлық-эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз ету;
медициналық қызмет рыногындағы қаржылық инструменттерді жетілдiру;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің және диагностикалық орталықтардың жүйесін дамыту;
салауатты өмiр салтын насихаттау жөніндегi шараларды жандандыру.
Алға қойған міндеттерді шешудiң жолдары
Денсаулық сақтау объектілерінiң материалдық-техникалық базасын жақсарту, кадрлармен қамтамасыз ету, санитарлық автокөлiкпен жабдықтау арқылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесiн одан әрi күшейту жөніндегі шаралар қарастырылып отыр.
Селолық денсаулық сақтауға мамандарды тарту үшін селолық медицина қызметкерлерiне кәсiби қызметі, пәтер беру үшiн жағдай жасау жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Профилактикалық тексеру жүргізу, анықталған мұқтаждарды бұдан былай тұрақты диспансерлеу мен сауықтыру, бірiншi кезекте балалар мен бала табуға жарамды жастағы әйелдерi, халықтың әлеуметтiк әлсiз тобына баса көңiл бөле отырып медициналық көмектің салалық бағдарламасын жүзеге асыру арқылы халықтың денсаулығын паспорттандыру жалғасатын болады.
Сапаны басқару жүйесiн жетілдіру мақсатында медициналық көмектің әр деңгейi үшiн сапа индикаторын анықтау, оңтайлы схеманы қолдана отырып диагностика мен ауруларды емдеудiң стандарттарын жасау, емделушiлердің денсаулығына зиян келтiргенi үшiн медицина қызметкерлерiнiң жауапкершiлiк дәрежесiн анықтау жөнiнде шаралар жасап шығару, мамандардың біліктілік деңгейiн көтеру ұйғарылып отыр.
Денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың тетiгін жетiлдiру жөнiнде шаралар жүзеге асырылатын болады. 2003 жылдан бастап медициналық қызметтiң кепiлдi көлемiн қамтамасыз етуге бюджет қаражатын бөлудiң нормативтік әдiсiн енгізу, мiндетті медициналық сақтандыру жүйесiн енгізу бойынша дайындық кезеңін жүргiзу ұйғарылып отыр.
Дәрілiк заттардың сапасын жақсарту және халықтың қалың тобының қолы жетерлiктей болуы, фармацевтикалық индустрияны және медициналық өнеркәсiптi дамыту жөнiнде шаралар қаралмақ.
Дәрiханалар ұйымдары жүйесiнiң дамуы жалғасуда. Жайылымдық мал шаруашылығы учаскелерiндегі, шекара бекетіндегі, тұрғындар саны аз шалғайдағы елдi мекендердегі азаматтар дәрілермен қамтамасыз етудiң арнайы режимiнiң шаралары қарастырылатын болады.
Мемлекеттік дәрiханалардың санын көбейту және фармацевтiк секторда бәсекенi күшейту мен дәрілік заттардың отандық өндiрiсiн одан әрi дамыту есебiнен дәрiлiк заттарға бағаны тұрақтандыру мен төмендету жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
Жұқпалы ауруларды азайту жөнiндегі профилактикалық шаралар ретiнде мемлекеттік шекаралар түйiлiскен жерлерде санитарлық-карантиндiк пунктер жүйесiн дамыту және жұмысын жетiлдiру, аса қауiптi жұқпалы аурулардың табиғи ошақтарында жүргiзiлетiн профилактикалық шаралардың көлемiн көбейту, халықтың жұқпалы аурулармен ауруының алдын алу жөнiнде бағдарламаларды жүзеге асыру қаралған. Халықты вакцинамен егу бағдарламаларын кеңейту есебiнен вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулармен ауруды азайту және профилактикасы жөніндегі шаралардың тиімдiлiгi көтерiледi.
Қоршаған ортаны ластаушы кәсiпорындардың экологиялық және санитарлық-гигиеналық кешендi мониторингiсiн жүргiзу қаралып отыр.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейiнде салауатты өмiр салтын насихаттау, денсаулық сақтау саласына профилактикалық бағыт беру жөніндегі iс-әрекет жандандырылатын болады.
Денсаулықтың профилактикасы мен нығаюы жөнiндегі бағдарламаларды одан әрi жүзеге асыру туралы шаралар қабылданатын болады.
Салауатты өмiр салты мәселелерi бойынша оқытушы кадрлар даярлауды және қайта даярлауды кеңейту, "Салауатты университеттер", "Денсаулықты күшейту мектептерi" Халықаралық бағдарламаларын енгізу қаралып отыр. Салауатты өмiр салтын БАҚ арқылы насихаттау жөнiндегі жұмыс жандануда, соның iшiнде телеарналарда арнайы бағдарламалар жасау, баспа басылымдарында арнайы айдарлар ашу.
Болжамдалған нәтижелер
Елдің барлық елдi мекендерi медицина қызметкерлерiмен қамтамасыз етiлетiн болады. 2005 ж. дербес амбулаториялық-поликлиникалық ұйымдардың саны 4,4% өседi, ауруханалардың саны 6,1%, фельдшерлiк пунктер 1,5%, фельдшерлік-акушерлiк пунктер - 0,8%. Бұл республиканың барлық халқына алғашқы медициналық-санитарлық және біліктi дәрiгерлiк көмектің қол жетерлiктей болуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Денсаулық сақтаудың беймемлекеттік секторы дамитын болады.
Денсаулық сақтау объектiлерінің материалдық-техникалық базасы күрделі жөндеу жүргiзу және жаңа құрылыс салу, қазiргі кездегі медициналық жабдықтармен, санитарлық автокөлiкпен жабдықтау арқылы нығаяды. Әлеуметтік осалдықтың қиын шегiндегі халық топтарына медициналық көмектің бағытталуы күшеймек.
Дәрiханалар ұйымдарының жүйесi 2005 ж. 8,2% көбейедi, бұл село тұрғындарына, әсiресе шалғай аудандардың, халықтың әлеуметтiк осал топтарына дәрiлік көмектi жақсартуға мүмкіндiк бередi.
Денсаулық сақтау ұйымдарын, әсiресе селолық ұйымдарын, кәсiби кадрлармен қамтамасыз ету деңгейi көтерiледі.
Елдегi санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақтанады. Жұқпалы аурулардың деңгейі төмендейдi, соның iшiнде ерекше қауіптi жұқпалы аурулардың бұрқ етуi, жүргізiлетін шаралардың профилактикалық бағыттылығы көтерiледі.
Азық-түлік рыноктарының, қоғамдық тамақтану объектілерінің және сауданың, су құбыры ғимараттарының санитарлық-гигиеналық жағдайы, халықтың денсаулығы үшiн ауыз судың және азық-түлiктiң қауіпсіздігі жақсарады.
Аурулардың профилактикасы және салауатты өмiр салтының маңыздылығы туралы халықтың білім деңгейi көтеріледi, өз денсаулығы үшiн жауапкершiлiк сезiм қалыптасады, халықтың жалпы және жұқпалы ауруға шалдығуы төмендейдi.
15 ТАРАУ. МӘДЕНИЕТ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ
Мақсаттар мен міндеттер
Мәдениет
Мәдениет саласындағы негiзгi мақсаттар бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңiстiктi күшейту арқылы қоғамның рухани потенциалын жүзеге асыру; тарихи-мәдени мұраларды сақтау және дамыту; кәсiби өнердi және халық творчествосын дамыту жағдайын қамтамасыз ету; тiл жөнінде балансталған және әлеуметтiк бағдарланған жастар саясатын жүргізу.
Мәдениет саласындағы негiзгi мiндеттер болып саналатындар:
мәдениет өнiмi мен қызметiнiң кепiлдi минимумына халықтың қолы жетуін қамтамасыз ету;
тарихи-мәдени мұраның ескерткiштерiн сақтау жөнiндегі бірiншi кезектi шаралардың әзiрленiп жатқан бағдарламасы шеңберiнде тарихтың, археологияның және архитектураның, тарихи орталықтардың ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
шетелдерде Қазақстанның беделiн көтеру үшiн халықаралық мәдени байланыстарды кеңейту;
кәсiби өнер мен халық творчествосының дамуын нормативтік-құқықтық және бағдарламалық қамтамасыз етудi жетiлдiру;
селолық жердегi мәдени инфрақұрылымды күшейту және дамыту;
мемлекеттік тiлдi дамыту;
мәдениет пен өнердің саласындағы кадр потенциалын нығайту;
жас ұрпақтың дамуы үшiн құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды жасау;
шетелдерде тұратын отандастарға мәдени-ағартушылық және тіл жөнiнде көмек көрсету.
Туризм
Басты мақсат экономикалық өсуге және халықты жұмыспен қамтуды көтеруге жәрдем жасау үшiн елдiң туристiк саласын экономиканың табысты саласына айландыру, туризмнiң жоғары пайдалы индустриясын жасау және туристік қызметтiң халықаралық рыногында бәсекеге қабiлеттi ұлттық туристiк өнiмдi жүзеге асыру.
Спорт
Спорт саласындағы негізгі мақсат дене шынықтыру және спорт құралдарымен салауатты өмiр салтының принциптерiн бекіту, дене шынықтыруды және бұқаралық спортты, жоғары жетiстiктер спортын дамыту болып табылады.
Алдағы кезеңде келесi мiндеттердi шешу қаралып отыр:
жоғары класты спортшыларды дайындау үшiн қазiргі заманғы базаны, денешынықтыру-сауықтырудың кeң жүйесiн және спорт ғимараттарын жасау;
бұқаралық спортты дамыту, әсiресе селода;
олимпиадалық, ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерiн және халық ойындарын дамыту;
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын халықаралық жарыстарға дайындау.
Алға қойған мақсаттарға жету және мiндеттердi шешу жолдары
Мәдениет
мәдениет пен өнердiң қызметкерлерiнің кадр потенциалын күшейту;
селодағы мәдени-демалыс жұмыстарын одан әрi қайта өркендету және дамыту;
халықаралық мәдени байланыстарды кеңейту, Қазақстан халқының ұлттық мәдениетiн және дәстүрлерiн жан-жақты дамыту;
мәдениет өнiмдерi мен қызметтерiнiң кепiлдi минимумына халықтың қолын жеткiзетiндей әлеуметтiк нормативтердi әзiрлеу;
әлеуметтiк маңызы бар әдебиеттi шығаруды қамтамасыз ету;
тiлдердiң қызмет етуi мен дамуының 2001-2010 жж. Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;
қазақ халқы басым облыстарда iс жүргiзудi мемлекеттік тiлге көшiрудi жалғастыру;
салалық, жеке терминологиялық сөздiктердi шығаруды жүйеге келтiру және үйлестiру;
қазақ тілінiң электрондық терминологиялық базасын жасау;
бұқаралық ақпараттық құралдардың нормативтік-құқықтық базасын жасау және қазақстандық телерадиохабарлық инфрақұралымын дамыту, масс-медианың отандық рыногында мемлекеттің ақпараттың ықпалының деңгейiн көтеру;
Қазақстан Республикасында телерадиохабарды 2002-2005 жж. дамытудың бағдарламасы шеңберiнде азаматтардың ақпараттық қажеттерiн толығырақ қанағаттандыру үшiн телерадиохабардың көпбағдарламалы жүйесiн жасау;
жастардың азаматтық қалыптасуы және әлеуметтiк өзiн-өзi жүзеге асыруы үшін жасалып жатқан 2003-2004 жж. "жастар саясаты бағдарламасының" шеңберiнде құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру жағдайларын жасау және нығайту;
жастардың кәсіпкерлігін дамыту, орта және жоғары кәсiби оқу орындарын бiтiрушiлердi жұмыс орнымен қамтамасыз ету, студенттік еңбек отрядтары қызметiнiң саласын жетiлдiру және кеңейту үшiн ипотеканың және преференциялар жүйесi негізiнде жастарға және жас отбасыларына несие берудi жетiлдiру;
Қазақстан Республикасының мұрағат iсiн дамыту бағдарламасы шеңберiнде мұрағаттардың архивтердің материалдық-техникалық базасының жүйесiн кеңейту және жетiлдiру.
Туризм
Туристiк саланы дамытудың мiндеттерiн шешу және алға қойған мақсаттарға жету үшiн 2002 ж. 2005 ж. кезеңде төмендегілер жоспарлануда:
Қазақстан Республикасында 2003-2005 жж. туристiк саланы дамытудың Бағдарламасын қабылдау;
туристiк саланы 2003-2005 жж. дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
деректер базасын қалыптастыру және елдің туристік потенциалы туралы ақпараттық және жарнамалық материалдарын тарату, қазақстандық туристiк өнiмдi халықаралық туристік рынокте және мемлекет iшiнде жылжыту мақсатында туристік сала үшiн Республикалық туристік ақпараттық орталықты құру;
аймақтық туристiк ақпараттық орталықтарды облыстарда және Алматы қаласында құру;
мемлекеттік "Ұлы Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" атты бағдарламасын одан әрi iске асыру;
туризм инфрақұрылымының және iргелес мемлекеттермен бірге халықаралық туристiк маршруттардың дамуын қарастыратын жобаларды әзiрлеу, инвестициялау және iске асыру;
Дүние жүзілік туристік ұйым жүргiзетiн аса iрi халықаралық туристiк көрмелерге, биржаларға және негізгі оқиғалар мен форумдарға Қазақстанның жыл сайын қатысуы арқылы қазақстандық туристiк өнiмдi туристiк қызметтің әлемдiк рыногына жылжытуға бағытталған шараларды қамтамасыз ету;
жыл сайын Қазақстандық Халықаралық "Туризм және саяхат" туристiк жәрмеңкесiн өткізу;
туристік саладағы инвестициялау, салық салу стандарттау мен сертификаттау, статистикалық есепке алу мәселелерi бойынша қажеттi нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлеу;
шетелдік туристердiң келу және тiркеу процедураларын оңайлату;
саланың ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру мақсатында интерактивтiк геоақпараттық жүйенi жасау және енгізу.
Спорт
Қазақстан Республикасында 2001-2005 жж. дене мәдениетiн шынықтыру мен спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру;
спорттағы дарынды балалар үшiн облыстық мектеп-интернаттар құру;
облыстық дәрiгерлiк-физкультуралық диспансерлердi құру;
балалар-жастар спорттық мектептерінің, жасөспiрiмдер клубының, дене шынықтырудың балалар-жастар клубтарының жүйесiн дамыту, әсiресе селолық жерде;
жазғы және қысқы спорт түрлерi бойынша олимпиадалық дайындықтың республикалық орталықтарын құру;
спорттың ұлттық түрлерiн және халықтық түрлерiн насихаттау және дамытудың республикалық орталығын құру;
спорттық резервтердi дайындаудың аймақтық орталықтарын құру;
селолық округтерден бастап, аудандық, облыстық, республикалық төрт кезеңде селолық спорттық ойындар өткізу;
балалардың жаппай спорттық жарыстарын өткізу, халықтың дене даярлығының президенттiк тестiсiн енгізу;
Алматы қаласының тау бөктерiнде олимпиадалық спорттық базаның құрылысын салу;
дене шынықтыру мен спорт бойынша ақпараттық - білім беру және насихаттау қызметiн күшейту;
бұқаралық спорттың және жоғары жетiстiктер спортының нормативтiк-құқықтық базасын одан әрi дамыту;
бұқаралық спорттың және жоғары жетiстiктер спортының проблемалары бойынша ғылыми базаны жасау.
Болжамдалған нәтижелер
Мәдениет
Мәдениет ұйымдарының санын 9,3% көбейту қаралып отыр, соның iшінде мемлекеттіктерiн - 14,2%, мәдени-демалыс ұйымдарын - 10%, кiтапханаларды 9,1%.
Туризм
Туризммен шектес салалардың (көлiк-коммуникациялық инфрақұрылым, сервис, құрылыс, сақтандыру және басқалары) дамуына және туризмнің инфрақұрылымының дамуы үшiн инвестициялық белсендiлiктi ынталандыруға негiзделген жоғарыда баяндалған шаралардың тек кешендi жүзеге асуы ғана елдің табысының, халықтың жұмыспен қамтылуының тұрақты өсуін қамтамасыз етедi.
Спорт
2005 ж. спорттық ғимараттардың саны 2% көбейедi, спорт клубтарының саны - 18%, балалар-жастар клубы - 36%, балалар-жастар спорт мектептерi 15,2% және кәсiби спортшылардың саны - 9%.
16 ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ
ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚАТЫСЫ
Мақсаттар мен мiндеттер
2003-2005 жж. басты мақсат қоғамдық-саяси өмiрдегi әйелдердiң белсендiлiгi мен рөлiн көтеру үшiн жағдай жасау және пәрмендi тетiктердi әзiрлеу, әйелдердiң жағдайын жақсарту болады.
Осыған байланысты келесi мiндеттердi шешу ұйғарылады:
елдiң саяси және әлеуметтiк-экономикалық дамуында әйелдердiң қатысын кеңейту;
олардың денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегі шараларды қабылдау;
әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлықтың профилактикасы.
Алға қойған мақсаттар мен мiндеттерге жетудiң жолдары
Әйелдерге қатысты зорлық мәселесiне тиiстi күшіндегі заңдарды халықаралық нормаларға сәйкес ету жөнiндегі шаралар жүзеге асырылатын болады. Гендерлiк саясат Тұжырымдамасын, "Тұрмыстағы зорлық туралы" Заңды әзiрлеу және қабылдау, әйелдердi құқықтық ағартуды ұйымдастыру ұйғарылып отыр. Осы мақсатта құқық қорғау органдарының жоғары оқу орындары мен колледжiлерiнiң оқу бағдарламаларына әйелдерге қатысты зорлық мәселелерi бойынша арнайы курстар енгiзілетiн болады.
2003 ж. республиканың облыс орталықтарында зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдер үшiн сенім телефоны мен баспанасы бар дағдарыс орталықтарын жасау жөнiндегі жұмыс аяқталады және оларды қалаларда және аудан орталықтарында жасау басталады. IIМ жүйесіндегі маман кадрлары бар тиiстi бөлiмшелер бұл жұмысқа әйелдердi де тарта отырып күшейтiлетiн болады.
Әйелдер кәсiпкерлiгiне оларды кәсiпкерлiк қызметтің негізiне, еңбек рыногында сұраныммен пайдаланатын мамандықтарға оқыту арқылы одан әрi қолдау жасау, әйелдер арасында шағын несие беру, әйелдердi шешiм қабылдайтын деңгейге дейiн жылжыту және оларды экономиканың басымдықты және жоғары ақы төленетiн салаларына тарту арқылы гендерлiк теңдiк қамтамасыз етiлетiн болады.
Әйелдердiң денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында отбасын жоспарлау, екiқабат және бала емiзетiн аналардың тамақтануын жақсарту, сүт безiнiң рак ауруын ертерек білу үшiн орталықтар құру, "Балаға жылы шырайлы ауруханалар" бағдарламасы бойынша Денсаулық сақтаудың дүниежүзілiк ұйымының (ДСД) критерийлерiн енгізу жөнiндегі жұмыс жетiлдiрiлетiн болады.
Болжамдалған нәтижелер
Қабылданған шаралар нәтижесiнде әйелдердi экономикалық және саяси жылжытудың жақсаруы, әйелдер денсаулығының индексiнiң жоғарлауы, оларды тұрмыстағы зорлықтан қорғау қамтамасыз етілуі күтіледi.
17 ТАРАУ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ
РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ
Мақсаттар мен мiндеттер
Мақсат - қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, қоғамның қажетiне сәйкес табиғатты пайдалану процесiн реттеу, күшіндегі табиғатты қорғайтын заңдарды халықаралық талаптарға сәйкестендiру.
Алға қойған мақсаттар мен мiндеттердi шешу жолдары
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаға шаруашылық қызметтiң әсерiн төмендету және қалдықтарды пайдалану деңгейiн көтеру мақсатында табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жүйесiн оңтайландыру қажет. Қазiргі қолда бар шашыраңқы ведомстволық жүйенi бірлестіру және табиғатты пайдалануды өндiрiстiк мониторингiлеу, қоршаған ортаны қорғау саласында басқару шешiмдерiн қабылдаудың және ұтымды табиғат пайдаланудың негiзi болып табылатын экологиялық ақпарат жинауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету, табиғи ресурстардың кадастрын әзiрлеу, Каспий қорықтық зонасында және Каспий маңындағы аймақта iс-әрекет жүргiзіп жатқан кәсiпорындарға қосымша экологиялық талаптар әзiрлеу, жұмыстың экологиялық қауiптi түрлерiн мiндеттi экологиялық сақтандыруды енгізу үшiн құқықтық негіздер жасау, "Қоршаған ортаны 2004-2006 жж. қорғау" бағдарламасын әзiрлеу мақсатында қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың мониторингiсiнің бірыңғай мемлекеттік жүйесiн жасау ұйғарылуда.
Қоршаған ортаны қалпына келтiру және оңалту мақсатында қоршаған ортаның сапасын жақсарту жобаларын жүзеге асыруға, зиянды, соның iшiнде радиоактивтiк қалдықтар жинақталған жерлердегi тарихи ластануды зерттеуге, тарихи ластануды жою жөнiндегі бағдарламаны жүзеге асыруға iс-әрекеттi бағыттау ұйғарылуда. Халықаралық ұйымдармен бірге Нұра-Есіл өзендерінің су алабының қоршаған ортасын қалпына келтiру және басқару, Солтүстiк-Шығыс Қазақстанды сумен жабдықтау және тазалығын сақтау, сондай-ақ биологиялық әртүрлiлiктi сақтаудың, шөлге айналумен күресуi, парниктiк газды және озонды бүлдiрушi заттарды шығаруды болдырмаудың ғаламдық экологиялық проблемаларды шешу жөнiндегі жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғанатын болады. Балхаш көлi су алабындағы қоршаған ортаның объектілерін оңалту бағдарламасын әзiрлеу белгіленіп отыр.
Республикалық бюджеттің, кәсiпорындар мен халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен экологиялық және табиғат қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалану жөніндегі жұмысты жалғастыру ұйғарылып отыр. Халықаралық қорлар, қарыздар мен гранттар қаражатын трансшекаралық әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге бағыттау, сондай-ақ ғаламдық экологиялық проблемаларды шешу жөнiнде халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты кеңейту, жобаларды бірлесiп қаржыландыруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.