құс еті мен жұмыртқаны өндіруді ішкі рыноктың сұранымын қанағаттандыруға және импортты шеттетуге бағыттау. Бұл саланы дамыту үшiн "Алтын құс" негізiнде ет бағытындағы құстың тұқым базасын қалпына келтiру жөніндегі жұмысты жалғастыру және маманданған кросстар негізiнде жұмыртқа беретiн құс шаруашылығын қалпына келтiру жұмысын бастау қажет.
Малдәрiгерлiк-профилактикалық, эпизоотияға қарсы және малдәрiгерлiк-диагностикалық шараларды жүзеге асыру бойынша:
жыл сайынғы жоспарлы малдәрiгерлiк-профилактикалық, эпизоотияға қарсы және малдәрiгерлiк-диагностикалық шараларды толық көлемде жүргізу үшiн қаржы қаражатты өз уақытында бөлу;
малдәрігерлiк биологиялық және фармацевтикалық өнеркәсiптi дамыту, өндiрiсi қамтамасыз етiлмеген малдәрiгерлiк биологиялық препараттарды, паразиттарға қарсы және дезинфекция (зарарсыздандыру) жасайтын құралдарды, антибиотиктердi, дәрiлiк фармакологиялық препараттарды өндiрудiң жоғары технологиясын енгізу;
селолық және поселкелiк округтерде жұмыс iстейтiн малдәрiгерлiк инспекторлардың санын республикалық бюджет есебiнен 2319 адамға дейiн жеткізу қажет, ол үшiн республикалық бюджеттен 999 малдәрiгерлiк инспекторларды ұстауға қосымша қаржыландыру керек;
бүгiнгi күнге эпизоотиялық жағдай ауыл шаруашылық мал басының 80% астамы ауыл шаруашылық малдардың жұқпалы ауруларына қарсы мiндеттi түрдегi иммунитеттендiруден өтуiн және барлық мал басы аса қауiптi жұқпалы ауруларға қарсы диагностикалық зерттеулерден өтуiн талап етедi;
малдәрiгерлiк-фитосанитарлық күзет орындары мен пункттердi өз қызметтерiн мемлекеттік шекарада жүзеге асыратын басқа мемлекеттік бақылаушы органдармен бірге бірыңғай кешен-терминалдарда орналастыру туралы мәселенi түбегейлi шешу және оларды байланыс құралдарымен, оргтехникамен, көлiкпен және жабдықтармен қамтамасыз ету;
малдәрiгерлiк лабораторияларды техникалық жабдықтау үшiн Дүниежүзiлiк сауда ұйымының (ДСҰ) талаптарына сай келетiн қазiргi заманғы жабдықтар мен аппараттарды 806546,5 мың теңгеге сатып алу;
малды маманданбаған, тиiстi лицензия алмаған жерлерде союға тыйым салатын заң нормаларын енгізу арқылы мал союды ұйымдастыруды тәртiпке келтiру;
малдәрiгерлiк отандық нормалар мен стандарттарды олардың ДСҰ талаптарына сай болуы мақсатында халықаралық малдәрiгерлiк нормативтермен үйлестіру.
2005 ж. аяғындағы агроазық-түлiк кешенінде бәсекеге қабілеттi өнiм өндiру үшiн базалық жағдайлар жасалуы, азық-түлiк қауіпсiздігінің тұрақты жүйесiнiң тетiктерi әзiрленуi, өндiрiс пен сатудың балансталған рыноктары қалыптасуы, экспорттық мүмкiндiктердің ұлғаюы тиiс. Агроөнеркәсiп кешенi қазiргi заманғы өндiрiс және әлемдiк сауданың талаптарына сай келуге тиiс. Мемлекеттік агроөнеркәсiптiк саясаттың 2003-2005 жж. негiзгi мақсаты агроөнеркәсiп кешенiнің тиiмді жүйесiн қалыптастыру және бәсекеге қабiлеттi өнiмдi өндiру негiзiнде Қазақстанның азық-түлiк қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
Аграрлық сектордің дамуын қамтамасыз ететін
мемлекеттік қаржы ресурстары
Экономиканың дамуының болжамдалып отырған қарқынына сәйкес ауыл
шаруашылық кәсіпорындарының қызметiнің қаржылық нәтижесi келесідей:
(есепке алынған кәсiпорындардың аясы бойынша), млрд. теңге:
11 кесте
| 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 |
| 87,4 76,9 14,4 56,4 6 4,6 7,8 4,1 | 89,7 78,9 14,8 57,9 6,1 4,7 8,0 4,2 | 95,1 83,6 15,7 61,3 6,5 5,0 8,5 4,5 | 99,9 87,9 16,5 64,5 6,8 5,2 8,9 4,7 | 101,3 89,1 16,7 65,3 6,9 5,3 9,0 4,8 |
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі
Агенттіктің есеп көрсеткіштері негізінде
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
Ауыл шаруашылық өндірісін дамытудың болжамы
13 сур.
Ауыл шаруашылық өнімін өндірудің өзгерісінің болжамы, өткен жылға %
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
2003-2005 жж. ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі жылына 3%-тей қарқынмен өсетін болады. Сонымен өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының өнімдерінің өсу қарқыны іс жүзінде теңесетін болады.
Астық өндірудің болжамы, мың тонна
14 сур.
Ақпарат көзі: Агроазық-түлік бағдарламасы
Болжам жасалып отырған кезеңде астық өндіру көлемі 2001 ж. 15,9 млн. тоннадан 2005 ж. 14 млн. тоннаға дейін қысқарады. Сонымен 2002 ж. оны өндіру 12 млн. тоннаға дейін төмендеп, сонан соң біртіндеп ұлғаюы басталады. Өндірілетін астықтың жалпы көлеміндегі бидайдың үлесі 2001 жылғы 80%-тен 2005 ж. 78,6%-ке дейін төмендейді. Бұршақтұқымдастардың, жүгерінің, майлы дақылдардың үлесі артады, бұл құрама жем мен өсімдік майын өндіруді арттыруға мүмкіндік береді. Дәнді дақылдардың сапасын көтеру есебінен экспортқа шығаратын өнім тиісінше 3,3 млн. тоннадан 5,5 млн. тоннаға дейін өседі.
15 сур.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің болжамы, бұрынғы жылға %
Ақпарат көзі: Агроазық-түлік бағдарламасы
Мал шаруашылығының негізгі өнімдерін шығару жылдық орта өсімінің қарқыны 3,2% көлемінде болжамдалып отыр. Жұмыртқа өндіру жоғарырақ қарқынмен көбейетін болады.
7 ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МЕН СЕЛО ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ
Мақсаттар мен міндеттер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 ж. дейінгі кезеңге әлеуметтік-экономикалық саясатының басты басымдықтарының бірі ауылдағы (селодағы) тұрмысты дұрыстандыру мен жақсарту жөніндегі шараларды жүзеге асыру болып табылады. Бұл басымдықты жүзеге асыру селоның әлеуметтік саласының және инфрақұрылымның даму бағдарламасы арқылы жүргізіледі.
Аталған бағдарлама агроазық-түлік бағдарламасын бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына сәуірдегі (2002 ж.) жолдауында анықталған міндеттерді шешуді қамтамасыз етуі тиіс.
Ауыл (село) өмірiн жақсарту iсіндегі басты мақсат - селоның әлеуметтiк саласы мен инфрақұрылымын дамыту арқылы село халқының дұрыс тiршiлiк әрекетi үшiн жағдай жасау деп анықталған.
Негiзгi мiндеттерге жататындар:
селолық жердегi инфрақұрылымды дамыту;
әлеуметтiк және мәдени мекемелердiң қызмет iстеуiн қамтамасыз ету;
жұмыспен қамту проблемасын бәсеңcity және халықты әлеуметтiк қорғау.
1 мiндет. Селолық жердегі инфрақұрылымды дамыту
Жолдарды және көлiк қатынастарын дамыту
Облыстарда және республикалық маңызы бар жолдар бойында автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау үшін жоғары сапалы табиғи мұнайбитумын және жергiлiктi руда емес жол құрылысына керектi материалдарды өндiретiн зауыттар салуды қамтамасыз ету ұйғарылуда.
Жолды пайдалану шеңберiнде мыналар қарастырылады:
жергiлiктi жолдарды және жолаушы көлiгi жүретiн маршруттарды жақсы жағдайда ұстап тұру;
автокөлiк жүрiсiнiң қауiпсiздiгi және селодағы жол-көлiк оқиғалар санын азайту бойынша шаралар қабылдау;
жүк, жолаушылар тасымалын қамтамасыз ететiн жол құрылысы және жергiліктi жолдарды жөндеу жөнiндегі жұмыстарға оңтайлы инвестиция жасау бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Көлiкпен қамтамасыз ету проблемаларын шешу селолар мен аудан орталықтары арасында автобус қатынасының тұрақты қызмет етуін жасауды, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар жалпылама пайдаланылатын жолдарды салу мен қайта жаңартуды ескередi.
Халықтың қажетiн және селолық елдi мекендерде көлiк аялдамаларын толық ойластыруды ескере отырып әрбір селолық аудан бойынша автобус маршруттарының схемасын жасау ұйғарылып отыр.
Ашық тендерлер негізiнде жолаушыларды тасымалдау үшiн меншiктiң әртүрлi пошымындағы жолаушы көлiктерiнiң иелерiн кеңiнен тарту ұйымдастырылатын болады.
Селолық елдi мекендердi энергиямен, газбен
және сумен қамтамасыз ету
Селоны электрмен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін төмендегілер қарастырылады:
қазiргi бар селолық электр желісін жұмысқа қабiлеттi күйде ұстап тұруды қамтамасыз ету. Халықты және селолық елдi мекендердiң әлеуметтiк саласының объектілерiн электр энергиясымен тоқтаусыз жабдықтау үшiн электрдi жеткiзетiн желiлер мен энергетикалық жабдықтардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзiрлеу;
селолық жерлерде электр энергиясын есептеудiң қазiргі заманғы жүйесiн енгізудi қамтамасыз ету;
елдiң батыс және оңтүстiк батыс аймақтарында iлеспе және табиғи газбен жұмыс iстейтiн газ турбиналық қондырғылардың құрылысын қарастыру;
энергияның дәстүрлi емес көздерiн, оның ішінде күн, жел (шағын ГЭСтар), енгізу бағдарламасын әзiрлеу, әсiресе шалғайдағы селолық елдi мекендер үшiн.
Селолық елдi мекендердi газбен қамтамасыз ету шеңберiнде мыналар қараған:
село қажетiн өтеу мақсатында елдің мұнай өңдейтiн зауыттарында сұйытылған газ шығаруды ұлғайту. Селолық жерлерде газ құйып беретiн орталықтандырылған пунктердiң және баллон айырбастаудың техникалық жабдықталуын көтеру;
Жаңажол мұнайгаз кен орнындағы газ өңдейтiн зауытты 2002 ж. қайта жаңарту және осы кен-орнындағы iлеспе газды қайта өңдеу есебiнен Ақтөбе облысының селолық елдi мекендерiн газдандыруды жүзеге асыру;
Жамбыл облысындағы Амангелдi тобы кен орнын аяғына дейiн барлау, игеру және әзiрлеу есебiнен Оңтүстік Қазақстан облысының селолық елдi мекендерiн газдандыруды жалғастыру, бұл 2003 ж. аяғына дейiн оңтүстік аймақтардың селолық тұтынушыларын өз газымен қамтамасыз етудi жақсартады; Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Бөрлi, Зеленовский, Жанғалы, Жәнiбек, Қазтал және Тасқала аудандарының елдi мекендерiн газдандыруды аяқтау.
Село халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қаралған:
санация процедурасын жүргiзу жолымен сумен жабдықтау және канализация жүйесiнiң кәсiпорындарын қаржылық сауықтыруды жүргiзу;
сумен жабдықтау және канализация жүйесiнiң объектілерін қайта жаңартуды және техникалық қайта жабдықтауды 2004 жылдың аяғына дейiн жүзеге асыру;
2002 жылдың аяғына дейiн жергiлікті атқарушы органдар деңгейiнде қатты ластануға ұшыраған аудандарда суды тазалау және жеткізу мәселелерiн шешу;
сумен жабдықтаудың жергіліктi коммуналдық жүйесiн қайта жаңғырту үшiн басымдықты қаржыландыру тетiктерiн әзiрлеу;
суық суды тұтынуды есепке алатын жеке приборлар орнату;
тұрғын үйлердi және жылу жүйелерiн күрделi жөндеу жасаған кезде пенополимербетон және пенополимер қоспасы негiзiнде зауытта жасалған жылу изоляциялайтын (айыратын) материалдарды қолдану есебiнен құрылыс конструкциялары мен су таратушы құбырларды жылылауды жүргiзу;
табиғатты қорғау шараларын ескере отырып су жүргізетін кәсiпорындардың экономикалық тұрақтылығы жөнiндегі шараларды анықтау;
халқы аз және шалғай селолық мекендерде сумен жергiлікті көздер есебiнен (жер асты тұщы сулар, тұщыландырылған минералды сулар) жабдықтауды жақсарту.
Байланыс құралдарын дамыту
Селолық жерлердегі байланыс жүйесiнiң тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету келесi шаралар есебiнен қаралған:
селода қазiргi кезде бар байланыс жүйесiн және қосу желiлерiн жетілдiру және жаңаларын салу;
ұлттық ақпараттық супермагистралдың талшықты-оптикалық байланыс желісіне (бұдан әрi ТОБЖ) шығумен цифрлық зоналық желiнi ұйымдастыру, салынып жатқан ТОБЖ трассасы бойындағы селолық елдi мекендерде ұқсас автоматикалық телефон станцияларын (бұдан әрi АТС) цифрлыға айырбастау арқылы;
селолық жерде АТС-тың цифрлық монтаждалған сиымдылығын көбейту. Қазiргi кездегi байланыс құралдарын пайдаланып шалғайдағы телефондандырылған селоның санын 350 жеткізу;
селолық жерде жұмысын тоқтатып қойған 27 АТС қалпына келтiру;
электрмен жабдықтаудың проблемалары бар 300 телефондандырылмаған селода таяу жерде жұмыс iстеп тұрған телефон станцияларынан сөйлесетiн пункттер ұйымдастыру;
абонементтер санын 1500 ден 12000 ға дейiн көбейте отырып байланыстың сапалы қызметін ұйымдастыру үшiн абоненттік кіру (PCM технологиясы) шеңберiнде аса жаңа технологияларды қолдануды кеңейту;
790 селолық АТС-тi қайта жаңғырту және байланыс жабдықтарын жаңарту жолымен село абоненттерінiң автоматтық халықаралық телефон байланысының (АХТБ) қызметiне кеңiрек қолы жетуiн қамтамасыз ету;
селода карточкалы таксофондар санын көбейту;
селолық жердегi телефон жиiлігін 100 тұрғынға есептегенде 6,0 ға дейiн өсiрудi қамтамасыз ету және телекоммуникацияның селолық желісінде цифрлы телефон номерiнің үлесін 15% жеткізу;
селода жұмыс iстеуге тiлек білдiретін байланыстың тәуелсiз операторларының желісін жасау.
2 мiндет. Әлеуметтiк және мәдени мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ету
Медициналық қызмет көрсету
Село халқын кепiлдi алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету, село және қала халқына медициналық қызмет көрсету деңгейiн жақындату басымдық сапасы болып қалады. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек селодағыларға олардың тұрғын жерiне қарамастан толық көлемде көрсетiлуге тиiс.
Селодағы медициналық мекемелер фельдшерлік пунктің, фельдшерлiк-акушерлік пунктің, селолық учаскелiк аурухананың, отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияның (ОДА) жұмысын қамтамасыз ететін заң жүзiнде дербес алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) орталықтары түрiнде көрінеді. Аудан орталықтарында аралас поликлиникалар олардың базасында АМСК орталықтарын құрғанға дейiн сақталады, АМСК орталықтарының дәрiгерлерiнiң қызметi жалпы тәжiрибе дәрiгерi/отбасы дәрiгерi бағдарламасы бойынша білімi мен дағдысы тереңдеген сайын біртiндеп кеңейе бермек.
Денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі шаралар жүзеге асырылатын болады, барлық селолық ОДА және учаскелiк ауруханаларды автомобиль көлігiмен қамтамасыз ету, электр энергиясымен, жылумен, байланыс құралдарымен, қажеттi қазiргi заманғы жабдықтармен, шығыстайтын материалдармен және дәрілiк препараттармен жабдықтау.
Селолық денсаулық сақтауды қаржыландыруды стационарлық көмектен амбулаторлық-поликлиникалық көмекке қайта бағдарлау жүргізiлетiн болады.
Селолық денсаулық caқтаудағы кадр саясаты жалпы тәжiрибе дәрiгерлерiн/отбасы дәрiгерлерін даярлауға бағдарланатын болады. Медициналық оқу орындарында мамандар дайындауға мемлекеттік тапсырыс селолық денсаулық сақтаудың қажетiн ескерiп қалыптасатын болады. Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын медициналық оқу орындарын бiтiрушiлердi денсаулық сақтаудың селолық ұйымдарына бөлу қалпына келтiрiлетiн болады.
Селолық жердегi медицина қызметкерлерiне және бірiншi кезекте жас мамандарға кәсiби қызметi үшiн жағдайлар жасалатын болады, жергiлiктi жерде барлық көмек пен қолдау көрсетiледi, соның iшiнде пәтермен қамтамасыз ету бар.
Селолық денсаулық сақтаудың дамуына жергiлiктi бюджет шығысын жоспарлау жан басылық норматив бойынша селолық елдi мекендердiң жағрафиялық шалғайлығын және басқа да ерекшелiктерiн ескеріп жүзеге асырылатын болады.
Білім беру
Селода білім берудің сапасын көтеру үшiн мектеп жасындағы балаларды міндеттi жалпы орта білім берумен толықтай қамту жөнiндегі шараларды жүзеге асыру көзделген. Селолық жалпы білім беру және кәсiби мектептер (лицейлер) жүйесi село халқының қажетiне сәйкес келтiрiлетiн болады. Білім беру ұйымдарында 5-6 жастағы балаларды мектеп алдында мiндеттi дайындауды жүзеге асыру жоспарлануда. Облыс орталықтарында селолық жерлердiң дарынды балалары үшiн интернаттық ұйымдар ашылмақ.
Селолық аз комплектiк мектептiң тиiмдi моделiн әзiрлеу және біртiндеп енгізу, аз комплектi селолық мектеп қызметiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру белгiленiп отыр. Селолық жерде аз комплектілі мектептердiң типтi жобалары жүзеге асырылатын болады.
Селолық мектептердi, колледждердi және кәсiби мектептердi (лицейлердi) қаржыландырудың әртүрлi көздерiнен, соның iшінде республикалық және жергілiктi бюджеттер қаражаты, демеушiлер, халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен компьютерлiк техникамен, қажеттi спорт инвентарларымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру жоспарланып отыр.
Селолық білім беру қызметкерлерiнің әлеуметтік статусын және кәсiби деңгейiн көтеру үшiн селолық мектептердiң, колледждердiң және кәсiби мектептердiң мұғалiмдерiнiң біліктілігiн жүйелi түрде көтеру, сондай-ақ жоғары және орта кәсiби оқу орындарын жергілiктi бюджет есебiнен бiтiрген және селолық жерде жұмыс істеу үшiн келген жаc мамандарды пәтермен қамтамасыз ету қарастырылған.
Селолық аудандардың ауыл шаруашылық профиліндегі мамандарды дайындаудағы қажетiн ескере отырып ауыл шаруашылық профиліндегі жоғары және орта кәсiби оқу орындарының базасында ауыл шаруашылығының барлық салалары мен ауыл шаруашылық шикiзатын өңдеушi өнеркәсiп үшiн мамандар даярлау, қайта даярлау және біліктілігiн көтеруді ұйымдастыру қаралған.
Мәдениеттiң дамуы және демалысты өткізу
Селода бұқаралық мәдени дамыту және демалысты өткізу төмендегілер есебiнен жүргiзiлетiн болады деп қаралады:
жұмыс iстемейтiн мәдениет мекемелерiн: кiтапханаларды, клубтарды, кинотеатрларды қалпына келтiру жөнiнде пәрмендi шаралар қабылдау; Қазақстан Республикасы Үкіметі бекiткен нормативтер негiзiнде саланың оңтайлы инфрақұрылымын қамтамасыз ету; мәдениет мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту;
село халқын мәдени, демалыс және ақпараттық-ағарту қызметiнiң кешенiмен қамтамасыз ету. Аудандық мәдениет үйлерi базасында шалғай елдi мекендерге қызмет көрсету үшiн жылжымалы ұтқыр кешендермен қамтамасыз етiлген мәдени-демалыс кешендерi (МДК) құрылатын болады;
селолық кiтапханалардың кiтап қорын отандық және әлемдiк классиктер шығармаларымен, қазiргi кездегі жазушылар кiтабымен толықтыру. Селолық кiтапханаларды компьютерлiк техникамен қамтамасыз ету және интернет жүйесiне қосу жөнiнде шаралар қабылданатын болады;
мәдениет қызметкерлерiнің біліктілігiн көтеру жөнiндегі тәжiрибелiк семинарлар мен мәжілістердi жүйелi түрде жүргiзу.
3 мiндет. Жұмыспен қамту мәселесiн бәсеңдету және халықты әлеуметтiк қорғау
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту
Селолық жерде тұратын халықты жұмыспен қамту, табысын көтеру проблемаларын шешу үшiн шағын кәсiпкерлiктi дамытуды қолдау қамтамасыз етiледi.
Ол үшін мыналар қаралады:
ауыл шаруашылық техникасын жөндеу және күту жөніндегі сервис орталықтарын құру шеңберiнде рыноктық инфрақұрылымның дамуына жағдай жасау;
ауыл шаруашылық өнiмдерiн қою, сақтау және тасымалдау үшiн жабдықтары бар сатып алу - дайындау ұйымдарының жүйесiн құруды ұйымдастыру;
суармалы жерлердi, ауыл шаруашылық техникасын, көлiк құралдарын, жабдықтарды бірлесiп пайдалану, сондай-ақ өсiмдiктердi қорғау, тұқым, жанар-жағар материалдарды сатып алу жөнiнде фермерлер шаруашылықтарының кооперативтерi мен ассоциацияларын құру;
франчайзинг жағдайында шағын бизнес субъектiлерінің iрi ауыл шаруашылық құрамаларымен кооперация жасауы үшiн ұйымдастырушылық-құқықтық және экономикалық, жағдайлар жасауды қамтамасыз ету;
халық кәсiбiнiң қайта өрлеуіне және әйелдер кәсiпкерлігіне жағдай тудыру;
селолық жерде бизнес-инкубаторлардың дамуына жағдай жасау;
аймақтарда селолық несие серіктестіктерiн құру арқылы село кәсiпкерлерiнiң несие ресурстарына қол жетуiн қамтамасыз ету;
шағын кәсіпкерлiк субъектiлерiне ақпараттық және кеңестiк қызмет көрсетудi жүзеге асыру;
фермерлердi шаруашылық жүргiзудің рыноктiк әдiстерiнiң, маркетингтiң негiздерiне және ауыл шаруашылық өндiрiсiнің технологиясына оқыту және қайта оқытуды үнемi жүргiзу;
коммуналдық меншiк мүлкі есебінен селолық жерде шағын кәсiпкерлік субъектiлерінің мiндеттемелерiн кепiлдiкпен қамтамасыз етудің тетiгiнiң тиiмдi жұмысы үшiн жағдай жасау.
Село халқының жұмыспен қамтылуының өсуi
Село халқының жұмыспен қамтылуының өсуi үшiн төмендегілер қаралады:
селода азық-түлiк өнiмдерiн сатып алу, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сауда және сату жөніндегі пунктердi ұйымдастыру;
қосымша жұмыс орындарын құру; экономикалық және әлеуметтiк жағынан өзiн ақтаған жұмыс орындарын сақтау және қолдау;
yaқытша жұмыспен қамтуды дамыту;
халыққа олардың табиғи-климаттық және экологиялық жағдайы қолайсыз аудандардан орын ауыстыруына көмек жасау;
қайта мамандану, адамдарды ең үлкен сұраным бар мамандықтарға оқыту, шағын және орта бизнес дағдысын меңгеруге көмектесу;
несие ресурстарына қол жетудi қамтамасыз ету, ең алдымен науқанды жұмыстарды атқару үшін, селолық несие серiктестiктерінің дамуына және селода қаржы лизингiсiн енгізуге жәрдем жасау;
жұмыспен қамтуды арттыру және кедейлiк проблемасын шешу мәселелерi бойынша үкіметтiк емес ұйымдардың қызметiне жәрдем көрсету.
Село халқын әлеуметтiк қорғау
Село халқын әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қаралып отырғандар:
селода жалақының және басқадай ақшадай табыстың өсуі үшiн экономикалық жағдайлар жасау;
жұмыс берушілердiң жалақыны, ал мемлекеттің зейнетақы мен жәрдемақыны уақытында төлеп отыруын қамтамасыз ету;
халыққа атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту, барлық елдi мекендерде жеткiлiктi түрде қамтамасыз етілмеген азаматтардың есеп карточкасын енгізу;
қаржыландыру көзiне қарамастан әлеуметтiк төлемдердің барлық түрi бойынша берешектi кезең-кезеңiмен өтеудi жүзеге асыру;
жүргiзiліп жатқан зейнетақы реформасын бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіре отырып селоның жұмыс iстейтiн халқын зейнетақымен қамтамасыз етудiң жинақтаушы жүйесiмен толық қамту бойынша шаралар қабылдау; шаруа қожалықтарының (фермерлердің) қызметкерлерінiң әлеуметтiк дербес код алуы жөнiнде;
жеткiлiктi түрде қамтамасыз етiлмеген азаматтарды қолдау жөнiндегі аймақтық қорлардың қаражатын және iзгiлiк көмек жүктерiн село халқының арасында олардың материалдық жағдайын ескере отырып бөлудi қамтамасыз ету.
Әлеуметтiк саланың мекемелерiн салуға үлестiк шығындардың нормативiн белгiлеу қажет, оларды қолдау және дамыту үшiн.
Қаржыландырудың ресурстары мен көздерi
Бағдарламаны жүзеге асырудың ресурстық базасы республикалық, жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өз қаражаттары, сондай-ақ осы Бағдарлама анықтаған мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында бөлiнген инвестициялар мен қарыздар болып табылады. Соның iшiнде төмендегiдей бөлу жоспарлануда:
республикалық бюджет қаражатынан 2002 ж. 2320 млн. теңге, 2003-2004 жж. - 10159 млн. теңге;
жергiлiктi бюджет қаражатынан 2002 ж. 696 млн. теңге, 2003-2004 жж. 5939 млн. теңге;
шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң өз қаражатынан 2002 жылы 790,1 млн. теңге, 2003-2004 жж. - 2566,72 млн. теңге.
Осы Бағдарлама белгілеген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн бөлiнетiн ақша қаражатының жыл сайынғы дәл анықталған көлемi республикалық және жергiліктi бюджеттердi қалыптастырған кезде белгiлi болады.
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесiнде село экономикасының нақты өсуі және село халқының тұрмыс деңгейінің жоғарлауы негiзінде әлеуметтiк игiлiкке тең қол жетудi қамтамасыз ететіндей село халқының өмiрiн қамтамасыз етудiң тұрақты қызмет iстейтiн жүйесi қалыптасатын болады. Село халқының жұмыспен қамтылу деңгейiн көтеру және 2004 ж. аяғына дейiн 165,5 мың жаңа жұмыс орнын жасау, оның iшiнде жұмыс iстемей тұрған шаруа қожалықтарын қалпына келтiру есебiнен - 89,0 мың, дайындаушы пунктер желісін құру есебiнен - 7,5 мың, шетелдiк қарыздарды игеру есебiнен - 56,2 мың.
8 ТАРАУ. ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ
Мақсаттар мен мiндеттер
2003-2005 жж. көлiк-коммуникация кешенiн дамытудың мақсаты сыртқы рыноктарға шығуды қамтамасыз ететiн транзиттік коридорларды дамыту және коммуникацияның ұтымды жүйесiн қалыптастыру, коммуникация мен жылжымалы құрамның техникалық жағдайын жақсарту.
Көлік және коммуникация жолдарын дамыту шеңберiндегі мемлекеттік саясат транзиттiк маршруттарды қалыптастыру мен дамыту, қазiргі бар темір және автомобиль жолдарын, су жолдарын, порттарды, аэропорттарды, аэронавигациялық кешендердi жетiлдiру мен қайтадан жаңарту, барлық көлiк түрінің жылжымалы құрамының өз өндiрiстiк және жөндеу базасын дамыту, почта байланысын жетiлдiру және почта жинақтаушы жүйесiн жасау, көлік-коммуникация кешенiнің қызметiнің нормативтiк-құқылық базасын және басқару құрылымын жетілдiру жолымен әлемдiк жүйеге бірiккен ұтымды көлік-коммуникация жүйесiн жасауды қарастырады.
Көлiк-коммуникация кешенiнiң мiндеттерi:
теміржол көлiгін Қазақстан Республикасының теміржол көлiгiн 2001-2005 жж. қайта құрылымдау Бағдарламасына сәйкес одан әрi дамыту;
2001-2014 жж. теміржол көлiгiнiң инвестициялық бағдарламасын iске асыру;
халықаралық автомобилдiк тасымалдауды дамыту, салалық заңдық және нормативтік базаны қалыптастыру;
халықаралық стандарттарға сай республиканың автомобиль жолдары торабын жетiлдiру және дамыту;
халықаралық стандарттарға сай келетiн, халықаралық көлiк коридорларына бірiккен, экономика мен қоғамның барлық субъектiлерiнiң қолы жетерлiктей, жүктер мен жолаушыларды ең аз шығынмен тасымалдауды қамтамасыз ететiн тиiмдi авиакөлік жүйесiн жасау;