Құрылыс материалдарын өндiруде құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң материалдық-техникалық базасын сақтау, қайта қалпына келтiру және одан әрi дамыту мақсатында бәсекеге қабiлеттi құрылыс өнiмiн шығаруға басымдықпен бейiмделуге мыналар қажет:
құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң талап етiлген және экономикалық жағынан негiзделген өндiрiстерiн қалпына келтiру, қайтадан жаңарту және салу;
технологиялық жабдықтарды жаңарту және қазiргi заманғы өнiмдi және энергияны үнемдеушi технологияларды енгізу;
саланы басқарудың жаңа принциптерiн игеру және жоғары технологиялық өндірістерді құру;
2003-2005 жж. ең көбірек талап етілетiн және сатылатын бәсекеге қабiлеттi құрылыс материалдарының, бұйымдарының және конструкцияларының өндiрiсiнiң тiзбесiн анықтау;
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшiн бірнеше мiндеттердi шешу керек, олардың iшіндегі басымдықтылары келесi бағыттар болып саналады:
құрылыс өнімін шығарудың мемлекеттік мониторингісi және экономикалық мақсатқа лайықтылығын талдау;
жұмыс iстемейтін, сондай-ақ жасанды түрде банкроттық процедураға және сатуға келтiрiлген кәсiпорындарға қатысты белгiлi заңдылық шараларын қабылдау;
мемлекет кепілдігімен тiкелей инвестициялар, несиелер және қарыздар тарту.
Таяу мерзімде өндiрiстi ұйымдастыру үшiн келешегi бар деп құрылыс материалдарының келесi түрлерi саналады:
гипсокартондық бұйымдар;
қаптауға және құрылысқа қолданатын кiрпiштер;
цемент-құм тақталары және черепица;
құрғақ құрылыс қоспасы;
жоғары тиiмділіктегi жылытқыштар;
үй төбесiн жабатын және басқа материалдар;
полипропиленнен және поливинилхлоридтан жасалған диаметрi 350 мм дейiнгi пластмассалық құбырлар.
2003-2005 жж. кезеңде мемлекет экономикасы үшiн стратегиялық маңызға мыналар ие болмақ:
құрылыс шынысы;
цемент;
волластониттiк концентрат;
конструкциялық жылуды изоляциялаушы материалдар;
изоляциялаушы материалдар;
әсемдеу үшiн обойлар (түсқағаздар) мен бояғыш заттар;
жеңiл құрылыс конструкциялары;
цемент-жоңқа плиталары.
Құрылыс кешенiнің табысты қызмет iстеуi үшiн елеулі жағдайлардың бірi жаңа мемлекеттік қала салу саясатын қалыптастыру мен жүргiзу қажеттiгі және осы саладағы заң және нормативтiк-құқықтық базаны жаңарту мен кеңейту болып табылады. Қазақстан Республикасының өндiргiш күштерін орналастыру жүйесi бар аумақты ұйымдастырудың бас үлгісі әзiрленуге тиiс. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала салу кадастрын қалыптастыру мен жүргiзу маңызды мағынаға ие болмақ. Оның деректерi әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын әзiрлеу мен iске асыру, қала салу және басқа жобалық құжаттарды әзiрлеу, жылжымайтын мүлік құқығын тiркеу, онымен сауда жүргiзгенде, салық салғанда, аса бағалы табиғи кешендi, тарихи-мәдени мұраны қорғау, архитектуралық-жоспарлау тапсырмасын беру кезiнде пайдаланылатын болады.
Құрылыс үшiн ұлттық нормативтiк базаны жасау, оны халықаралық нормалармен және стандарттармен үйлестiру жөніндегi жұмысты жалғастыру белгiленуде.
7 мiндет. Халық тұтынатын тауарларды өндiрудiң ассортиментiн кеңейту
Қазақстан Республикасының мемлекеттік экономикалық саясатының басты мақсаты - халықтың тұрмыс деңгейiн көтеру тауарлар мен қызметке халықтың өсiп келе жатқан төлемге қабiлеттi сұранысын қанағаттандыру үшiн жағдай жасауды болжамдайды. Әлемдiк тәжiрибе iшкi рынокте отандық тауар өндiрушiлердің басым болу керектігін көрсетедi. Ол халықтың табысының өсуi, жаңа жұмыс орындарын жасау, елдің төлем балансын және ұлттық валютаның айырбас бағамын жақсарту үшiн жағдай жасайды.
Қазақстанда тұтыну рыногында төлемге қабiлеттi сұраныстың төмен жағдайында азық-түлік тауарларына сұранымын қамтамасыз етудiң 75% отандық өндiрушілер жабады, алайда халықтың табысы елеулi өскен жағдайда тауардың сапасына және өнiмнің ассортиментiне деген талап импорттық тауарлар пайдасына қарай күрт өзгеруi мүмкiн.
Азық-түлік емес тауарлар рыногында қазiргі кезде шетелдiк тауарлар басымдық жасауда, ал халықтың табысының өсуі сұранымды азық-түлiк емес тауарлар жағына қарай елеулi түрде өзгертуi мүмкiн. Соның нәтижесiнде макроэкономикалық жағдай айтарлықтай нашарлауы мүмкін, ол халықтың табысының өсуіне тежеу болады.
Осыған байланысты қазақстандық экономика үшiн отандық кәсiпорындарында тұтыну тауарларының ассортиментi мен өндiрiс көлемiн тезiрек кеңейту мiндетiн шешу стратегиялық маңызды болып саналады.
Тұтыну тауарларын өндiрудi дамыту жеке меншiк инвестициялар есебiнен жүзеге асуға тиiс. Мемлекет бірiншi сатыда кейбір жүйе құрушы өндiрiстердiң дамуына жағдай жасауы мүмкiн. Мәселен, металдан және пластмассадан жасалатын тиiстi материалдарды өндiруi, пластмассадан, металдан, шыныдан тауар өндiру жөніндегi инфрақұрылымдарды жасау есебiнен.
Үкіметтің және облыс әкімдерiнің жоспарланып отырған кезеңдегі тұтыну тауарларын өндiрудi ынталандыру саласындағы жұмысы келесi бағыттарда болуға тиiс:
халықтың ақшадай табысының (жалақы, зейнетақы және жәрдемақы) экономикалық өсудің қарқынына бара-бар өcyi;
табыстың деңгейi бойынша халықтың орта табын дамыту үшiн заң жүзіндегі жағдайлар жасау;
ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң мөлшерi, жалақының, зейнетақының және жәрдемақының ең төменгi мөлшерiн көбейту;
eлдің тұтыну рыногында адал бәсекенi дамыту үшiн жағдай жасау;
шағын кәсіпкерлiктің қызмет iстеуінің жағдайын жақсарту;
технопарктер мен бизнес-инкубаторларды ұйымдастыру;
халық тұтынатын электрондық және электр техникалық тауарларды өндіруді ұйымдастыру үшiн елге шетелдiк тікелей инвестициялар тарту.
Осы шаралардың бәрi де машина жасау және агроазық-түлiк кешендерiн дамыту бағдарламаларында нақты көрiнiсiн табады.
Өнеркәсiптi 2003-2005 жж. дамытудың болжамдалған көрсеткiштерi
8 сур.
Өнеркәсiптi 2003-2005 жж. дамытудың болжамы, өткен жылға %
Ақпарат көзi: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Жоғарыда аталған мiндеттердi шешу ол үшiн қолайлы жағдайлар болып тұрса өнеркәсiптiк өндiрiстiң 2003-2005 жж. ?кіметтің Стратегиялық жоспарында және Бағдарламасында белгiленген қарқынмен (орта есеппен жылына 8%) дамуын қамтамасыз етедi. Сонымен болжамдалып отырған кезеңде қазiргі кездегідей тау-кен өндiру өнеркәсiбi жоғарырақ қарқынмен дамитын болады. Өңдеушi өнеркәсiпте даму қарқыны қолда бар қуаттардың есебiнен өндiрiстi өсiрудiң мүмкiндiгi таусылуына байланысты біраз қысқарады. Басымдықты мiндеттердi шешудiң нәтижесi болжам жасалып отырған кезең шегінен әрi көрiнетiн болады. Электр энергиясын, газды және суды өндiру мен бөлудiң өсуi жалпы экономикалық өсудiң қарқынына бара-бар жүредi.
Мұнай өндiрудің өсуі қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар Бірiншi мiндет тарауында айтылған болатын.
Көмiр өндiрудiң өсуi оны Қазақстан мен Ресейдiң энергетикалық кәсiпорындары үшін жеткізудi ұлғайту есебiнен болжамдалып отыр. Peceйге Екiбастұз ГРЭС-2 ден электр энергиясының экспорты көбейетiн болады.
9 сур.
Мұнайды және көмірді 2003-2005 жж. өндірудің болжамы, 2000 ж. %
Ақпарат көзi: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
10 сур.
Түсті металдарды өндірудің болжамы, 2000 ж. %
Ақпарат көзi: Энергетика және минералдық ресурс министрлігінің болжамы
Соңғы жылдары түстi металлургияның шикiзат базасын дамытуға инвестицияның елеулi көлемде қысқаруы салдарынан көптеген металдарды өндiрудiң өсуi шектеулi. 2003-2005 жж. Балхаш қаласында "Қазахмыс" ААҚ мырыш зауытының және Шымкент қаласында "Южполиметалл" ЖАҚ мырыш зауытының салынуы есебiнен тек металдық мырышты өндiрудi ұлғайту болжамдалуда. Бұл Жезқазған және Шалқы кенорындарының мырышы бар рудасын өңдеуге тартуға мүмкiндiк бередi.
Мыс өндiру 422 мың тонна деңгейiнде тұрақтанатын болады.
Рафинадталған қорғасынды өндiру 2002 ж. 7%-ке өседi, одан кейiнгi жылдары 160 мың тонна болады.
11 сур.
Машина жасау өндірісінің дамуының болжамы
Ақпарат көзi: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Машина жасау өнiмінің орта өсу қарқыны жылына 3-4% деңгейiнде болжамдалуда. 1999-2001 жылдардағы қауырт өсумен салыстырғанда даму қарқыны төмендейтін болады. Бұл қолда бар қуаттар базасында және бұрынғы ассортиментiнде өнiм өндіруді дамытудың мүмкiндiктерiнiң таусылуымен түсіндiріледі. Көлiк жабдықтарын өндіру жоғарырақ қарқынмен дамитын болады. Бұл көлiк саласында импортты алмастыру саясатын тереңдете түсумен байланысты.
12 сур.
2003-2005 жж. электр энергиясын өндiрудің болжамы, өткен жылға %
Ақпарат көзi: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Электр энергиясын өндiрудiң өсу қарқыны болжамдау әдiстемесi бойынша ЖIӨ серпінiне барынша жақын болуға тиiс. Соңғы жылдары Статистика жөнiндегі агенттіктің есептерiнде көрсеткіштердің бұл өзара байланысы үй шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтiң үлесiнiң көбеюi салдарынан бұзылып кеттi. Электр энергиясын 2003-2005 жж. өндiрудiң жылдық орта өсiмi 6% көлемiнде болжамдалуда.
Өнеркәсіптің қалған салалары өнiм өндiру көлемiн олардың өнiмдерiне деген сұранымға сәйкес, негiзiнен, iшкi рынокта өсiретiн болады (жылына орта есеппен 5-6%).
Болжам жасалып отырған кезеңде өнеркәсiп өндiрiсiнің құрылымында айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болмайды. Бұл 2003 ж. басынан бастап басымдық салаларды дамытуға бағытталған iрi инвестициялық жобалар жоқтығымен, ал мұнай және газ өндiретiн өнеркәсіпте өндірiстің дамуы жұмыс iстеп тұрған қуаттарды пайдалануды жақсарту және оңды қуаттарды iске қосу есебiнен болатынымен байланысты. Соның салдарынан тау-кен өндіретін саланың өнеркәсiп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2002 ж. 45%-тен 2005 ж. 47%-ке дейiн өседі, ал өңдеушi өнеркәсiптiкі 3,3%-ке кемидi.
9 кесте
Өнеркәсіп өндірісінің құрылымының 2003-2005 жж. болжамы
| 2001 | 2002 | 2003 2004 | 2005 |
| 100,0 44,2 38,1 47,0 18,9 3,2 14,3 2,0 4,2 1,2 8,8 3,6 | 100,0 45,0 38,9 46,7 18,5 3,3 14,4 2,0 4,1 1,3 8,3 3,5 | 100,0 100,0 44,0 44,3 37,8 38,2 47,4 47,0 18,2 17,6 3,6 3,8 14,8 14,8 2,1 2,1 4,2 4,1 1,3 1,3 8,6 8,6 3,6 3,7 | 100,0 47,9 41,9 43,7 16,2 3,6 13,4 2,0 4,1 1,3 8,4 3,6 |
Өнеркәсіптің қаржы-экономикалық көрсеткіштері (жобалау кезіндегі
бағалармен және қазір күшіндегі салық және кеден тәртібімен) келесі
көлемде болжамдалады:
10 кесте
Қазақстан Республикасының өнеркәсібінің қаржы-экономикалық
көрсеткіштерінің болжамы, млрд. теңге
| 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 |
| 1985,0 1793,5 1039,6 174,9 834,2 401,6 352,4 113,9 19,7 38,7 1,9 9,6 0,4 56,2 17,4 24,1 13,8 10,6 19,6 238,5 | 2196,7 1979,4 1138,4 191,4 915,5 444,9 396,2 127,0 21,8 42,4 2,1 10,6 0,5 61,2 19,1 27,0 15,1 11,7 21,6 269,1 | 2382,6 2143,5 1240,8 208,6 997,1 479,5 423,2 136,4 23,6 46,2 2,3 11,4 0,5 66,9 21,0 27,7 16,4 12,8 23,5 286,8 | 2649,6 2385,8 1379,0 240,8 1107,9 534,6 472,2 152,1 26,2 51,4 2,5 12,7 0,6 74,4 23,2 32,3 18,3 14,2 26,1 320,1 | 3064,8 2781,0 1573,1 275,3 1264,8 634,3 573,6 182,2 30,6 58,8 2,9 15,1 0,6 84,3 25,2 39,7 21,5 15,9 30,0 391,4 |
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
Болжамның базасы ретiнде Қазақстан Республикасының Статистика
жөніндегі Агенттігiнiң "Қазақстан Республикасының кәсiпорындарының
(ұйымдарының) 2001 жылғы негізгі қаржы көрсеткіштерi" атты статистикалық
жинағы алынды. Өнеркәсiптiң негiзгi үш саласынан 2003 жылдың басында
электр энергиясын, газды және суды өндiру және бөлу саласы зиян шегушi
болып табылады. Өнеркәсiптiң бұл саласының қызметiне тарифтердi көтеру
проблемасы елдiң көптеген кәсiпорындарының бәсекеге қабiлеттілігі мен
қаржы жағдайының, сондай-ақ халықтың төлем қабiлетiнің нашарлау қаупімен
байланысты. Бұл саланың шығындарының қайтымының және таза пайдамен жұмыс
iстеуінің мәселелерi жоспарланып отырған кезеңде, мемлекеттік тариф
саясатының шеңберiнде кешендi түрде шешiлетiн болады.
6 ТАРАУ. АГРОАЗЫҚ-ТҮЛІК САЯСАТЫ
Аграрлық сектор ауыл шаруашылық кәсіпорындарының тиімді дамуын, ауылды (селоны) коммуналдық, әлеуметтік және мәдени тұрғыдан жайғастыруды қамтамасыз етуге тиіс жаңа даму кезеңінің алдында тұр.
Аграрлық сектордағы экономикалық өзгерістер саясаты бұл саланың проблемаларын шешуге мемлекеттің сапа жағынан жаңа әдістерді қолдануын талап етеді. Бұл жұмыс агробизнестің ұтымды құрылымы мен инфрақұрылымын қалыптастыруға, агротехнологияның деңгейiн көтеруге, ауыл шаруашылық өндiрiсiнің маркетингтiк стратегияға көшуiне, iшкi және сыртқы рынокта өнiмнiң бәсекеге қабiлеттілігiн көтеруге, азық-түлiк тауарларын жаңа рыноктарға жылжытуға сүйемелдеу көрсетуге байланысты болады.
Қазақстанның алдағы уақытта ДСҰ, қосылуына байланысты ел мүддесiне зиян келтiртпейтiн және қазақстандық өнiмдердiң әлемдiк рыноктарға ене алатындығын нақты жақсартуды, және елдiң аграрлық секторының тиiмдi дамуының мүмкiндiгін қамтамасыз ететiн халықаралық сауданы ұйымдастыру үшiн оңтайлы жағдайларды жасау мәселесi шешiлетiн болады.
Аграрлық саясаттың мақсаттары мен мiндеттерi
2003-2005 жж. агроазық-түлiк саясатының негізгi мақсаты агроөнеркәсiп кешенiнiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру және бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiру негiзiнде Қазақстанның азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
Агробизнестiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру
жөніндегі мiндеттердi шешудiң жолдары
1 мiндет. Жер қатынастарын дамыту
Жер қатынастары төңiрегіндегі проблемаларды шешу ауыл шаруашылық жерлерiне жеке меншiк енгізу жөнiндегі Жер Кодексiн қабылдау арқылы жүргiзiлетiн болады. Бұл жердi рынок айналымына енгізудi, ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердiң несие ресурстарына қол жетуiн өсiрудi, жердi пайдалануды жақсартуды, салық салудың арнайы тәртібін сақтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Жер Кодексiн қабылдаған соң төмендегiлер қамтамасыз етiлетiн болады: ауыл шаруашылық жерлерiнiң құнарлығын сақтау және көтеру бойынша жердi тиiмсiз пайдаланғаны үшiн жауапкершілік тетiгiн енгізу;
жердi бөлудің күшіндегі заңдарға сәйкестігіне тексеру жүргізу;
жер учаскелерiнiң бағаламалы құнын анықтаудың әдiстемесiн жетiлдiру: барлық аймақтарда бонитеттi бағалаудың 4 турын жүргiзу, елдiң экономикасының жағдайын ескере отырып топырақтың типтерi мен подтиптерi үшiн капиталдау ставкасын жiктеу;
жердi кепiлге салған кездегі несиенiң импотекалық пошымын және несие тетiгi арқылы жердi пайдалану құқығын пайдалана отырып аграрлық сектордағы қаржы-несие қатынастарын жетiлдiру.
2 мiндет. Ауыл шаруашылық су пайдаланудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру
Қазiргi кезде ауыл шаруашылық су пайдалануда келесi проблемалар тұр: ауыл шаруашылық су пайдалануды, ирригациялық құрылыстарға меншік қатынастарын реттеушi заң базасының жоқтығы;
суды жеткізу жөніндегі қызметтiң құнының жоғары болуынан және ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің прогрессивтi су үнемдейтiн технологияларын енгізуде артта қалудан республиканың оңтүстiк облыстарының шаруашылықтарында 408 млн. теңге көлемінде дебиторлық төленбеген қарыз пайда болды, мұның өзi ауыл шаруашылық су қолданушыларға қызмет көрсетушi шаруашылық субъектілердің қызметiн зиянды жасайды;
ирригациялық құрылыстардың тозығының жоғары деңгейiне бола суарушы жүйелердiң КПД-сi нормативтiк көрсеткiштен екi есе төмен;
оңтүстiк облыстарды сумен жабдықтаудың трансшекаралық өзендер суын бөлудегi мемлекетаралық қатынастардың реттелуiне тәуелдiлiгi.
Суды пайдалану жүйесiн жетiлдiру жөніндегі шаралар
Суды пайдаланудың ұтымдылығы мен тиімділігін көтеру шеңберіндегі жұмыс заңды жетiлдiру, мемлекеттік қаржылық қолдау және су пайдаланудың тиiмдiлігін көтеру бағытында жүзеге асырылатын болады. Осы бағыттарға сәйкес ұйғарылады:
суды пайдаланушы бірлестiктердi құру және олардың қызмет iстеуi жөніндегі нормаларды ескере отырып Қазақстан Республикасының Су кодексінiң жаңа редакциясын әзiрлеу;
су үнемдейтiн технологияны енгізудi және өсiмдiктердің жоғары өнiмдi сорттарын өсiрудi ынталандыру шеңберiнде мемлекеттік саясат жүргiзу;
мемлекеттік, су шаруашылық, пайдаланушы ұйымдардың суды жеткiзiп беру жөніндегі толық төленбейтiн шығындарын олардың таза пайдалы жұмысын қамтамасыз ететiндей республикалық бюджеттен жәрдемақымен жабу;
шаруашылық каналдардың ерекше апатқа ұшарлық учаскелерi мен гидромелиоративтiк ғимараттарын салуды жобалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүргiзетiн мемлекеттік мекеме пошымында "Казагромелиоводхоз" әдiстемелік орталығын құру;
су шаруашылық жүйесi мен ғимараттардың инженер-су техниктерін, инженер-құрылысшыларын 20-25 адам санында даярлауды ұйымдастыру;
Орта Азия елдерiнің (төрт жақты) мемлекетаралық су-энергетикалық консорциумын құру;
елдің оңтүстiк аймағын сумен және электр энергиясымен қамтамасыз ететiн, гидротехникалық құрылыстар кешенiн бірлесiп иелену мәселесi бойынша Қырғыз Республикасымен жұмысты жалғастыру.
3 мiндет. Өсiмдiк шаруашылығының өнiмдiлiгiн көтеру және оның экспорттық мүмкiндiктерін кеңейту
Өсiмдiк шаруашылығының проблемалары негiзiнен агротехникалық жұмыстарды ұйымдастырудың төменгі деңгейiне, көптеген ауыл шаруашылық кәсiпорындардың қаржы жағынан қауқарсыздығынан ауыл шаруашылығының рыноктық инфрақұрылымының дамымағандығына байланысты.
Аса көкейкестi проблемалар қатарына мыналарды жатқызуға болады: дәндi дақылдарды олардың түрлерi бойынша орналастыру аймақтардың топырақ-климат жағдайларының ерекшеліктерiн және рынок конъюнктурасын ескермей жүргiзiледi; агротехникалық шаралардың көпшiлiгi және ұсынылған ауыспалы егiстер сақталмайды.
Қазіргі кезде тұқым қорының негізін 3 класты дән құрайды, бұл өнім сапасына және оның бәсекеге қабiлеттілігiне теріс әсерiн тигiзедi. Табыстылығы жоғары дақылдар (сафлор, соя, бұршақ-тұқымды дәндi дақылдар) өндiрiске аз енгiзiледi. Ауыл шаруашылық техникасы және өсiмдiктердi өсiру технологиясы түбегейлi жаңартуды талап етедi.
Өсiмдiк шаруашылығының өнiмдiлiгiн арттырудың және оның экономикалық тиiмдiлiгін көтерудiң шаралары ретiнде 2003-2005 жж. агроазық-түлiк бағдарламасында мыналар қаралған:
ауыл шаруашылық дақылдарының табысты түрлерiнің (бұршақ тұқымдастар, жарма дақылдары, майлы, техникалық, дақылдар, мал жемiндiк дақылдар, бидайдың қатты сорттары, сыра қайнатуға пайдаланатын арпа) егістiк жерлерiн кеңейту, әсiресе солтүстiк аймақта, сондай-ақ жемiс ағаштары мен жүзiмнiң көлемiн кеңейту;
егiстік жердің құрылымы аймақтардың табиғи-климаттық жағдайларына бейiмделедi;
күздік бидай мен қара бидайдың егістігі Қазақстанның батыс аймағында (Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында) ұлғаяды;
қатты бидайдың егістігі Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарында ұлғаятын болады;
мал жемiндік және бұршақ тұқымды дақылдар егiстiгi Ақмола және Солтүстiк Қазақстан облыстарында ұлғаяды;
жарма және майлы дақылдардың егістігі Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында кеңейедi;
дәнге өсiрiлетiн жүгерінің, сояның және қант қызылшасының егiстiгi Алматы және Жамбыл облыстарында ұлғаяды;
сафлордың егістігі Оңтүстiк Қазақстан облысында ұлғаяды;
табысты дақылдардың тұқымын өндiрудi қолдау - соны және элиталық дәндi дақылдар, майлы дақылдар, мақта, қант қызылшасы, картоп, біржылдық және көпжылдық шөптер;
"Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi реттеушi заң күшіндегі нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлеу;
топырақты әзiрлеуден өңдеушi кәсiпорындардың дайын өнiмiн сатуға дейiнгi аралықты түгел қамтитын стандарттар жүйесiн жетiлдiру;
село тауар өндiрушiлерi минералдық тыңайтқыштарды, улағыш заттарды және гербицидтердi сатып алуына мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен берілетiн ақшалай жәрдемнің көлемiн кеңейту;
отандық және шетелдiк өндiрiстiң техникаларын және қосалқы бөлшектерiн сатып алуға одан соң ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне лизинг жасауға несие беру;
қызметтің алғашқы кезеңiнде мемлекеттік құрылымдардың қатысымен, кейiннен мемлекеттің үлесiн бәсекелес секторға сатумен сервис орталықтары мен МТС-ның тиiмдi пошымдарын құру жөніндегі пилоттық жобаларды әзiрлеу және жүзеге асыру;
аса қауіптi зиянкестер мен өсiмдiк ауруларымен күрес жөнiндегі фитосанитарлық шаралардың бүкiл кешенiн толық көлемде жүргiзу;
Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) талаптарына сай өсімдіктер карантины жөнiндегі Еуропалық және жерорта теңiзiнің ұйымдарына кіру.
4 мiндет. Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн көтеру және оның экспорттық мүмкiндiктерiн кеңейту
Қазақстандағы мал шаруашылығын дамытудың тиiмдiлiгiнiң проблемалары асыл тұқымды малдардың табынын, оларды күтудi жақсартумен, шабындықтар мен жайылымдарды дамытумен, малды өсiрудiң алдыңғы, жоғары өнiмдi технологияларын енгізумен байланысты. Мұнда маңызды рөлдi саланың инфрақұрылымы атқарады - ветеринария, сауда-сатып алу ұйымдары, мал азығын, машиналар мен жабдықтарды өндіру.
Соңғы жылдары бағалы генофондтың (гендiк қордың), әсiресе сирек кездесетiн және мал басы аз, алдағы уақыттағы селекция жұмысы үшiн қажет тұқымдардың құрып кету қаупi туды, мұның өзi ғалымдар мен практиктердің көпжылдық еңбегi нәтижесiнде жасап шығарған отандық мал тұқымдары мен түрлерiнiң азғындауына әкелiп соғады.
Мал шаруашылығын қолдаудың мемлекеттік шаралары жоспарланып отырған кезеңде мыналарды қамтамасыз ететiн болады:
асыл тұқымды малдарды сатып алуға село тауар өндiрушiлердiң көпшiлiгiнiң қолы жететiндей болуы;
сатылатын асыл тұқымды жас малдарды біраз арзандату (50%);
сатылатын тұқымдық жұмыртқаны біраз арзандату (50%);
бұқалардың сатылатын ұрығын біраз арзандату (50%);
тұқымдық бұқаларды сатып алуға және күтуге жұмсалатын шығындарды, сондай-ақ олардың ұрығын сақтауға және мүйiздi iрi қара шаруашылығы бойынша тұқымдық орталық үшiн арнайы жабдықтар сатып алуға жұмсалған шығындарды толық өтеу;
саны азайған және жоғалуға айналған тұқымдық малдардың құнын және селекциялық-генетикалық орталықтарда коллекциялық табындарды құру үшiн сатып алынған технологиялық арнайы жабдықтардың құнын толық өтеу.
Облыс әкiмдерiнің iс-әрекетi мыналарды ұйғарады:
1. Сүт өндiру жөнiнде:
iрi қалаларға жақын жерлерде және аудан орталықтарында сүт өндiрудi сапаға және өнiмдi iшкi рынокке жөнелтуге бағдарлау. Осы мақсатта тұқымы нашар малды жоғары өнiмдi малдармен айырбастау, ол үшiн сиырларды жақсартушы тұқымдардың тұқымдық орталықтардағы бұқалардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруды кеңінен қолдану.
2. Сиыр етiн өндiру жөнiнде:
сиыр етiн өндiрудi шығынды аз жұмсайтын технологияға бағдарлау, яғни iшкi және сыртқы рыноктардың сиымдылығын ескере отырып малдың ет бағытындағы маманданған тұқымын барынша көбірек және табиғи жайылымдардың экологиялық мүмкiндiктерiн пайдалану.
3. Қой шаруашылығы бойынша:
тiрi күйінде немесе жас қозы етi түрiнде экспортқа бағдарланған маманданған еттi-майлы және қаракөл қой тұқымдарын өсiру, сондай-ақ сыртқы рынокқа бағдарланған меринос жүндi өндiру үшін маманданған биязды жүнді қой тұқымдарын дамыту.
4. Шошқа шаруашылығы бойынша:
iшкi рынокке бағытталған, маманданған шаруашылықтардың біртiндеп дамуына бағдарланған шошқа етiн өндiру.
5. Жылқы шаруашылығы бойынша:
жылқының отандық селекциясының маманданған тұқымдарын және жайылымдарды пайдалануды ескере отырып iшкi рыноктың қажетiн жылқы етiмен және қымызбен қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұқымдық спорттық жылқы шаруашылығын дамытуға бағыттау.
6. Түйе шаруашылығы бойынша:
малдың бұл түрiнiң өнiмiн өндiрудi (ет пен шұбат) шектеулi сұранымға байланысты ең алдымен iшкі рынокке және тұқымдық түйе шаруашылығын дамытуға бағдарлау.
7. Құс шаруашылығы бойынша: