инновациялық қызметтiң нормативтiк-құқықтық базасын одан әрi дамыту, бірыңғай ақпараттық жүйенi қалыптастыру инновациялық инфрақұрылымның субъектiлерiнiң қазiргiлерiн iрiктеу және қолдау, жаңаларын жасау.
10 ТАРАУ. ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIКТI ДАМЫТУ
Мақсаттар мен міндеттер
2003-2005 жж. шағын кәсiпкерлiк саласындағы басты мақсат шағын және орта бизнестің дамуы үшiн әсiресе жаңа технологиялық өндiрiске бағдарланған, әлеуметтiк-экономикалық жағдай жасау есебiнен қоғамның тұрақтылығының негiзi болып саналатын "орта таптың" қалыптасуы үшiн жағдай жасау болады.
Шағын және орта бизнестiң дамуы үшiн басымдықты бағыттар агроөнеркәсіп кешені, өндірiстiк сала, соның iшiнде ғылымды қажетсiнетіндерi мен инновациялықтары.
Шағын және орта бизнестi барынша нығайтуға келесі негiзгi мiндеттердi шешу жағдай жасайды:
әкiмшiлiк процедуралар мен рұқсаттарды оңайлату;
бюрократтық зорлық-зомбылықтан және бақылаушы-инспекторлық органдардан қорғау;
шағын және орта бизнестi қолдаудың аймақтық орталықтарын құру, маркетингтiк зерттеулер жүргiзуде және білімдi көтеруде көмек көрсету.
Алға қойған мақсаттарға жету және міндеттердi шешу жолдары
2003 ж. орта бизнестiң критерийі (өлшемi) жасалатын болады және кәсiпкерлікті салалық қолдауға көшу жүзеге асырылады. Әрбір мемлекеттік орган өзi басшылық жасайтын салаға тән шағын және орта бизнестiң критерийін дайындайды, бұл кәсiпорынды қолдаудың пошымдары мен әдiстерiн анықтайды, сондай-ақ олардың iрi бизнеспен кооперация жасауына мүмкiндiк тудырады.
Ғылыми-техникалық салада шағын және орта кәсiпкерліктiң дамуы және шаралар жүзеге асатын болады. Сонымен бизнес-инкубаторлар мен технопарктер кәсiпкерлiктi қолдаудың тиiмдi инструментiне айналады. Бизнес-инкубаторлар өз қызметiн жаңа ғана бастаған шағын кәсіпорындарының өcyiне және өмiршеңдiгiн арттыруға мүмкіндiк бередi. Технопарктер мен инновациялық орталықтар жаңа отандық технологияларды жасауға және игеруге, жоғары табысты ғылымды қажетсiнетiн өнiмді шығаруға, ғылым мен өндiрiстiң бірiгуіне жағдай жасайтын болады.
Республиканың барлық аумағында шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымының интенсивтi дамуына бағытталған қолайлы институционалдық климатты қалыптастыру мақсатында шағын және орта бизнестi қолдаудың аймақтық орталықтары құрылатын болады. Маркетингтiк зерттеулерді, білім көтеруде, орталықтанған бухгалтерияны құруда көмек көрсетілетін болады.
Мемлекеттік органдар өкiлдерінiң шағын кәсiпкерлік субъектiлерiне қатысты заңсыз iс-әрекеттерiн тыюға, шағын бизнестiң дамуы үшiн құқықтық қолайлы жағдай режимiн орнатуға бағытталған саясат жалғасатын болады.
Кәсiпкерлiк қызметтi реттеушi шараларды әзiрлеу үшiн қажет ғылыми негiзделген ұсыныстар мен талдама материалдарды алу мақсатында шағын және орта бизнес мәселелерi бойынша маркетингтiк және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргiзiлетiн болады.
Шағын кәсiпкерлiктiң дамуының қазіргi кездегі бөгетiн жеңудің негiзгі амалының бірi - ол кәсiпкерлiк секторының атқарушы органдармен, әсiресе жергiлiктi жерлерде, өркениеттi өзара қарым-қатынасы. Осыған байланысты кәсiпкерлердің кәсiби, аймақтық және басқа принциптер бойынша қоғамдық ұйымдарын олар шағын және орта бизнестің өз аясында кәсiпкерлiктiң дамуының проблемаларын өз бетiмен шешуге қабiлеттi қазiргi замандағыдай, қуаттырақ және өкiлеттi институттары болатындай етiп нығайту және iрiлендiру қажет.
Шағын және орта бизнестің мәселелерi, оның ел экономикасын дамытудағы рөлiн түсiндiру, кәсiпкерлік қызметтiң табысты тәжiрибесiн және оны қолдау жөніндегi мемлекеттік саясатты насихаттау үшiн жағдай жасалатын болады.
11 ТАРАУ. ХАЛЫҚ, ЖҰМЫСПЕН ЖӘНЕ ЕҢБЕК
РЕСУРСТАРЫНЫҢ ДАМУЫ
Мақсаттар мен міндеттер
Демография және көшi-қон
Демографиялық және көшi-қон саласындағы саясаттың негізгі мақсаты осы процестердегі терiс тенденцияларды азайту, елдiң халқының санын көбейту үшiн негіздер жасау, бірiншi кезекте отбасы мен ананы қорғаудың нақты тетiктерiн жасау, гендерлiк теңдікке жету жолымен.
Жоғарыда көрсетiлген мақсатты жүзеге асыру үшiн келесi мiндеттердi шешу керек болады:
халықтың денсаулық жағдайын жақсарту, ұрпағын көбейтуге жарамдыларды қоса алғанда;
бала тууды тұрақтандыру және болашақта оны ұрпақтың орнын толық басуды қамтамасыз ететiндей деңгейге көбейту және халықтың ұдайы өсуiнiң кеңейтiлген режимi;
отбасының тiршiлiк әрекетiнің жағдайын жақсарту, неке-отбасы қатынастарын нығайту;
қоғамның және жеке адамның деңгейінде халықтың денсаулығы үшiн жауапкершіліктi көтеру;
көшi-қон процестерiн басқару, елдің мемлекеттік қауіпсiздігін күшейту және көшiп келушiлердiң құқығын жүзеге асыру үшiн жағдай жасау.
Жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын дамыту
Жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын дамыту саласындағы негiзгi мақсат халықтың жұмыспен қамтылуын өсiру және еңбек ресурстарының біліктілігiн арттыру болып табылады.
Көрсетiлген мақсатты жүзеге асыру үшiн келесi мiндеттердi шешуге тура келедi:
жұмыспен қамтуды нормативтік-құқықтық базаны жұмыспен қамтудың белсендi пошымдарын дамыту, еңбектiң iшкi рыногын қорғау, елдiң еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету бағытында жетілдiру арқылы жүйеге асыруды қамтамасыз ету;
қосымша жұмыс орындарын құрудың, республикаға шетелдiк жұмысшы күшін тартқанда қазақстандық азаматтарды даярлау және қайта даярлаудың мониторингісі жөнінде ақпараттық базаны жасау;
заңсыз еңбек қатынастарын жария ету, жұмыс орындарын құру және еңбек рыногында азаматтардың кәсiби дайындығын көтеру.
Табыс саясаты
Мемлекеттік табыс саясатының мақсаты еңбекке ақы төлеудiң жалпы деңгейiн көтеру, соның iшiнде айлық жалақының ең төменгi көлемiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiне кезең-кезеңiмен жақындату, еңбек қызметiн жандандыру және ынталандыру, бюджет саласының қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру, ақыр соңында орта таптың қалың тобын жасау.
Аталған мақсатты жүзеге асыру үшiн келесi мiндеттердi шешу көзделген:
еңбекке ынтаны арттыру, кәсiпкерлiк iстен түсетiн табысты көбейту;
әрбір азаматтың экономикалық қызметтiң әр түрiнде өзiнiң еңбегiн жұмсай алуын қамтамасыз ететiн заң базасын жетiлдiру;
үш жақты қарым-қатынас негiзiнде еңбекке ақы төлеу мәселесiн реттеудегi әлеуметтiк серiктестердiң жауапкершілiгiн арттыру;
мемлекеттік қызметкер болып саналмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру.
Алға қойған мақсаттарға және міндеттерге жету
Демография және көшi-қон
Қазақстан Республикасының 2001-2005 жж. демографиялық даму Бағдарламасына сәйкес мемлекеттік демографиялық саясаттың басты бағыттары қазiргi кездегi ахуалды және әлеуметтiк-экономикалық дамудың алғышарттарын ескеруге негiзделген ең көкейкестi проблемалық бағыттар бойынша бағдарламалық-мақсаттық шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру болып табылады.
Ана мен сәбидiң өлiмiн қысқарту үшiн ана мен баланы материалдық қорғау және денi сау бала тууын ынталандыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Көп балалы отбасының артықшылығын, некe-отбасы қатынастарын нығайтуды, ана болудың қауіпсiздiгi мен баланы емшекпен асырауды насихаттауды күшейту қарастырылып отыр.
Жас отбасыларын пәтермен қамтамасыз ету жүйесiн жасау мақсатында импотекалық несиенi дамыту және арзандату жөнiнде шараларды жүзеге асыру қарастырылуда.
Елдегі халық санының саясатын жүзеге асыру мақсатында демография, ана мен бала мәселелерiне қатысты нормативтiқ-құқылық база жетiлдiрiлетiн болады.
Демографияны ғылым ретiнде тиiмдi дамыту үшiн демографияның проблемалары толығырақ зерттелетiн, оның дамуы болжамдалатын, демография саласында кадрлар даярлауға тиiстi маңыз берiлетiн болады. Халық санының проблемаларын зерттеу жөніндегі Орталық құру ойластырылуда. Бала табуға ынталандыру, бұқаралық ақпарат құралдарында идеологиялық қолдауды жандандыру бойынша iс-әрекет жалғасуда.
Әдеттегі көпорынды жетiм балалар үшiн балалар үйiн отбасы үлгісіндегі балалар үйiне айналдыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Халықтың көшi-қоны саласындағы мәселелердi шешу үшiн Қазақстан Республикасының 2001-2010 жж. көшi-қон саясатының салалық бағдарламасында төмендегiлер ұйғарылып отыр:
амалсыз көшi-қон тасқынын және оның терiс зардабын болдырмау және алдын алу;
болашағы жоқ аймақтардан дамушы аймақтарға, аудан орталықтарына және шағын қалаларға iшкi көшi-қон үшiн стимулдар жacay;
селолық аумақтардың тұрғындарын, болашақта жаңа жерлерге орналастыру моделi бойынша ұсыныстар дайындау;
босқындар деп танылған адамдардың әлеуметтiк ортаға тезiрек бірiгуi және олардың өздерi шыққан мемлекетiне еркімен қайтуы үшiн жағдай жасау;
заңсыз көшi-қонды болдырмау;
оралмандарды жайғастыруға және еңбекке орналастыруға, орналасқан жерлерiне олардың бейiмделуiне және жергiлiктi әлеуметтiк ортаға бірiгуіне, жергiлiктi халықтың мүддесiн есепке алған кезде басынан қарулы соқтығысты кешiрген адамдарды психологиялық қалпына келуiне барынша жәрдем көрсету;
Қазақстан Республикасы аумағында көшiп келушiлердi бақылаудың жүйесiн жетiлдiру;
оралмандардың көшiп келуiнiң жыл сайынғы квотасын көбейту;
көшiп кету процесін қысқартуға және тұрақтандыруға, соның iшiнде республиканың интеллектуалды потенциалының кетiп қалуын болдырмауға жәрдем жасау;
Қазақстан Республикасындағы көшіп кету жөніндегі көңіл күйдi мониторинг жасау;
азаматтардың қоныс аудару процесiн реттейтiн және олардың құқығын қорғайтын екi жақты және көп жақты келісімдерге тезiрек қол қоюға және iс жүзiнде жүзеге асыруға көмек көрсету.
Экономиканың бейформалды секторында жұмыс iстейтiн азаматтарды әлеуметтiк қорғау, жасырын көшi-қон фактілерiн болдырмау үшiн еңбек қатынастарын жариялы етудi ынталандыру тетiгiн жасау жоспарлануда.
Көшіп келу саласындағы басымдық этникалық қазақтарды қарулы соқтығыстар, iшкi тәртiпсiздiктер, адам құқығы әрдайым бұзылатын зоналардан қоныс аудару болып табылады; экологиялық ауыртпалық облыстарынан (Қарақалпақстаннан және басқаларынан); зорлықпен ассемиляция жасау қаупi бар елдерден.
Демография және көшi-қон саласындағы проблемаларды шешуге кешендi қарау мақсатында Қазақстан Республикасында 2002-2010 жж. демографиялық және көшi-қон саясатының бағдарламасы әзiрленетiн болады.
Жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын дамыту
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы", "Еңбек қауіпсiздiгі және оны қорғау туралы" заңдарына өзгерістермен қосымшалар енгізу туралы" заңдар жобаларын әзiрлеу жоспарлануда, мұның өзi еңбек қатынастарын одан әрi жетiлдiрудi және еңбектi қорғауды күшейтудi қарастырады.
2004 ж. еңбек қатынастарын, еңбектi қорғау, әлеуметтiк әрiптестiктi мемлекеттің бірыңғай заңды актiсімен реттеу мақсатында Еңбек кодексiн әзiрлеу ұйғарылып отыр.
Еңбек заңдарын одан әрi жетiлдiру еңбекшiлердiң құқығын қорғауға, еркiн еңбекке азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға бағытталатын болады. Жеке және ұжымдық шарттарды жасау тетiгiн жетiлдiру, қысқа мерзiмдi жеке еңбек шарттарын жасауды, мерзiмнен артық жұмысты шектеу, еңбек жағдайын жақсарту жөніндегi шараларды қабылдау ұйғарылып отыр.
Гендерлік тең құқықтылыққа жету үшiн әйелдердің ұрпақ жалғастыру жөніндегі атқаратын қызметiн ескере отырып еңбек жағдайын жақсартуға, олардың құқығын қорғауға және елдегi демографиялық ахуалды жақсартуға бағытталған арнайы нормалар жасалатын болады. Жастардың және халықтың әлеуметтiк әлсiз топтарының мүддесiн қорғау жөніндегi шаралар қабылдау жоспарлануда.
Әлеуметтiк әрiптестіктің рөлi жоғарлайды және саласы кеңидi. Әлеуметтiк диалогты еңбек жанжалдарының алдын-алу, жұмыспен қамту, әлеуметтiк қорғау және гендерлік проблемаларды шешу үшiн пайдалану көзделіп отыр.
Табыстар саясаты
Табыстар саясаты саласында келесi шаралар қабылданатын болады: 2003 ж. жалақының ең төменгі мөлшерi және зейнетақының ең төменгi мөлшерi бір деңгейде тағайындалатын болады, одан кейiнгі жылдары жалақының ең төменгi мөлшерiнің өcуі зейнетақының ең төменгi мөлшерiнiң өcyінен озып отырады.
2003-2004 жж. бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерінің номиналды жалақысы 2005 ж. 25188 теңге болады және 2002 ж. салыстырғанда 1,3 есе өседi, нақты жалақы 12,6% өседi.
12 ТАРАУ. КЕДЕЙЛIКТIҢ КЕМУI ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚOPFAУ
Мақсаттар мен мiндеттер
Кедейлiктi кемiту және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы негiзгi мақсат экономикалық өсу, халықты тиiмдi жұмыспен қамту мен табысын өсiру, денсаулық сақтау және білім беру қызметтеріне кедейлердiң қолы жетуін арттыру, атаулы әлеуметтiк қорғауды жақсарту және шешiмдер қабылдауда қоғамдық институттарды қатыстыра отырып мемлекеттік басқарудың тиiмділiгiн көтеру үшiн жағдай жасау жолымен кедейлiктi қысқарту болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшiн келесi мiндеттердi шешу қаралып отыр:
елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
шағын бизнестi қоса алғанда кәсiпкерліктің дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
қосымша жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, кәсiби оқыту, жұмыссыздардың біліктілігiн көтеру және қайта дайындау есебiнен еңбек рыногында белсендi шараларды одан әрi дамыту және жетілдіру;
денсаулық сақтау, білім беру салаларында мемлекеттік қызметтiң тиiмдiлігі мен қол жетерлiгiн көтеру;
халықтың кедей және әлсiз топтарының мүддесiне қарай атаулы әлеуметтiк көмектi көрсетудiң тетiктерiн жетiлдiру;
елдегi кедейлікті кемiтудегi мемлекеттік басқарудың тиiмділiгiн арттыру.
Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге жетудiң жолдары
2003 ж. Қазақстан Республикасындағы кедейлiктi кемiту жөнiндегі 2003-2005 жж. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру басталады, онда азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдем жасау, базалық білім беруге және денсаулық сақтау қызметтерiне қол жетушiлiктi жақсарту, әлеуметтік көмектің атаулы болуын көтеру және басқа да шараларды жүзеге асыру жолымен осы проблеманы шешуге кешендi әдiс қаралған.
Халықтың әлеуметтiк осал топтарын мемлекеттік қолдау жөнiнде келесi шаралар қаралып отыр:
зейнеткерлер - зейнетақының ең төменгi көлемiн жыл сайын көтеру, зейнетақыны мезгілінде төлеу;
жеткiлiктi түрде қамтамасыз етiлмеген азаматтар - отбасының жан басына келетiн табысына байланысты атаулы әлеуметтiк көмек көрсету;
жетiм балалар, халi нашар отбасыларының балалары - білім алулары үшiн керектi жағдаймен және оқуды аяқтағаннан кейiн еңбекке орналасу кезінде қосымша жеңілдiк жағдайлармен қамтамасыз етiлетiн болады;
еңбекке жарамсыз халық - мүгедектердi қоғамға бірiктiру, мемлекеттік тапсырыстарды жұмыскерлердің көбi мүгедек болып келетiн маманданған кәсiпорындарында орналастыру, протез-ортопедиялық бұйымдар шығаруды ұйымдастыру, жәрдемақыны мезгiлiнде төлеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк көмек халықтың ең қорғалмаған топтарына көрсетiлетiн болады. Азаматтардың қалған категорияларын (санаттарын) мiндеттi түрдегi әлеуметтiк сақтандыруды енгізу жолымен өз жақсы тұрмысына өзi қамқорлық жасауын ынталандыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады. Әлеуметтiк қауiптер туған кезде жүктi мемлекет, жұмыс берушi және жұмыскер арасында бөлу саясаты жетiлдiрiлетiн болады.
Атаулы әлеуметтік көмек беру тетiгiн де, табыс деңгейін бақылаудың әдiстемесiн жетiлдiру жалғасатын болады. Еңбекке жарамды халыққа әлеуметтiк көмек қоғамдық жұмыстарды, қайта оқыту және еңбекке орналастыруға жәрдем жасауды қаржыландыру арқылы көрсетiлетiн болады.
Әлеуметтiк қорғау жүйесiн жетiлдiру негізгi бағыты әлеуметтік қауiп төнген, еңбекке қабiлетi жоғалған, асыраушысы және жұмысы болмай қалған жағдайда мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн енгізу болып табылатын Қазақстан Республикасы халқын әлеуметтiк қорғау Тұжырымдамасында көрсетiлген принциптер мен тетiктерді жүзеге асыруға құрылатын болады.
Әлеуметтiк нормативтердi анықтаудың әдiстемелерiн одан әрi жетiлдiру жоспарлануда: ең төменгі күнкөрiс деңгейін, ең төменгi жалақыны, ең төменгi зейнетақыны. Әлеуметтiк төлемдердің көлемi мен өсуi нақты әлеуметтiк экономикалық мәнi бар нормативтердi басшылыққа ала отырып есептелетiн болады. Бірыңғай және тұрақты әлеуметтiк нормативтер жалақыны да және әлеуметтiк төлемдердi де кезең сайын көтерудiң негiзi болады.
Әлеуметтiк қамтамасыз ету жүйесiн мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк қорғау саясатын жүзеге асырудың негiзгi принципi болып қалады. Мемлекет рөлi әлеуметтік сақтандыру және зейнетақының жинақтаушы жүйесiн дамытудың жоғарғы деңгейi болған кезде де жетекшi болып қалады, өйткенi жүйеге қатысушылардың қызметiне бақылау мемлекет жағында қалады. Реформа аяқталғанға дейiн мемлекеттік бюджет халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiн қаржыландырудың негiзгi көзi болып қалады. Әлеуметтiк сақтандыру тетiктерiнің дауына байланысты ғана мемлекеттің қатысы төмендейтiн болады.
Институционалдық көмектің дәстүрлi пошымдарымен - кәрілігi жеткен және мүгедектер үшiн интернат үйлердi ұстап отырумен - қатар атаулы институтционалдық көмектiң тұрған жерi белгiсiз азаматтар үшiн үйлер, әлеуметтiк қонақ үйлер, жеткiлiксiз қамтамасыз етiлгендер үшiн асханалар ашу сияқты түрлерiн дамыту қарастырылып отыр.
Болжамдалған нәтижелер
2003-2005 жж. кедейлiктi кемiту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны табысты жүзеге асыру елдегі кедейлiк деңгейiн 2005 жылға 2002 ж. салыстырғанда үштен бірге қысқартуға мүмкiндiк бередi.
2005 ж. жұмыссыздық деңгейiн 2002 ж. 9,1%-тен 8,1%-ке дейiн төмендету жоспарлануда, табысы кедейлiк шегiнен төмен халықтың үлесi 2002 ж. 10,6%-тен 2005 жылы 10%-ке дейiн төмендейдi.
13 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ
Мақсаттар мен мiндеттер
Мектеп жасына дейiнгi саладағы тәрбие беру және оқыту
2003-2005 жж. мектеп жасына дейiнгі тәрбие беру мен оқыту жүйесiндегі басты мақсат мектеп жасына дейiнгі балаларды мектеп жасына дейiнгi тәрбие беру және оқыту бағдарламасымен қамтуды көбейту болып табылады; бес (алты) жасар балаларды мiндеттi және тегiн мектепке дейiнгі дайындықпен қамтамасыз ету; мектепке дейiнгi және бастапқы білім берудiң сабақтастығы және толассыздығы.
Мектепке дейiнгі тәрбие беру саласындағы негізгi мiндеттер болып табылатындар:
балаларды мектепке дейiнгі дайындауды енгізумен байланысты мектепке дейінгі тәрбие беретiн педагогикалық қызметкерлердi даярлау, қайта даярлау және біліктілігiн көтеру жүйесiн жетiлдiру;
мектепке дейiнгi ұйымдарды, балалар бақшасындағы мектеп алдындағы, отбасындағы және мектептегi дайындықты нормативтiк-құқықтық, ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
мектепке дейiнгi ұйымдарды ашу және олардың материалдық базасын нығайту.
Жалпы орта білім беру саласында
Орта жалпы білім жүйесiндегі басты мақсат халықтың кепiлдi орта білім алуын, мектеп жасындағы балалардың жалпыға бірдей мiндетті орта біліммен толық қамтылуын, оқытудың сапасын көтерудi қамтамасыз ету болып табылады.
Алдағы кезеңде келесi мiндеттердi шешу қаралып отыр:
халықтың барлық топтарының орта жалпы білім беруге қолдарының жетуін қамтамасыз ету;
күндiзгi жалпы білім беретiн мектептердiң құрылысын салу және жүйесiн кеңейту;
селолық мектептердің материалдық-техникалық және оқу-материалдық базаларын нығайту;
қосымша білім беру ұйымдарының және интернаттық ұйымдардың әртүрлi типтерi мен түрлерiнiң жүйесiн кеңейту.
Бастауыш және орта кәсiби білiм беру саласында
Бастауыш және орта кәсiби білім беру жүйесiнiң алда тұрған үш жылдағы негiзгi мақсаты қоғамның, жеке адамның және жеке әлеуметтiк топтардың рыногтық экономиканың жұмыс iстеп тұрған жағдайындағы қажеттерiн ескере отырып еңбек пен өмiр үшiн бәсекеге "қабiлеттi жұмыскерлер мен мамандарды даярлау болып табылады.
Бастауыш және орта кәсiби білім беру жүйесiнiң мiндеттерi болып табылатындар:
жас азаматтардың жалпы орта біліммен қатар ерте кәсiби дайындық алуы;
негiзгi мектептерді (9 сынып) бiтiрушілердің басым көпшілiгінің оқуды кәсiби мектептерде (лицейлерде) және колледждерде жалғастыру мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ету;
еңбек рыногында соның iшiнде шағын бизнес саласында қажет деп табылатын білiктi жұмыскерлердiң және жоғары разрядты, класты және категориялы мамандарды даярлауды жүзеге асыру.
Жоғары және жоғары бiлім беру оқу орындарынан
кейiнгi кәсiби білім беру саласында
Жоғары және жоғары білім беру оқу орнындарынан кейiнгi кәсiби білім беру жүйесiндегі негiзгi мақсат рыногтық экономика жағдайында оның ғаламдануын, әлемдiк білім беру кеңiстігіне енуiн ескере отырып оны сапалы түрде өзгертуi қамтамасыз ету болып табылады.
Алға қойған мақсатқа жету үшiн келесi мiндеттердi шешу ұйғарылуда:
білім беру мен ғылымның бірігуінің тұжырымдамалық негiздерiн әзiрлеу;
жоғары білім беру оқу орындарынан кейiнгi кәсiби білім берудi нормативтiк-құқықтық қамтамасыз етудің жүйесiн жетiлдiру;
қазiргi заманғы технологиялар бойынша жұмыс iстейтiн кәсiпорындар базасында студенттердің өндiрiстiк тәжiрибеден өту және лабораториялық, практикалық сабақтарды, оқу ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерін түбегейлi шешу;
білім берудi жiктеудің халықаралық стандарттарына сәйкес жоғары және жоғары білім беру оқу орындарынан кейiнгi кәсiби білімi бар мамандарды дайындаудың құрылымы мен сапасын жетiлдiру;
жоғары және жоғары білім беру оқу орындарынан кейiнгi кәсiби білімi бар мамандарды дайындаудың барлық бағыттары бойынша мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарттарын әзiрлеу және енгізу.
Білім беру жүйесiн ақпараттандыру саласында
Білім беру жүйесiнде ақпараттандырудың негiзгі мақсаты білім берудің барлық деңгейiнде ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқытуды енгізу, сондай-ақ әлемдiк білім беру кеңiстiгiне бipігу арқылы қазақстандық білім берудiң сапасын көтеру болып табылады.
Білім беру жүйесiн ақпараттандырудың мiндеттерi болып саналатындар:
білім беру жүйесiнің ақпараттық-коммуникациялық желісін жасау;
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесiн ақпараттандырудың нормативтiк-құқықтық базасын жасау.
Алға қойылған мақсаттарға жетудiң және мiндеттердi шешудiң жолдары.
Мектепке дейiнгi тәрбие беру және оқыту саласында
Мектепке дейiнгi ұйымдардың желісін кеңейту, олардың материалдық базасын нығайту;
мектепке дейiнгi сапалы бiлім беру бағдарламаларына балалардың қолы жетуін қамтамасыз ету;
мектепке дейiнгi дайындықты көбiнесе мектепке дейiнгi ұйымдардың базасында ұйымдастыру;
мектепке дейінгі моделдi сыныптардың санын көбейту;
2003/2004 оқу жылынан мектепке дейiнгілер үшiн оқу-әдiстемелiк кiтаптардың алғашқыларын енгізу;
iрi кәсiпорындар мен ұйымдардың ведомстволық мектепке дейiнгі ұйымдарды ашу тәжiрибесiн кеңейту;
"мектеп-бала бақшасы" кешенiнiң санын кеңейту, әсiресе селода жалпы білім беру мектептерiнде мектепке дейiнгi тәрбие берудiң мини-орталықтарын құру;
мамандықты көтеру институттарының базасында мектепке дейiнгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерiне, әсiресе мектепке дейiнгi топтар мен сыныптардың тәрбиешілерiнің кемiнде 20%-iн курстық даярлаудан және қайта даярлаудан өтуін қамтамасыз ету;
мектеп жасына дейінгi балаларды тәрбиелеудiң бағдарламасын жергiлiктi деңгейде басымдылықпен қаржыландыру.
Орта жалпы білім беру саласында
Жалпы білім беру мектептерiнiң 7-9 сыныптар үшiн оқулықтардың және оқу-әдiстемелік кешенi алғашқы буынын әзiрлеу және енгізу, кезеңдер бойынша 2005 жылға дейiн 3-5 сыныптар үшiн оқулықтарды қайтадан басып шығару;
орта білім берудiң мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарттарының талабының орындалуының нәтижелерiн бағалау жүйесiн жасау;
күрделiлiгі әртүрлi деңгейдегi лабораториялық және көрсету жұмыстарын жүргiзу үшiн жалпы білім беру мектептерiн ең жаңа жабдықтармен кезең сайын қамтамасыз ету;
оқу орындарының материалдық-техникалық және оқу-материалдық базаларын нығайту;
білім берудi ұйымдастыру үшiн қазiргi заманғы үлгідегi ғимараттарды салу;
балалар мен жасөспiрімдердi оқытудың және тәрбиелеудiң принципалды жаңа инновациялық әдiстемелер мен технологияларын ресми мақұлдау үшiн тәжірибелiк алаңдарды жаcay;
қосымша білім беру ұйымдарының және әртүрлi үлгiдегі және түрдегi интернаттық ұйымдардың, әсiресе даму мүмкiндiктерi шектеулi балалары үшін, балалар үйiнің және отбасы үлгісіндегі деревнялардың, жастар үйiнiң желісін кеңейту;