Экономикалық дамудың стратегиялық маңызды жағдайы тұрақты сыртқы экономикалық байланыс болып табылады. Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, Еуропа одағымен, Жапониямен, Оңтүстiк Кореямен, Түркиямен экономикалық қатынасты басымдықпен дамыту көзделiп отыр. Осыған байланысты экономикалық қарым-қатынастың екiжақты ұзақ мерзiмдi бағдарламалары, өзара ықлас тудыратын салаларда инвестициялық жобалар және өзара сауданың көлемiн өсiруге ықпал ететiн бірлескен шаралар әзiрленетiн және жүзеге асырылатын болады.
ДСҰ кіруге байланысты шараларды жүзеге асыруға, отандық экспортерлердiң мұқтажы үшiн республикада сауда-ақпараттық және қаржы-сақтандыру инфрақұрылымын дамытуға және халықаралық сапа стандартын енгізуге әрiптес елдер және халықаралық ұйымдар тарапынан техникалық көмек тарту жөнiндегі жұмыс жандандырылатын болады.
Сыртқы сауда саласында жүргiзiлген шаралар мен реформалар нәтижелерiнің негізiнде сыртқы сауда саясатындағы бұдан былайғы бағдарлар анықталады, сондай-ақ экспортты жылжыту және Қазақстан үшiн ықлас тудыратын сыртқы тауар рыноктарына талдау жасау үшiн беймемлекеттік құрылымдар құрудың мүмкіндіктері қаралады.
Болжамдалған нәтижелер
Сауда
2003-2005 жж. бөлшек тауар айналымының өсуi жылына орта есеппен 15%-кe болжамдалуда. Дамыған сауда инфрақұрылымының қалыптасуы, сауда рыноктарында бәсекенiң дамуына көмек көрсету, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ тұтыну тауарлары импортының болжамдалған өсiмi сауда қызметiнiң жандануына және бөлшек сауда айналымының өcyіне жағдай жасайды.
Бөлшек сауда тауар айналымының қалыптасуының қазiргi кезде қол жеткен құрылымы 2002-2005 жж. бұрынғы деңгейде қалады деп күтілуде.
Сыртқы экономикалық саясат
2003-2005 жж. экспорттың өсуi жылына орта есеппен 8% болады деп болжамдалуда. Дамыған және дамушы елдердiң экономикалық өсуi, жақсарып келе жатқан әлемдiк рынокта шикiзат тауарларына деген тұрақты сұраным қазақстандық экспорттың өсуiне мүмкiндiк тудыратын болады.
Экономиканың дамуының шапшаңдаған қарқыны импорттың өсуiнiң жылдық орташа қарқынын көтеруге мүмкiндiк бередi, ол 6-7% болады. Инвестициялық тауарлардың және аралық тұтыну тауарларының импорты бұрынғыша импорт құрамында ең үлкен үлес салмағын сақтайды (80% тей). Кең сұраным тауарларының импорты, болжам бойынша, отандық тұтынудың өсуiне, сондай-ақ қорланудың өсуiне сәйкес ұлғаятын болады.
5 ТАРАУ. ӨНЕРКӘСIПТIҢ ДАМУЫ
Мақсаттар мен мiндеттер
Мақсат - заңдық, экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық жағдайлар жасау, өндiрiстiң бәсекеге қабiлеттілігiн және тиiмдiлiгiн көтеру негізiнде өнеркәсiп салаларының тұрақты өсуін және құрылымының сапалы жаңаруын қамтамасыз ету.
Өнеркәсiп саясатының мiндеттерi
Өнеркәсiп саясатының негізгі мiндеттерi болып саналатындар:
отын-энергетикалық қуаттардың одан әрi дамуы;
дамыған мұнайхимия өнеркәсiбiн және оның негiзiнде өндiрiстер (пластмассалардан жасалған тауарлар, лакбояу бұйымдары, шиналар, резинатехникалық бұйымдар және басқалары), сондай-ақ қосылған құнның деңгейi жоғары қара және түстi металдарды өңдеу жөніндегі қуаттарды жасау;
сапаның халықаралық стандарттарын ИСО енгізу, ресурс үнемдеу және еңбек өнiмдiлiгiн көтеру жөніндегі шараларды жүзеге асыру есебiнен өнеркәсiптiң өндiрушi салаларының қазақстандық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттілiгін арттыру;
мұнайгаз, металлургиялық, электрэнергиялық және көлiк салалары үшiн жабдықтар өндiру жөніндегі қуаттарды дамыту;
құрылыс материалдарының және механизмдерiнiң қазiргі заманғы түрлерiн өндiру жөнiндегі қуаттарды дамыту;
ауыл шаруашылық машина жасауды дамыту;
азық-түлiк тауарлары мен сусындарды, сондай-ақ электртехникалық және басқа азық-түлiк емес халық тұтынатын тауарларды өндiрудiң ассортиментiн кеңейту.
Алға қойған мақсаттарға жетудің және мiндеттерді шешудiң жолдары
Аталған мiндеттердi жүзеге асырудың негізгі жолдары мыналар болмақ:
табысты өнеркәсіптiң өңдеушi салаларының дамуына қайта бөлуді ұйғаратын мемлекеттік белсендi инвестициялық саясат (Даму банкiнің қаражаттары, зейнетақы, сақтандыру қорлары және басқа көздер);
өнеркәсiптiң өңдеушi салаларына тiкелей инвестиция тарту үшiн жағдайды жетілдiру;
өндiрiстiң халықаралық сапа стандартына көшуін ынталандыру;
негiзгi өндiрiстiк қорларды шапшаңырақ жаңартуды ынталандыратын амортизация саясатын жетiлдiру;
техникалық және жұмысшы кадрларын даярлау және қайта даярлау жүйесін жасау;
өндiрiлетiн өнiм түрiн көбейтудi және өнiмдi сыртқы рыноктарға жылжытуды қамтамасыз ететін қазiргі инфрақұрылымды жасау;
ДСҰ мүшелiк шеңберiнде сүйемелдеудiң рұқсат етiлетiн дәрежесiнде икемдi кеден-тариф саясатын жүргiзу;
кәсiпорындардың экспорттық операцияларын несиелендiрудi ұлғайту үшiн жағдай жасау;
экспорттық операцияларды сақтандырудың тиiмдi жүйесiн жасау және экспорттық несиелердi сақтандыру жөніндегі мемлекеттің қатысуымен орган құру;
Қазақстанның экспорттық өнiмi үшiн жағрапияны кеңейту және жаңа рыноктарды iздеу.
Өнеркәсіп саясатының мiндеттерiн шешу
1 мiндет. Мұнайды өндiру және тасымалдау жөніндегі қуаттарды дамыту
Мұнайдың тауарлы рыноктарын дамытудың болжамы
Мұнай рыногының 2003 жылғы болжамдарының негiзiне келесi ұйғарымдар алынады:
1. Әлемдiк экономика жылдамырақ қарқынмен дамитын болады, бұл мұнайға деген сұранымды өсiредi. Мамырдағы (2002 ж.) ХВҚ болжама бойынша әлемдiк экономиканың өсу қарқыны 2002 жылғы 2,9% қарағанда 2003 жылы 4,1%-ке дейiн жоғарлайды. АҚШ Энергетика министрлігінiң болжамына сәйкес мұнайдың әлемдiк тұтынысы 2002 жылғы 76,6 млн. барр/тәулiктен 77,9 млн. барр/тәулікке дейiн өседi.
2. Мұнай ұсынымы да жоғары қарқынмен өсетін болады, ең алдымен ОПЕК мүшелерi-елдерi тарапынан, олар 2002 жылғы шектеуден жоғалтқандарының орнын толтыруға тырысады. Сауд Аравиясынан кейiн екiншi болып әлем рыногына мұнай шығаратын Ресей де экспортты көбейтудi жалғастыратын болады.
3. Импорт жасаушы елдердiң стратегиялық запастарының өсуі тұрақтандырушы әсер етедi.
Мұнай бағасы екiншi тоқсанның ортасына дейiн өсуiн жалғастырды, одан әрi аздаған өзгерістермен 23-25 долл./барр. шегiнде қалыптасты. Маусымда бағаның аздап төмендегеніне қарамастан олардың екiншi тоқсандағы Brent сорты бойынша орта деңгейi 24 долл./барр болды, бұл бірiншi тоқсандағы орта деңгейден 16% жоғары (сәуiрде - 25,65 долл./барр, маусымда - 25,17 долл/барр, маусымда бағалама бойынша - 23,8-23,9 долл./барр). Маусымда бағаның төмендеуiне тәуелсiз экспортерлердің (Ресей, Норвегия) бағаның 20 долл./барр. жоғары деңгейiнде әрi экспортты одан шектеу қолайсыз деп санайтындығы жөніндегі мәлiмдемелерi де әсерiн тигіздi.
7 сур.
Мұнай бағасының 2001-2002 жж. өзгерісі
Ақпарат көзі: Лондон биржасының деректері
Талдаушылардың пікірi бойынша, барлық жағдайлардың жиынтығы 2003 жылы бағаның 25 долл./барр. жоғары көтерiлуiне мүмкiндiк бермейдi, сонымен бірге сұранымның өсуi оның тұрақты деңгейiн қолдайды.
ДВҚ маусымдағы болжамы бойынша 2003 жылы мұнайға әлемдiк бағаның деңгейi (Brent, батыстехас және дубай сорттарының орта өлшемдегi бағасы) 2002 жылмен салыстырғанда аздап төмендейдi және 22 долл./барр. болады.
Экономиканың ?кімет бағдарламасында болжамдалған даму қарқынын қамтамасыз ету үшін мұнай өндiрудiң өсiмi (ілеспе газды қоса алғанда) орта есеппен жылына 6 млн. тоннадан кем болмауын қамтамасыз ету қажет.
Мұнайдың газ конденсатымен бірге алғанда өндiрiлетiн көлемi жаңа скважиналарды iске қосу мен жұмыс iстеп тұрған скважиналардың жұмысын интенсивтендiру есебiнен 2005 ж. 66 млн. тоннаға жететiн болады (2002 ж. 44,3; 2003 ж. - 48,7; 2004 ж. - 55,9; 2005 ж. - 61 млн. тонна).
2003-2004 жж. мұнайды өндiру мен сатудың өсуi негізiнен Қарашағанақ, Теңiз және басқа кен орындарын одан әрi игеру есебiнен қамтамасыз етiледi.
Мұнай өндiруi өсiмi 5 iрi компания еншiсiне келедi: БК ЖШС "Теңiзшевройл", ААҚ "Өзенмұнайгаз", АҚ "CNPC Ақтөбемұнайгаз", АҚ "Маңғыстаумұнайгаз", "Қазмұнайгаз ҰК". Газ конденсатын өндiрудің өсуi Қарашағанақ кен орнында қамтамасыз етіледi, ондағы өндiрiс көлемiн 2005 жылға 10 млн. тоннаға дейiн жеткізу көзделiп отыр.
Мұнай мен газға барлау жұмысы Каспий шельфiнде жүргiзiлетiн болады: Қаламқас-теңiз, Ақтоқты, Қайран.
2005 ж. Каспий шелфiнiң қазақстандық секторындағы кен орындарын өнеркәсiптiк пайдалануға кiрiсу жоспарланып отыр.
Сыртқы рынокторға мұнайды тасымалдау Ресейдiң мұнай құбырлары мен KTK құбырының жүйесi арқылы қамтамасыз етiледi. Ақтау теңiз порты арқылы мұнай тасымалдау көлемiн ұлғайту жөніндегі шаралар жүзеге аспақ.
Болашақта келешегі бар жан-жақты маршруттарды, соның iшiнде Баку-Тбилиси-Джейхан, Қазақстан-Түркменстан-Иран, Батыс Қазақстан-Қытай және басқа бағыттар бар, зерттеу жөніндегі жұмыстар жалғасады, сондай-ақ магистралды газ құбырларын қайтадан жаңарту, олардың өткізу қуатын 60 млрд. т.м. жеткізу жөніндегі шаралар жүзеге асырылды; Кеңқияқ-Атырау құбырының құрылысы жүзеге асырылады.
8 кесте
Мұнай өндiрудi 2003-2005 жж. дамытудың аса маңызды
көрсеткіштерiнiң болжамы
| 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2003 ж. 2002 ж-ға % | 2003- 2005 |
Газ конденсатын қоса есептегендегi мұнай өндiру, барлығы млн.т. | 39,7 | 44,3 | 48,7 | 55,9 | 61 | 109,9 | 125,3 |
Мұнайды сату (газ конденсатын қоса есептегенде), млн.т. iшкi рынокке Экспортқа | 7,6 32,4 | 8,3 36 | 9,4 39,3 | 10,4 45,5 | 11,4 49,6 | 113,3 109,2 | 121,3 126,2 |
Қарашағанақ пен Теңiз кен орындарын дамыту және жаңа кен орындарын
iске қосу есебiнен табиғи және iлеспе газ өндiру көлемi 2005 ж. 20 млрд.
т.м. жетедi (2002 ж. - 14 млрд. т.м., 2003 ж. - 15 млрд. т.м., 2004 ж. 18
млрд. т.м.).
Жамбыл облысындағы газ кен орындарының Амангелдi тобын игеру жобасы
бойынша шаралар жалғасатын болады және Оңтүстiк Қазақстан облысындағы газ
кен орындарының Созақ тобын барлау және игеру жөнiндегі шаралар жүзеге
асырылады.
Мұнайгаз саласын ұзақ мерзiмге дамытуда Арал теңiзi маңында мұнай
мен газға геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру тұр.
2005 ж. Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту аяқталатын болады.
2002 ж. бастап мұнайгаз секторында мемлекеттік бақылау күшейедi,
соның iшiнде инфрақұрылым объектілерін дамыту мен пайдалану және кен
орындарын игерудегі операциялық шығындар мәселесiнде.
Каспий шельфiн игеру жобаларындағы газды тереңiрек өңдеп тиiмдi
пайдалану жөнiнде кешендi әдiс қолдану саясатын iске асыру, сондай-ақ
Оңтүстiк Торғай ойпатындағы мұнайгаз кен орындарындағы iлеспе газды
тиiмдi пайдалану жөніндегі шараларды орындау жалғасады.
Газды тиiмдi пайдалану жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылардың
шарттағы мiндеттерiн орындауға мониторинг пен талаптарды күшейту, осы
проблеманы шешуге мұнай компанияларын ниеттендiретiндей экологиялық
нормалар мен оны жағуға тарифтердi енгізу ұйғарылып отыр.
2 мiндет. Мұнай мен газды тереңірек қайта өңдеу, қосылған құнның
жоғарғы деңгейi бар қара және түстi металдарды өңдеу жөнiндегі
өндiрiстердi құру
Үкiмет бағдарламасында және ел экономикасының 2010 ж. дейiн дамуының
стратегиялық жоспарында мұнай мен газды тереңiрек қайта өңдеу, қара және
түстi металдарды өңдеу жөніндегі өндiрiстердi құру құрылымдық мемлекеттік
саясаттың басты бағыты ретiнде анықталған. Өнеркәсiптiң құрылымының
өзгеруi экспорт пен импортты, iшкi өндiрiстi, тауарларды тұтыну мен
қызмет көрсетудi жан-жақты ету үшiн жағдай тудырады.
Мұнайхимия өнеркәсiбiн жасау мен қара және түстi металдарды қайта
өңдеу процесi жөніндегі мiндет ұзақ мерзiмдi сипатта болады.
Бірiншi кезеңде (2002-2005 жж.) ол маркетингтiк және жобалау
алдындағы әзiрлемелермен, өндiрiстi орналастыру мәселесiмен, стратегиялық
инвесторларды iздеумен, жекелеме жобаларды жүзеге асырудағы мемлекеттiң
қатысу дәрежесiн анықтаумен қабаттас жүредi.
Қазақстанда металлургиядағы төртiншi, және бесiншi қайта өңдеудi
дамыту жөніндегі мiндет 20 жылдан астам уақыт бойы алға қойылып келедi,
алайда iс айтарлықтай алға басқан жоқ. Бұрын оны КСРО жоспарлау комитетi
бөгеп келдi, ал қазiргi кезде - шетелдiк инвесторлар оларға сатылған
тау-кен металлургиялық өндiрiстер негiзiнде мұндай қайта өңдеушi
дамытқысы келмейдi.
Қазақстан инвесторлары тағы да ұзақ уақыт қара және түстi металдар
прокатының және олардың негiзiнде қорытпалар мен бұйымдардың қазiргi
заманғы өндiрiсiн ұйымдастыра алмайды. Осыған байланысты осы мiндеттi
шешудегi басты бағыт шетелдiк инвесторларды тарту жөніндегі жұмыс болуға
тиiс.
Металдарды өңдеу процесiн тереңдету қорытпаларды, болаттың қоспалы
және конструкциялық маркаларын, прокаттың кең ассортиментiн, ыдыстарды
және басқа да дайын бұйымдарды, сондай-ақ мұнайхимия өнiмдерi және
металдар тотығы мен басқа да минералдардың негізiнде (мырыш, титан,
алюминий, барий) лак пен бояу бұйымдарын шығаруды көздейдi.
Мұнайхимия өндiрiсiн дамыту мұнайхимияның негiзгi компоненттерiн
өндiру жөніндегі қуаттарды құруы және соның негiзiнде пластмассадан және
композициялық материалдардан жасалатын бұйымдардың кең ассортиментiн,
автошиналар, құбырлар, майлайтын майларды, лактарды, ерітушiлердi
өндiрудi дамытуды көздейдi.
Аталған жобалардың бас бастамашысы және әзiрлеушiсi мен iске
асырушысы үкiмет болуға тиiс.
Мұнайхимия өнеркәсiбiнiң дамуының нақты жолдары салалық "Қазақстан
Республикасының мұнайхимия және химиялық салаларды дамыту
бағдарламасында", сондай-ақ "Мұнайгаз кешенiн және мұнайхимия өнеркәсiбiн
дамытуды ғылыми қамтамасыз ету" атты мақсатты ғылыми-техникалық
бағдарламада 2002-2010 жж. анықталатын болады.
Металлургияда төртiншi және бесiншi қайта өңдеудi дамыту мәселелерi
бойынша мақсатты ғылыми-техникалық: "Қазақстан Республикасының
металлургиялық кешенiнде 2003-2005 жж. төртiншi және бесiншi қайта өңдеу
өндірісін құруды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" бағдарлама әзiрленетiн
болады. Аталған бағдарлама жекелеме технологиялық қайта өңдеудiң тек қана
техникалық бағыттағы шешімдерiн әзiрлейтіндiгiн ескере отырып 2003-2005
жж. "Қосылған құнның жоғары деңгейi бар металдардан өнiм өндiру жөніндегі
қайта өңдеудi дамыту үшiн заңдық, инвестициялық және экономикалық
жағдайлар жасау" атты салалық бағдарламаны әзiрлеу және iске асыру
ұйғарылып отыр.
Осы бағдарлама шеңберiнде жобаларды жүзеге асырудағы мемлекеттің
қатысу дәрежесi, мүмкiн болатын инвесторларды тартуды қамтамасыз ететiн
шаралар, қара және түстi металдарды өңдеу процесiн тереңдету жөніндегі
өндiрiстердi жоба алдындағы зерттеулер мен жобалау кешенi анықталатын
болады.
Мұнайхимия өнеркәсiбiн құру және қара және түстi металдарды өңдеу
процесiндегі төртiншi, бесiншi және одан әрi қайта өңдеудi дамыту
жөніндегі мiндеттер Даму Банкінің басты стратегиялық мiндетіне айналады.
3 мiндет. Халықаралық стандарттарды енгізу есебiнен қазақстандық
өнiмдердің бәсекеге қабiлеттілігiн көтеру
Қазақстандық өнiмдердің бәсекеге қабiлеттілігінің проблемалары басты
ұзақ мерзiмдi экономикалық басымдықтардың бірi болып саналады. Бұл
проблеманы шешу өнiмдi өндiру мен сатуды басқаруды, өндiрiстi техникалық
жаңартуды, біліктi кадрларды даярлауды, табиғи ресурстарды кешендi және
ұтымды пайдалануды жақсартуды қамтамасыз ететiн шаралар кешенiмен
қамтамасыз етiлетiн болады.
Отандық өнiмнің бәсекелiк қабiлетiн көтеретiн жолдардың бірi
республика кәсiпорындарында халықаралық стандарттарға ИСО 9000 және 14100
серияларына сай келетiн сапа жүйесiн әзiрлеу мен енгізу болып табылады.
Бұл жұмыстағы басты бағыт мемлекеттік стандарттау, метрология және
сертификаттау жүйесiн дамыту, стандарттау және сапаны басқарудың
сәйкестiгiн бағалау саласындағы жұмыста халықаралық тәжiрибеге
кезең-кезеңмен көшу болады.
Осы мақсатпен республиканың экономика салаларында стандарттау
жөнiнде жаңа техникалық комитеттер құру ұйғарылуда.
Кәсiпорындардың жұмысының барлық техникалық және ұйымдастырушылық
жағдайлары халықаралық талаптарға үйлестірілген тиісті стандарттармен
белгiленедi. Бұл 2005 ж. iрi кәсiпорындардың жұмысын өнiм өндiрудiң және
сатудың барлық кезеңiнде (қайта өңдеуде) әлемдiк рынокта тауар мен
қызметтiң сапасына қойылатын талаптарға сай болуын қамтамасыз етедi.
Жыл сайын ИСО халықаралық стандарттарын енгізетiн кәсіпорындар
тiзiмiн анықтау және бұл жұмыстың жүрiсiне тұрақты мониторинг ұйымдастыру
ұйғарылып отыр. Сонымен бір мезгiлде бұл жұмысты жүргiзуге тиiстi
әдiстемелiк және заң тұрғысынан қолдау көрсетiлетiн болады.
Халықаралық стандарттар мен өнiм сапасын басқару жүйесiн енгізу
нәтижесiнде көптеген қазақстандық кәсiпорындарының тауарлары мен
қызметтерi iшкi және сыртқы рынокта бәсекеге қабiлеттi болады.
Инвестициялық жобалар мен бизнес-жоспарлардың халықаралық стандарттардың
талаптарына сай келуiне ерекше көңіл бөлiнетiн болады.
Отандық, кәсiпорындарда тұрақты жұмыс жасайтын сапа жүйесi
шығарылатын өнімнің техникалық деңгейiн түпкiлiктi көтеруi жүзеге
асыруға, еңбек өнiмдiлiгiн көп есе көтеруге, еңбектi қорғау жағдайын және
қоршаған ортаны қорғауды жақсартуға, материалдық шығындарды елеулi
төмендетуге, табыстылықты өсiруге және таза пайда алуға мүмкiндiк беретiн
техниканың жаңа буынын жасауға және игеруге жағдай тудырады.
Стандарттарды жетiлдiру және тауарлардың бәсекеге қабiлеттілігiн
көтеру жөнiндегі жұмыс Қазақстан Республикасының 2003-2004 жж.
стандарттардың және сертификаттаудың ұлттық жүйесiн дамытудың
Бағдарламасына және Республикалық 2001-2005 жж. "Сапа" бағдарламасына
сәйкес қамтамасыз етiлетiн болады.
4 мiндет. Мұнайгаз, металлургия, электрэнергетикасы және көлiк
салаларының кәсiпорындары үшiн жабдықтар өндiру жөнiндегі қуаттарды
дамыту
Қазақстан экономикасының отын-энергетикалық, минералдық ресурстардың
және оларды өңдеуден алынатын өнiмдердің экспортына мамандануы объективтi
түрде бұл салалардың кәсiпорындарының электр энергиясын, көлiк қызметiн
тұтынуының, сондай-ақ технологиялық жабдықтарды, оларға қосалқы
бөлшектердi, материалдарды және жинақтаушы бұйымдарды сатып алуының өсуін
туындатады.
Қазiргі кезде аталған тауарлардың және жабдықтардың үлкен бөлігі
импорт жасалады. 1999-2001 жж. iшкi рынокты қалыптастыру үшiн Қазақстан
Республикасы Үкіметі машина жасау кәсіпорындарымен бірлесе отырып бipep
қадам жасады, алайда бұл жұмысты жүйеге келтiрмейiнше осы бағытта жарып
өту мүмкiн емес.
Отын-энергетика және тау-кен-металлургия кешендерi ұзақ мерзiмді
болашақта шапшаң дамуды жалғастырады. Осыған байланысты iшкi рыноктың
жабдықтар мен металдарға қажеттiгi өсе түседі, мұның өзi елдің машина
жасау кәсiпорындарында олардың сериялы өндiрiсi жасаудың керектігін
туындатады.
Мұнайгаз, тау-кен-металлургия, электр энергетика өнеркәсiбi мен
көлiк үшiн жабдықтардың басымдықпен даму басты салалық басымдық деп
анықталады және машина жасау кешенiн дамыту Бағдарламасының шеңберінде
жүзеге асатын болады.
Аталған Бағдарламаны iске асырудың негiзгi шаралары мыналар болады:
мұнайгаздық, тау-кен-металлургиялық, электр энергетикалық және
көлiктiк машина жасауды дамыту үшiн қолайлы экономикалық жағдайлар жасау;
жабдықтардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердiң және құpacтырушы
бұйымдардың басымдық түрлерiне iшкi және сыртқы рыноктарда сұранымның
өсуi жайлы маркетингтік зерттеулер жүргізу;
жоғарыда аталған салалар үшiн өнiм шығаруға қазақстандық машина
жасау кәсiпорындарының мамандануы мен кооперациялануының, сондай-ақ
жан-жақты дамуының үлгісiн анықтау;
машина жасау жабдықтарының басымдық түрлерiн өндiрудi ұйымдастыру
үшiн холдингтерді қалыптастыру үшiн жағдай жасау;
қазақстандық машина жасау кәсiпорындарында мұнайгаз,
тау-кен-металлургия, электр энергетика және көлiк жабдықтарын, қосалқы
бөлшектерiн және оларға құрастырушыларды өндiрудi ұйымдастыру жөнiндегі
техникалық-экономикалық негіздеулердi әзiрлеу;
машина жасауды дамытудың басымдық бағыттары бойынша инвестициялық
жобаларды жүзеге асыруға инвесторлар iздеу және мемлекеттiң қатысын
анықтау;
жобаланатын өнiмнiң ассортиментiн, өнiмге техникалық және
экономикалық талаптарды анықтау, сондай-ақ өндiрiстi ұйымдастыру және
қажеттi метал прокаты маркасын және оларға жинақтаушыларды жеткізу iсiнде
бәсекеге қабiлеттi машина жасау өндiрiсiн жасауға қатысуға жабдықтар мен
материалдардың қазақстандық iрi тұтынушыларын тарту;
мұнайгаз, тау-кен-металлургия, электр энергетика және көлiк
жабдықтарын, қосалқы бөлшектерiн және оларға жинақтаушыларды өндiру
жөнiндегі жобаларды жүзеге асыруда "Қазақстандық Даму Банкi" ЖАҚ несие
ресурстарының басымдық бағыттары.
Жоспарланып отырған кезеңде аталған салалар үшiн жабдықтар өндiрудiң
өсуi негізiнен игерiлген өнiмдi өндiрудi көбейту және күрделi емес
бұйымдарды шығаруды ұйымдастыру есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады.
Аталған мiндеттердi шешу машина жасауды келесi жылдарда дамыту үшiн негiз
құрады.
Машина жасау саласының экономикалық жағдайына жасалған талдау
кәсiпорындар негізiнен төмен табыстылықпен жұмыс iстейтiнiн көрсетедi.
Саланы тұтас алғанда барлық машина жасайтын кәсiпорындардың 2001 ж. таза
табысы тек 200 млн. теңге болды және орта мерзiмдi болашақта машина
жасаудағы ахуалды күрт өзгepтy мүмкін болып көрінбейді.
5 мiндет. Ауыл шаруашылық машина жасауды дамыту
2003-2005 жж. әлеуметтiк-экономикалық саясаттың басты басымдығы ауыл шаруашылық өндiрiсiн және онымен байланысты салаларды дамытуды, сондай-ақ ауыл (село) өмiрiн жайластыру ел өнеркәсiбi алдына ауыл шаруашылық жұмыстарының барлық түрiн жүргізу үшiн аграрлық секторды қазiргі заманғы техникамен қамтамасыз ету мiндетiн қояды.
Машина жасау кешенiн дамытудың Бағдарламасының басты басымдықтарының бірi бәсекеге қабiлеттi ауыл шаруашылық техникасын шығару болады.
Ауыл шаруашылық машина жасауды дамыту бюджеттік қаржыландырумен және елде агролизингтiң дамуымен тығыз байланыстырылатын болады. Жерге жеке меншiк институтын жасау ауыл шаруашылық техникасын тұтынушылардың қаржы жағдайын және төлем қабiлеттілігiн күшейтедi. Агроазық-түлiк бағдарламасын жүзеге асыру 2005 жылдың аяғына аграрлық сектор өнімінің сапасын едәуiр көтередi деп болжамдалуда. Осының бәрi бәсекеге қабiлеттi ауыл шаруашылық техникасына сұранымды көбейтуге жағдай тудырады.
Ауыл шаруашылық машина жасауды дамыту келесi iс шараларды жүргiзудi керек етедi:
кәсіпорындарды тiзiмге алу және оларды жергілiктi және республикалық деп бөлу;
ауыл шаруашылық техниканың әртүрлi топтары бойынша маркетингтік зерттеу жүргiзу және өндiрiсi Қазақстанда ұйымдастырылатын машиналар мен агрегаттардың тiзбесiн анықтау;
өндіруге ұйғарылған ауыл шаруашылық техниканы шығару үшiн кәсiпорындардың кооперациялану үлгiсiн әзiрлеу және күрделi ауыл шаруашылық техникасын дамытудың шебер-жоспарын жасау;
ауыл шаруашылық техникасын өндiрудi дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар үшiн техника-экономикалық негiздемелер әзiрлеу;
ауыл шаруашылық техникасының ең iрi түрлерiн өндiрудi дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға мемлекеттiң қатысу дәрежесiн анықтау;
инвесторларды iздестiру және белгiлi бір техниканы өндiруге маманданушы кәсiпорындар жүйесiн қалыптастыру;
техниканы сатудың, техникалық және сервистік қызмет көрсетудiң тармақталған жүйесiн жасау.
Осылар және басқа шаралар машина жасау кешенiн дамыту Бағдарламасына енгізілетiн және 2003-2005 жж. iске асатын болады.
Өндiрiсi Қазақстанда болатын ауыл шаруашылық жабдықтарының республикалық тiзбесiн шамамен доңғалақты және шынжыр табанды тракторлар, астық жинайтын комбайндар, жаткалар, мал азығын өндiру жөніндегі жабдықтар, сиыр сауатын агрегаттар және басқалар енетiн болады.
6 мiндет. Құрылыс материалдары мен механизмдерiнiң қазiргі заманғы түрлерi өндіру жөніндегі қуаттарды дамыту
Қазақстан экономикасына келіп түсетiн инвестициялардың қарқынды тасқыны құрылыс ұйымдарының жұмысынан сапалы өзгерістер талап етедi. Ең алдымен мұның объектілердi салу кезiнде қолданылатын құрылыс материалдары мен механизмдердi, құрылыс жұмыстарының технологиясын түбегейлi өзгертуге қатысы бар.