әдiстерiне көшу;
табиғи монополиялар өндiрiсiн жаңартуға инвестициялар тарту үшiн
жағдай жасау және олар көрсететiн қызметтердiң (тауарлар, жұмыстар)
сапасын жоғарлату;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне тарифтердi орынсыз
бөлшектеудi жою және олар көрсететiн қасиеттердiң (тауарлар, жұмыстар)
сапасын жоғарлату;
табиғи монополиялар қызметi саласының мониторингiсi үшiн деректердің
ақпараттық базасын жасау.
Баға мен тарифтің өсуiнiң болжамдық көрсеткiштерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жж. арналған бағдарламасына сай инфляцияның жылдық орташа деңгейi таяу жылдары 5-6% көлемiнде қамтамасыз етiледi. Бұл макроэкономикалық индикатор
бәсекелестiк ортасындағы баға деңгейiн және табиғи монополиялар кәсіпорындар үшiн тарифтердi анықтайды.
Экономика салаларында жылдық орта бағаның өзгеру индексi сыртқы және iшкi рыноктағы болжамдалушы конъюнктураны есепке ала отырып есептеледi, ол тұтыну бағасының өсуімен байланыстырылған.
Инвестициялық саясат
2003-2005 жж. қызметтің негiзгi бағыттары отандық және шетелдiк тiкелей инвестициялардың экономиканың басымдықты секторларына келiп түсуін ынталандыру, мемлекеттік инвестицияларды пайдалануды ұтымды ету мен тиiмділігiн арттыру және iшкi жинақтарды жұмылдыру болмақ.
1 мiндет. Экономиканы құрылымдық қайта құруға инвестиция тарту.
Агроөнеркәсiптiк кешен, жеңіл және тамақ өнеркәсiбi, машина жасау, метал өңдеу, құрылыс материалдары өнеркәсiбi, химия және мұнайхимия өнеркәсiбi сияқты экономиканың басымдықты салаларына инвестиция тартудың әдiстерi жетiлдiрiлетiн болады.
"Инвестициялар туралы" заң жобасы қабылданған соң инвесторларға жеңілдiктер мен артықшылықтар беру жүйесiн реттейтін қазiргi кезде қолда бар нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Экономиканың нақты секторын iшкі инвестициялық ресурстар есебiнен инвестициялаудың мүмкiндiгiн қарау жөніндегi жұмыс жүргiзiлетін болады. Инфрақұрылым мен байланыс объектілерін жасауды, жол, порттар және басқа инфрақұрылымдар салуды, басымдықты ұлттық салаларды дамытуды қаржыландырудың мүмкiн көздерiнің бірi зейнетақы активтерi бола алады.
2003-2005 жж. кезеңде келесi жұмыстарға бағытталған екпінді шаралар жүзеге аспақ:
инвестициялық қызмет саласында қабылданатын заң актілерінің сапалық деңгейiн халықаралық құқықтың стандартының деңгейiне дейiн көтеру;
инвестициялардың сақтандыру жүйесiн жасау;
екіншi деңгейдегi банктер шағын және орта кәсiпорындарын белсендiрек несиелендiру үшiн жағдай жасау;
қаржы тасқыны инвесторлардан қарыз алушыларға ұйымдасқан түрде көшуiн қамтамасыз ететiндей экономиканың маңызды элементi ретiнде қор рыногының қалыптасуына жағдай жасау;
инвестициялық қарым-қатынастың "Құрылыс - Пайдалану - Тапсыру" (ВОТ) принципi бойынша балама пошымын енгізу;
салынып жатқан тұрғын үйлерге төлем қабiлетi бар сұранымды арттырудың мүмкiн болар жолдарын iздестiру, тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін халықтың жинаған ақшасын тарту.
2 мiндет. Мемлекеттік инвестициялардың басымдықты бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Мемлекеттік инвестицияның негізгі мiндетi тиiстi инфрақұрылымды қалыптастыру арқылы экономиканы дамыту үшiн жағдай жасау болып табылады. Мемлекеттік инвестициялар экономиканың жеке бизнес секторын қызықтырмайтын секторларына бағытталатын болады.
2003-2005 жж. кезеңде келесi жұмыстарға бағытталған екпiндi шаралар жүзеге аспақ:
салалардағы мемлекеттік инвестицияларды жоспарлаудың экономиканы дамытудың салалық және аймақтық басымдықтарына сай инвестициялық жобаларды күнi бұрын және сапалы әзiрлеудi көздейтiн тұтас жүйесiн жасау; республикалық инвестициялық жобалардың iске асуына, мемлекет кепiлдiгi және инвесторлардың шарты бойынша мiндеттемелерi арқылы жүзеге аспақ жобаларға мониторингтi күшейту;
экономиканың басымдықты салаларында республикалық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн сыртқы көмектi тартуды ынталандыру мақсатында халықаралық қаржы экономикалық ұйымдармен және донор-елдермен қарым-қатынасты одан әрi дамыту.
2003-2005 жж. арналған мемлекеттік инвестициялардың саясаты келесi принциптердi қамтамасыз етудi ескере отырып қалыптасты:
құрылысы жоспарлы кезеңнiң бірiншi жылында аяқталатын объектiлердi басымдықты республикалық инвестициялық жобалар Тiзбесiне (БРИЖТ) енгізу басымдылығы;
инвестициялық ресурстарды көптеген құрылыстарға шашыранды болып кетуiне жол бермеу;
iрi әлеуметтiк проблемаларды шешудi елдiң әртүрлi аймақтарындағы экономикалық индикаторларды салыстыруды ескере отырып кезең-кезеңмен қамтамасыз ету;
БРИЖТ қалыптастырған кезде басымдықты салааралық және аймақаралық байланысты қамтамасыз ететiн объектiлерге беру;
Республикалық бюджет комиссиясының тиiстi шешімiнсiз объектiлердiң құрылымына инвестиция көлемiн өткен кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай өсуіне жол бермеу.
БРИЖТ 2003-2005 жж. қалыптастырудың жоғарыда аталған принциптерiне сүйене отырып белгіленген лимит негізiнде республикалық бюджеттен 213 жобаны қаржыландыруды жүзеге асыру ұйғарылды, одан 77 iске қосылатындар болып саналады, олардың 2003 ж. белгіленген лимиттегі үлес салмағы 20% астам болмақ. Жаңа жобаларды қаржыландырудың белгіленiп отырған көлемi 2003 ж. 15500 млн. теңге болады.
2002-2005 жж. республикалық инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемi
| 2002 | 2003 | 2004 | 2005 |
ЖIӨ млрд. теңге Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемi: млн. теңгe ЖIӨ-ге % | 3742 80889 2,2 | 4142 98258,6 2,4 | 4612 111306,7 2,4 | 5140 116006 2,3 |
Ақпарат көзi: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігi
2003-2005 жж. БРИЖТ қалыптастыру үшiн мемлекеттік инвестициялардың
басымдықтары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жж. арналған
Бағдарламасында анықталған:
көлiк-коммуникация кешенiнің нығаюы мен дамуы, ең алдымен көлiк
инфрақұрылымының объектілерi мен электр энергиясын тасымалдау;
агроөнеркәсiп кешенiн қолдау және селоның инфрақұрылымын дамыту;
сумен жабдықтау;
экология;
әлеуметтiк сектордың дамуы;
басқарудың мемлекеттік органдарын институционалды күшейту;
Астана қаласын дамыту.
Аталған басымдықтар шеңберiнде бірнеше мемлекеттік, салалық
(секторалдық) бағдарламалар әзiрлендi, инвестициялық жобалар және оларды
жыл сайын қаржыландыру бойынша ұсыныстар анықталды. Бұл басымдықтар
таяудағы үш жылға белгiленді, мұның өзi әрбір бағыт бойынша проблемаларды
шешу жөнiндегі мақсаты жұмысты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi.
Мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бойынша
республикалық бюджеттің қаражаттары
Бағдарлама | 2003 | 2004 | 2005 |
млн. теңге | % | млн. теңге | % | млн. теңге | % |
| | | | | | |
"Білім беру" мемлекеттік 3700,8 3,8 3794,0 3,4 4219,7 3,6 бағдарламасы |
"Халықтың денсаулығы" 3054,1 3,1 4038,5 3,6 7240,1 6,2 мемлекеттік бағдарламасы |
Төтенше жағдайлардың 1026,0 1,0 1156,0 1,0 0,0 0,0 алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiн 2002-2005 жж. дамудың бағдарламасы |
Күш органдарының 3523,2 3,6 3179,2 2,9 4126,9 3,6 бағдарламасы |
"Ауыз-су" бағдарламасы 7710,5 7,8 8919,9 8,0 13389,6 11,5 |
Бағдарламалардың тысқары 15776,8 16,1 20476,9 18,4 9984,8 8,6 жүзеге асырылатын жобалар |
Барлығы 98258,6 100,0 111306,7 100,0 116006,0 100,0 |
Ақпарат көзi: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
Автожол саласының нығаюы мен дамуы автожол саласын дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүргізiлетiн болады. 2003 ж.:
Алматы-Гүлшад және Ақшатау-Қарағанды; Астана-Бурабай; Астананың солтүстiк
айналма жолын қалпына келтiруi, қайта жаңартуды және салуды аяқтау
жоспарланып отыр.
Экономика секторлары бойынша 2003 ж. мемлекеттік
инвестицияның құрылымы
Ақпарат көзi: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Болжамдалған үш жыл бойы республикалық бюджеттен көлік-коммуникация кешенiн дамытуға жұмсалатын инвестиция шығысы басым болады (мемлекеттік инвестицияның барлық көлемiнiң 50% астамы). Бұл экономиканың нақты ceкторына жеке меншiк инвестицияларын тарту, сондай-ақ елдiң транзиттiк потенциалын барынша пайдалану үшін қолайлы инвестициялық климат жасайтын жағдайлардың бірi дамыған көлiк инфрақұрылымы болу керектігiнен туындайды.
Келесi жылдарда Алматы-Бiшкек, Шортанды-Көкшетау-Петропавл, Атырау, Қызылорда-Жезқазған автожолдарының құрылысы жүзеге асырылатын болады.
Бұл бағдарламаны iске асыруға барлығы республикалық бюджеттен 2003 ж. - 26,7 млрд. теңге, 2004 ж. - 28,7 млрд. теңге және 2005 ж. - 45,7 млрд. теңге бағытталатын болады.
Одан басқа Алтынсарин-Хромтау теміржол желісінiң құрылысы, Астана қаласындағы халықаралық аэропортты қайтадан жаңарту, Шульба шлюзының құрылысын аяқтау сияқты маңызды жобаларды icкe асыру жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасының 2003-2005 жж. Мемлекеттік агроазық-түлiк бағдарламасы бойынша қаржыландыруы кестенiң тиiстi жолында келтiрiлген көлеммен шектелмейді. Бұл бағдарламаны iске асыру, сондай-ақ "Ауыз-су", "Білім беру", "Халықтың денсаулығы" бағдарламаларының шеңберiнде, ауыл шаруашылық өндiрушiлерiнiң минералдық тыңайтқыш, өсiмдiктер мен жолдарды қорғау құралдарын, тұқым, асыл тұқымды мал сатып алуына бағаның бір бөлуiне ақшадай жәрдем көрсетуге бюджет қаражаты есебiнен ағымдағы шығыстар, сондай-ақ агролизингті дамыту арқылы да жүзеге асырылатын болады.
Сонымен бірге бұл басымдық республикалық бюджеттен бөлiнетін инвестицияның жалпы көлемiнде елеулi үлесi алмайды. Село инфрақұрылымын дамытуды негізгі қаржыландыру Қазақстан Республикасының "Жергілікті бюджет жүйесi туралы" заңына сәйкес жергілікті бюджет қаражаттары есебiнен жүзеге асырылуы тиiс.
Астана қаласының дамуы "Астананың гүлденуi-Қазақстанның гүлденуi" атты Мемлекеттік бағдарламаны iске асыру шеңберiнде жүзеге асатын болады. 2003 ж. iске қосылатын объектiлерi iшiнде Мәжіліс ғимараты, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлісi мен Сенатының бірлескен мәжіліс залы, Сыртқы iстеp министрлігінiң ғимараты жоспарлануда. Тұрғын үй-коммуналдық объектiлерi iшiнде 2003 ж. республикалық бюджет есебiнен Астана қаласында ?кімет орталығының инженерлiк құрылыстар торабы, Қорғалжын трассасындағы коллектор пайдалануға берiлетін болады. Бұл бағдарлама бойынша жаңа объектiлер астананың солжағалауындағы бөлiгiн жайластыруға және ауыз сумен, канализациялық жүйемен қамтамасыз eтy жөніндегі ахуалды жақсартуға бағытталады.
Астана қаласын жайғастыру бойынша басымдық iске асыруға барлығы республикалық бюджеттен 2003 ж. - 30,5 млрд. теңге, 2004 ж. - 33 млрд. теңге және 2005 ж. - 24 млрд. теңге қаражат жұмсау жоспарланып отыр.
Инвестициялық жобаларды 2003 ж.
қаржыландырудың көздерi
Ақпарат көзi: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Iшкi көздер есебiнен қалыптасатын республикалық бюджеттен жұмсалатын 2003 ж. қаржыландыру көлемi 44,7 млрд. теңге немесе 2003 ж. қаржыландырудың жалпы көлемiнiң 54% болады. ?кіметтің сырттан алатын қарызы 2003 ж. республикалық инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемiнiң 42,8% құрайды.
Тұрғын үй құрылысын дамыту
Тұрғын үй саясатының мақсаты халықты қолайлы, экология жағынан дұрыс тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету үшiн келесi мiндеттердi шешу қажет:
тұрғын үйдің құнын төмендету;
тұрғын үй құрылысының қарқынын 2005 ж. 2,0 млн. ш.м. пәтер үйге дейiн өсiрудi қамтамасыз ету;
мемлекет қаржысы есебiнен азаматтардың әлеуметтiк қорғалуға тиiс категориясының 12 мың отбасын үш жыл ішінде пәтермен қамтамасыз ету;
қазiргі заманғы тиiмдi және энергия үнемдейтiн архитектуралық-құрылыс шешімдеріне көшу.
Шешу жолдары
Құрылыстың және пәтердi пайдаланудың құнын төмендету үшiн келесi техникалық мiндеттердi шешу қажет:
энергия тұтынудың, сумен жабдықтаудың шығысын төмендету, тұрмыстық ағын суды зарарсыздандырудың тиiмдiлiгi мен экологиялық жағдайын көтеру мақсатында нормативтiк-техникалық құжаттарды жетiлдiру және халықаралық нормалармен үйлестiру;
тұрғын үй құрылысын экология тұрғысынан залалсыз, тиiмдi, энергияны үнемдейтiн материалдармен және бұйымдармен қамтамасыз ету;
отандық, кәсіпорындарда тұрғын үйлердің тиiмдi энергия үнемдейтiн инженерлік жүйелерiнің құралдары мен құрылғыларын өндiрудi игеру;
құрылыс өндірісінің технологиясын жетілдіру.
Тұрғын үй құрылысын дамыту үшiн келесi экономикалық мiндеттердi шешу қажет:
азаматтардың және заңды тұлғалардың жиғандарын, банктердiң несиелерiн, зейнетақы және басқа қорлардың қаражатын, беймемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражатын тарту үшiн қолайлы жағдай жаcay;
тұрғын үй саласына азаматтардың, заңды тұлғалардың, шетелдік инвесторлар мен несие берушiлердің қаражатын тарту үшiн жағдай жасау;
тұрғын үй құрылысында прогрессивтi технологияны, қазiргі заманғы архитектуралық-құрылыстық және қала салудың шешiмдерiн, ассортиментi мен номенклатурасы бойынша халықтың әртүрлi тобының төлем қабiлетi бар сұранымына, элиталық пәтерлерге де, сондай-ақ табысы жоғары емес азаматтар үшiн сапалы тұрғын үйлep салуға дәл келетiн экологиялық жағынан таза, дизайн жөнiнен осы заманғы құрылыс материалдарын пайдалану;
коммерциялық банктердің пәтер салуға және қайтадан жаңартуға несие берген кездегі қаупiн азайту үшiн құқықтық жағдайлар жасау;
салынып жатқан үйлерi мезгiлiнде бiтiрiп және пайдалануға берудi қамтамасыз етудің, құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерді тиiмдi үй салушыларға берудің экономикалық тұтқаларын енгізу.
Тұрғын үй құрылысын дамытудың болжамы
Аймақтардың жобалық деректерi бойынша 2003-2005 жж. тұрғын үй құрылысына барлық инвестициялық көздерден 124,1 млрд. теңге жұмсалады. Пайдалануға берiлген тұрғын үйлер көлемi 5,6 млн. ш.м. болады. Осы кезеңде пайдалануға берiлген пәтер саны 47336 болады. Осы кезеңде халықтың 100 мыңына шаққандағы пайдалануға берiлетiн пәтер санының ең үлкен үлес салмағы Астана қаласының (2000), Атырау облысының (996) және Алматы қаласының (667) үлесiне тиедi.
Қаржы секторының дамуы
Банк секторы
Банк секторын одан әрi дамыту мақсатында келесi шараларды жүзеге асыру ұйғарылып отыр:
екiншi деңгейдегi банктерде корпоративтiк басқару және тәуекелдi басқару жүйесiн енгізу;
заңды тұлғалардың салымдарына мiндеттi түрде ұжымдық кепiлдiк беру жүйесін депозиттердi сақтандырудың тиiмдi жүйесін жасаудағы халықаралық стандарттарға сай ету;
ағымдағы бақылау шараларын банктiк бақылау жөнiндегі Базель Комитетiнiң негізгі принциптерi мен стандарттарына сәйкес жетiлдiру.
Ұлттық Банк несие институттарының үш деңгейлi жүйесiн құру негiзiнде көп деңгейлi шағын несие беру моделiн енгізуге бағытталған шараларды жүзеге асыруды жалғастырады.
Тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың принциптi жаңа үлгісiн құрылысқа қаражат жинақтау жүйесiн тәжiрибеде қабылдау белгiленiп отыр.
Векселдердiң бірiншi класты эмитенттерiнің тiзiмiн жасау (ұлттық компаниялар есебiнен де, сондай-ақ "орта буынның" шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнің де есебiнен), вексель айналымының нормативтiк-құқықтық базасын және вексель рыногының инфрақұрылымын жетiлдiру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Векселдiң статусын бағалы қағаз статусына дейiн көтеру келешектiң мақсаты болады, бұл бағалы қағаздардың қолданылып жүрген техникалық инфрақұрылымын пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Сақтандыру рыногы
Ұлттық Банк сақтандыру компанияларына халықтың сенімiн одан әрi бекітуге бағытталған шараларды жүзеге асыруды жалғастырады.
Ұлттық Банк Үкiметпен бірлесе отырып сақтандырудың мiндеттi түрлерiн қаржыландырудың тiзбесi мен көздерiн анықтау, сақтандырудың мiндеттi түрлерiн жүзеге асырудың халықаралық тәжiрибесiн ескере отырып олар бойынша қажеттi заң базасын жасау жөнiнде жұмыс атқаратын болады.
Сақтандыру рыногының инфрақұрылымын дамыту және оның кәсiби қатысушыларының (сақтандыру брокерлерi, актуарилер мен уәкілеттi аудиторлар) қызметiн жандандыру жөнiндегі жұмыс жүзеге асатын болады.
Сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің мүддесiн қорғау мақсатында сақтандырушы ұйымдар жойылған жағдайда сақтандырушыларға (сақтандырылғандарға, пайда табушыларға) сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға кепілдік жасайтын қорды құру ұйғарылуда.
Сақтандырушы (қайта сақтандырушы) ұйымдар үшiн бухгалтерлiк есептiң жоспарын әзiрлеу және олардың бухгалтерлік есебiн автоматтандыру жөніндегі жұмыс жүзеге асатын болады.
Бағалы қағаздар рыногы
Қазiргi кезеңде отандық қор рыногын одан әрi дамыту жөнiндегі негізгi бағыттардың бірi бағалы қағаздар рыногы туралы заңдардың "төртiншi" ұрпағын қабылдау болып табылады: Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" заңдарды. Осы заңдардың жаңа версиясын қабылдау отандық кәсiпорындардың қор рыногының мүмкiндiктерiн пайдалануға ынталандыру жөнiндегі шешушi шараларды жүзеге асыруға, "Көк фишкалар" бағдарламасын одан әрi жүзеге асыруды жалғастыруға мүмкiндiк бередi, отандық инвесторлар институтын одан әрi дамыту және корпоративтiк басқару принциптерін жетiлдiру үшiн қозғау салады, сондай-ақ инвесторлардың құқы мен мүддесiн қорғау жүйесiн жақсартуға мүмкiндiк бередi.
2002-2005 жж. қазақстандық бағалы қағаздар рыногын дамытудың басымдық бағыттары:
қазақстандық бағалы қағаздар рыногында инвестиция жасау мүмкіндiгiн кеңейту;
қазақстандық акциялар мен беймемлекеттік облигациялардың инвестициялық сапасының және инвестициялық тартымдылығының деңгейiн көтеру;
инвестиция жасаудың ұжымдық пошымы арқылы халықтың жинаған ақшасын нақты экономикаға тартудың тетiктерiн жасау;
қор рыногы арқылы қаржы ресурстарын тарту мәселесiнде беймемлекет бағалы қағаздардың қазақстандық эмитент-ұйымдардың менеджерлерiнің бiліктiлік деңгейiн, сонымен бірге бағалы қағаздарға инвестиция жасау мәселесiнде халықтың экономикалық сауаттылығының деңгейiн көтеру;
бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының қызметiне бақылаудың екi деңгейдегi, Ұлттық Банк деңгейiнде және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдар деңгейiнде (бұдан әрi - ӨРҰ) жүйесiн дамыту, ӨРҰ дамыған сайын кәсiби қатысушылардың қызметiне бақылау жасау жөнiнде оларға берiлетін бақылау қызметiнiң тiзбесi ұлғая бередi;
бағалы қағаздар рыногының институционалдық және техникалық инфрақұрылымын жетiлдiру.
Зейнетақы жүйесi
2002-2005 жж. жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың басымдық бағыттары:
зейнетақы активiн сапалы және жоғары өтiмдi қаржы инструменттерiне орналастыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
келешекте зейнетақы активiн "Көк фишкалар" кәсiпорындарының акцияларына инвестиция жасауға рұқсат ету ұйғарылуда. Алайда, сол кезде осы кәсіпорындардың қор рыногының тетiктерiн пайдаланудың көмегiмен жекешелендiрілу жағдайы сақталуға тиiс;
зейнетақы активтерiн отандық эмитенттердің беймемлекет бағалы қағаздарына, сондай-ақ компаниялардың ипотекалық облигацияларына инвестиция жасауының лимитін одан әрi кеңейтудiң мүмкiндiгі қаралатын болады;
зейнетақы активiн рыноктық бағалаудың тетiктерi енгiзiлетiн болады және қаржы инструменттерiн рыноктық бағалау жөніндегі Комитетке ресми статус берiлетiн болады;
жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң субъектілерi есеп ақпаратын уәкілеттi органға беретiн орталықтандырылған электрондық жүйе жасалатын болады.
4 ТАРАУ. САУДА ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Мақсаттар мен міндеттер
Сауда
2003-2005 жж. iшкi сауда саласын дамытудағы негiзгi бағыт сауда қызметiнің жалпы танылған түрлерiн - көтерме, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану-реттеуді қамтамасыз ететiн пәрмендi құқықтық тетiктi жасау болып табылады.
Саудада пәрмендi құқықтық тетіктi жасау iшкi рыноктың тұтас алғандағы оңды дамуын қамтамасыз ететiн тауарлар мен қызметтi тұтынушыға дейiн жеткізудi ұйымдастыру және құқықтық тетiктерін жетiлдiру деп түсiніледi.
Iшкi сауданы одан әрi дамыту үшiн ішкі сауданың тиімді пошымын қалыптастыруға, және ішкi рынокты қол жетерлiк баға мен тариф бойынша жоғарғы сапалы тауарлармен және қызметтермен толтыруға жағдай жасайтын заңдарды жетілдіруге баса көңiл аудару қажет.
Iшкi сауданы дамытудың басымдықты мiндеттерi ретiнде келесiлер анықталады:
iшкi рынокта қазақстандық тауарлардың үлесiн көбейту үшiн керектi жағдайды қалыптастыру;
тауарларды импорт жасаған кезде отандық өндiрушiлердi шетелдiк сапасыз бәсекеден қорғауды қамтамасыз ету;
iшкi рынокке қажеттi өнiмдi тұрақты жеткiзiп тұруды қамтамасыз ететiн сауда - сатып алу компанияларының желісін құру;
iшкi сауданың ақпараттық, нормативтiк және құқықтық базаларын жетiлдiру, соның iшiнде сауда-ақпараттық орталықтарды құру жолымен;
жергiлiктi сауда инфрақұрылымын дамыту және тұтыну тауарларына бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі билiктің жергілікті органдарының рөлін күшейту;
сатылатын өнiмдердi стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға бақылау жасау.
Сыртқы экономикалық саясат
Сыртқы экономикалық саясаттың 2003-2005 жж. басымдық бағыттары:
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруi және осы ұйымның тетіктерiн сыртқы саудада Қазақстанның мүдделерін шектеуді болдырмау үшiн белсендi пайдалану;
шетелдiк импортерлердің сапасыз бәсекесiнен iшкi рыноктарды қорғаудың дұрыс деңгейi және отандық бәсекеге қабiлетті тауар өндiрушiлер мен қызмет көрсетушiлердi қолдау;
нақты жобаларды әзiрлеу және аймақтық экономикалық бірлестiктер (ТМД; АзЭҚ, ШЫҰ, ЭЫҰ және ОАЕ) шеңберiнде экономикалық бастамаларды жылжыту;
экспортты жан-жақты дамыту және экспорттың жалпы көлемiнде қосылған құны жоғары өнiм үлесiн көбейту;
қосылған құны жоғары өнiмдердiң экспортына несие беру және сақтандыру (соның iшiнде экспорттық-импорттық сақтандыру құрылымдарын құру) тетiктерiн қалыптастыру;
өңдеушi өнеркәсiпте жаңа жұмыс орындарын жасауға қабiлеттi, өсу нүктелерi бола алатын қара, түстi, асыл және сирек кездесетiн металдарды, мұнайды және газды өңдеу саласында үшiншi, төртiншi қайта өңдеудi дамытуға инвестиция салу саясатын жүргiзу.
Алға қойған мақсаттарға жету және міндеттерді шешу жолдары
Сауда
Сауда саясатын реттеудiң пәнi iшкi сауданы ұйымдастырушылық шешiмдердiң жүйелілiк принципiнде одан әрi реформалау, басқару деңгейлерi арасында сауда қызметiн мемлекеттік реттеуге қатал шек қою, тауарлар мен қызметтiң сапасы мен қауіпсiздiгiне бақылау жасау мәселелерiнде мемлекеттік органдардың жауапкершiлігiн қамтамасыз ету болады.
?кіметтің іс-әрекетi ауылдық жерде сауда инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру және iшкi рынокке отандық өнімнің тұрақты жеткiзiлуiн, сондай-ақ бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз ететiн сауда-сатып алу компанияларын құру жөнiнде нақты шаралар қабылдауға бағытталатын болады.
Отандық тауарлардың бәсекеге қабiлеттілігiн арттыруға, тұтыну тауарларының номенклатурасы мен өндiрiс көлемiн көбейтуге жетiсуге, сондай-ақ өнеркәсiптің шикiзат емес салаларындағы жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды технологиялық жаңарту да мүмкiндiк туғызатын болады.
Ауыл шаруашылығының өнiмдiлiгiн елеулi түрде арттыру, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуде және сатуда бәсекеге қабiлеттi өндiрiстi дамыту жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
Тиiстi салалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы орта және шағын бизнес субъектілерiнің қатысымен бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстер құру жөнiнде жұмыстар жоспарлануда.
Сөйтіп, 2003-2005 жж. iшiнде қазақстандық тауарлардың iшкi рыноктағы үлесiн көтеруге жағдай жасау және шаралар әзiрлеу қарастырылып отыр. Онымен бір мезгiлде мемлекет iшкi саудада бәсеке ортасын жасауға қол жеткізуге ниеттi.
Сыртқы экономикалық саясат
?кіметтің iс-әрекетi отандық өнімнің сыртқы рыноктарда бәсеке қабiлеттілігін қолдауға және экспортты ынталандыруға бағытталған нақты шаралар қабылдау арқылы экспортты мемлекеттік қолдау жүйесiн жасауға бағытталатын болады. Мұндай жүйе болмаса, әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, өңдеушi өнеркәсiп кәсiпорындары бәсеке қабiлеттiлігінің деңгейiне шыққан күннiң өзiнде де экспортты кеңейтудi, әсiресе дайын өнiмнің, қамтамасыз ету айтарлықтай күрделi болады.