Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесіндегі тәуекелдi азайту үшiн банкаралық жүйеде бір күндiк қарызды берудің, кепiлдiк негiзiнде ақша аударудың жаңа тәртібін енгізу жөніндегі мәселе қаралуда, төлем жүйесiне енудің қатал талабын енгізу көзделуде.
Төлем жасау мен ақша аударудың тәсiлдерi мен тетiктерiн жетiлдiру мақсатында Ұлттық Банк Қазақстан Республикасында вексель айналымын дамыту және бірiншi класты эмитенттер векселiн қайтадан есепке алу жөніндегі жұмысты жалғастырады, банктік шотты тiкелей дебет жасау жолымен төлем жасау тәртібі дамитын болады.
"Процессинговый центр" ЖАҚ негiзiнде Ұлттық банкаралық төлем карточкалар жүйесi құрылатын болады, ол ұсақ бөлшек саудада аймақтық микропроцессорлық төлем карточкалары мен ақшасыз төлем жасаудың мүмкiндiгiн және сондай-ақ халықаралық төлем жүйесiнiң карточкалық трансакциялары бойынша маршруттау мен клиринг жасауды қамтамасыз етуге тиiс.
Фискалдық саясат
Алда тұрған кезеңде фискалдық саясаттың мақсаттары: мемлекет пен салық төлеушiлер арасында мүдделер балансына қол жеткізу; өзара қарым-қатынастың тұрақтылығы мен ашықтығын арттыруға, жоспарлау процесiнің тиiмділігiн арттыруға, бюджеттi жоспарлау, орындау процестерiнiң және оның орындалуына жасалған бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған бюджет жүйесiн одан әрi жетiлдiру. Салық салынатын базаны кеңейту және жаңа технологияларды қолданумен салықты және кедендi басқарудың сапасын көтеру жолымен мемлекеттік бюджеттiң кiрiс бөлігін көбейту, инвестицияның өсуі мен өндiрiстiң дамуын ынталандыру үшiн салық және кеден заңдарын жетiлдiру.
Фискалдық саясаттың мақсаттарына қол жеткізу үшiн келесi мiндеттердi шешу қажет:
стратегиялық, индикативтiк және бюджеттік жоспарлауды үйлестiру;
бюджет жүйесін реттейтін құқылық нормаларды жүйеге келтіру және кодтарын жасау, Бюджет Кодексiн әзiрлеу;
барлық деңгейдегi бюджеттi жоспарлаудың негiзгі және мемлекеттік органдардың қажетiнiң нақты бағасы ретiнде ағымдағы шығындар бойынша шығыс нормалары мен нормативтерiн жетiлдiру;
мемлекеттік бюджеттiң дамуға арналған шығыстарын қалыптастырудың жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар арасындағы өкiлетiкке шек қоюды ескере отырып инвестициялық жобаларды дайындау, қарау және iрiктеп алу процесiн тәртiпке келтiру жөнiнде шаралар қабылдау;
жергiлiктi мемлекеттік басқарудың заң жүзiнде бекітілген қызметiн орындауына керектi қаражатпен толық қамтамасыз ету мақсатында орта мерзiмi кезеңде ашықтық, күнi бұрын болжай алушылық және тұрақтылық принциптерiн сақтай отырып бюджетаралық қатынастардың сапа жағынан жаңа жүйесiн әзiрлеу;
жиналып қалған кредиторлық берешектердi қысқарту және жаңа бюджеттік қарыздарды болдырмау жөніндегі жұмысты жалғастыру;
eлдің экономикалық қауiпсiздiк критериi мүмкін ететiн мөлшерде үкіметтің қарыз алуын қамтамасыз ету;
сыртқы сауда тасқынының көлемi мен номенклатурасының өзгерiсiне жауап беруге қабiлеттi кедендік инфрақұрылымды құру;
мемлекеттік сатып алу процедурасын жүзеге асырудың кезiнделiгiн және тиiмдiлiгін арттыру, сондай-ақ осы саладағы тәртiп бұзушылықты болдырмау жөнiнде шаралар қабылдау;
Қазынашылықты жаңартуды аяқтау;
салық төлеушiлердiң және салық салынатын объектілердiң Мемлекеттік тiзiмiн енгізу, салықты және кедендi басқаруды автоматтандырудың негізгi процестерiн аяқтау;
мемлекеттік қаржылық бақылауды осы саладағы шетелдiк озат тәжiрибенi қолдана отырып институционалдық және құрылымдық тұрғыдан қайта құру жөнiнде шаралар қабылдау.
Белгiленген мақсаттарға қол жеткізудiң және мiндеттердi шешудiң жолдары:
Мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн шешу мақсаттарды, басымдықтарды және мемлекет ресурстарын дұрыс таңдауға тiкелей байланысты. Кодекстiлген мiндеттердi шешу үшін стратегиялық, индикативтік және бюджеттік жоспарлауды үйлестiру қажет, ол экономиканы дамытудың басымдықтары мен бюджет ресурстарын барынша өзара байланыстыру арқылы қамтамасыз етіледi. Осыған байланысты бағдарламалық құжаттарды әзiрлеуге талап қатаятын бюджеттік бағдарламаларды, оларды iске асырудың тиiмдiлігін анықтау үшін, бағалау жүйесiн енгізу және әрi қарай жетілдіру жүзеге асырылатын болады.
Құқықтық нормаларды, бюджеттік қатынастарды реттейтiн күшiндегі нормативтiк-құқықтық актiлердi бірiктiру және жүйелеу, бірыңғай принциптерi мен ережелерi бар бюджеттік қатынастардың тұтас жүйесiн жасау, бюджет саласының шектерін нақты анықтау, бюджет процесiне қатысушыларды және олардың өкілетiн анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексi әзiрленетiн болады.
Мемлекеттік органдардың қаржыға деген қажеттерiн нақты бағалау үшiн мiндеттi түрдегi шығыс өкiлдiлiктерi бойынша шығыс жөніндегі нормалар мен нормативтерін, сондай-ақ билiктiң облыстық және аудандық деңгейiнде басқарудың типтiк құрылымын әзiрлеу қарастырылуда.
Осы жұмыс шеңберiнде шығыс жасаудың қолда бар нормалары мен нормативтерiнде олардың әлі де болса қажеттілігiн сақтағандығы, ескiргендерін жетiлдiру немесе жою тұрғысынан түгелдеу жүргiзiледi және шығыстың жаңа нормалары мен нормативтерi әзiрленедi.
Бюджеттік несиелендiру процесін реттеушi нормативтік-құқықтық базаны әзiрлеу жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Үкiметтiң сырттан қарыз алуы саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында кездесетiн проблемаларды шешу үшiн бюджеттік бағдарламалардың администраторлары тендерлiк құжаттарды сапалы даярлау, сондай-ақ мердігерлік және консалтингтік ұйымдардың қызметiне үнемi бақылау жасау жөніндегі жұмыстарды күшейтедi.
Ұлттық қордың активтерiн тиiмдi басқаруға және жинақтаушы қызметiн жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған саясат жүргiзiлетiн болады.
Бюджетаралық, қатынастарды орта мерзiмдi тұрақты нормативтер принципiнде аймақтардың өз бюджетi өзiне жеткілiктi болуын ынталандыру мақсатында одан әрi жетiлдiру республика бюджетi арқылы жергiлiктi бюджеттердің балансталу проблемасын шешуге мүмкiндiк бередi, нәтижесiнде жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуының қажетi болмайды.
2003 жылы кеден процедураларын үйлестiру және оңайлатуға, мемлекеттік органдардың сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларымен өзара қатынасын жақсартуға жағдай жасайтын Кеден Кодексiн iске қосу жоспарлануда.
Тауарларды жасырын әкелу және әкетудi болдырмайтын экономикалық ынталандырушылық жасалады, соның iшiнде кеден бажының ырықтандырылған ставкасы да бар.
Мемлекеттік сатып алу саласында институционалдық түрде өкiлеттi орган күшейтiледі; мемлекеттік сатып алудың есебi мен мониторингiсiнiң автоматтандырылған жүйесi құрылады және қолдау табады, электрондық сауда жүйесiн құру мен енгізу жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасы даярланады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мемлекеттік сатып алу саласында заңдардың кешендi және тиiмдi жүзеге асуына баса назар аударады. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсiпорындардың, сондай-ақ акцияларының бақылау пакетi мемлекетке қарайтын акционерлік қоғамдардың және олармен еншiлес шаруашылық субъектiлерi бар заңды тұлғалардың өзара қарым-қатынастарын реттейтiн әдiстемелер мен әдiстемеліктер материалдар әзiрленетін болады.
Бюджет қаражаттарын, қарыздарды тиiмдiрек пайдалану, акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін, мемлекеттік кәсiпорындардың қарамағындағы мемлекеттік мүлiктердi басқару үшін бюджет процесiне қатысушыларға және бюджет қаражаттары мен мемлекеттік мүлiктердi бөлуге қатысы бар басқа да қатысушыларға талап белгiленген нормалар бұзылған жағдайда оларды жауапқа тарту жолымен күшейетiн болады. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жұмысы ең алдымен бюджет саласындағы Заң бұзушылықты жоюға және бюджеттік заңдарды бұзуға мүмкіндiк беретiн себептердi анықтауға, оларды болдырмаудың нақты ұсыныстары мен алдын алатын шараларды жасауға бағытталатын болады.
3 ТАРАУ. ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ДАМУ
Мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендiру
2003-2005 жж. мемлекеттік меншiктi басқару саласындағы мемлекеттік саясат ең алдымен кең көлемдегi жекешелендiруден экономиканың маңызды стратегиялық салаларының дамуын реттеудiң мүмкiндiгiн сақтау мен күшейту мақсатында мемлекеттік мүлiкті басқарудың тиiмділiгiн арттыруға көшуге, сондай-ақ мемлекеттік мүлiктi есепке алу жүйесiн жетiлдiруге бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жоспарланып отырған кезеңдегі мемлекеттік меншiктi басқарудағы мiндеттерi мыналар болмақ:
мемлекеттік мүлiктi пайдаланудан салық емес түсiмдердің есебiнен республикалық және жергілiктi бюджеттердiң табысын көбейту;
мемлекеттік мүліктің құрылымын оңтайландыру;
мемлекеттiң қатысы бар мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың қаржылық-экономикалық көрсеткіштерiн жақсарту.
Алға қойған мiндеттердi шешу үшiн мемлекеттiң қатысы бap мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың реестрiнің (тiзімінің) (бұдан әрi реестр) құрамын оңтайландыру жөнiндегі жұмыс жалғасатын болады. Реестрге қаржы көрсеткіштерiнiң кешенi енетін қосымша бөлiмше енгізу мемлекеттің қатысы бар республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына үнемi мониторинг және талдау жүргiзіп тұруға мүмкiндiк береді, мемлекеттік меншiктiң толық және дәлдi есебiн жүргізуге жағдай жасайды.
Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметiне мемлекет тарапынан бақылауды күшейту, дивиденттiк саясатты және инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру мәселелерiн қараған кезде экономикалық дәлелденген шешiмдердi әзiрлеу мақсатында ұлттық компаниялар тоқсан сайын өздерiнiң еншiлес және бағынышты ұйымдарының қаржылық ақпаратын беріп отыратын болады. Ұлттық компаниялардың бірiнші басшылары директорлар кеңесінің алдында еншiлес және бағынышты ұйымдарын және компанияның жарғы капиталына мемлекет берген активтi басқаруы туралы, сондай-ақ ұлттық компаниялардың дамуы жоспарларының орындалуы туралы есеп беретiн болады.
Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң ашық болуын қамтамасыз ету және мемлекеттік мүлiктi басқару мен жекешелендiру жөнiндегі күшiндегі заңдарды жетiлдiру мақсатында алдағы кезеңде нормативтiк заң актілерін әзiрлеу және қабылдау белгiленiп отыр.
Алда тұрған кезеңде шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң, соның iшiнде экономиканың стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген объектiлердiң кешендi мониторингісi және мониторинг нәтижесiн ескере алатын ақпараттық база бірліктерiн құру жөніндегі қызмет күшейтiлетiн болады. Кешендi мониторинг объектілердің технологиялық, қаржы-шаруашылық қызметiнiң сан және сапалық жағдайына олардың қызметiндегі кемшiлiктердің алдын алу және жою, қызметті жетiлдіру жөнінде негізделген шешiмдер мен ұсыныстар әзiрлеу мақсатында шапшаң бақылау жасауға және талдамалы бағалау жасауға, олардың заңдылық сипаттамасын жасауға мүмкiндiк бередi. Қолда бар заң базасы "Экономиканың стратегиялық салаларындағы меншiкке мемлекеттік мониторинг туралы" Заң (бұдан әрi - Заң) қабылдау арқылы күшейедi. Заң елдiң экономикалық даму процестерiн реттеуде және болжамдауда мемлекет рөлiн күшейту, Қазақстан экономикасын басқаруда тиiмдi шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратпен мемлекеттік басқару органдарын қамтамасыз ету үшiн құқықтық негiз болады.
2004 ж. мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн одан әрi арттыру мақсатында мемлекеттік активтер мен мiндеттемелердiң балансын жасаудың әдiстемесiн әзiрлеу қаралған.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң Тұжырымдамасының екiншi кезеңiн iске асыру мақсатында 2002 ж. негiзгi мiндетi мемлекеттік меншiктi басқарудың тұтас жүйесiн жасау болып саналатын мемлекеттік меншiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған Салалық бағдарламасы әзiрленетiн болады.
Қазiргі кезеңдегi жекешелендiру ұзақ мерзiмдi келешекте салық салынатын базаны кеңейту түрiнде қайтарым алуға, қосымша жұмыс орындарын жасауға, отандық өндiрушiлердiң тауарларымен және қызметтерiмен отандық рынокты толтыруға, бүкiл халықшаруашылық кешенiнiң қызметiнің тиiмдiлігін арттыруға бағытталған мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі біртұтас мемлекеттік саясаттың құрамдық элементi ретiнде қаралатын болады.
2002 ж. бастап Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы"
Заңына енгiзiлген өзгерістерге сәйкес республикалық меншiктiң объектілерін жекешелендiру бюджет тапшылығын қаржыландырудың көздерінiң бірi ретiнде мемлекеттік активтi басқарудың нәтижелерiмен, жаңа қарыздардың көлемiмен және мемлекеттiң қарыз жөніндегі мiндеттемелерiмен байланыстырылады.
Баға жөніндегі және монополияға қарсы саясат
Монополияға қарсы 2003-2005 жж. арналған саясаттың негізгi мақсаты мемлекеттiң, монополиялардың және олардың қызметiн тұтынушылардың мүдделерiнiң балансына жетуге бағытталған орта мерзiмдiк негізде икемдi тариф саясатын қалыптастыру; монополиялық секторға инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау; табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне мемлекеттік бақылау шараларын кеңейту. Атап айтқанда негізгі мақсаттар мен мiндеттер болып саналатындар:
халықаралық амалдарға негiзделген табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк-әдiстемелiк базаны жетілдiру;
iшкi және сыртқы факторлардың өзгеруiне бара-бар сезiне бiлудi қоса алғандағы табиғи монополиялар саласын реттеудiң әдiстемелiгiн жасау және жетiлдiру;
тұтынушылар құқығын қopғay жүйесiн күшейту;
табиғи монополиялардың өндiрiсiн жаңартуға инвестициялар тарту және олар көрсететiн қызметтердiң (тауарлар, жұмыстар) сапасын көтеру мақсатында орта мерзімді кезең iшiнде табиғи монополиялардың қызметiне тарифтердiң орта деңгейiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету;
табиғи монополиялардың өз тұтынушыларына әсерiн талдау және ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн деректердiң ақпараттық базасын жасау;
табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметiне тұтынушылар топтары бойынша тарифтердің дәлелденбеген сараларды қолдану тәжiрибесiн жою;
рынокта бірыңғай баға тағайындау жөніндегі мүмкiн боларлық келісімдерге, басқа субъектiлердi рыноктан кетiруге немесе оған олардың енуiне шектеу жасауына жол бермеу;
терiс пиғылды бәсекенi, артықшылық жағдайын терiс пайдаланушылықты анықтаудың және жол бермеудiң тиiмдi әдiстерi мен тәсiлдерiн әзiрлеу. Ұзақ мерзiмдi негізде рыноктік билігі бар субъектілерге реттеулiк шаралар қолдану;
заңда қаралғандардан басқа жағдайда рынок субъектiлерiнің шаруашылық қызметiне мемлекеттік органдардың араласуына болдырмау;
табиғи монополиялар саласында монополиясыздандыру, монополиялық құрылымдарды қайта ұйымдастыру (бөлектеу) есебiнен бәсеке ортасын кеңейту;
тауар рыноктарында бәсекенi қорғаудың ұйымдық және құқықтық негiздерiн жетiлдiру.
Бәсекенi рынок саласында монополияға қарсы органдардың негізгi мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) белгiлi түрінің рыногындағы басымдық жағдайды иеленушi субъектiлердi анықтау, сонсоң оларды монополист-субъектiлердiң Мемлекеттік тiзiмiне енгізу мақсатында тауарлы рыноктар жағдайына талдау жүргiзу жолымен жүзеге асырылады. Талдау жасауға жататын тауар рыноктарының әртүрлілігін ескере отырып жыл сайын табиғи монополияларды реттеу, бәсекенi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі Агенттiктiң бұйрығымен бекітілетiн тiзбеде анықталған тауарлардың әлеуметтiк маңызды түрлерiнiң рыноктарының жағдайы бірiншi кезектегi және басымдықтылары ретiнде қаралады. Бұларға көмiр, мұнай өнiмдерi, табиғи және сұйылтылған газдар, нан және нан өнiмдерi, қант және басқалардың рыноктары жатады. Сонымен бірге субъектілерi тарапынан бәсекеге қарсы әрекеттер байқалатын рыноктарға талдау жасалады.
Рынокта басымдық жағдайға не рынок субъектілерiнiң тауарларының (жұмыстарының, қызметтерінің) бағаларына мемлекеттік реттеу енгізу туралы шешiмдi монополияға қарсы органдар Қазақстан Республикасы Yкіметі бекiткен № 1212 ережелерге сәйкес қабылдайды.
Сонымен қатар монополияға қарсы органдардың рөлi күшейедi, басымдық жағдайға не рынок субъектiлерін және олардың бірлестiктерiн құруға, қайта ұйымдастыруға, жоюға бақылау жасауда, сондай-ақ рынок субъектілерiнiң жарғы капиталының акцияларын (үлес, пай) сатып алған кезде және басқа жағдайларда монополияға қарсы заңдардың сақталуына бақылау жасауда күшейте түстi.
Баға саясаты саласында келесi мiндеттер шешiлуге тиiс:
iшкi рынокта бәсекенi дамыту үшiн жағдай жасау;
өндiрушілердiң, тұтынушылардың және мемлекеттің мүдделерінің балансына қол жеткізуге бағытталған табиғи монополиялардың субъектiлерiнiң қызметiне тариф белгiлеудiң тиiмдi жүйесiн жасау;
халықтың, әсiресе оның әлеуметтiк жағынан әлсiз қорғалған тобының, нақты табысының өсуiн қамтамасыз етуге мүмкіндік тудыратын баға peжимiн жасау.
1 мiндет. Iшкi рынокта бәсекенi дамыту үшiн жағдай жасау
Ішкi рынокта бәсекелестіктi дамыту үшiн жағдай жасаудың негізгi мақсаты кәсiпкерліктің босаңдығын қамтамасыз ету, тұтынушылардың заңды мүдделерiн қорғау және тауарлар рыноктарының пәрмендi iс-әрекетi үшiн жағдайды қамтамасыз ету болып табылады.
Осыны ескере отырып iшкi рынокты дұрыс бәсекелестiк ортасының жағдайын жасау жөнiндегі шаралар мыналар болмақ:
рынок субъектiлерiнің шаруашылық қызметiне мемлекеттік органдардың негiзсiз араласуына жол бермеу;
рынокта бірыңғай баға тағайындау, басқа субъектiлердi рыноктан кетiру немесе оған енудi шектеу жөнiнде кателдiк келісімдердiң жолын кесу;
басымдық жағдайды асыра пайдаланудың жолын кесу;
экономикалық шоғырлануға бақылау жасау.
Iшкi рынокта бәсекелестіктің дамуы үшiн жағдай жасаудың нәтижесiнiң бірi халық тұтынатын тауарларға, соның iшiнде басқа тауар топтарына қатыс жөнiнен бағаның мультипликаторлары болып саналатын және халық тұрмысының деңгейiне елеулi әсерiн тигiзетiн (мұнай өнiмдерi, көмiр, сұйылтылған газ, қант және тағы басқалар) әлеуметтiк мәнi бар тауарлар түрiне бағаның тұрақтануы болуға тиiс.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінiң аса маңызды азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандырудың шаралары жөнiндегі шешiмiн орындау үшiн өзiнiң нәтижесiмен бәсекелестiктi шектейтін, тұтынушылардың құқығы мен мүдделерiн бұзатын азық-түлiк және басқа тауарларды сату кезiнде рынок субъектiлерi арасындағы келісімдердi табу жөнiнде шаралар атқаратын бірлесiп құрылған жұмыс топтарының жұмысы жалғасады.
Бәсекелестiк туралы заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен қосымшалар тұтынушылардың құқығы мен заңды мүдделеріне елеулi зиян келтiретiн басымдық жағдайды терiс пайдалануды болдырмауға көмектеседi, сондай-ақ басты мақсаты бір қолда рыноктік билiктi шектен тыс шоғырлануын ескерту болатын экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылау қою.
Осы шаралардың бәрi iшкi рынокта жаңа компаниялардың пайда болуына мүмкіндік тудыратын жағдай жасауға тиiс және еркiн рыноктық қатынастардың дамуының бәсеңдеуіне әкелетiн рыноктардың монополиялануын болдырмайтын болады.
2 мiндет. Табиғи монополиялардың табысты жұмысын қамтамасыз ету
Өндiрушiнің, тұтынушының және мемлекеттің мүдделерінің балансына жетуге бағытталған табиғи монополиялар субъектiлерінің көрсететін қызметтерiне тариф жасаудың тиiмдi жүйесiн жасау.
Табиғи монополиялар субъектiлерінің жағдайының талдау табиғи монополиялар субъектiлерiнің көпшiлiгi, әсiресе электр энергиясын, газды және суды өндiру және бөлу жөніндегі кәсiпорындар iс жүзiнде зиянмен жұмыс iстейтiнiн көрсетедi: 2001 жылы осындай кәсiпорындардың саладағы үлес салмағы 53,7%. Кейбір кәсiпорындарда терiс табыстылық байқалады, ол су шаруашылығы жүйесiнің кәсiпорындарына тән. Кейбір кәсiпорындар қаржы жылын таза пайдамен аяқтағанымен, алайда олардың көбiнің табыстылығы төмен күйде қалуда - 5% аспайды.
Статистикалық деректер бойынша табиғи монополиялардың көбi үшін негізгі қорларды жаңартудың төмен қарқыны тән қасиет. Тұтас алғанда, 1995-1998 жылдарғы кезеңде негiзгi қорларды жаңарту коэффициентi 1,5 есе азайған, ал iстен шығу коэффициентi - өзгерген жоқ. 1998-2001 жылдары жаңарту коэффициентiнiң өсу тенденциясы болды, бірақ пайдаланудағы техника мен технологияны толығынан жаңарту туралы сөз айтуға әлi ерте.
Негізгi құралдардың тозу дәрежесi экономиканың барлық салаларында машиналар мен жабдықтардың, көлiк құралдарының физикалық тозуы орта есеппен 50% маңында екенiн көрсетедi.
4 кесте
Жүктердi тасымалдауға тарифтердiң өсуiнiң Қазақстан Республикасы
экономикасының салаларындағы ақырғы сұранымға әсерiнiң есебi,
млн. теңге
| Жүк тасымалдауға тарифтың өсуi (%): |
30 | 25 | 20 | 15 | 10 |
Шикi мұнай мен табиғи газ өндiру | -1149 | -958 | -766 | -575 | -383 |
Ағаш және ағаш бұйымдарын өндіру | -1105 | -921 | -737 | -553 | -368 |
Кокс өндiру, мұнай айыру, ядролық материалдарды өндiру және өңдеу | -30295 | 25242 | -20196 | -15151 | -10098 |
Металлургия өнеркәсiбi және металды өңдеу | -2441 | -2034 | -1627 | -1221 | -814 |
Машиналар мен жабдықтарды, қосалқы бөлшектердi өндiру және жөндеу | -12652 | -10542 | -8435 | -6327 | -4217 |
| -1111 | -926 | -741 | -556 | -370 |
Электр энергиясын, газды және суды өндiру және бөлу | -5876 | -4896 | -3918 | -2939 | -1959 |
| -2082 | -1734 | -1388 | -1041 | -694 |
Сауда; үйде пайдаланатын бұйымдарды жөндеу | -25917 | -21595 | -17278 | -12962 | -8639 |
Почта мен байланыс | -1651 | -1376 | -1101 | -826 | -550 |
| -1390 | -1158 | -927 | -695 | -463 |
Жылжымайтын мүлiкпен операциялар, жалдау және кәсiпорындарға қызмет көрсету | -2559 | -2132 | -1706 | -1280 | -856 |
Басқадай коммуналдық, әлеуметтiк және арнайы қызмет көрceту | -1040 | -867 | -694 | -520 | -347 |
Экономика бойынша жиыны | -94835 | -79019 | -63223 | -47428 | -31612 |
ЖIӨ 2001 ж. | 32285383 | | | | |
Төмендеу % ЖIӨ | 2,89 | 2,41 | 1,92 | 1,44 | 0,96 |
5 кесте
Электр энергиясына, газға, суға тарифтердiң өсуiнiң Қазақстан
Республикасы экономикасының салаларындағы ақырғы сұранымға әсерiнiң
есебi, млн. теңге
| Жүк тасымалдауға тарифтың өсуi (%): |
30 | 25 | 20 | 15 | 10 |
Көмiр және лигнит өндiру, шым тезек шығару Шикi мұнай мен табиғи газ өндiру Уран рудасын өндiру Тоқыма бұйымдарын өндiру Кокс өндiру, мұнай айыру, ядролық материалдарды өндiру және өңдеу Машиналар мен жабдықтарды, қосалқы бөлшектердi өндiру және жөндеу Сауда; үйде пайдаланатын бұйымдарды жөндеу Көлiк; көмекшi және қосымша көлiк қызметi Экономика бойынша жиыны ЖІӨ 2001 ж. Төмендеу % ЖІӨ | -2426 -1272 -205 -185 -4771 -3392 -3602 -6064 -23387 3285383 0,71 | -2021 -1060 -171 -154 -3976 -2827 -3001 -5053 -19488 0,59 | -1617 -848 -137 -123 -3180 -2261 -2401 -4042 -15590 0,47 | -1213 -636 -102 -92 -2385 -1696 -1801 -3031 -11691 0,36 | -809 -424 -68 -62 -1591 -1131 -1201 -2022 -7798 0,24 |
Ақпарат көзi: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі Статистика жөніндегі агенттiктiң 2000 ж. Салааралық
балансы негiзiнде
Осындай тәсiлдi жүзеге асыру мақсатында келесi қажеттi шараларды
жүргізу жоспарланады:
табиғи монополиялар субъектiлерiнің қызметiн реттеудiң халықаралық
тәжiрибеге негізделген нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру;
тариф жасаудың "шығындық" әдiсiнен "iске қосылған активтерге таза
пайда" және "орта мерзiмдi негiзде тарифтердiң шектi деңгейiн есептеу"