KTK құбырының екiншi кезегiн iске қосқан кезде тасымалдау мүмкiндiгi тағы 28 млн. тоннаға өседi.
Мұнай тасымалдаудың қолда бар мүмкіндiгін және оны қазақстандық мұнай өңдейтiн зауыттардың өндiру мүмкiндіктерiн ескерсек 2005 ж. 61 миллион тоннаға дейiн мұнай өндіруді өсіpy болжамы толығынан шындыққа келедi және ол біршама төмен әлемдiк бағалардың кезiнде де мүмкiн болады. Сонымен бірге мұнайға әлемдiк бағаның төмендеуi Қазақстанның экономикалық потенциалына терiс әсерiн тигiзедi.
Егер 2000 ж. сауда балансының оңды сальдосы 2,4 миллиард АҚШ долларын құраған болса, 2001 ж. - 896 млн. доллар болды. Сауда балансының нашарлауы мұнай мен металдардың экспортының көлемi ұлғайған кезде орын алып отыр. Мәселен, 2001 ж. мұнай экспорты 2000 ж. салыстырғанда 10,6%-ке өстi, ал экспорттан түскен ақша 2000 ж. деңгейiнде қалды. 2002 ж. мұнайға әлемдiк бағаның деңгейiнің төмендеуі 12%-ке болжамдалуда. Соның нәтижесiнде оның экспортының физикалық көлемi 11%-ке өскен кезде 2002 жылы мұнай сатудан алынатын ақшаның азаюы 110 миллион доллардай болмақ.
Осыған ұқсас ахуал металдар рыногында қалыптасуда. Конъюнктураның біраз жақсаруына қарамастан экономикалық дағдарыстарға аса сезiмтал металлургиялық өнiмнің әлемдiк саудасы әзiрге бұрынғы көлемiне жете алмай отыр. Бұған елеулi дәрежеде сүйемелдеу шараларының кеңеюi мүмкiндiк тудырады, олар өте жиi еркiн бәсекенi қамтамасыз ету жөніндегi ДСҰ нормаларына қайшы келедi.
2001 ж. суықтай тапталатын прокатқа әлемдiк баға 14,8%-ке құлдырады, ыстықтай тапталатын прокатқа - 4,9%, мырышқа - 21,4%, мысқа - 21,1%-ке құлдырады. Ал қаңылтырды қоса алғандағы болат прокаттың, ферроқорытпаның, рафинатталған қорғасынның экспорт деңгейi төмендеді және 2001 ж. 2000 ж. деңгейiмен салыстырғанда тиiсiнше: 97%, 97%, 84% болды. Сондай-ақ аталған өнiмдердi сатудан түскен ақшаның көлемi де кемiді, өйткенi қара метал мен қорғасынға сұраным мен баға төмендедi. 2001 ж. глиноземнің (алюминий тотығының) экспорты 2000 ж. деңгейiнде сақталды, ал ақшадай көлемiнің 2001 ж. деңгейi 2000 ж. салыстырғанда 12,4% өстi, бұл глиноземнiң бағасының жоғарлағанын көрсетедi. 2001 ж. металдар рыногында бағаның орташа төмендеуі 20% тей, ал оларды өндiрудiң физикалық көлемінің өсуi тек 4-5% болды. Сонымен қатар экспортқа шығаратын шартты бағалар 25-28% төмендедi. Қара және түстi металдар рыногының конъюнктурасының нашарлауына байланысты 2002-2004 жж. баға төмен болады деп болжам жасалуда. Жекелеме тауарлар түрi бойынша физикалық көлемiн арттыру есебiнен төмендеген бағадан болатын шығынның орнын жабуға қарамастан 2002 ж. металлургиялық өнiмдер экспортының көлемiнiң төмендеуі жалғасуда. Глинозем, мырыш, қорғасын, титан бойынша экспортқа шығаратын көлем кемiтпеуге қол жеттi. Ферроқорытпа бойынша тұрақты ахуал сақталды. Бағаның кейбір кемуiнiң орнын экспорттың физикалық көлемiн арттыру және өнiм құрамын жан-жақты жасау есебiнен толтыруға қол жеттi.
Қабылданып жатқан, оның iшiнде мемлекеттік деңгейдегiлерi де бар, шараларға қарамастан қара металдар прокаты экспортының жағдайы күрделi күйде. Үстіміздегi жылы ыстықтай тапталатын болатқа бағаның төмендеуi және суықтай тапталатын болатқа оның жоғарлауы байқалып отыр. Әлемдегi қара металдар өндiру жөніндегі қолда бар өндiрiстiк қуаттар қара металдарға деген сұранымнан 200 миллион тоннаға артып жатыр. Таяу жылдары металдарға сұраным одан әрi қысқарады деп болжам жасалуда.
Әлемдiк сұранымның қысқаруының және бағаның құлдырауы салдарынан Қазақстан экспортының негізiн құрайтын түстi металдарды (мыс, мырыш, қорғасын) өндірудiң келешегі нақты белгiлi болмай отыр. 2000 ж. бірiншi жартысында түстi металдар рыногында қорғасынның, алюминийдің, қалайының және мырыштың бағасы төмендедi. Алайда мыстың баға деңгейiнiң қалпына келе бастағанына қарамастан оның экспортқа шығарылатын көлемi әзiрге өткен жылғы деңгейден төмен болып отыр.
Қазақстан үшiн осы және оларға ілеспе өндiрілетiн металдардың (алтын, күмiс, кадмий, селен, висмут және басқалар) өндiрудiң шикiзат базасының жағдайы түстi металдарды өндiрудi айтарлықтай көбейтудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi. Жұмыс iстеп тұрған өндiрiске қолдау көрсету үшiн жұмысы аяқталған шахталар мен қабаттардың орнын толтыруды қамтамасыз етуге жететiн көптеген күрделi қаржылар қажет. Түстi металлургияның шикiзат базасын дамыту жөнiндегі шетел инвесторларының өздерiне қабылдаған мiндеттемелерiнің орындалуына бақылауды күшейту қажет.
Қазақстанда мыстың, қорғасынның және мырыштың iрi кен орындары бола тұрса да осы металдардың озық экспортшылары болып саналатын елдерге қарағанда осы металдардың руда құрамындағы мөлшерiнің деңгейi төмен. Осыған байланысты әлемдiк бағаның деңгейi төмен болып тұрғанда Қазақстанның түстi металдарының бәсекеге қабiлеттілігiн қамтамасыз ету күрделi мәселе болмақ.
Сөйтiп, орта мерзімдегi болашақта қара және түстi металлургияның өндiрiс пен экспортты өсiру үшiн үлкен мүмкiндiгi жоқ. 2004 ж. дейiнгі кезеңде конъюнктура нашарлап отырған жағдайда өнiм өндiру мен экспортқа шығарудың қол жеткен көлемiн қамтамасыз ету үшiн қара және түстi металлургия кәсiпорындарына мемлекеттік қолдау көрсету қажет.
Бидай экспортының деңгейi жыл басынан бергi тапсырудың тұрақтылығына қарамастан елiмiздiң экспорттық потенциалына әзiрге сай емес. 2001 ж. жиналған астықтан 2001 ж. қазан мен 2002 ж. маусым аралығында жасалған бағалама бойынша 3,5 млн. тонна бидай сатылатын болады, ал 2001 ж. осындай кезеңiнде жиналған астықтың көлемi шамалас болған кезде 5,1 млн. тонна сатылған едi. Сонымен бірге бiздiң әлемдiк рыногтан айырмашылығымыз - ол экспорттық бағаның төмендеуiнің тұрақты тенденциясының байқалуында болып отыр (сәуiрде экспорттық баға 86,9 долл./тонна болды, ал өткен жылғы осы айда 117,3 долл. болған).
Химия өнеркәсiбiнде негiзгi экспорттық тауарлар сары фосфор, натрий триполифосфаты, термиялық фосфор қышқылы, кальций карбиды, хром тұздары болып саналады. 2000 ж. 1999 ж. салыстырғанда сары фосфордың экспорты 130,5%, ал 2001 жылы бұрынғы жылға қарағанда - 151% болды.
Соңғы жылдары Қазақстан химия өнiмдерi - минералдық тыңайтқыштар, сары фосфор, натрий триполифосфаты, резинотехникалық бұйымдар және полистирол рыногында өзінің позициясын жоғалтып алды. Ал ендi бұл өнiмдердiң рыноктары кең, тиiстi өнiмдердiң бәсекеге қабiлетiн көтерген жағдайда Қазақстан сыртқы рыноктарға қайта келіп, өз позициясын қайтарып алуына болады.
2001 ж. "AES Экибастуз-1" (Екiбастұз ГРЭС-1) Ресейге электр энергиясын бере бастады. Экспорт көлемi 2,2 млрд. кВтс. болды. Қазақстан Республикасының электр энергиясына импортының сальдосы 2001 ж. 1,4 млрд. KBTc. болды.
2002 ж. электр энергиясының нөлдiк сальдосына және электр энергиясының экспорты мен импортының көлемi тиiсiнше 2,5 млрд кВтс. болып, балансқа қол жеткізу жоспарланып отыр.
Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттілігін және жалақыны өсiрудi қамтамасыз ету үшін материалдық, энергетикалық және су ресурстарын тиімді және ұтымды пайдаланатындай жағдай жасау қажет.
Қазақстанда 2001 ж. ЖIӨ 1 долларына жұмсалатын электр энергиясының шығыны 2,7 киловатт сағат болды, бұл АҚШ-қа қарағанда 6 есе және Жапонияға қарағанда 16 есе көп. Бір тонна мыс рудасын өндiру үшiн Қазақстанда АҚШ-дан 3 есе көп электр энергиясы жұмсалады, қорғасын-мырыш рудасын өндiрген кезде - 6 есе.
Қазақстан үшiн су ресурстарын ұтымды пайдаланудың, сондай-ақ металлургиялық шлактарды қайтадан екiншi рет өңдеу саясатын жүргізу көкейкестi мәселе болып саналады.
Инвестициялар
Республика экономикасына тiкелей инвестиция тарту тенденциясының талдауы алдағы бес жылда инвестицияның салалық құрылымында басымдық мұнайгаз саласы бойынша сақталатынын көрсетедi. Қазақстан таяу жылдары Каспий шельфiнің көмiрсутегінiң iрi қорларын ашып және оны iске қосуға үлкен үмiт артады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тапсыруы бойынша көмiрсутегi шикiзатын өндiрудi дамытудың Ұлттық стратегиясын әзiрлеу жөніндегі Жұмыс тобы құрылғанын атай кеткен жөн.
Тiкелей инвестициялардың құрамы оны әкелушi елдер бойынша мұнайгаз саласындағы бірлескен кәсiпорындарда шетелдiк компаниялардың үлестiк қатысы бойынша анықталды - барлық инвестицияның 33% 2001 ж. АҚШ инвесторлары салды, 17% Канаданың үлесiне тидi, 14% - Ұлыбританияның, 11% - Италияның, Қытай мен Ресей - 5%-тен.
Шетелдiк тiкелей инвестицияның жалпы көлемi 2001 ж. 4418 миллион АҚШ долларын құрады, оның 74% шикi мұнай мен табиғи газ өндiруге, 10% геологиялық және кен iздеу қызметiне және 3% - құбырмен тасымалдауға жұмсалды.
2001 ж. өңдеушi өнеркәсiпке түскен тiкелей шетелдiк инвестиция көлемi біраз көбейдi. 2000 ж. салыстырғанда бұл салаға тартылған тiкелей шетелдiк инвестицияның көлемi 22% өсiп, 301,1 миллион АҚШ долларын құрады.
2002 ж. бірiншi тоқсанында Қазақстанға келiп түскен тiкелей шетелдiк инвестицияның көлемi 737 миллион АҚШ долларын құрады. 2001 ж. бірiншi тоқсанда келiп түскен шетелдiк тiкелей инвестицияның жоғары көрсеткiшiн анықтаған негiзгi факторлардың бірi 2000 ж. жасалған шарт бойынша мемлекеттік меншiктi жекешелендiруден жауапкершілігі шектелген серiктестiк (ЖШС) бірлескен кәсiпорын (БК) "Теңiзшевройлдағы" мемлекет үлесiнiң 5% және АҚ "Маңғыстау мұнайгаздағы" акцияның мемлекеттік пакетiнің 30% сатудан түскен 497 миллион доллар болды.
Мұнай мен табиғи газды өндiруге жұмсалған инвестицияның үлесіне жалпы шетелдiк инвестицияның 66% тидi, геологиялық және кен iздеу қызметiне 15% және мұнай мен газды құбыр арқылы тасымалдауға - 3%. Саудаға, автомобиль жөндеуге және үйде пайдаланылатын бұйымдар үлесiне тиетiн инвестиция да өстi (4%).
Теңiз, Шығыс Қашаған, Қарашағанақ, Құмкөл кен орындарына барлау жүргiзу, инфрақұрылымды әзірлеу мен дамыту жөніндегі iрi инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және Каспий құбырының құрылысын салу компаниялар тарапынан өздерінің еншiлес кәсiпорындарын қаржыландыруды анағұрлым арттыруға себепшi болды.
2 кесте
Экономиканың басымдықты секторларына инвестиция тарту
Жылдар | 1997 | 1998 | 1999 | 2000 | 2001 | Жиыны |
Шарттардың саны Мәлiмдеме жасалған инвестициялар, млн. АҚШ доллары Мәлiмдеме жасалған жұмыс орындары | 9 38,9 1246 | 74 272 4344 | 66 994,9 12213 | 77 315 9242 | 119 1214,5 27653 | 279 1882,8 55474 |
2001-2005 жж. кезеңде мұнайгаз жобаларымен шұғылданатын отандық және
шетелдiк инвесторлар кен орындарын әзiрлеу және жайғастыру жөніндегі
операцияларға 9 млрд. АҚШ долларынан астам сома жұмсауды жоспарлап отыр.
Инвестициялық салымның негiзгi түсiмiн Теңiз, Қарашағанақ және
Солтүстiк-Каспий жобаларын әзiрлеуге қатысушы шетелдiк компаниялардан
күтуге болады.
Көрсетілген кезеңде көлiк инфрақұрылымына құйылатын инвестиция
көлемi 1,5 миллиард АҚШ долларындай болмақ.
Инвестиция көлемi бойынша республиканың газ саласындағы ең маңызды
кәсіпорын Батыс Қазақстан облысындағы Қарашағанақ мұнайгазконденсат кен
орнын игерудi жүзеге асырып жатқан Қарашағанақ бірiккен ұйымы болып
саналады.
Сондай-ақ республиканың газ өңдейтiн зауыттарының иеленушi және
басқарушы Жаңажол және Теңiз кәсiпорындары да едәуір инвестиция жүзеге
асыруда.
Аймақтарды газбен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету үшiн
"ҚазТрансГаз" жұмыс iстеп тұрған магистралды газқұбырларын және газ
бөлетiн желiлердi жаңарту, газды пайдалануды есепке алатын жүйенi
жетiлдiру жүзеге асырылуда. 2001 жылы Орта Азия - Орталық магистралды газ
құбырының кейбір учаскелерi жаңартылды және бұрын тоқтап тұрған
Бұхара-Орал магистралды газ құбыры iске қосылды. Оңтүстiк Қазақстан
облысында газды пайдаланудың есебiн жүргізетiн жүйенi жетiлдiру жөніндегі
шаралар iске асырылуда.
Республиканың оңтүстiк аймақтарын қазақстандық газбен қамтамасыз ету
үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі 2002 жылы Жамбыл облысындағы
Амангелдi кен орнын игеруге 2,6 млрд. теңге бөлдi.
Қызылорда облысындағы Оңтүстiк Торғай ойпатындағы мұнайгаз кен
орнының iлеспе газын тиiмдi пайдаланудың кешендi бағдарламасына сәйкес
жер қойнауын пайдаланушылар газды тиiмдi пайдалану, қайта өңдеу және
тасымалдау, электр энергиясын өндiру жөніндегі шараларды жүргiзуде.
Табиғи газды өңдеуге жұмсалған инвестициялар
3 кесте
млрд. теңге
| 2000 ж. | 2001 ж. | 2002 ж. |
| 75,5 - 2,5 - 2,4 | 203,0 - 2,6 - 4,1 | 184,8 5,7 2,6 4,7 10,7 |
Инвестицияның көбiнесе өнеркәсiптің таукен-металлургия кешенiне
едәуір өсім байқалады. 2000 ж. темір рудасын өндiретiн кәсiпорындардың
негiзгi капиталына салынған инвестиция 6,2 млрд. теңге болды, ал түстi
металдар рудасын өндiретiндерге - 5,7 млрд. теңге, бұл көрсеткiштер 1999
жылдың деңгейiне қарағанда тиiсiнше 3,3 есеге және 13,1% өстi.
Тау-кен-металлургия кешенiне, тау-кен өндiрушi және металлургия
секторларын қоса алғанда, жұмсалған инвестицияның үлесi: 2000 ж. - 12,8%,
2001 ж. - 10,2% болды. Қара металлургияның iрi кәсiпорындары бойынша
салынған инвестиция 2000-2002 жж. 133 миллион АҚШ доллары болды, ал түстi
металлургияның iрi кәсiпорындары бойынша 2001-2002 жж. - 180,7 миллион
AҚШ доллары болды, олар рудалық базаны дамытуға, жұмыс iстеп тұрған
өндірісті қайта жаңартуға және жаңа өндіріс құрылысына жұмсалды.
1999 ж. "Ұлттық электр желісін жаңарту" жобасы бойынша "KEGOC" ААҚ
және Еуропалық қалпына келтiру және дамыту банкi және Әлемдiк қалпына
келтiру және даму банкi арасында жалпы сомасы 185 млн. АҚШ доллары
болатын несиелiк келісім жасалды, ол 2000 ж. мамыр-маусымында күшiне
ендi. "KEGOC" ААҚ жағынан өзiнiң меншiк қаражаты есебiнен қосымша
қаржыландырудың сомасы 73,4 млн. АҚШ доллары болады. Жобаның жалпы сомасы
- 258 млн. АҚШ доллары.
2001 ж. осы жоба бойынша 7,2 млн. АҚШ доллары игерiлдi.
Әлеуметтiк сала
Экономиканың дамуының жоғарғы қарқыны қоғамның әлеуметтiк индикаторларының жақсаруымен қоса жүредi.
2000 ж. халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табысы 1999 жылмен салыстырғанда 16,9% көбейдi, нақты ақшалай табыс 3,6%. Нақты жалақы 7,1% көбейдi.
2001 ж. кедейлiк деңгейi 32% тен 28,4%-ке дейiн төмендедi, жұмыспен қамтылған халықтың саны 500 мың адамға өcтi. Халықтың жан басына келетiн номиналды ақшалай табысы алдын ала жасалған бағалама бойынша 19,9% көбейді, нақты жалақы 10,4%, зейнетақының ең төменгі көлемi 4000 теңгеге дейiн өстi.
Дамудың негiзгі проблемалары
Қол жеткен оңды нәтижелерге қарамастан бірталай проблемалар да бар:
экономикалық қызметтiң кейбір түрлерiндегі еңбекке төленетiн ақының төмен деңгейi, соның iшiнде бюджет саласындағы және ауыл шаруашылығындағы қызметкерлердің жалақысы да бар, мемлекеттік әлеуметтік көмектiң атаулылығы мен қол жетушiлiгiнің жеткiліксiздігі, оны көрсету кезіндегі келісімнiң жоқтығы салдарынан халықтың табысындағы айырмашылықтың үлкен болуы;
әлеуметтiк сақтандырудың көптеген түрлерiнің жетiлмегендiгі;
адам капиталына инвестицияның жеткілiксіздігі;
экономиканың нақты секторының барлық саласында негізгі құралдардың активтi бөлiгiнiң тозуының жоғары деңгейі;
өнеркәсiп өндiрiсi құрылымының балансталмағаны, онда кен өндіру саласының басым болуы;
экспортқа бағдарланған салалардың ел экспортының негiзгi статьялары болып саналатын тауарлардың азғантай тобына әлемдiк конъюнктураның тұрақсыздығына тәуелдiлiгі;
өндiрiстiң техникалық деңгейiнiң төмен салдарынан отандық тауарлардың әлемдiк рыноктардағы бәсекеге қабiлеттілігінің әлсіздігі;
несие ресурстарының қаржы секторы мен қызмет көрсету саласынан экономиканың нақты секторына ауысып құйылуын ынталандырудың жеткiлiксiздiгі;
жинақталған зейнетақы қаражатын, почта салымын, сақтандыру қорларының қаражатын елдiң қаржы рыногында пайдалану жөніндегі қаржы инструменттерiнiң тиiмдiлігiнiң жеткiлiксiздігi;
бірiккен негіздегi қаржылық бақылаудың әдiстерiнiң жетiлмегендер, активтердi басқарудың тиімдi жүйесiнің және корпоративтiк басқарудың жоқтығы;
аймақтардың дамуының біркелкi еместiгi.
2 ТАРАУ. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ
Елдiң 2003-2005 жж. дамуының мақсаттары,
мiндеттерi және басымдықтары
Қазақстан экономикасының шикiзат экспортынан экономикалық тәуелдiлiгiнiң үлкен болуына байланысты Үкiмет 2003-2005 жж. экономиканың құрылымын жетiлдiрудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретін iшкi факторларды дамытуға бағытталған жұмысты жандандыруды және осының негiзiнде халықтың тұрмысын жақсартуды және елдiң экономикалық қауіпсiздігін қамтамасыз етудi жоспарлап отыр.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi мақсаттары мен басымдықтары Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауларында және Қазақстан Республикасы Үкіметiнің Бағдарламасында анықталады. Индикативтi жоспар экономиканың даму қарқынын дәлелдейдi, сонымен бірге орталық және жергiлiктi органдардың iшкi және сыртқы факторлардың әсерiн ескере отырып болжамдалған кезеңде алға қойған мақсаттарға жету және мемлекеттік саясаттың басымдылығын қамтамасыз ету жөніндегі iс-әрекетiн анықтайды.
Осыған сүйене отырып, 2003-2005 жж. мемлекеттік экономикалық саясат мемлекеттік басқару органдарының аталған құжаттарда белгіленген мақсаттарға жету жөніндегі iс-әрекетiн анықтайды. Олар:
елдiң халқының тұрмысын жақсарту және оның әрі өcyi үшін алғышарттар жасау;
бәсекеге қабiлеттi экономиканың негiзiн құру және қазiргі заманға жаңа өндiрiстердi құру жолымен экономиканың құрылымын жетiлдіру;
экономикалық өсудiң жоғары қарқынына қажеттi жағдайлармен қамтамасыз ету үшiн экономиканы мемлекеттік реттеудiң тетiктерiн жасау.
2003-2005 жж. жоспардың басты басымдылықтары:
аграрлық секторды дамыту және ауылдағы (селодағы) тұрмыстың жағдайын сапалы түрде жақсарту;
денсаулық сақтауды дамытудың жағдайын жақсарту және салауатты өмiр салтын насихаттау;
адам ресурстарын дамыту - білім беру деңгейiн және халықтың кәсiби біліктілігiн көтеру;
өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту;
шикiзат ресурстарын өңдеулi тереңдетумен байланысты салаларды дамыту - металлургияда төртiншi және бесiншi қайта өңдеу, мұнайхимия, машина жасау, тұтыну тауарларын және құрылыс материалдарын өндiру;
Астана қаласын дамыту.
Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мақсаттарды iске асыру Үкiметтен және Ұлттық банктен жоспарланған кезеңде кәсiпорындардың қызмет iстеуi және халықтың табысы өсу үшiн экономикалық, монетарлық, фискалдық және заңдық жағдайларды жасауды қамтамасыз ететiн мiндеттердi шешудi талап етедi. Бұлар:
1. елдің қаржы және бюджет жүйелерiнiң баланстылығы және тұрақтылығы;
2. экономика салаларында өндiрiс шығындарын төмендету және еңбек өнiмдiлiгiн арттыру үшiн жағдай жасау;
3. кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес;
4. ауыл шаруашылығының өнiмдiлiгiн едәуiр көтеру және ауыл шаруашылық өнiмiн өңдейтiн бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi дамыту;
5. ауыл шаруашылығының прогрессивтi техника мен технологияға қажетiн қамтамасыз ету;
6. мұнайгаз және тау-кен-металлургия өнеркәсiбi, энергетика, көлiк және машина жасаудың басқа да тармақ салалары үшiн бәсекеге қабiлеттi жабдықтар мен материалдар өндiруге инвестиция тарту;
7. мердiгерлiк жұмыстар рыногын жасау және қазiргi заманғы құрылыс кешенi мен құрылыс материалдары өнеркәсiбiн дамыту;
8. ағымдағы операциялар балансын едәуір жақсарту мақсатында қызмет көрсетудiң бәсекеге қабiлеттілiгін арттыру және көлемiн өсiру;
9. мұнайды, газды, түсті және қара металдарды, астықты, мақтаны, жүндi және терiнi экспортқа шығарудан мемлекеттік табысты көбейту;
10. экономиканың барлық деңгейi үшiн сапа жағынан жаңа басқару, инженерлiк-техникалық және жұмыскер кадрларын даярлау;
11. инфрақұрылымды дамытуға бағытталған мемлекеттік инвестициялық ресурстарды тиiмді пайдалану және экономиканың өндірiстiк құрылымын жетiлдiру.
2 сур.
2003-2005 жж. аса маңызды макроэкономикалық
көрсеткiштердің болжамы ЖIӨ 1990 ж.
2001 ж. қорытындысы бойынша ЖIӨ көлемi 1990 жылдың деңгейiнен 21% төмен болды. Бағалама бойынша 2002 ж. бұл кейiн қалушылық 15,9% қысқарады.
Қазақстан экономикасы салаларының дамуының 2003-2005 жж. болжамдалған көрсеткіштері 2005 ж. елдiң реформаға дейiнгі экономикалық потенциалынан асып түсуіне мүмкіндік береді.
Сапалық өзгерістердiң мәнi дамудың тұралаған, өте тапшы моделiнен өткен жылдар ішінде үдей түскен қаржы жағынан балансталған ашық нарықтық экономика құрудың сәтi түскендігінде.
3 сур.
ЖIӨ өндiрiстік құрамы, %
2005 жылы ЖIӨ көлемiндегі қызметтiң үлесi 47,6% болады. Тауарларды өндiру тиiсiнше 46,1% тең 47%-ке дейiн өседi. 2005 жылы ЖIӨ көлеміндегі өнеркәсіптің үлесi 33,7% болады. 2001 жылға қарағанда ЖIӨ көлеміндегі құрылыс үлесi 5,8% тек 7%-ке дейiн өсуі болжамдалуда.
4 cyp.
Түпкі тұтыну әдісі бойынша ЖІӨ құрылымы, ЖІӨ-ге %
ЖIӨ түпкi тұтыну және жинақтау әдісi бойынша құрылымы болжам жасалған кезеңде капиталдың қорлануының өсу пайдасына өзгеретiн болады. Бұл тауар мен қызметтi тұтынудың өсуімен салыстырғанда инвестицияның экономикаға келiп түсуінiң болжам бойынша озық жүретiнiне байланысты. Экономикалық өсудiң дамуы тұрғысынан қарағанда мұндай тенденция қолайлы болып саналады, алайда инвестицияның негізгі түсiмi мұнай өндiру мен алғашқы металл өндiрумен және металл прокатының шектеулi сортаментiмен байланысты салаларда болады деп күтілуде.
Тауарлар мен қызметтiң таза экспорты қызметтің импортының көп болуы салдарынан терiс сальдомен болжамдалуда.
Ақша-несие саясаты
Ақша-несие саясатының мақсаттары: экономиканың дамуы үшiн инфляцияның оңтайлы деңгейiн ұстап тұру; сыртқы рыноктарда қазақстандық тауарлардың баға жөніндегі бәсекеге қабiлеттілігiн қамтамасыз ету; экономиканың нақты секторының кәсіпорындары үшiн қаржы ресурстарына олардың қолы жетуiн қамтамасыз ету.
Белгiленген мақсаттарға қол жеткізу үшiн келесi мiндеттердi шешу қажет:
инфляциялық таргет жасау принципiне көшуге дайындық жасау;
валюта тәртібін ырықтандыру;
Ұлттық Банктiң ресми ставкасын оңтайлы төмендету;
Қазақстан Республикасында жұмыс iстеп тұрған төлем жүйесiн одан әрі жетiлдiру.
Инфляциялық таргет жасау кезiндегі ақша-несие саясатының негізгi инструменттерi ашық рыноктың операциялары болады. Оперативтiк көрсеткiш ретiнде РЕПО ставкасын пайдалану жоспарлануда. Ұлттық Банк Ұлттық Банктiң есептік және басқа қысқа мерзiмдi ставкалардың маңызын күшейту жөніндегi жұмысты жалғастыратын болады.
Ақша-несие саясатының келешегi бар бағыты болып, сондай-ақ Қазақстан Республикасында валюта тәртібін одан әрi ырықтандыруды жүзеге асыру болып саналады, мұның өзi ең алдымен валюталық реттеудi өзгертудi және капиталды шетке шығаруға бақылау жасауды талап етедi. Капиталды шетке шығаруды ырықтандыруға лицензия жасауды біртiндеп жою немесе капиталдың қозғалысымен байланысты валюталық операциялардың кейбір түрлерi бойынша лицензия жасалмайтын операциялар шеңберiн кеңейту кіреді.
Осындай жағдайда Ұлттық Банк теңгенiң еркiн өзгермелi айырбас бағамын сақтауды жоспарлауда, бұл қазақстандық тауарлардың сыртқы рыноктарда баға жөнiндегі бәсекеге қабiлеттілігiн сақтауға жағдай жасайды. Ұлттық Банк тек теңгенiң айырбас бағамының алыпсатарлық жолмен секiрiп отырмауын болдырмау қажеттігі жағдайында iшкi валюта рыногында аздап қана қатысуды жүзеге асыра отырып айырбас бағамының қалыптасуына араласпайтын болады.
Шетелдiк тiкелей инвестиция түріндегі елеулi көлемде сырттан болатын қаржыландыру ағымдағы шоттың тапшылығын толығынан жабуды қамтамасыз етедi деп күтуде, сырттан қаржыландырудың кеңеюiн экономикадағы инвестициялық белсендiлiктiң артуы және кен өндiру саласында iрi инвестициялық жобалар жүзеге асуы туындатады және де тауарлар мен қызметтің кем дегенде 3 айлық импортын жабуға жетерлiк Ұлттық Банктiң алтынвалюта резервiнiң өсуін қамтамасыз етедi.
Ұлттық Банк таяудағы 3 жылда өзiнiң барлық ресми ставкаларын нақты алғанда әлсіз оң деңгейде ұстап тұруға ниетті.
Ұлттық Банктiң таяудағы 3 жылдағы саясаты Қазақстан Республикасындағы жұмыс iстеп тұрған төлем жүйесiн оның қызметiнiң тиiмділігін, сенімділігін және қауiпсiздiгін көтеру мақсатында одан әрi жетілдіруді ұйғарып отыр.