Өсімдіктерді қорғау туралы
2002 ж. 3 шілдедегі № 331-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
09.07.04 ж. № 584-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) арнаулы сақтау орындары (көмінділер) - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын кейіннен кәдеге жарату немесе жою арқылы қауіпсіз сақтауға арналған сақтау орындары;
2) арнаулы техника - пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;
3) ауыл шаруашылық мақсатындағы объектілер - ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөніс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндірістік және өзге де үй-жайлар;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) аса қауiптi зиянды организмдер - оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және уәкілетті орган бекiтетiн аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары;
5) зиянды организмдер - топыраққа, өсімдікке және ауыл шаруашылық өніміне теріс әсер ететін зиянкестер, арамшөптер және өсімдіктердің аурулары;
6) зиян тигізудің экономикалық шегі - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің өсімдік шаруашылығы өнімінің ысырабын туғызатын, фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуді қажет ететін саны;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;
8) өсімдіктерді қорғау - өсімдік шаруашылығы өнімінің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдістерін, фитосанитариялық іс-шараларды әзірлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы;
9) өсімдік шаруашылығы өнімі - халықтың - тамақ өнімдеріне, мал шаруашылығының - жемшөпке және өнеркәсіптің шикізатқа деген қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім;
10) пестицидтер (улы химикаттар) - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, жоюға бағытталған іс-шаралар;
12) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тipкeу - препараттарды биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесін аяқтайтын рәсім, оның нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында оларды Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес қолдану құқығына тіркеу куәлігі беріледі;
13) пестицидтердің (улы химикаттардың) бастапқы компоненттері - пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге арналған химиялық және басқа да заттар;
14) пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшері - өсімдік шаруашылығы өнімі мен қоршаған орта объектілеріндегі пестицидтер (улы химикаттар) құрамының мөлшерлік көрсеткіші, олардың адам мен жануарларға қауіпсіздігі осы көрсеткіш арқылы бағаланады;
15) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) - бастапқы компоненттердің негізінде пестицидтер (улы химикаттар) дайындаудың технологиялық процесі;
16) пестицидтер (улы химикаттар) тізімі - Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етіліп тіркелген пестицидтер (улы химикаттар) тізбесі;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) пестицидтерді (улы химикаттарды) тipкeу сынақтары - биологиялық, шаруашылық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалауды қамтитын, пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдаланудың орындылығы мен қауіпсіздігін растау рәсімі;
2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өсімдіктерді қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
18) фитосанитариялық ахуал - ауылшаруашылық мақсатындағы объектілердің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің санымен және зиян тигізуімен анықталатын қалыптасқан жай-күйі;
19) фитосанитариялық болжам - фитосанитариялық іс-шараларды жүргізудің мерзімдері мен көлемдерін жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесін алдын ала айқындау;
20) фитосанитариялық мониторинг - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерді зерттеуді, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негізінде фитосанитариялық болжам әзірлеуді қамтитын іс-шаралар жүйесі;
21) фитосанитариялық нормативтер - фитосанитариялық іс-шаралар көлемін анықтау үшін пайдаланылатын белгіленген шамалар параметрлері;
22) фитосанитариялық іс-шаралар - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің саны мен зиян тигізуін азайтуды қамтамасыз ететін шаралар кешені.
2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi
Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету;
3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.
2-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік өсiмдiктер қорғау жүйесi
Қазақстан Республикасының мемлекеттік өсiмдiктер қорғау жүйесiне:
1) Қазақстан Республикасының Yкіметі;
2) уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара); 2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;
4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;
5) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлердi пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар енедi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретiне:
1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6) - 8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау кіреді.
2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
1. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекіту;
3) өсімдіктерді қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
4) аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзiрлеу және бекіту;
5) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу және бекіту;
6) мынадай:
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
7) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту;
8) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу және Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану құқығына тiркеу куәлiктерiн беру;
9) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiн әзiрлеу, бекiту және жүргiзу;
10) фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi ұсынымдар мен әдiстемелiк нұсқауларды әзірлеу және бекіту;
11) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасау мен шығару тәртiбiн әзірлеу және бекiту;
12) фитосанитариялық iс-шараларды ұйымдастыру;
13) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестiру;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердi (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын жасау;
15) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін әзірлеу және бекiту;
16) зиянды және аса қауiптi зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг ұйымдастыру;
17) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндiрістік сынақтарын және мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру;
18) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастыру мен үйлестiру, жүзеге асыру;
19) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректерiне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу;
20) халықаралық ұйымдармен және мемлекеттiк органдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру және өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысу;
21) пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану тәртібін белгілеу;
22) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
23) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз кіруді, Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
24) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін айқындау;
25) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекіту, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келісу;
26) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
7-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыретi
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ведомствоның басшысы Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.
Ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң өсiмдiктердi қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
Ведомствоның мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды тікелей орындайтын өзге де лауазымды адамдары өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының құзыретiне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;
3) фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi жүргiзудi ұйымдастыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді.
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (орыс тіліндегі өзгерістерді қара)
3. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң өсiмдiктердi қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының құзыретiне:
1) тиiстi аумақта мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
2) жеке және заңды тұлғаларға тиісті аумақта фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;
3) тиiстi аумақта фитосанитариялық есепке алуды және есептiлiктi ұйымдастыру, жүргiзу және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептi табыс ету;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
4) тиісті аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді.
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (орыс тіліндегі өзгерістерді қара)
4. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың құзыретiне:
1) тиiстi аумақта мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;
2) фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi белгiленген нысан бойынша жүргiзу және оларды уәкiлеттi органға табыс ету;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
3) тиiстi аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді.
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құқықтары
1. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың:
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік фитосанитариялық бақылау мақсатында мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне баруға;
2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар шығаруға;
3) айрықша жағдайларда үш күннен аспайтын мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап арыз бере отырып, аталған мерзiмге жеке және заңды тұлғалардың қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл орайда тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады;
4) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын бұзған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартуға құқығы бap.
2. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап жаңа редакцияда; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыреті
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыретіне:
1) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді ( ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мыналар:
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар
1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметтiң мынадай түрлерiн:
1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитариялық мониторингiн;
ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) фитосанитариялық болжамның жасалуын;
2) тiркеуге ұсынылатын пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрiстiк жағдайларда байқаудан өткізу үшiн өндiру сынақтарын;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) ауыл шаруашылық өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың), нитраттардың, нитриттердiң және ауыр металдар тұздарының қалдық мөлшерiнiң бар-жоғын талдауды және сараптауды орындау мақсатында құрады.
2. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға есептiлiктi табыс етедi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3-тарау. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар
11-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралар
Қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыруға және зиян тигізудің экономикалық шегінен көп зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге міндетті.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану пестицидтердің (улы химикаттардың) адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану жағдайларына қойылатын міндетті талаптар пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленеді.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)
3. Тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінген пестицидтердің (улы химикаттардың) көлемін уәкілетті орган айқындайды.
13-бап. Фитосанитариялық есепке алу және есептілік
1. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органға фитосанитариялық есептілікті табыс етеді.
2. Фитосанитариялық есептіліктің түрлерін, нысандарын және оларды табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап жаңа редакцияда
14-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау
Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-1-бап өзгертілді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)