5. Ағымдағы төлемдер сомасының есебi салық органына табыс етiлгенге дейiн cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы аумақтық уәкiлеттi органда куәландырылады.
83-тарау. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 459- бап өзгертілді (бұр.ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 459-бап жаңа редакцияда
459-бап. Жалпы ережелер
1. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшін арнайы табиғат пайдалану тәртібімен алынады.
2. Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін экологиялық рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
3. Экологиялық рұқсатта белгіленген тәртіппен ресімделмеген қоршаған ортаға эмиссиялар, жылжымалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгіленген эмиссиялар нормативтерінен тыс қоршаған ортаға эмиссиялар ретінде қарастырылады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 1-нен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мәліметтер береді.
460-бап. Төлеушілер
Арнайы табиғат пайдалану тәртібімен Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 461-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
461-бап. Салық салу объектісi
Салық салу объектісі қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері шегіндегі және (немесе) қоршаған ортаға одан артық эмиссиялардың нақты көлемі болып табылады.
ҚР 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ; 2007.09.01. № 213-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 462-бап өзгертілді
462-бап. Төлемақы ставкалары
Төлемақы ставкаларын базалық ставкалардан кем болмайтындай және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен шекті ставкадан жоғары болмайтындай етiп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары жыл сайын белгiлеп отырады.
Қоршаған ортаға белгіленген лимиттерден тыс эмиссия үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның келісімiмен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары бекiткен төлемақы ставкалары он есе ұлғайтылады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 463-бап өзгертілді
463-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасын салық төлеушілер қоршаған ортаға эмиссияның және белгiленген ставкалардың нақты көлемiн негiзге ала отырып дербес есептейдi.
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 2 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкiлеттi органдарға шағын көлемдi төлемдер төлейтiн ұйымдар үшiн (жылдық жиынтық көлемде 100 есептiк көрсеткiшке дейiнгi) төлемақыларды қоршаған ортаға эмиссиялауға лимиттi сатып алу нысанында жеткізуiне рұқсат етiледi. Лимиттi сатып алу рұқсат ету құжаты салықтың есептілік кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде ресiмделген жағдайда есептi жыл үшiн алдын ала толық төлеу арқылы жүргiзiледi.
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 2-1 тармақпен толықтырылды
2-1. Рұқсат ету құжатын осы Кодекстің 465-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған кезде лимитті сатып алу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат ету құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
3. Уәкілетті орган оларды мемлекеттік тіркеуден өткізген жер бойынша бюджетке төлемақы енгізілетін ластанудың жылжымалы көздерін қоспағанда, бюджетке төлемақы енгізу қоршаған ортаға эмиссия көзiнiң (объектiсiнің) рұқсат құжатта аталған орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
4. Төлеушiлер қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемi үшiн төленетiн төлемақының ағымдағы сомаларын, осы баптың 2 және 6-тармақтарында аталған салық төлеушiлердi қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей төлейдi.
5. алынып тасталды
6. Шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлердiң төлемақы сомаларын төлеуi мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1) ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезең үшiн есептелген ағымдағы төлем сомасы ағымдағы салық кезеңiнің 25 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2) 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейiнгi кезең үшiн есептелген сомалар есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi.
7. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
464-бап. Салық кезеңi
Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақыны бюджетке есептеу мен енгізу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес айқындалады.
465-бап. Салық есептілігi
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Төлемақы төлеушілер, ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын уәкілетті орган мемлекеттік тіркеуден өткізген жері бойынша есеп-қисабы табыс етілетін жылжымалы ластау көздерін қоспағанда, ластау объектісі орналасқан жердегі салық органдарына табыс етеді.
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 2 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабы төлем төлеушiлер, осы баптың 2-1 және 4-тармақтарында аталғандарды қоспағанда, тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 2-1 тармақпен толықтырылды
2-1. Төлемақы көлемі аз (жылдық жиынтық көлемде алғанда 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі) ұйымдар ағымдағы төлем сомаларының есебін салықтың есептілік кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде табыс етеді.
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 2-2 тармақпен толықтырылды
2-2. Рұқсат ету құжаты осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімнен кейін рәсімделген жағдайда, аталған төлеушілер ағымдағы төлем сомаларының есебін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат ету құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
3. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара); 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 4 тармақ өзгертілді
4. Шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 5 тармақ өзгертілді
2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңының редакциясына сәйкес 265-бап 4-тармағы 2012 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданыста (2009.01.01 қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
5. Декларация салық органына табыс етілгенге дейін рұқсат ету құжатын беретін органда куәландырылады.
84-тарау. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 466-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
466-бап. Жалпы ережелер
1. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi төлемақы) табиғи еркiн жағдайда мекендейтiн жануарларды табиғи ортадан айырғаны үшiн алынады.
2. Жануарларды ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда ен салу, сақина салу, көшiру, жерсiндiру мен будандастыру мақсаттары үшiн ұстап алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде төлемақы алынбайды.
3. Жануарлар дүниесiнiң мынадай санаттары:
аңшылық объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерi;
балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерi;
сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерi;
өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлерi (аңшылықтан және балық аулаудан басқа) үшiн төлемақы белгiленедi.
4. Аңшылық және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң санаттары үшiн төлемақы осы хайуанаттардың бағалы түрлерiне ғана белгiленедi.
Аңшылық және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
5. Жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесiн басқару жөніндегі уәкiлеттi орган беретiн рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн пайдалану үшiн төлемдi әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Жануарлар дүниесiн басқару жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық салық бөлімшелеріне уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер табыс етедi.
467-бап. Төлеушiлер
Жануарлар дүниесiн пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
468-бап. Төлемақы ставкалары
Төлемақы ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
469-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасы ставкалар мен жануарлардың саны (су жануарларының жеке түрлерi үшiн салмағы) негiзге алына отырып белгiленедi.
2. Бюджетке төлемақы сомаларын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдар арқылы аудару не жануарлар дүниесiн басқару жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргiзiледi.
3. Жануарлар дүниесiн басқару жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi төлемақы сомасын қабылдауды қатаң есеп бланкiлерi негiзiнде қолма-қол ақшамен жүзеге асырады.
Қатаң есеп бланкiлерiнің нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген төлемақы сомаларын бюджетке енгізу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейдi.
4. Төлеушiлер төлемақы сомасын белгiленген ставкалар бойынша дербес есептейдi және жануарлар дүниесiн басқару жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнен рұқсат алғанға дейiн төлейдi.
5. Бюджетке төлемақы енгізу жануарлар дүниесiн пайдалану орны бойынша жүргiзiледi.
6. Төлемақының төленген сомалары қайтарылмауға тиiс.
85-тарау. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 470-бап өзгертілді
470-бап. Жалпы ережелер
1. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) орманды пайдаланудың мынадай түрлерi:
1) ағаш дайындағаны;
2) шайыр және ағаш шырындарын дайындағаны;
3) екiншi дәрежелi ағаш ресурстарын (қабықтарды, бұтақтарды, томарларды, тамырларды, жапырақтарды, ағаш бүршiктерi мен бұталарды) дайындағаны;
4) орманды жанама пайдаланғаны (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, шипалы өсiмдiктер мен техникалық шикiзат, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман төсенiштерi мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру мақсатында, рекреациялық, туристiк және спорт мақсаттарында пайдаланғаны;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы қажеттерi үшiн пайдаланғаны;
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланғаны үшін алынады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген ағаш кесуге рұқсат билетi мен орман пайдалануға орман билетiнiң негiзiнде берiледi.
3. Бюджетке төлемақы сомаларын төлеу орман пайдалану орыны бойынша банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдар арқылы аудару не қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде тиiстi органда ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргiзiледi.
Қатаң есептілік бланкiлерiнiң нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген төлемақы сомаларын бюджетке есептеу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейдi.
4. Мемлекеттік орман иеленушiлер тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер бередi.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 471-бап өзгертілді
471-бап. Төлеушiлер
1. Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын алған жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрi - орман пайдаланушылар) төлемақы төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар:
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1) мемлекеттік орман иелері - ағашты түбірімен жөнелткені үшін аралық пайдалануда ағаш кесуді және басқа да кесулерді жүзеге асыру кезінде;
1-1) жекеше орман қоры учаскелерi меншiгiнде болатын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
2) орман пайдаланушылар - ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн жүзеге асыратын ағаш ресурстарын, шайырды, қосымша орман материалдарын алу кезiнде төлемақы төлеушiлер болып табылмайды. Бұл орайда, алынған өнiм, оның ғылыми зерттеулердi орындау үшiн қажеттi бөлiгiн қоспағанда, орман қоры учаскелерi иелерiнің меншiгi болып табылады. Оның тiзбесi мен көлемi зерттеулердiң бағдарламаларын және әдiстемелерiн негiзге ала отырып белгiленедi және орман шаруашылығы басқармасының аумақтық органдарымен жасалған келісімде немесе шартта көрсетiледi.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 472-бап өзгертілді
472-бап. Салық салу объектiсi
Пайдалануға берiлетiн орман пайдаланудың көлемi және (немесе) орман қоры учаскелерінің аумағы төлемақы салу объектiсi болып табылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 473-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
473-бап. Төлемақы ставкалары
1. Осы баптың 2-тармағында аталғандарды қоспағанда, төлемақы ставкаларын орман шаруашылығын басқару жөніндегі уәкiлеттi орган жасаған есеп-қисаптар негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.
2. Тамырымен жiберiлетiн ағаш төлемақысы жөніндегі базалық ставкаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейдi. Бұл орайда облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының ставкалар мөлшерiн екi есеге дейiн арттыруға құқығы болады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 474-бап өзгертілді
474-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақыны есептеу тәртібін және бюджетке енгізу мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң немесе орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретi шегiнде ормандардың қурауы немесе құрып кетуi қатерi төнген кезде орман ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешiм қабылдауын қоспағанда, төленген соманы қайтару жүргiзiлмейдi.
Бұл ретте төлеушi орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi орган берген ағаш кесуге рұқсат билетiн, орман пайдалануға орман билетiн пайдаланбағанын растайтын құжатты бергеннен кейiн қайтару жүргiзiледi.
86-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
пайдаланғаны үшін төлемақы
475-бап. Жалпы ережелер
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн өтемақы (бұдан әрi - төлемақы) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ғылыми, мәдени-ағарту, оқыту, туристiк, декреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшiн алынады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ әкiмшілiгi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша мәлiметтер бередi.
476-бап. Төлеушiлер
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлеушiлер болып табылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 477-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
477-бап. Төлемақы ставкалары
1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
2. Жергілiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.
478-бап. Төлемақы төлеу тәртібі және мерзiмдерi
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орналасқан жерi бойынша бюджетке төлемақы сомаларын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын мекемелер арқылы аудару не ерекше қорғалатын табиғи аумақтар әкiмшiлiктерi белгiлеген бақылау-өткізу пункттерiнде не өзге де арнайы жабдықталған орындарда қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргiзiледi.
Қатаң есептілік бланкiлерiнiң нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген төлемақы сомаларының бюджетке енгiзiлу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейдi.
2. Қолдарында төлем төлегенiн растайтын құжаттар болған кезде ғана ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды төлемақы төлеушiлердiң пайдалануына жол берiледi.
3. Төленген төлемақы сомалары қайтарылмайды.
87-тарау. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны
үшін төлемақы
479-бап. Жалпы ережелер
1. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi төлемақы) байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi - радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары) үшiн алынады.
2. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берген рұқсат құжаттармен куәландырылады.
3. Радиожиiлiк спектрiнiң номиналдарын бөлу конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiлуi мүмкiн.
Бұл орайда, конкурс қорытындылары бойынша жеңiмпаз Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде мемлекеттік бюджетке бiр жолғы төлемақы енгiзедi.
4. Бюджетке төленуге тиiс бiр жолғы төлемақы сомасы осы баптың 3-тармағына сәйкес төлем есебiне есептелмейдi.
480-бап. Төлеушiлер
1. Заң актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар:
1) өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау кезiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланатын мемлекеттік мекемелер;
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) осы Кодекстің 442-бабында аталған салық төлеушілер;
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) радиоәуесқойлық қызметтің радиожиілік спектрінің номиналдарын пайдаланатын жеке тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
481-бап. Төлемақы ставкалары
Жылдық төлемақы ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 482-бап өзгертілді
482-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақыны есептеудi байланыс саласындағы уәкiлеттi орган рұқсат құжаттарында көрсетілген техникалық параметрлерге сәйкес, радио байланысының түрi мен радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына қарай, жылдық ставкалар негiзiнде жүргiзедi.
2. Есептi салық кезеңіндегі радиожиiлiк спектрiн пайдалану кезеңi бiр жылдан кем болған жағдайда төлемақы сомасы жыл бойына есептелген төлем сомасын он екiге бөлiп, оны радиожиiлiк спектрi пайдаланылған айлардың санына көбейту арқылы анықталады.
3. Байланыс саласындағы уәкілетті органдар төлемақының жылдық сомасын көрсетiп хабарлама жазады және оны төлеушiлерге ағымдағы есептi кезеңнің 20 ақпанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жiбередi.
4. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкiлеттi орган салық төлеушiге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеушi радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей хабарлама жiбередi.
5. Жылдық төлемақы сомасы салық төлеушінің тiркеу есебiнде тұрған жерi бойынша бюджетке ағымдағы жылдың 20 наурызынан, 20 маусымынан, 20 қыркүйегiнен және 20 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмдерде тең үлеспен төленедi.
6. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, рұқсат құжатын алған күннен кейiнгi кезектi мерзiм алғашқы төлеу мерзiмi болып табылады.
7. алып тасталды
8. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
483-бап. Салық кезеңi
Төлемақы бойынша салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.
484-бап. Салық есептілігi
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Төлемақы төлеушілер жыл сайын өзі тіркеу есебінде тұрған жердегі салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етеді.
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 2 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде табыс етiледi.
Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын осы Кодекстің 482-бабының 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, салық төлеушi ағымдағы төлемдер сомасының есебiн байланыс саласындағы уәкiлеттi органның жазып беретiн хабарламасын алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
3. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
ҚР 05.07.04 ж. № 568-II Заңымен 87-1-тараумен толықтырылды (2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енеді); 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 87-1 тараудың тақырыбы өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
87-1-тарау. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон
байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы
484-1-бап. Жалпы ережелер
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы):
1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;
2) ұялы байланысты беру құқығы үшін алынады.