Еркектер мен әйелдерге мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға тең құқықтар берілген. Заңдарда әйелдер үшін мемлекеттік қызметке қол жеткізуіне ешқандай шектеулер жоқ.
Сайлау заңдарында да Президентке, Парламенттің, мәслихаттардың және жергілікті өзін өзі басқару органдарының депутаттарына кандидаттарды ұсынған кезде барлық азаматтардың теңдігі көзделген.
Іс жүзінде дәлелденіп отырғанындай, саясатпен айналысатын және жоғары және жергілікті заң шығарушы және атқарушы өкімет органдарында, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерде басшылық лауазымдарда істейтін әйелдер саяси басымдықтарды қайта қарауға өз үлестерін қосып отыр, перспективалық және ағымдағы мемлекеттік жоспарларға өзіндік ерекшелігі бар әйел проблемаларын көрсететін мәселелерді енгізуге қол жеткізуде.
Соңғы 2-3 жылда басшылық лауазымдардағы әйелдердің өкілдігі ұлғайды, Парламентте 114 депутаттың - 15-і әйелдер, олардың ішінде 3 әйел - негізгі тұрақты комитеттер - Сенаттың Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі, Сенат пен Мәжілістің Заң және сот-құқық реформасы жөніндегі комитеттерінің төрағалары.
Үкіметке әйелдер мынадай тұрғыда көрінеді: 2 министр, 4 мемлекеттік комитет пен агенттіктің басшылары, 10 вице-министр, комитеттер мен агенттіктер төрағаларының орынбасары.
5 әйел облыс әкімдерінің орынбасары, 2 әйел елші болып табылады. Қазақстан Республикасының Ғылым академиясын әйел басқарады. 74,5 мың қызметші әйел экономиканың әртүрлі салаларында басшы лауазымдар атқарады. Қазіргі кезде елде мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілуде. Мәселен, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 ақпандағы № 13 Өкімін іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметке кіруге ықылас білдірген азаматтарды құжаттар конкурсынан өткізу және сынақтау жолымен конкурстық іріктеу жүргізілуде.
Өткізілген конкурсқа қатысуға өтінім берген азаматтардың құжаттарын конкурстық реттеудің нәтижесі бойынша мемлекеттік органдар мәлімдеген 61 орынға 229 қатысушы жіберілді, олардың ішінде 115-і әйелдер болды.
Кәсіподақтарда, елдің қоғамдық және саяси өмірінің проблемаларымен айналысатын қоғамдық бірлестіктерде басшы лауазымдағы әйелдердің саны едәуір көбейді.
Соған қарамастан саяси шешімдерді әзірлеу және қабылдау процесі әзірше еркектердің құзыры (прерогатива) болып қалуда. Қызметкерлерінің басым көпшілігін әйелдер құрап отырғанына қарамастан, білім беру, өнер, мәдениет, бұқаралық ақпарат сияқты салалардағы басшы лауазымдарда олар аз.
Ж.бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары. Әйелдер өкімет құрылымдарында
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекет | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 | Әйелдердің өкімет құры- лымына тең жағдайда жетуін қамтамасыз ету, олардың шешімдерді қа- былдау деңгейіне дейін ілгерілеуі үшін жағдай- лар жасау Қоғамның саяси, эконо- микалық және әлеуметтік өміріне қатысуы үшін әйелдердің мүмкіндікте- рі мен олардың әлеуетін арттыру | Мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдарға орналастыруда конкурстық іріктеуге қаты- су үшін әйелдердің әлеуе- тін арттыру жөнінде пәр- менді шаралар қабылдау Әйелдердің уәкілетті және атқарушы өкімет органдары- на, саяси партияларға қа- тысуы үшін квота туралы зерттеулер жүргізу. Әйелдердің жоғары және жергілікті заң шығарушы және атқарушы өкімет ор- гандарына қатысуы туралы жыл сайын Қазақстан Рес- публикасының Президентіне баяндама дайындау Саяси науқандар өткізу, жария сөз сөйлеу дағды- ларына, т.б. сайлаушы әйелдер мен депутаттыққа кандидат әйелдерді жаппай үйрету жөнінде семинарлар өткізу және білім беру бағдарламаларын іске асыру Депутаттыққа кандидат әйелдерді қолдау жөнінде штабтар, парламенттік топ- тар мен қоғамдық бірлес- тіктер құруды ынталандыру Саясаткер әйелдер үшін кі- таптар, брошюралар, оқу құралдарын, сондай-ақ жетекші-әйелдер туралы анықтамалар басып шығаруды ұйымдастыру | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Зерттеулер, Үкіметке ақпарат Баяндама Семинарлар, білім беру бағдарлама- лары Штабтар, парла- менттік топтар, қоғамдық бірлес- тіктер Кітаптар, брошю- ралар, оқу құралдары |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар | Атқару мерзімі | Қаржыландыру көздері |
5 | 6 | 7 |
МҚА (келісім бойынша), Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия, СІМ, БҰҰДБ (келісім бойын. ша), қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша) МҚА (келісім бойынша), Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия Мәдениетақпармин, Отбасылары және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия, қоғамдық бірлес- тіктер (келісім бойынша) Парламент (келісім бойын- ша), Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия Мәдениетақпармин, СІМ, қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша) | Әрқашан 2000 ж. Жыл сайын Жыл сайын Әрқашан Әрқашан | Халықаралық ұйымдардың грант- тары мен инвестициялары Бөлінген бюджеттік қаражат шегінде, халықаралық ұйымдар- дың гранттары мен инвестиция- лары Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары |
З. Әйелдерді ілгерілетудің ұстындық (институционалдық) тетіктері
Отбасының мүдделерін қорғау, елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне әйелдердің атсалысуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Отбасы, әйелдер және демография саясатының проблемалары жөніндегі кеңес жұмыс істеп келген болатын.
Ұлттық комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының министрі болып табылады. Ұлттық комиссияның құрамына мемлекеттік қайраткерлер, ғылыми және мәдени жұртшылықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер, барлығы 28 адам кірді. Мұндай комиссиялар облыстар, Астана және Алматы ққ. әкімдерінің жанында да құрылды. Оларды әкімдердің орынбасарлары басқарады.
Ұлттық комиссияға, "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді даму стратегиясы мақсатындағы аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, отбасына, әйелдер мен балаларға қатысты кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін басымдықтарды айқындау және ұсынымдар әзірлеу, отбасына, әйелдер мен балаларға қатысты мемлекеттік саясаттың тұғырнамасы мен баяндамасын әзірлеуге қатысу, осы салаға қатысты заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау және қарау, және т.б. міндеттер жүктеледі.
Ұлттық комиссия қызметінің басымдығы ретінде әйелдердің саясатқа, өкімет органдарына, экономикаға араласуы, оларды жұмыспен қамту, отбасы проблемалары және зорлықтан қорғау белгіленген.
Осы басымдықтарды атқару үшін халықаралық ұйымдардың бірлесіп, әйелдердің мәслихаттар мен Қазақстан Республикасының Парламенті сайлауларына белсенді қатысуы үшін сайлау технологияларын зерделеу жөнінде бірқатар семинарлар өткізді.
БҰҰДБ-мен бірлесіп гендерлік статистика жөнінде аймақтық семинар өткізілді. Статистика жөніндегі агенттіктің жоспарларында оларды таяу уақытта енгізу көзделіп отыр.
Қолданылып жүрген заңдарға гендерлік сараптама жасалуда. БҰҰ, ЕҚЫҰ қатысуымен тең құқықтар мен мүмкіндіктер туралы заңның жобасы әзірленіп жатыр.
З. бөлімі іс-шаралардың жоспары.
Әйелдерді ілгерілетудің ұстындық (институционалдық) тетіктері
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекеттер | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 3 4 5 | Отбасы және әйелдер проблемалары жөніндегі заңдарды жетілдіру Елдің әлеуметтік-эконо- микалық саясатына ген- дерлік (әлеуметтік- құқықтық) көзқарасты енгізу Әйелдерді ілгерілету саласындағы ұлттық тетіктерді нығайту Әйелдер мен балаларға қайырымдылық көмек бе- руде қоғамдық бірлес- тіктерге және басқа ме- кемелерге жәрдемдесу Қоғамдық бірлестіктер- дің қызметіне жәрдем беру | Депутаттардың заң шығару- шылық бастамасы, тең құ- қықтар мен мүмкіндіктер туралы заңды әзірлеу Экономикалық және әлеу- меттік бағдарламаларды әзірлеген кезде гендерлік индикаторларды пайдалану Мемлекеттік статистикалық органдарда гендерлік статистика жөніндегі арнаулы құрылым жасау "Қазақстандағы әйелдер мен ерлер" анықтамалығын дайындау Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде Отбасы және әйелдер істері жөнінде комитет құру Депутаттардың заң шығару- шылық бастамасы, "Қайырым- дылық қызметі және қайы- ырымдылық ұйымдары туралы" заңның жобасын әзірлеу Қоғамдық бірлестіктерді тіркеудің рәсімдерін оңайлату | Заңның жобасы Гендерлік инди- каторларды пайда- лану Төрағаның бұйрығы Анықтамалық Парламент Мәжілісінің қаулысы Заңның жобасы Заңның жобасы |
таблицаның жалғасы